Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БОЛМЫСЫНЫҢ КӨРІНІСІ
1. 1 Түркі халықтарының өмір салты мен тәрбие дәстүрлерінің зерттелуі . . . 7
1. 2 Түркі халықтарының тарихи қалыптасуындағы әйел болмысына әсер еткен факторлар . . . 11
1. 3 Түркі халықтарындағы әйелдің қызметі және әлеуметтік рөлі . . . 17
2 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНА ТӘН ӘЙЕЛ БОЛМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БҮГІНГІ КҮНІ ЕСКЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2. 1 Түркі халықтарына тән әйел болмысы ның бүгінгі әйел тұлғасынан көріну ерекшеліктері . . . 26
2. 2 Бүгінгі қыз тәрбиесінде түркі халықтарына тән қасиеттерді ескерудің мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдері . . . 36
2. 3 Мектептегі қыз бала тәрбиесінде түркі халықтарына тән сапаларды қалыптастырудың нәтижелері . . . 56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында отбасының тірегі болған әйел балалары, соның ішінде қыз баласының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп мән береді. Онда Елбасы: «Біз қыздарымызға ертеңгі жар, ана деп қарап, тәрбиелеуіміз керек», - деп айтқан болатын[1] . Бұл әсіресе, бүгінгі жаһандық тәрбие дәстүрлерінің дендеп еніп, ұлттық болмысымызға едәуір ықпал етіп отырған заманда өзектілігі артып отыр.
Бұл мәселеге кеңірек тоқталсақ, от басы, ошақ қасының берекесі, ата мен ана, ұл мен қыз секілді құндылықтарды халқымыз қашанда қастер тұтқан және қастерлей де бермек. Бұл жерде ата-ананың орнын өте жоғары бағалайтын асыл дініміз - Исламнан дәлел келтірген жөн деп ойлаймын. Мұхаммед пайғамбарымыздың «Ата-ананың балаға бере алатын ең жақсы мұрасы - жақсы өнегелі тәрбиесі» деген хадисі бар. Бұл жерде ананың рөлі ерекше маңызды. Қазақ халқы: «Әйел күннің шуағынан жаралған» деп дәріптесе, Алланың пайғамбары «Жәннат - аналардың басқан ізінің астында» деп әйел қауымды ұлықтаған. Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауында: «Біз әйел затына - анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз. Біз ананы қорғап-қолдауымыз керек. Мені отбасында әйелдер мен балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету жайттарының көбеюі алаңдатады. Әйелді құрметтемеу деген болмау керек. Бірден айтайын, ондай зорлық-зомбылықтың жолы қатаң түрде кесілуі тиіс. Мемлекет әбден асқынған жыныстық құлдыққа, әйелге тауар ретінде қарайтын көзқарасқа айрықша қатаң түрде тыйым салуға тиіс» деп ерекше атап көрсетті[2] . Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау-ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей, қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп», деген ұлағатты сөз осыдан туса керек. Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным, Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Пәрәнжі-сәтір кимеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта. Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру, гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.
Диплом жұмысының мақсаты . Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдануға ұсыныс жасау.
Зерттеу обьектісі . Түркі халықтарындағы әйел тәрбиесінің ерекшеліктері.
Зерттеу пәні. Түркі халықтарындағы қыз, әйел болмысына тән сапалар жүйесі.
Зерттеу міндеттері.
- Түркі халықтарындағы әйел балаларының тәрбиесіне қатысты зерттеулер мен ғылыми материалдарды жинақтау, жүйелеу және талдау;
- Түркі халықтарындағы әйел болмысына тән тәрбие ерекшеліктері мен мәдениет сапаларын сипаттау;
- Түркі халықтарындағы әйел болмысының қазақ қыздары бойындағы сабақтастығын көрсету;
- Түркі халықтарына тән тәрбие ерекшеліктерін бүгінгі қыз тәрбиесінде ескерудің жолдарын ұсыну.
Зерттеу әдістері . Диплом жұмысын орындау барысында ғылыми ақпараттарға теориялық талдау жасау, жүйелеу, салыстыру, топтау, тарихи-педагогикалық деректерге салыстырмалы талдау жасау, бақылау, анкеттеу, сұхбат, әңгімелесу және т. б. зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу базасы . Кентау қаласы «Яссы» колледжі.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
1 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАРИХИ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БОЛМЫСЫНЫҢ КӨРІНІСІ
- Түркі халықтарының өмір салты мен тәрбие дәстүрлерінің зерттелуі
Түрік әйелдері атқа мекем отырып, жақсы шаба білген, қару қолдануды үйренген, ерлік жасаудан тайынбаған, тіпті қамал күзетшісі, уәли, елші де бола алған. Түркілер әйел-ананы отбасының құты мен ырысы, ұйтқысы мен жылуы деп таныған. Сондықтан да болар түркі дүниесін терең зерттеген тарихшы-ғалым Лев Гумилев «Көне түріктер» деген іргелі зерттеуінде «Түркілер әйелдерді сал-серілердей қатты құрметтейтін. Баласы үйге кіргесін әуелі шешесіне иіліп, тәжім еткен, содан кейін барып әкесіне сәлем берген. Орхон жазуында да апа-қарындастары қалып қойып, оларға ажал қаупі төнгенде, Күлтегіннің оларды жанқиярлықпен қорғап қалғаны зор шабытпен жырланады. Түркілерде анасының шыққан тегіне айрықша мән берген. » [3] - деп жазған. Қазақта «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан» деген сөз бар. Оның түп мәніне үңілсек, ата-бабаларымыз аналарының, жұбайларының қадір-қасиетіне, оның шыққан тегіне ерекше мән берген. Мұның өзі қыз баланың ұрпақ өрбітудегі орнының жауапты екендігін айшықтайды.
Қазақ әйелдері ұрпақ тәрбиесінен өзге қоғамның барлық істеріне қатысып, өздерінің көзқарастарын білдірген. Хандар мен сұлтандардың, батырлар мен билердің ақылшы кеңесшілері ретінде кең далаға танылған. Мұндай жайт өзге ұлт өкілдері зерттеушілерінің назарында болған. Мысалы, зерттеуші ғалым А. К. Гейнс : « Киргизская женщина играет большую роль не только как хозяйка семьи, но и как член общества. На сходках киргизов женщины подают голос наравне с мужчинами, в особенности по вопросом, касающимся общественных нужд. Иногда даже мнение женщин имеет некоторое преимушество над мнением мужчины», [4] -деп пайымдаған.
Түркі әлемінде әйел-ананың алатын орны Аңдатпа. Әйел - мәңгілік тақырыптардың бірі болғандықтан, әйел жайында үнемі сөз қозғалып отырады. Әсіресе әйел-ананың қоғамдағы орны мен атқаратын қызметіне байланысты көзқарастар алуан түрлі. Қалай болса да, ананы құрметтеу, әйелді ардақтау бүкіл түркі халықтарына ортақ, ата-бабаларымыздан келе жатқан салт-дәстүр. Түйін сөздер: әйел-ана, түркі әлемі, салт-дәстүр, қоғам, мәдениет. Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар-өмір, өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп» әйел бүкіл адамзатқа өмір сыйлайды. Ата- бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел-анаға жүктеген. Ерте кездегі аналарымыздай ерін пір тұтып, ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеп отырған әйелдер күн өткен сайын азайып түскені ащы да болса шындық. Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді түркі халықтары әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Кез келген мәдениет аз уақытта күшпен орнамайтынын, халық мәдениетін реттейтін факторлардың ғасырлар бойы қалыптасатынын тарих көрсетіп отыр. Тарихта өшпес із қалдырған, ақылдылығымен, парасаттылығымен, шешендігімен танылған, ел билеген әйел-аналарымызға тоқталайық: Томирис - Тұран патшасы Афрасиябтың қызы. Патшайым болып ел басқарған батыр қыз. Зарина - Сақ патшасының қыз. Ел тағдыры үшін өз махаббатын құрбан етеді. «Жеке басымның бақытын елімнің еркіндігіне айырбастай алмаймын. Махаббаттан да жоғары нәрсе бар, ол - менің елім», - дейді Зарина. Бөрте ханым - Шыңғыс ханның әйелі. Қоңырат тайпасының қызы. Жат елдікке пенде болғанмен ұрпақ тәрбиесінде өз елінің ұлттық тағылымын меңгерте білген. Гауһар - Қабанбай батырдың жары, арғын - бәсентин Малайсары батырдың қарындасы Есенбике - Олжабай батырдың анасы, үйсін Қарасай батырдың қызы. Назым - Қабанбай батырдың қызы. Айтолқын - Абылай ханның қызы Бопай - Кенесарының қарындасы, бес жүз сарбазды басқарып, Ресей отаршылдарына қарсы соғыста ерен ерлік көрсеткен батыр қыз. Қалампыр ана - Балуан Шолақтың анасы. Домалақ ана (Нүрила) - Бәйдібек бидің әйелі. Нүрила барлық адамдарға өте мейірімді, ақылды, әулие әйел болған. [5] . Ал «Ұмай ана» түсінігі жалпы түркі халықтары танымындағы «әйел» бейнесін толығымен ашып көрсетеді. Сондықтан оған жекеше тоқталайық: Түркілердің «Ұмай ана» түсінігінде әйел тегіне деген терең ұғым жатыр. Көне түркілердің мифиологиясында «Ұмай ана» ұрпақ жалғастығын жебейтін періште саналады. Көне түркінің дүниетанымында «Ұмай анадан» өзге «бес ене» түсінігі де болған. Пендені желеп-жебейтін Ұмай ана, Май ана, От ене, Ұмайық және Бай әжені «бес ене» деп қабылдаған. Соған қоса Түркілер «Ұмай ана» деп Адам атаның қосағы Хауа ананы айтқан секілді. Себебі, белгілі руника зерттеушісі Қ. Сартқожаұлы да Орхон- Енесей тас жазуында түркілердің «Ұмай текті ұрпақ» деген тіркестерді қолданғанын жеткізеді. Демек, түркілер «Ұмай ананы» Тәңірге баламай, керісінше оның жатырынан жаралғанын пайымдаған. Тағы бір түркі халықтарындағы әйел бейнесін Қорқыт атаның «әйел пайымында» көре аламыз. Түркілердің Исламға дейінгі дүниетанымынан сыр шертетін жауһар туындылардың бірі «Қорқыт ата кітабы» екені бәрімізге аян. Бұл тарихи шығармада түркілердің әйел туралы пайымдаулары да көрініс береді. «Қорқыт ата кітабын» терең зерттеген Ә. Қоңыратбаев туындының бүгінге жеткен нұсқасына мұсылмандық құндылықтардың да кіріккенін айтады.
Түркі халықтарындағы әйел болмысының, соның ішінде қазақ әйелдерінің болмысының әу бастан-ақ ізгіліктілігін көптеген шетел ғалымдары зерттеп, өз тұжырымдарын жасаған. Атап айтқанда, ғалым Ю. К. Малницкий: «Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде әйел баласы ең алдымен отбасы шаруашылығындағы басты құндылық болып табылған. Екіншіден, қыз балалары түрік халықтарының мұсылман дінін қабылдаған басқа тайпаларынан тараған халықтарға қарағанда анағұрлым еркін әрі үлкен құрметке ие. Оларды ең құрметті, қонақ отыратын орын - төрге отырғызған. Сонымен қатар, қазақ әйелдерінің көзқарасы мен пікірі отбасылық кеңесте шешуші дауысқа ие болған. Сондай- ақ, қазақ әйелдері ат үстінде еркін шауып, қонақтарды күтіп алуға және оларды қымыз, қымыранмен сусындандатуға қатысқан, тіпті олармен сұхбатқа да түсетін болған», - деп қазақ әйелдерінің басқа халықтар әйелдеріне қарағанда құқығының жоғарылығын ерекшелеп сипаттайды [6] .
Әйтсе де, ислам діні келгеннен кейін қазақ қоғамында әйел мен еркек арасында біршама өзгешелік пен талаптар орнады. Әйелдің орны қаншалықты ұлық болса да, шариғи тұрғыдан өзіндік нормасы мен әдебін сақтау талап етілді.
Түркі халықтарына тән әйел мінез-құлқы мен жүріс-тұрысындағы мәдениеттілік нормаларын Ғ. Мүсіреповтың «Оянған өлке» шығармасынан мынадай үзінді арқылы дәлелдей түсуді жөн көрдік: "Ең соңынан кірген кішкене денелі қазақ әйелі ауыз үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс әйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты. Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс әйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де көрініп кетті. (Ғ. Мүсірепов. Оянған өлке) »[7] .
Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге шытырманға толы, аса күрделі құбылыс еді. Бұдан байқағанымыз түркі әйелдерінде аңғарымпаздық белгілердің, тіпті олардың ұсақ-түйегіне дейін бірден байқап, тез арада айтылмақ ой мен емеурін, ишараны шешетін туа бітті қабілеттері ерекше дамығанын жоғарыдағы деректер растайды.
Әйелдердің гендерлік болмысына, әйел адамдардың ассоциативті ойлау жүйесіне көбінесе адамгершілік, ізгілік, жылылық, күнделікті күйбең тіршілік жақын да, ер адамдардың асссоциативті ойлау жүйесіне ерлік жасау, батырлық көрсету, кәсіппен шұғылдану т. б. жақын болатыны белгілі.
Қыздар мен әйелдерге қатысты ондай аттардың сирек қолданылуы қазақ халқының қызды «қонақ», ал әйелді «ана» деп ерекше қадірлегенінің айғағы болса керек.
Түркі халықтарындағы әйел бейнесі Қорқыт еңбектерінде де кеңінен қарастырылады.
Қорқыт өзінің өлең-жырларында отбасы тәрбиесіндегі әйелдің отбасылық рөліне ерекше көңіл бөлген. Мысалы Қорқыт: "Әйел төрт түрлі болады, - дейді. Оның бірі - ниеті қураған әйел, екіншісі - ынсапсыз әйел, үшіншісі - үйдің құты болған әйел, төртіншісі - кесір әйел.
Отбасының құты (тірегі) болған әйел даладан бір қонақ келсе, үйінде ері болмаса да, оған сусын беріп, бар дәмін алдына қояды, сыйлап аттандырып салады. Бұлар Айша мен Фатимадан бата алған әйелдер. Хан ием, мұндай әйелдер мыңдап өссе де көп емес, бәлкім аз. Сіздің ошағыңызға сондай әйел кез болсын дейді.
Одан кейінгісі - ынсапсыз, қанағатсыз әйел. Ондай әйел таңертең төсегінен
тұрып, беті - қолын жумастан тоғыз тоқаштың бәрін аударыстырып, ең тәуірін таңдап жейді, аузын томпайтады, бір шелек айранды басына көтеріп, қарынды қампитады, содан соң маңдайын сабалап, жылана бастайды да: "Қараң қалғыр, осы күнге мен қайдан душар болдым. Бір күн қарным тойып ас ішпедім, жүзіме күлкі келмеді, аяғыма ілген башмағым болмады, бетімнен перде түспеді. Ерім өліп басқа біреуге тисем, бағым ашылар еді, сол үмітім өшпесін", - дейді. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп - өнбесін, сіздің ошағыңызға кез бола көрмесін дейді.
Одан кейінгісі салақ әйел деп көрсетедi. Ондай әйел төсегінен тұрған соң беті - қолын жуады, үйдің ол шеті мен бұл шетіне қарайды да, күбіні абыл - құбыл пісіп, көрпе - төсегін жинайды. Содан соң "шуу!" - деп ауыл кезіп, түс қайта үйіне оралады. Келсе үйі ұрланған, қазан-аяғын ит жалаған, бие-бұзау сүйкеніп, үйдің қорада байлаулы қалған сиыры мөңірейді. Келе сала әйел көршілеріне барып, шаптыға бастайды: "Ау, қыздар - ау, Зылихам, Зубайрам, бикештерім. Уа, азамат туған жігіт - желеңдерім, Айна - Мәлік, Құтты - Мәлік қайда едіңдер? Ойбай-ау, үйім қалыпты, түнде қайда жатамыз? Мені ерігіп жүр дедіңдер ме? Зәру жұмыс болған соң кетіп едім ғой. Үйіме неге көз қырын салмадыңдар? "Көрші ақысы - тәңірі ақысы деген қайда?" - деп безек қағады. Хан ием, ондай әйел мың болса да өсіп - өнбесін, сіздің ошағыңызға кез болмасын дейді.
Ең соңғысы - адам тілін алмайтын кесір (қырсық) әйел. Үйге түзден бір ұятты қонақ келіп, ері оған: "Орныңнан тұрып, нан әкел, желік, қонағың да жесін"- десе әйелі еріне: "Үйде піскен нан жоқ", - дейді. "Барыңды бер", - десе, әйелі: "Не сандалып отырсың, үйіңнің әлдеқашан қу молаға айналғанын білмейсің бе? Үйде ұн жоқ, диірменге кеткен түйе қайтқан жоқ, оның не әкелері белгісіз. Дастарқанымды жемесе берерім жоқ", - деп бармағын көрсетеді, еріне сыртын беріп, дастарханды кісі алдына лақтырып тастайды. Ондай әйелге мың сөз айтсаң, соның бәріне жауап қатады, бірақ ерінің айтқанын құлаққа ілмейді. Ондай әйелді Нұқ пайғамбардың көз жасынан пайда болғандар дейміз. Хан ием, сізді алла осындай әйелдерден сақтасын, ондай әйел сіздің ошағыңызға кез болмасын" дейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz