Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізу әдістемесі


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Математикадан сыныптан тыс жұмыс және оны өткізу әдістемесі

Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі, сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі міндеттері: оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу; логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту; неғұрлым қабілетті және дарынды балаларды көрсете білу, олардың ой-өрісінің әрі қарай дамуына көмектесу, математикаға қызығушылығын арттыру; балаларды қызықты сабақтарға жұмыстарға тарту; соның арқасында тәртіпті күшейте түсіу, табандылыққа, еңбекке деген сүйіспеншілікке, ұйымшылдыққа және коллективизімге тәрбиелеу.

Сыныптан тыс жұмыстардың сыныптағы тақырыптардан өзгешелігі-еріктілік принципінде құрылуында. Мұнда оқушыларға баға қойылмайды, бірақ пайымдаулардың негізділігі, тапқырлық, есептеу шапшаңдығы, есеп шығаруда ұтымды әдістерді пайдалануы мадақталуға тиіс. Сыныптан тыс жұмыс істеу үшін мұғалім шамалары келетіндей қыйынырақ материалды немесе математиканың негізгі курсын оқып үйренуде толықтырушы болып табылатын материалды бірақ сыныпс жұмысымен үйлесімді болатындай таңдап алады. Сыныптан тыс жұмыстың сабақтан өзгешелігі-ол математикалық есептер, ойындар, жарыстар сипатында болып келеді. Мұнда қызықтыратын формадағы жаттығулар кеңінен пайдаланыланылады.

Мұғалім сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруды, ол белсенділіктті, инициатива және оқушылардың өз бетінше жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ететіндей, мұқият ойластыру тиіс.

Мұғалімдер тәжірбиесі сыныптан тыс жұмыстардың алуан түріне бай. Бұл сыныптан тыс сабақтар математикалық бұрыштар, математика кештері немесе ертеңгіліктері, математика үйірмелері, конкурстар, олимпиадалар болып табылады.

Сыныптан тыс сабақтар немесе кейде оны “қызықты математика сағаты” деп атағандай, әдетте барлық сыныпқа арналып өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы түрліше болады: оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 30-дан 45 минутқа дейін. Мұндай сабақ айына 1-2 рет болуы мүмкін. Мазмұны жөнінде ол сабақтағы жұмұспен байланысты болуы тиіс, алайда қиынырақ есептер, тапқырлық есептері, ойын-есептер геометриялы мазмұнды қызықты есептер,

Логикалық есептер, мысалдар шешу үшін түрлі әдістер пайдаланылатын теңдеулер шығарылады. Сиқырлы квадраттарды толтыруға тапсырмалар, ойлаған санды, табу, ребустарды, шараларды, жұмбақтарды шешу ұсынылады. Бұл материалмен жұмысты қимылды және тыныш ойындар формасында ұйымдастыруға болады. Айшықты бояулармен салынған плакаттар, суреттер пайдаланылса, балаларға өте әсерлі болу үшін ертегілердің кейіпкерлері кірістірілсе тіпті жақсы. Сабақта балалардың коллективтік және жеке-дара ұйымын ұштастырған тиімді. Оқушыларға берген тапсырмаларын есептердің ұпайларын санау жолымен жүргізу ұсынылады, мұнда тек орындалудың дұрыстығы ғана емес, оны негіздей білуде есепке алынады. Бұл жеңімпаздарды айқындауға және оларға бәйге беруге мүмкіндік жасайды. 100 көлеміндегі қосу және азайтуда қайталау және пысықтау кезінде 11сыныпта 4-ші тоқсанның басында өткізілетін сыныптан тыс сабақты қарастырамыз.

Мұғалім балаларға бүгін математикадан сыныптан тыс сабақ екенін айтады. Немен шұғылданатынымызды білу үшін плакаттың сыртындағы жазуды оқу керек. . Бірақ әуелі ең ыңғайлы тәсілмен мынандай мысалды шығару керек:

1+2+3+4+5+6+7+8+9+10

Ең бірінші мысалды дұрыс шығарған және шешуін түсіндірген оқушы плакатты аударып қояды, онда былай деп жазылған:

“Ойлау, есеп шығару, шешуін табу. ”

Әрі қарай, мұғалім барлық тапсырмаларды шапшаң және дұрыс орындау үшін ойларын өте жинақы, зейінді болуларың керек деп айтады. 3 команда ұйымдастырылады. Әр команда өз капитанын ұйымдастырылады. Капитандар бірінші үстелден орын алады.

Бірінші жарыс-капитандар конкурсы. Капитандардың әрқайсысы мысалдарды бір минутта шығаруы тиіс. Барлығы іштерінен санап, бақылап отырады. Тақтада мысалдар үшін вариантпен берілген, әр вариантта мына түрдегі мысалдар қамтылған:

28+36, +46+54, 100-1, 64-18, 93-65.

Барлық мысалдардың, кім бірінші шығарғаны айқындалады. Мұғалім тапсырмаларды орындағаны үшін командаға жетен ұпайлар тапсырылатыны айтылады: бірінші команда- қызыл түсті, екіншісі- сары, үшіншісі- жасыл түсті жетондармен награтталады. Жетондар Тапқышбектің қалтасына салынады. /Тапқышбектің суреті салынған плакат ілініп, ол жөнінде қысқаша әңгіме өткізіледі/.

Эстафета. Әр командаға рет-ретімен санап шығуға және қатысушылар әрқайсысы өз нөмірін есте сақтауға тапсырма беріледі. №І команда 5 цифры жазылған қағазды алады, осы команданың бірінші қатысушысы 5 санына өз нөмірін қосады, келесі нәтижеге өз нөмірін қосады және әрі қарай таратып жалғастырады. Екінші команда 6 цифрі жазылған қағазды, үшінші команда 7 цифрі жазылған қағазды алады. Командадағы соңғысы қағазды мұғалімге тапсырады. Дұрыс орындағаны үшін 5 ұпай. Тапсырма орындалған соң мұғалім тексереді және нәтижесін хабарлайды. Капитандар жетондарды Тапқышбектің қалтасына салады. Жұмыс есебі де осылайша жүргізіледі және әрі қарай жалғасады.

Жұмбақтар. Мұғалім жұмбақтар жазылған карточкаларды команды капитандарына таратып береді. Оларға жұмбақты шешугебарлық команда көмектеседі.

Әрқашанда біргемін мен кісімен,

Жүремін тек аяғымның күшімен.

Мүйізімнен ол қолын бір алмайды,

Аяқ басса мен заулаудан талмаймын.

Зырлап кетем, мықтымын тек жүргенде,

Зауламаса тұра алмаймын бір демде.

/ 2 ұпай /

Сөйлегенде үні шықпас бірақта,

Жалықпайсың, әрбір сөзін ұғасың.

Жиі-жиі сырласасың сен онымен

Дәл төрт есе ақылды боп шығасың

/ 2 ұпай /

Қорытынды шығару. Капитандар ұпайларды санап, нәтижесін хабарлайды. Жеңімпаздарды марапаттайды.

Математикалық кеш:

Математикалық кеш / немесе математикалық ертеңгілік / жарысушы командалар түрінде екі-үш параллелъ сыныптардың оқушыларына арнап ұйымдастырылады.

Математикалық кешті дайындау кезеңінде үйірмешілердің күшімен газеттің кезекті саны шығарылады, жоғары сыныпс оқушыларынан әділ қазылар мүшелері сайланады, жарысушы командаларға бір- біріне қызғылықты сұрақтар дайындау тапсырылады.

Конкурстар, Олимпиадалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі
Математикадан логикалық есептер жинағы
Математикадан бастауыш мектепте сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар
Математикадан сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Математикадан сыныптан тыс жұмыстарының негізгі түрлері
КЛАСТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бастауыш мектепте математикадан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметін қамтамасыз ететін сыныптан тыс жұмыстар өткізу
Бастауыш сыныпта математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстар және оны өткізу әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz