Сөз тіркестерін топтастыру


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Маңызды мәселелердің бірі - сөз тіркестерін топтастыру мәселесі. «Қазіргі орыс әдеби тілінің грамматикасында» сөз тіркестері жаңаша топтастырылған. Құрамына қарай сөз тіркестері жалаң сөз тіркесі, күрделі сөз тіркесі және аралас сөз тіркесі болып үшке бөлінеді. Сөз тіркестерін бұлайша топтастыруда сөз тіркесінің құрамында сөздердің саны емес, оның қандай байланыстың негізінде жасалғандығы ескеріледі.
Жалаң сөз тіркесі деп сөздердің бір еселі, екі еселі немесе үш еселі байланысына негізделген тіркесін айтамыз. Жалаң сөз тіркестері екі мүшелі (мысалы: оқушыға беру, шөпті қораға тасу), төрт мүшелі (мысалы: шығарманы орысшадан қазақшаға аудару) болып бөлінеді. Мысалға келтірілген екі мүшелі, үш мүшелі, төрт мүшелі жалаң сөз тіркестерінің құрамындағы сөздердің бәрі де меңгеру арқылы байланысқан.
Жалаң сөз тіркестерінің негізінде күрделі сөз тіркестері мен аралас сөз тіркесі жасалады.
Күрделі сөз тіркестері екі немесе одани да көп жалаң сөз тіркесінің қосындысынан жасалады да, бір ғана ұйытқы сөзге келіп тірелетін әр басқа байланыстардың жиынтығына негізделеді. Мысалы: шығарманы қызығып оқу деген күрделі сөз тіркесі екі жалаң сөз тіркесінен (шығарманы оқу және қызығып оқу) құралып, бір ғана ұйытқы сөзге (оқу) келіп тірелетін екі түрлі байланыс - меңгеру (шығарманы оқу) мен қабысудың (қызығып оқу) түйісуіне негізделген.
Күрделі сөз тіркесі бір ғана ұйытқы сөзге тірелетін екі не одан көп әр басқа байланыс түрлерінің негінде жасалса, аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланыстардың негізінде жасалады. Мысалы, мазмұнды шығарманы қызығып оқу деген аралас сөз тіркесі әр басқа ұйытқы сөздерге тірелетін әр түрлі байланытың негізінде жасалып, бірнеше сөз тіркестерінің түйісуінен құралған.

Үлгі:Shortcut1 Сөз тіркесі ( орыс. словосочетание ) деп толық мағыналы екі я бірнеше сөздің бір-біріне тұлғалық әрі мағыналық жағынан бағына байланысуын атаймыз. [1]

Мысалы: Қайрат балаларға Досанмен болған әңгіменің мән-жайын баяндады деген сөйлемдегі сөздер мына сияқты тіркестерден құралған:

Қайрат баяндады;

балаларға баяндады;

Досанмен болған;

болған әңгіменің;

әңгіменің мән-жайын;

мән-жайын баяндады.

Мұнда әрбір сөз өзін керек қылған, қажет етіп тұрған сөзбен ғана байланысқан. Сөздердің мағыналық байланысын сұрау қою арқылы табамыз.

[өңдеу] Сөздердің байланысу тәсілдері

Сөздер өзара тіркескенде, бір-бірімен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысады:

Сөздер өзара қосымшалар арқылы, әсіресе жалғаулар арқылы, байланысады.

Сөздер бір-бірімен септеулік шылаулар арқылы байланысады.

Сөздер өзара ешбір жалғаусыз, шылаусыз, түбір тұлғаларында тұрып байланысады.

Сөздердің арасындағы мағыналық байланыс кейде дауыс ырғағы арқылы де беріледі.

[өңдеу] Сөздердің байланысу түрлері

Қазақ тілінде сөздердің байланысы бес түрге бөлінеді: олар - қиысу, меңгеру, матасу, қабысу және жанасу.

[өңдеу] Қиысу

Қиысу деп сөзбен сөздің жіктік жалғаулары арқылы және жіктелу ретімен байланысқан түрін дейміз.

Мысалы:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Жекеше
Көпше
1-жақ
Мен оқушымын
Біз оқушылармыз
2-жақ
Сен оқушысың
Сендер оқушыларсыңдар
Сіз оқушысыз
Сіздер оқушыларсыздар
3-жақ
Ол - оқушы
Олар - оқушылар
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
Жекеше
Көпше
1-жақ
Мен оқимын
Біз оқимыз
2-жақ
Сен оқисың
Сендер оқисыңдар
Сіз оқисыз
Сіздер оқисыздар
3-жақ
Ол оқиды
Олар оқиды
ЖекешеКөпше1-жақМен оқушымынБіз оқушылармыз2-жақСен оқушысыңСендер оқушыларсыңдарСіз оқушысызСіздер оқушыларсыздар3-жақОл - оқушыОлар - оқушылар:
:
Жекеше:
ЖекешеКөпше1-жақМен оқушымынБіз оқушылармыз2-жақСен оқушысыңСендер оқушыларсыңдарСіз оқушысызСіздер оқушыларсыздар3-жақОл - оқушыОлар - оқушылар:
:
Жекеше:
ЖекешеКөпше1-жақМен оқушымынБіз оқушылармыз2-жақСен оқушысыңСендер оқушыларсыңдарСіз оқушысызСіздер оқушыларсыздар3-жақОл - оқушыОлар - оқушылар:
:
Жекеше:
ЖекешеКөпше1-жақМен оқушымынБіз оқушылармыз2-жақСен оқушысыңСендер оқушыларсыңдарСіз оқушысызСіздер оқушыларсыздар3-жақОл - оқушыОлар - оқушылар:
:
Жекеше:

Бірінші мысалдағы 3-жақтың арнаулы жіктік жалғауы жоқ, сөздер тек жіктелу ретімен байланысқан, сонымен қатар олардың арасында кідіріс болады, жазуда сызықша қоямыз.

[өңдеу] Меңгеру

Меңгеру деп сөздің ілік септігінен басқа септік жалғаулары арқылы байланысуын атаймыз.

Мысалы: Уикипедияны өңдеу; үлкенді сыйлау; балтамен ағашты жару

[өңдеу] Матасу

Матасу деп сөздердің ілік септігі мен тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуын матаса байланысқан немесе матасу дейміз Мысалы: мектеп үйі, ауылдың малы.

[өңдеу] Қабысу

Қабысу - сөздердің бір-бірімен ешбір жалғаусыз, шылаусыз, тек іргелес тұру арқылы байланысу түрі.

[өңдеу] Жанасу

Жанасу деп алдыңғы сөздің соңғы сөзбен шылаулар арқылы немесе ешбір жалғаусыз, түбір тұлғаларында тұрып, орын жағынан бірде іргелес, бірде алшақ байланысуы аталады.

Сөз тіркесінің зерттелуі
Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В. В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И. П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен» - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. [5, 10. ] Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т. б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ тас - белый камень; жақсы кісі - хороший человек; үшінші жыл - третий год» дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.
«Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады» деп тұжырымдайды Сайрамбаев Т. [6, 4-5. ]
Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ. Басымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш» т. б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т. б. еңбектерін атауға болады.
Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы» деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары» деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни «сөйлем мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған «Қазақ тілі грамматикасы» еңбегінде біраз тоқталған. [7, 58. ] Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксистік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан «Қазақ тілі» еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев «Синтаксис мәселелері» деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор «жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі» - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің «синтаксистік кейбір мәселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын аңғартады. Ал «сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлімінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді. [8, 34. ]
Бұл еңбектерде сөз тіркесі айтылғанымен олардың толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда байланысу формалары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып және одан әрі зерттеліп жатқаны да белгілі.
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мәселесі жөнінде Н. К. Дмитриевтің, А. Н. Кононовтың, Е. И. Убрятовалардың еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса және меңгеріле байланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды. Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің байланысы) 1950 жылдарға шейін тек мектеп грамматикаларының көлемінде айтылып келеді. Онда да сөз тіркесінде толық анықтама беріп оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің жемісі болып отыр.
Сол туралы А. Л. Коклятова: «Сөздердің байланысы септікті және шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі тілдерінде әлдеқашан қолға алынған болатын» деген еді. Алайда арнаулы зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі - профессор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в Казахском языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері, есімді, етісті сөз тіркестерін шылаулы меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мәселелерін жан-жақты дұрыс көрсетеді» деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі түркі тілдерінде сөз тіркестері туралы - бірінші туынды мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген теориялық мәселелерін жан-жақты ашып берді. Негізінде сөз тіркестері туралы жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде профессор М. Балақаевтың еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге бөліп, оның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін олардың басыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз таптарынан болатындығын және ондай кездегі тіркесу қабілетін дұрыс қорытындылайды. [9, 92. ]
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байланысу формалары мен амалдарын және олардың синтаксистік қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына қарай қабысу, қиысу, меңгеру және матасу деп төртке бөліп қарастырады.
Осы күнге дейінгі және осы кездегі көптеген түркі тіліндегі еңбектерде байланысу формаларын дәл орыс тіл біліміндегідей үшке бөліп берушілік басым болып келеді. Әрине, мұндай жағдайда әрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын. Осы тұрғыдан алғанда профессор М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда қазақ тілінде төрт түріне матасу деген байланысу формаларын енгізеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр. Сөз тіркестерін сөйлемнен ажырату - жалпы тіл білімінде негізгі мәселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып, оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мәселе мынада:
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің тіркесін жатқызамыз ба, әлде предикативті қатынасты да жатқызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешковский т. б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің барлық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі бойынша, сөйлем, дегеніміз сөз тіркесінің бір түрі (разновидность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің ешбір айырмашылығы болмайды.
Керісінше, кейбір ғалымдар Буслаев, Потебня, Шахматов т. б. сөз тіркесін жоққа шығарады. Олардың пікірі бойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы және сөйлемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мәселе тек түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексикология, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де сөйлемге де негіз болады. Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде, сөз тіркесін құруға негіз болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірі тіркестіріп, оны жетілдіре түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лексикология, семасиология, стилистика, сөз таптары және сөйлем мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің ортақ басыңқы сыңары
Етістікті сөз тіркесінің байланысуы
Сөз тіркесінің синтаксисі
Ағылшын және қазақ тілдерінің байланысуы
Тұрақты тіркестерді аударудағы лингвомәдени аспект
Қазақ тіліндегі кейбір жұрнақтардың сөз бен сөзді байланыстыруы
Сөз тіркесін зертеушілер
Сын есімді тіркестер
Сөз тіркесі және ондағы өзгерістерді үйрету жолдары
Фразеологиялық бірліктердің көлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz