Цистит — қуықтың қабынуы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Цистит - қуықтың қабынуы. Қуыққа жұқпа кіргенде пайда болады. Аурудың дамуына қуықтың шырышты қабығын тітіркендіретін мынадай факторлар себепші болады: дененің қатты тоңуы, тәтті не болмаса тұздалған тағамдарды көп қолдану, спиртті ішімдіктерге үйір болу, сондай-ақ іштің қатуы. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Ауырсыну әртүрлі (шаншып не күйдіріп ауырады), кіші дәреттің соңына қарай күшейеді. Зәрге қан да араласуы мүмкін. Кейде дене қызуы көтеріліп, жүрек айниды.

Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы түрге өтіп кетеді. Циститтің алдын алу үшін жыныс ағзаларын ұдайы жуып жүру керек, жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті түрде емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі тиіс, сонымен қатар ежелгі халық емшілігінде қолданылған мынадай кеңестерді де ескеру керек.

1. Науқастың дене қызуы көтерілгенде оны төсекке жатқызуға, аяғын бұлауға (32-35°С) түсіру керек, қарынның төменгі жағына ыстық кебек не болмаса қайнатылған дәннің қауызы мен езілген картоп басу қажет. Емдәм - сүт және өсімдік тағамдары.

Сұйықтықты жылы күйінде көбірек ішкен жөн. Тәтті тағамдар мен спиртті ішімдіктерді қолданбау керек. Күн сайын жарты қасық ас содасын суға қосып ішкен пайдалы.

2. Іш қату жағдайында касторка сияқты күшті іш жүргізуші дәрі беруге болмайды, мұндайда қарапайым әдістерді: қара өрік, шикі сүт, сәбіз шырынын, қышқылт қырыққабат жегізу арқылы ішті жүргізу қажет.

3. Жіті циститті емдеу үшін бұрындары мынадай емдәм қолданылған. Қызыл кірпішті ортасынан қақ бөліп, екі бөлігін де отқа мұқият қыздырады, екеуін де бос шелекке салады. Шелектің бетін қалыңдау шүберекпен қымтап, үстіне дене тигізбей кірпіштің ыстығы басылғанша отырады. Кейін жылы киініп, көрпе жамылып жатады. Осындай 2-3 емнен кейін циститтен жазылып кетеді. Мұндай халық емі, әсіресе, әйелдер үшін өте пайдалы.

Дәрілік өсімдіктер

1. Итмұрын (шиповник) тамырының қайнатпасы. Ұнтақталған итмұрын тамырының екі ас қасығын бір стакан қайнаған суға салып, 15 минут қайнатып, кейін екі сағат тұндырып, сүзгіден өткізеді. Күніне 4 рет жарты стаканнан тамақ алдында ішеді.

2. Итбүлдірген (брусника) жапырақтарының қайнатпасы. Екі шай қасық жапырақты бір стакан суға салып, 15 минут қайнатып, салқындатады, сүзгіден өткізеді. Циститке, нефритке шалдыққан адам күні бойы аз-аздан жұтымдап ішіп жүреді.

3. Мыңжапырақ шөбінің тұнбасы. Екі шай қасық шөпті бір стакан қайнаған суға салып 1 сағат тұндырып қояды да кейін сүзгіден өткізеді. Күніне 1/4 стаканнан 4 рет тамақтан бұрын ішеді.

4. Қарбыз. Қарбыз - күшті зәр айдағыш. Қарбыздың суы қуықтағы тасты ерітеді.

5 . Шөптер қоспасы. Дала қырықбуыны 15 г, қазтабан 15 г. жолжелкен жапырағы 20 г - бәрін қосып, талқандап, бір ас қасығын 2 стакан қайнаған суға шай сияқты бұқтырып, бір сағат тұндырады. Кешке жатарда жылы күйінде біржола бір-ақ ішеді. Бір емдеу мерзімі - 15 күн.

(«Халық емшілігі» энциклопедиясынан) .

Қаперіңізде жүрсін!

Қан қысымыңыз төмен болса…

Кан қысымы төмен, яғни гипотонияға шалдыққан адамның қан қысымының жоғары көрсеткіші 100 мм, ал төменгі көрсеткіші 60 мм сынап бағанынан аспайды. Гипотония физиологиялық және патологиялық болып екі түрге бөлінеді. Екінші түрі дәрігердің араласуымен емделеді. Ал гипотонияның физиологиялық түріне шалдыққан адам өзін ауру сияқты сезінбейді, бірақ сау да емес. Қан қысымын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін мынадай ережелерлі сақтаса, тіпті созылмалы гипотония жағдайында да науқас өзін сергек сезіне алады.

1. Қан қысымы төмен адамдар түнгі ұйқысының толыққанды болуына мән бермеуі тиіс. Олар, әдетте, қан қысымы қалыпты адамдарға қарағанда 2-3 сағат көп ұйықтайды.

2. Дене жаттығуларымен айналысуы керек.

3. Қан қысымы төмен адамдар таза ауада көбірек жүруі тиіс. Көшеге жиі шығып, әсіресе, жылдың салқын мезгілдерінде серуендеуге ерекше көңіл бөліңіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қуық жүйесі
Жіті нефрит
Еріксіз несеп шығару
Мысықтың несеп жүйесі аурулары
Зәр шығару жүйесі
Науқасты қарап тексеру және курациялық қағаз толтыру
Бет сүйектің сынуы
Әйелдің зәр шығару жүйесі
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Анализатор туралы, жүректің жиырылуы, зәр шығару жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz