Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері



1 Нотариаттық іс.әрекеттер жасаудың негізгі ережелері
2 Нотариаттық іс.әрекеттер жасаудың мерзімі мен орны
3 Нотариаттық іс.әрекеттер жасауды кейінге қалдыру, тоқтата тұру және оларды жасаудан бас тарту
Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi «Нотариат туралы» Заңмен, басқа да заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi туралы нұсқаулықпен белгiленедi. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде алдын-ала қарастырылған ережелерді орындау нотариаттық органдардың қызметіндегі заңдылығы мен тәртібін қамтамасыз етеді және нотриаттық құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын орнықтырады және бекітеді.
Нотариат әрекеттерін жасаудың жалпы ережелеріне келесілер жатады:
Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды. Адамның жеке басын анықтау нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке куәлiгi немесе паспорты негiзiнде жүргiзiледi. Кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басы баланың тууы туралы куәлігі және ата-анасының біреуінің жеке басының куәлігінің негізінде анықталады.
Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады және нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгi тексерiледi. Мәмiле өкiлдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкiлеттiгi тексерiледi. Әрекет қабылеттілігін анықтау деңгейінің критерииінің 2 шарты бар: жас мөлшері мен психикалық. Жас мөлшерінің критерийі 18 жасқа толғанға дейін. Ал клиенттің психикалық әрекет критерииі нотариуспен «әңгіме» кезінде анықталады. Егер нотраиустың күмәні болатын болса, онда ол нотариаттық әрекет жасауды 30 күннен кем емес мерзімге кейінге қалдыра алады. Осы мерзім ішінде нотариус сотқа тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы сұраныс жіберуі керек.
Негізгі:
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж., 21.05.2007ж. өзгерістермен // Егеменді Қазақстан 22 мамыр 2007 жыл
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен қабылданған (19.02.2007 ж. өзгерістері мен қосымшаларына сәйкес)
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексі (22.05.2007ж. өзгерістермен қосымшаларға сәйкес)
4. «Салықтар және бюджетке төленетін міндетті басқа да салықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (22.05.2007 ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 30 қаңтар 2001 жыл № 155-II (22.05.2007 ж.өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
6. «Нотарита туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңы № 155-I (22.06.06ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
7. «Нотариат сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күшін жойғандығын тану туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңы № 156-1
8. «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Казақстан Республикасының 16 қаңтар 2001 жылғы Заңы № 142-II (15.05.2007 ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
9. «Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы» 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.01ж. № 276-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 08.07.05 ж. № 69-III өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
10. «Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (22.05.07ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
11. «Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 11 маусым 2003 ж. ҚР Заңы.
12. «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау Ережесін» бекіту туралы» 27 ақпан 2002 жылғы № 254 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
13. «Нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның нысанын бекіту туралы» 23.10.98 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
14. «ҚР халқын әлеуметтік қорғау органдары мен мекемелері басшыларының сенімхаттарды және қарттар үйі мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлерінің өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы» 8 қаңтар 1998 ж. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің № 9 Нұсқауы
15. ҚР нотариаттық әрекеттер жасау тәртібі туралы 28.07.1998 ж. Нұсқау
16. Қылмыстық-атқару жүйесінің басшыларының сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы 22 қаңтар 1998 ж. Нұсқау
17. ҚР нотариустарының депозиттік операцияларды есептеу тәртібі туралы 9 қаңтар 1998 ж. Нұсқау
18. ҚР нотариаттық ісжүргізу бойынша 16.07.1998 ж. Нұсқау
19. Жеке нотариус қызметінің бос орнына конкурс өткізу тәртібі туралы 9 желтоқсан 2003 ж. Нұсқау
20. «Нотариаттық әрекеттер жасау құқығы бар жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғаларын аттестациялау тәртібі туралы» 9 наурыз 1998 ж. Жағдай
21. ҚР нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру тәртібі туралы 13 наурыз 1998 ж. Жағдай
22. Жеке нотариустарды тіркеу тәртібі туралы 13 наурыз 1998 ж.Жағдай
23. «Жеке нотариустардың мөрі туралы» ҚР Әділет Министрлігінің 24.02.1999 ж. Бұйрығы

Қосымша:
24. Алексеева Л. Охрана наследственного имущества //Фемида, 1997, номер 3
25. Амирова М.. Кто застрахует государственного нотариуса? //Юридическая газета.- 10 марта 1999 г.
26. Аргунов В.Н. Нотариальные услуги населению. – М.: Советская Россия, 1991
27. Барщевский М.Ю. Наследственное право. - М.-1998
28. Виноградова Р. Нотариат в вопросах и ответах. - М.,1994
29. Воронин Е. Защищают ли частнопрактикующие нотариусы интересы граждан? //Российская юстиция.- 1997- №5
30. Гуревич Л.О. О нотариусах-полиглотах и переводчиках-профессионалах. //Российская юстиция.- 1996.- №1
31. Демченко Т.В. Исполнительная надпись //Предприниматель и право, 1997, номер 31
32. Ертисбаева Б.А. Свидетельствование верности перевода с одного языка на другой. //Предприниматель и право, 1997, номер 14
33. Кодекс торгового мореплавания РФ от 30 апреля 1999 г.
34. Комментарий к Основам зак-ва РФ о нотариате /Под ред. В.С. Репина. – М.: Норма- Инфра, 1999
35. Методические рекомендации по совершению отдельных видов нотариальных действий нотариусами РФ от 15 марта 2000 г.
36. 1-3, 7-10, 12, 20, 22, 67-69, 84-92Нотариус и суд //Российская юстиция.- 1998.- №3
37. Основы законодательства Российской Федерации о нотариате от 11 февраля 1993 г.
38. Полтавская Н., Кузнецов В. Нотариат Курс лекций.- М., 1998
39. Правовые основы нотариальной деятельности. Учебник – М.: БЕК, 1994 г.
40. Ростовцева Н.В. О некоторых новеллах наследственного права. К принятию третьей части ГК РФ //Журнал российского права. - 2002- №3
41. Толстой Ю.К. Наследственное право. – М.: Проспект, 1999Журнал РК «Бюллетень нотариуса» - в библиотеке им. Пушкина
42. Учебник «Правовые основы нотариальной деятельности». - М., 1994 г.
43. ФЗ «О переводном и простом векселе» от 11 марта 1997 г.
Интернет-сайт:
44. www.president.kz
45. www.government.kz
46. www.parlam.kz
47. www.procuror.kz
48. www.zakon.kz
49. www.finpol.kz
50. www.keden.kz
51. www.kodeks.ru
52. www.garant.ru

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
. НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1.1 Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың негізгі ережелері

Нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi Нотариат туралы Заңмен, басқа да заң актiлерiмен және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариустардың нотариаттық iс-әрекеттер жасау тәртiбi туралы нұсқаулықпен белгiленедi. Нотариаттық әрекеттер жасау кезінде алдын-ала қарастырылған ережелерді орындау нотариаттық органдардың қызметіндегі заңдылығы мен тәртібін қамтамасыз етеді және нотриаттық құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде заңды тұлғалар мен азаматтардың құқығын орнықтырады және бекітеді.
Нотариат әрекеттерін жасаудың жалпы ережелеріне келесілер жатады:
Нотариус немесе лауазымды адам нотариаттық iс-әрекет жасаған кезде нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың, оның өкiлiнiң немесе заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын анықтайды. Адамның жеке басын анықтау нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген азаматтың жеке куәлiгi немесе паспорты негiзiнде жүргiзiледi. Кәмелетке толмаған тұлғаның жеке басы баланың тууы туралы куәлігі және ата-анасының біреуінің жеке басының куәлігінің негізінде анықталады.
Мәмiлелердi куәландырған кезде азаматтардың iс-әрекетке қабiлеттiлiгi анықталады және нотариаттық iс-әрекет жасау кезiнде мәмiлелерге қатысушы заңды тұлғалардың құқықтық қабiлеттiлiгi тексерiледi. Мәмiле өкiлдер арқылы жасалған жағдайда олардың өкiлеттiгi тексерiледi. Әрекет қабылеттілігін анықтау деңгейінің критерииінің 2 шарты бар: жас мөлшері мен психикалық. Жас мөлшерінің критерийі 18 жасқа толғанға дейін. Ал клиенттің психикалық әрекет критерииі нотариуспен әңгіме кезінде анықталады. Егер нотраиустың күмәні болатын болса, онда ол нотариаттық әрекет жасауды 30 күннен кем емес мерзімге кейінге қалдыра алады. Осы мерзім ішінде нотариус сотқа тұлғаның әрекет қабілеттілігі туралы сұраныс жіберуі керек.
Нотариаттық құжаттарға қол қою тәртiбi
Куәландырылатын мәмiлелер мен айғақталатын құжаттардың мәтiндерiне қойылатын талаптар:
1. Нотариаттық куәландырылған мәмiленiң мәтiнi анық және түсiнiктi жазылуға немесе басылуға, мәмiленiң мазмұнына қатысты сандар мен мерзiмдер ең болмағанда бiр рет сөздермен, ал заңды тұлғалардың атаулары қысқартусыз, олардың тұрған жерi көрсетiле отырып жазылуға тиiс. Азаматтардың тектерi, аттары мен әкесiнiң аттары, олардың тұратын мекен-жайлары толық жазылуға тиiс.
2. Өшiрiп тасталған, қосылып жазылған, сызылған сөздерi немесе басқа да келiсiлмеген түзетулерi бар мәмiлелердiң мәтiнiн куәландыруға немесе құжаттарды, сондай-ақ қарындашпен жазылған құжаттарды куәландыруға болмайды.
3. Көлемi бiр парақтан асатын құжатта парақтар тiгiлген, бауланған және мөрмен бекiтiлген болуға тиiс.
Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болғанда;
2) құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3) басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.

1.2 Нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың мерзімі мен орны

Нотариаттық іс-әрекеттер жасау орны туралы ереже өзінің қысқалығымен ерекшеленеді және нотраиустың қызмет ету аумағымен байланысты болады. Нотариустар жылжымайтын мүлік бойынша келісімдерді куәландырған кезде және мұрагер құқығын куәландырған кезде (мұраның ашылу орны немесе мұраға қалдырылған мүліктің негізгі бөлігі орналасқан жер) өз қызметінің аумақтық ережесін сақтауы керек. Ал барлық басқа жағдайларда, мысалы, сенімхаттарды куәландырғанда, жеке және заңды тұлғалар өсиет жазу үшін кез-келген нотариусқа бара алады (Нотариат туралы ҚР Заңының 21 бабы).
Нотариаттық әрекеттер жасау үшін орын нотариус қызметінің аумағында орналасуы керек. Нотариаттық әрекеттер нотриалдық конторалардан тыс жасалуы да мүмкін. Егер тұлға денсаулығына байланысты нотраиаттық контораға келе алмайтын болса, онда сол адамның тұрғылықты жері бойынша нотариаттық әрекет жасалады. Нотариаттық әрекет нотариаттық конторадан тыс жасалса, онда куәландыру жазбасында және нотриаттық әрекеттерді тіркеу кітабында нотриаттық әрекет жасалған уақыт пен орын көрсетілуі тиіс. Мысалы, Қабанбай батыр көшесі бойынша 7 үйдің 3 пәтерінде....
Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе Нотариат туралы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мынадай негiздер бойынша:
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәлiметтердi талап ету қажет болуына;
2) құжаттардың сараптамаға жiберiлуi негiзiнде кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
Нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру мерзiмi нотариаттық iс-әрекет жасауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарылған күннен бастап бiр айдан аспауы керек.
Басқа бiр мүдделi адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактінi сотта даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi бойынша нотариаттық iс-әрекет жасау он күннен аспайтын мерзiмге кейiнге қалдырылуы мүмкiн. Егер осы мерзiм iшiнде соттан өтiнiштiң түскенi туралы хабар алынбаса, нотариаттық iс-әрекет жасалуға тиiс.
Басқа бiр мүдделi адам куәландыруды өтiнген құқықпен фактiнi даулаушы мүдделi адамның өтiнiшi түскенi туралы соттан хабар алынған жағдайда, нотариаттық iс-әрекет жасау сот iстi шешкенге дейiн тоқтатыла тұрады.

1.3 Нотариаттық іс-әрекеттер жасауды кейінге қалдыру, тоқтата тұру және оларды жасаудан бас тарту

Нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" ҚР Заңының 41-бабының 2-тармағы).
Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат" ҚР Заңының 41-бабының 3-тармағы).
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы).
Нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан бас тарту. Егер:
1) мұндай iс-әрекет жасау заңдарға қайшы келсе;
2) iс-әрекеттi басқа нотариус жасауға тиiс болса;
3) нотариаттық iс-әрекет жасау жөнiнде қабiлетсiз азамат немесе қажеттi өкiлеттiгi жоқ өкіл өтiнiш жасаса;
4) заңды тұлға атынан жасалатын мәмiле оның жарғысында немесе ережесiнде көрсетiлген мақсаттарға қайшы келсе;
5) мәмiле заңдар талаптарына сәйкес келмесе;
6) нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн табыс етiлген құжаттар заң талаптарына сәйкес келмесе, нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартылуы мүмкiн.
Нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамға бас тартылған жағдайда, нотариус ол нотариаттық iс-әрекет жасауға өтiнiш берген күннен бастап, он күннiң iшiнде жазбаша түрде бас тарту себебi көрсетiлген дәлелдi қаулыны бередi.
Нотариаттық iс-әрекет жасаудан бас тартуға немесе нотариаттық iс-әрекеттiң дұрыс жасалмағаны үшiнсот тәртiбiмен шағымдануға болады. Нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамдарының өз атына және атынан, өз жұбайының, оның және өз туыстарының (ата-аналары, балалары, аға-iнiлерi, апа-сiңлiлерi, немерелерi, атасы, әжесi) атына және олардың атынан нотариаттық iс-әрекеттер жасауға құқығы жоқ. Аталған реттердегi нотариаттық iс-әрекеттердi кез келген басқа нотариус жасайды. Осында белгiленген ережелердi бұза отырып жасалған нотариаттық iс-әрекеттер жарамсыз болып табылады.

ұрғын үйді алу туралы келісімді куәләндірудің негізгі ережелері

Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттар иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген меншiк құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкiн.
Тiркелуге жататын жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу мен кепiлге салу шартын куәландыру сол мүлiк тұрған жерде жасалады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабының 2-тармағы).
Меншік иесіне ортақ бірлескен меншіктегі немесе үлеске меншік құқығындағы мүліктің үлесін алуы барлық қатысушылардың келісімімен жүргізіледі. Нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасау кезінде нотариус мәмілелерді жасауға ортақ бірлескен меншіктің басқа қатысушыларының келісімі туралы өтінішті талап етуге міндетті.
Ерлі-зайыптылардың біреуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіне билік ету жөніндегі мәміле жасасқан кезде, егер неке шартымен мүліктің өзге тәртібі белгіленбеген болса, екіншісінің келісімі керек болады. Сондықтан ерлі-зайыптылардың біреуі жылжымайтын мүлікке билік ету жөніндегі мәмілені және белгіленген тәртіппен нотариаттық куәландыруды және (немесе) тіркеуді талап ететін мәмілені жасасу үшін ерлі-зайыптылардың екіншісінің нотариаттық куәландырылған келісімін не иеліктен айыруға жататын мүлік иесінің некеде тұрмайтыны туралы арызды талап ету қажет.
Ерлi-зайыптылардың бipeуi жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiнде мәмiле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгiленген тәртiппен тiркеудi талап ететiн мәмiле жасаған кезде басқа жұбайдың келiсiмi қажет ("Неке және отбасы туралы" Заңның 33-бабының 2-тармағы). Бұл ретте шарттың мәтінінде сатып алушы мүлiктi өз зайыбының келiсiмiмен сатылғанын көрсетуi тиiс.
Егер жұбай нотариусқа өзі келіп, жылжымайтын мүлікті иеліктен алуға өтініш берсе, қолының түпнұсқалығын куәландыру нотариатпен талап етілмейді. Бұл жағдайда нотариус жұбайдың жеке басын анықтайды және қойылған қолының түпнұсқалығын тексереді, бұл туралы өтінішке белгі қояды және жеке басты анықтайтын құжатты, оның нөмірін, берілген күнін, құжат беруші мекеменің атауын көрсетеді.
Ерлі-зайыптылардың некелік қарым-қатынастарын нотариус неке туралы куәлік бойынша тексереді, бұл туралы арызда белгі жасайды және куәліктің нөмірін және берілген күнін, құжатты берген органның атауын көрсетеді.
Егер жұбайдың өтінішінде мүлікті иеліктен алуға нақты кім турасында келісім беретіні, немесе бағасы және басқа талаптары көрсетілсе, нотариус шартты куәландыру кезінде осы талаптардың орындалуын тексеруге міндетті.
Жалпы мүліктегі үлесті (үлестің үлесін) бөгде адамдарға сату кезінде сатылатын үлесті меншіктің қалған қатысушылары оның сатылатын бағасы бойынша және (жария саудаға салып сату реттерінен басқа) тең жағдайларда сатып алуға басым құқығы болады.
Үлесті сатушы оның сату бағасын және оны сатудың басқа да шарттарын көрсете отырып, үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз үлесін бөгде адамға сату ниеті туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті, егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктегі сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінде хабар алған күннен бастап он күн ішінде иеленбесе, сатушы өз үлесін иеліктен алуға құқылы.
Ортақ үлестік меншік құқығындағы басқа қатысушылардың үлесті (үлестің үлесін) сату жөніндегі хабарламасының дәлелдемесіне төмендегілер жатуы мүмкін:
- қойылған қолының түпнұсқалығы, нотариаттық куәландырылған ортақ үлестік меншікке қатысушының өтініші;
- ортақ үлестік меншікке қатысушының нотариуске өзі әкеліп берген өтініші, нотариустың ҚР-да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулықтың 44-тармаєындағы ережені сақтай отырып ортақ үлес меншігіне қатысушыларға бөлген үлесті (үлестің үлесін) сатушының хабарламасы.
Сондай-ақ егер ортақ үлесті меншіктің басқа қатысушылары жылжымайтын мүлік орналасқан жерде тұрмаса және олардың мекен-жайы белгісіз болған жағдайда, иеліктен айыру шарты куәландырылуы мүмкін. Оны растайтын анықтама бюросының (адрес столының) тиісті құжаты ұсынылуға тиіс.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландырғанда нотариус ең алдымен иеліктен алынатын жылжымайтын мүліктің орналасқан жер учаскесінің құқықтық тәртібін анықтауы қажет.
Қолданылып жүрген жер туралы заңға сәйкес жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті иеліктен алу сол жер учаскесіне тиісті меншік құқығы алынған (жер құқығын пайдалану) жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттарды талап етеді және жер учаскесі (жер пайдаланушы) меншік иесінің оған тиісті құқықтарды алу жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.
Көп пәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлерді иеліктен алу кезінде жер учаскесіне құқық белгілеуші құжаттар талап етілмейді.
Нотариус жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шарттарын куәландыру кезінде осы мүліктің тиесілігін тексереді. Жылжымайтын мүліктің (пәтерлердің, тұрғын үйлердің, саяжайлардың, гараждардың, ғимараттар мен әкімшілік және өндірістік бағыттағы үйлердің, жер учаскелерінің және т.б.) жеке немесе заңды тұлғаға тиесілігін растайтын құжаттарға мыналар жатуы мүмкін:
1. жеке меншік құқығындағы тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру жөніндегі нотариаттық куәландырылған шарт немесе құрылыс салу құқығы туралы 1948 жылдың 26 тамызына дейін жасалған шарт;
2. жеке меншік тұрғын үй құрылысын салатын тұрғын-үй құрылыс ұжымына тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру туралы шарт;
сатып алу-сату (оның ішінде сатушыны өмір бойы асырау шартымен), айырбас, сыйға тартудың нотариаттық куәландырылған (немесе 1931 жылдан 1936 жылға дейінгі кезеңде коммуналдық орган куәландырған) шарт;
3. жекешелендіру шарты;
4. жария саудадан алғандығы туралы акт;
5. ортақ мүліктегі (оның ішінде жұбайлардың мүлкіне) үлеске меншік құқығы туралы куәлік;
6. меншік құқыєын растайтын (оның ішінде мүлікті бөлу кезіндегі және т.б.) заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
7. мүлікті бөлу туралы шарт;
8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен бекітілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді тіркеу тәртібі туралы Уақытша ереже қабылданғанға дейін берілген тіркеу куәлігі;
9. жергілікті атқарушы органдар беретін меншік құқыєы туралы куәлік;
10. мұраға құқық туралы куәлік;
11. құрылтайшылық шарт және шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салым енгізу кезіндегі қабылдау-тапсыру актісі;
12. заңды тұлға мүлкі меншік иесінің немесе меншік иесі өкілеттік берген органның немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың, немесе заңды тұлғаның құрылтайшылық құжаттарымен өкілеттенген органның шешімі, немесе сот органының шешімі (заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде), сондай-ақ осындай шешіммен бекітілген бөлу балансы немесе өткізу актісі;
13. сауда, конкурстар, аукциондар нәтижелерінің хаттамасы, мемлекеттік мүлік және т.б. көрсетілген мекен бойынша тікелей сатудың шарты, мемлекеттік мүлікті сатудың сатып алу-сату шарты немесе аталған хаттамалардың кез-келгенінің негізінде жасалған өзге шарт;
14. Әкімнің шешімі, сатып алу-сату шарты, жер учаскесіне меншік құқыєы (жерді тұрақты пайдалану құқығы) туралы мемлекеттік акт.
Жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартын куәландыру кезінде нотариус жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама бойынша иеліктен алынатын мүлікке тыйым салудың (қамауға алудың) әліпбилік есеп кітабы бойынша және ауыртпалықтардың жоқтығын тексереді.
Нотариус кепіл ауыртпалығы түскен (ипотека) мүлікті иеліктен алу шартын мына жағдайларды сақтай отырып куәландырады:
1. мұндай иеліктен алуға заң актілерімен, кепіл актілерімен тыйым салынбаса және кепіл мәнінен туындамаса;
2. кепіл ұстаушының жазбаша келісімі болса;
3. кепілмен ауыртпалық түскен жылжымайтын мүлікті сатып алушы нотариус арқылы кепіл шарты туралы, кепіл құқығының күшін сақтайтыны туралы және кепіл ұстаушы, егер борышкер белгіленген мерзімдерге негізгі міндеттемесін орындамаса, сатылып алынєан немесе кепілге салынған мүлікті өндіріп алуға құқылы екені туралы құлақтандырылса.
Кепіл мен ауыртпалық түскен нотариаттық куәландырылатын жылжымайтын мүлікті иеліктен алу шартының мәтінінде ол шарттың мәні кепіл ауыртпалығы болып табылатыны туралы белгі соғылады.
Нотариус кепілге салынған мүлікке меншік құқығын иеліктен алудың негізгі міндеттеме бойынша борыштың ауысуына әкеп соқпайтынын түсіндіреді (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 323-бабы). http:portal.vkgu.kz:10104041UNI TA21.4.htm

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Нормативтік-құқықтық актілер
Негізгі:
1. ҚР Конституциясы 30.08.1995 ж., 21.05.2007ж. өзгерістермен Егеменді Қазақстан 22 мамыр 2007 жыл
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім), 1994 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен қабылданған (19.02.2007 ж. өзгерістері мен қосымшаларына сәйкес)
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу кодексі (22.05.2007ж. өзгерістермен қосымшаларға сәйкес)
4. Салықтар және бюджетке төленетін міндетті басқа да салықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) (22.05.2007 ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 30 қаңтар 2001 жыл № 155-II (22.05.2007 ж.өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
6. Нотарита туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңы № 155-I (22.06.06ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
7. Нотариат сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күшін жойғандығын тану туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңы № 156-1
8. Комерциялық емес ұйымдар туралы Казақстан Республикасының 16 қаңтар 2001 жылғы Заңы № 142-II (15.05.2007 ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
9. Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (24.12.01ж. № 276-II; 09.07.03 ж. № 482-II; 08.07.05 ж. № 69-III өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
10. Қазақстан Республикасында зейнеткерлікпен қамтамасыз ету туралы 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (22.05.07ж. өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес)
11. Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 11 маусым 2003 ж. ҚР Заңы.
12. Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау Ережесін бекіту туралы 27 ақпан 2002 жылғы № 254 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
13. Нотариалдық және адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензияның нысанын бекіту туралы 23.10.98 ж. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
14. ҚР халқын әлеуметтік қорғау органдары мен мекемелері басшыларының сенімхаттарды және қарттар үйі мен мүгедектер үйінің директорлары мен бас дәрігерлерінің өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы 8 қаңтар 1998 ж. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің № 9 Нұсқауы
15. ҚР нотариаттық әрекеттер жасау тәртібі туралы 28.07.1998 ж. Нұсқау
16. Қылмыстық-атқару жүйесінің басшыларының сенімхаттар мен өсиеттерді куәландыру тәртібі туралы 22 қаңтар 1998 ж. Нұсқау
17. ҚР нотариустарының депозиттік операцияларды есептеу тәртібі туралы 9 қаңтар 1998 ж. Нұсқау
18. ҚР нотариаттық ісжүргізу бойынша 16.07.1998 ж. Нұсқау
19. Жеке нотариус қызметінің бос орнына конкурс өткізу тәртібі туралы 9 желтоқсан 2003 ж. Нұсқау
20. Нотариаттық әрекеттер жасау құқығы бар жергілікті атқару органдарының лауазымды тұлғаларын аттестациялау тәртібі туралы 9 наурыз 1998 ж. Жағдай
21. ҚР нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру тәртібі туралы 13 наурыз 1998 ж. Жағдай
22. Жеке нотариустарды тіркеу тәртібі туралы 13 наурыз 1998 ж.Жағдай
23. Жеке нотариустардың мөрі туралы ҚР Әділет Министрлігінің 24.02.1999 ж. Бұйрығы

Қосымша:
24. Алексеева Л. Охрана наследственного имущества Фемида, 1997, номер 3
25. Амирова М.. Кто застрахует государственного нотариуса? Юридическая газета.- 10 марта 1999 г.
26. Аргунов В.Н. Нотариальные услуги населению. - М.: Советская Россия, 1991
27. Барщевский М.Ю. Наследственное право. - М.-1998
28. Виноградова Р. Нотариат в вопросах и ответах. - М.,1994
29. Воронин Е. Защищают ли частнопрактикующие нотариусы интересы граждан? Российская юстиция.- 1997- №5
30. Гуревич Л.О. О нотариусах-полиглотах и переводчиках-профессионалах. Российская юстиция.- 1996.- №1
31. Демченко Т.В. Исполнительная надпись Предприниматель и право, 1997, номер 31
32. Ертисбаева Б.А. Свидетельствование верности перевода с одного языка на другой. Предприниматель и право, 1997, номер 14
33. Кодекс торгового мореплавания РФ от 30 апреля 1999 г.
34. Комментарий к Основам зак-ва РФ о нотариате Под ред. В.С. Репина. - М.: Норма- Инфра, 1999
35. Методические рекомендации по совершению отдельных видов нотариальных действий нотариусами РФ от 15 марта 2000 г.
36. 1-3, 7-10, 12, 20, 22, 67-69, 84-92Нотариус и суд Российская юстиция.- 1998.- №3
37. Основы законодательства Российской Федерации о нотариате от 11 февраля 1993 г.
38. Полтавская Н., Кузнецов В. Нотариат Курс лекций.- М., 1998
39. Правовые основы нотариальной деятельности. Учебник - М.: БЕК, 1994 г.
40. Ростовцева Н.В. О некоторых новеллах наследственного права. К принятию третьей части ГК РФ Журнал российского права. - 2002- №3
41. Толстой Ю.К. Наследственное право. - М.: Проспект, 1999Журнал РК Бюллетень нотариуса - в библиотеке им. Пушкина
42. Учебник Правовые основы нотариальной деятельности. - М., 1994 г.
43. ФЗ О переводном и простом векселе от 11 марта 1997 г.
Интернет-сайт:
44. www.president.kz
45. www.government.kz
46. www.parlam.kz
47. www.procuror.kz
48. www.zakon.kz
49. www.finpol.kz
50. www.keden.kz
51. www.kodeks.ru
52. www.garant.ru

МАЗМҰНЫ

НОТАРИАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРДІ ЖАСАУДЫҢ
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгілі бір нотариустың оның қызметінің аумағы шегінде нотариаттық іс-әрекет жасауы тиіс екендігі туралы осы Нұсқаулықта көзделгеннен басқа жағдайларда кез-келген нотариус Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында нотариаттық іс-әрекет жасай алады.
8. Нотариус қызметінің аумағы мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде сақталады:
1) мұрамен сенiмгерлiк басқарушыны тағайындау;
2) мұраға құқық туралы куәліктер бергенде;
3) жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер бергенде;
4) тіркеуге жататын жылжымайтын мүліктерді иеліктен алу және кепілге салу туралы құжаттарды куәландырғанда.
Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 7 шілдедегі N 206 бұйрығымен .
9. Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер нотариат кеңсесі немесе жеке қызметпен айналысатын, нотариус кеңсесі үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі - БНАЖ) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.
Бұл ретте БНАЖ электрондық тізіліміндегі жазба сапарды жүзеге асырғаннан кейін, бірақ нотариаттық іс-әрекет сапарға шығып жасалғанда ағымдағы күннен кешіктірілмей жүргізіледі.
Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрінің 2000.11.20 N 527-к, 2010.09.30 N 271 бұйрықтарымен.
10. Нотариаттық іс-әрекеттер бұл үшін барлық қажетті құжаттар табыс етіліп, мемлекеттік нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттік баж салығы төленген не жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттеріне ақы төленген күні жасалады.
11. Нотариаттық іс-әрекеттерді жасау мынадай негіздер бойынша:
1) жеке және заңды тұлғалардан қосымша мәліметтерді талап ету қажет болғанда;
2) құжаттарды сараптамаға жібергенде;
3) басқа бір мүдделі адам куәландырмақшы болған құқықты немесе фактіні сотта даулаушы мүдделі адамның жазбаша өтініші бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін. Бұл ретте нотариус қабылданған өтінішке оның қабылданған күні және өтініш беруші адамның жеке басын анықтағаны, сондай-ақ өтініш берген адамға сотқа жүгіну тәртібі мен мерзімін түсіндіргені жөнінде белгі соғады.
12. Нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыру туралы қаулы шыққан күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 2-тармағы ).
Нотариаттық іс-әрекет жасау кейінге қалдырылған жағдайда нотариус мүдделі адамға нотариаттық іс-әрекет жасауға жүгінген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, нотариаттық іс-әрекет жасауды кейінге қалдыруының дәлелді себебі көрсетілген қаулыны береді.
Ескерту: 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Әділет министрлігінің 2006 жылғы 16 қаңтардағы N 13бұйрығымен .
13. Мүдделі адамның арызы бойынша нотариаттық іс-әрекет арыз берілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзімге кейінге қалдырылуы мүмкін ("Нотариат" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 3-тармағы ).
Егер осы мерзімнің ішінде соттан арыздың түскені туралы жазбаша хабарлама алынбаса нотариаттық іс-әрекет жасалуға тиіс.
Басқа бір мүдделі адам куәландыруды өтінген құқық пен фактіні даулаушы мүдделі адамның өтінішінің түскені туралы соттан жазбаша хабар алынған жағдайда, нотариаттық іс-әрекеттер жасау сот істі шешкенге дейін тоқтатыла тұрады ("Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 4-тармағы ).
14. Нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген азаматтың, оның өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің жеке басын анықтайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы
Нотариус қызметінің ұйымдық және құқықтық негіздері
Нотариаттық қызметтің Қазақстан Республикасында қалыптасуы мен дамуы
Нотариаттық қызмет субъекьтілерінің пәндік дәрістер
Нотариуста өндірістік тәжірибе
Нотариустың құжат айналымын автоматтандыру
Мәмiлелердiң ұғымы және түрлерi
Нотариат қызметін құқықтық реттеу
Мәмiленің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Пәндер