Несие операцияларының түрлері және олардың есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ...5
1.1 Несие түсінігі , мақсаты және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Коммерциялық банктердегі несиелендіру операцияларының
принціптері ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2 Банктің несиелік операцияларын талдау (АҚ «АТФ Банкі» мысалында .24
2.1 Несие операцияларының түрлері және олардың есебі ... ... ..24
2.2 Несиелік операциялардың қаржылық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ...37
3 Коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастыру проблемалары оны жетілдіру жолдары ... ..47
3.1 Қазақстанда ипотекалық несиенің даму перспективасы ... ... 47
3.2 «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» және тұрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ..65
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ..71
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын етеді.
Банктердің тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын шаруашылық тің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарата отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді экономика үшін басқа да көптеген көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді [1,176 бет].
Бұл дипломдық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп жатырған несиелеу процесі туралы оны іске асырудағы банктердің алатын орны туралы айтылады. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру шағын және орта бизнесті дамытуға мерзімді перспективада жаңа саясатты талап етеді. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер және дағдарыс жағдайында нақты секторды қаржыландырудағы коммерциялық банктердің маныздылығы - дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады .
1. Н. Назарбаев Қазақстан - 2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. - Алматы: Білім, 1997. - 176 бет.
2. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы: Экономика, 2004. – 148-150 бб.
3. Балубаева А.К. Национальные модели кредитов // Банки Казахстана, 2005. -№4. - 36-41 бб.
4. Джимабаев Е. Особенности национальной кредитавании
// Юридическая газета. 2007. - №2. - 54-62бб.
5. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. - Алматы: Экономика, 2007. – 203-205бб
6. Дүйсенбаев Н. Перспективы развития ипотечного кредитования в РК // Банки Казахстана, 2006. - №1. - 42-45бб.
7. Бердалиев А.К. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. – Алматы: Экономика, 2000. - 46-52бб.
8. Сейітқасымов Б.Қ. Ақша Несие Банк, Ипотекалық несие үлгілері, 2005. – 112-113 бб. бб.
9. Сейітқасымов Б.Қ. Ақша Несие Банк, Ипотекалық несие үлгілері, 2005. – 112-113 бб. А.
10. Сағындықова Н. Несиелік игіліктер // Егемен Қазақстан, 2008. - 23 қаңтар. № 1. – 23-25 бб.
11. Дүйсенбаев Н. Сущности и принципы кредитования // Қаржы-қаражат, 2004. - №1. - 35-40 бб.
12. Баялбаева. Развитие ипотечного кредитования в Казахстане // Қаржы-қаражат 2008. - №4. - 34-37 бб..
13. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. – Алматы: Экономика, 2004. - 146-153бб.
14. Міржақыпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп. – Алматы: Экономика, 2006. - 306-318бб.

15. АҚ «АТФБанкі» жылдық есебі 2007 .-12-24 бб.
16. А. Баялбаева. Развитие ипотечного кредитования в Казахстане // Қаржы-қаражат 2008. - №4. - 34-37 бб.
17. Дүйсенбаев Н. Сущности и принципы ипотечного кредитования // Қаржы-қаражат, 2006. - №1. - 35-40 бб.
18. Ким Т. Ипотекалық облигация // РЦБК. 2004. - №11. - 95-97 бб.
19. Сағындықова Н. Ипотекалық игіліктер // Егемен Қазақстан, 2008. - 23 қаңтар. № 1. – 23-25 бб.
20. Исаев Б. Квартира по ипотеке: ярмо или удача // Экспресс К, 2006. - 24 июль. - №7. – 13-15 бб.
21. Сейітқасымов Б.Қ. Ақша Несие Банк, Ипотекалық несие үлгілері, 2005. – 112-113 бб.
22. Нурсейтов Р. Ипотечная кредитования в РК, проблемы и перспективы развития // Евразиская сообщества, 2008. - №4. - 23-25 бб.
23. Тұрлыбекова А.Ж. Ипотекалық несиелеу жүйесінің институтционалды негіздерінің қалыптасуы // Вестник Каз НУ. Экономика сериясы. 2007. - №2.(48). – 68-71 бб.
24. Шыныбеков Н.С. Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесі // Вестник Каз НУ. Экономика сериясы. 2008. - №5. – 56-28 бб.
25. Аскарова Ж.А. Тұрығын үй құрылысының экономикалық мәселелері // Каз ҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. 2007. -№5. (57). -89-91 бб.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

Мамандық 050508 – Есеп және аудит

2011
Экономика және қаржы кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
__________________
____________2011ж.

Дипломдық жұмыс

НЕСИЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ

050508 – Есеп және аудит

2011
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА ПІКІР

Экономика және қаржы кафедрасы
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
тақырыбындағы

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын
кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың
бір саладан екіншісіне қайта құйылуын етеді.
Банктердің тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Бұл дипломдық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп
жатырған несиелеу процесі туралы оны іске асырудағы банктердің алатын орны
туралы айтылады. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
шағын және орта бизнесті дамытуға мерзімді перспективада жаңа саясатты
талап етеді. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер және дағдарыс жағдайында
нақты секторды қаржыландырудағы коммерциялық банктердің маныздылығы -
дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады .
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жалпы еліміздегі шағын және орта бизнесті
дамытумен ипотекалық несиелеудің нарықтағы жағдайын сипаттау және
несиелеу бағдарламасының дамуы мен жетілдіру проблемаларын ашып, екінші
деңгейлі банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудағы есебін
жүргізумен талдаудың негізін айқындау.
Теориялық сұрақтарды практикамен ұштастыра білуі, тақырыптың өзекті
сұрақтарын қарастыра алуы, бір сұрақтан екінші сұраққа көше алуы барлығы
дұрыс. Дипломдық жұмыс жоғары оқу орнының талабына сай келеді.

Студент нің дипломдық жұмысын қорғауға жіберуге болады.

Ғылыми жетекшісі:

Экономика және қаржы
кафедрасының оқытушысы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫНА РЕЦЕНЗИЯ
Экономика және қаржы кафедрасы
Несие операцияларының түрлері және олардың есебі
тақырыбындағы

Банктердің тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын шаруашылық тің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын
тарата отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп
айырылысу жүргізеді экономика үшін басқа да көптеген көрсетеді, соның
арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей
ықпал етеді
Дипломдық жұмыстын зерттеу объектісі ретінде – АҚ АТФБанкі
қарастырылған.
Бірінші бөлімде несиелік операциялардың мәні, мақсаты және оның
құрылымының жіктелуі қарастырылған.
Екінші бөлімде АТФ Банкінің несиелік операциялардың қаржылық жағдайына
экономикалық талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелендіру
бағдарламасының дамуы, кездесетін қиындықтары, оны жою жолдары және даму
перспективасы ашылған.
Дипломдық жұмысты жазудағы алға қойылған мақсат орындалып, тақырыптың
өзіндік ерекшелігі мен өзектілігі нақты теория түрінде және тәжірибе
жүзінде талданды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Талдау барысында статистикалық мәліметтер кестелер және диаграммалар
түрлерінде бейнеленген. Жұмыс бекітілген талаптарға сәйкес ұқыпты
безендірілген.
Дипломдық жұмысты “Өте жақсы”,(А-), 90 балл. деп бағалап, студентке
академиялық Бакалавр дәрежесін беруге толықтай негіз бар деп есептеймін.

Рецензент
ДАРРЖШСның
бас бухгалтері Мусанова Э.Е.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастырудың теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Несие түсінігі , мақсаты және оның
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Коммерциялық банктердегі несиелендіру операцияларының
принціптері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 19
2 Банктің несиелік операцияларын талдау (АҚ АТФ Банкі мысалында
) ... .24
2.1 Несие операцияларының түрлері және олардың
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .24
2.2 Несиелік операциялардың қаржылық көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ...37
3 Коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастыру проблемалары
оны жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47
3.1 Қазақстанда ипотекалық несиенің даму перспективасы
... ... ... ... ... ... ... ...47
3.2 Қазақстан Ипотекалық Компаниясы және тұрғын үй бағдарламасын
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...59
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...71

Кіріспе
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері
жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен
табыстарын жұмылдырады белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға
айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенім, кеңес беру басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын
кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың
бір саладан екіншісіне қайта құйылуын етеді.
Банктердің тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан
қатарлас жүрді де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық
шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты
болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық
мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық
делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын
шаруашылық тің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарата
отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп
айырылысу жүргізеді экономика үшін басқа да көптеген көрсетеді, соның
арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей
ықпал етеді [1,176 бет].
Бұл дипломдық жұмыста еліміздің экономикасындағы қарқынды жүріп
жатырған несиелеу процесі туралы оны іске асырудағы банктердің алатын орны
туралы айтылады. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
шағын және орта бизнесті дамытуға мерзімді перспективада жаңа саясатты
талап етеді. Сондықтан жоғарыда айтылған мәселелер және дағдарыс жағдайында
нақты секторды қаржыландырудағы коммерциялық банктердің маныздылығы -
дипломдық жұмыстың өзектілігі болып табылады .
Дипломдық жұмыстың мақсаты – жалпы еліміздегі шағын және орта бизнесті
дамытумен ипотекалық несиелеудің нарықтағы жағдайын сипаттау және
несиелеу бағдарламасының дамуы мен жетілдіру проблемаларын ашып, екінші
деңгейлі банктердің несиелік операцияларын ұйымдастырудағы есебін
жүргізумен талдаудың негізін айқындау.
Осы мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыстың келесідей міндеттерін айқындау :

– қазіргі кездегі несиенің негізгі ұғымын, түрлерін, олардың
қажеттілігімен құрылымын көрсету;
– несиелік операциялардың жіктелуіндегі негізгі мақсаттарын
ашу;
– Коммерциялық банктердегі несиелендіру операцияларының
принціптерін ашып көрсету;
– несие операцияларының жүзеге асуына қажетті құжаттар негізінде
берілген және қайтарған кезіндегі есебінің жүргізілуін
ұйымдастырылуын көрсету;
– несие бойынша пайыздарды есептеу және алу кезіндегі есебімен
оны банк табысына жатқызуды көрсету;
– АҚ АТФБанкіндегі несиелік операциялардың қаржылық
көрсеткіштерін талдау;
– Қазақстанда ипотекалық несиенің даму перспективасын ашу;
– ипотекалық несиедегі тәуекелді басқару, оның өзекті
мәселелері және оны жою жолдарын зерттеу;
– Қазақстан Ипотекалық Компаниясы және тұрғын үй
бағдарламасын жетілдіру жолдарын іздеу.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей несиелеу жүйесінің дамуы мемлекетке
үлкен пайда әкелуінде. Оның маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың өз жеке
шағын бизнесін ашып қана қоймай, оны ары қарай дамыту мәселесін шешуге зор
үлесін тигізуінде. Несие беруді дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың
маңызды факторы болып табылады. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстын зерттеу объектісі ретінде – АҚ АТФБанкі
қарастырылған.
Бірінші бөлімде несиелік операциялардың мәні, мақсаты және оның
құрылымының жіктелуі қарастырылған.
Екінші бөлімде АТФ Банкінің несиелік операциялардың қаржылық жағдайына
экономикалық талдау жасалынған.
Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелендіру
бағдарламасының дамуы, кездесетін қиындықтары, оны жою жолдары және даму
перспективасы ашылған.

1 Коммерциялық банктердегі несиелік операцияларды ұйымдастырудың
теориялық негіздері

1. Несие түсінігі, мақсаты жіктелуі
Несие ролі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады:
несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі
және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі жалпы
төлем айналымы және т.б. АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша,
шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк сферасының
қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлігі мен көп тараптылығы жағынан,
қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін
артқа қалдырады. Американдық несие ауқымы туралы кейбір мәліметтер
төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-
қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі
80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар сомасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта есеппен 34
бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд. долларды
құраған.
Несиенің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап,
оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беруден ғана тұрмайды.
Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем
құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды ағыны
төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие арқылы өтеді.
Несиенің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр
түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды
да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады [2,148-150 бб.].
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері
үшін де, сондай-ақ несие мекемелері үшін де бірдей қажет. Ақшаны несиелік
мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды
экономика және халық қажеті үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие, несие мен халық,
мемлекет пен несие, несиелік мекемелер, әр түрлі елдердің несиелік
мекемелері арасында болуы мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай формада
несие экономикалық категориясының қызмет етуі барысында жүзеге асырылады.
Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі несие формасын сипаттайды. Ол
несиелік қатынастардың мәні және ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік
қатынастар формасы мен мазмұны диалектикалық бірлікте болады. Несиелік
қатынастар формасы олардың мазмұнына сәйкес келіп және оның дамуын
ынталандыруы тиіс. Өндірістік қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар
мазмұны мен несие формасының өзгеруіне әкеледі.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субъект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субъектілеріне-шаруашылық жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие тар мағынасында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылай
қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын -
несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын
ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда:
банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп
қарастырады. Соған сәйкес несие екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және
мамандандырылған несие-қаржы мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет
көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру
типі, өзіндік несие құрылымына сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-
орталықтандырылған КСРО экономикасында Мембанктің жетекшілігімен
ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы
үшін монополиясыздандырылған банктік және банктік емес мекемелерден
құралатын несие қажет.
Бірлескен несие күрделі, көп буынды құрылымды болады. Егер де несиелік
мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге
алатын болсақ, онда қазіргі несиенің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға
болады:
0. Орталық (эмиссиялық) банк;
1. коммерциялық банктер;
2. мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық,
сенімгерлік (трастовый) және т.б.).
Функционалдық мамандануына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет
көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие ядросы, ал несиелік
институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып
табылады.
Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген
елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе Ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз
эмиссиялық, ақша-несие ииституты болып табылады. Орталық банк - бұл
"банктердің банкі". Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді,
оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ
үкімет ұйымдары жатады [3,36-41 бб].
Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу,
бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиенің қалған буынына Орталық
банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие-
қаржы қызметтерінің өзара байланыстарынын байқалатын жанама әрекет етеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында
қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік
тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды.
Коммерциялық банктер кез келген елдің несиеде әдеттегідей негізгі, базалық
буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік
береді.
Мамандандырылған несие мекемелері (оларды пара-банктік деп атайды) нарық
экономикасындағы несиеге қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл
мекемелерсіз экономиканың әр түрлі салаларында және тұрғындарға
көрсетілетін несие қызметтері толық болмас еді.
Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне немесе бірер
негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың
кішігірім сегменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.
Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар
несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты
болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылықка алады.
Екінші жағынан олар, қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе
басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу
әрекеттеріне ұшырайды.
Несие формасы – бұл несие қатынасының сырттай нақты көрінісін табуы. Ол
несие қатынасының мәні мен ұйымдастырылуын синтездейді. Несие қатынасының
формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағынан біртұтас болады.
Несие қатынасының формасы оның мазмұны мен дамуына сәйкесуі керек.
Таңдап алынған жіктеу өлшемдігіне қарай несиенің мынадай ең маңызды
формаларын бөліп көрсетуге болады.
- қызмет ету саласына қарай – ұлттық және халықаралық несие;
- несие мәмілесінің объектісіне қарай – ақшалай және тауарлық несие;
- несие қатынасының субъектісіне қарай – банктік, коммерциялық,
халықаралық, тұтынушылық несиелер.
Несиенің тауарлық формасы тарихи жағынан алып қарағанда оның ақшалай
формасынан бұрын пайда болған. Ежелгі тарихтан білетініміздей, адамдар
тұтынуға қажетті артық өнімдерін бір – біріне өсім алумен қарызға берген.
Несиенің тауарлық формасы осы заманғы іс-тәжірибеде төлемдерінің
мерзімін ұзартумен тауарларды сатуда, машина мен құрал-жабдық, тұрмыстық
тауарлар, саймандар лизингісінде қолданылады. Қазақстанда тауарлық несие
фермерлер мен шаруа қожалықтарына көктемде тұқым түрінде беріледі. Тұқым
түрінде берілетін бұл несиені фермерлер мен шаруа қожалықтары күзде жиын –
теріннен кейін қайтарып отырады.
Несиенің тауарлы формасының негізінде ақшалай несие формасы пайда болып,
дамиды. Ол осы заманғы нарықтық шарушылықта артықшылықтарға ие, типтік
форма болып табылады. Несиенің бұл формасы ұлттық және халықаралық
экономикалық айналымдардың шегінде пайдаланылады.[4,54-62бб.].
Несиенің тауарлық және ақшалай формаларымен қатар олардың аралас
формасы да қолданылады.
Жоғарыда қарастырылған несие формаларының көптеген түрлері болады.
Несие түрлері – бұл оның несиелерді жіктеу үшін пайдаланатын, экономикалық
– ұйымдастырушылық белгілері бойынша ең детальданған сипаттамасы, яғни,
несиенің іс – тәжірибедегі нақты қосымшасы.
а) Қазақстанда несие түрлері былайша жіктеледі: несиелеу объектісінің
экономикалық белгілері бойынша:
- айналым қаражатын қалыптастыруға берілетін несие;
- негізгі құрал - жабдықты қалыптастыруға берілетін несие;
- ТМҚ аясында шұғыл қажеттілікке, сондай-ақ нормативтен тыс қорлардың
аясында уақытша қажеттілікке берілетін несие;
- өндірістің маусымдық шығыны аясында берілетін несие;
- жол үстіндегі есеп айырысу құжаттары аясында берілетін несие;
- төлем несиелері;
ә) қамтамасыз етілу бойынша:
- жылжымалы және жылжымайтын мүлікпен, ТМҚ- пен, кепілділікпен,
сақтандыру келісімшартымен толық қамтамасыз етілген;
- ішінара қатамасыз етілген;
- қамтамасыз етілуі болмайтын банкілік.
б) қайтарылу мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді;
- орта мерзімді;
- ұзақ мерзімді.
в) өтелу тәртібі бойынша:
- бөліп-бөліп төлеу;
- бір жолғы төлеу;
- кезең сайын бір қалыпты төлеу.
г) тәуекелді деңгейі бойынша:
- субстандартты;
- стандартты;
- күмәнді;
- сенімді;
- сенімсіз;
- ұзартпалы.
ғ) ақылылығы бойынша:
- қалыпты пайыздық;
- жоғары пайыздық;
- төмен пайыздық;
- пайызсыз.
д) салалық бағыты бойынша:
- сауда –саттық несиесі;
- өнеркәсіп несиесі;
- ауыл шарушылық несиесі;
- құрылыс несиесі.
ж) ашыланын шот түрлері бойынша:
- жай ссудалық шот бойынша несие;
- арнайы ссуда шоты бойынша несие;
- контокорренттік шот бойынша несие;
- овердрафт бойынша несие;
- несие желісі бойынша несие;
Несиенің айрықша түріне жылдам сатылатын жылжымалы мүлікпен немесе
құқық пен қамтамасыз етілген, қысқа мерзімді әрі ссуда мөлшері бойынша
тіркелетін ломбардтық несие жатады.
Ломбардтық несиені негізгі әр алуан түрлеріне құнды қағаз
кепілдігімен, тауар кепілдігімен, талап кепілдігімен берілетін несиелер
жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиені өз қалауынша, шектеусіз пайдалана
алады.
Жаңартпалы несие – ссуда капиталының ұлттық және әлемдік нарықтарында
қолданылатын жаңғыртпалы несие. Ол белгіленген берешек лимиті елдер
арасында қосымша келісімсөз автоматты түрде беріледі.
Несие желісі қарыз алушының алдындағы несие ұйымының оған несие
келісімшартының белгіленген әрекет ету кезеңі ішінде белгілі бір мақсатқа
және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан
ресімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз
алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.
Овердрафт несие ұйымының шот иесіне, оның ағымдағы банк шотына қойылатын
талап бойынша төлем арқылы беріледі. Яғни, бұл төлем шотта ақшалай қаражат
болмаса да, шот иесінің несие берушінің алдында пайда болған берешегінің
түскен қаражаттың есебінен кейін оған өтеуін қарастыратын келісімшарт
шегінде беріледі [5,203-206 бб.].
Коммерциялық несие. Несиенің басқа формаларына қарағанда
коммерциялық несие олардан бұрын пайда болды. Оны бір шаруашылық жүргізуші
субъекті екіншісіне сатылған тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем
мерзімін ұзартумен береді. Осы несие формасының объектісіне өнеркәсіп және
сауда капиталының бірігу нәтижесін білдіретін тауар капиталы жатады.
Коммерциялық несие тауарларды өндіру мен өткізу процесінен тікелей пайда
болады. Ол тауарлық формада беріледі және оның пайдалану шегі болады. Ең
алдымен оның мөлшері шектеулі болады, өйткені әрбір кәсіпкер, әрбір өзге
субъект коммерциялық несиені өзінің ақшалай капиталының шегінде ғана бере
алады. Коммерциялық несиені тиісті тауарларды сатып алған кәсіпорындар
ғана пайдалана алады.
Осы несие формасының құралына вексель жатады. Вексель қолма-қол
ақшасыз есеп айырысудың көлемін арттыруға және айналыс шығынан кемітуге
жағдай тудырады.
Вексель – бұл сатып алушы-қарызгердің жабдықтаушының алдындағы заңмен
қатаң белгіленген борыштық міндеттемесі. Онда борыш сомасы, несие үшін
алынатын пайыз, өтеудің мерзімі мен шарты көрсетіледі. Вексель несиелерге
тиесілі қаражатты алу үшін ғана емес, сонымен бірге төлем құралы ретінде
пайдаланылады.
Вексельдің қолдан оған өтуі барысында табыстау жазбасы – индоссамент
жасалады. Вексельде индоссамент неғұрлым көп болса, оның соғұрлым ортасы
соғұрлым кең әрі оның төлем кепілдігі соғұрлым жоғары болады.
Коммерциялық несиенің басты мақсаты – тауарлардың сатылу процесін
жеделдету және пайданың жылдам алынуын қамтамасыз ету.
Оған тән белгіге оны пайдаланғаны үшін сатылған тауарлардың
немесе қызмет көрсетулердің бағасына, әдетте, банк пайызынан төлем
болатын пайыздың қосылуы жатады.
Коммерциялық несие дамыған елдерде кеңінен тараған және ол өндірістің
ауқымы мен тауар айналымының көлеміне тікелей байланысты болады. Қазақстан
ол инфляцияның салдарынан, өндіріс пен тауар айналымының құлдырауынан,
шарушылық байланыстардың бұзылуынан және шарушылық субъектілер жүргізуші
субъектілердің арасындағы сенімінің азаюынан тиісті деңгейде дамымай қалды.

Коммерциялық несие көбінесе ауыл шарушылығында қолданылады. Азық –
түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар – жағар май
материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын
құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық
Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені,
тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.
Коммерциялық несиені тауар жеткізушілер сатып алушыларға жеткізілген
тауар үшін алынатын төлемнің мерзімін ұзартумен береді. Бұл арада соңғысы
алғашқысына вексельді, яғни, төлем міндеттемесін табыс етеді. Бұл вексель
банкте атаулы құннан төмен бағы бойынша ескерілуі мүмкін немесе оның
кепілдігімен банк несиесін алуға болады.
Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк
несиесімен әрдайым аралас болады.
Нарықтық экономикада несиенің негізгі формасы банк несиесі. Бұл
жағдайда несие қатынасының объектісіне ссуданы ақшалай қаражатпен беру
процесі жатады. Мұндай несие уақытша қаржылай көмекке мұқтаж
мамандандырылған қаржы – несие ұйымдарына, көбінесе банктерге, қарыз алушы
кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа, мемлекетке беріледі.
Банк несиесінің бірінші ерекшелігі – банк өз қарыз алушыларына несиені
өзінің капиталынан ғана емес, сонымен бірге, тартылған ресурстардан да
(заңды және жеке тұлғалардың депозитінен) береді. Қазақстан банктерінің
несие ресурстарындағы өзіндік капиталының үлесі шамамен алғанда 18-20%-ды
құрайды, ал қалғаны - тартылған ресурстар (депозиттер, банкаралық қарыз
ақшалар).
Осы несие формасының екінші ерекшелігі – шаруашылық айналымға әлі түсе
қоймаған, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың банкке орналастырылған
уақытша бос қаражатын банк ссудаға береді.
Банк несиесінің үшінші ерекшелігі – банк ақшалай қаражатты ссудаға
өздігінен өсетін құн ретінде болатын капитал формасында береді. Мәселенің
мәнісі мынада: қарыз алушы бұл ссуданы пайдаланғаны үшін банкке пайыз
төлейді. Қарыз алушы осы несиені өндіріс саласында пайдаланғаннан кейін
пайда алады әрі оның есебінен несиегерге пайыз төлейді. Несиеге қажеттілік
оның ажырағысыз атрибуты болып табылады. Банк несиесінің айналыс саласына
ғана қызмет ететін коммерциялық несиеден айырмашылығы, ол, сонымен қатар,
өндіріс саласына және жинақтау саласына да қызмет етеді. Банк несиесінің
қолданылу аясы коммерциялық несиеге қарағанда әлдеқайда кең, өйткені
коммерциялық несие – несие мәмілетінің бағытымен, мерзімімен және сомасымен
шектеліп қалған [6,42-45 бб.].
Банк несиесі банк пен қарыз алушының арасында несие келісімшарты
немесе несие келісімі бекітілгеннен кейін беріледі. Банк несиесінің
мақсаты: негізгі және айналым капиталын арттыру, маусымдық қорларды
толықтыру, вексельдер есебі және оны қайта есептеу халықты несиелеу.
Ол материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуі, мақсатты бағытының болуы,
мерзімділігі, қайтарылуы және ақылы принциптері негізінде болуы,
мерзімділігі, қайталуы және ақылы принциптері негізінде банктің қарызға
беретін ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Банк несиесі берілетін мерзіміне қарай қысқа мерзімге және ұзақ
мерзімге бөлінеді. Мәселен, қысқа мерзімді несие қарыз алушының ағымдағы
және маусымдық ТМҚ қорларын қалыптастыруына, еңбекақы төлеуіне және өзге де
шығындарын өтеуіне байланысты уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін
бір жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Ұзақ мерзімді несие ұзақ мерзімді активтердің ұлғайтылған ұдайы
өндірісіне арналған, яғни ол бір жылдан да көп уақытқа негізгі қорларды
құруға, қайта жарақтандыруға, ұлғайтуға әрі жаңғыртуға беріледі.
Банк несиесінің есебінен залалдардың орнын толтыруға, жарғылық
капиталды қалыптастыруға, бұрын алынған несиені өтеуге айыппұл, өсімақы,
тұрақсыздық төлемдерін және тағы басқа төлеуге болмайды.
Несие есеп айырысу құжаттарының төлеміне қолма-қол ақшасыз түрінде,
жекеленген жағдайларда, мысалы ауыл шарушылық өнімдерін сатып алуға,
еңбекақы төлеуге және тұтыну қажеттіліктеріне қолма-қол ақшамен беріледі.
Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған
мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық
қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті және қаржылық
жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі.Несие келісімшартының шарттары әрбір
қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай
отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда
мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп қоймайды,
сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие
кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т.б. беріледі. Алайда, бұл
осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай – ақ, қарыз алушылардың
құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан
және халықтан өзге үкімет те, банктер де, жергілікті органдарда және т.б.
алады.
Банктің несие салымдарының мөлшері несие ресурстарына байланысты
болады. Бүгінгі танда мұндай ресурстарын депозиттер ғана емес, сонымен
қатар, клиенттердің шоттағы уақытша бос ақшалай қаражаттары, банкаралық
нарықтағы қарыз ақшалар, шетелдік қаржы – несие институттарынан алынатын
қарыз қаражатты құрайды.
Осылармен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің ақша
- несие саясаты арқылы экономиканы несиелейтін саланы да реттеп отырады. Ол
банктердің несие қоржынының сапасы нашарлаған жағдайда депозиттерді
міндетті түрде ең аз шамада резервтеудің деңгейін арттыру жолымен
экономиканы несиелеудің аясын таратады. Бұл несиенің тек экономикалық қана
емес, сонымен бірге, әкімшіліктік шекарасының болатынын да көрсетеді.
Банк несиесі негізінен тікелей болады, яғни, ссуда қарыз алушыларға
тікелей бірлесе, ал, жанама түрі делдал арқылы беріледі, мысалы, халыққа
тауарлар сатылған кезде несие сауда желілері арқылы немесе вексельді
пайдаланумен беріледі.
Қазақстандағы коммерциялық банктер соңғы бес жылда (2002-2005 жж.)
экономикадағы несие салымдарын күрт арттырады. ЖІӨ - дегі ссудалық қоржын
01.01.2002 ж. 15,0%-ды құраған болса, 01.01.2005 ж. – 32,7%, яғни, 2 еседен
көп.
01.01.2006 ж. несие салымдарының құрылымы:
- қысқа мерзімді несие – 49,9%.
- орта мерзімді несие (1 жылдан 5 жылға дейін) – 30,2%;
- ұзақ мерзімді несие (5 жылдан жоғары) – 19,9%.
Тұтыну несиесі. Несие қатынасы банктер мен кәсіпорындардың,
ұйымдардың арасында ғана болмайды. Ол, сондай-ақ, бір жағынан несие
жүйесінің және екінші жағынан, халықтың арасында да пайда болады. Несие
алушыға халық, ал, несие берушіге банк жататын қатынасты тұтыну несиенің
мазмұнын құрайды. Айрықша жағдайларда банк пен халықтың арасында делдалдық
ететін үшінші тарап та болуы мүмкін, мысалы, тауарларды несиеге сататын,
яғни мерзімін ұзартып төлеумен тауарды несиеге беретін сауда ұйымдарын
айтуға болады.
Тұтыну несиесі халыққа оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін беріледі. оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті
дамытуда, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуге өткізуге, ұзақ уақыт
пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.
Халықты несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған
мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12% - ың тұтыну
несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай
қалды десе де болады. Халық борышқор болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну
несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғары, жылына 16-18% - ды
құрайды.
Несие халыққа тауарлы формада және ақшалай формада берілуі мүмкін.
Тауарлық форма халыққа тауарды оның төлем мерзімін ұзартумен сатуда
қолданылады, яғни, бұл коммерциялық несие болып табылады. Ақшалай форма
банк несиесі секілді халыққа тікелей немесе сауда желісі арқылы жанама
түрде беріледі.
Тұтыну несиесі қосарлы қызметі бар: біржағынан, тауар айналымы
артатын болса, несие мөлшері де өседі, өйткені, тауар сұранысы несие
сұранысын тудырады, екінші жағынан, ұзақ пайдалануға жарамды таураларды
сатып алуға арналған несиеге және шаруашылық ұйымдастырып, жүргізуге
арналған несиеге бөлінеді.
Тұтыну несиесі белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес
тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі
әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы
айырмашылықты жояды [7 ,46-52 бб.].
Ол ұзақ пайдалануға жарамды тауарлардың салыстырмалы түрде жоғары
бағасы мен халықтың ағымдағы табысы арасындағы және халықтың бір тобындағы
ақша қорланымы мен оны басқа топтың пайдалану қажеттілігі арасындағы екі
қарама қайшылықты шешіп береді.
Тұтыну несиесі банк операцияларымен тығыз араласып кеткен. Мәселен,
сатып алушылардың ұзақ мерзімді борыштық міндеттемесін сауда ұйымдары
банктен ссуданы алу үшін пайдаланады. Тұтынушыларға несие банктен тікелей
берілетін болса, сауда фирмасы мен банктің арасындағы – несие қатынасының
артық буыны жойылады.
Несиеге сатып алынған тауарларды сауда ұйымдары олардың ссудасын
қамтамасыз етуші ретінде қарастырады.
Сондықтан да соңғы жарна төленгенше тауардың меншік құқығы сауда
ұйымдарында қалады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде тұтыну несиесінің бірнеше түрі
пайдаланылады. Алайда, олардың арасында тауарларды төлем мерзімін ұзартумен
сатудың үлес салмағы басым.
Тауарларды несиеге сатып алуда сатып алушы тауардың құнын ай сайынғы
жарнамен төлеп қоймай, сонымен бірге, ол несиені пайдаланғаны үшін пайыз
төлейді. Көптеген жағдайларда төлем мерзімін ұзартумен сатуда тауардың
бағысы коммисиялық сауда ұйымының мөлшеріне несие үшін алынатын пайыздан
жоғары көтеріледі.
Тұтыну несиесі көптеген елдерде маңызды рол атқарады. Осыған орай, ол
мемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік
және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады.
Тұтыну несиесі халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі
олардың өндірілуі мен сатылуына арттырады. Қазақстанда тұрғын үй құрылысын
салуға және оны сатып алуға ұзақ мерзімді тұтыну несиесін беру үшін
мамандандырылған мемлекеттік құрылыс – жинақ ақша банкісі құралады. 2005
жылы халыққа берілген тұтыну несиесінің мөлшері 122,1 млр. теңгені құрады,
2004 жылмен салыстырғанда 9,4% -ды құрады.
Ипотекалық несие. Жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы болатын
ссуданы ипотека несиесі ретінде ұғуға болады. Ол тұрғын үй құрылысын салуға
және сатып алуға, жер сатып алуға беріледі әрі ұзақ мерзімді сипатқа ие.
Ипотекалық несиелеу нарықтық экономиканың ажырағысыз элементі болып
табылады. Оның мынадай ерекшеліктері бар:
- ипотекалық несие – бұл қатаң анықталған кепіл затпен берілетін ссуда.
Несие қайтарылмаған жағдайда кепілге салынған жылжымайтын мүлік сатылады
және одан түскен қаражатпен несиегердің алашағы өтеледі. Сол себепті де
ипотека несиегер үшін ең “сенімді” несие ретінде саналады:
- ипотекалық ссуданың көбісі қатаң мақсатты тағайындауға ие, өйткені,
ол тұрғын үй мен өндірістік үй-жайларды қаржыландыру, сатып алу, тұрғызу
үшін және жер учаскелерін игеру үшін пайдаланылады;
- ипотекалық несие, әдетте, 10-30 жылға дейін ұзақ мерзімге беріледі.
Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.
Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге
салынатын мүлік нақты болуы керек, яғни келісім шартта кепілдік құқығының
объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялылығы яғни
кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы
керек [8,112-114 бб.].
Ипотекалық несиелеудің жүйесі икемді болуы үшін ұдайы жетілдіріліп
отырады. Мәселен, дамыған елдерде мыналар болады:
- төлемдері кезең сайын өсіп отыратын ссуда: алғашқы бес немесе он
жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;
- төлем сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын
ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің
мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;
- пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека – пайыз мөлшерлемесінің деңгейі
келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты
көрсеткіште немесе индекске “байланатын” болады. Мөлшерлемелер жарты жылды
бір рет қарастырылады.
Ипотекалық несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға кепілхат, вексель және
өзге де бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания
шығаратын ипотека облигациялары секілді құнды қағаздардың қайталама
нарығында баға белгіленуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге
салынған мүліктің заңды меншік құқығын несиегерге беруді ұйғаратын құжат
болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиесінің
негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады. Онда несие келісімшарты бойынша
борыштарды төлеу жөніндегі қарыз алушының міндеттемесі, пайыз, салық,
алымдар және меншіктен өндіріліп алынатын өзге де төлемдер нақты
көрсетіліп, сонымен бірге, оны бүлінбеген қалпында сақтау, жылжымайтын
мүлікті сақтандыру, оны басқа тұлғаға кепілдік аясында беруге тыйым
салынатыны және т.б. айтылады.
Өзіндік қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған
ресурстар банктің несие ресурстарын құрайды.
ҚР “Ипотека туралы” заңы шыққаннан кейін Қазақстанда ипотекалық
несиелеу қарқынды дамыды.
Республиканың ірі банктері ипотекалық бағдарламаны жүзеге асыратын
өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.
2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкісі жарғылық капиталы 100%-ды құрайтын
Қазақстандық ипотека компаниясын (ҚИК) құрды. Ол алғашқы құрылған күнінен
бастап несие үшін алынатын пайыз мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы
саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министрлігінің
қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге
қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз
мөлшерлемелері бояу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық
несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс – жинақ ақша банкісінің
құрылуы жағымды әсер етті.
ҚИК 300 және 500 млн сомаларында ипотекалық облигацияның екі
шығарылымын шығарып үлгереді және оларды сәтті орналастыра білді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады. Бұл арада
Мемлекет қамтамасыздандырылу деңгейі төмен тобының “әлеуметтік” тұрғын үй
құрылысын салуына және сатып алуына әр түрлі әдістермен жәрдем көрсетіп,
олардың меншік құқығына ие болуын ынталандырады. 0101.2005 ж. ипотекалық
қарыз 411,4 млрд теңгені, 2003 жылмен салыстырғанда өсім 262,2%-ды құрайды.
Ипотекалық несиелеудің отаны – Германия: алғашқы меммлекеттік
ипотекалық банк 1770 жылы Силезияда аса ірі помещиктік шаруашылықтарға
қаржылық қолдау көрсету мақсатында құрылды.
XIX ғасырдың бас кезіндегі ипотекалық банктің қызметі шағын помещиктік
меншік иелеріне де қолданыла бастады, ал XIX ғасырдың орта шенінде бірқатар
шаруа қожалықтарына қолданылды.
Алғашқы жекеше акционерлік және “таза ипотекалық банк” 1962 жылы
Франкфуртте құрылды.
АҚШ-та ипотекалық банктер аймақтық мәні бар шағын фермерлік жер
банктеріне берілген, ал, Канадада – ипотекалық компанияларға берілген,
Англияда ипотекалық несиені берумен құрылыс қоғамдары айналысады.
Мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың
уақытша бос ақшалай қаражаттарының мерзімділік, қайтарымдылық және ақылы
шарттары негізінде мемлекет тарапынан жұмылдырылу себебі бойынша қатынастың
жиынтығын білдіреді.
Оны мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін және мемлекет өзінің ағымдағы
мүмкіндіктерінен тыс қажеттіліктерін қосымша қаржыландыру үшін пайдаланады.
Бұл несие қатынасының субъектісіне, бірінші жағынан, қарыз алушы ретінде
мемлекет жататын болса, екінші жағынан – халық, кәсіпорындар, ұйымдар,
сондай – ақ, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, мемлекет [9,34-37 бб.].
Мемлекеттік несиені мемлекеттің өзіндік несиесіне және мемлекеттік
борышқа бөлу керек.
Бірінші жағдайда мемлекеттің несие институттары экономиканың әр түрлі
секторларын және халықты несиелейді. Екінші жағдайда мемлекет уақытша бос
ақша ресурстарын жұмылдыру үшін, мемлекеттің бюджет тапшылығын және
қоғамның өзге де қажеттіліктерін қаржыландыру үшін халықтан, банктерден
және өзге де қаржы – несие мекемелерінен, кәсіпорындар мен ұйымдардан,
сондай-ақ, басқа мемлекеттерден ақшалай қаражатты қарызға алады. Уақытша
бос ақшалай қаражат облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және
мемлекеттің өзге де құнды қағаздарын шығару және өткізу арқылы
жұмылдырылады.
Қазақстан бүгінгі танда әзірге мемлекеттік займ облигацияларын шығарған
жоқ. КСРО 70 жылдың ішінде мұндай облигацияны Азаматтық соғыспен Ұлы Отан
соғысынан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіру үшін бірнеше рет
шығарды. Сонымен бірге, 1966 ж. мемлекеттік 3% ішкі ұтыс займдарын және
1982 жылы мемлекеттік ішкі ұтыс заңдарын шығарды. Бұл облигациялар
кәсіпорындардың қаражаты мен халықтың еңбек ақысын мәжбүрлеп өндіріп
алудың формасы болып табылады.
Бүгінгі танда Қазақстанда айналыста мыналар бар:
- 3,6 және 12 ай мерзімдеріне шығарылған мемлекеттік қысқа мерзімді
облигациялар;
- 5-7 мерзімінде шығарылған мемлекеттік орта мерзімді облигациялар;
- 20 жылға дейінгі мерзімге шығарылған мемлекеттік ұзақ мерзімді
облигациялар.
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерді Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігі шығарады және оған мемлекет кепілдік береді.
Мемлекеттік несие жеке және заңды тұлғалардың уақытша боса қшалай
қаражаттарының есебінен қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудың қуатты
құралы болып табылады.
Ақшалай қаражатты жергілікті үкімет органдары да қайтару және ақылы
негізінде жұмылдыра алады. Бұл жағдайда, әдетте, алынған қаражаттың нақты
мақсаты бағыты болады.
Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк,
басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алғаш шығатын халықаралық
экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді.
Осылайша, халықаралық несие – қайтару, мерзімді және ақылы шарттарының
негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін
несие қатынасын әр түрлі формалармен субъектілері бойынша біріктіретін
үлкен ұйым. Бүгінгі танда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар
және банктер халықаралық несиені жие пайдаланады.
Халықаралық несие делдалдың көмегі арқылы немесе тікелей берілуі
мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық
және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.
Халықаралық несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету,
қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу
саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай-ақ, капиталдың және
шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта
бөлінеді [10,23-25 бб.].
Лизингтік несие. Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингтік несие
қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу және
оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг
алушының мүлікті сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне
себепкер болатынбелгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде
ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.Лигинг бұйымына кез келген
тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын
машина, құрал-жабдық, сайман, үй-ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.
Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг
объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес
''қызмет көрсету'' жұмысының өзіндік құнына қатысты болады. Лизингтік
әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен
ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.
Лизинг – бұл мүліктің меншік иесі мен жалдаушының арасындағы келісім.
Бұл келісім – мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы
айтылған мерзімге және төлемі үшін пайдалануға беру.
Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні
бойынша ссуда ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушінің
лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін несиені
білдіреді.
Лизингтік банктің несиесінен артықшылықтары:
- мүлік салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті болмайды;
- бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;
- лизингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге
жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;
- 100 пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.
Лизингілік несиені Қазақстанда ауылшарушылық өндірушілер комбайн,
трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, шағын және
орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.
Бүгінгі таңда лизинг кез кеген өндірістің материалдық-техникалық
базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді.
Машиналар мен құрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда
лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:
- лизинг кәсіпкерлерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі жолғы
шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
- өтімді қаражаттың шектеліп қалу мәселесі жұмсалады;
- негізгі құрал-жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет
ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;
- қарыз капиталы тартылмайды.
Лизинг беруші-банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:
- лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
- қосымша құн салығынан босатылады;
- лизингілік компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер
алады.
-
1.2 Коммерциялық банктердегі несиелендіру операцияларының принціптері

Несиенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға
өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия,
Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы мен
жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен ережелерін
заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық банк
Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат
беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін
белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Банк және банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңдарына шолу
Банк несиелерін есепке алу
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Ипотекалық операциялардың есебі мен аудиті
Банкаралық корреспонденттік қатынастар
Пәндер