«Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
Кіріспе
2 Медицинадағы этика мен деонтология
3 Гиппакраттық гуманизмнің ізбасарлары Асклепиад пен Гален көне Рим
4 «Гиппократ антының» негізгі жағдайлары
5 Ежелгі Греция және Рим медицинасы.
6 Ежелгі Грециядағы дәрітану
7 Ежелгі Римдегі дәрітану

Медициналық этика мен деонтология- медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моралдық- этикалық және эстетикалық талаптарды, әрдайым кәсіби деңгейді біліктілікті жетілдіруді, патриотизимді – өз Отанына, халқына шын берілгендікті жетілдіруіді, өз ісі мен парызына жауапкершілікті қалыптастырудың және тәрбиелеудің негізі ретінде.
Этика (ethika, ethos)- грек сөзінен қазақшаға аударғанда әдет, әдеп деген мағына беретін, игеру, обектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым. Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін «Этика» термінің енгізген Аристотель. Деонтология (гректің « deon»- парыз және « logos»- ілім -деген сөздерінен құралған)- парыз туралы ілім. Деонтология терминін XIX ғасырдың бас кезінде адамнынң кәсіби мінез-құлқы туралы ғылым ретінде енгізген ағылшын философы И.Бентам.
Медицинадағы этика мен деонтология жалпы этиканың бір саласы ретінде дәрігердің науқасқа, оның туысқандарына, әріптестеріне, кіші медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызымет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты қарым-қатынасы мен іс- әрекеті, мінез-құлық принциптерін қарастырады, сондай-ақ дәрігердің медициналық деонтология қағидаларына сай келуі зерделенеді.
Адам өмірі , оның денсаулығы баға жетпес құндылық болғандықтан дәрігердің моралдық- адамгершіліктік дамуының мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.

1. Бигалиева Р.К. Бүкіләлемдік медицина тарихы. – Алматы, 2004.
2. Камалиев М.А., Бигалиева Р.К., Хабиева Т.Х. История народной медицины и общественного здравоохранения Казахстана. – Алматы, 2004.
3. Сорокина Т.С. История медицины. – M., 2005.
4. Свиридова Л.Е. Вглядимся в прошлое. Из истории здравоохранения и медицины Северного Казахстана. - М., 1990.
5. Уразаков Е. Казахская народная медицина. – Алматы, 1989.
6. Шрейдер Ю.А. Этика. Введение в предмет.-М., 2005.
7. Малеина М.Н.Человек и медицина в современном праве.- М., 2007
8. Медицинская этика и деонтология.-М 2005
9. Иванюшкин А.Я. Профессиональная этика в медицине.-М., 2008

Медициналық этика мен деонтология- медицина қызметкерлеріне жоғары гуманистік, моралдық- этикалық және эстетикалық талаптарды, әрдайым кәсіби деңгейді біліктілікті жетілдіруді, патриотизимді - өз Отанына, халқына шын берілгендікті жетілдіруіді, өз ісі мен парызына жауапкершілікті қалыптастырудың және тәрбиелеудің негізі ретінде.
Этика (ethika, ethos)- грек сөзінен қазақшаға аударғанда әдет, әдеп деген мағына беретін, игеру, обектісі мораль болып табылатын философиялық ғылым. Адамгершілік туралы ілімді айқындау үшін Этика термінің енгізген Аристотель. Деонтология (гректің deon- парыз және logos- ілім -деген сөздерінен құралған)- парыз туралы ілім. Деонтология терминін XIX ғасырдың бас кезінде адамнынң кәсіби мінез-құлқы туралы ғылым ретінде енгізген ағылшын философы И.Бентам.
Медицинадағы этика мен деонтология жалпы этиканың бір саласы ретінде дәрігердің науқасқа, оның туысқандарына, әріптестеріне, кіші медицина қызметкерлеріне, әлеуметтік қызымет көрсету орталықтарының қызметкерлеріне қатысты қарым-қатынасы мен іс- әрекеті, мінез-құлық принциптерін қарастырады, сондай-ақ дәрігердің медициналық деонтология қағидаларына сай келуі зерделенеді.
Адам өмірі , оның денсаулығы баға жетпес құндылық болғандықтан дәрігердің моралдық- адамгершіліктік дамуының мәдени сәйкестікті анықтау мен іздеудің мүмкін болар стратегиялары мен таңдау жолдарын ұсына отырып синтездейді және жалпылайды.
Медицинадағы этика мен деонтология
Медицинадағы этика мен деонтология ( Гипократтық кезеңге дейін) құлдық формацияның бастьапқа даму сатысында көне үнділік трактаттарда, көне Шығыс, көне Греция және көне Римнің атақты дәрігер - философтарының шығармаларында дәрігерлік қызыметтің және дәрігер дайндаудың ережелері, дәрігердің ішкі және сыртқы кейіпіне қойылатын талаптар қарастырылған. Мысалы әйгілі Аюрведа ( Өмір ғылымы ) деп аталатын б.д.д VI ғасырда құрастырылған трактатта жалпы этика, кәсіби этика және қажет болған жағдайда жедел жәрдемді көрсету этикасы айтылған. Сондай -ақ болашық дәрігерді таңдауда жасына, денсаулығана, есте сақтау қабілетіне және қарапайымдылық, қайрымдылық, көрегенділік сияқты адамгершілік қасиеттеріне үлкен мән берген. Трактатта дәрігерлік құпияны сақтау, науқастың көңілін толық өзіне қарата білу, операциядан кейін өлім аузында жатқан науқасқа, оның туыстарына деген қарым - қатынас туралы айтылған.
Көне Қытайда медициналық этика мен деонтологифяның адам денсаулығын нығайтудағы рөлі, өзінің практикалық қызыметінде әрбір жәрігердің ұстанатын ережелері Хуан-ди Нэй- дзиня Табиғат және өмір туралы кітапта көрсетілген. Солардың бірі - науқасты жазылып кететіндігіне сендірудің қажеттегі, сондай- ақ науқастың мінез- құлқына сай арнайы қарым- қатынас орнату, өмірдің сан алуан жағдайларын мойымай жүректті кеуде де ұстай білу сияқты кеңестер берілген.
Көне Грецияда Гипократтың ықпалымен дәрігердің адамгершілік кейпіне үлкен мән берілген. Гипократ алғаш рет медицинаның көпғасырлық тәжірибесінң негізінде медициналық этиканы жүйелеуге тырысты. Сөйтіп өзінің әйгілі Анттында , Дәрігер туралы, Ізгі әдептілік, Өнер туралы кітартарында , Афоризмдерінде осыдан екі жарым мың жылдан аса бұрын жазылған емшілікті өмір бойғы міндеті етіп таңдағандар үшін моралдық нормалардың кодексін жасады.
Гиппакраттық гуманизмнің ізбасарлары Асклепиад пен Гален көне Рим дәрігерлері дәрігерге деген адамгершіліктік талаптардың бір қатарын анықтады.оладың пайымдауынша , дәрігер өнері маңызды 3 фактормен: науқас, ауру және дәрігердің шеберлігімен айқындалады. Ауруды тек науқас пен дәрігердің бірлігі не байланысты.
Дәрігерлік қызметтің этикалық және психологиялық аспектілері ұлы Иби Синаның әлемге әйгілі Дәрігер ғыламының каноны атты еңбегінде қамтылған. Атап айтсақ Авицинна науқастың қорқыныш сезімін жойып, оны тыныштандырып, көңіл - күйін көтеруге үлкен мән берген. Медицинадағы этика мен деонтология мәселесі Кеңес дәуірінде де қазірде де өзінің жалғасын табуда.
Медициналық этика мен деонтология тек дәрігерлік қызметті қамтамасыз ететін ғана емес, сонымен қатар өмір, бейбітшілік, қоғамдық, мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік сияқты басты құндылықтарды сақтауына кепілдік беретін мәдени стратегияларды табуға назар аударады.
Гиппократ антының негізгі жағдайлары
Медицинамен айналысатын адамдардың өнегелік сапасына әрдайым жоғары талап қойылған. Бұдан мың жыл бұрын да, қазіргі заманда да олардың кәсіби мінез-құлқына белгілі бір талаптар қойылған, оны медициналық этика пәнінде оқып-таниды.
Көне медициналық-этикалық құжаттардың бірі - бәріне танымал Гиппократ анты болып табылады. Медицина құдайы болып саналатын Асклепий негізін қалаған асклепиадтар мектебінің түлектері осы антты берген. Гиппократ ІІ Ұлы Косский (б.д. 460жылы туылған, кейбір деректерде оны 83 жыл, ал кейбір деректерде 104 жыл өмір сүрген делінген) осы мектептің ең танымал түлегі болды.
Ант құнды құжат болып саналады, ол Гиппократ дәуіріндегі медициналық мектептердің дәрігерлік қызметі туралы түсініктерді береді. Дәрігерлердің асклепиадтар деп аталуының мағынасы Асклепиядан шыққан дегенді білдіреді, сондықтан да оның атымен антты береді. Осы антта және Гиппократ жинақтарының өзге де шығармаларында дәрігерлердің шіркеулік медицинаға қатысы туралы ешқандай айтылмайды. Дегенмен де, дәрігерлер Асклепий (асклепейондар) құдайының құрметіне тағзым ететін, шіркеу адамдары емес.
Дәрігерлік мектептер, дәрігерлік бірлестіктер (корпорациялар) пайда бола бастады. Дәрігерлік цехқа немесе корпорацияға енген дәрігер өзін сол құрметке ие болатындай етіп ұстады, яғни өзінің беделін түсіретін жаман әрекеттерге бармады.
Сол заманда емші, бақсы, көз бояушылар көптеп болды, солардан арнайы мектепті (асклепиадтар корпоациясын) бітірген дәрігерлерге қоғамда сенімді қамтамасыз ету үшін Гиппократ анты шықты деп айта аламыз.
Осы Антқа немесе Гиппократтың 10 уағызына кейде оны (Мойсейдің 10 шіркеулік уағызымен ұқсатады) логикалық-тарихи талдау жүргізейік.
Осы дәуірде дәрігерлердің мінез-құлқын реттейтін әдістің бар екендігін Анттың преамбуласы дәлелдейді.
Келесі ант пен жазбаша міндеттемелерді ... ... ... .. өз ақыл-ойыммен, күшіммен адал орындауға, дәрігер Аполлонды, Асклепийді, Гигиея мен Панацеяны және барлық құдайларды куә ете отырып, ант беремін.
Аполлон гомердәуірінен кейінгі кезеңдегі дәрігерлердің құдайы болып саналады. Асклепий (Ежелгі Римде - Эскулап деп аталды) - дәрігерлік өнердің құдайы Аполлонның баласы. Ал Гигиея Асклепийдің қызы, ол - денсаулықтың құдайы (гигиена сөзі осыдан шыққан), оны қолында жылан ішіп тұрған тостаған бар жас қыз бейнесінде бейнеленген (ақылдылық символы). Панацея (емдеуші) - ол Асклепийдің басқа қызы. Панацея барлық ауруды емдей білді. Сондықтан да, Панацея барлық ауруды емдейтін дәрі - деген ұғым осыдан шыққан.
Анттың келесі мәтіндері дәрігерлік қызметтің әкеден балаға берілетін жанұялық қызмет екендігін көрсетеді.Қызмет одан әрі кеңейіп, оған сырттан оқушылар алына бастады. Оған дәлел Гален мен Платон, сол дәуірдің дәрігерлері оқушыларды медицинаға ақымен оқытқан. Антта бұл туралы ештеңе айтылмайды; оқушы оқытушының жанұясына мүше болып кіріп, оқытушы қажет еткен жағдайда ғана оған көмектескен. Ақша туралы келісім өз алдына құрастырылуы мүмкін.
Бұл жайлы Анттың мәтінінде былай делінген: мені дәрігерлік қызметке үйреткен ұстазды өз ата-анаммен бірдей көруге, өз пайдамды онымен бөлісуге, оның мұқтаждығына көмектесуге, оның ұрпағын өз бауырларым деп санап, егер олар осы өнерді қаласа, онда оларға ешқандай келісімсіз, ақысыз үйретуге, оқытуға; осы өнердің ауызша сабақтарын және т.б. ілімдерін медициналық заңдағы ант пен міндеттемелерге байланысты өзгелерге емес өз балаларыма, ұстазымның балаларына және оқушыларына жеткізу, үйрету.
Осыдан, оқудың және практикалық қызметтің материалды, экономикалық жағдайларынынң анық жазылғанын көреміз.
Өз ақыл-ойым мен күшіме сүйене отырып, мен аурудың режимін оған пайда болатындай етіп бағыттаймын - деп анттың авторлары өздерінің медициналық міндеттерін ескере отырып, аурулардың өміріндегі образды (режимді) бірінші орынға қояды.
Әділетсіздік пен әртүрлі зиян келтіруді болдырмаймын - деп, міндет алған жас дәрігер, Зиян келтірме деген медицинаның алғашқы заңын өзінің алғашқы қадамында меңгеруі қажет және дәрігерлік қызметте ешқандай әділетсіздіктің орнауына жол жоқ екенін түсінуі керек. Әділетсіздіктің қағидалары ешқандай ауытқусыз қадағалануы тиіс.
Мен өлгісі келетіндерге өлтіретін дәріні берген жоқпын және оларға өлудің жолын көрсетпеймін.
Осы дәуірдегі медициналық-этикалық кодекске Анттың осы жағдайы Өлтірме деген көне уағыздан қалған.
Дәрігерлік өнер науқастың өлімін жылдамдатуға бағытталмаған болуы керек.
Сондай-ақ, мен ешқандай әйелге құрсағындағы баласын алдырмаймын.
Бұл міндеттен біз өмірді беретін де, тоқтататын да дәрігер емес, құдай екеніне сене отырып, ұрықтану болған күннен бастап, жарқын өмірді әркімнің де көруі керек екенін түсінеміз.
Мен өз өмірім мен өнерімді таза және адал өткіземін.
Бұл сөзді түсіндірудің қажеті жоқ сияқты. Дәрігерлік ол бір кәсіп ретінде емес, қателіктерге жол бермейтін және таза өнегелікті қажет ететін өнер ретінде қарастырылады.
Мен ағзасында тасы бар науқастардың тасын алуға өз бетімше әрекеттер (сою, кесу және т.б.) жасамаймын, оларды сол істің мамандарына бағыттаймын.
Осы айтылған сөзге мәтінді түсіндірушілер еш түсінбейді, ежелгі египеттіктер мен гректерге танымал операция литотрипсияны (кесу арқылы тасты алу, зәр қабындағы тасты майдалау және оларды емдеу) неге дәрігерлер жасай алмайды? Орта ғасырдаң аяғында осы операцияны Ежелгі Египет пен Батыста арнайы мамандар жасай бастады. Ол дәрігерлер арнайы ұйым болып бірігіп, осы мамандықтың құпиясын бірге меңгерді және өздерінің беделін түсірмес үшін, біліктілігі жеткіліксіз болатын өзге аймақтарға кіріспеді.
Мен қандай үйге кірсем де, ауруға көмегімді тигізу үшін кіремін, ондағы әйел немесе еркекпен махаббат құру, қауіп төндіру, пиғылдану сияқты ойлардан аулақ боламын.
Жақсылық жасауға және жамандық жасамауға бағытталу - этиканың басты қағидасы. Дәрігер мен науқас арасында (жан дүниелік) белгілі шекаралардан асатын жақындық болмауы керек, егер олай болмаса, онда оны физикалық жақындық деп санайды. Дәрігерлік қызметтің ақысын тәнмен өтеу туралы әртүрлі халықтардың ежелгі медициналық-этикалық кодекстерінде жазылмаған.
Емдеу немесе емдемеу кезінде, ауруға қатысты нәрсені көрсем немесе естісем, оны ешкімге жария етпеймін.
Антты құдайлар және адамдар алдында салтанатты түрде серт берумен аяқтайды:
Осы антты бұлжытпай орындаған маған, менің өміріме, менің өнеріме бақыт берсін; антты жалған берген немесе бұзғандарға соған кері жағдайлар болсын.
Бұл бостан бос айтылған сөздер емес. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде мақтаулы дәрігерлерге ескерткіштер орнатылған. Ал кімде-кім антты бұзса, соған айып тағылған немесе оның қолы кесілген.
Кәсіптік істің түрі ретінде дәрігерлікті таңдаған адамдардың өнегелік кодексінің алғашқы кезеңі Медицина қалыптасуынан басталып, Ежелгі грек философтарының Гиппократ корпустары деген еңбектерінің пайда болуымен аяқталады.
Медициналық этика дамуының екінші кезеңінің басы монотеистік діндер пайда болуымен байланысты болды.
Медициналық этика тарихына Орта Азия жаңару кезеңіндегі ислам араб оқымысты-медиктері: мынадай елеулі еңбектерін қалдырды: Аль-Рухави Дәрігердің практикалық этикасы, Ибн-абу Усейби Медицина бұйрығы, Ибн Сина (Авиценна) Медицина каноны және Фирузнома. Олардың көп ұстанымдары нақыл сөзге айналып, европа және латын тілдеріне аударылды.
Ерте орыс мемлекеттерінде христиандық дін қабылданғаннан кейін монастырларда аурухана палаталары құрыла бастады. Солайша монастырларда алғашқы ауруханалар пайда болды. Кейбір монастырлар ауруханалық деп аталды, мысалы: Мәскеудегі Федор Студит монастырі.
Осылайша, медициналық-этика дамуының екінші кезеңі монотеистік діндер: ислам, христиан, иудаизм, буддизм қалыптасуы кезінде өтті.
Медициналық білімді таратушылар - діни қызметкерлер мен олардың көмекшілері болды, олар діндегі қағидаларға сәйкес адамдарға көмектерін көрсетті. Осындай әрекеттер университетте (universitas латыншадан жиынтық, бірлестік деген мағыналарды береді) медициналық факультеттер ашылып, дәрігерлік мамандық өз алдына кәсіп болғанға дейін жалғасын тапты. Медициналық факультеттер (facultas латыншадан - қабілеттілік, мүмкіндік дегенді білдіреді)бірқатар университеттерде ашылды. Олардың Х-ХІІ ғғ. Пайда болуы және одан әрі дәрігерлік (корпорациялардың) бірлестіктердің құрылуын медициналық этика дамуының үшінші кезеңіне жатқызуға болады.
Ресейдегі медициналық этика дамуына Мәскеу университеті медициналық факультетінің деканы М.Я.Мудровтың университеттің салтанатты актілерінде жарияланған еңбектері Гиппократ дәрігерлерінің өнегелік сапасы және беделі туралы сөз (1814ж) және Дәрігерлік өнер қызметі немесе практикалық медицинаға қалай оқыту және қалай оқу туралы сөз (1820ж).
Дәрігерлердің сөзі науқастарға ерекше әсер етеді, сондықтан да әрбір дәрігер өз тәжірибесінде жанға дауа болатын сөздерді қолдануы керек. Осы тұста медициналық этиканың (Гиппократ дәрігерлерінің сапасы) психология, психотерапиямен байланысының барын М.Я, Мудров атап көрсетті.
Медициналық этика терминімен қатар медициналық деонтология терминінің шығу себебі осы жағдайларға байланысты болады.
Аристотель өзінің этикалық еңбектерінде парыздық мінез-құлық және парыз туралы бірнеше рет атап көрсеткен. Ағылшын философы және құқықтанушысы И.Бентам өнеге туралы ғылым немесе деонтология туралы кітабында былай деп тұжырымдаған: Деонтологияның негізі - ол пайда ұстанымы, басқаша айтқанда, қоғамға келтіретін пайдасына қарай белгілі бір әрекеттің жақсы немесе жаман болуы, лайықты немесе лайықсыз болуы, қолдауға тұратын немесе тұрмайтындығын айтамыз.
Деонтология өнегелік парыз туралы ілім және ол этиканың бір бөлімі. Медицинадағы деонтология - бұл әртүрлі мамандықтарға, медициналық қызметтің әртүрлі саласына, медициналық еңбектің әртүрлі звеноларына сәйкес медициналық этиканың нақтылануы. Бұл медицинаның ұжымдық өнегелі тәжірибесі, медицинадағы кәсіптік мектеп, медициналық адамгершілікті бекіту үшін дұрыс заттарды таңдау өнері, кәсіби қызметі жағынан жетілмеген медициналық қызметкердің зиянды жақтарын максимальды түрде жою және қоғамға келтіретін пайданы максимальды түрде жоғарылату мақсатындағы медициналық этиканың практикада қолданылатын қағидалары мен ережелері (Н.Н Петров).
Медициналық этика дамуының жаңа кезеңінің басталуы, оның ХІХ-да медициналық деонтология деп аталуына байланысты болған жоқ, оған дамып келе жатқан капитализм кезеңіндегі дәрігер мен қоғам, дәрігер мен науқас және медициналық ортадағы медициналық қызметкердің өзара байланысының өзгеруі әсерін тигізді.
Капитализмнің пайда болуы қоғамда өзге өнегелік климатты және өзге концепцияны қалыптастырды.Осының бәрі медициналық этика да өз көрінісін тапты. Медициналық қызметтің кәсіби мінез-құлқына дәстүрлі өнегелік құндылықтар уақыт өткен сайын тиімсіз әсер ететін болды. Бірінші кезекте олардың алдында экономикалық аспектілер тұрды. Мамандық өмір сүруге қажетті табыстың көзіне айналды. Қазіргі әлемдегі индустрияның, техниканың, жаратылыстану ғылымдарының дамуы медицинаның қарқынды дамуын қамтамасыз етті. Әлем туралы көріністер өзгерді, соған сәйкес дәрігер жаңа әлемде өз орнын табуға қиналды.
Дәрігер саны өскен сайын, бәсекелестік те өсті. Кеше ғана дәрігер өз есебі туралы қам жемесе, енді ол өз қызметін сатуға тура келді. Медицинаның тиімділігі жоғарылаған сайын, ол күрделеніп, қымбаттай берді, ал дәрігер тегін медициналық көмек көрсетуге қинала бастады.
Капитализм дәуірінде медициналық этика дамуының (деонтологиялық) жаңа кезеңі басталды және бірінші кезекте медициналық қызметкердің экономикалық мүдделері тұрды, ол науқастар мүдделерімен сәйкес келмеді. Сондықтан да, адамгершілік парыздары туралы түсініктерді дәрігерлерге қайта еске салуға тура келді.
ХХ ғ. басында А.Молль Дәрігер этикасы. Дәрігер қызметінің барлық саласындағы оның міндеттері (орыс тіліне В.В.Вересаев аударған), сондай-ақ В.В.Вересаевтың Дәрігер жазулары атты кітаптары жарық көргеннен кейін Ресейде медициналық этика мәселелері туралы пікір-талас толқыны басталды.
1917ж. Революция көтерілісінен кейін медициналық этика әлемде және КСРО-да әртүрлі жолмен дами бастады. Шетелде науқастар құқығын қорғау үшін, коммерцияланған медицинаға қарсы күрестер жүргізілді, сондай-ақ осы күресте медициналық қызметкерлердің мүддесі де ұмыт қалмады. Осы күресте медициналық кәсіби ассоциациялар, сақтандыру медицинасы, заңдылықтыр, шіркеу, әртүрлі елдерде құрылған этикалық кодекстер маңызды роль атқарды. Бұл жұмысты 1926ж. құрылған Халықаралық медициналық ассоциация басқарды, оның құрамына мүше болып 23 елдің дәрігерлері кірді (КСРО оған кірмеді). Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда ол таратылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Нюрнбергте сотталған дәрігер-фашистердің зұлымдығы медициналық этика туралы халықаралық кодексті құрудың қажет екендігін қайтадан көрсетті.
Бактериологиялық, химиялық, ядролық қаруларды қолдану жер бетіндегі адамзатқа өзінің қаупін туғызды. Адамзатты осы қауіптен қорғау үшін дәрігерлер күресе бастады. Осы тұста Өмірді қастерлеу рухында (А.Швейцер) дәрігерлерді тәрбиелейтін жаңа этикалық құжаттар қажет бола бастады.
Бүкіләлемдік медициналық ассоциация (БМА) осындай құжаттарды дайындаумен айналысты. БМА-ны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДҰ) көп шатастырады. Бұл екі ұйымда халықаралық денсаулық сақтау мәселелерімен айналысады, бірақ ДДҰ Біріккен ұлттар ұйымына (ООН) кіреді, үкімет қаржыландырады, сондықтан да оның саясатқа әсері бар. Ал БМА-ны ерікті ұлттық медициналық ассоциациялар құрған және солар оны қаржыландырады. Оның құрамына барлық науқастарға жынысына, жасына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына қарамастан медициналық көмекті көрсетуге талпынған, науқастар мүддесін бірінші кезекке қоюға ант берген әлемнің миллиондаған дәрігерлері кіреді. БМА саясатқа араласпайтын ұйым, мүшелері денсаулық сақтау жүйесінің әр саласында қызмет етеді, әртүрлі сенімді, мәдениетті ұстанатын, әртүрлі тілде сөйлейтін медициналық қызметкерлер, бірақ олардың мақсаттары мен жауапкершіліктері ортақ.
1948ж. БМА-ң Женевадағы 2-ші сессиясында ХХғас. дәрігерінің Гиппократ анты атты жарлығы (Женева жарлығы) қабылданған, ал 1949ж. Медициналық этиканың халықаралық кодексі қабылданды.Осыған сәйкес медициналық этика дамуының жаңа кезеңі басталды. Осы кезде дәрігерлердің қоғамдағы ролі өлшемсіз өсті, ал медициналық қызметкерлер мінез-құлқын өнегелі-этикалық тұрғыда реттеу әлемдік деңгейде жоғары дәрежеге көтерілді.
60-жылдардағы ғылыми-техникалық революция медицинаның дамуына да өз мүмкіндіктерін берді. Дәрілік заттардың жаңа түрлері, диагностикалық, емдеу құралдары мен жабдықтары пайда болды, интенсивті терапия жүргізу, генетикалық ауруларды емдеу, бедеуліктен құтылу, тіндер мен органдарды алмастырып салуға мүмкіндіктер туды.
Адам - тірі табиғаттың бір бөлігі, табиғаттағы болып жатқан өзгерістердің бәрі оның денсаулығына, тұқымының денсаулығына әсерін тигізеді. Осының бәрі медициналық этика қағидаларын қайта қарауға әкелді.
1970ж. Американдық онколог-зерттеуші В.Поттер өзінің баптарында, кейіннен кітаптарында биоэтика терминін қолданды. Бұл ғылымды болашақ пен қазіргі заманды байланыстыратын аман алудың жолы ретінде қарастырады.
В.Поттер биоэтиканы биология мен этиканы байланыстыратын көпір, яғни жаңа пән ретінде қарастырады.
Биоэтика пәнін келесідей түсіну керек:
1. негізгі мағынасы - болашақтың көпірі.
2.қарапайым мағынасы: биоэтика - әртүрлі ғылымдарды байланыстыратын көпір (байланыстырушы звено).
Биоэтика сезім мен ақыл-ойдың негізінде ғылымның барлық саласынан білімді қажет етті, әсіресе биология ғылымынан. Бұл жүйені глобальды биоэтика деп атайды. Этиканың ұсынылған осы жүйесі күні бүгінде биоэтика - көпірі теориясының негізі болып қала береді. Бұның негізгі функциясы - адамзатты аман алып қалу үшін медициналық этиканы қоршаған орта этикасымен әлемдік масштабта байланыстыру болып табылады.
Қазіргі кезде медициналық этика биоэтикаға қысқа мерзімдік қолдану ролін жүктейді, мысалы: клиникалық этика, дәрігерлер мен науқастар алдында туындаған мәселелерді шешумен айналысады. Ал глобальды этика адамзаттың денсаулығын сақтау үшін, өзінің зерттеу әдістерін және практикалық іс-әрекеттерін кеңейтіп, биоэтиканың маңызын түсінуге медициналық этика аймағында жұмыс істейтін барлық мамандарды шақырады.
Биоэтиканың негізгі түсінігі (постулаты) - жауапкершілік және көну. Көну - ол менің қателесуім мүмкін деген түсініктен шығады және ол мынадай жауапкершіліктерге шақырады: оқуға, ізденуге, тәжірибе алмасуға және т.б.
Биоэтика адамның денсаулығы қоршаған ортаның әсеріне байланысты екендігін айтады және барлық адамзатты табиғатты осы күйінде сақтауға, ұрпаққа аман жеткізуге шақырады.
Ежелгі Греция және Рим медицинасы.
Көне Грекия тарихы бес кезеңнен тұрады.
Эгей заманы б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдық
Мемлекеттік дәуірден бұрын б.з.д. ХІ-ІХ ғ.ғ.
Мемлекеттік дәуір б.з.д. VIII-VI ғғ.
Классикалық дәуір б.з.д. V-IV ғғ.
Эллинистикалық б.з.д. IV ғ. екінші жартысы б.з. І ғ.
Осы елдің алғашқы әдеби мұралары Гомердің этикалық поэмалары (Гомердің өмір сүрген мезгілі әр түрлі көрсетіледі б.з.д. ХІ-VIIIғғ. аралығы). Оның дүние жүзіне белгілі шығармалары Иллиада мен Одиссей - көне заманнан қалған медицина туралы жалғыз ғана мәлімет көздері. Бұл кітаптарда көне грек медицинасының шамамен б.з.д. ХІІ-VІ ғғ. дамуы, жетістіктері жазылған.
Грек медицинасының келесі даму жолдары медицина әдебиетінің атақты ескерткіші Гиппократ жинақтары. Бұл жинақ шамамен б.з.д. ІІІ ғ. жазылған, бұның құрамына ежелгі замандағы грек дәрігерлерінің шығармалары және Гиппократтың шығармалары кірген.
Тарихи кезеңдерде Көне Рим деген ұғым бірнеше рет өзгерген: алғашқы-қала мемлекет болса кейін Рим республикасынанҰлы Рим империясынан дейін дамыған.
Рим тарихында патшалық дәуірден республикалық кезеңге ауысуы шамамен б.д.д. 510 ж. Болған делінеді. Медициналық саласында бұл кезеңде Римде санитарлық заңдар, санитарлық техникалық құрылыстар; кәсіби-дәрігерлер, медициналық ісінің орнығуы және дамуы оны мемлекеттік реттеу, медицинада материалистік бағыт қалыптасу болады
Римнің ежелгі жазу ескерткіштерінің көбі жоғалған, олардың мазмұны туралы пікір тек ежелгі авторлардың шығармаларында кездеседі. Ежелгі Римде медицинанның дамуына ерекше көңіл аударды. Тит Лукреций Кардың 6 кітаптан тұратын Табиғи заттар трактаты сол уақыттағы энциклопедия және Рим халқының философия, медицина, табиғат білімі саласында алдыңғы көзқарастарды бейнелейді. Лукреций еңбегінде медицина сұрақтарына біліктілікпен жақындайды. Өте ұсақ қозғаушы бөлшектер, атомдар, тірі организмнің ауыр құрылысы, бірте-бірте өсімдік және жануар әлемінің дамуы, организмдердің өзгешелігі және белгілердің мұрагерлікпен берілуі, организмдердің бейімделмей қырылып қалуы туралы ойын айтады. Кейбір ауруларға өте дәл сипаттама береді. Лукрецийдің алтыншы кітабында жұқпалы аурулар, олардың пайда болуы туралы баяндалады да аурудың пайда болу концепциясын ұсынылады. Ол су, тамақ және басқа заттар арқылы жұғу мүмкіншілігі бар екеніне назар аударады, өзіне айқын емес нұсқауларды белгілеу арқылы, инфекция туралы айтады.
Рим медицинасы туралы толық мағлұмат Авл Корнелий Цельс еңбегінде беріледі. Оқыған және бай адам Цельс өзіне аудармашыларды тартып, энциклопедиялық Өнер күнбезін құрды, осында әр түрлі білім саласындағы кітаптар болды. Еңбектердің едәуір бөлігі құрып кетіпті, бізге жеткені Медицина туралы деген атпен VI-XIII кітаптары. Онда гигиена, патология, терапия және хирургия білімдері туралы баяндалған. Цельс ежелгі гректер, александрлықтар және үнді дәрігерлерінің еңбектерін толық қарастырып талдап қорыттынды жасаған. Әсіресе Цельс хирургияға көп көңіл бөлген, өзі де дәрігерлік тәжрибемен айналысқан, құлдарды емдеген. Оның трактаты медицина терминологиясының дамуына өте маңызды табыс енгізді, ал шығармаларының тілі - классикалық. Плинийдің айтуы бойынша, бұл алтын латын тіл заманы.
Ежелгі дәуірдің дәрігері Галеннің арқасында медицина қызметінде дуализм жарық көрді. Клавдий Гален Пергане қаласында атақты архитектор Никонның жанұясында дүниеге келген. 17 жастан бастап медицинамен айналысқан, Перган, Коринф, Афина және Александрияда білім алған, біршама тілдерді біліп, көп саяхаттаған. Перганға оралғанда бірнеше жыл бойы гладиатор мектебінде дәрігер боп жұмыс жасайды. Гладиатор көтерілісінен кейін Гален Римге көшіп келіп, лекциялармен, медицина тәжрибесімен белгілі болған. Гален медицина саласындағы 125 еңбектің авторы (бізге тек 80 жетті). Ең маңыздысы: Адам денесіндегі бөліктердің қызметі, Анатомия туралы, Терапевтік әдістер, Ауру денелердің бөлшектері, Дәрілердің құрамы туралы. Галеннің бірнеше еңбектері Гиппократтың жинағымен таныстырды. Гален Александрияға келгенде, онда адамдар мүрдесімен жұмыс істеу тоқтатылғандықтан, ол маймылдар, шошқалар, иттер мен тағы басқа жануарларды зерттеумен айналысты. Анатомиялық бұлшық еттер туралы трактатта 300 бұлшық ет бар екені баяндалған, олардың ішінде адамдарда болмағандары да бар. Галеннің анатомия жүйесін, сүйектерді, сіңір, бұлшық еттерді, ішкі мүшелерді, әсіресе жүйке жүйесін сипаттауда қызметі зор. Ол бас миы және жұлын бөлімдерінің құрылысын түсіндірді. Жүректің анатомиялық құрылысын, күре тамырдың ағу жолын дұрыс түсіндірді. Жүректің қоршауын қанға өткізгіш деп санады. Бұл дұрыс емес көзқарас XVI ғасырға дейін дұрыс деп саналды.
Гален дәрігерлік тәжрибемен кең шұғылданды, тәжірибелі хирург болды және анатомияның фундаменті хирургия - деп санады.
Галеннің айтуы бойынша, механикалық және физико - химиялық табиғи шикі зат өңдеу арқасында, бірнеше дәрі - дәрмек тобы пайда болады, бүгінгі уақытқа дейін дәрі - дәрмектер Галеннің препараты деп аталады.
Галеннің шығармалары Еуропа медицинасының біліміне негіз болды.
Галеннің мағынасын бағалау қиын. Жалықпайтын зерттеуші, зерттеу анатомиясының негізін салушы, хирург. Гален әлемнің ең атақты дәрігері. Ежелгі рим медицинасы туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz