Педагогикалық техника мен оқыту технологиялары: тұжырымдамасы және қолданылуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Педагогикалық техника

Жоспар:

1. Жас тәрбиешілердің ұстаздық техникасында жиі кездесетін кемшіліктер.

2. Тәрбиешінің сыртқы техникасы, мимикасы, сөйлеу техникасы.

3. Тәрбиешінің сыртқы түрінің эстетикалық мәнерлілігі және мәдениеттілігі.

Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы - жаңа педагогикалық технологияларды қолдану.
Қазір жаңа педагогикалық технологиялар туралы жарияланған еңбектер өте көп. Оларда осы жаңалық жан - жақты, әр түрлі қырынан баяндалады. Жалпы «технология» грек сөзі, бізше «өнер, шеберлік» дегенге келеді. «Педагогикалық технология» ұғымының қазір 300 - ден астам балама анықтамалары бар. Мәселен, осы проблеманы көптеген зерттеп жүрген Ресейдің белгілі педагог және т. б. ғалымдары оған төмендегідей анықтамалар береді.
«Педагогикалық технология дегеніміз - оқыту үрдісін жүзеге асыратын мазмұнды техника» (В. П. Беспалько) .
«Педагогикалық технология дегеніміз - оқытуды жоспарланған нәтижесіне жеткізетін қағазға жазылған барысы (үрдісі) » (И. П. Волков) .
«Педагогикалық технология дегеніміз - оқушы мен мұғалім үшін барлық жағынан өте қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту үрдісін жобалаудың, оны ұйымдастырудың және өткізудің бүге - шігесіне дейін ойластырылған, әрі бірлесіп жүзеге асырылатын педагогикалық қызметтің моделі» (В. М. Монахов) .
«Педагогикалық технология дегеніміз - педагогикалық мақсаттарға жету үшін қолданылатын тұлғалық, инструменталдық, методологиялық құралдардың жүйеленген жиынтығы және олардың ретімен қызмет етуі» (М. В. Кларин), т. б

Технологияның кезеңдері:
• Оқытудық мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудық жаңа мақсатын қою. Технологияда одушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы оқушының сапасы, қажеттіліктері, іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырылады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен, мақсат аньщ болмаса оқу процесінің жетілдірілуіне кедергі жасалады.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т. б. )
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
"Педагогикалық технологиясы” терминдерiнiң өзара байланысына келсек:

1. Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде объектiлердi, процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни, педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi.

2. Оқу процесi технологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;

- Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы мақсаттарды анықтау;

- Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау;

- Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау;

- Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау.

Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды.

3. Оқыту технологиясы - бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру. Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.

Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу-тәрбие жүйесiн басқару және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң, мазмұнының, әдiс-тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi.

Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника - оқу сабақтарын айқын да тиiмдi ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”.

Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi”, сондай-ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу” ретiнде анықтама бередi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту технологиялары мен педагогикалық техника принциптерінің оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі (биология сабақтары мысалында)
Қазақстандық электрондық оқытудың тұжырымдамасы және педагогикалық технологиялары
Педагогикалық техника және педагогикалық шеберлік: оқыту технологиясы мен ұстаздың іс-әрекетін ұйымдастыру
Оқытудың педагогикалық технологиялары: теориясы, түрлері және қолданылуы
Оқыту үрдісінде педагогикалық технологиялардың түрлері мен қолданылуы
Оқыту педагогикалық технологиялары: теориясы және жаңа педагогикалық технологияларды оқытуда қолдану
Оқыту технологиялары мен педагогикалық зерттеу әдістерінің глоссарийі
Педагогикалық ойын технологиялары: теориясы, құрылымы және практикалық қолданылуы
Инновациялық педагогикалық технологиялар: тұжырымдамасы, түрлері және мектепке дейінгі білімдегі қолданылуы
Педагогикалық оқыту технологиялары: теориялық негіздері, түрлері және мектеп тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz