Кәсіпкерліктің экономикада алатын орны


Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
1. Кәсіпкерліктің экономикада алатын орны
2. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
Экономикалық дамудың қазіргі теорияларында кәсіпкерлік қызметтің алатын орны ерекше. Экономиканың деңгейін көтеруде кәсіпкерлік үлкен шамаға ие. Қазақстандағы дамудың осы кезеңінде кәсіпкерлік мемлекеттің экономикалық саясатын жаңарту мақсатында өткізілген реформаларды тереңдетудің маңызды факторы болып табылады. Қоғамды жаңалаудың маңызды мәселесі елдің әл ауқатының өсуі ретінде кәсіпкерліктегі бәсекелестіктің дамуы. Кәсіпкерліктің арқасында қоғам өзіне қажетті тауарлар мен қызметтерді алады, жаңа нарықты құрады, жаңа жұмыс орындарын ұсынады, осылайша халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылайды. Мемлекеттің кәсіпкерлік әлеуетінің нарықтық экономиканы құру мен шаруашылықты жаңғыртуда маңызы өте зор. Кәсіпкерлік қызмет - тұрақты азаматтық қоғамның негізі және осы кәсіпкерліктің дамуының нәтижесінде халықтың әл ауқатының көтерілетіні сөзсіз. Кәсіпкерлік халықтың экономикалық белсенді бөлігін қолдап, әлеуметтік маңызға ие болып қана қоймайды, сонымен қатар бюджетті салықтық түсімдермен қамтамасыз етеді . Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің қарқынды және тұрақты дамуы үшін оның әлеуметтік-экономикалық бағдарламалары кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуы тиіс. Дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесіне ЖІӨ-нің 40% дан 90%-ы жатады. Себебі бұл мемлекеттердің басшылығы аталған саланы қолдауға көп көңіл бөледі. Жалпы алғанда елдегі шағын және орта кәсіпкерлік белгілі дәрежеде дамуда, алайда экономикадағы үлесі әлемдік деңгейден біршама артта келеді . Жоғарыда қарастырылған кезеңдердің қалыптасуы мен даму эволюциясы отандық кәсіпкерліктің қазіргі таңдағы жағдайын, белгілі бір көрінісін айқындауға мүмкіндік береді. Әр кезеңнің жағымды өзгерістері жалпы өздерінің кемшіліктеріне қарамастан кәсіпкерліктің дамуына серпінділік бергендігі мәлім. Сәйкесінше әр кезеңде кәсіпкерлік субъектілерінің саны өзгеріп отырған. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің қазіргі жағдайы оның дамуына әсер етуші факторлары мен шарттарының біртекті еместігіне қарамастан, оның өсу көрсеткіштері өте жоғары. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық маңызы: • Ол нарықтық экономикаға икемділік береді; • Халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді; • Монополияға қарсы әлеуеті бар; • Ғылыми - техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды; • Нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік мәселерін шешеді. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті дамытудың барлық алғы шарттары жасалған, соның ішінде меншікті жекешелендіру бойынша үлкен жұмыс жүзеге асты. Сол арқылы кәсіпкерлікті дамыту үшін мықты экономикалық негіз жасалды. Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жалпы шағын, орта және ірі кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалардың ішінде ең қарқынды дамып келе жатқан - шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар болып табылады.Нарықтық экономика жүйесінде әр түрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары жұмыс істейді. Кез келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады. Кәсіпорындардың көпшілігінің Қазақстан экономикасы үшін маңызды мәні бар екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қатысатынын атап өткен жөн .
Шағын және орта кәсіпкерлік халық шаруашылығын дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған қызметкерлер санын ұлғайтуға айтарлықтай әсер етеді. Жұмыс істейтіндердің саны бойынша, өндірілетін және сатылатын тауарлардың, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің көлемі бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жекелеген облыстарда жетекші рөл атқарады.
Пайдаланылыған әдебиеттер тізімі:
- Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік: статистикалық жинақ. -Астана: ҚР Статистика агенттігі. - 2011. //www. kaz. stat. kz
- Дүйсембаев А. А. Кәсіпкерлік негіздері: Оқу құралы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2011. - 400 б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz