Тіл дамыту және оның зерттелуі
1.Тіл дамыту және оның зерттелуі
2. Тіл дамытудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі
3. Т.д психологиялық негіздері
4. Т. д әдістері 8. Т.д әдістемесінің методологиялық негіздері
5. Т.д практикалық әдіс тәсілдері
6. Сөйлеу теориясы және сөйлеу әрекеті
7. Т.д сабақтарындағы көрнекілік түрлері
9. Сөйлеуді коммуникативті әрекет ретінде қарастыру
10. Сөйлеу мен тілдің қарым.қатынасы
11. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері

Тіл- адам қоғамының рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс. «Тіл –адамдық белгісі , жұмсайтын қаруының бірі ». 1995-1996 оқу жылына арналған «Бастауыш мектеп бағдарламасында » бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндерінің бала тілін дамытудағы жетекші ролін ерекше атап өткен. Бастауыш сыныптарда оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты – оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Төменгі сынып оқушыларының келекшекте алатын білімі мен ойының даму дәрежесінне байланысты болып отырады. Тіл дамыту мәселесінде баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде ( су, сушы, сулық, суару ) молаяды. Тіл дамыту –ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді. Мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарында жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі – балаларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-әдістері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім . Жалпы әдістеме ғылымының бір саласы. Басқа ғаламдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу объектісі –сөз, сөздің дұрыс айтылуы, сауатты жазылуы. Нәтижеде айтатын деген ойдың айқын да анық, әсерлі де көркем жетуі. Сөздің мәнерлігі дегеніміз –адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. А Макаренко бұл жөнінде: «...сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек» ,-деген болатын. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор –ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.
1.Тіл дамыту және оның зерттелуі
Тіл- адам қоғамының рухани өмірінде объективті тіршілік ететін, қарым-қатынас қызметін атқаратын, ой қаруы болып саналатын аса құнды құбылыс. Тіл - адамдық белгісі , жұмсайтын қаруының бірі . 1995-1996 оқу жылына арналған Бастауыш мектеп бағдарламасында бастауыш сыныптарда қазақ тілі, ана тілі пәндерінің бала тілін дамытудағы жетекші ролін ерекше атап өткен. Бастауыш сыныптарда оқылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты - оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту. Төменгі сынып оқушыларының келекшекте алатын білімі мен ойының даму дәрежесінне байланысты болып отырады. Тіл дамыту мәселесінде баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде ( су, сушы, сулық, суару ) молаяды. Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі, бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен әдебиетке ғана болмай , оның сөйлеу әрекетіне де тікелей тәуелді. Мектепке дейінгі тәрбие жұмыстарында жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - балаларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-әдістері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім . Жалпы әдістеме ғылымының бір саласы. Басқа ғаламдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл мәдениетінің негізгі зерттеу объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, сауатты жазылуы. Нәтижеде айтатын деген ойдың айқын да анық, әсерлі де көркем жетуі. Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. А Макаренко бұл жөнінде: ...сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек ,-деген болатын. Тілдің тіл болуы үшін ең қажетті фактор - ойлау, пайымдау екені белгілі. Адамның ми қабатында жинақталған ой тіл арқылы сыртқа шығады, сөйлеу арқылы неше мәрте айтылса да белгілі бір сөйлеу жүйесіне бағынбаса, түсініксіз болады. Ой тілге әсер етеді, тіл сөзге әсер етеді, сөзден сөйлеу пайда болады.
2. Тіл дамытудың мақсаты және мазмұны мен жүйесі
Тіл дамытудың басты мақсаты - баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу. Осы орайда тіл дамытуға, мәдениетті сөйлеуге, қарым - қатынас жасау үшін мынандай талаптар қойылады. Біріншіден, сөз мазмұнды болу керек. Бұл талапта оқушылардың сөйлемдегі сөздердің мәнін, мағынасын толық түсінуін қамту. Біздің қоршаған дүниені танып білудің екі жолы бар: а)бақылау арқылы (көру,есту,сезу)
ә) сөз арқылы жаңа ұғымды қабылдау.
Бұл екі тәсіл де белсенді ойлау, есту қабілеттері арқылы жүзеге асады. Екіншіден, сөз жүйелі болу керек. Бала өз ойын ауызша, жазбаша айту кезінде ойға байланысты негізгі сөзге назар аударады Үшіншіден, сөзіміз нақты және анық болу керек. Баланың өз ойын жеткізуде ең қажетті сөздерді, сөз тіркесін, сөйлемдерді ретке алады. Төртіншіден, сөзіміз мәнерлі болу қажет, ол сөздер оқушылардың сезіміне әсер ету керек. Бесіншіден, сөзіміз түсінікті болу қажет, оқушылардың жас ерекшелігі, қызығушылығы, білім деңгейі еске алынады. Тілдің дұрыстығы, нақтылығы, дәлдігі, түсініктілігі, мәнерлілігі тіл дамыту жұмыстарын жүргізудегі басты міндет. Тіл адамның бір - бірімен пікір алысу, қарым - қатынас жасау құралы болып қана қоймай, қазіргі кезеңде кез келген адамның мәдени және рухани өсуінің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Сондықтан да жас ұрпақтың тілін дамыту жұмысын отбасында баланың кішкене күнінен бастап қолға алудың тәрбиелік мәні зор. Бұл шақта баланың өзін қоршаған дүниені танып білуге құмарлығы, қызығушылығы ерекше дамиды. Ал танымдық белсенділік баланың сөйлеу, бір нәрсені сұрап - білу, өз ойын хабарлап жеткізу қажеттіліктерін тудырады. Тіл дамыту мақсаты:
· дыбыстарды дұрыс айтуға, оларды бір - бірінен ажырата білуге үйрету;
· өз ойын еркін жеткізуге, байланыстырып сөйлеуге машықтандыру;
· тіл мәдениетіне, көркем сөз өнеріне баулу.
3. Т.д психологиялық негіздері
Психология -- адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Психологиялық көмек адам өмiрiнiң барлық кезеңдерiнде қатар жүретiн уақыт жеттi. Мектепке дейiнгi мекемеде психологиялық қызмет құру қажеттiлiгi басқа түскен қиыншылықтарды кеңiнен шешуге қабiлеттiлiгi дәлелдейдi:
::Баланың қабiлеттерiн ашуда, дамуында, бойындағы икемдiлiктерiн байқауға, баланың психологиялық және жеке тұлғалық дамуындағы болатын кемшiлiктерiнiң алдын алуда психологиялық көмектiң маңызы зор;
::Балалардың толық құнды тұлғалық және интеллектуалды дамуына әсер етедi;
::Әр балаға жеке көңiл бөлудi қамтамасыз етедi
::Мектепке дейiнгi жалпы бiлiм берудiң бағдарламасымен қатар жүредi;
::Мектепке дейiнгi мекемедегi психологиялық климаттың жайлы болуын қалыптастыруға жәрдем жасайды;
::МДМ-нiң педагогикалық ұжымының мүшелерiне және балалардың ата-аналарына уақытында психологиялық көмек көрсетедi.
::Балалардың мектепке дайын болуына психологиялық әсер етедi.
4. Т. д әдістері 8. Т.д әдістемесінің методологиялық негіздері
Методологиялық негіздер -- сол ғылым пайдаланатын әдістемелер. Олар басқа теориялардан, ғылымдардан алынуы мүмкін
1. Ауызша суреттеп сөйлеу әдісі
Табиғат көрінісін, суреттен көргенін, көрмеден, түрлі мәдени орындардан алған әсерін, жанды - жансыз заттарды көз алдында тұрғандай етіп суреттеп баяндауға дағдыландырады. Суреттеп сөйлеуге баулуда оқушы жауапкершілігі артады. Себебі бір нәрсені суреттеуде, сол заттың белгілері мен ерекшеліктерін айтуда оқушы әр ұғымның атауын іздестіріп, сөздік қорын байытады.
2. Мәтін оқу әдісі
Мәтін оқу ауызша, жазбаша, тіл дамыту жұмыстарына ортақ категория. Мәтін оқу, мәтінді мазмұндау оқушы тілін дамыту жұмыстарының әдіс - тәсілдерінің бірінен саналады.
3. Ойдан әңгіме, өлең шығарту әдістері
Оқушылар қиялға өте бай келеді. Сондықтан оқушыларға өз қиялдарынан шағын әңгіме, ертегі айтқызып, өлең шығарту жұмысы жүргізіледі. Бұл оқушылардың ауызша, жазбаша тілін дамытады. Оқушы тілін дамытуда жазбаша жұмыстар басты роль атқарады.
4. Жазбаша жұмыстарды:
1) Хабарлау
2) Баяндау
3) Әңгімелеу әдістері түрінде жүргізуге болады.
Оқушы тілін дамытуға еркін тақырыптар ұсынуға немесе сұраққа жауап бергізу арқылы да әңгіме жаздыруға болады. Оқушы тілін дамытудың негізгі объектісі - шығарма жаздыру. Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат - оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой - өрісін кеңейтуге машықтандыру болып табылады.
5. Түрлі - түсті суреттер немесе өз ортасына байланысты баяндау әдісі
Бұл әдістер арқылы ауызша және жазбаша баяндау негізінде сөздік қорын молайтып, тілін дамытуға мүмкіндік туады. Өз ортасына байланысты Менің досым, Менің әкем, Менің күшігім т. б.
6. Мәнерлеп оқу әдісі
Тіл дамыту әдісінің бір түрі мәнерлеп оқу. Мұның пайдалы жағы оқушылар сөйлеу тілі мен әдеби тілдік норманы сақтап оқуға төселеді. Поэзияны сүюге, сөз байлығын еркінше пайдаланып, жүйелеп айту шеберлігін жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.
5. Т.д практикалық әдіс тәсілдері
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны -- жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.
Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Баяндау әдісімен сабақ түсіндіргенде мұғалім жоғары немесе орта буын сыныптарда оқушылардың таным қабілетінің даму деңгейінде оқу материалының мазмұнын белгілі шамада кеңейте баяндауы мүмкін. Мұны бастауыш сыныптарда істеуге болмайды, бұл олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Әңгіме әдісі - бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің ең негізгі түрі. Бұл әдіспен сабақ жүргізгенде, мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болады. Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады. Әңгіме әдісін қолданғанда мұғалім сұрақ қоюға ерекше көңіл бөледі. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және методикалық жағынан дұрыс құрылған болуы керек. Өйткені жете ойластырылмаған сұрақ балаларға қиындық келтіреді. Сондықтан сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әңгіменің тартылымдылығын арттыру жағы да ойластырылады. көрнекілік әдіс түрлерін қолданғанда методикалық шеберлік керек. Мұнда көрнекіліктің көбіне заттық бейнелі түрін, қала берді символды көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тиімді. Ондай таблица әрі ықшам, әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіліп өрнектеледі.
Мұғалім тақта бетінде сабақ материалын баяндап білім беруімен бірге, сол тақтаны ұқыпты пайдаланатын шеберлігімен, көзтартарлық көркем жазуымен оқушыларға үлгі-өнеге көрсетіп, оларды іскерлікке тәрбиелейді. Сонымен бірге тұтас сыныптың және әрбір оқушының көңіл-күйін қалт еткізбей, қадағалап отырады, дер кезінде көмек көрсетеді. Көрнекілік әдісімен бірге сөздік әдісін қолданып, оқушылардың оқып үйреніп отырған материалды дұрыс түсінуіне бағыт береді. Білімді қайталау әдісі де оқушылар меңгерген білімді бекіту жолының бір түріне жатады. Қайталаудың тиімділігі мынада: біріншіден, өтілген материалдың ұмтылуынан сақтандырады; екіншіден, ұмытылған білімді қайтадан еске түсіреді; үшіншіден, оқушылардың білімі мен дағдысын саналы түрде бекітіп, оларды кеңейте және тереңдете түседі. Өтілген білімді қайталау бүкіл оқу жылы бойында үздіксіз әрі жоспарлы, жүйелі жүргізіледі. Демек қайталау жұмысы сабақтан сабаққа ұласып отырады.
6. Сөйлеу теориясы және сөйлеу әрекеті
Сөйлеу дегеніміз - адамдардың тіл арқылы басқа адамдармен қарым-қатынас жасау әрекеті. Ойымызды басқа біреуге жеткізуде көрінетін жеке адамдың дербес әрекетін сөйлеу деп атайды. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызекі немесе жазбаша айту, екі-үш адам қатысқан диалог түрінде сөйлеу, көпшілік алдына шығып сөйлеу, тыңдаушының білім дәрежесін, жасын ескеру т.б.) сай түрліше құрылады. Сөйлеудің осы жақтары - кімге болса да қажетті сипат. Мұның әсіресе мұғалімдер үшін маңызы зор. Көрнекі педагог А.С.Макаренко бұл жөнінде балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезе алатындай болуы керек деген. Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппаратардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық ететрі т.б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.Сөйлеу - пікір алысу процесінде адамның тілді өзінше пайдалануы. Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдау оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірін-сіз-бірі іске аспайды. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт.
Біріншісі - сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлілігі. Сөздің мәнерлігі сөйлеу интонациясы мен артикуляциялық аппаратқа тығыз байланысты. Ал сөздің мазмұны болмаса, ол өзінің сөздік мәнін жояды. Сөздің мағыналығы дегеніміз - екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындылығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды. Сөйлеу әрекеті - үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. А.А.Монтьевтің айтуынша, сөйлеу әрекеті, теориясына сай, барлық тілдік әрекет сияқты белгілі бір динамикалық құрылымда болады екен. Тілді интелектуал қызметінің құралы ретінде ала отырып, психолог-ғалымы былай көрсетеді:
Сөйлеу әрекетін жоспарлау
оны жүзеге асыру
салыстыру мен бақылау
7. Т.д сабақтарындағы көрнекілік түрлері
Көрнекілік түрлері:
Табиғи көрнекі лік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
Эксперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан, физикадан тәжірибелер жасайды.
Суретті көрнекіліктің мақсаты - нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, мылқау кинофильмдер).
Көлемді көрнекілік: макет, үлгі, муляж, геометриялық фигуралар, панорама.
Дыбыстық көрнекіліктер: күйтабақтар, ұнтаспаға жазылған материалдар, т.б.
Символдық және графикалық көрнекілік: абстракты ой дамуына көмектеседі, себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар: карта, жоспар, сызба, диаграмма.
Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналы бейне, таңба, шартты белгі, суреттерден тұрады. Олар қарапайым, сондықтан оқушы факті құбылыстың негізгі мәнін мұғалімге айтып бере алады.
8. Оқушылар білімінің беріктігі. Бұл принципте мына заңдылықтар бар: білім мазмұны және оқушылардың танымдық күштерін дамыту оқыту процесіндегі бір-бірімен өзара байланысты бөліктер; оқу материалын түсініп есте сақтау оның мазмұнына, оқушының материалмен жұмыс істеуіне, оқытуға, мұғалімге байланысты; білімнің беріктігіне оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыт әсер етеді. Оқушы есінде қалуға тиісті материалдарды таңдайды, сондықтан оның есінде оған пайдалы және қызықты білімдер ғана жақсы сақталады.
Шарттары:
:: қазіргі оқытуда естен гөрі ақыл-ойға баса назар аударылады. Сондықтан оқушылардың күшін құндылықтары аз білімдерді есте сақтауға жұмсамау керек. Есте шамадан тыс оқу материалдарын сақтауға болмайды, ол ақыл-ойға зиян келтіреді;
:: дұрыс қабылданбаған, түсініксіз нерселердің есте қалып қоюына жол бермеу. Бала тек саналы меңгерілген, түсінікті материалды ғана есінде сақтау керек;
:: әр түрлі анықтамалық әдебиеттерді, сөздіктерді, энциклопедияларды қолдануға үйрету;
:: есте сақталу керек материалдар өте көп болмау керек, мұғалімнің қандай білімдер есте сақталу керек екенін анықтауы;
:: оқытудан кейін білімді ұмыту басталады, сондықтан қайталаудың уақыты және жиілігі үмыту туралы психологиялық теорияларға сәйкес белгіленеді;
:: жаңа материалды оқып болған соң қайталауды көп жүргізу керек, содан кейін қайталау азаяды, бірақ оны тоқтатуға болмайды;
:: әр оқушыны өз мүмкіндігіне қарай, бірақ бар күш-жігерімен жұмыс істеуге үйрету. Жалқаулықпен күресу;
:: қызығушылықты қалыптастырмай тұрып, жаңа материалды оқып-үйренуді бастамау;
:: оқу материалын жүйемен беру;
:: егер оқыту қарңыны төмендесе, онда бірден себебін анықтау. Көп кездесетін себептер: оқу процесіне қызығушылықтың төмендеуі және шаршау. Оларды жою жолдарын іздестіру;
:: тіке тапсырмалар және нұсқауларды көп бермеу. Балаларды ақыл-кеңесті тыңдауға үйрету. Өте қызықтысын салмақтап айтықыз. Әзіл-сықақ айтуға болады, бірақ шамадан аспаған жөн;
:: өзара оқытуды кең қолданып, оны бағыттау. Өзара оқыту мұғалім қалыптастыра алмайтын сапаларды қалыптастырады;
:: оқушыларды оқу материалын есте сақтай білуге үйрету. Ол үшін есте сақтауды жеңілдететін мнемотехникалық (керекті мәліметтерді есте сақтауға көмектесетін ережелер мен тәсілдердің жиынтығы) тәсілдерді қолдану;
:: баланың жағымды әсерін туғызбай тұрып, жаңа білім беруді бастамау. Жазалау әдістерімен берілген білім берік болмайды;
:: қайталау және бекіту кезінде оқушылардың естерін, ақыл-ойларын, сезімдерін жұмыс істетіп, білімдерін тереңдетіп, жаңа мысалдар келтіріп, қорытындыларды нақтылау;
:: оқыту қисындылығын қадағалау.
:: оқушының оқу материалына деген он көз қарасын қалыптастыру;
:: жаттығулар санын, орындалатын мерзімін белгілеу;
:: оқыту нәтижелерін жүйелі түрде тексеру және бағалау;
9. Сөйлеуді коммуникативті әрекет ретінде қарастыру
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
10. Сөйлеу мен тілдің қарым-қатынасы
Қарым-қатынас -- тілдің өмір сүруінің, тілдік болмыстың
басты өлшемі. Қарым-қатынас сөйлеу, сөйлесім арқылы жүзеге асады. Сөйлеудің ең маңызды құралы -- тіл, сөйлесімді жүзеге асыратын да -- тіл. Сондықтан да тіл қатысымдық құбылыс болып саналады.
Тіл - адамдар арасындағы тілдік қатынасты қамтамасыз ететін, дыбыстық, таңбалар жүйесінің жиынтығы арқылы ойды жарыққа шығарудың құралы.
Тіл сияқты сөйлесім де әлеуметтік құбылыс. Өйткені сөйлесімді жеке бір адам жүзеге асыра алмайды, ол бірнеше адамдардың тілдік түсіністігі арқылы іске асады. Сөйлесім адамдарды біріктіреді, оларды өзара байланысқа түсіреді. Мұндай байланыс қоғамның құрылысына әсер етеді.
Жалғыз адам табиғаттан, қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны сияқты, жалғыз адам сөйлесім процесін де жүзеге асыра алмайды.
Адам жаратылыстан, табиғаттан тыс емес, сөйлеу адамнан тыс емес. Сөйлесім -- адамдарды қаумыдастыққа жетелейтін, қоғамдық мәні бар күрделі әрекет.
Сөйлесім арқылы адамдар бірін-бірі түсінісіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешеді, өзара бірлікте, ыетамақтастықта болады, түсініседі, сөйтіп, қоғамның дамуын жетілдіреді; не керісінше кері кетіреді. Бірақ қай жағдайда болсын сөйлеу адамның алдына қойған мақсатына қызмет етеді, сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасындағы ешбір тірлік жүрмейді. Осыдан келіп, сөйлесімнің қоғамдық-әлеуметтік мәні шығады. Қарым-қатынасқа түсетін адамдардың тілді, сөзді қолдануында да өз ерекшеліктері бар. Әр адамның сөйлеу мәнері, стилі басқа адамға үқсамайтын, тек өзіне ғана тән сөйлеу үлгісімен өзгешеленеді. Осының өзінен сөйлеудің жекелік мәні, даралық ерекшелігі келіп шығады.
11. Балалардың тілін дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері, мазмұнын, принциптерін, мақсатын құрастыру негізі. 2,4 те бар
12. Тіл дамыту әдістемесінің бастауыш ана тілін дамыту
Қазақ мектептеріндегі оқытылатын ғылым негіздері ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүниетанымын, ой-өрісін, тіл байлығын, ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту қазақ тілінің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады.Сондықтан бастауыш сыныптарда ана тілінің заңдылықтарын жете меңгеріп, әдеби тіл нормаларында еркін сөйлеп, сауатты жаза білу міндеті қойылып отыр. Өйткені - тіл дамыту сайып келгенде ой дамыту.
Тіл дамыту - ана тілі әдістемесінің аса жауапты да күрделі саласының бірі. Оның күрделі болуының себебі бала тілін дамыту міндетін жүзеге асырушы мектепте жүргізілетін пәндер қазақ тілі мен ана тіліне ғана байланысты болмай, оның сөйлеу әрекетіне де тәуелді.
Бастауыш сыныптарда жүргізілетін тіл дамыту әдістемесі - оқу-шыларға білім жүйесін меңгертуге, тілге деген икемділігі мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдері мен формалар, принциптер мен оқытудың мазмұны жайындағы ілім. Жалпы әдістеме ғылымның бір саласы.
Басқа ғылымдар сияқты тіл дамыту әдістемесі де теориялық ғылымдардың соңғы жетістіктеріне негізделе дамиды. Тіл ұстартудың ғылыми негіздері - тіл білімі, әдебиет және психология. Өйткені тіл - қоғам өмірінің объективті құбылысы, ол бүкіл халық үшін бірдей. Қай тілдің болмасын айтылуының грамматикалық және синтаксистік нормативтік ережелері болады. Мұны тіл білімі зерттейді. Ал сөйлеу - психикалық құбылыс. Ол - әр адамның өзіне ғана тән ерекшелігі. Сөйлеуде объективті шындықты осы адамның субъективті түрде бейнелеп, оған индивидтің көзқарасын білдіреді. Яғни адам тілдің көмегімен қарым-қатынас жасау процесі, сөйлеу - психо-логияның зерттеу объектісі болып табылады. Солай бола тұрса да, күні бүгінге дейін мектептегі тіл дамыту жұмыстарын психологиялық ғылымнан оқшау жүргізіліп келеді. Соңғы кезде ғалымдар Психология әдістеме ғылымынсыз-ақ өркендеп, өмір сүре береді, алайда әдістеме ғылымы психолгиясыз дамып, жетіле алмақ емес. Әдістеме толық мәнді ғылыми пән болуы үшін, ол психологиялық негізге сүйенуі қажет пікірді іс жүзінде дәлелдеп отыр. Ана тілі, бүкіл ақыл-ой дамуының негізі және бүкіл білімдердің қазынасы. Өйткені оқушыларға ғылым негіздерінен жан жақты білім мен дағды беретін, сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеуге төселдіріп, тіл материалын меңгертетін де осы пән.
Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасымен байланысты. Өз заманында Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс, - деп көрсеткен ұлы педагог К.Д. Ушинский.
13. Шетелдік педагогикадағы балалардың тілін дамыту
Ғылыми тұрғыда негіздей отырып, бала тілін, сөздік қорын зерттеуге алғаш ден қойған психологтар болды. 1940 жылдары О. Моурер фонологиялық даму теориясының негізін қалаушылардың бірі болды.
Р. Якобсонның болжамы бойынша балада алғашқы фонологиялық дағдылардың қалыптасуы алғашқы он - онекі айлық кезеңде басталады. Яғни, сөйлеу қабілетінің дамуына немесе оның жан - жақты дамуының бір бөлшегі ретінде қарастырса, енді біреулері (Д.Ольмстел 1971; Д. Стэмп 1969;) бала тілінің дамуын оның өзін қоршаған ортамен қарым - қатынас жасауына байланысты қалыптасатынындығын дәлелдеуге тырысады. Б. Московичтің пікірінше, бала бірте - бірте айқындала түсетін дыбыстық бірліктерді айтуды үйрене бастайды, буындардан ол өз бетінше дыбыстық құрылымдар түзуге (сөздер құрастыруға) бейімделеді.
Әдетте бала өзіндік сөйлеу әрекеті тән. Кейбір идеалистік бағыттағы психологтардың ( Д. Элласберг, Э. Клапаред, К. Бюлер) пікірі бойынша, баланың сөйлеу әрекеті бірден пайда болады. өз тіліндегі сөздік қорға қанағаттанбаған екі жасар бүлдіршін өзінше тілдесуге қажет сөздер ойлаптабады. Ол сөздер тек өзінің айналасындағы азғана ортаға түсінікті болады.
Баланың сөздік қоры 1 жыл 8 айдан асқан соң жедел дамиды. Егер 1,5 жастағы баланың сөздік қоры 18-25 - тен аспаса, 3 жастан кейін ол 1000-1200 сөзге жетеді. Мұның ішінде сөздік қордың басым бөлігін зат есімдер (60%), етістіктер (25-27%), сын есімдер (10-12%) құрайды. Әрбір жас кезеңдегі сөздік қордың қалыптасуындағы балалардың өзіндік ерекшеліктері мен сөздерді қабылдау және қолдану ерекшеліктеріне де баса назар аударады.
Тілдің гамматикасын меңгеру баланың жалпы дамуымен де (ақыл - ой қызметінің кеңеюі, өз бетінше ізденістері) сабақтас дамиды. Сондықтан да түрліше әрекет жасау барысында баланың мазмұнды өмір сүріп, ой - өрісін дамытуы, үлкендермен тілдік қарым - қатынас жасауы оның тілінің дамуына ықпал етеді. Олардың сөздік қоры молайып, алғашқы грамматикалық формаларды меңгеруі жетіле түседі.
Баланың сөйлеу білуге деген алғашқы талпынысы - оның дамуының бастапқы кезіндегі басты нәрсе. Ол үлкендердің сөйлеген сөздерінен бірнеше мәрте қайталанатын белгілерді ептеп түсіне бастайды. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, екі жастан бастап бала тілі күрт дамиды. Мектеп жасына келген бала, яғни 6-7 жасар бала 3,5-4 мыңға жуық сөз біледі екен. Демек, ол тілдің бүкіл фонологиялық жүйесін түсінеді. Олай болса, өз бетінше сөйлемдер құрастыра, өз ойын өзгеге түсіндіре, жеткізе алады.
Зерттеулер көрсеткендей түске, үлкендікке, заттың жай күйіне байланыстыерекшеліктерді жас баланың естіп қабылдауынан гөрі, сол заттарды көріп, қолмен ұстап барып, ажырата қабылдауы 10-12 есе тезірек іске асады да, бала жадында ұзақ сақталады.
14. Ресейдегі әдістеменің дамуы
Оқушылардың тілін ұстарту әдістемесінің негізін салып, оны өз алдына ғылым ретінде қалыптастыру қажеттігін анықтап берген - орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский.
К.Д.Ушинский ең алдымен бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытумен байланысты жаттығу жұмыстарының жүйесін құрды.Ол жаттығулардың сатылары мынадай:
1. бақыланған заттарды атау;
2. іс мақалаларын мазмұндау;
3. заттарды салыстыру;
4. сипаттау;
5. болған оқиға жөнінде әңгіме құру.
А.В.Хуторской келесі әдістерді бөледі:
1. Эмпатия әдістері басқа объектінің жағдайында адамның сезінуін көрсетеді. Эмпатия әдісін табысты қолданудың шарты оқушылардың белгілі бір жағдайы, мұғалімнің құрған көңіл-күйі. Бастапқыда бұл қандай да бір қуанышпен балалар көңіл бөлетін ойын түрінде болуы мүмкін. Сонан соң білімдік нәтижелер алынғаннан және түсіндірілгеннен кейін, оқушылар берілген әдіске күрделі қарамай, оны шын оқу әдісінің деңгейіне алады.
Ағаштың, тастың, мысықтың, бұлттың, майшамның және басқа да білімдік объектілердің мәнісіне төселуге мынандай сөздік жазуларды қолдануға көмектесед: сіздің алдыңызда тұрған гүлді өзіңіз деп есептеңіз, сіздің басыңыз - гүл, денеңіз - сабақ, қолыңыз - жапырақ, аяғыңыз - тамырлар... дегенді ойлап көріңіз. Оқушы жақсы төселу кезінде объектіге - өзіне сұрақтар қояды, сезімдік деңгейде қабылдауға, түсінуге, жауабын көруге ұмтылады. Мұнда туылған ойлар, сезімдер, сезінуі оқушының білімдік өнімі болады, содан кейін олармен ауызша, жазбаша, белгімен, двигательді, музыкалы немесе суреттемелі түрде көрінуі мүмкін. Берілген жағдайда объектіні бақылау өзін-өзі бақылауына ауысады.
Мұндай жаттығулар ойлау қабілетін және әр түрлі көзқарастағы жағдайды түсінуді дамытады, танымға санасын ғана емес, сезімін де кірістіруге үйретеді.
Берілген әдіс әдеттен тыс тиімді болып шықты, өйткені балалардың әдетте қолданылмаған мүмкіндіктерін кірістіреді. Төменгі мектеп жасындағы бақылайтынды ойлау қабілеті тән, олардың адамдандыру әдісін қолданып, қоршаған дүниені сезіммен тану керек. 2. Мағыналық көріну әдісі. Бұл өткен әдісті тереңдету және жалғастыру. Мұнда белсенді сезімді - ойлы танымдық қызметтен тұратын оқушының белгілі бір күйін құру талап етіледі. Мұғалім оқушыларға мағыналық, сұрау үшін келесі сұрақтарды ұсынуына болады: Бұл объектінің себебі қандай, оның шығу тегі не? Оның ішінде не болып жатыр, ол неден тұрады? Басқа емес, неге ол осындай? Берілген әдісті мақсатты қолдану жөніндегі жаттығулар оқушылардағы интуация, ояну тәрізді танымдық сапаларды дамытуға әкеледі.
3. Бейнелеп көріну әдісі - объектіні эмоционалды - бейнелі зерттеу. Мысалы, санға, пішінге, сөзге, белгіге немесе шынайы объектіге қарап, ондағы көрген бейнелердің суретін салып, неге ұқсайтынын бейнелеу ұсынылады. Білімдік өнім оқушылардың бақылау нәтижесі тәрізді, сөздік және графикалық бейнелі түрде көрінеді, яғни оқушылар өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін жазады және суреттейді.
4. Символдық көріну әдісі. Бұл әдіс объектінің және оның символының арасындағы байланысты оқушының ізденуінен және салуынан тұрады. Символ мен оның обектісінің қатынасының жағдайын анықтағаннан кейін, мұғалім оқушыларға қандай да бір объектіні көру мақсатымен бақылауды, оның символын графикалық, белгілік, сөздік немесе басқа түрде бейнелеуді ұсынады. Жасаған символдарды балалардың түсіндіруі және талқылауы басты орын алады.
5. Эвристикалық сұрақтар әдісі. Ежелгі римдік педагог және шешен Квинтилиан талдап жасаған. Қандай да бір оқиға немесе объекті жөнінде мәлімет ізденуі үшін келесі 7 сұрақ қойылады: Кім? Не? Не үшін? Қайда? Қалай? Қашан? Берілген сұрақтарға жауаптар және олардың барлық мүмкін болатын байланыстары маңызды идеялар мен зерттелетін объектіге сәйкес шешімдер тудырады.
6. Салыстыру әдісі. Әр түрлі оқушылардың мәліметтерін атақты ғалымдар, философтар, әр түрлі аналогтарды өзара салыстырған кездеьқалыптасқан мәдени-тарихи аналогтармен салыстыру үшін қолданылады. Берілген әдіске оқыту үшін оқушыларға сұрақтар ұсынылады: Салыстыру деген не? Ылғи және барлығын салыстыруға бола ма? Сендердің ойларыңша не салыстыруға келмейді және салыстырылмайтынды салыстырып көріңдер.
7. Эвристикалық бақылау әдісі. Бақылау - оқушының білім бұлағы, яғни оны оқытудың эвристикалық әдісіне жатқызуға болады. Берілген әдістің мақсаты - балаларды бақылаудың көмегімен білімді алуға және құруға үйрету.
8. Фактілер әдісі. Оқушылардың физикалық сезім мүшелерін саналы меңгеруі танымдық қызметінің жүйелі дамуын талап етеді. Бәрінен бұрын, бұл фактіні іздеу, факт еместерден олардың айырмашылығы тәрізді таным кезеңіне жатады. Не көріп отырғанын, естігенін, сезгенін, олардың не ойлағанын айыру оқушыларға оңай емес екендігін тәжірибе көрсетеді.
Білімдік объектілердің физикалық сезім мүшелерінің көмегімен нақты қабылдануының қажеттілігі оқытудың берілген әдісін қолдануды және білімнің әдеттегі мазмұнының өзгеруі мен қайта қарауын талап етеді.
9. Зерттеу әдісі. Оқушыларға тапсырылған объектіні келесі жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсат - жұмыс жоспары - объект туралы факт - тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер - пайда болған сұрақтар мен проблемалар - жауаптардың мәліметі, гипотезалар - рефлексті пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері - қорытындылар. Барлық айтылған қадамдарды жүйелі орындап, әр оқушы өзінің практикалы жеке білімдік нәтижесін алады.
10. Ұғымдарды құрастыру әдісі.Оқушыларға жасалынған жұмыстарын теориялық қорытындылау мынандай жүйеде ұсынылады: фактілер - олар туралы сұрақтар - жауаптар гипотезі - теориялық модельді салу - модельдің салдары - модельдің дәлелдемелері - модельді қолдану - мәдени аналогтардың модельді салыстыру. Теориялық модельді оқушылардың құрастыру тәсілдері оқып жатқан білім саласынан немесе тақырыбынан тәуелді педагогпен қойылады.
11. Гипотеза әдісі. Оқушыларға тапсырма ұсынылады - мұғалімнің қойған сұрағына немесе проблемасына жауаптардың мәліметтерін құрастыру. Бастапқы мақсаты мәліметті құрастыру үшін негізгі таңдау болып табылады. Оқушылар негізі ұстанымдарын немесе проблемаға көзқарасын ұсынады, гипотезаны құруға әр түрлі ғылыми, әр түрлі жоспарлы әдісті меңгереді. Сонан соң едәуір толық немесе нақты сұраққа өз жауаптарының нұсқаларын логикаға және интуацияға сүйеніп тұжырымдайды. Гипотеза әдісі егер... не болады түріндегі болжамдық тапсырмаларды шешу кезінде дамиды. Болашаққа саяхат әдісі алдын ала дағдыны, болжауды, гипотетикалықты дамыту тәсілі ретінде қандай да бір білім саласында тиімді.
12. Қателер әдісі. Берілген әдіс процестерді тереңдету үшін қателерге төтеп берген негативтік қарым-қатынасын өзгертуді, қатені және псевдоқатені конструктивті қолдануына оны ауыстыруды ұйғарады. Қате жалпы алынған қарсыластықта туатын қайшылықтардың, құбылыстардың, ерекшеліктердің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Қатеге көңіл аудару оны түзету мақсатымен ғана емес, себебін, оны табу тәсілін білу үшін де маңызды болуы мүмкін. Қатенің дұрыспен өзара байланысын табу оқушылардың эвристикалық қызметіне жағдай жасайды, оларды қандай да бір білімнің вариативтілігі мен қатыстылығына әкеледі.
13. Ұғымдарды құрастыру әдісі. Оқушылардың оқылған ұғымдарын қалыптастыру олардағы бар ұсыныстардың маңыздалуын басталады. Мұндай жұмыстың нәтижесі тақтада жазылатын, бірігіп қалыптастырылған ұғымның анықтамасы - ұжымдық шығармашылық өнім болып табылады.
15. Қазақстанда әдістеменің дамуы
Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.
А. Байтұрсынов - - қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына да көп күш жұмсады. 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептерде шәкірттер сауат алдымен орыс тілінде ашатын. Қазақша оқылатын пәндердің тілі қазақша болғанмен, жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ еді. Сондықтанда әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялылары 1905 жылы 26 шілдеде Ресей Империялық Министрлер Советінің Председателі петиция жазады. Ондағы қойған талаптардың бастылары: қазақ даласында оқу-ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын. Оқу ана тілінде жүргізілсін т. б. Осы талаптарды жүзеге асыру үшін А. Байтұрсынов қазақша оқу құралы (1912) тұңғыш әліппе құралын жазды. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған Букварь для киргизов деген құралы жеті рет қайта басылып, 1925 жылға дейін қазақ мектептерінің негізгі оқу құралы ретінде пайдаланылып келген. А. Байтұрсынов 1926 жылы Әліпбидің жаңа түрін осы күнгі суреттермен берілген Әліппе кітабын жазды. Ал бұл Әліпбидің 1928 жылы Қызылордада шыққан 3-басылымы қазақ тілінде басылған кітаптар көрсеткішінде төмендегіше бағаланды: Жаңа құрал қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған... Ахметтің 7 рет басылған бұрынғы Әліпбиі (Оқу құралы) қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді... Бірақ соңғы кездерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол Әліпби әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа Әліпбиі бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл Әліпбидің мазмұны қазақ жағдайына қарай, мемлекет білім кеңесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық Әліпби көңілдегідей болып шыққан.
1912 жылы мектеп балаларына қазақша сауаттандыратын Оқу құралын жазғаннан кейін көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. Бұл оқулықтың фонетикаға арналған 1-бөлімі Тіл құралы деген атпен алғаш рет 1915 жылы жарық көрді. Осы кітаптың морфологияға арналған 2-бөлімі 1914 жылы, ал синтаксиске арналған 3-бөлімі 1916 жылы басылып шығып, 1928 жылға дейін әлденеше рет қайта басылып пайдаланылып келді.
Тіл құралы - қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін оқулықтың кіріспесінде автор арнайы атап өтеді. Ол осы оқулықты қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына тұңғыш қазақша терминдерді ұсынады. Күні бүгінге дейін қолданып жүрген зат есім, сан есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш деген т.б. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі.
Оқулықтың тағы бір құндылығы қазақ тілінің грамматикалық басты салалары - - фонетика - - дыбыс туралы ғылым, морфология - - сөз құрамын зерттеу, ал синтаксис сөйлем құрылысын зерттеу т. б. деп саралап тұңғыш тыңнан ғылыми жол салуында болып отыр.
Ғалымның тіл үйретудегі сіңірген еңбегі мұнымен шектелмейді. Ол қолданбалы грамматиканы да жазған болатын. Бұл жұмысын Тіл жұмсар деген атпен екі бөлімді кітап етіп, 1928 жылы Қызылордада шығарған еді.
А. Байтұрсынов қазақ тілін оқыту әдістмесінің іргетасын қалаушы. Ол - Қазақ тілін дыбысқа бөліп оқыту арқылы сауаттандыру әдісінің негізін салды. Бұл салада бірнеше әдістемелік мақалалар жазып, соның негізінде 1920 жылы Қазанда Баяншы деген атпен методикалық кітапша шығарды. Мұнда автор мұғалімдерге Әліппені пайдаланудың, сауат ашу әдістерінің жол-жобасын көрсетіп берді.
Сөйтіп ғұлама ғалым өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойып, бұларды біртіндеп шешуге кірісті. Ол алдымен қазақша сауат аштыруды көздеп Оқу құралды жазды, онан соң қазақ тілінің ғылыми грамматикасы Тіл құралын ұсынды, тілді дұрыс жұмсай білу тәртібін көздеп Тіл жұмсарын, төртінші - - сауат аштыру, тілді оқытудың әдістемесін жасауды алып, Баяншыны жазды.
А. Байтұрсынов - қазақ тілінен оқулық, бағдарлама жазып, қазақ тілін оқыту әдістемесінің дамуына зор үлес қосқан белгілі ғалым болды. А. Байтұрсынов - қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаушы.
Жазудың шығу тарихы және даму кезеңдері .
Қазірде біз жазба тілді ауызша тілдегі сөздердің жазбаша түрінде әріптердің тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз . Жазудың тарихына көз жіберсек , әріппен таңбалаудың кейінірек пайда болғанын көреміз . Жазу өте ерте заманда жасалып , мыңдаған жылдар бойы өзгеріп , дамып келді . Жазуды мыңдаған жыл бойы дамып жетілуімен бірге , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазудың жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар бүтіндей сөзді не ызыңды , немесе дыбысты белгілейді . Әрбір жазбаша таңбалық графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады . Жазу жүйесіндегі таңбалардың не бүтіндей хабарлы , не жеке сөзді , не буынды , не дыбыстық белгілеуіне қарай бөлінеді. Жазу - адамның ой - пікірін , сөзін қашыққа және ұзақ замандарға жеткізетін материалдық сызба таңбалардың жүйесі . Жазудың алғашқы нұсқалары өте ерте заманда жасалды . Мыңдаған жылдар бойы дамып жетілумен қатар , оның принциптері де өзгеріп отырды . Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған . Өз ойын жеткізу үшін адамдар әуелде заттың өзін пайдаланған . Алғашқы адамдар жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны , ағаштың қабығын , тағы да басқаларын пайдаланған . Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады . Ол таңбалар тұтас хабарды , не сөзді , не буынды , не дыбысты белгілейді . Әр жазбаша таңбаның графикалық формасы , белгілі бір мағынасы болады .
17. Тіл дамыту міндеттері психо-педагогиканың және лингвистикалық негізі
Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізілген: бірі - мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, окушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жүмыстары жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика жэне фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем қүратып үйрету, сөйлемнің қүрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім бері. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза, әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі
Жазбаша сөйлеу - графикалық жазу таңбалары арқылы іске асады. Жазбаша сөйлеу тілінде адам ойын жай сөйлеммен де, қүрмалас сөйлеммен де бере алады. Жазбаша сөйлеу тілінде белгілі жүйелі байланыс болады. Адам сөйлеммен ойын жүйелі беруде тілдегі түрлі жалгау, жүрнақ, түрлі тыныс белгілерін (нүкте, үтір, қос нүкте, сызықша, тырнақша, леп белігісі, сүрау белгісі т.б.), синоним, омоним, теңеу, салыстыру сияқты тілдік кұралдары пайдаланады.
Ауызекі сөйлеу тілін жаксы меңгерген, оған жаттыққан окушы ойын жазбаша да дүрыс эрі жүйелі бере алады. Бүл екі процесс бір-бірімен бірлікте, байланыста қаралганда, жүргізілгенде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz