Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары


Су жанында саңырауқұлақ көп
Бұл кезде саңырауқұлақ (грибок) жұқтырып алу қаупі артады. Өйткені жұрт жеңіл киінуге мәжбүр, тіпті дененің кейбір тұстарын ашық күйде қалдырады, суға жиі шомылады, күнге қыздырынады.
Негізінен күнге таңғы сағат 10-ға дейін немесе кешкі 5-тен кейін қыздырынған пайдалы. Бұл кезде күннің ультракүлгін сәулесінің күші азаяды. Ал қалағанынша қыздырына беретін адамдарда тері аурулары пайда болуы мүмкін. Егер адам саңырауқұлақ ауруына бейім болса (ағзасында оның титімдей ғана микробы «ұйықтап» жатқан болуы ықтимал), онда өте сақ жүргені дұрыс.
Саңырауқұлақ қоздырғышын жағажайдың құмынан да жұқтырып алуға болады. Жалпы, суға шомылуға барғанда арнайы аяқ киім, «сланцы» апарған дұрыс, саңырауқұлақ жұқтырып алмас үшін судан шыққанда оны киіп жүру керек. Шомылып болған соң аяқты, башпайлар арасы мен өкшені міндетті түрде құрғатып сүрткен жөн.
Дерматит деген қандай дерт?
Жазда адамды «аңдитын» тағы бір дерттің аты - дерматит.
Дерматитке ұшыраған адамның терісі қызарып, түлейді, онда пигменттік нүктелер көбейеді. Одан сақтану үшін әсіресе күнге күйдірінудегі ережелерді ұмытпай жүру керек. Теріге күннен қорғайтын крем жақса болады. Жағажайға барар алдында денеге ылғалдандыратын немесе витаминді көбейтетін, әсіресе құрамында гормондар көп крем жақпау керек. Теріге духи сеуіп, құрамында эфир майлары бар хош иісті ылғалды сорғыштарды жапсырған да зиян. (Кейбір әйелдер, тіпті ер-азаматтар да кейде осындай заттарды жиі қолданады) . Мұның бәрі адамды дерматитке шалдықтыруы мүмкін.
Теміреткі жұқтырып алмаңыз
Жазда көбейетін тері ауруларының тағы бірі - теміреткі. Мұны да адамдар негізінен ашық су көздеріне шомылуға барғанда жұқтырып жатады. Ал одан сақтану жолдары мынадай: әрбір шомылып болған сайын «душқа» түсу, жақсылап шайыну керек. Әсіресе қолды ұқыптап жуған жөн. Құмда жалаң аяқ жүрмеуге тырысыңыз.
Ал теміреткіні адам алғашында аллергия деп қабылдауы мүмкін. Ол теріде қызарған, дөңгелек дақ сияқты пайда болады, қатты қышиды. Кейін әлгіндей дақтар көбейіп, бір-біріне қосылады, үлкейеді. Ол басқа да шығуы мүмкін. Мұндайда шаш түбінен сынғыш болады.
Теміреткіден өз бетінше емделген дұрыс емес, дәрігерге көрінген жөн.
Қотыр болып қалмаңыз
Атының өзі үркітетін бұл қолайсыз ауруды қотыр кенесі таратады, ол жиі, жақын араласқанда ауру адамнан сауға жұғады. Жалпы жұрт пайдалануындағы жерлерде тазалық сақталмаса да қотыр кенесіне жайлы жағдай қалыптасады.
Қотыр кенесі ағзаға түскеннен кейін эпидермитті зақымдайды. Дене қатты қышиды, ол әсіресе кешкі, түнгі мезгілде «құтырып» кетеді. Қотыр жұқтырған адам жедел түрде дәрігерге көрінген абзал. Өз бетінше емделуге болмайды, ол аурудың күшейіп кетуіне соқтыруы әбден мүмкін. Бұл екі арада оны өзгелерге жұқтыру қаупі де еселене түседі.
Қотырды тек маман дәрігерлер ғана емдей алатыны естеріңізде болсын.
Т. ТҰРАН.
http://www. zamana. kz/in
ЕРІ КЕМШІЛІКТЕРІ
11. 02. 2010 Просмотров: 999 Комментариев: 0
Жалпы, терінің косметикалық кемшіліктерінің себептері неден пайда болады, оны емдеу тәсілдері бар ма деген сауалдар редакция поштасына аздап болса да түсіп қалады.
Өздеріңіз білесіздер, терінің құрылысы соншалықты күрделі, ал атқаратын қызметінің әртүрлілігі соншалықты, ондағы сәл өзгерістің өзі теріде ауру туғызады. Сөйтіп теріде косметикалық кемшілік пайда болады.
Кейбір косметикалық кемшіліктер тері ауруларының әсерінен пайда болады. Мысалы, өте майлы және құрғақ тері қышымының пайда болуына әкеп соғады. Енді бір косметикалық кемшіліктерді тері аурулары тудырады (тырнақ, пигмент т. б) .
Ал кейбір тері аурулары косиетикалық кемшілктің өзі болып есептелінеді. Мысалы, безеу, сүйел флоазма т. б. Организмнің ішкі аурулары да косметикалық кемшіліктерге әкеп соғады. Мысалы, асқазан ауруларының әсерінен мұрын қызарады, қызыл безеулер шығады.
Косметикалық кемшіліктерді тудыратын жайттар сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқысына тері пигменті, қолдың ойылуы, аяқтың қажалуы тағы басқалары жатады.
Қарамайлы сабынның пайдасы
Кейбір косметикалық бұйымдар сымбатты көрінуге жол ашқанмен, оларды сатып алуға кез келгеннің қалтасы көтере бермейді. Бірақ, косметикалық бұйымдардан кем болмайтын әрі қол жетімді бағамен сатылатын қарамайлы сабын (дегтярное мыло) бар. Қазіргі таңда қарамайлы сабынға деген сұраныс күн сайын артуда. Себебі қарамайлы сабынға деген нәзік жандылардың қызығушылығы басым.
Гельді маникюр қауіпті ме?
Гельді маникюр соңғы кезде үлкен танымалдыққа ие болды. Алайда оны кептіру әдісі, яғни арнайы шамның астын кептіру барысы тырнақ пен қол терісінің саулығына қауіпті болуы мүмкін екен. Бұндай шешімге осы мәселені зерттеген америкалық ғалымдар келді.
Гельді маникюр пайда болған кезден бастап, арулар маникюр қиындықтарын ұмытты. Жарты айға дейін сақталатын , сынбайтын, қабыршықтанып түспейтін маникюр заманауи сәннен қалмайтын арулардың сүйікті дауасы болды. Алайда ғалымдар гельді лакты кептіруге арналған ультракүлгінді шамның зияны жайлы ойланып, түрлі тәжірибелер жасады.
Ультракүлгін шамы гельді лактың бір-екі минутта-ақ кебуін қамтамасыз етеді. Уақытты үнемдеу ыңғайлы, аурусыз дауаны одан әрі танымал қылды. Бірақ, дәл осы шам денсаулыққа қауіпті екен. Нью-Йорк медицина университетінің ғалымы Крис Адиган ультракүлгін шамының теріге әсерін зерттеді. Нәтижесінде, шам шығаратын ультракүлгін тері рагы ауруына әкелуі мүмкін екен деген көзқарас туындады.
Ғалымның айтуынша, гель маникюрына деген әуестік қиын аурулардың бірінің себепкері болуы мүмкін екен, алайда оның мүмкіндігі өте аз. Сонда да ол маникюрдің мұндай түрін жиі жасамай, абай болуға кеңес берді.
Дәл осындай тәжірибе америкалық тері рак ауруының ұйымында жасалған екен. Ұйымның президенті, медицина ғылымының докторы Элизабет Хейл Криса Адиганның айтқанына қосылып, гельді лакты кептіру қауіпті деген шешімге келді.
Ультракүлгін сәулелері адам үшін қауіпті болса да, тері рак ауруының даму мүмкіндігі аз, алайда жоқ емес. Сондықтан гельді маникюрді бірінен кеін бірін ауыстырып жасамай, тек арнайы жиын-отырыстарға ғана жасаңыз.
Жалпы, теріміз неғұрлым көп ультракүлгін әсерінде болса, соғырлым көбірек зақым алады. Күннің астында көп жүру, күннен қорғаныс кремін қолданбау, ал енді гельді маникюр де терінің ерте қартайып, түрлі аурулардың бастамасы болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, мәселенің бірден-бір шешімі - күннен қорғаныс крем. Көктем шыққалы күннің жаман сәулелерінен қорғану үшін арнайы SPF көрсеткіші бар крем жағамыз. Сол сияқты гельді лакты ультракүлгін шамның астында кептірмес бұрын, қолыңызға қалың қабат SPF көрсеткіші 15 -тен төмен емес крем жағыңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Жұмсақ тіндердің іріңді ауруларыУикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мазмұны[жасыру]
- 1 ЖҰМСАҚ ТІНДЕРДІҢ ІРІҢДІ АУРУЛАРЫ
- 2 Фурункул2. 1 Этиологиясы2. 2 Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек басқа іріңді микрофлораның қоздырғыштары. 2. 3 Патогенезі2. 4 Клиникасы2. 5 Емі
- 3 Карбункул3. 1 Этиологиясы3. 2 Патогенезі3. 3 Клиникасы3. 4 Емі
- 4 Пайдаланылған әдебиеттер
Фурункул
Фурункул-шаш фолликулы, май бездері және теріасты май клетчаткасының жедел іріңді некротикалық қабынуы. Көбіне орналасатын жерлері: Мойынның артқы беті; Иық алды, білезіктің сыртқы беті, бет аймағы, бөксе аймақтары. Егер екі немесе одан көп фурункулдардың пайда болуын фурункулез деп атайды.
Этиологиясы[өңдеу] Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек басқа іріңді микрофлораның қоздырғыштары. [өңдеу]Бейімдеуші факторлар:
- Ағзаның әлсізденуі;
- Зат алмасу бұзылыстары;
- Авитоминоздар;
- Тері аурулары.
Фурункулдың дамуы іріңді пустуланың түзілуінен басталады:микрофлораның шаш фолликулынан терінің емізік қабатына таралғанан кейін қабынбалы инфильтрат түзіледі. Инфильтрат ортасында некроз ошағы түзіледі(некротикалық стержень), некроз маңайында ірің жиналады. Ірің шыққанан кейін және некротикалық стержень алынғаннан соң, тері дефекті грануляцияға толып, дәнекерленеді.
Клиникасы[өңдеу]Науқасты қарағанда қабыну аймағында кішірек іріңдік болады, маңайында гиперемия байқалады. Сирек тері қабатында қалындау және гиперемия байқауға болады, бірақ іріңдік болмауы мүмкін. Фурункулдың дамуына байланысты қабыну тері үстінен конус тәрізді көтеріліп, диаметрі 0, 5-1, 5 см, аса айқын шекарасы жоқ инфильтрат түзіледі. Тері қошқыл қызыл түсті, инфильтрат ортасында қабыршақпен жабылған жұмсарған аймақ болады, қабыршақ астынан ірің шығады. Ірің шыққаннан кейін инфильтрат ортасынада жасыл түсті тін аймағы анықталады, ол некротикалық стерженнің ұшы болып табылады.
Кейде қарағанда шар тәрізді домбығу, жұмсару, аздаған іріңді бөлініс болуы мүмкін. Ол некротикалық стерженнің толық іріңді еруі нәтижесіндегі түзілген және ірің шығуы бұзылғандағы абсцедирлеуші фурункул болып табылады. Науқасты қарағанда фурункулдан шыққан қызыл сызықтар анықталады, ол лимфангиттің қосылғандығын, регионарлы лимфа түйіндерінің үлкеюі лимфоадениттің дамуын көрсетеді. Егер фурункул бет аймағында орналасса: жоғарғы ерінде, қабақта, қабақ үсті доғаларда -науқастар қатты бастың ауырсынуына, дене температурасының жоғарылауына, олар фурункулдың іріңді бет веналарның тромбофлебитімен асқынғандығын көрсетеді. Кейде бет веналары арқылы көз венасы арқылы кавернозды синусқа өтетін болса, менингиттің клиникасы көрінуі мүмкін.
Егер ауыспалы қызба, қатты қалтырау, сандырақ, есінің бұзылуы, тері жабындыларының бозаруы сепсистің дамуын көрсетеді, ал іріңдіктердің басқа мүшелерде табылуы септикопиемия диагнозын растайды .
Емі[өңдеу]Консервативті және оперативті ем. Консервативті ем. Науқасты фурункулды сығу, пустуланы бритвамен кесу, қыздырғыш компресстер қолдану ауыр асқынуларға әкелетінін түсіндіру қажет. Аурудың басында этил спиртімен, салицил спиртімен өңдеп, ультра жиілігі жоғары (УВЧ) терапия жүргізеді. Фурункул ашылғаннан кейін протеолитикалық ферменттермен, натрий хлоридінің гипертониялық ертіндісімен таңулар қолданады. Бет фурункулы бар науқастарды стационарға жатқызу керек. Егер фурункул абцедирленген болса, абцессті ашуға жүгінеді.
Карбункул[өңдеу]
Карбункул
Карбункул -тамырлар тромбозы нәтижесінде тері және теріасты май клетчаткасының некрозымен, ортақ инфильтрат түзілуімен сипатталатын бірнеше шаш фолликулдарының және май бездерінің жедел жайылған іріңді -некротикалық қабынуы
Этиологиясы[өңдеу]- Ең жиі қоздырғышы болып алтын стафилококк, сирек стерптококк, кейде аралас инфекция .
- Бейімдеуші факторлар: Ағзаның әлсізденуі, зат алмасу бұзылыстары, авитоминоздар.
- Негізгі карбункулдың орналасатын жерлері:Мойынның артқы бетіШүйде аймағыЖоғарғы және төменгі ерінАрқа, бел аймақтары
Ауру бірнеше шаш фолликулдарын, май бездерін қамтитын инфильтраттың түзілуінен басталады. Жергілікті қан айналым бұзылып, тері және тері асты май қабаты, кейде одан терең некроз дамуы мүмкін. Некрозбен бірге, тіндердің іріңді еруі дамып, ірің фолликулдардың түбінен ағады. Ірің шыққаннан кейін орнында терең дефект қалып, ол екіншілік жазылумен жүреді.
Клиникасы[өңдеу]Жалпы белгілері айқын, дене температурасы фебрильдіге дейін көтерілуі мүмкін. Науқасты тексергенде іріңді қабынудың жалпы белгілерінен басқа (дене температурасының жоғарылауы, қалтырау, аппетит төмендеу, бас ауру) орналасатын аймақтарда көк-қошқыл түсті ісіну байқалады . Аурудың басында бірнеше инфильтрат түзіліп, кейін олар бір-бірімен қосылып, тері үстінен жоғарылаған ортақ инфильтрат түзіледі. Инфильтраттың бетінде бірнеше некротикалық пустулалар болады, олар ортасында қосылып, жайылмалы тін некрозын түзеді. Некроз аймағының жұқарған беті бірнеше жерден тесіліп, тесіктер пайда болады (сито симптомы) Жиі лимфоаденит пен лимфангитпен бірге жүреді. Егер науқаста тіндердің ісінуі ұлғайса, жалпы симптомдары өрістесе, онда карбункулдың ағымы қолайсыз деп бағаланып, ары қарай флегмона, сепсис дамуына түрткі болады. Карбункулды сібір жарасының карбункулынан ажырату керек, сібірлі жара карбункулында геморрагиялық көпіршіктер болады, іріңді бөлініс болмайды, инфильтрат ауырсынбайды және некротикалық стержень қара түсті болады. Көпіршік құрамында сібір жарасының таяқшалары анықталады.
Емі[өңдеу]- Карбункулдың бастапқы стадияларында консервативті ем қолданады.
- Төсектік режим
- Спиртпен өңдеп, асептикалық таңу салу
- Парентеральді, пероральді антибиотиктер, ұзақ әсерлі сульфаниламидтер қолданады. Қант диабетімен ауыратын науқастарда зат алмасу бұзылыстарын коррекциялау, инсулинотерапия жүргізу қажет. 2-3 күннен кейін консервативті ем нәтижесіз болса, яғни интоксикация белгілері жоғарылап, некроз өршісе- наркоз арқылы операцияға көрсеткіш болып табылады.
- http://ru. wikipedia. org/wiki/Фурункул
ЭКСУДАТИВТІ-КАТАРАЛЬДЫ ДИАТЕЗ
03. 08. 2012 Просмотров: 576 Комментариев: 0
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz