Химия сабағындағы өздік жұмыстар


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ2

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ6

1. 2. Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері. 11

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру. 15

1. 2. 2. Жаңа тақырыпты өту кезіндегі оқушылардың өздік жұмысы. 17

1. 2. 3. Өтілген материалды бекіту мен қайталау кезінде өздік жұмысты қолдану. 19

1. 2. 4. Эксперименттік практикумдар мен эксперименттік есептер шығару кезіндегі өздік жұмыстар. 21

1. 3. Химия сабақтарында тірек схемалары мен тірек сигналдарын қолдану. 23

Тірек схемалары тақырыптарды біріктіруге мүмкіндік береді. 25

1. 4 Тірек схемаларының дидактикалық рөлі. 28

ТС-2 Химиялық реакция. 31

Оттегі. Оксидтер. 36

ЭКСПЕРИМЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ38

Жұмысты орындауға нұсқау45

Жұмысты орындауға нұсқаулар46

Өткен материалды бекіту үшін оқушыларға тәжрибе жасау ұсынылады. 55

ҚОРЫТЫНДЫ56

Қолданылған әдебиеттер:59

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:

Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру жағдайын талдай келіп көптеген өзгеріс туғызған процестерді атай кетуге болады. Олар:

  • Жаңа мемлекттік білім беру стандартының, бағдарламалардың, оқу - әдістемелік кешендердің құрылуы;
  • Салалық және кәсіби дайындықты мектептердің ашылуы;
  • Кейбір пәндерді тереңдетіп оқытатын лицей, гимназиялардың құрылуы;
  • Білім беру жүйесіне жеке меншік, қоғамдық оқу орындарының енуі.

Осымен бірге білім берудің негізгі құрам бөлігі болып дәстүрлі оқу орындарындағы оқу процесі қала береді. Ал дәстүрлі оқу орындарында, яғни орта білім беретін мектептердегі қазіргі заман талабына сай сабақтарды оқушының өздік жұмысынсыз көзге елестету қиын. Ол - белгілі бір танымдық әрекетті алға қойған мақсатқа сай ұйымдастыратын маңызды құрал. Өздік жұмысты орындай отырып оқушылар бағдарлама белгілеген білімді меңгеріп, жаңа дағды, білік, икемділіктерді игереді, ізденімпаздық қабілеттерін дамытып, ғылыми таным әдістерімен қаруланады.

Химия сабағындағы өздік жұмыстардың түрі әр - алуан: сарамандық сабақтар мен зертханалық жұмыстар, есептер шығару, химиялық формулалар мен реакция теңдеулерін құруға жаттығулар, оқулықпен жұмыс, қосымша әдебиеттермен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, оқытушы сұрағына жауап әзірлеу, сарамандық сабақтардың есебін беру, тірек конспектілері, сызба нұсқа, сұлбамен жұмыс, топ серуен материалын өңдеу, химиялық сөз жұмбақ, викторинаға әзірлік, берілген тақырыпқа реферат жазу, химиялық әңгіме құру және т. б.

Мектепте химияны оқыту оқушыларды өмірге әзірлеуде, еңбек әрекетіне дайындауда елеулі үлес қосады: олар заттар мен олардың әрекеттесуі жайлы, заңдар мен теориялар жайлы, материяның химиялық өмір сүру формасы туралы, химияның адам өміріндегі, өндіріс пен үй тұрмысындағы маңызы туралы белгілі білім негізін қабылдап, құбылыстарды бақылау, химиялық тәжрибе қою, оқулықпен, анықтамалық материалдармен жұмыс істеу, қорытынды шығару сияқты икемділіктерді игеріп, ғылыми танымдық, дүние танымдық көзқарасын кеңейтеді.

Оқыту құралдарын жетілдіру - ерте заманнан іске асып келе жатқан құбылыс. Қазіргі кезеңдегі оқу процесіне компьютерлендіру, видео, телетехника, ақпарат көздері кеңінен енуде. Мұғалімдердең оқу мен тәрбие процесінде өздеріне тиімді көмекші алуға ұмтылуы- заңды құбылыс.

Оқушылардың өз бетімен білім алуында тірек схемаларын қолдану, оқу процесінің дұрыс даму ықтималдылығын арттырады. Бірақ оны анықтайды деп айтуға келмейді. Тірек схемалары - көптеген мұғалімдер үшін оңтайлы оқыту құралы. Тірек схемаларын сабақта қолдануды зертеуге көп үлес қосқан В. Ф. Шаталов.

Оқу - тәрбие жұмысын белсендіруде көптеген иновациялық оқыту әдістері ұсынылғаны белгілі. Дегенмен олардың қолданылуы материалды баяндаудың ақпараттық сипатымен шектеліп қалады. Барлық педагогикалық әдіс тәсілдер оқушының белсенді танымдық әрекетін қалыптастыруға, оқу материалын ой елегінен өткізіп, өңдеуге, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуіне бағытталуы керек.

Оқу еңбегін ұйымдастыру, оның ішінде оқушының өзбетімен жұмысын дұрыс ұйымдастыру оқытудың білім беру, дамыту және тәрбиелік мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Тірек схемалары оқу материалын тұжырымдап жүйелеуге, оқушылардың білім деңгейіне орай, даралық ерекшелітеріне сай, олардың әр түрлі әрекетін ұйымдастыруға жағдай туғызады (ол тірек схемасын қолданып оқытушының түсіндіргенін қайта айтып беруден бастап ізденімпаздық тұрғыдағы тапсырмаларды орындауға дейін болады) .

Тірек схемаларын қолданғанда жұмыс уақыты үнемделеді. Үнемделген уақыт жаттығулар орындауға, қиын тапсырмаларды орындауға жаттығуда, өткен тақырып көлемінде оқушылар білімін тексеруге қолданылады.

Зерттеу болжамы:

Химия сабағында оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда тірек схемалары мен конспектілерін қолдану жақсы нәтиже беріп, оқушылардың білім сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

Тірек схемалары мен конспектілерін жаңа материалды түсіндіруде, оны бекітуде, сыныптан сыныпқа көшу қорытынды бақылауына әзірленуде, біртұтас ұлттық тестілеуге әзірленуде және білімді өздік бақылау мен күнделікті бақылауда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Орта білім беретін мектептің 9 сынып химиясының «Оттегі» топшасы, «Химиялық реакция жылдамдығы» тақырыптарына тірек схемалары мен конспектілерін құрып оны оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда қолдану әдістемесін құру.

Зерттеу нысаны:

Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебінің, 9 сыныбының оқу - тәрбие процесі.

Зерттеу пәні:

Химиядан тірек конспектілері мен схемасын құрудың және оны өздік жұмысты ұйымдастыруда қолданудың әдістемелік жүйесі.

Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжам келесідей міндеттерді алға тартады:

  1. Әдебиеттерге шолу негізінде тірек конспектілерін, схемаларын құру қажеттігін негіздеу;
  2. Тірек конспектілері мен схемаларының оқушылардың өздік жұмысын ұтымды ұйымдастыруда қолданудың әдістемесін құру;
  3. Құрылған әдістеменің оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруда тиімділігін анықтауды эксперимант нәтижесінде бақылау.

Зертеудің әдістері:

  • ғылыми - әдістемелік, психолого - педагогикалық, химиялық әдебиеттерді талдау, химиядан орта білім берудің мемлекеттік бағдарламасын және басқа нормативтік құжаттарды талдау;
  • оқушылармен, мұғалімдермен әңгімелесу;
  • оқушылармен сауалнама жүргізу;
  • Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжрибені тұжырымдау;
  • Бақылау, тестілеу, педагогикалық эксперимент нәтижесін математикалық өңдеу.

Зерттеу базасы: Зайсан ауданы, Айнабұлақ орта мектебі, Айнабұлақ ауылы.

Зерттеу кезеңдері:

1 кезең - ізденуші. Бұл кезеңде әдебиеттерге шолу жасалып, нормативтік құжаттармен танысу жүргізілді. 2004 - 2005 ж. ж.

2 кезең - талдау жүргізу кезеңі. 2005 - 2006 ж. ж.

3 кезең - қорытынды кезең. Эксперимент өткізу, бітіру жұмысын жазуды аяқтау, зерттеу жұмысын қорытындылау.

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы мен теориялық маңызы:

  • Тірек схемалары мен конспектілерін қолданудың дидактикалық жағдайы анықталды;
  • Тірек схемаларын өздік жұмысты ұйымдастыруда қолдану тиімділігі көрсетілді;

Практикалық маңызы:

Оқушылар педагогикалық практика өту кезінде, жас мұғалімдер өздерінің іс - тәжрибесінде қолдана алады.

Бітіру жұмысының көлемі мен құрылымы:

ОҚУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ӨЗДІК ЖҰМЫСТЫҢ МАҢЫЗЫ

Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан да оқыту құралдары мен әдістерін жетілдіру, олардың тиімді белсенді формаларын ұсыну міндеті үнемі алға тартылуда.

Білімі мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен білім алуға ұмтылу әрбір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай икемділіктер мен біліктілікті игеруге икемдеген тиімді. Ол үшін пәннің барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын қолданған тиімді.

Педагогикалық ғылымда «оқушының өздік жұмысы» деген түсінікке бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде.

Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми - әдістемелік деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап етеді.

Химияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді.

Химияны алғаш оқи бастағанда яғни 8 сыныпта «Химиялық алғашқы түсініктер» тарауын осындай жоспармен оқытуға болады. Сабақта тірек схемаларын қолдана отырып оқытушы біртіндеп оқушының кітаппен жұмыс істеу іскерлігін дамытады. Алғашында оқытушы оқулықтың жалпы құрылысымен ондағы түсіндірме, шартты белгілермен, қажетті тақырып пен тарауды қалай тез табуға болатынымен және оқулықта берілген тірек схемаларымен таныстырады. Оқушының әдебиетпен жұмыс әстеу білігі сабақ үстінде оқулықпен өздігінен жұмыс орындау кезінде дамиды.

Әсіресе оқушының өз бетімен жұмысқа икемділігінің дамуы үйірме жұмысында айқын көрінеді. Олар мектептің химия кабинетінде өз бетімен жұмыс жасауға, заттар қасиетін олардың өзгерісін сол заттарды зерттеу арқылы анықтап, эксперименттік есептерді шығаруға жаттығады.

Өздік жұмыс дегеніміз- оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы (1) . Егер сөздік және сөздік-көрнекілік әдістер оқушылардың таным әрекетінің алғашқы екі пайымдау мен абстрактылы ойлауды қамтамасыз етсе, ол оны іс жүзінде тексеру тек өзбетімен жұмыс кезінде іске асады. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты білім беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.

Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі, үлгілеу икемділігі және т. б.

Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылықты жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.

Дамытушы функциясы- дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімталдық және т. б. )

Өздік жұмыс білім көзі, оны тексеру әдісі, дамыту мен бекіту жолы болады. Икемділік пен дағдыға қатысты алғанда ол оны қалыптастырудың бірден бір жолы болады.

Өздік жұмыс ол алдымен оқушы әрекетінің бір түрі. Ол оқытушы бақылауымен жүргізілетін әрекеттер мен операциялардан тұрады. Бұл процеске бағдарлаушы негіз немесе бағдарлар жүйесі қажет. Бағдарлар неғұрлым аз болса оқушы дербестігі соғұрлым жоғары болады. Бағдарлар санын біртіндеп азайта отырып оқытушы іскерлікті дағдыға айналдыратындай етіп ұйымдастыруға болады.

Өздік жұмыс әр түрлі ұйымдасу формасында өтуі мүмкін: ұжымдық, топтық және жекеше. Мысалы әр оқушы жеке тапсырма алады немесе оқушылар тобына беріледі. Сол сияқты өздік жұмыс оқытудың кез келген кезеңінде жүруі мүмкін немесе арнайы сабақтың үстінде өтіледі. Оқушылардың өздік жұмысын өткізу уақытына, оны мұғалімнің қадағалауына және нәтижесін бақылауына байланысты келесідей жіктеуге болады:

  • сыныптағы кесте бойынша өткізілген сабақ үстіндегі (дәстүрлі сабақ, дәстүрлі емес сабақ, дәріс сабақ, сарамандық сабақ) ;
  • мұғалімнің басшылығымен орындалатын шығармашылық жұмыстар, тақырыптық есептер, емтихан, сынақтар
  • сыныптан тыс орындалатын шығармашылық сипатты және оқу тапсырмалары, үй жұмысы.

Мұндай өздік жұмыстар шекарасы аса шектелмеген, кейде олар бір-бірімен қиылысып жатады, ал ең тиімді болатын жағдай бұл мәселені кешенді түрде шешу. Кез келген істің нәтижелі болуы оған қызығушылық туғызған адамның белгілі нәтижеге жетуіне байланысты. Мұғалім үшін ол жоспарланған оқу еңбегі, ал оқушы үшін маңызды мотивация. Төмендегідей мотивацияны айырып көрсетуге болады.

  1. Сыртқы мотивация - мектепті ойдағыдай аяқтаудың мектептегі оқу үлгіріміне тәуелділігі.
  2. Ішкі мотивация оқушының белгілі бір бағыттағы икемділігі. Ол мектепте оқу барысында белгілі бір мамандықты алуға өз күшін бағыттайды.
  3. Процесуальды (оқулық) мотивация. Ол оқушының орындаған жұмыстың маңыздылығын түсінуінен туындайды. Яғни өздік жұмыс зертханалық жұмысты, сабақ материалын дұрыс түсінуге мүмкіндік беретінін оқушыға жеткізе білуі керек.

Өздік жұмысты қалай орындағанын бақылау оқу ісінде стимулдаушы фактор болады. Оқушының кез келген жеке орындаған жұмысын өздік жұмыс деп есептеуге болмайды. Мысалы оқушы берілген нұсқау бойынша зертханалың жұмысты орындаса, бұл әрекет мәні жағынан репродуктивті бірақ дербес жұмыс болып саналмайды.

Дербестіктің яғни өздік жұмыстың жоғары деңгейі ізденгіштік, зерттеушілік сипаттағы жұмыстарды орындағанда көрінеді. Оқушы оқу тапсырмасын алған соң оның мәнін түсініп өз бетімен оны шешу жолдарын ойластырып оның ішіндегі ең тиімді, ұтымдысын таңдауы керек. Есеп шығару кезінде ол жаңа, тың есепті шығару жолын табуы мүмкін. Осындай өздік жұмыс оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.

Таным әрекетіне орай оқушыларға тапсырманы саралап, даралап беруге болады- жақсы оқитын оқушылар үшін күрделі, орташа және нашар оқитын оқушылар үшін өз күштеріне орай тапсырма беріледі. Негізінде тапсырманы оқушылар өздері таңдап алады. (2)

Бірінші ретті қиындықтағы тапсырмалар нұсқасында теориялық жағынан келуді талап ететін тапсырмалар болады. Мысалы теориялық көзқарас тұрғысынан химиялық құбылысты түсіндіру болжамын ұсынып, соңынан эксперимент жүзінде дәлелдеу. Ал үшінші ретті тапсырмалар негізінен репродуктивті сипатты. Ал екінші ретті тапсырмалар бірінші мен үшінші ретті тапсырмалар аралығынан орын алады.

Программаланған оқыту оқушылардың өздік жұмысының ерекше түрі. Ол арнайы өңделеген оқу материалымен оқушылардың жұмыс істеуіне негізделіп, бағдарлама түрінде көркемделеді. Бағдарлама үйретуші немесе бақылаушы сипатты болады.

Үйретуші сипатты бағдарламаларды бейорганикалық химияның теориялық негізгі тақырыптары бойынша құруға болады. Мысалы: «Химияның негізгі заңдары», «Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары», «Гидролиз», «Электролиттік диссоциация теориясы», «Химиялық реакция жылдамдығы», «Тотығу - тотықсыздану реакциялары». Немесе суреттеуші сипатты материалдарға құрылады. Мысалы: «Галогендер», «Халкогендер», «Пниктогендер», «Көміртек топшасы» және т. б.

Бұл жерде оқу материалын белгілі бір бөліктерге бөлуге болады. Әрбір бөлік оқу ақпаратының біраз мөлшерін қамтиды. Оқу материаланың әр үлесі сұрақтармен немесе тапсырмалармен қапталдасады. Көбіне тапсырмалар сұраққа берілген бірнеше жауап түрінде болады, оқушы оның ішінінен дұрысын таңдайды. Тапсырма жауапты жобалауға немесе мәтіндегі олқылықтарды толтыруға беріледі.

Химияны оқыту практикасында қорытындылаушы, білімді жүйелеуші сабақтар үлкен рөл атқарады. Олар белгілі бір тарау, тақырып соңында өткізіледі. Қорытындылаушы сабақта оқушылардың кітаппен немесе анықтамалық оқу құралдарымен жұмысы ұйымдастырылады. Оқушылар есептеу есептерін, эксперименттік есептер шығарып, тәжрибелер орындайды.

Қорытындылаушы сабақтардың қайталау сабақтарынан айырмасы талданатын оқу материалы теориялық жоғары деңгейде беріледі.

Кез келген өздік жұмыс сияқты материалды тұжырымдау олардың орындалуын міндетті түрде талдауға негізделеді. Талдау әдістері әр түрлі болу мүмкін: сұрақ түрінде, эвристикалық әңгіме, жеке (ауызша немесе жазбаша ) жауаптар, фронтальды сабақ сұрау, сарамандық сабақтар және бақылау жұмыстары.

Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:

  • Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;
  • Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;
  • Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;
  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарлатады.

Қазіргі кезеңде оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау деңгейі, дербестігі жайлы мәселелер ең негізгі, келелі мәселеге айланып отыр.

1. 2. Оқушылардың өздік жұмысының формалары мен түрлері.

Химияны оқыту теориясы мен іс - тәжрибесінде әр түрлі өздік жұмысты өткізуден мол тәжрибе жинақталған.

Мектеп реформасының қазіргі кездегі қоғам мен әлеуметтік жағдайларға, еліміздің егеменді ел болуына байланысты алдыға қойып отырған мәселелердің бірі оқушының өз бетімен білім алуын құптап, дамыту. Сондықтан сабақ үстіндегі оқушылардың әр текті өздік жұмыстарына деген қызығушылық артуда.

Бір жағынан оқытушы оқу процесінің тиімділігін арттырса, екінші жағынан оқушылардың оқу процесіндегі білімін өз бетімен жетілдіруіне мүмкіндік беріп жаңа білім негізін игеруіне жағдай жасайды.

Өздік жұмыс әртүрлі формада жүргізіледі. Олар ұжымдық, топтық, жекше болып жіктеледі. Ал оның түрлері әр алуан: оқушы эксперименті (зертханалық және сарамандық жұмыс), әр түрлі химиялық есептерді шығару, жаттығулар орындау, әдебиетпен жұмыс, программаланған оқу құралымен жұмыс, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс, шығармашылық тапсырмаларды орындау (аспаптарды жобалау, құру, модельдер жасау және т. б. ), бақылаушы сипатты жазбаша жұмыстар, білімді қорғау сабағы, қоғамдық білімді тексеру сабағы және т. б.

Оқу тәрбие жұмысы міндеттерін шешуде оқушылардың әр түрлі өздік жұмыстары сабақтың негізгі, қорытынды, білім бекіту бөлімдерінде қолданылуымен маңызды.

Оқушы әрекетін ұйымдастыруына байланысты өздік жұмыстардың жіктелуі.

Қандай да бір әрекетке Сабақты босатқан

қызығушылық туғызған оқушылар үшін

оқушылар үшін ерекше тапсырмалар

бойынша Программаланған оқыту

ұжымдық Оқушының өздік жекеше

жұмысы

фронтальды сараланған

тапсырма

және топтық бойынша

Сабақ үстіндегі топтық өздік жұмыстың ұйымдастыруына тоқталайық. Оқушылардың пән бойынша білімі негізінде сабақ алдында топтар қалыптастырылады. Топтар құруда психологиялық сыйысушылық, қызығушылықтар бағыты, көш басшысы беделі сияқты факторлар да ескеріледі. Тәжрибе көрсетуі бойынша ең тиімді топ 4 оқушыдан тұратын топ деп есептеледі.

Әрбір топтағы оқушылардың пән бойынша деңгейі әр қалай, ал топтар бір бірімен деңгейлес болады. Топтың жұмысын көш басшы бағыттап отырады. Көш басшыға қойылатын талап, ол пәнді жақсы білуі керек. Оның басшылығымен барлық оқушылар алған тапсырмамен жұмыс істейді, берілген зертханалық жұмыстарды орындайды, ұсынылған әдебиетпен жұмыс жасап, тақтада ауызша жауап беруге немесе жазбаша жауап беруге әзірленеді.

Жекеше өздік жұмысты ұйымдастыруда оқушылардың даму міндеті шешіледі. Қабілеті мен дайындық деңгейі әр түрлі оқушылардың бірдей ритммен жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Мысалы 8 сыныптың аяғында немесе 9 сыныптың басында оксидтер, қышқылдар, негіздер мен тұздар туралы дараланған тапсырмалар беруге болады.

Төменгі деңгей үшін:

Магнийдің тұз қышқылымен тұзының, магний оксидінің, гидроксидінің формуласын жазып, атын ата. Құрылымдық формуласын келтір.

Жоғары деңгей тапсырмасы:

Темірдің (ІІІ) күкірт қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұзының формуласын, құрылымдық формуласын жазып атын ата. Темір (ІІІ) окиді мен гидроксиді формуласын жазып, құрылымдық формуласын келтір.

Орта деңгей тапсырмасы:

Магнийдің көмір қышқылымен орта, негіздік, қышқылдық тұздарының формуласын жаз, құрылымдық формуласын келтір.

Жекеше өздік жұмыстар кейде оқушылардың біраз бөлігін қамтыса, кейде бүкіл сынып оқушыларына арналып құрылады. Тапсырмалар жоғарыда келтірілгендей әр деңгейлі болуы мүмкін (саралап оқытуда) немесе қиындығы бірдей бірақ орындалу уақыты әр қалай болады (программаланған оқытуда) .

Оқушылар бойында дербестілік әрекетті дамытатын құралдардың бірі - химия ғылымы мен өндірісі жайлы оның жетістіктері жайлы мәліметтер жинау. (3)

Химиядан ақпарат жинау мен өңдеу жұмысының жүйесі орта мектепте біртіндеп күрделену принципі бойынша жүреді. Оқушылар алдымен ғылыми көпшілік әдебиетпен, содан кейін жоғары мектепке арналған әдебиеттермен танысады. Біртіндеп алынған ақпаратты өңдеу сипаты да өзгереді. 8-9 сынып оқушылар арнайы дәптерге ақпараттық мәліметтерді теріп жазады немесе газет, журнал бетінен алып желімдейді немесе көшірме аппараттан өткізіп алады. 10-11 сынып оқушылары тақырыптық реферат жазып, ғылыми шолу құрастырады.

Химияның алғашқы сабақтарынан бастап оқушыларға химия ғылымы әлемінде болып жатқан жаңалықтар, химия өндірісі жаңалықтары жайлы қысқаша, жеткілікті, түсінікті деңгейде мәліметтер беріледі. Ол мәліметтер тірек схемаларын, тірек конспектілері мен сигналдарын құруда қолданылады. Химияны жете меңгеру үшін тек мектеп оқулығында берілген материалмен шектелу жеткіліксіз. Оқушы үнемі өзінің білімін ақпарат көздерінен алынған материалдармен толықтырып отыруы керек.

Дербестілік деңгейі мен бөлімдерінің санына орай оқушылардың өздік жұмысын төмендегідей типке бөлеміз.

1. Үлгі бойынша орындайтын өздік жұмыс. Оқушылардың бұл жердегі әрекеті зейін қойып тыңдап, алынған ақпаратты қайталап айтып берумен шектеледі.

2. Қайта құрушы нұсқалық өздік жұмыс. Оқушы алдыңғы алған білімін қолданып қайта құру, тұжырымдау, ой қорыту жүргізіп пән ішілік және пән аралық байланысты орнатады. (4)

Оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыру.

Оқулықпен жұмыс. Оқушылардың өз бетімен білім негізін қалауда оқулықпен жұмыс үлкен рөл атқарады. (5)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тұздар» тақырыбын оқытуда тәрбиелей оқыту әдісін қолдану
Өзіндік жұмыстың маңызы
Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалімнің рөлін айқындау
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Тірек - сызба нұсқаларын пайдалану арқылы «атом құрылысын» оқыту
Химияны оқыту әдістерінің классификациясы
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz