ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES



1ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ . РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ
РLАТОDES
2 КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ . TURBELLARIA
3 КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ . TURBELLARIA
4 СОРҒЫШТАР КЛАСЫ . ТRЕМАТОDА
5 МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ .МОNOGENOIDEA
6 ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ . СЕSТОDА
7 ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ . СЕ8ТСШАША
Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жұргізуге болатын екі жақты симметриялы /билатеральды/ жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрык жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы /жапырақ, тақта, таспа тәріздес/.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - тері - бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып /сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш / эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Рlathelmints типінің "құрт тәріздес" қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы арқасында жұреді.
Жалпақ құрттардың бәрі де - қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы /зәр шығарушы/ саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жұретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ
РLАТОDES

Жалпақ құрттар типіне денесінен тек қана бір симметрия жазықтығын жұргізуге болатын екі жақты симметриялы билатеральды жануарлар жатады. Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесінде оларда ішекқуыстылар тәрізді екеу емес, үш ұрык жапырақшалары дамиды. Сыртқы қабаты түзетін эктодерма мен ішек пайда болатын энтодерма қабаттары аралығында үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма дамиды. Құрттардың денесі ұзынша келген және арқа-құрсақ бағытында қысыңқы жапырақ, тақта, таспа тәріздес.
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - тері - бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш эпителий астында жануардың денесін қаптайды. Рlathelmints типінің "құрт тәріздес" қозғалуы тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы арқасында жұреді.
Жалпақ құрттардың бәрі де - қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелері арасындағы кеңістікті мезодермадан пайда болған дәнекер тканьдер немесе көптеген клеткалары бар паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Паренхима мүшелер аралығындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және ерекше аналь тесігі жоқ. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы зәр шығарушы саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ.
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жұретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелер пайда болады.
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар (Тurbellaria), дигенетикалық сорғыштар немесе трематодтар (Trematoda), моногенетикалық сорғыштар (Monogenoida), таспа құрттар (Cestoda) және цестодатәрізділер (Cestodaria). Соңғы 4 класс өкілдері -нағыз паразиттер.

КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA

Ішексіз турбелляриялар отряды - Асоеlа
Макростомидтер отряды - Масrоstоmіdа
Гнатостомулидалар отряды - Gnathostomulida
Көп тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Polycladida
Үш тармақты ішекті турбелляриялар отряды - Тricladida
Тік ішектілер отряды - Rhabdocoela
Темноцефалида отряды - Themnocephalida
Удонеллидтер отряды - Udonellida
СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA
Дигенетикалық сорғыштар класс тармағы - Digenea
Аспидогастерлер класс тармағы - Aspidogastraea
МОНОГЕНЕТИКАЛЫҚ СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - MONOGENOIDEA
Төменгі сатыдағы моногенейлер класс тармагы -Polyonchoinea
Жогарғы сатыдағы моногенейлер класс тармағы - Olygonchoinea
ТАСПА ҚҰРТТАР КЛАСЫ - CESTODA
Солитерлер немесе цепеньдер отряды - Сусlорhуllісdеа
Таспа құрттар отряды - Pseudophllidea
Кариофилидеа отряды - Caryophyllidea
Тетрафилидеа отряды - Tetraphylldea
Төрт тұмсықты цестодалар отряды - Tetrarhynchidea
ЦЕСТОДАТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ - CESTODARIA
Гирокотилида отряды - Gyrocotylidea
Амфилинида отряды - Amphilinidea

КІРПІКШЕЛІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - TURBELLARIA
Еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мекендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған, Турбелляридің түр саны 3000-ға жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. Денесі созылыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы жерлері жоқ. Тек кейбір турбелляриде денесінің алдыңғы жағында екі кішкене қармалауыш тәрізді өсінділері болада. Турбелляридің ұзындығы миллиметрден бірнеше сантиметрге дейін. Денелері түссіз немесе ақ түсті, тек кейде терісіндегі пигметтеррінің әсерінен әр түрлі түсті болады. Денесін цилиндр пішінді клеткалардан тұратын бір қабатты эпителий жапқан, оның сыртқы бос шеттерін кірпікшелер қаптап тұрады. Кейбір турбелляриде клеткалар арасындағы шекаралар жойылып, эпителий синцитий тәрізді болады. Мұндай жағдайда ядроны қоршап тұрған цитоплазма аймақтары дененің ішіне қарай ығысады. Ткань қабатына тереңірек еніп кеткендіктен олар колба тәріздес және өздерінің жіңішке бөлімімен сыртқы ортамен байланысады. Жіңішке бөлімдерінің ядросы жоқ және бос жағында кірпікшелері бар бөлінбеген цитоплазмалық тақтаны түзеді. Қабаттарының бұндай құрылыс түрі көптеген турбелляриге тән және олар батып кеткен эпителий деп аталады.
Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап орналасқан немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді без клеткалары. Бұл бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде де орналасады. Тері бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да жатады. Олардың құрамында жылтырауық, жарық бағытын өзгертетін таяқшалар - рабдиттер болады. Олар дене бетіне перпендикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар эпителиден сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.
Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі - денеге белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды мембрананың астында күрделі құрылысты бұлшықеттер орналасқан, ол бұлшықет талшықтарының бірнеше кабатынан құралған. Ең жоғарғы беттерінде сақина тәріздес бұлшықеттер қабаты орналасқан, одан ішкері ұзына бойы және диагональды бұлшықеттері орын алады
Бұлшықеттердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың будалары арқа бөлімінен кұрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының қысқаруы арқылы жұреді. Тurbellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту арқылы жорғалайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер тканьды клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын клетка аралық сұйықтық толтырған, сол себептен паренхима ас қорыту өнімдерін ішектен ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.
Ас корыту жүйесі алдыңғы және тұйық бітетін ортаңғы ішектен тұрады. Ауызы тек қана қоректі жұту емес, сонымен қатар қорытылмаған қатты қалдықтарды шығарудың жолы. Турбелляриялар әр түрлі ұсақ жәндіктерді қорек ететін жыртқыштар. Ауызы дененің құрсақ бөлігінде орналасқан: ол дененің алдыңғы бөліміне жақынырақ, құрсақ болімінің ортасында немесе артқы бөлімінде орналасуы да мүмкін.
Ауыз қуысы эктодермальды жұтқыншақпен, ал ол ортаңғы ішекпен байланысады. Кейбір турбеллярилердің (Tricladida және Polycladida отрядтарында) ауыз қуысы жұтқыншаққа емес, сыртқы жамылғыларының иілуінен түзілген жұтқыншақтық қалтаға ашылады, ал оның түбінен бұлшықетті жұтқыншақ басталады. Ол түтік тәрізді, қоректі алу үшін ауыз арқылы сыртқа созылып шыға алады.
Турбеллярия класында энтодермалық ортаңғы ішек әр түрлі формаларында әр түрлі құрылған. Ұсақ турбелляриде (Rhabdocoela, Masrostomida отрядтарында) ол қапшық немесе бітелген түтік пішіндес. Ірі формаларында ішек тарамдалған. Көп тарамдыларда жұтқыншақ қарынға, одан дененің жан-жағына тұйық тармақтармен аяқталатын ортаңғы ішекке жалғасады (Polycladida отряды). Үш тарамдыларда (Tricladida отряды) жұтқыншақтан ішектің бірден ұш негізгі тарамдары басталады: біреуі алға, екеуі иіліп артқа қарай бағытталады. Бұл тармақтардың әрбіреуінен тағы да бірнеше қатарлы тұйықталған тармақшалар шығады. Аналь тесігі болмағандықтан қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. Ұзындығы бірнеше миллиметрден аспайтын ұсақ турбелляридің борпылдақ дәнекер тканьдері арқылы қорытылған ас денеге тарайды. Ішексіз турбеллярилерде (Асоеlа отряды) ортаңғы ішегі жоқ. Олардың жұтқыншағы паренхималық клеткаларымен ұштасқан (ас қорыту клеткалар тобымен). Солардың ішінде ас қорытылып, бойына сіңеді де, қорытылмаған зат ауызы арқылы сыртқа шығарылады.
Зәр шығару жүйесі жеке жүйе ретінде кірпікшелі құрттарда тұңғыш рет пайда болған. Ол сыртқа ашылатын екі немесе үш түтіктеп құралған. Үлкен түтіктерден дененің ішіне қарай жіңішке түтікшелерді беретін көптеген қосымша түтікшелер тарайды. Жүйенің ең шеткі түтікшелерінің бос ұшы ерекше жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Бұл клеткаларды - терминальды деп атайды. Мұндай клеткалардың ішкі жағына кірпікшелер будасы шығады. Кірпікшелер әрқашан жалын алауы тәрізді толқындалып тұрғандықтан, оны толқынды жалын тәрізді клетка деп те атайды. Кірпікшелердің үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесінде несеп заттар жіңішке зәр шығару түтікшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Ұштарында жұлдыз тәрізді клеткалары бар тарамдалған түтіктер түріндегі зәр шығару жүйесі протонефридия деп аталады. Электрондық микроскоптың көмегімен бұл құрылымдардың ультраструктурасы да анықталды. Клетканың жұлдызды бөлімі түтікке айналған және оның ішінде толқынды кірпікшелердің шоғыры орналасқан. Түтіктің бастапқы бөлігі клетканың цитоплазмалық жіңішке байланыстарынан (тәжінен) құралып, олардың арасындағы жіңішке саңылаулары кілегейлі жұқа қабықпен тартылған. Протонефридияның осы клетка бөлімінде паренхимадан несеп сұйықтықты сорып алу процесі жұреді. Протонефридиялар -эктодермальды. Олар организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін шығарумен қатар, осмос қысымын реттеу қызметін де орындайды. Тұщы су турбелляриялардың протонефридиясының ерекше жақсы дамуы осымен түсіндіріледі. Олардың дене клеткалары мен сыртқы ортаның осмос қысымының әр түрлілігінен жануардың денесіне үздіксіз су кіріп тұрады, ал артық су протонефридиялар арқылы сыртқа шығарылады.
Теңіз турбелляриінде ерекше зәр шығару мүшесі жоқ, оларда кажетсіз зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару қызметін паренхимадағы қозғалғыш клеткалар - амебоциттер атқарады.
Тыныс алу және қан айналу мүшелері турбеллярилерде жоқ. Суда еріген оттегі денесіне бүкіл терісі арқылы өтеді. Бұл жерде турбелляридің денесінің ұзын болуының маңызы зор.
Нерв жүйесі бас нерв түйіні (ганглиясы) және одан тарайтын нерв бағаналарынан тұрады. Нерв түйіні немесе ми нерв клеткаларының жиынтығынан құралған және ол оң және сол жақ ганглиялардан тұрады. Ми - нерв жүйесінің басқарушы орталығы - организмнің іс-әрекетінің негізі, одан дене бойына таралатын нерв талшықтары басталады. Турбелляриялардың нерв жүйесінің құрылысы әр түрлі болғандықтан оның эволюциясын класс деңгейіңде ғана түсінуге болады. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеlа) нерв жүйесі ішек-қуыстыларға ұқсас, яғни дененің бетіне өте жақын - шырмалған диффузия тәріздес орналасады. Кішкене ми ганглиі құрттың алдыңғы бөліміндегі орналасқан статоцистті нервпен қамтамасыз етеді.
Нерв жүйесінің дамуы басты үш бағытпен жұреді. Әуелі тері астындағы нерв жиынтығы түзіледі, соның арқасында нерв бағаналары мен олардын көлденең өсінділері айқындалады. Сонымен қатар статоцистті нервтендіретін кішкене ми бірте-бірте үлкейіп бүкіл денені реттеуші негізгі орталыққа айналады. Келесі кезеңде жүйе паренхиманың қалың қабатына енеді. Мұны ми мен бағаналарды сыртқы орта әсерінен қорғаудағы маңызды бейімделушілік деп қарастыруға болады. Соңында нерв жиынтығынан 5-6 жұп ұзына бойлық бағаналар жіктеліп шығады, ал олар эволюция процесі нәтижесінде екі немесе бір жұпқа дейін азаяды. Қалған бағаналар жақсы дамыған және жуан. Біз бұл жерде гомологтық мүшелердің олигомеризациясын көреміз. Барлық ұзын бағаналар көлденең сақиналы өсінділермен жалғасқан, сол себептен нерв жүйесі тор пішіндес болады. Баска да құрттарға тән мүндай құрылысты нерв жүйесі ортогон деп аталады.
Көп тарамды ішекті турбелляриде (Polycladida отряды) ми дененің алдыңғы бөлімінен ығысып, орталық бөлікте орналасқан. Үш тарамды ішекті турбелляриде (Tricladida отряды), тік ішектілерде (Rhabdocoela отряды) және басқа да турбеллярилерде бас ганглиясы алдыңғы полюске жақын орналасқан.
Ганглияның орналасуына байланысты шығатын нервтер де әр түрлі. Көп тарамды ішекті турбеллярилерде олар көп мөлшерде жұлдыз тәрізді болып жан-жаққа 11 жұп тарайды. Көршілес бағаналардың арасында жіңішке қосқыш өсінділер болады, олар түрлі жуанды-жіңішкелі жұйке құрайды. Көп тарамды ішекті турбелляридің нерв жүйесі радиальды түрде орналасқан. Ең соңғы екі нерв бағанасы басқасынан жақсы дамып, нерв жүйесіне екі жақты симметриялы сипат береді. Үш тарамды ішектілерде мидан бірнеше бағаналар шығады, бірақ солардан қос құрсақ нерв бағанасы ерекшеленетін болғандықтан, оларда екі жақты симметриясы айқын білінеді.
Сезім мүшелері жақсы дамыған. Бұл жерде терінің және жұп қармалауыштарының маңызы зор. Сыртқы ортаның механикалық және химиялық қоздырғыштары терідегі ұзын, қозғалмайтын кірпікшелерге тікелей әсер етеді. Бұл кірпікшелер ішекқуыстылардың атпа клеткаларының сезімтал жіпшесіне - книдоцильге - ұқсас. Одан ерекшелігі сезімтал кірпікшелері бас ганглияларымен байланысты нерв клеткаларымен жалғасып жатады. Осындай құрылыс жануардың тітіркендіргішке бүкіл денесі арқылы жауап беретінін көрсетеді. Осындай сезім мүшесін сенсилла деп атайды. Кейбір турбеллярилерде (Асоеlа) ішінде көмір қышқыл кальцилі тастары бар тұйық қапшықтар - статоцистер (тепе-теңдік мүшесі) болады. Статоцист ми үстінде орналасқан.
Көздері бір жұп және олар да тікелей ми үстінде орналасқан. Көздері бірнеше пигментті клеткаларымен астарланған пигментті бокалдан құралады. Бокалдың қуысына рецепторлы клеткалардың сәуле сезгіш бөлігі жалғасады. Олардан нерв талшықтары шығып, көру нерв талшығымен жалғасып, миға қарай бағытталады. Пигментті бокал өзінің ойық жағымен дененің үстіңгі бетіне қарай орналасқан. Сол себепті жарық сәулелері сәуле сезгіш бөлімдерге тимес бұрын, рецепторлы клеткалары арқылы өтеді. Мұндай көздер теріс айналған немесе инвертирленген деп аталады.
Жыныс жүйесі гермафродитті және өте күрделі. Ішекқуыстылармен салыстырғанда ең негізгі күрделіленуі - жыныс клеткаларын сыртқа шығару жолдарының құрылуы. Жыныс жолдары турбелляридің жорғалап тіршілік етуіне байланысты жаңа бейімделушілігі. Турбелляридіц көпшілігіне өзіндік қабаты бар жинақы жыныс бездерінің болуы тән. Төменде келтірілген сипаттама көп тарамды және үш тарамды ішекті турбеллярилер негізінде жазылған.
Аталық жүйесі - паренхимада таралған көптеген ұсақ тұқым бездерінен немесе қалталарынан тұрады. Тұқым бездерінен тұқым шығару түтіктері тарайды. Олар тұқым өткізгіш жолына жалғасады. Жұтқыншақтың екі жағынан созыла келіп, тұқым жолдары бірігіп, тұқым қапшығын құрайды, одан тұқым шашу түтігі шығады да, ол шағылыс (реnis) мүшесімен аяқталады. Шағылыс мүшесі жыныс клоакасына еніп тұрады, одан сыртқа суырылып шыға алады. Жыныс клоакасына аналық жыныс жолдары да ашылады.
Аналық жүйесі - бір, екі немесе одан да көп ұсақ жұмыртқа бездерінен тұрады. Жұмыртқа бездерінің санының азаюы, көпшілігінің нағыз жұмыртқа клеткаларын шығару қабілетін жойып, сарыуызға бай клеткаларға айналуына байланысты. Сарыуыздар нағыз жұмыртқа клеткаларға қорек ретінде қызмет етеді. Сірә, эволюция процестері нәтижесінде көптеген жұмыртқа бездерінің бірнеше бөлімі дамымай, басқа жынысты жұмыртқаларға қорек болған, соның нәтижесінде жұмыртқа бездері нағыз жұмыртқа бездеріне және көптеген сарыуыз шығарғыштарға клеткалары - абортивті жұмыртқалар айналған. Жұмыртқа бездерінен артқа қарай бағытталған және сарыуыз бездерінің жіңішке түтікшелерін қосып алатын екі жұмыртқа жолы тарайды. Жұтқыншақтың артқы жағында екі жұмыртқа жолы жыныс клоакасына ашылатын жыныс қынабына қосылады. Соңында, жыныс клоакасына басқа особьтың тұқымдары жиналатын тағы бір қалташық - копулятивті қалтасы ашылады. Әрбір ұрықтанған жұмыртқа клеткасы сарыуыз клеткаларымен қоршалып, жалпы қабықпен скорлупамен қапталады. Соның нәтижесінде күрделі жұмыртқа түзіледі. Ол жалғыз турбелляриге емес, барлық құрттарға тән. Ұрықтануы - іштей. Жұмыртқалар бір-бірден немесе топталып шоғырланып шығарылады, әрбір шоғыр тығыз қабатпен оранып пілләге кокон айналады. Піллә судағы заттарға, өсімдіктерге бекінеді.
Ішексіз турбелляридің жыныс жүйесі ерекше құрылысты. Жыныс клеткалары тікелей паренхимада, жыныс бездерін түзбей орналасады. Кейде жыныс жолдары да болмайды. Кейбір ішексіз турбелляриде (Асоеlа) жыныс тесіктері болмағандықтан ішекқуыстыларға тән жыныс жұмыртқалары ауыздан немесе дене тесіктерінен сыртқа шығарылады.
Ұрықтану әдісі де ерекше: бір особьтың шағылыс мүшесі екіншісінің тікелей терісіне немесе паренхимасына енгізіледі. Сперматозоидтар жұмыртқаларға өздері жетіп, оларды ұрықтандырады. Жұмыртқалар толық, бірақ біркелкі емес спиральды түрде бөлінеді. Гаструла құрылғанға дейін жұмыртқа бластомерлері эктодерма түзілетін микромераларға және энтодерма мен мезодермаға бастама беретін 4 макромераларға бөлінеді.
Көп тарамды ішекті турбелляридің (Polycladida) дамуы метаморфоз арқылы жүреді. Жұмыртқадан "мюллер" деп аталатын личинка шығады. Личинканың денесі жұмыртқа тәріздес, арқа құрсақ бағытында ығыспаған, ішегі тарамдалмаған. Ауыздың алдыңғы жағында 8 ұзын қалакшалары дамыған. Олардың бос шетінде кірпікше түктері болады. Личинка планктонда еркін жүзіп жүріп, кішкене турбелляриге айналған соң ғана су түбіне түседі. Басқа турбеллярилер личинқасыз дамиды.
Кейбір турбелляриялар (Маcrostomida отряды) қайта-қайта көлденең бөлінуі арқылы жыныссыз көбеюге бейім. Толық бөлінгенге дейіп, денесінің артқы жартысында мүшелердің қалыптасуы байқалады: клеткалардың жұп шоғыры пайда болып - ми ганглиялары түзіліп, оның үстінде көзі қалыптасып, жұтқыншақ бастамасы пайда болады. Тек осыдан кейін ғана бөліну басталады. Мүшелердің қалыптасуы мен түзілуі алдын-ала жүрген соң екі особь та қоректене, тітіркендіргіштерге жауап бере бастайды.
Көптеген гурбеллярияларда денесінің артқы бөлімі алдыңғысынан баяулау бөлінеді де, әрбір жас индивид пайда болғалы жаңа бөлініске дайындала бастайды. Осылайша, Міcrostomum және басқаларында 4, 8 немесс 16 особьтан тұратын тізбек пайда болады, кейін тізбек жеке особьтарға бөлініп ыдырайды. Мұндай тізбектер - уақытша колониялар. Сипатталған бөліну түрін паратомиялы бөліну деп атайды.
Классификациясы. Көп уақытқа дейін турбеллярилердің ішектерінің құрылысына байланысты оларды ішексіз, тік, көп тарамды, үш тарамды ішектілерге бөлетін ескі жүйе қолданылып келген. Қазіргі-уақытта классификациясы мұқият қайта қаралып, турбеллярилерді 12 отрядқа бөлген. Оның негізгілерін атап өтейік.
Ішексіз турбелляриялар отряды - Асоеlа. Өте ұсақ теңіз формалары, оларға ішектің болмауы, оның рөлін ас қорыту паренхимасының атқаруы, протонефридияның болмауы, нерв талшықтарының денеге беткейі орналасуы, жыныс жүйесінің қарапайымдылық ерекшелігі тән. Статоцистасы бар. Кейбір Асоеlа паренхимасында симбиоздық тіршілік ететін бір клеткалы балдырлар, зоохлореллалар болады.
Макростомидтер отряды - Масrostomida. Тұщы су және теңіздің ұсақ турбелляриялары. Қалта тәрізді ішегі болады. Жыныс жүйесі қарапайым. Өзінен үлкен жемтікті жұта алатын жыртқыштар.

СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - ТRЕМАТОDА
Бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Сорғыштарға 4000 түр жатады. Сорғыштардың көпшілігі бірнеше миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың ірілері де болады. Мысалы, бауыр сорғыш кұрттардың ұзындығы 5 см, кейбір бауыр сорғыштар 1,5 м-ге дейін жетеді.
Құрылысы мен физиологиясы. Дене формасы көбінесе жапырақ тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан кластың атауы да солай. Сорғыштар ойыстау болып, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Осы бұлшықеттердің қозғалысы арқылы сорғыштар үлкейе де, кішірейе де алады.
Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштары арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп түрады. Көпке дейін трематодтардың денесі эпителиальды клеткалардан бөлінетін қорғау функциясын атқаратын қатты зат - кутикуламен қапталған деп есептелді. Электронды микроскоп арқылы зерттеулер ол көзқарастың дұрыс емес екенін көрсетті. Трематодтардың жамылғысы - тегумент, кейбір турбеллярилердің батқан эпителіне сәйкес келетіні анықталды, бірақ, паразиттік тіршілік етуіне байланысты кірпікшелері болмайды. Тегументтің сыртқы бөлігі - көптеген митохондрия мен вакуольдері бар ядросыз цитоплазмалы қабат. Бұл қабат цитоплазманың өсінділері арқылы паренхиманың ішіне батып жатқан ядросы бар цитоплазмамен байланысады. Сонымен, трематодтардың тегументі турбелляриялардың батып жатқан эпителиі сияқты синцитий болып табылады. Тегументтің жоғарғы қабатында кейде кутикулярлы тікенектері болады - бұлар паразиттердің қосымша бекіну мүшелері. Бұл қабаттың астында базальды мембрана, оның астында сақина және ұзына бойы бұлшықеттер орналасқан. Тері - бұлшықет қапшығы мен паренхиманың құрылысы кірпікшелі құрттарға ұқсас. Сорғыштар аз қозғалады.
Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы, жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншақка, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальды ортаңғы ішек өңештен басталып, дененің бүйірімен артқа қарай созылып түйықталған екі тармақтан құралады. Ірі трематодтарда, мысалы бауыр сорғыштың ішегі көп тарамдалған. Бұл тарамдар қорытылған асты паренхималық денесіне таралуын оңайлатады.
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің ортасында немесе екі бүйірінде негізгі түтіктері орналасқаң олардан үштарында толқындалған алаулы жұлдыз тәрізді клеткалары бар көптегеп тарамдар шығады. Негізгі түтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады.
Тыныс алу және қан айналу жүйелері жоқ.
Нерв жүйесі жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғы жағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үш жұп ұзына бойы нерв бағаналары тарайды. Әсіресе, ерекше қалыңдаған құрсақ бағаналары жақсы дамыған. Ұзына бойы бағаналар сақина тәрізді өсінділермен өзара байланысып, ортогон типіндегі нерв жүйесін түзейді.
Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған. Сорғыштардың личинкаларында турбелляридікіне ұқсас бір немесе екі жұп кішкене көзшелері болады. Тері рецепторлары көбіне еркін жүзетін личинкаларында дамыған.
Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған. Бауыр сорғыштың (Ғаsciola hepatica) жыныс жүйесін қарастырайық.
Аталық жыныс жүйесі тарамдалған екі тұқым бездерінен тұрады. Олардан алға карай бағытталған екі тұқым жолы шығып, кейін олар қосылып тұқым қапшығына айналады да, тұқым шығарғыш түтікпен шағылыс мүшесіне жалғасады. Ол өзінің шетімен жыныс клоакасына қарай бағытталған .
Аналық жыныс безі әрқашан біреу. Одан шығатын қысқа жұмыртқа жолы кеңейіп кішкене қапшықшаға - оотипке айналады. Кейде оотипті Мелис денешігі деп те атайды. Оотипке аналық жыңыс жүйесінің көптеген жолдары жалғасады. Дененің екі бүйірінде жұмыртқаларға қоректік затты беретін сарыуыз бездері орналасқан, сарыуыз бездерінің екі жолы денеден көлденең өтіп, оотйпке жалғасады. Оотиптен әуелі артқа одан кейін алға бұрылып, жыныс клоакасына ашылатын ұзын ширатылған түтік - жатын басталады. Жатын ұрықтанған және дамып келе жатқан жұмыртқаларға толы болады. Оотип тұқым қабылдағышпен және өзінің бір шетімен арқа жағына ашылатын қысқа "Лаурер" түтігімен өзара байланысқан. Оотип ұсақ қабыршақты бездермен қоршалған. Трематодтардың кейбір өкілдерінде жыныс жүйелері айтылған схемадан бірқатар белгілері бойынша ерекше: жұмыртқа бездері кейде тарамдалмаган; аталық бездері жұп емес; жыныс клоакасы дененің артқы бөлімінде орналасқан, т. б.
Жұмыртқа аналық безінен, аналық жолы арқылы оотипке түсіп, онда ұрықтанады. Ұрықтандыру үшін сперматозоидтар шағылыс мүшесі арқылы әуелі жатынға, содан тұқым қабылдағышқа, одан оотипке өтеді де, жұмыртқаларды ұрықтандырады. "Лаурер" түтігі оотипте жиналып қалған ұрықтардың артық мөлшерін денеден шығару қызметін атқарады. Сарыуыз бездерінен оотипке баратын жолдар арқылы қоректік затқа толы сарыуыз клеткалары өтеді. Әрбір ұрықтанған жұмыртқа осындай клеткалардың тобымен қоршалады. Сонан соң оның сыртына жұмыртқа қабығы түзіледі. Жұмыртқа қабығы сарыуыз клеткаларында болатын ерекше гранулдар арқылы түзіледі. Толық түзілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоология пәні мен оның міндеттері
Жалпақ құрттар типі
Ішекқуыстылар типі. Екіжақты симметриялы жануарлар бөлімі
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
“Зоология” курсының кіріспесі
Оқушыларының құрттар жайлы білімдерін практикалық тұрғыда қарастыру
Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы, Жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жалпақ құрттар
Ішек құрттар немесе гельминттер
Пәндер