Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Физика-математика факультеті
Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасы
Ағылшынова А.
«Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
050602- мамандығы - «Информатика »
Алматы 2010
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Физика-математика факультеті
Оқытудың ақпараттық жүйелері кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра
меңгерушісі К. С. Мусин
«___» 2010ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Мультимедиялық технология» бойынша электронды оқу құралын құрастыру
050502-мамандығы бойынша - «Информатика »
Орындаған Ағылшынова А.
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Баймулдина Н.
Алматы 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР. 6
1. 1 Жалпы мағлұмат6
1. 2 Электрондық оқу құралына қойылатын талаптар9
1. 3 Электронды оқу құралының мазмұнына қойылатын талаптар11
2. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ15
2. 1 Мультимедиалық жүйе15
2. 2 Мультимедиа құралдары17
2. 3 Мультимедиалық технологияны пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру21
3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ. 29
3. 1 Электрондық оқулықты өңдеуде html белгілеу тілі29
3. 1. 1 Фреймдер40
3. 1. 2 HTML тілінің мультимедиялық мүмкіншіліктері49
3. 2. «Мультимедиялық технология» пәні бойынша электрондық оқулық51
3. 2. 1 Студенттерге арналған пән силлабусы51
3. 3 Электрондық оқулықпен жұмыс57
ҚОРЫТЫНДЫ63
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ65
ҚОСЫМША 1. Бағдарлама коды67
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі компьютерлік технологиялардың даму деңгейі дәуірдің коммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды, сапалы және бәсекеге түсуге қабілетті білімді қамтамасыз ететін нақты алғы шарттары болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру үрдісі болашақ мамандардан ұдайы ізденуді, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды кәсіби салада қолдана білуге машықтандыруды, қажет ақпаратты, ақпарат көздерінен таба білу мен өңдеуді, шығармашықпен ойлауды және шешім қабылдауды талап етеді. Мультимедиялық технологиялар әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы. Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС МАҚСАТЫ:
- Электрондық оқулықтар туралы зерттеулер жүргізу;
- “Мультимедиялық технологиялар” пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал құру;
- Электрондық оқулықты өңдеу үшін html белгілеу тілін меңгеру;
- “Мультимедиялық технологиялар” пәні бойынша электрондық оқулық құру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС МІНДЕТІ:
1. Электронды оқулық құру үшін мультимедиялық техналогиялар пәні бойынша оқу әдістемелік кешен құру.
2. Электрондық оқулық құру үшін HTML тілін меңгеру.
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері. Қазіргі кездегі ақпараттық қоғам жоғарғы оқу орындардың алдына төмендегідей қабілетті мамандарды тәрбиелеуді талап етеді:
- Өз бетінше керекті білімін ала алатын және оны практика жүзінде қолдана алатын;
- Өз бетінше сынмен ойлауға, нақты жағдайда туындайтын мәселелерді көре білетін және оларды шешу жолдарын іздей алатын;
- Ақпаратпен сауатты жұмыс істеуге қабілетті;
- Әр түрлі әлеуметтік топтарда, ұжымда жұмыс істей алатын;
- Өзінің өз бетінше ой - өрісін, мәдени деңгейін дамыта алатын маман болуы қажет.
Электрондық оқулықтар қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ ҚҰРАЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1. 1 Жалпы мағлұмат
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім - оқытушы, мұғалім - ұстаз, мұғалім - оқулық авторы, мұғалім - технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Жаңа ақпараттық технологияларға (ЖАТ) ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы, Н. Макарова «ЖАТ - қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М. И. Жильдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді. Ол «ЖАТ - адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді [1, 20б]
Біз жоғарыдағы анықтамаларды өз іс-тәжірибемізге қолдану бағытында оларды негізге ала отырып жұмыс істеп жатырмыз. Әсіресе ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамын. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту[2, 34б] .
Қоғамды информатизациялау заманында - білімді ілгері дамыту, басты ағын болып табылады. Білімді ілгері дамытуда электрондық оқу құралының маңызы ерекше. Электрондық оқу құралы, кәзіргі таңда білім саласында маңызды - қашықтан білім алу жүйесінің дамуына да зор үлесін тигізуде.
Электрондық оқу құралы білім алу процессін жеңілдетеді, сонымен қатар сапасын және тиімділігін арттырады. Оқушының өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайды. Кәзіргі таңда білім алу саласында білім алушының өзіндік жұмысына көп назар аударылған, осы заман талабын электрондық оқу құралы көмегімен орындауда. Электрондық оқу құралының келесідей мүмкіндіктері білім алушының кеңінен қолдануына ықпал жасайды:
- Таратылу жолы. Қағаз жүзіндегі таратылымдарға қарағанда анағұрлым тиімді. Электронды оқу құралының таратылымы: интернет, электронды пошта, ақпарат тасымалдауға арналған кез-келген құрал арқылы іске асады;
- Тақырыптың мәтіндік сипатталуынан басқа, аудио, видио, графиктік сипаттамаларын көруге болады. ЮНЕСКО зерттеулері бойынша аудио қабылдау ақпараттың тек 12% қабылдауға мүмкіндік береді, визуалды қабылдау ақпараттың тек 25% қабылдауға мүмкіндік береді, ал аудиовизуалды қабылдау ақпараттың 65% қабылдауына мүмкіндік жасайды;
- Өзіндік тәжирибелік жұмыстарды жасауға болады. Яғни программалау технологиялары көмегімен виртуалды зертханаларды жасау мүмкін;
- Керекті мәліметтерді тез таба алады. Мәтінді іздеу функциясын автоматтандыру нәтижесінде;
- Қажетті фрагменттерді қайта көруге және өңдеуге мүмкіндік бар;
- Көлемі үлкен ақпарат тиімді сақталады, өңделеді, және сол ақпаратқа оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- Өз білімін тексере алу мүмкіндігінің бар болуы.
Қоғамды информатизациялау бағыты ұстаздан келесі міндетті шарттарды орындауларына талап етеді:
- кәзіргі қоғамды ақпараттандыру заманына сәйкес, білім беру, тәрбие беру жолында қолданатын әдістемеліктердің замаңға сай сапасын арттыру;
- білім алушының қажетті мәліметтерді өңдеу, қабылдау, тәжірибелік- ізденіс процессінде өзіндік білім алуына мүмкіндік жасайтын әдістемелік оқұ жүйесін құрастыру.
- білім алушының білім деңгейін көрсететін тексеру әдістемеліктерді құрастыру.
1. 2 Электрондық оқу құралына қойылатын талаптар
Электрондық оқу құралына қойылатын талаптар:
- Электрондық оқу құралының объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатыныстары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болуы керек.
- Электрондық оқу құралы анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек және қолданушының назарын өзіне аударатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- Электрондық оқу құралы әртұрлі мамандықтар үшін олардың типтің оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- Электрондық оқу құралында интерфейс көрнекті, тұсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның тұгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын тұсінуге көмектесетін тұрінде келтірулі керек.
- Электрондық оқу құралында имитациялық компьютерлік моделдер оқылатын объектілер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқа әрекеттердің имитациясы үшін ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік модельдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуі керек.
- Электрондық оқу құралы қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған комьпютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобальды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- Электрондық оқу құралы қосымша программалық құралдарды талап етпейтін операциялық жүйенің версиясын ескере автоматты тұрде орнатуының мүмкіндігіне ие болу керек. Орнату комплектінде мемлекеттік немесе халықаралық стандартына сәйкес ЭОБ-ның тәуелсіз жұмысы үшін барлық қажет шрифтер, драйверлер және программалар пакеттері болу керек.
- Электрондық оқу құралы тұрақсыздандыру әрекеттер болмағанда (элект өшуі, операциялық жүйенің істен шығуы) берілген режимде функциясын жасау керек және тұрақсыздандыру әрекеттермен шақырылатын ауытқулар болғаннан кейін ЭОБ-ның жұмысын жалғастыруды қамтамасыз ететін қабілеті болу керек.
- ЭОБ қолдану процесінде ЭОБ-ға қажет өзгерістер мен кемшіліктерді енгізудің қарапайымдылығын қамтитын және оқу материалдарына және статистикалық берілгендерге санкциалданбаған кірісті болдырмау мүмкіндіктері болу керек[3, 16б] .
1. 3 Электронды оқу құралының мазмұнына қойылатын талаптар
Электрондық оқу басылымының контенті үш деңгейлі бөліктерге бөліну керек:
1-деңгей. Модулдер
2-деңгей. Блоктар
3-деңгей. Сабақтар
- Модул блоктан бұлаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылдымындағы ірі семантикалық оқу бірлігі.
- Блок сабақтан-сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа семантикалық оқу бірлігі.
- Сабақ минималды семантикалық бірлік және ол бірнеше оқу элементтерінен тұрады. Міндетті оқу бірлігі болып теория, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал міндетті емес элементтерге оқу ақпаратын меңгеру, тұсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графикалық, аудио және видео жатады.
- Теория таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны тұсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және тұсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.
- Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерін жаттығуды орындау, есепті шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т. б. тұріндегі детальдық таңдауын қамтамасыз етуі керек.
- Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының ішкі байланысын анықтауға, олардың әртұрлі сыртқы әсерлер кезіндегі функционалдық қасиеттерін зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептерді шешудегі практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың формулировкасында атқарылатын іс-әрекеттердің реті мен күтілетін нәтижеге және олардың берілу формасына қойылатын талаптарға тұсініктемелер болуы керек.
- Сұрақ-жауаптар білімді меңгеру үшін және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру үшін қиындық деңгейі, характері және жауаптардың берілу формасы бойынша вариациялануы керек.
- Тесттерде сұрақтар және арасында бір дұрыс және бірнеше дұрыс емес жауаптар болуы керек және дұрыс жауапты таңдау кезінде қарапайым әдісін қолданбау үшін мағынасын тұсінбей жауап беретін сұрақтар болмауы керек. Дұрыс емес жауаптар өздерінің мазмұны бойынша білім алушы оқу материалын терең білгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшін дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тесттерде білім алушылардың іс-әрекеттері мен жауаптарындағы әдеттегі қателіктер туралы ескертулер және сол қателіктерді жібермеу мен тұзету туралы тұсініктемелер қамту мүмкін.
- Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептерді шешу мен тәжірибе өткізуге, курстық, дипломдық және т. б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелік, графикалық және басқа оқу-әдістемелік мәліметтер қамту керек.
- Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтарын және жағдайларын ашу және көрсету үшін қажетті қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.
Электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн:
✔ Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;
✔ Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы;
✔ Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмау.
Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар:
1. Білім мониторингісі;
2. Сауалнамалар;
3. Түрліше тестілік бақылаулар;
4. Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т. б.
5. Оқушыларды сырттай бақылау
Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан қолдана алады.
Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды география сабағында пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз[4, 25б] .
2. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ
2. 1 Мультимедиалық жүйе
«Технология» ұғымы көздеген мақсатқа жету әрекеттер тізбегі, әдістері және оларды қолдануды біріктіреді.
Мультимедиалық технологиялар - бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуынамүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.
Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе - есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру.
Дербес компьютермен бірге, мультимедиалық жүйе ЭЕМ-нің төртінші сатысында пайда болды. Ең алғаш олар компьютерлік ойындарда қолданыла бастады, одан соң маңызды кәсіптік қосымшаларда қолданылды. Бірақ, барлық жерде ЭЕМ мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жеңілдету міндеті тұрды. Сондықтан, мультимедиалық жүйе - бұл ерекше түрде ұйымдастырылған ЭЕМ деп санау қате ұғым. Мультимедиалық жүйе - бұл құрамдық бөлігі қолданушы болып табылатын адам-машиналық жүйе.
Осындай жүйенің көмегімен келесі мақсаттарға жетуге болады:
- қандай да бір жұмыстың орындалуында адамның қызығушылығын арттыру;
- адамға жұмыстың орындалуына жеңілдіктер жасау;
- адамға арналған қарапайым жұмыстың орындалуына жаңа мүмкіндіктер беру;
ЭЕМ саудасының кеңеюі, көбінесе мультимедиа жүйесінің құрылуына міндетті, олардың негіздерінде қолданушының достық қарым-қатынасы дами бастады. Дәлірек айтқанда, адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасы емес, екі адамның өзара қарым-қатынасы, яғни қолданушы мен бағдарламашының қарым-қатынасы. Бағдарламашы өзінің бағдарламасын құруда, сол бағдарламаға бар өзінің психологиялық қырларын салады және оны өзі сезбейді. Дәл осындай мағынада «адам-машина қатынасы» термині қолданылады.
Осылайша, ақпараттық жүйені жасау үшін міндетті түрде 3 нәтижеге жету керек:
-ол қызықтыруы тиіс;
-бұл қызығушылықтың ұзақ болуы;
-бұл жүйеге қайтып оралатындай қызығушылық тудыру;
2. 2 Мультимедиа құралдары
Қызығушылықтың тұрақты болуына мағына арқылы қол жеткізуге болады, негізгі тасушылары - мәтін, графика, дыбыс, анимация. Ал жүйеге қайта айналып келу үшін бұл жүйені қажетті, жаңа, пайдалы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.
Бағдарламаға салынған психологиялық тілдесу маңызды роль атқарады, сол арқылы бағдарламашы өз өніміне қатынау орнатады. Адамдарға әртүрлі психологиялық әсер етуге болады, яғни, әртүрлі ақпарат түрлерінің көмегімен. Мысалы, дәрістерде студенттер ақпараттың 70% қабылдайды, кітап оқығанда шамамен 70%, ал егер бұл екеуін біріктіретін болсақ, яғни әртүрлі ақпараттың бірігуінен 70% артық ақпарат қабылдайды екен.
Сонымен, мультимедиа - бұл адамның психологиялық күйіне, ақпарат қабылдау қабілеттілігіне, жұмыс істеу қабілеттілігіне әсер ететін мәтін, дыбыс, графикалық бейнелер және анимацияларды компьютерлік жүйеге біріктіретін ақпараттық технология.
Мультимедиалық жүйенің негізгі ерекшеліктері болып табылады:
1) Бір бағдарламалық өнімде әртүрлі ақпарат түрлерінің бірігуі (интеграциясы) ;
2) ЭЕМ құрамындағы енгізу-шығару және әртүрлі ақпаратты өңдеу құрылғыларының өзгешелігі;
3) Ақпараттың динамикалық түрін қолдануға байланысты, мультимедиалық жүйенің ауқымды уақыт ішіндегі қызметі;
4) Адамның ЭЕМ-мен қарым-қатынасының жаңа деңгейінің пайда болуы. Соның арқасында адамның ақпаратты қабылдау деңгейі көтерілуде.
Мультимедиалық жүйенің пайда болуына байланысты, адам үшін жаңа ақпарат көздері пайда болды: электрондық оқулықтар, музейлік және туристік сілтемелер, оқыту жүйелері, консультация және диагностикалық жүйелер, жарнама роликтері, бейне-клиптар, әртүрлі презентациялар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz