Бастауыш сыныпта информатика пәні


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
А. П. Ершов
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 22 қыркүйекте қабылданған “Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы” құжаты мектеп информатикасының мазмұнына үлкен өзгеріс әкелді. Ол бағдарламаның негізгі мақсаты оқушылардың әлемдік ақпараттық білімін қалыптастыруға негізделген. Ал, оны жүзеге асырудың негізгі көзі мектеп информатикасы. Бұл пәнді оқыту 12 жылдық мектептің бастауыш буынының оқу жоспарына 2-сынып бастауыш информат-ы пәннің енгізілуіне байланысты Қазақстанда тұңғыш рет қолға алынып отыр.
Осыған орай бастауыш сыныпта информатика пәні 2-4 сынып аралығында ұйымдастырылып, оқушылардың компьютерлік сауатылығын, және ақпараттық білім беруі негізделген. Бастауыш сыныпта оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар деп мұғалімнің оқушылармен сабақтан бос уақытта жүргізетін жұмыстармен сабақтан бос уақытта жүргізетін жұмыстар жүйесін айтамыз. Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады.
- оқушының іс-әрекетте нәтижеге жетуіне сенімді қалыптастыруда;
- шығармашылық ой-өрісін кеңейтуде;
- өзіндік жұмыс істеу біліктерінің қалыптасуында;
- дербес жұмыс істеу дағдысын жетілдіруде.
Сыныптан тыс жұмыс мазмұны әр түрлі іскерліктерді, дағдыларды жетілдіруге бағытталады. Олар оқу-дағдыларын жетілдіреді, өзіндік жұмыс ұйымдастыруда ізденімпаздығын, дербестігін, танымдық біліктерін дамыту, этиикалық нормаларды сақтау іскерлігін меңгереді. Сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар пәннің негіздерін оқушыларға үйретіп ғана қоймайды, сонымен қатар болашақтарды өмірге әзірлеп, компьютерлік қазығушылығын арттырып, жаңа ақпараттық түсініктерді қалыптастыруына көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі таңда жаңа мазмұнға ие болып отыр.
Бірқатар мектептер сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың көбісі қатысатын атап айтқанда, кештер, қарапайым ойындар өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсенділіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді. Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызығушы етіп жүргізуде пән апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, ойындар, жарыс кештері т. б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе, оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстары: мектепішілік пәндік олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар, тапқыштар, жарыс кештері өткізіледі. Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарды да сол ғылымды сүйене білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын жағдайға негіз қалау қажет.
Информатикадан сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды екі топқа бөлуге болады.
1) Бағдарламалардағы материалдарды толық түсінбеген оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
2) Информатикадан қабілеттері жоғары компьютерге қызыққан оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.
Бірінші бағыт білім деңгейі, компьютерде жұмыс істеу біліктілігі төмен деген оқушылармен жүргізіледі. Яғни мұғалім сыныптан тыс жұмысты сабақтан кейін қосымша кесте түзіп, оқушыларға күнделікті берілген тапсырма нәтижесін қадағалау арқылы және қосымша дәріс беру арқылы жүргізіледі. Қалыс қалған оқушылармен дайындық жұмыстары мүмкіндігінше жүйелі түрде (аптасына 3 немесе 4 рет) компьютерде жұмыс істеуді, бағдарламаны қолдану жолдарын әрқайсысына жеке жеке үйрету арқылы өтеді. Қайталау жасалған соң оқушылардың білім деңгейлік дәрежесіне толық көз жеткізу үшін қандай да бір іс-әрекетті олардың өз бетінше орындауын талап еткен жөн. Информатика мұғалімі әр тақырып бойынша оқушылардың үлгермеу себептерін анықтап, кемшіліктеріне талдау жасауы тиіс.
Екінші бағыт оқушылардың компьютерге қызығуын арттыру: бағдарламада қамтылған материалдарды кеңірек және тереңдетіп оқыту: ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету; компьютерді ғылым мен өндірісте, тұрмыста, жалпы адамзат қызметінде пайдалана білуге баулу мақсатында өткізледі. Бұл бағыт бойынша сыныптан тыс жұмыстың мынадай түрлері бар.
1. Информатикалық үйірме.
2. Информатикалық олимпиадалар.
3. Информатикалық кештер.
4. Информатикалық викториналар, конкурстар.
5. Компьютер жайлы әдебиетті оқу.
6. Оқушыларды ғылыми жұмысқа тарту.
Екінші бағытқа жақсы оқитындар қатысады, әрі олардың саны шектеулі болады, себебі бұл басқалардың үйірмеге қатысуға деген қызығуын туғызады. Үйірменің алғашқы отырысында оның төрағасы сайланып, үйірменің жұмыс жоспары жасалды.
Олимпиада және оған дайындық. Информатика, пәнінен олимпиада өткізудің мақсаты дарынды, жан-жақты білімді оқушыларды анықтау; мектепте информатиканы оқыту үшін белгілі бір бағытты анықтау.
Олимпиадаға дайындық жүргізу әдістемесі. Дайындықтың ең жақсы түрі сабақты олимпиада ретінде өткізу. Бұл оқушыны психологиялық тұрақтылыққа жаттықтырады. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың т. б. түрі ойын әрекеті.
Ойын әрекеті адам іс-әрекеті жетекші көрінісінің бір түрі. Ол кіші мектеп жасындағылардың өмірінде маңызды рөл атқарады. Ойынның қыр-сырын философртар мен әлеуметтанушылар, психологтарға арналған ойындарды зерттеген іргелі еңбектерінің бірі Д. Элькониннің “Ойындар психологиясы” деп аталады. Онда ойын әрекеттері жөніндегі теориялардың негізгі материалдары қамтылып, түрлі ойын теорияларына талдау жасалынады, отандық психологтарда қалыптасқан ойын ұғымдары теориялық және эксперименттік жағынан негізделген. Ойын үстінде бала санасын дамыту тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан көптеген педагогтер ойындарды оқу үрдісіне міндетті түрде енгізу жайында айтады. Я. Коменский өзінің “Ұлы дидактикасында” “Баланың бойында білімге деген құштарлықты арттыру үшін қажет деген ең қарапайым тәсілдің өзі табиғи болуы шарт. Оның үстіне осы тәсілмен қабілеттері оянды үшін оны ақылдылықпен жандандырып, бойына жағымды өткізіп жеткізе білу керек. Түсіндірілген қандай маңызды болса да, әңгімелесу, сайыс, жұмбақ жасыру немесе мысал мен аңыз мазмұнында өткізілген жөн” деп жазды.
Компьютердің дүниеге келуімен қатар компьютерлік ойындар да пайда болды. “Компьютерлік ойын” термині аясында ережемен шектелген және мақсатқа жетуге бағытталған ойыншы мен компьютер арасындағы тығыз байланысқа негізделген ойын түрі деген ұғымды түсінеміз.
Қазіргі кездерде ойын тәсілдерін пайдаланып сабақ өткізу орыс тілі, математика, тарих, т. б. сабақтарда жиі қолданылып жүр. Өкінішке орай, информатика сабағьнда ойындарды пайдалану өріс алмай келеді, мұндағы ойын тәсілдерін пайдалану тек бастауыш сыныптарда қолданылып, ол да тек компьютерлік ойындармен ғана шектеліп келеді. Сол себепті балалар психикасын компьютерді дұрыс пайдаланбаудан сақтау күннен күнге етек алған өзекті мәселеге айналып отыр. Өйткені уақыт өткен сайын компьютерге тәуелділік пайда болып, одан тыс ойындарда психологиялық дискомфорт кездесетіні белгілі, ал қалыпты жағдай олар тек компьютерге отыру алдында немесе содан кейін ғана қальптасады. Осыған орай қалыпты түрдегі өткізілетін оқумен қатар сабақ үстінде әртүрлі оқып-үйрету істерін жетілдіретін ойындарды пайдаланған дұрыс.
Ондай ойындарға ребустар және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыратын, белгілі бір мәселенің шешуін ойланьп іздеп табуды керек ететін есептер жатады.
Мұндай ойындар негізіне информатика терминдерін жатқызуға болады. Олар лексиканы бекітіп, пәнді көпшілікке таныту істерін жақсартады. Ойындар балалардың логикалық ойлау қабілетін арттырьп, сөз байлығьн, елестету мүмкіндігін, қалыптан тыс ойлауын, сөздерді жадында сақтауды жетілдіреді.
Ойындарды ұйымдастыруға сабақтың көп уақыты кетпейді, бірақ олар оқу процесінде белгілі бір тәрбиелік жетілдіру маңызы бар шараларды жүзеге асыруға көмектеседі. Балаларға анаграммалармен жұмыс істеген ұнайды. Оларды жалпы курс бойынша немесе өтіліп жатқан тақырыпқа байланысты құрып, сабақты қайталау кездерінде пайдалануға болады. Мысалы, "Сөздер" деген ойын кейбір түсініктер атын жасырып, анаграмма құрып, оларды карточкаларға жазу арқылы ұйымдастырылады. Сол сөздегі әріптердің орнын ауыстыра отырып, олардың барлығын да қолдану жолымен информатикаға қатысты терминді құрастырьп, мағынасына түсініктеме беру керек болады. "Қай сөз артық?" ойынында балаларға бірнеше анаграммалар жазылған карточкалар таратылады да, олардағы сөздерді тағы да барлық әріптерді пайдалана отырып, артық сөзді табу қажет. Мысалы, ТЕРЧЕСВИН, ТАКЕДИС, АКТПКОМКСДИ, СОРСЕЦПРО сөздері (винчестер, дискета, компакт-диск, процессор) берілген. Оларға "Процессор" ақпарат өңдеуге арналған құрылғы, қалғандары "сыртқы жады" деп түсінік беруге болады.
Пәннің терминологияларын игеруге ребустар мен кроссвордтар да көмектеседі. Олар екі бөліктен "шешуден және құрастьрудан" тұрады. Ребустардьң пайдалы жағы терминдерді басқа түрде көрсетеді. Оларды жаңа тақырып өту кезінде қолдануға болады, жаңа сөзді айтып, оларды қызықтырып, артынан мағынасын ашу керек. Осылай етіп түсіндірген терминдер көбіне есте жақсы сақталады. Ребустарды қайталау сабақтарында да шешіп, олардың мағынасын оқушылардың түсіндіруі қажет.
Ребустарды құрастыру - мұғалім үшін де, оқушылар үшін де күрделі, әрі қызықты тапсырма. Оқушылар үшін ол үлгеріміне қарамай-ақ, өзін-өзі таныту мүмкіндігі, ал мұғалім үшін оқушы мінезін зерттейтін ғылыми лаборатория іспеттес.
Салынған суреттерге қарап отырып, осы кездерде баланың қандай күйде жүргенін білуге болады, мұндай пайымдауларды оқушылар тәрбиесінде пайдалануға, сынып жетекшісінің баланың жаңа қырын-сырын білуге мүмкіндік береді.
Тақырып өту барысында балаларға бүгінгі тақырыпқа 5 ребус құрып келу керек деп айтылды. Оны балалардың көпшілігі орындайды. Істелген жұмыс жоғары бағасьн алады, ал жұмыс орындалмаса, ол ойлануды керек ететін мәселе.
Кроссвордтар шешу - оқудың кез келген кезеңіне керекті ой жұмысы. Олар ұмытылып кеткен материалдарды еске түсіріп, жаңаларьн үйренуге көмектеседі. Бұл ойьн түсінік берілген викторина ойынына ұқсас болып келеді. Кроссворд әрбір балаға пайдалы, олар оқушының білім деңгейін кеңітеді, күннен күнге көбейіп келе жатқан ақпарат әлемін түсінуге көмектеседі. Кроссвордты шешу жадты жетілдіреді, оқулықтармен, басқа әдебиетпен жұмыс істеуді үйретеді, тез шешім қабылдауға да жетелейді, білімді тереңдету керек екендігін білдіреді, бастаған істі аяғына жеткізу керек екендігін де түсінуге жетелейді.
Кроссвордтарды да қайталау кезінде қолданса болады, балалар оларды өздері толтырады. Егер сұрақтар туындаса, олар бір-бірімен ақылдасады, терминдерді еске түсіреді, әйтеуір шешімін табады. Оқушылардың бір-бірімен араласуы да күшейеді. Сыныптан тыс жұмыста мынадай ойын түрлері қолданылады:
Аркадты ойындар. "Аркадты" сөзі ойын-сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған. Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көзөлшемін, уақытты үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді.
Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынның "аdventurе" - шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның "аdventurе" атауына байланысты аталған. Кей кезде шытырман ойындар деп те атайды. Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz