Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық - психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бұл заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістерді сабақ үрдісінде тиімді пайдалана алатын білігі мен білімі жоғары ұлағатты ұстаз болу керек деген сөз.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс - тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру.

«Білім беру технологиясы» - ұғымы білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым - қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына - оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады.

Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану

Білім саласындағы міндеттерді жүзеге асыру үшін, мектеп ұжымында әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерді сабақтарында енгізіп отырады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің түрлі тәсілдері әртүрлі білім жетілдіру курстарында оқытылып отырады. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарын Кембридж университетінің білім берудегі тәсілдерін үш деңгейлі курс арқылы жалпай оқыту қолға алынған. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған жеті модуль туралы қысқаша:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

Білім беру - жекелеген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. Бағдарлама жалпы алғанда әлемдік дәрежеге жету мақсатын көздей отырып, жаңаша қырда қолданылатын технологияларды тиімді пайдалану.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау -одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар өздерінің қандай мақсатқа жететіндерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

4. Оқытуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқу

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді. Сол себепті бастауыш сынып оқушыларына сергіту сәтін жүргізуде жас ерекшеліктерді ескеріп отырып орындату қажет.

7. Білім беруді басқару және көшбасшылық

Оқытудың жаңа технологияларын педагогикалық процесте пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Осы орайда, білім берудің мақсаты - қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру - білім беру мекемелерінде жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Білім беру мекемелерінің алдына қойып отырған мақсаты - инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту бағытында жеке тұлғаға жүйелі, нақты білім беру. Алайда, инновациялық педагогикалық технологияларды қажетті деңгейде қолдану және осы арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін, шығармашылық қабілетін қоғамдық сұранысқа сай қалыптастыру барлық білім беретін мекемелердің дағдылы ісіне айнала қойған жоқ. Әлі де болса көптеген оқу орындары оқыту процесін ұйымдастыру мен жүргізуде оқытудың дәстүрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланумен шектелуде. Инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы.

Инновациялық педагогикалық технологияларды теориялық және ғылыми-қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы етіп, оларды оқу үрдісін жетілдіру бағытында қолдану мәселелерімен В. П. Беспалько, К. Ж. Бұзаубақова, Қ. А. Сарбасова, М. М. Жанпейісова, Ш. Таубаева, Л. А. Шкутина және т. б. ғалымдар айналысты.

«Технология» - ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы сияқты психологиялық-педагогикалық ұғымдармен байланысы саналуан. Жоғарыда аталған технологиялардың қай түрі болмасын, өзінің мәнін анықтап, сипаттама беруді қажет етеді. Қазіргі кезеңдегі ғылыми айналымда «технология» және технологиямен байланысты жеке ұғымдарға берілген анықтамалар баршылық. Алайда білім беру жүйесінде дәл қазіргі кезеңде жүріп жатқан процестердің технологиясының мәнін ашып, түсіндіретін жалпы анықтама әлі де болса бір жүйеге келген жоқ

Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» - деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады.

«Технология» ұғымы «тehne» - өнер, шеберлік, «logos» - ілім, білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология» - терминін - өнер туралы ғылым немесе шеберлік туралы ғылым - деп аударуға болады.

Жаңа ғасырдағы білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары

Қазіргі заман талабына сай білім беру- бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл-ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру, қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

«Біз өзіміздің болашағымызды, жеке балаларымыздың болшағын қандай күйде көргіміз келеді осыны айқындап алатын уақыт жетті» деп көрсетілген Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық бағдарламасында. Сондықтан еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру ел болашағы-жас ұрпақты жаңа инновациялық әдісте рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру қажет. Білім мен тәрбие ажырамас егіз ұғым. Ұлы данышпан Әл-Фараби «Тәрбиесіз берген білімнің күні қараң» деген сөзі осынын дәлелдесе керек. сондықтан бүгінгі ұрпақтарға, білім-ғылым нәрін берумен қатар, өз халқымсыздың тығылым қағидаларын жеке тұрғыда үйретіп, игерудің маңызы зор. Себебі, бүгінгі бала ертеңгі ата-ана, бала тәрбиелеуші, халық өкілі, ел намысын қорғаушы, ата- бабалардың ісін жалғастырушы мәңгілік күш. сол себепті жалпы білім беретін орта мектептерде бұл мәселені жолға қою, яғни егеменді елімізге қазақ қоғамын қалыптастыру -басты міндет.

Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі таңдағы жас ұрпақтың білімін терең әрі жан-жақты болғанына не жетсін. елбасы 2030 жылға арналған бағдарламасында жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оны дамытудың ерекшелігі айтылған. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияның түрін, қолдану ерекшелігін ендіруді міндеттеп отыр. Ал инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгерістер. Педагогикалық инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі. Демек, әрбір сабақ - оқу үрдісіндегі шешуші буын, сондықтан ол- оқытуды жетілдіру, қажетті түрлендірулер мен мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын орталық, сонымен бірге жоғары шеберлікті үнемі қажет ететін, дамуды керек ететін, даму үстіндегі сапалы оқуды іздестіретін үрдіс. Осыған орай, оқыту барысында әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде:

Ø Іскерлік ойын технологиясы

Ø Проблемалық және интеграциялап оқыту;

Ø Шаталовтың интенсивті оқытуы;

Ø Дьяченконың ұжымдық технологиясы

Ø Эрдниевтің блоктап оқытуы;

Ø Деңгейлеп оқыту;

Ø Модульдеп оқыту;

Ø Дамыта оқыту технологиясы және т. б.

Ал енді жоғарыда айтылған оқытудың педагогикалық технологияларын оқу-тәрбие процесіне біртіндеп енгізетін болсақ, онда білім сапасын арттыруға, оқушылардың дамуына бақылау жасауға, оған сәйкес бағалауға, басқару тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік болатыны дәлелденіп отыр. Сондықтан да бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқантәжірибелердің басты міндеті дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып отыр.

Математикалық ойындар- сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандайда түрі болмасын өзіне тартады. сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеттері бірдей болмайды. Сондықтан да математика сабағынада әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын арттырудың бір-көзі - математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілеттерін арттырады. “Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты” деп В. Ф. Сухомлинский айтқанындай ойын ақылды, ойды, тапқырды алғырлықты дамытады. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштасшытруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде қолдануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақытта жүзеге асырылып, сабақ кездерінде нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ж. Қараев оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөліп отыр:

1. Репродуктивті деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерінде және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2. Алгоритмдік деңгей. Мұнда оқушылар мұғалімнің түсіндіруімен қабылдағын жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырманы орындауға оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі қажет.

Мен бұл әдісті өз сабақтарымда қайталау қорытынды, жинақтау сабақтарында жиі қолданамын. Әсіресе, оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырумен құнды деп есептеймін. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында өзара бәсекелесе отырып жұмыс істейді.

Іс-әркеттің ең өнімдісі- 3, 4 деңгей, яғни эвристикалық, шығармашылық сатылары. Бұл технология бойынша оқышының осы шығармашылық сатыға жету жолдары тек мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырады. Технологияның негізі де, тиімділігі де осында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ - КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ
Кәсіптік білім беру мекемелерінде оқытудың жаңа технологияларын қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Технологияның артықшылықтары
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Бастауыш сынып білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану
Оқытудың ақпараттық және бейнекомпьютерлік орталары
Компьютер - оқыту обьектісі
Оқу үрдісінде АКТ-ды пайдалану. АКТ анықтамасы және түрлері
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТЫ ҚОЛДАНУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz