Қазақ терминологиясы және оның зерттелуі мен дамуы



Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3 . 7

I тарау. Қазақ терминологиясы және оның
зерттелуі мен дамуы... . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . 8 . 25
1.1 Заң термиологиясының зерттелу жағы. . . . . . . . . . . . . . . . . 8 . 25

II тарау. Заң терминдерінің қалыптасу және даму
жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 26−59
2.1. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ
тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін
атаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .26 . 49
2.2. Заң терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай.күйі.. . . . . . 50 . 53
2.3. Заң терминдерінің жасалу(шығу) көздері немесе
шығу тегі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 54 . 59

III тарау. Заң терминдерінің лексика . грамматикалық
табиғаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60 . 75
3.1. Лексикалық табиғаты.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 60 . 70
3.2. Грамматикалық табиғаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 71 . 73
3.3. Заң терминдеріндегі жаңа атаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 74 . 75

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .76 . 78

Пайдаланған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .79 . 83
Кіріспе
Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.
Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен оның тірек болар үш тағаны – жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын көпірі), ономастика (жер бетіндегіескерткіші), терминологиясы (оның баю, жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет." /1.3/ деген пікірі орынды айтылған.
Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері, ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі түрде шұғылдана бастады.
Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927), Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический словарь (Т.2), М.Исламбеков, Алма-Ата, Изд.Ан Каз.ССР, 1960), Краткий русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т.Абетов, Алма-Ата, Изд. Ан Каз.ССР.1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических терминов (С.Кеңесбаев, Т.Жанузақов, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің орысша-қазақша сөздігі ( Б.Бірімжанов, С.Омаров, Алматы, 1969), Орысша-қазақша қоғамдық – саяси термиологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан" баспасы, 1974).Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. (Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т.б.
Қазақ термиологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру, тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда үлкен қажеттілікке айналып отырған термиология мәселесі, оның ішінде заң терминдерінің мәселелері терең зерттеуді қажет етеді.
Тақырыптың өзектілігі: Терминология мәселесі, оның ішінде салалық термин мәселесіне аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу бүгінгі күннің зор талабы ретінде жұмысымның өзектілігін белгілейді.
Терминология – үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан, термиологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, Н.А.Баскаковтың, В.И.Сифоровтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Б.О.Орузбаеваның, М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні зор болды.
Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев, Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, С.Исаев, т.б еңбектерінде термин жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин жасау мәселесі жолға қойылды.
• Салалық термиология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері болды. Атап айтқанда ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай әрбір өркениетті елдің термиологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс.
• Екіншіден, қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің негізі болса, терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс.
• Үшіншіден, қазақ тілі термиологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр./1.4/. Термин практикасы аяқасты болып, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алып отыр
Демек, қазіргі кезеңде мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің табиғатына сай жаңаша қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты мақсат.
Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға, салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып, соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін терминология саласының бірі – заң терминдері.
Республикамызда заң мамандарын дайындау XX ғасырдың 20-жылдарының аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап қазақ мемлекетінде заң саласындағы терминдер қалыптаса бастады.
Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т.б осы сияқты көне атаулар архаизмге: кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б. сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.
Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен, қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады. Мысалы, күә, халық соты, заң, шағым, бас бостандығы, қоғамдық тәртіпті қорғау, бап, құқық, еңбек тәртібі, борыш, жауапкер, талап арыздары, айыпкер, жаза, қылмыс, азаматтық істер, меншік, сот үкімі, сот билігі, қарсы талап, айғақ, куәлар, айыптаушы, аса ауыр қылмыс, тағы басқа сөздер бірер жылдың жемісі емес, халықтық қолданыста бар, кейбірі бұрыннан-ақ терминдік мән алған сөздер. Тілді жаңа термин байытудың ең тиімді де өнімді жолы сол тілдің көрнекті тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлданған.
Осы кезге дейін бізге мәлім боып келген заң терминдерінің шығу тегі, жасалу жолдары да түр-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер жалпытүркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік ұғымды білдіретін "хан","тархан", "бек" сөздері көне түркі дәуірінен белгілі. "Жала", "құн", "айғақ", сияқты қылмыстық құқыққа қатысты сөздер байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "компетенция", "күә", "шара", "айып" сөздері – басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық шежіресімен астасып жатады.
Сондықтан заң терминдерін бір ізге салудың, оларды қалыптастырудың маңызы зор. Бұл салада істелген біршама жұмыстар да бар.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қайдаров Ә. Қазақ термиологиясына жаңаша көзқарас.
Алматы 1993, 99-112
2. Жубанов К. Исследования по казахскому языку
Алматы, 1960, 285-б
3. Прохорова В.Н. Актуальные проблемы современной
русской лексикологии. М.,Изд. МГУ. 1973,
с.10
4.Винокур Г.О О некоторых явлениях словообразования
русской технической терминологии.
(труды)
5. Щеглова Н.А. К вопросу о грамматических средствах
терминологизации русских глаголов и
профессиональной речи. Уч. зап. МОПИ.
1963, т. 38. Вып. 8
6. Оруджев А. Г. О создании научной терминологии и об
упорядочении существующих терминов на
азербайджанском языке. Изд. АН АзССР,
№12, 1951. С. 12.
7. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен
қалыптасуы. Алматы, 1988. 10, 12.
8. Ахманова О.С. Словарь лингвистических терминов.
Изд. "Советская энциклопедия". М., 1966.
С. 18.
9. Алдашева А. Жаңа атаулар. Алматы,
Сарыбаев Ш
Уәлиев Н. "Ана тілі", 1992.
10. Кенжебаев Б. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық
мәдениет. Алматы, "Жеті жарғы", 1997.
11. Даниленко В. П. Русская терминология. М., "Наука", 1977.
12. Лотте Д. С Вопросы заимствования и упорядочения
Иноязычных терминов и термино-элементов.
М., 1982, с. 147.
13. Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы, "Рауан", 1997. 13, 14, 16,
53, 64, 67, 116, 155, 166, 179.
14. Толыбеков К. Кочевое общества казахов в 18-19 в. Алматы,
1971.
15. Әбілқасымов Б. XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің
жазба нұсқалары. Алматы, "Ғылым", 1992. 27-74
16. Абай тілі сөздігі. Алматы, "Ғылым", 1968.
17. Ағыбаев А. Қылмыстық құқықтың орысша-қазақша термин-
Баймұрзин дерінің сөздігі. Алматы, 1994
18. Ерғазиева Н. И. Вопросы изучения официально-деловой речи.
В кн: Преподавание русского языка казакских
группах вузов. Алматы, 1974. (вып.7)
19. Әбдірахманов Ә. Бекітілген терминдер мен атаулар. Алматы.
"Қазақстан", 1976.
20. Әбдірахманова Ә. Тіл мәдениеті және терминология. Алматы,
"Өнерлі өнер", 1976.
21. Әбдірахманова Ә. Терминдерді дұрыс пайдаланайық. "Социалис-
тік Қазақстан", 1973, 25 желтоқсан.
22. Сызздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы. 1995. 196
23. Зиманов С. Общественный строй казахов первой поло-
Вины XIX века. Алматы, "Наука", 1958. 27, 154,
155, 200, 442, 466, 576, 577,
24. Зиманов С. Политический строй Казахстана конца XVIII и
Первой половины XIX века. Алма-Ата, 1960, 27,
42, 54, 64, 66, 193, 201, 225.
25. Заң терминологиялық сөздігі. Алматы, 1964. 59, 78
26. Байсалов С. Заң терминдерінің орысша – қазақша сөздігі.
Құдайбергенов Ұ Алматы, 1960. 11, 55
27. Байсалов С., Русско-казахский толковый словарь юридических
Уәлиев М., терминов. Алматы, "Казахстан",
Сапарғалиев Г. 1984.
28. Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы, Ғылым, 1987
29. Бәйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың
негізгі принциптері мен міндеттері.
(Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1- кітап)
30. Бәйішев С. Термин және терминдерді қолдану туралы.
"С.Қ", 1947, 11 шілде.
31. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілі негіздерін қалыптастыру.
1997, 6-10, 11
32. Дулатбеков Н. О Заң терминдерінің қазақша-орысша, орысша-
қазақша сөздігі. Алматы, 1995. 7- 42.
33. Ибраева С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы.
Алматы, 1983, 236-б.

34. Исаева С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы.
Алматы, 1983, 236-б
35. Кенжалиев З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.
Даулетова С. О Алматы, "Жеті жарғы", 1996.
Андабеков Ш. А
Әділбаев М. К.
Тоғжанов Е. Л
36. Қазақ Кеңес энциклопедиясы. Алматы, 1977.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 3 - 7

I тарау. Қазақ терминологиясы және оның

зерттелуі мен дамуы... . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . .
. . . . . 8 - 25

1.1 Заң термиологиясының зерттелу жағы. . . . . . . . . . . . . . . . . 8 -
25

II тарау. Заң терминдерінің қалыптасу және даму

жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 26−59

2.1. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ

тіліндегі заңдық, құқықтық ұғымдарды білдіретін

атаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . .26 - 49

2.2. Заң терминдерінің Кеңес өкіметі кезіндегі жай-күйі.. . . . . . 50 - 53

2.3. Заң терминдерінің жасалу(шығу) көздері немесе

шығу тегі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 54 - 59

III тарау. Заң терминдерінің лексика - грамматикалық

табиғаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 60 - 75

3.1. Лексикалық табиғаты.. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 60 - 70

3.2. Грамматикалық табиғаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . 71 - 73

3.3. Заң терминдеріндегі жаңа атаулар. . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . 74 - 75

Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . .76 - 78

Пайдаланған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . .79 - 83

Кіріспе

Өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет ретінде өркениетке қадам басқан
Қазақстан Республикасы бұл күндері ана тілімізге, оның тағдырына ерекше
көңіл бөлуде. Әсіресе, мемлекеттік мәртебеге ие болып отырған қазақ тілінің
қоғамдық қызметін жандандыру, қалыптастыру басты мәселеге айналды.

Осы орайда оның негізі туралы академик Әбдуәли Қайдаровтың "Ең алдымен
оның тірек болар үш тағаны – жазу-сызуы (ұрпақ арасын жалғастырыр алтын
көпірі), ономастика (жер бетіндегіескерткіші), терминологиясы (оның баю,
жаңару көзі) берік емес екендігін мойындау қажет." 1.3 деген пікірі
орынды айтылған.

Еліміздегі қарқынды қоғамдық әлеуметтік өмір туғызып отырған күнделікті
қызметтегі қолданыстың қажеттілігін мынадан көруге болады: Бұрын термин
жасау жұмысымен тек лексикографтар мен лексикологтар, шет ел тілдерінің
мамандары аудармашылар айналысса, қазіргі ғылым мен техника заманында-
логигтар мен математиктер, физиктер, медицина қызметкерлері,
ауылшаруашылығы ғылымының өкілдері және басқа сала ғылымдары да жүйелі
түрде шұғылдана бастады.

Атап айтқанда, орысша-қазақша әскери атаулар (Қызылорда 1927),
Терминологический словарь (Агыбайулы, Алма-Ата, 1936), Қазақ тілінің
терминдері (Қызылорда 1936), Русско-латино - қазахсий терминологический
словарь (Т.2), М.Исламбеков, Алма-Ата, Изд.Ан Каз.ССР, 1960), Краткий
русско-казахский словарь литературоведческих терминов (Т.Абетов, Алма-Ата,
Изд. Ан Каз.ССР.1962), Русско-казахский краткий словарь лингвистических
терминов (С.Кеңесбаев, Т.Жанузақов, Алма-Ата, 1963), Химия терминдерінің
орысша-қазақша сөздігі ( Б.Бірімжанов, С.Омаров, Алматы, 1969), Орысша-
қазақша қоғамдық – саяси термиологиялық сөздік (Алматы, "Қазақстан"
баспасы, 1974).Ғ. Сапарғалиев Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі.
(Алматы, 1995), Орысша-қазақша, қазақша-орысша терминдер мен атаулар
сөздігі. Мемтерминком бекіткен. Алматы, 2004. Ғ. Қалиев. Тіл білімі
терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2005 т.б.

Қазақ термиологиясын бұрынғыдан да гөрі түпкілікті етіп қалыптастыру,
тілдік тұрғыдан түсінік беру, олардың нәтижесін әртүрлі салаға баянды етіп
сіңіру мәселесі өте зор маңыз алып отыр. Осыған байланысты бүгінгі таңда
үлкен қажеттілікке айналып отырған термиология мәселесі, оның ішінде заң
терминдерінің мәселелері терең зерттеуді қажет етеді.

Тақырыптың өзектілігі: Терминология мәселесі, оның ішінде салалық термин
мәселесіне аса көңіл бөлініп, салиқалы да жан-жақты зерттеу жұмысын жүргізу
бүгінгі күннің зор талабы ретінде жұмысымның өзектілігін белгілейді.

Терминология – үздіксіз дамып келе жатқан ғылым саласы. Оның Қазан
төңкерісінен кейінгі жылдарда ілгерілеуіне біршама үлес қосқан,
термиологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын
анықтауда А.А.Реформатскийдің, В.В.Виноградовтың, Н.А.Баскаковтың,
В.И.Сифоровтың, Р.А.Будаговтың, О.С.Ахманованың, Б.О.Орузбаеваның,
М.Ш.Гасымовтың, Т.Бертагаевтың т.б зерттеуші ғалымдардың еңбектерінің мәні
зор болды.

Сонымен қатар, түрколог ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.
Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев Ә.Қайдаров, М.Балақаев, Ғ.Мұсабаев,
Ш.Сарыбаев, Ө.Айтбаев, Ә.Әбдірахманов, С.Исаев, т.б еңбектерінде термин
жасаудың принциптері мен шарттары белгіленіп, анықталып салалық термин
жасау мәселесі жолға қойылды.

• Салалық термиология мәселесін зерттеудің бірнеше себептері болды. Атап
айтқанда ғылыми-техникалық прогрестің талабына сай әрбір өркениетті
елдің термиологиясы да заман талабына орай дамуға тиіс.

• Екіншіден, қазақ әдеби жазба тілі – мемлекеттік тілдің негізі болса,
терминология мен ғылым тілі оның жон арқасы болуға тиіс.

• Үшіншіден, қазақ тілі термиологиясы әртүрлі жағдайларға байланысты
қазіргі кезде үлкен дағдарысқа ұшырап отыр.1.4. Термин практикасы
аяқасты болып, әркімнің өз бетінше термин жасауы барынша орын алып
отыр

Демек, қазіргі кезеңде мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің
табиғатына сай жаңаша қалыптастырудың принциптерін белгілеу басты мақсат.

Қоғам дамуының жаңа кезеңіне көтерілгенде, халық тұрмысына, ғылымға,
салалық өзгерістер енгенде көптеген жаңа атаулар, соны ұғымдар пайда брлып,
соған байланысты тілдегі бұрыннан бар сөздердің мағыналары көбейеді немесе
мүлдем жаңа сөздер, терминдер туады. Осындай жолмен туындайтын, халық
тұрмысына өзгерістер болған сайын жетілдіріп отыруды қажетсінетін
терминология саласының бірі – заң терминдері.

Республикамызда заң мамандарын дайындау XX ғасырдың 20-жылдарының
аяғында басталды. Демек, сол кезден бастап қазақ мемлекетінде заң
саласындағы терминдер қалыптаса бастады.

Ғылым мен мәдениттің шарықтай өскен заманында басқа терминдер сияқты
заң терминдерінің құрамында да көптеген өзгерістер болды. Бұрынғы терминдер
құрамындағы бірқатар атаулар ескіріп, оның есесіне жаңа ұғымды білдіретін
соны атаулар пайда болды. Мысалы, болыс, би, қазы, ұлық т.б осы сияқты
көне атаулар архаизмге: кеңес, сот, прокурор, қорғаушы, тергеуші т.б.
сөздер осы кездегі әлеуметтік меншік пен мемлекетті қорғаушы
субъектілердің мазмұнын білдіретін терминдік мәнге ие болды.

Заң терминдерінің негізін халықтың әдет-ғұрыптарынан, заңдарынан, жол-
жолдарынан, қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдарынан, заң кодекстерінен,
қылмыстық істер кодекстерінен кездестіруге болады. Мысалы, күә, халық соты,
заң, шағым, бас бостандығы, қоғамдық тәртіпті қорғау, бап, құқық, еңбек
тәртібі, борыш, жауапкер, талап арыздары, айыпкер, жаза, қылмыс, азаматтық
істер, меншік, сот үкімі, сот билігі, қарсы талап, айғақ, куәлар,
айыптаушы, аса ауыр қылмыс, тағы басқа сөздер бірер жылдың жемісі емес,
халықтық қолданыста бар, кейбірі бұрыннан-ақ терминдік мән алған сөздер.
Тілді жаңа термин байытудың ең тиімді де өнімді жолы сол тілдің көрнекті
тіл мамандарының бәрі дерлік мақұлданған.

Осы кезге дейін бізге мәлім боып келген заң терминдерінің шығу тегі,
жасалу жолдары да түр-түрлі болып келгенін білеміз. Бірқатар терминдер
жалпытүркілік негізде жасалса, енді біреулері қазақтың жалпыхалықтық төл
лексикасының негізінде, ал бірсыпырасы басқа тілден ауысқан кірме сөздердің
терминдік қызмет атқарып қалыптасуынан пайда болды. Мысалы, әкімгершілік
ұғымды білдіретін "хан","тархан", "бек" сөздері көне түркі дәуірінен
белгілі. "Жала", "құн", "айғақ", сияқты қылмыстық құқыққа қатысты сөздер
байырғы қазақ тілінде бар атаулар. Ал "адвокат", "компетенция", "күә",
"шара", "айып" сөздері – басқа тілден ауысқан кірме атаулар. Осындай пайда
болу төркіні әртүрлі сөздердің де қай-қайсысының термин ретінде қалыптасу
жолы, өз тарихы бар. Бұлардың бәрі де дүниенің әлеуметтік тынысымен, халық
шежіресімен астасып жатады.

Сондықтан заң терминдерін бір ізге салудың, оларды қалыптастырудың
маңызы зор. Бұл салада істелген біршама жұмыстар да бар.

Алғаш рет заң терминдерін жүйеге салып, сөздік жасаған ғалым
Т.Күлтелеев. 1962-64 жылдар аралығында басылып шыққан заң кодекстері – заң
терминдерінің қалыптасып дамуына игі әсерін тигізеді.

Мысалы, 1960 жылы шыққан С.Байсалов пен Ұ. Құдайбергеновтің орысша-
қазақша терминологиялық сөздігінің үлкен пайдасы болды. Онда 2700-ге таяу
заң терминдерін қамтылды.

Бұл сөздік – қазіргі кезде заң терминдерінен хабардар ететін бірден-бір
лингвистикалық еңбек деп айтуға болады.

Заң терминдері ғана емес, жалпы термиология мәселесінің теориялық
жақтары қазақ тіл білімінде әлі толық шешімін таппай отыр.

Демек, Қ.Жұбанов, С.Бәйішев, К.Аханов, Ә.Сатыбалдин, Ә.Әбдірахманов
т.б. еңбектеріндегі және оқулықтарындағы берілген анықтамалар негізінде
алынып, бүгінгі кезеңде арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет деп
санаймыз.

Бүгінгі таңда Республикада заң терминдерін зерттеп білу міндеті өзінің
көптеген шешімдерін күтуде. Солардың бірі – заң терминдерінің қалыптасу
кезеңдерін анықтау, олардың шығу төркіні (генезисі), терминдік жүйе ретінде
қалыптасуы арнайы зерттелген жоқ.

Заң терминдерін ғылыми жағынан зерттеудің маңызы зор. Әсіресе, жоғары
оқу орындарындағы заң факультеттері студенттері, заң, сот мекемелерінде
қызмет істейтін мамандардың күнделікті жұмыстарында пайдалануға аса қажет.

Демек, бұл айтылғандардың бәрі де зерттеп отырған мәселелердің
өзектілігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі "қазақ тіліндегі заң терминдері"
мәселесі арнайы зерттеуді қажет етеді.

Зерттеу нысаны. Қазақ тіліндегі заң терминдерінің мағынасы мен
ерекшеліктері, жалпы қалыптасу принциптері мен заңдылықтары ескеріледі.
Зерттеуде тілдік құбылыстардағы заң терминдерінің жүйелілігі, дәйектілігі
негізінде алынды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Қазақ тіліндегі терминдік ұғымдарды, оның ішінде заң терминдерінің
ерекшеліктерін, олардың көпшілікке беймәлім жақтарын анықтап, топтастырып,
ғылыми айналымға қосу мәселесіне назар аударды. Осыған сай төмендегі
мәселелерге назар аудардық. Осыған сай төмендегі мынандай мәселелерді
шешуге ұмытылыс жасалды:

- зерттеу жұмысының теориялық әрі практикалық негізін анықтау;

- заң терминдерінің қазақ тілінде бұрын қалыптасқан түрлеріне тарихи
шолу жасау;

- заң терминдерінің лексикалық құрамын сипаттау;

- заң терминдерінің құрылымы мен лексика-грамматикалық ерекшелігіне
сипттама беру;

- заңда қолданылатын терминдерге семантикалық талдау;

- терминдердің арақатынасын, грамматикалық бағытын анықтау;

- құқықтық терминдерді дұрыс пайдалану, оны жетілдіру бағыттары мен
жолдарын анықтау.

Зерттеудің әдістері мен материалдары. Зерттеу жұмысында баяндау,
салыстыру, этимологиялық талдау, жүйелеу сияқты әдістер қолданылды.

Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытындыдан тұрады.
Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі.

Терминология және оның зерттелуі мен дамуы

1. Қазақ терминологиясының қалыптасу және даму жолдары. Заң терминдерінің
зерттелу жағы

Термин - латын тілінен алынған сөз. Бастапқы мәні шекаралық белгі,
шекара, шек ұғымдарын білдірген. Бұл күнде осы сөз арқылы ғылым мен
техника, саясат, дипломатия салаларындағы ұғымдардың атауы болып табылатын
сөздердің жиынтығы деген мағынаға ие болған. 2.85-96

Белгілі тіл маманы А.А.Реформатский термин мен терминология ұғымының
теориялық мәнін ашуға тырысады. Ол - термин, ұғым, сөз түсініктерінің өзара
байланысы жөніндегі пікірлерді салыстыра келіп, екі бағытқа тоқталады: яғни
– терминді белгілі бір затпен байланысты қарайтындар, екіншісі – терминді
ұғыммен байланысты қарайтындар. А.А.Реформатскийдің байқауынша, терминді
ұғыммен байланысты қарайтындардың бағытының кең етек алып, дамып келе
жатқандығын, яғни оның ғылымда анығырақ байқалатындығын көруге болады. Осы
кезге дейінгі термин мен терминологияға берілген анықтамалардың кемшілігін
атап көрсетеді.

А.А.Реформатский терминнің басты белгілеріне тоқталады:

термин емес сөздердің мағынасы контексте ашылу керек те, ол термин сөздер
контекске тәуелді емес. Термин сөздерге көп мағыналық, экспрессия жат -
дейді. А.А.Реформатсеий терминнің екі жүйе ретінде қарастырады:

• терминологиялық жүйенің элементі ретінде;

• жалпы тіл жүйесінің элементі есебінде.3.46-54

Ғылыми терминдерді тексергенде олардың қай сөз таптаптарынан жасалатынын
білу де аса қажетті мәселелердің біріне саналады.

Г.О.Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деген пікір айтады. Яғни
термин болу үшін сол сөз заттануы тиіс. Ол, әсіресе, қимыл атауларына назар
аударады. Техникалық терминдердің көбі қимыл мен процесс атаулары болып
келеді деген қорытынды жасайды. 4.13.т.5

Н.А.Щегловтың еңбектерінен де осындай пікірлерді кездестіруге болады.
5.89

Әзірбайжанның көрнекті тілшісі А.А.Оруджев: дербес мағынасы бар
кезкелген сөз, мейлі ол зат есім болсын, мейлі ол сын есім болсын, тіпті
етістік пен үстеу де термин бола алады - дейді.6.12

В.Н.Прохорова Актуальные проблемы современной русской лексикологии
деген еңбегінде терминге мынадай анықтама берген: Термин – бұл арнаулы
қолданыс саласындағы ғылыми немесе өндірістік-технологиялық ұғым атауы
болып табылатын және дифинициясы ( тиісті ұғымның анықтамасы) бар сөз
немесе сөздер тіркесі 3.10

Термин жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Атап айтқанда, энциклопедиялық
сөздіктердің өзінен мынадай анықтаманы кездестіруге болады:

Термин – рим мифологиясында шекара құдайы. Т. – терминалдар құрметіне
арналған мейрам дегенді аңғартады. Сонымен бірге термин – шекара, шек
деген ұғымды білдіретін латын сөзі. Бұл – 1980 жылы Мәскеуде жарық көрген
бір томдық Советский энциклопедческий словарьда берілген анықтама.7.12

О.С.Османова Словарь лингвистических терминов деген еңбегінде: Термин
(ағыл.) дегеніміз – арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды да белгілеу үшін
жасалған (қабылданған, енген және т.б ). Тілдегі арнайы ( ғылыми,
техникалық т.б.) сөздер мен сөз тіркестері - деген пікірді айтады.8.18

Термин жөніндегі осындай пікірлерді қуаттай отырып, Д.Э.Розенталь мен
М.А.Теленкова терминнің бір ғана мағына беретінін айтады. Тілдегі сөздердің
бірсыпырасы көп мағыналы болып келсе, термин жалқы мағынаны береді, -
дейді. Бұл, әрине, термин сөздердің табиғатын анықтайтын басты белгісі
деп есептеуге болады.

Сайып келгенде, бірсыпыра тілші ғалымдар әртүрлі болжам жасағанмен
негізінен бір тұжырымға келеді.

Термин – ерекше лексикалық құбылыс. Оны қолданушы топ сапалы түрде
тәртіптеп, ретке келтіріп отырады. Сондықтан бір сөзді белгілі бір ғылым
өкілдері термин ретінде қабылдап, қолдана бастаса, ал сол сөздің мағынасы
кәсіпке қарай ыңғайланады, сонымен шектеледі. Бұл сөзді қабылдаған ғылым
ерекшелігіне қарай онымен тіркесетін сөздер де ерекшеленеді.

Қазақ тіл білімі трихында теңдесі жоқ үлгі қалдырған ғажап лингвист,
тамаша ақын, көсемсөздің көрнекті өкілі, керемет мысалшы
А.Байтұрсынұлының лингвистикалық термин жасауда Тіл құралы еңбегінің зор
маңызы бар.Байтұрсынұлы заманынан бері әлеуметтік және қоғамдық өмірде
санаулы өзгерістер болып жатса да, жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық
танытуы таңқаларлық жай. А.Байтұрсынұлының еңбектерінде терминжасамның
лексика-морфологиялық және морфологиялық-синтаксистік тәсілдері басымырақ.
Әсіресе, терминжасамның лексика-морфологиялық тәсілі жеке сөздерді мәністік-
морфемдік жағынан түрлендіруді қамтыса, ал морфологиялық-синтаксистік тәсіл
сөздерді біріктіру жағына бейім. А.Байтұрсынұлы бұл екі тәсілді де қазақ
тілінің ерекшелігіне қарай шебер қолдана білген.

Қазақ тілі терминологиялық жүйесін қалыптастыру, салалық терминдерді
ретке келтіру мәселесімен қазақ тіл мамандары да көптен бері шұғылданып
келеді. Ұлт терминдеріде терминдер жүйесінің қалыптасуына үкімет тарапынан
бірсыпыра қамқорлық жасағаны белгілі.

Қазақ тіл білімінде, терминдерді қалыптастыру, оларды қазақ тілі
заңдылықтарына икемдеу, жүйелеу жөніндегі пікірлер баспа беттерінінен
көрініс тапты. Мысалы, А.Байтұрсынұлы, Қ.Басымов, Т.Шонанов,
Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов, Қ.Кемеңгеров сияқты зиялы ғалымдар термин
қалыптастыруда үлкен еңбек етті.

1920-30 жылдар аралығындағы термин деген атаулар өзі бірде термин,
бірде пән сөздері, немесе жат сөздер, шет сөздер болып түрлінше
қолданылды.

Қазақ терминологиясының даму тарихында елеулі пікірлер айтып, пән
атауларын жүйелеуде маңызды үлес қосқан ғалымдардың бірі – Халел
Досмұамедов кірме сөздерді, соның ішінде орыс тілі арқылы енген сздерді
қолдануда ана тілінің ішкі дыбыстық заңын сақтап айтылуын дұрыс құбылыс деп
есептеді. Мысалы: песір (писарь), жәрменке (ярмарка), ауылнай (волосной),
сот (суд), т.б сөздерді мысалға алып, олардың дыбыс жағынан өзгертіліп
айтылуын дұрыс деп санайды.

Сондай-ақ, Х.Доамұхамедов терминдердің жүйеленуі туралы: Бүтін қазақ
халқы үшін жалғыз білім кеңесі болу керек. Ол білім кеңесінің жанында әр
пәннің мамандарынан сайлаған комиссиялар болу керек. Пән сөздерді әуелі пән
комиссиясының сынына түсіп, оның қабылдап алған сөздері сонан соң ғана
барып білім кеңесінің қарауына түсіп бекітіліп шығуға тиіс 13.33 - деп
пән атауларын бекітудің дұрыс жолын ұсынады. Кірме сөздер тілімізге тән
сингармонизм заңына лайықталып алынуын сол кездегі көптеген ғалымдар да
қолданғандығын көреміз.

Н.Төреқұлов Жат сөздер тұралы деген мақаласында қазақ тіліне кіретін
жат сөз болса, қазақтың тымағын киіп, жалпақ сөзі болып кірсін дейді.
14.6

Сол кезеңде термин жөнінде пікір айтқан адамдардың көпшілігі кірме
терминдердің емлесі, дыбысталуы жөнінде ана тіліміздің фонетикалық
заңдылықтарын сақтау принципін ұстанады.

1927 жылы Қызылорда қаласында Пән сөздігі деген атпен
Қ.Қаратышқановтың сөздігі жарық көрді. 15.116 Бұл сөздік мектеп
оқулықтары мен оқу құралдарында қолданып жүрген терминдердің ала құлалығын
реттеп, бір жүйеге түсуіне себебін жасаудың алғашқы үлгісі болды.

1930 жылдары термин жасау, дамыту және қалыптастыру ісіне республикада
мемлелеттік мән беріліп, терминдерді жинақтап, зерттеу жұмысы қолға алынды.
Көп кешікпей 1931 жылы Қызылорда қаласында 800 сөз қамтитын Атаулар
сөздігі жарық көрді. 13.13

1920 жылдары мәдени-ағарту саласында үлкен өзгерістер болды. Бұл кезеңде
термин қалыптастырудың белгілі бір жүйесі болмаса да, тілімізге ғылымның
сан-саласы ұғымдары енді. Қоғам дамуына, мәдениет, ғылым, техниканың
өрістеуіне сай заттар мен құбылыстардың жаңа мазмұндарының ашылуы, жаңа
ұғым туғызып, лексиканың баюына септігін тигізді.

Қазақ терминологиясының негізгі басқа халықтар сияқты, алдымен туыстық,
мал шаруашылығына, дене мүшелеріне, ұлттық тірлікке байланысты дәуір бойы
жинақталған атаулардан тұрса, ал ғылыми терминдердің дамуының, толығуының
негізгі кезеңі – осы қарастырылып отырған 1920 жылдар екені аян.

Қоғамдағы саяси-әлеуметтік, экономикалық т.б өзгерістер тілдегі көптеген
терминдердің, атаулардың пайда болуынане сирек айтылатын сөздер қатарына
ауысуына себеп болды.Қоғам өмірінде өзгерістер неғұрлым көп болса, тілдегі
сөздердің архаизм, неологизмге ауысуы, сөздердің жаңадан пайда болуы да
соғұрлым көп болады.Олар дамудың барысында уақыт сайын, бірқатары тілдің
актив сөз қатарына еніп, енді біреулері қолданыстан шығып қалып немесе
сирек қолданылмаған бірқатар сөздер кейін қайта жаңғырып, актив сөздік
қорына қосылып жатады. Енді біреулерінің мағынасы кеңейіп, жаңа қосымша
мағына үстеп алады. Бірақ, жаңа сөздердің басым көпшілігі түрлі жұрнақтар
арқылы жасалған немесе шет тілдерінен сөз ауысу арқылы енген сөздер.13.34-
40

Бір тілден екінші бір тілге сөз ауысып отыруы, тіл дамуының өзіндік
заңды құбылыс екендігі және жер бетінде "таза тіл" болмайтындығын, сөз
алмасу ежелден келе жаткан процесс екені тіл зерттеушілерінен белгілі тілге
еніп жатқан атаулар сол тілдің дамуына зор ықпалын тигізеді.

Жалпы қазақ терминологиясының қалыптасу процесі XIX ғасырдың екінші
жартысынан басталғанымен, көптеген термин атаулардың тілімізге енуі,
әсіресе,кғнес дәуірі кезінде қарқынды дамыды.

Тілімізде кірме сөздердің бірқатары қазақ тілінде ертеден сіңісіп, әбден
қалыптасып, орныққандары болса да, басым көпшілігі 20-30 жылдарда пайда
болған неологизмдер екенін байқадық. Араб, парсы, орыс, европа тілдерінен
енген кірме сөздерді І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Л.Рүстемов, Р.Сыздықова, т.б
тіл зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілгендей, үлкен екі топқа бөлуге
болады:

a) араб-парсы тілдерінен енген сөздер;

б) орыс тілі арқылы енген кірме сөздер;

Араб-парсы сөздерінің қазақ еліне енген сөздердің ену кезеңін XI
ғасырға дейінгі және XIX ғасырдан кейінгі кезең деп екіге қарастырса,
Р.Сыздықова XYIII ғасыр мен XIX ғасырдағы ақын-жырыулардың тіліндегі араб-
парсы сөздерін айта келіп, Л.Рустемовтың пікірін қолдайды да қазақ
тіліндегі араб-парсы сөздерін сипатына, түріне қарап екі топқа бөледі;

a) мұсылманша діни ұғымдарды білдіретін сөздер;

б) діни ұғымға қатысы жоқ сөздер

"Дала уәлаяты" газеті тілін зерттеуші Б.Әбілқасымова; "Араб-парсы
тілдерінен сөз ауысу талай ғасыр жемісі... дінмен байланысты бірсыпыра
сөздер кейін де, яғни 10-19 ғасырларда реакциялық бағыттағы паниисламизмнің
дәуірлеп тұрған кезінде көптеп кіргенен. Бұған... қазақ жерінде салынған
медресе, мешіттердің әсері болған тәрізді ," 15.74.75 деп көрсетті. Ал,
XX ғасырдың бас кезіндегі 1920-30 жылдарда араб-парсы сөздерін қабылдау
қарқыны мүлдем әлсіреп кеткен.

Қазақ топырағында ғылыми ой-пікірлердің өрбуіне байланысты сөздік
қорымыз орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы енген халықаралық атаулармен
толығып отырғаны белгілі. Мысалы, агроном, химия, физика, лекция, академия,
клуб, нота т.б.

Европа тілдерінен енген сөздердің дыбысталуы туралы Ж.Аймаутов "Емлені
оңайлату жобасы" деген мақаласында былай; "үндестік" заңына (сингармонизм)
тіл атауларын бағындырамыз деп... жаңа жат тілдерді жаурытпа тілінен аса
алыстатпау керек. Жат тілдермен араға кедергіні көбейте мәдениеттен
алыстатады.

Мемлекеттік термиология комиссиясы Ұлы Отан соғыс жылдарында да
тоқтатпады. 1948-50 жылдары екі томдық орысша-қазақша термиология сөздігі
жарық көрді. Сөздік жасауға академиктер Н.Сауранбаев, С.Бәйішевтер
қатынасты.

1956 жылы Тіл білімі мен әдебиет институтының құрамында термиология
бөлімі ашылды. Осы кезде Қазақ кеңес энциклопедиясы жарық көрді.

60-жылдан бастап, 70-80 жылдарда қауырт дамыған бұл жұмыс қазақ тілі
термиологиялық лексикасының дамып, қалыптасуына, саналуан ұғымдардың заңды
түрде терминдік сипатқа көшуіне, тіліміздің ғылыми-техникалық қолданыс
өресін биіктете түсуге себебін тигізді.

1950-70 жылдарда термин жасаушылар 1920-30 жылдардағы тәжірибені
жеткілікті түрде пайдаланбады. Көптеген сәтті жасалған атауларды
пайдаланбай, оларды баламаларын орыс тілінен іздейтін болды. Соның
нәтижесінде тіліміздің өз мүмкіндіктері еленбей тіліміз орыс тілінен енген
шет сөздерімен шұбарланды. Соның нәтижесінде ол баста пайда болған көптеген
атаулар, кейін түрлі сыртқы факторлардың әсерінен көнерген сөздер қатарына
ауысты.

Ал, қәзіргі тіл дамытудағы өзгерістерді байқап отырсақ, сол кезеңде
пайда болып кейін қолданыстан шығып қалған атаулардың біразы қайтадан
жаңғыруда.

Бүгінгі күні орын тауып, қолданысқа қайтадан еніп, орнығып жатқан
терминдік атаулар сол кезеңдегі баспа беттерінде, әсіресе "жаңа мектеп"
тілінде кеңінен қолданылғандығын көруге болады. Мысалы, кеңес, төраға,
төңкеріс, мөр, таңба, алқа, дәріс, сарап, құқық, құрылтай т.б.

Сөз болып отырған мерзімде қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтитын
жүздеген сөздер пайда болды. Жаңа сөздердің саны жағынан бұл дәуірде енген
терминдер кейінгі дәуірлермен салыстырғанда әлдеқайда мол. Мысалы, ағару
одағы (союз просвещения), туысқандар жиналысы (родительское собрание), күн
белгі (календарь), білім басқармасы (глав наука), жылдық жоспар (годовой
план) т.б

Алпыс жылдан астам уақыт ішінде мемлекеттік термиология комиссиясының
құрамы бірнеше рет жаңартылып, қайыра құрылып отырылды.

Қазақ термиологиясының әр кезеңдегі дамуы, ұстанған принциптері,
бағыттары, қолдану ерекшеліктері жөнінде 1930, әсіресе 1950 жылдардан
бастап А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев,
Ө.Айтбаев, С.Исаев, Б.Әбілқасымов, Ә.Әбдірахманов, А.Сатыбалдиев,
Р.Өркенова, т.б зерттеушілердің еңбектерінің үлкен маңызы болды. 1927 жылы
25 сәуірде Қазақ ССР Министрлер Кабинеті жанындағы мемлекеттік терминология
комиссиясының Ережесі бекітілді.

Термин жасауда негізгі принциптері анықталып, бұл істегі жүйелік
қалыптаса бастады.

Принциптер бойынша ана тіліміздің ішкі қоры, өз сөз байлығы қолданылуы
тиіс болды да, сонымен қатар, орыс тілі мен кеңес халықтары тілі арқылы
еніп жатқан халықаралық терминдерді игеру қажеттігі басшылыққа алынды.

Қазан төңкерісінен кейін дінге деген көзқарас мүлдем өзгеріп, діни
атаулар көнерген сөздер қатарына кетсе, 1980-90 жылдары бұл атаулар әдеби
тілімізге қайтып, келді. Мысалы, мешіт, молда, тұмар, таспиық, садақа, айт,
құрбан айт, құран.

Неологизм болып еніп, кейін тілде қолданыстан шығып қалып архаизм тобына
ауысып, бүгінде қайта жаңғырған атаулар. Мысалы: кеңес, төраға, елтаңба
(герб), құқық (право), сарап (экспертиза), дәріс (лекция), құрылтай
(съезд), алқа (коллегия)т.б.

Сол кезеңде неологизм болып, кейін архаизмге айналған атаулар. Олар тек
белгілі бір кезеңнің қажетін өтеп, қызмет атқарған сөздер. Мысалы: кіндік
кәмитет, сауат ашу мектебі, партия ұясы, кедейлер ұясы, жалшылар кәмитеті,
қызыл отау, ересектер мектебі т.б. өзгертілмей қолданып келе жатқан атаулар
да кездеседі. Мысалы: онкүндік (декада), жылдық жоспар (годовой план),
жоғары мектеп (высшая школа), бастауыш мектеп (начальная) т.б.

Орыс тілінен енген терминдер алғашқыда аударылып, кейінен ол баламасы
әдеби тілде тұрақталмай, оның орнына бүгінгі күнге дейін орыс тіліндегі
нұсқасы норма болып қалыптасқан атаулар да бар. Мысалы: кредитор
(аласылы),конус (шошақ), экскурсия (серуендеме), семестр (оқу маусымы),
воспитание (тәрбие), құқық қорғау ұйымы (орган защиты прав), искусство
(көркем өнер), методическое бюро (әдістеме бюросы), ответственный за выпуск
(жауапты шығарушы, редактор) т.б

Қорыта кеклгенде, қазақ тілінде термин жасау ісін шартты түде бірнеше
кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең XX ғасырдың 10-жылдары мен 30-
жылдардың екінші жартысындағы аралық. Бұл- терминжасамның бастапқы кезеңі.
Бұл кезеңде терминдерді қазақыландыру бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз
жоқ Ахмет Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов тәрізді тұлғалардың зор
ықпалы болды

Екінші кезең – 30 - 40 жылдар арасы. Бұл кезеңде – интернационалдық
терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы пішінін бұзбай, сол
қалпында қабылдау болатын. Алфавитімізге тіл табиғатына тән емес дыбыстар
енгізілді, бөтен префикс пен жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта
құрастырылды.

Үшінші кезең – 40 - 50 жылдар аралығы. Негізінен термиологиялық
лексикамызды интернационалдыру, орыстандыру бағыты жүріп жатты.

Төртінші кезең – 50 - 70 жылдар аралығы. Бұл қазақ зиялыларының соғыстан
кейінгі жылдары еңсе көтеріп рухани дүниемізді зерделей бастаған дәуірі.
Тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған сәт есебінде бағаланды.

Бесінші кезең – 70 - 90 жылдардың екінші жартысы. Бұл жылдардағы
қоғамдық өзгерістерге байланысты бұл кезеңді үш бөлікке бөліп қараймыз.

• Бірінші – тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген Брежнев заманы.

• Екіншісі – қайта құру.

• Үшіншісі – Кеңес одағының құлап, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының
пайда болған заманға сәйкес туындаған тіл қозғалысы.

Бұл құбылыстың әрқайсысының тілде қалдырған өзіндік ізі бар. Әсіресе,
мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ терминологиясының қалыптасуы мен
дамуына жасаған ықпалы ұшан-теңіз деп айтамыз".13.64-66

Академик Ә.Қайдаровтың "Қазақ термиологиясына жаңаша көзқарас" деген
еңбегінде қайта түлеу үстіндегі әдеби тіліміздің болашақ даму үрдістерін
белгілеуде шешуші рөл атқаратын бір саласы – қазақ термиологиясының
толғақты мәселелерді жаңаша қарастырып, оны қпалыптастырудың жаңа
принциптері ұсынылады. Ә.Қайдаров мынандай келелі пікір айтады: "Егеменді
ел, тәуілсіз мемлекеттің басты белгілерінің (атрибуттарының) бірі –
мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі – термиологияны жан-
жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің
өзі қамқорлық жасауы керек. Салалық терминдер мен атауларды жаңадан
жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл бұрыннан
қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану. Бұл – термин
саласында бұрыннан келе жатқан негізгі де дәстүрлі принцип. Бірақ
термиология мәселесінің бүгінде күн тәртібіне қайта қойылуына себеп болып
отырған да осы негізгі принциптің іс жүзінде орындалмай, бұрмаланып келуі
".

Терминология саласындағы жарты ғасырдан астам тәжірибемізде біз қазақ
тілінің байлығын біршама пайдаландық, бірақ сарқа пайдалана алмадық. Оның
көптеген себептері де болды. Ең басты себеп – заман үрдісі, тіл саясаты мен
идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған үстемдігі мен
өктемдігі. Екінші себеп, еліміздегі ұлт, ұлыс тілдері өздерінің дамудан
кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып орыс тілімен терезесі тең
тұра алмайды деген пікірдің орталықта да, жергілікті мамандар арасында да
қалыптасуы " – дейді .1.9-10

Олай болса, біз 70 жылдың ішінде термин жасауда ана тіліміздің барша
байлығын сарқа пайдалану керек деген принципке жете мән бермегендігімізден
деп айтуға болады. Сондықтан да бүгінде бұл мәселе жаңа серпіліс алып
отырған бұқаралық үрдіс екені мәлім болып отыр.

Өмірзақ Айтұлының 1997 жылы жарық көрген "Қазақ сөзі (Қазақ
терминологиясының негіздері)" атты монографиясының тарихи дерек ретіндегі
орнгын ерекше атауға болады.

Бұл көлемді әрі мазмұны жағынан ғылыми деректерге толы монографиялық
еңбекте қазақ термиологиясының жүз жылға таяу даму тарихы жүйелі де деректі
зерттелінген. Әдеби тілдің, оның ішінде ғылыми тілдің өркендеуіне септігін
тигізген терминдік жүйе, бұрын-соңды айтылған келелі пікірлер, болжамдар
сарапқа салына отырып, салиқалы ой-пікірлері зерттеушіні елітіп, тартып
отырады. Автор өзінің термин жасау жөніндегі көзқарасын анық байқатумен
қатар, еңбектің соңында 1927 жылдан бастап, 1997 жылдар арасында термин
туралы еңбектер мен сөздіктердің тізімін (16) көрсеткен.

Сондай-ақ, еңбекте терминді зерттеудің қазіргі жайы тілінде термин
қалыптастырудың негізгі кезеңдері, терминжасам мәселесі, аударманың орны
сияқты келелі, ауқымды проблемалардыңды теориялық жағынан кең әрі ғылыми
дәлелді зерттейді білген.

Шерәлі Біләловтың "Ұлттық ғылым тілі негізіндерін
қалыптастыру"(математика саласы бойынша) деген тақырыпта жазған докторлық
диссертациясында (1997) Ұлттық ғылым тілі атты ғылыми ұғым сөздік
айналымға енгізіліп, оның концептуальдық, мағыналық, лексикалық, саяси-
әлеуметтік мәні бірінші рет ғылыми тұрғыда зерттелген.

Автор бұл еңбегінде ұлттық ғылым тілі А.Байтұрсыновтан бастау алған
алғандығы, оның негізін салушы да сол кісі болғандығына талдау жасай келіп,
ұлттық ғылым тілі даму барысындағы принципті қайшылықтардың әлеуметтік
астары, логикалық жүйесі, ғылымилығының деңгейі кезеңдік ғылыми әдебиетті,
қалыптасқан термин жасау принциптерін талдау арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар
жасаған.

Сондай-ақ, тілдің танымдық, кумулятивтік, бейнелеушілік, ой құралындық
қызметтерін талдап, жинақтау арқылы ғылым тілінің ұлт тілінде жасалу
қажеттілігін ғылыми дәлелдеумен қатар, негіздемесін жасаған.

"Аударма – мағынаны бір тілдік кеңістіктен екінші тілдік кеңістікке
көшіру, ал атау – сөз ұғымының (мағынаның) заттық бейнелеу нәтижесі" тезисі
негізінде ғылыми аударма жасау принциптері мен тәсілдері, оны үйлестіру
(гармонизациялау) мәселелері жан-жақты қарастырылады.17.10-11 Бұл
монографиялық ғылыми еңбектің теориялық мәнінің зор екендігін атап айтуға
тиіспіз.

Бұл күнде қазақ тіліндегі терминдер барлық ғалымдар саласында
жүйеленген, жинақталып сөздіктерге енген. Қазір көптеген ғалымдар бойынша
терминдердің түсіндірме, аударма (орыс-қазақша) сөздіктері бар.

Кейінгі жылдары қазақ тілі мамандары ғылымның жеке-жеке салалары бойынша
терминдерді зерттеп, олардың теориялық және практикалық жақтарына талдаулар
жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Ғылым мен Академиясы Тіл білімі институты
жанындағы сөздіктер бөлімі де терминдерді зерттеуде бірқатар жұмыстар
істеді, зерттеу мақалалар жинақтарын шығарды, терминдік сөздіктер жасау
тәжірибесіне ғылыми тұрғыдан талдау жасаумен айналысуда.

Азаматтар мен қызметтегі лауазым иелерінің жаңа Ата заң талабы бойынша
жұмыс істеп өмір сүруі – құқықтық мемлекеттің қалыптасуының негізгі шарты
болып табылады.

Қазақстан Республикасы осы бір өтпелі кезеңде заң мамандарын ана тілінде
оқытып-үйретуді қолға ала бастады. Бұл жолда айтарлықтай қиыншылықтар да
жоқ емес. Солардың бірі – заңтану пәндері бойынша оқу құралдары мен
оқулықтардың тапшылығынан да деп айтуғаболады.

"Мемлекет және құқық теориясы" пәні бойынша жасалған заң атауларының
сөздіктері барған сайын баспа беттерінен жарық көріне бастады.

Соның бірі 1996 жылы Жеті жарғы баспасынан А.Ибраеваның Заң
терминдерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша қысқаша түсіндірме
сөздігі жарық көрді. Сөздіктің мазмұнынан бүгінгі таңда қолданылып
жүрген қазақша-орысша оқулықтар, Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен басқа да шығып жатқан заң туралы әдебиеттердегі заңдық аталымдар
(терминдер) толық қамтылғандығын көреміз, сөздік екі бөлімнен тұрады.

• Бірінші бөлімде заңтану саласында жиі қолданылып жүрген заңдық
атауларға орын беріледі.

• Екінші бөлімде терминдердің терминдердің орналасуы жалпы сөйлем құрау
тәсілімен жасалған.

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша аса маңызды деп саналатын
заңдық ұғымдарға қысқаша анықтама-түсінік беріліп отырылды. Мысалы:
аналогия-ұқсастық, аренда-жалдау, жалға алу, вариант-нұсқа, вотум-тоқтам,
гипотеза-жорамал, гносиология-түп-тұқиян ілімі (ата-текілімі), 18.3-4

Автор жоғарғы оқу орындарының оқулықтары мен оқу құралдарында жиі
қолданылып жүрген, халық арасында қалыптасқан баламаларды жинап, қазақ
жастарының ана тілінде білім алуына зор мүмкіншілік жасаған деп айтуға
болады.

Заң ғылымының докторы, профессор С.Байсаловтың басшылығымен 1986 жылы
Қазақстан баспасынан Заң терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме
сөздігі жарық көрді. Сөздік юстиция, сот, прокуратура қызметкерлерінің
практикалық жұмыста қолдануына, сондай-ақ, құқықты оқып-үйренетін жоғаоғы
және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне, мектеп пен кәсіптік-
техникалық училишелер оқушылырына, көпшілік оқырмандарға арналып жазылған.
Сөздікте көптеген құқықтық ұғымдар толық қамтылған. Заң терминдерін
түсіндіру қолданылып жүрген заңдарға сәйкестендіріліп, соларда бар
анықтамаларға негізделіп берілген. Сондай-ақ, сөздікте көптеген құқықтық
ұғымдар қамтылады. Оларға жан-жақты түсінік беріледі. Мысалы: алиби –
қылмыс жасалған кезде айыпкердің ол жерде болмай, басқа бір жерде болуы,
оның қылмысқа қатысы жоқтығының дәлелі. Азаматтығы жоқтық (безгражданства)
– қандай да болсын бір мемлекеттің азаматтығына жатпау. Неке (брак) – еркек
пен әйелдің материалдық есепқойлықтан аулақ, өзара сүйіспеншілік, сыйластық
сезімдеріне негізделген ерікті ынтымағы.

Қызмет бабындағы қылмыс (должностное преступление) – өкімет орнын
немесе қызмет бабын пайдаланып қиянат жасау, лауазымды адамның
әрекетсіздігі немесе салақтығы, пара алу, парақорлыққа делдал болу, пара
беру, қызмет жөніндегі подлог, өкіметтің беделін түсіру.

1995 жылы Жеті жарғы баспасынан Қайрат Сапарғалиевтің Заң
терминдерінің түсіндірме сөздігі жарық көрді.

Сөздіктің практикалық маңызы бар. Сөздікте күнделікті заң
тәжірибесінде жиі қолданылатын терминдер барынша қамтылған. Еліміздің
егемендік алуына байланысты жаңа мазмұнға ие болған, тілімізге соны
құқықтық ұғымдарға толық талдау жасалынған ұмыт болған төл құқықтық
ұғымдарға да орын берілген.

Егеменді мемлекет болғаннан кейін жаңа заңдар қабылданды. Біраз жаңа
құқықтық түсініктер, терминдер айналымға ене бастады. Кейбір бұрынғы
терминдер жаңартылып, жаңа мәнге ие болды. Сөздікте негізінен тәуелсіз
мемлекет болғаннан кейін қабылданған заңдарға қолданылған түсініктер,
терминдер молынан қамтылған. Әсіресе, 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық
референдумда қабылданған Қазақстанның Республикасының Конституциясындағы
терминдерге, түсініктерге ерекше көңіл бөлінген.

Әрине, сөздік күнделікті қолданыстағы барлық құқықтық терминдерді қамти
алмаған. Автор заңдарда, мемлекет органдарының қызметінде жиі қолданылатын
құқықтық терминдерге түсінік берген. Мысалы: акцепт – шарт жасау туралы
жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс.

Науқастық қағаз (больничный листок) – еңбекші жұмысқа уақытша қабілетсіз
болғанда берілетін құжат. Оны тек қана денсаулық сақтау мекемелерінің
дәрігерлері береді. Еңбекке қабілетсіздік ішімдікке байланысты болса, тек
анықтама беріледі. Жәрдем тек науқастық қағаз арқылы төленеді.

Болжам (версия) – алдын-ала тергеуде, анықтама жүргізуде және сот
тергеуінде қылмысты ашу мақсатында керекті дәлелдемелер іздеу үшін
қолданылады.

Қос азаматтық (двойное гражданство) – екі мемлекеттің азаматы болу.
Қақақстан Конституциясы қос азаматтыққа негізінен жол бермейді. Тек
Конституцияда және Қазақстанның мемлекетаралық шарттарында көзделген
жағдайларда қос азаматтық танылады.

Адамның өз басына ешкімнің тимеуі – соттың қаулысы немесе прокурордың
руқсаты болмайынша ешбір адамды қамауға алуға болмайды.

1995 жылы Жеті жарғы баспасынан Н.Дулатбековтың Заң терминдерінің
қазақша – орысша және орысша – қазақша сөздігі жарық көрді. Сөздікте
қолданылуы қиындық келтіріп жүрген бірсыпыра заң терминдеріне екі тілде
түсінік берілген. Бұл сөздіктің студенттер, заңгерлерге тигізер пайдасы
зор. Сөздіктің басты ерекшелігі – ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі,
қазақша баламаларының басымдылығы, cондай-ақ жаңа қалыптасып келе жатқан
терминдердің енгізілуі құптарлық жай. Мысалы: акционер, арбитр, азаматтық
даугер, бетесеп, жеке есеп (лицевой счет), бизнес мектеп (бизнес школа),
болғам (версия), бопса (шантаж), борышқор (должник), борышкер
(неплательшик), біртұтас билік (единоволастие), құнды қағаз (валюта),
жаппай қыру (геноцид), қағаз ақша (банкнота), құқық (право), қылмыснама
(криминология). 18. 7-42

Ұлт тілінің мүмкіншіліктері – термин жасаудың негізгі көзі
болғанымен, терминдердің толығуы орыс және интернационлдық сөздер арқылы да
жүзеге асқандығын, олардың басым көпшілігі қазақ тілінің заңдылықтарына
бағындырылып, қолданылғанына көз жеткізуге болады. Сөйтіп, қоғамның,
мәдениеттің, ғылымның дамуына сәйкес тілімізге еніп жатқан жаңа атауларды
қолдану принципі бұл уақытта белгілі бір жүйеге түспегендігін көреміз.

Терминдер деп ғылым мен техника, саясат пен дипломатиядағы, мәдениет
пен өнерге байланысты ұғымдарды білдіретін арнайы атауларды айтамыз.
Терминдер жүйесі лингвистикалық термиология бөлімінде қарастырылады.
Терминдерге тән, оларды лексиканың басқа қатарынан ажырататын өзіне ғана
тән белгілері бар. Олар мыналар: 1) терминдер жүйесі жалпы әдеби тілдің
ғылыми тілі деп аталатын функционалдық бөлшегіне жатады. Сондықтан
терминдер ғылыми ортада қолданылып, ғылыми әдебиеттерде пайдаланылады. Бұл
терминдердің функционалдық ерекшелігі. Егер терминдік атау осы
функционалдық ортадан шығып, басқа стильдік топта қолданылса, термин
болудан қалады; 2) терминдер лексикалық семантикасы жағынан жеке ұғымға
байланып берілгендіктен дара мағыналы болады, терминдергекөпмағыналық,
синонимдік, антонимділік және экспрессивті-образдылық қасиеттер болмау
керек; 3) терминдер жалпы сөздерден таңбалылықтың басқа түріне жатуымен
де сараланады, өйткені мұнда таңба мен таңбаланушы арасын бір ғана мағына
байланыстырады. Сондықтан термин мен ол білдіретін ұғымдардың арасында
басқа сөздерде бола бермейтін сәйкестік бар. Бұл әсіресе интернационалдық
терминдерде айқын көрінеді. Осы сәйкестік тілдік таңбаға өзгеше таңбалық
беогі қосып, оны терминге айналдырады.

Сөйтіп, терминдердің табиғатын түсіну үшін олардың функционалдық,
құрылым-генетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, сөз тудырудағы
және нормативті-стильдік белгілерін жан-жақты зерттеу қажет болады.

Терминдерді екі сферада (қарастыратын, көрінетін жерлерін айтып отырмыз)
кездестіреміз: осы уақытқа дейін жүйелі жинақталған сөздіктерде ( салалық
терминдердің жай сөздігі, түсіндірме сөздігі, аударма сөздігі т.б) және
көрінетін жері (ғылыми мақалалар, монографикалық еңбектер т.б). Осы қорлар
тіл мамндарының терминдер туралы зерттеулерінің негізгі материалдары болуға
тиіс. Терминдер тұйық құбылыс емес дедік. Өйткені олар жалпы ұлттық әдеби
тілдің бөлшегі ретінде жалпыхалықтық негізде дамиды, сол лексикаға өту
арқылы оны байытады, грамматикалық механизмдерді де содан алады. Сондықтан
тіл маманы терминдерді зерттегенде, оның негізгі көзі болып табылатын
жалпыхалықтық тілді еш уақытта естен шығармау керек, оның қыр-сырын біліп,
ондағы терсминдік ұғымды білдіру мүмкіншілігі бар атауларды ажырата білу
керек. Мысалы, қазақ тілінде "тетік” деген сөз бар. Ол әрбір істің орнын
тауып, оның дәл орындалу мүмкіншілігін тауып ("көзін тауып”) орындалу деген
мағынаны білдіреді ( "істің тетігін табу”). Қазіргі кезде осы сөз терминдік
ұғымды да, жалпы лексикадағы көптеген мағыналарды да білдіреді. Терминдік
ұғымда "деталь” мағынасындағы механика ғылымына ( "деталь машины") қатысты
ұғым атауы болса, жалпы мәеде көптеген микросемдерді білдіреді. Сондықтан
осы сөздің көпмағыналылығына қарамай, дефициттік (жеке ұғымға теліну)
қасиетін еске алу керек. Терминді түсіну, оны реттеу мәселесі де осы
ерекшелік негізінде құрылуға тиісті.

Осыдан келіп терминдерді саналы түрде нормалау мәселесі туады. Ал
нормалау деген мәселе кең мағынасында (терминдерді нормалауды айтып
отырмын) бірқатар ғылымдарда қарастырылды: терминдерді лингвистикалық
тұрғыдан нормалаумен бірге мазмұндық нормалау логилық тұрғыдан нормалау
сияқты жайларды еске алу қажет болады. Мәселен, мазмұндық жағынан нормалау
дегенді терминнің мәні мен ол арқылы көрінетін дефиницияның дәлме-дәл
сәйкестігі, термин мен ұғымның, шындық дүнгиедегі құбылыстың сәйкестігі деп
түсіну керек. Ал логикалық норманы термин жүйесіндегі сөздердің ғылым мен
техникалық ұғымдарды білдірудегі ұғымдардың иерархиялық жүйелерін дәл
көрсетуі деп ұғынамыз.19.5 Мысалы заң терминологиясында "сот процесі"
деген ұғым және оның атауы (термин) бар. Ол – лингвистикалық тұрғыдан тетік
ұғым. Осы ұғымның құрамында осы ұғымды ашатын басқа да микроұғымдар бар:
"Жәбірленуші" (человек который причинил какое-либо урон другому человеку),
”жәбірленуші" ("потерпевший"), "күәгер", "қылмыс істеген жер" (место
совершения преступления), "қылмыс істеген орны", "халық соты",
"заседательдер", "айыптаушы", "қорғаушы", "төте дәлелдеме", "жанама
дәлелдеме" т.б. Осы ұғымдарды білдіретін термин сөздерді ұғымдарға қатысы
жағынан жүйелеп көрсетсек, әрқайсысы үлкен бір сатының ( бұл арада ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терминологияның зерттелуінің бастауы
Біріздендіру – терминологиялық қорды қалыптастыру жолы
Әдеби тіл лексикасының салалары
Түркі тілдеріне байланысты зерттеулер
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Қазақ тіліндегі ішкі терминжасам тәсілдері
МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
Термин сөздер мен кәсіби сөздердің қолданылу ерекшеліктерін оқыту
Түркістан АКСР білім мәселелері
Пәндер