Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің негізін салушы



1 Қазақтың тұңғыш педагогы
2 Ыбырайдың өмірі
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына әрі шындық , әрі дәл беріледі. «Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды».
Алтынсариннің өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін айырықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына, оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И. Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама көп білімге оның қолы қалай жетті екен деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ. Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу барлық жағдайларда өздерінің аттарына сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға, үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге болатындықтың айқын айғағы-Ыбырай Алтынсарин өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі. Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз.
1. Дербісәлин Ә. Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарин балалар әдебиетінің негізін салушы
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогы, әрі ақыны, әрі жазушысы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен дүние танушылық көзқарастарына әрі шындық , әрі дәл беріледі. Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды.
Алтынсариннің өмірі-оқушы, студент, оқытушылар үшін айырықша үлгі. Өйткені оның өмірі баянынына көз салсақ, оқу, еңбек, халқы үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей қызмет істеу екендігін көреміз. Ол не барлығы 7-ақ жыл оқыды. Әйтсе де, Алтынсариннің жазғандарына, аудармаларына, оқу оқыту, мектеп мәселелері туралы Н.И. Ильминскийге, басқаларға жазған хаттарына қарағанда, оның білімі, ағарту мәселесіне көзқарастары мен ой-пікірлерінің тереңдіктері кімді болсын таң қалдырғандай. Соншама көп білімге оның қолы қалай жетті екен деген сұрақ туады. Оның жауабы бізше біреу-ақ. Ол-еңбек орта, жоғары мектептерде оқу барлық жағдайларда өздерінің аттарына сәйкес келе бермейтіндігіне, шын білім алғысы келген адам өз бетімен оқып, ерінбей еңбек етсе, жоғары дәрежелі білім алуға, үлкен ой, терең пікірлер айтарлық дәрежеге көтерілуге, халыққа көп пайда келтіруге болатындықтың айқын айғағы-Ыбырай Алтынсарин өмірі. Мұндай үлгілі өмірдің жастар үшін тәрбиелік мәні зор.
Алтынсариннің өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары, әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды, біздің бұл жердегі тоқталмағымыз-оның жазушылық қызметі. Кейде біз Алтынсариннің ағартушылық ісі, жазушылығы деп бөле сөйлейміз. Мектеп ашу, бала оқыту тағы басқа оның игілікті жұмыстар жүргізгені, ат үсті қарағанда олар екі бөлек көрінетіндігі рас. Бірақ Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені ол -- жай ғана ағартушы емес, әрі оқытушы педагог , әрі жазушы.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен жағдайын еске алсақ, оны еске алсақ, ол іске кіріскенде, сонау Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Ыбырайдың жолына кесел келтіретін үлкен - үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі тең, көзқарасы бір, өз қасында серігі жоқ, ең қараңғылықтың дәл ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды. Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып, белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала оқыту - жалпы халықты ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың ой - санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал - мектеп. Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әр түрлі қарады. Халықтың Ыбырай тәрізді адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке жетелеуге, оқу - ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ақын, бір жағынан, жастарды оқуға , білім алуға шақырса, екінші жағынан, өмірдің бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарас соққы берді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта келіп білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті. Ыбырай қазақ жастарын оқуға шақырумен қатар, адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа, халқын сүюшілікке шақырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүние жүзіндегі педагог-ғалымдарының кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айырықша көтерген мәселесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсариннің өмірі
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Ы. Алтынсариннің ағартушылығы мен педагогикалық идеялары
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Ы.Алтынсарин шығармаларының тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері
Алтынсарин Ыбырай
Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ы.Алтынсариннің білім жүйесіне қосқан үлесі
Пәндер