Психотерапия



1 Фауна және терапия
2 Анималды терапия немесе зоотерапия . дәстүрлі емес әдіс
3 Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді.
Психотерапия (гр. psyche — жан + therapeia — емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия — кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары — психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік,гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия — психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері — гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[1]

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Психотерапия[өңдеу]
Уикипедия -- ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Психотерапия (гр. psyche -- жан + therapeia -- емдеу). Қысқаша айтқанда психотерапия адамды (пациентті) психологиялық құралдардың ықпалымен емдеу дегенді білдіреді. Психотерапия -- кең өрісті мағынасы бойынша сау адамдарға (клиенттерге) әр түрлі психологиялық қиын жағдайларға немесе психикасын өңдеуге көмекті қажетсінгенде жәрдем беруді іздейтін ғылым саласы. Ондай көмектерді жеке-дара немесе топты формада маман ұйымдастырады. Қазіргі кезде психотерапия адамның, тұлғааралық қатынастың, топтық үрдістердің болмысына байланысты әр түрлі теориялық-әдіснамалық бағыттары -- психоаналитикалық, необихевиористік, когнитивтік,гуманистік, нейролингвистикалық бағдарламалау (НЛБ) және т.б. бар. Психотерапия -- психология мен медицина аралығындағы, адамдарға іс жүзінде әсер ету әдістері мен теориялық білімдер саласы. Психотерапия ауру адамдарды емдеу мақсатында қолданылатын психологиялық құралдар ережелерін қарастырады және оларды зерттейді, сипаттайды. Психотерапия адам әр түрлі психикалық ауруға, жүйке ауруына және т.б. эмоциялық тұрақсыздық күйіне ұшырағанда, оның көмескіленген ойлау жүйесі мен сана-сезімін ауызша және әсерлі қимыл-әрекетпен ықпал ету арқылы емдеудің жүйесі. Психотерапия кеселге ұшыраған адамның өзіне және қоршаған ортасына деген дұрыс қатынасты қалыптастыруға бағытталады. Психотерапияның клиникалық тәсілдері -- гипноз, аутогендік жаттығу, иландыру, өзін-өзі иландыру, зейнелі терапия. Емші мен аурудың өзара түсінісуі, отбасы мен ұжымдағы сыйластық шипагерліктің әрбір адамға деген оң ықпалын арттырады. Адамдар арасындағы жағымды мінез-құлықтар әлсіреген адамның өзін-өзі дұрыс тануына себепші болады.[1]

Фауна және терапия
Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр.
Латын тілінен аударғанда animal - жануар, яғни, хайуанаттар, ал анимал терапиясы - хайуанаттардың және олардың бейнелерін пайдалану арқылы психофизиологиялық, психотерапевтік және бейімделу көмегін көрсететін терапия түрі.
Бұл терапияда хайуанаттардың суреттері, бейнелері ертегі кейіпкері ретінде, ойыншық түрінде, әрине, араласқанда қауіпсіздігі қамтамасыз етілген табиғи кейпінде де қолданылады. Жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады.
Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді.
Қашан? Қайда? Қалай?
Анималды терапия немесе зоотерапия - дәстүрлі емес әдіс.
Хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Бұған әр құрлықтан табылған тасқа басылған суреттер дәлел бола алады. Ал суреттер мәтіні ХІХ ғасырдың соңында оқылды.
Ежелгі египеттіктердің папирусында емдеу мақсатында мысықтарды пайдалану әдістемесі жазылған.
Шамамен 3000 жыл бұрын ежелгі гректер жаралы жауынгерлердің әдеттегіден гөрі тезірек жазылуына көмектескен иттің емдік қасиетін анықтаған.
Ежелгі Үндіде дәрінің орнына құс әуенін тыңдауды ұсынған.
Ғалымдар ұмыт қалған ежелгі рецепттерді жаңғыртты. Б.э.д. V ғасырда Гиппократ қоршаған ортаның адамға әсерін байқап: Ат үстінде жүру - тек қана жаралы адамды ғана жазып қоймай, меланхоликтерге жаман ойлардан арылып, керісінше, көңілін сергітіп, жақсы ойлар ойлауға жәрдемдеседі, - депті.
Анималды терапияны 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Мұнда жануарлар -емдеу процесінің бір бөлігі деп саналады.
Негізі жануарлармен емдеу терапиясы ХХ ғасырдың екінші жартысында кеңінен етек ала бастады. Бұл әдістің пионері, америкалық балалар психиатры Борис Левинсон, ол 1962 жылы өз итін терапевтік сеанста пайдалана бастаған.
Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданады екен. Ал Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдалананып сеанс жүргізеді.
Хайуанаттар терапиясы мақсатты және мақсатсыз болып екіге бөлінеді.
Мәселен, ертеден қазіргі кезге дейін кейбір адамдар үйлерінде мысық немесе ит асырайды. Мұнда адамдар үй хайуанаттарының адам психологиясы мен псхикасына әсері барын білсе де, оны арнайы үйретіп, белгілі бір мақсатқа пайдаланбайды.
Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат емдеуші терапевтке айналады.
Енді зоотерапия мен олардың арасындағы емдеуші терапевтерге жекелей тоқталайық...
Дельфин ойыны
Суда әдемі қылықтар көрсетіп, әлсін-әлсін су бетіне секіріп шығатын бұл хайуанаттың ойынын қызықтағанды кім ұнатпайды?
Оның түрлі ойынын қызықтаған адам психологиялық күйзелістен арылып, көтеріңкі көңіл күйге қол жеткізеді. Дельфинмен тіл табысқан адам шаршағанын ұмытып, ойлау қабілеті жақсарады, дағдарыс жағдайында тез әрі дұрыс шешім қабылдайтын болады.
Дельфинмен емдеу, әсіресе, апатты жағдайларды, мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия. Олардың пациенттері - кәсіпкерлер, шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар.
Сүлікпен емдеу
Тері бетіне жабысып алып, қан соратын бұл жәндікті көргенде денең түршігеді.
Алайда, пайдасы зор сүлік салу ғылымда гирудотерапия деп аталады.
Латын тілінен аударғанда gerudis сөзі сүлік дегенді білдіреді. Гирудотерапия кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топтық психотерапияның қалыптасуы
Психотерапиялық әдістер мен техникалардың қазіргі жағдайы
Когнитивтік психотерапия
Психотерапияның адам жан дүниесіне әсер етуі жөнінде
Психикалық сырқат жасөспірімдерді тексеру әдістері
Психология теориялық негіздеріне арналған сұрақтар
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәні бойынша СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Психологияның салалары фундаменталды және қолданбалы. Психологиялық кеңес беру, психотерапия, психокоррекция 1
Когнитивті психотерапия
Патопсихология пәні және мақсаты
Пәндер