№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Ақпараттық жүйелер кафедрасы

Бітіру жұмысы

«№1 Поликлиника негізінде медициналық құжат ауысуының ақпараттық жүйесін құру»

Орындаған 4 курс студенті Кулманов Б. Б.

Ғылыми жетекші Алимжанова Л. М.

(қолы, күні)

Норма бақылаушы Жуманбаева А. М.

(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің Төкеев У. А.

рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ5

1. 1 Құжаталмасуды ұйымдастыру7

1. 1. 1 Архивтер8

1. 2 Құжаталмасу мен іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау кезіндегі негізгі проблемалар8

1. 2. 1 Ақпараттанғандық проблемасы8

1. 2. 2 Ұйымдастыру мәселелері9

1. 2. 3 Психологиялық проблемалар10

1. 2. 4 Кадрлар мәселесі12

1. 3 Өңдеуге арналған ұсыныстар12

2 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕДЕ ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. БАСҚАРУ КОНЦЕПЦИЯСЫ14

3 ЕМХАНАНЫҢ ІСКЕРЛІК ПРОЦЕСТЕРІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ18

3. 1 Емхана және оның құрылымы18

3. 2 Емхананың емдік қызметінің функционалды моделі19

3. 3 Емхананың іскерлік процестерін автоматизациялау тұжырымдамасының теориялық дәлелделуі21

4 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУ ПРОЦЕСІН АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ МОДЕЛІН ЖАСАУ23

4. 1 Жүйелерді жасаудың мақсаты мен міндеттері23

4. 2 Инфологиялық ақпараттық моделді жобалау23

4. 3 Логикалық жобалау28

4. 4 Инфологифлық модельді логикалыққа бейнелеу28

4. 5 Нақты бір МҚБЖ-сін таңдау35

5. МӘЛІМЕТ ҚОРЫ ҚҰРЫЛЫМЫН ЖАСАУ36

5. 1 Қамтамасыз етуші бөлім36

5. 1. 1 Ақпараттық қамтамасыз ету36

5. 1. 2 Программалық қамтамасыз ету36

5. 1. 3 Техникалық қамтамасыз ету37

5. 1. 4. Технологиялық қамтамасыз ету37

6 ПРОГРАММАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ38

7 ТӘЖІРИБЕЛІК ЕСЕПТЕУЛЕР НӘТИЖЕЛЕРІ62

7. 1 Клиникалық тиімділік механизмдері62

7. 2 Экономикалық тиімділік механизмдері62

7. 3 Ұйымдық-психологиялық әсерлер63

8 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК ПЕН ҚОРЫТЫНДЫ64

ҚОРЫТЫНДЫ65

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ66

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Бұл жұмыстың өзектілігі, мақсаттары мен міндеттері келесі жағдайлармен анықталады. Құжаттарды ұйымдастыру мен олармен жұмыс істеу ақпаратты әр түрлі тасмалдағыштарға жазу мен басқару қызметін іске асыру үшін белгіленген ережелер бойынша безендіруге қатысты барлық процесстерді қамтиды. Іс-қағаздар табиғи тілдерді (қолжазба, машинада терілген, оның ішінде телеграммалар, телефонограммалар, машинаграммалар) және жаңа тасымалдағыштарды қолдана отырып жасанды тілдерде жүргізіледі (перфокарталар, перфоленталар, магниттік ленталар, карталар, дискеталар және т. б. ) . Мен өз жұмысымда компьютерлік техниканы қолдануды қарастырамын, яғни іс жүргізуді автоматизациялауды.

Құжаттармен жұмыс істеуді ұйымдастыру - кішігірім кәсіпорыннан бастап федералдық ведомстваға немесе ірі корпорацияға дейінгі кез келген мекемедегі басқарудың алғаш талап ететін міндеттері.

Кез келген кәсіпорынның қызметі қолданыстағы заңмен, басқарманың бұйрықтары мен жарлықтарымен, жасалынып жатқан келісім-шарттардың шарттарымен, қандай да бір операцияны (мысалы, сауда) жүргізудің белгіленген ережелерімен және тағы да басқамен реттелініп отырады. Осыдан шығатыны, кез келген кәсіпорынның қызметі құжаттарды бірізді орындауға негізделеді, ал олардың сәтті орындалуы кәсіпорынның жағдайын анықтайды.

Құжаттың сәтті орындалуы көп жағдайда келесіден тәуелді.

Біріншіден, ақпараттың құжатта дұрыс безендірілуі, орналасуы және құжаттағы ақпарат қаншалықты түсінікті берілгендігінен тәуелді. Мысалы, бұйрық мәтіні майда шрифтпен терілген болса, бұйрық пункттары бір бірінен бөлініп тұрмаған болса, атқарушылар фамилиялары басқа топқа бөлінбеген болса бұйрықтың кейбір жерлері еленбей де қалуы мүмкін. Сол себепті іс-қағаз жүргізуді дайындаудың, құрастырудың, безендірудің және оны жасаудың бірнеше стандартты ережелері бар.

Екіншіден, құжаттың дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету керек, яғни құжат тез арада орындаушыға (немесе орындаушыдан орындаушыға) берілетіндей етіп, құжаттың белгіленген мезетінде орындалуына ынталандыру болатындай етіп жұмысты ұйымдастыру керек. Қазақстанда көптеген ғасырлар бойынан бүгінге дейін мұндай ынталандырудың бірі орындауды бақылау болып келеді. Сонымен қатар, бақылау міндеті құжаттың орындалуына тікелей қатысы жоқ және құжаттың орындалуына қатысты білім немесе өндіріс саласын мүлдем білмейтін қызметкерге жүктелуі де мүмкін.

Құжаталмасуды автоматизациялау туралы әңгіме қозғалғанда, бұл сфераға әдетте шешіліп жатқан мәселеге тікелей қатысы жоқ көптеген программалар да кіріп кетеді, мысалы - мәтіндік редакторлар, символдарды тану программалары, электронды пошталар жүйелері. Мемлекеттік стандарттарда құжаталмасу деген термин дайын құжаттардың ұйым ішінде және оның сыртында басқарылып қозғалуы дегенді білдіреді. Электронды құжаталмасу құжаттарды дайындау кезеңдері мен компьютерлік желілермен еркін ақпарат алмасуды қамтиды. Бұл жұмыста осыған сәйкес келетін программалық жабдықтамалар қарастырылады. Қазақстандық және шетелдік құжаталмасудың концептуалды айырмашылықтары Lotus Notes сынды батыстық танымал өнімдерді тек жекелеген есептерді шешуде ғана қолдануға алып келеді. Бұл жағдайды отандық зерттеушілер жақсы түсінеді және осыған сай өз шешімдерін ұсынады. Сол себепті қандай да бір программаларды салыстырып жатудың керегі жоқ: олардың барлығы жоғарғы техникалық деңгейде жазылған, ал олардың кез келгенінің сипаттамасы бұл диплом жұмысының көлемінен артық болып кетеді. Бірақ зерттеушілер олардың негізіне салған концепцияларды салыстыру қызықты болып табылады.

Қазақстандық нарықта құжаталмасу жүйелерін дамыту мен енгізудің екі негізгі бағыты бар: дәстүрлі қазақстандық және батыстық.

Соңғы 100 жыл ішінде Қазақстанда құжаттармен жұмыс істеудің белгілі бір әдістемесі қалыптасты. Кеңес уақытында ол ары қарай дамып, мемлекеттік стандарттарда, нұсқаулықтарда және іс-қағаз жүргізу ережелерінде бекітілді, кеңес уақытынан кейінгі кезеңде де ол өз жалғасын тағы тапты. Іс-қағаз жүргізу технологиясы журналдардың бақылау-тіркеу мен есептік формаларын жүрігуді талап етеді. Құжаттарды өңдеудің ортақ тәртібін қамтамасыз ету үшін арнайы қызметтерді жасау қажет: жұмыстарды басқару, секретариат және кеңсе қызметтері. Дәстүрлі технологияның негізгі проблемасы - уақыттың нақты масштабында құжат қозғалысын орталықтан бақылау болып табылады. Себебі ол жедел ақпараттың орталықтанған мәліметін және көп көлемде әр түрлі журналдар мен картотекаларды жүргізіп отыруды талап етеді.

Бұл бағыттың программалық өнімдері қандай да бір ұйымда қабылданған іс-қағаз жүргізудің барлық дәстүрлері мен нормаларын сақтайды. Олар қағаздағы іс-қағаз жүргізуді сүйемелдеп, құжаттарды өңдеудің көптеген қиын операцияларын жеңілдетеді. Құжаттарды дербес компьютерде өңдеу дәстүрлі құжаталмасудың қолдану аясын едәуір кеңейту керек. Бұл бағыттың жүйелері - қағаз құжаттардан электронды құжаттарға біртіндеп көшу «көпірлері» болып табылады.

Мақсаттың қойылуы: Мен өз жұмысымда медициналық мекемелердегі іс-қағаз жүргізу жүйелерін автоматизациялау мен оларды енгізу туралы баяндаймын.

1 ІС-ҚАҒАЗ ЖҮРГІЗУДІ АВТОМАТИЗАЦИЯЛАУ

Қазақстанның ақпараттық технологиялар нарығында құжаталмасуды автоматизациялаумен көптеген фирмалар айналысады. Өзім үшін ең алғаш анықтап алғым келгені - құжаталмасудың анықтамасы. Әрине барлығы құжаталмасу дегеніміз құжаттармен орындалатын қандай да бір операциялар дегенмен келіседі. Айырмашылықтар шекаралық аймақта басталады - құжаталмасу қай жерде бітіп, іс-қағаз жүргізу қай жерде басталады, және құжаталмасу туралы іс-қағаз жүргізусіз айтуға болады ма.

Екі негізгі бағыт бар. Бірінші жағдайда құжаталмасу іс-қағаз жүргізудің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау, кәсіпорынның ақпараттық жүйесін (АЖ) жасау процесінің бөлігі деп қарастырылады, ол, өз кезегінде, қазіргі уақытта бар бизнес-процестерді автоматизациялау үшін орындалады, немесе олардың эффективтілігін арттыру бағытында өзгерту үшін. Мұндай әдіс жүйелік интеграторларға тән. Оларда, әдетте, кіші және орташа клиенттер үшін қандай да бір үйлестіру дәрежесі бар іс-қағаз жүргізуді автоматизациялаудың қорапты нұсқасы болады. Ірі банк, мемлекет, коммерциялық құрылымдарды автоматизациялау - индивидуалды процесс.

Екінші бағыт - құжат ағынын бақылау мен басқаруға ғана арналған маманданған программаларды қолдану. Бұл жүйелер құжаттардың үлкен көлемімен жұмыс істейді. Олар басқа да офистік жүйелермен жақсы үйлесімді және өздерінің автоматизация жүйелерін құпия сақтағысы келетін және программалық жабдықтама жабдықтаушысынан тәуелсіз болғысы келетін клиенттер үшін өте орынды болып табылады.

Әлемдік нарықта әр түрлі масштабтағы процестерді автоматизациялауға арналған көптеген әр түрлі компьютерлік программалар бар. Олар қазақстандық нарыққа енуге қарсы емес және басында енуге тырысып-ақ көрген. Сол кезде мемлекеттік мүдделердің соңғы қорғанысын қазақ тілі ұстап тұрғандығы белгілі болды. Батыстық жүйелер әр түрлі облыстарда қазақ тілін қолдануға байланысты ешқандай тәуір затты ұсына алмады. Бұл батыстық импортты шешімдерді бәсекеге қабілетсіз ететіннің алғашқысы. Іс-қағаз жүргізудің қазақша автоматты жүйелерінің дамуына тән басқа аспект - қазіргі таңдағы экономикалық ортада серіктестік және іскерлік қарым-қатынастарды табудың дәстүрлі және жаңа жолдары. Әр ұйым кез келген салада, іс-қағаз жүргізу мен құжаталмасуды қоса есептегенде, жұмыс істеуде. Осы жерде жаңадан ойлап табылған велосипедтер мен ашылған Америкаларды санау мүмкін емес. Арасындағы ең білімділері уақытпен сыналған құжаттар мен іс-әрекеттердің шаблондары бар екендігін, стандарттау - уақытты үнемдеу екендігін білді.

Бұл Қазақстан нарығындағы қазіргі жағдайға байланыстысы. Эволюция жолындағы келесі кезең - GroupWare мен WorkFlow жаңа технологиялары мен ашық жүйелерде жұмыс істеудің артықшылықтарын мойындау. Сөйтіп ойда реинжиниринг түсінігі анықталады. Бұл батыстық бизнес-процестер ұйымдастыруы жүріп келе жатқан жол.

Құжаталмасу программаларын жасаушылар тапсырыс берушілердің қалауы мен шынайы жағдайды қатар ұстауы керек болып қалады. Олар тек қазіргі нарыққа қарап қана бағыт алмайды, сондай-ақ компьютерлік техника мен программалық жабдықтама дамуының әлемдік процесін ескере отырып оны өздері де белсенді түрде жасайды.

Алдымен іс-қағаз жүргізудің жалпы құрылымын қарастырайық. Әдетте, ол үш ірі блоктан тұрады:

  • құжатты жасау және оны тіркеу;
  • құжаталмасу (тасымалдау, біреуге беру, оның орындалуын бақылау және т. б. ) ;
  • архив жасау және оны жүргізу (архивке енгізу, іздеу, шығару, жүйелендіру және т. с. с. ) .

Бұл интегралданған схема құжаталмасу программаларын жасайтын фирмалардан алынған және ол ақпаратты жүйелендіруге өз септігін тигізеді.

Барлық кездескен программалар құжаттардың келесі түрлерімен жұмыс істейді:

  • құрылымданған;
  • құрылымданбаған;
  • қағаз;
  • электронды;

Құрылымданған құжаттар формалараның біркелкілігімен ерекшеленеді. Өңдеуге қажет ақпарат белгілі бір өрістерде тұрады. Ол ақпараттар оқылады және мәліметтер қорына жазбалар түрінде енгізіліп отырады. Мұндай құжаттарға мысал ретінде қаржылық құжаттарды, анкеталарды келтірсе болады. Lotus Notes технологиясын қолданатын кейбір өндірушілер, оның ішінде «Интерком», еркін формалы құжаттарды құрылымдайды, мысалы келісім-шарттар.

Құрылымданған құжаттармен жұмыс істегенде сканерлеу және тану технологиясын қолдану керек болады (мысалы, қолжазбаларды танитын Tiger Forms технологиясы) . Қазақстан нарығында сканерлеу мен жазбаларды тану жүйелерінің екі түрі бар: Cunei Form және Fine Reader. Екеуі де жақсы танымал. Жазбаларды тану жүйелері сіз қағаз құжаттармен жұмыс істейтін болсаңыз керек болады. Ол құжаттар, яғни хаттар, факстар, жарнамалар, іс-қағаз жүргізу жүйесіне сканерлеу мен жазбаларды оқу арқылы түседі. Құжаттардың басқа түрі - электронды құжаттар. ПЖ-ның әр алуан түрлі нарығына қарап отырсақ, құжаталмасу жүйелері барлық форматтарды таниды: doc, txt-дан бастап графикалық tif пен rtr-ге дейін. Сонымен қатар, ақпаратты жіберу мен алудың әр түрлі арналары қолданылады: электронды пошта, факс, телекс, телетайп, Интернет және т. б.

Құжатты жасау кезеңінде оған тану белгілері, яғни реквизиттер беріледі. Барлық жүйелер реквизиттер құрамы мен олардың формаларын анықтағанда икемді болып келеді. Кейбір өнімдер, мысалы «Ефрат», құжатты енгізгенде оның лексикалық анализін жүргізеді. Құжаттардың реквизиттері арнайы мәліметтер қорында сақталады.

Құжатты жасау - кіріс құжатын тек өңдеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, бұл - шығыс құжатты да генерациялау. Барлық жүйелерде қолданылатын ең қарапайым жол - құрылымданбаған құжат жасау үшін мәтіндік редакторларды пайдалану және оны мәліметтер қорына реквизит бере отырып енгізу. Құрылымданған құжаттар шаблондар бойынша керекті өрістерді толтыра отырып жасалынады.

1. 1 Құжаталмасуды ұйымдастыру

«Құжаталмасу» деген терминнің өзі дұрыс емес деген пікір де бар. Мысалы бұл ойды «АйТи» фирмасының мамандары айтады. Құжаттар айналмау керек. Олар өз орындарында жатулары тиіс. Шын мәніде құжаттар өз орнында жатады және тек қана қандай да бір резолюциялармен өсіп (толтырылып) отырады. Автоматизациялау қағаз құжаталмасуға тән кемшіліктерді жөндейді деп есептелінеді. Бұл кемшіліктер - парраллель жұмыс істеу қиындығы, құжат жүрісі туралы ақпарат алу қиындығы. Құжаттарды жоғалтып алу және қателіктер жасау ықтималдығы бар, құрылымданған құжаттарда кейбір өрістер толтырылмай қалуы мүмкін, және тіпті құжаттарды не жоғалтып, не ұрлатып алу қаупі де бар. Электронды құжаталмасу осы кемшіліктердің шығынын барынша минимиумдауға мүмкіндік береді. Бірақ шынын айту керек, бұл процессті толық автоматизациялау мүмкін емес. Негізгі себеп - шешімдер кейде авторитарлы әдіспен де қабылданып жатады.

Құжаталмасудың барлық танымал жүйелері автономды тұтынушы режимінде де, клиент-сервер технологиясымен де жұмыс істей береді.

Құжаттар мәлімет қорында сақталады. Дәстүрлі түрде олар бумаларға біріктірілген, құрылымы иерархиялы және оларға қол жеткізу бақыланады. Lotus Notes негізінде жасалған құжаталмасу жүйелерінде құжатқа қол жеткізуді бақылаудың көпдеңгейлілігі сияқты үлкен ерекшеліктері бар. Сервер, мәлімет қоры, шаблон, құжат, құжаттың бір бөлігі немесе бөлек бір өріс толығымен жабық болуы мүмкін. Сонымен қатар, құжаттардың әр түрлі нұсқалары, олармен істелген жұмыстар да сақталынады. Іс-қағаз жүргізу жүйелері, негізінен, мәтіндік және графикалық профильдегі құжаттарды өңдеуге арналған. Бірақ САПР-дың танымал вектор форматтарымен де, кеңмасштабты және көпбетті сығылған растрлі бейнелермен де жұмыс істейтіндері кездесіп жатады. Мұндай программалармен Terralink фирмасы қамтамасыз етеді. Бұл бірақ іс-қағаз жүргізу емес, инженерлік проекттерге қызмет көрсету болып табылады.

Құжаталмасу жүйелері, егер ол жеткілікті деңгейде бұл үшін формализациаланатын болса, бизнесс-процестерді басқару технологиясының ішінде де болуы мүмкін. Жүйелер, кемінде, шешім қабылдаудың ақпараттық қолдауын қамтамасыз етеді, себебі олар барлық құжаттарды сақтап отырады және кез келген уақытта керекті құжаттарды реквизиттарындағы белгісі бойынша жинай алады.

Барлық жүйелер кәсіпорынның басқа да ақпараттық жүйелерімен интегралдануы мүмкін екендігін де айта кеткен жөн, егер ол АЖ-лер бар болса.

Іс-қағаз жүргізу жүйелері мүмкіндіктерінің бұл бөлімін аяқтай отырып оларды жасау жолының бірі ретінде мынаны келтіре кетсек болады. Ұйым өзі үшін жүйе жасап, кейін оны басқаларға бейімдеп сата алады. Бұл тауар өндірісін натуралды шаруашылықтан дамытудың классикалық мысалы. Әрине, барлығын өз қолыңызбен істесеңіз болады, әсіресе егер жақсы программистер штаты және Lotus Notes сияқты жақсы құралыңыз болса. Бірақ онда прогресстің мәні неде?

1. 1. 1 Архивтер

Бұл іс-қағаз жүргізудің ең қарапайым және түсінікті элементі. Оның пайдалылығы еш күмән туғызбайды және ол кез келген ұйымда болады. Біздің жағдайымызда архив - құжаттар (олармен жұмыс істелініп біткен) .

Егер ұйымда қандай да бір түрдегі архив бар болса, құжаталмасуды автоматизациялау кезінде қазіргі бар архивті және ІҚЖАЖ-сін үйлестіру құралдарына назар аудару керек. Жиналған ақпаратты қолдану екі жолмен іске асуы мүмкін - құжаттарды архивке импорттау арқылы немесе мәлімет қорын архивті сақтау бірлігі ретінде импорттау арқылы. ІҚЖАЖ-сінің программасын жасаушылар фирманың іс-қағаз жүргізу көлеміне байланысты өз шешімдерін масштабтайды. Әсіресе бұл клиент-сервер архитектурасындағы клиенттердің орын сандарына және қолданылатын МҚБЖ-не (СУБД) қатысты болып табылады. Егер кішкентай көлем үшін Lotus Notes құралдары жеткілікті болып жатса, ірі көлемдегілер үшін Oracle, SQL, Informix, Btrieve сияқты МҚБЖ-лері және оларға сәйкес платформалары керек болады.

Бұл өз офисында құжаталмасу жүйесін қоймағандар үшін жеткілікті десек болады. Ал мұндай жүйелерді орнатпағандарды орнатылған құжаталмасу программаларының саны бойынша көп деп айтуға болады. Бұл, орташа есеппен алғанда, мұндай қызметпен айналысатын бір фирма үшін 10-15-ке тең

1. 2 Құжаталмасу мен іс-қағаз жүргізуді автоматизациялау кезіндегі негізгі проблемалар

1. 2. 1 Ақпараттанғандық проблемасы

Ұйым басшылығы іс-қағаз жүргізудің автоматты жүйелерін (ІҚЖАЖ) енгізу керектігін түсіну үшін олар, кемінде, бұл жүйелердің бар екендігінен, олар қандай жұмыстар атқаратындығынан және оларды қалай енгізу керектігінен хабардар болулары тиіс. Сонымен қатар, ұйым басшылығы мұндай жүйелерді енгізуден түсетін пайданы анық білулері керек.

ІҚЖАЖ туралы ақпараттың жетіспеушілігі олардың АСУ ТП, АСУП және т. б. жүйелермен ассоцияциялануына алып келеді. Көп адамдардың жадында 80-жылдарда мұндай жүйелерді енгізу кезінде сауатсыз әдістерді қолдану себебінен қалған нашар тәжірибе әлі сақталған. Бұл ІҚЖАЖ туралы қате пікірлердің қалыптасуына алып келді, оны кәсіпорын жұмысына ешқандай жаңалық және пайда алып келмейтін қымбат бір ермек деп түсінді. ІҚЖАЖ енгізуден келетін пайда бірден көзге түспейді, себебі ұйым басқарудың жақсаруы салдарынан болатын экономикалық эффектті бағалау өте қиын. Ernst & Young және Nortan Nolan Institute берген мәліметтерге сәйкес, электронды құжаталмасуды енгізген кәсіпорындардың келесідей көрсеткіштері жақсарады:

  • кеңседегі жұмыс өнімділігі 25-50%-ға артады;
  • құжат өңдеу уақыты 75%-ға қысқарады;
  • құжат сақтау орнына төленетін шығындар 80%-ға төмендейді.

Бұл бағалаулар батыс нарығы үшін жасалынған, және Қазақстан үшін бұл сандар басқаша болуы мүмкін. Нақтырақ айтсақ, құжат сақтау орнына төленетін шығындар айтарлықтай азаймауы мүмкін, себебі біздің мемлекетте әлі де қағаз құжаттар немесе оның микрокөшірмелері (микропленкалар және микрофиштер) заңды күшке ие. Бірақ сол уақытта, құжат өңдеу уақытының төмендеуі мен құжат өңдеудің регламентін дәлме-дәл сақтау көп салаларда шектеуіш көрсектіштер болып табылады, олар ІҚЖАЖ енгізуден үлкен экономикалық эффект алып келуі мүмкін.

Мұндай жүйелерді енгізудің эффективтілігі көп жағдайда ІҚЖАЖ енгізу кезінде туындайтын ұйымдастыру мәселелерін ұйым басшылығы қалай шешетіндігіне байланысты.

1. 2. 2 Ұйымдастыру мәселелері

Уақыт өте келе әр кәсіпорында белгілі бір ұйымдастыру құрылымы (ол әрқашан тиімді болмауы да мүмкін), тек оған ғана тән өзіндік жұмыс істеу стилі мен өзіндік басқару тәсілі қалыптасады. Бастапқыда енгізіліп жатқан ІҚЖАЖ көп жағдайда кәсіпорын ұжымы үшін «бөтен» болып сезіледі. Бұл жақсы құрылған ІҚЖАЖ «лакмус қағазы» іспеттес болғандығынан, кәсіпорынның функционалды-құрылымдық құрылысындағы көптеген кемшіліктері ІҚЖАЖ енгізу процесінің алғашқы кезеңдерінде-ақ көріне бастайды.

Сол кезде екі таңдау туындайды: ІҚЖАЖ тапсырыс берушінің құрылымына қарай ыңғайландыру ма, әлде ІҚЖАЖ-нің максималды ээфективтілігіне қол жеткізу үшін тапсырыс берушінің құрылымын қайта құру ма? Бұл мәселені шешудің екі жолы бар: техникалық, бұл жағдайда көп мәселе жүйені жабдықтаушыға тәуелді болады, ұйымдастыру, тапсырыс берушіге толығымен байланысты.

Барлық жақсы ІҚЖАЖ-нің қандай да бір тапсырыс берушіге бейімделу мүмкіндігі бар, бірақ оның да өз шегі бар. Сонымен қатар, жүйеге қандай да бір тапсырыс берушінің іс-қағаз жүргізу жүйесіне бейімделуі үшін қойылатын міндеттер нақты болуы тиіс, міндеттер жазбаша күйде жазылып қойғаны дұрыс болып табылады. Нәтижесінде тапсырыс берушіде оған максималды бейімделген жүйе болады, және, ең бастысы, тапсырыс берушіде атқарушынының жұмыс нәтижелерін бағалаудың нақты белгілері болады. Өкінішке орай, мұндай құжаттарды жасау едәуір қиын жұмыс болып табылады. Кейде ІҚЖАЖ-не техникалық тапсырма жасаған кезде кететін уақыт жүйені іске асыруға кететін уақытқа қарағанда айтарлықтай көп болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аурухананың тіркеу орнының автоматтандырылған жұмыс орнын жасау
Медицинадағы автоматтандыру ақпараттандыру жүйесінің спецификасы мен өткізілген анализдердің ерекшеліктері
Oracle мәліметтердің объектілі типтері
Семей каласынын диагностикалык орталығынын АЖО жасау
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
Салық мемлекеттің тірегі
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Медициналық ақпараттардың базалық негізін құрастыру
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz