Қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі туралы, табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеy



Кіріспе
1 Атмосфералық ауаның ластануы
2 Су ресурстарының ластануы
3 Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жай.күйі туралы
4 Негізгі тұжырымдар
5 Ұсынымдар мен ұсыныстар
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.
Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген «2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» салалық бағдарламасында көзделген.

Қоршаған ортаның экологиялық жай-күйі туралы, табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік реттеy
Кіріспе
Экологиялық қауіпсіз және орнықты дамуға көшу қазіргі уақытта Қазақстанның даму стратегиясындағы басым бағыттардың біріне айналып келеді, мұнда оның құрамдас бөліктерінің бірі қоршаған ортаны қорғау болып табылады.
Осы мақсатта қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның, су көздерінің жай-күйі, өндіріс пен тұтыну қалдықтары, сондай-ақ Қазақстанда табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеу мен қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат зерделенді.
Елдің қоршаған ортасының жай-күйін талдау кезінде Есеп комитетінің бақылау іс-шараларының нәтижелері пайдаланылды, соның нәтижесі бойынша қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша негізгі тұжырымдар жасалып ұсынымдар әзірленді.
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) 2009-2010 жылдары бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне жүргізілген бақылау аясында Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасы талаптарының 7,6 млрд. теңгеге, соның ішінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарының 27,4 млн. теңгеге бұзылғаны анықталды.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруға, 2009-2010 жылдарға арналған стратегиялық жоспардың іс-шараларын орындауға бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға қатысты Министрліктің қызметі тиімсіз жүргізілген деп танылды.
Қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу бойынша негізгі параметрлер Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы) және Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі Жарлығы) қарастырылған. Бұл ретте аталған Тұжырымдамалар Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 47 Жарлығымен күшін жойды.
Қазіргі кезеңде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 924 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасында көзделген.
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында:
төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік жүйесін дамыту;
2015 жылға дейiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын төмендету;
cу үнемдеу;
шөлейттенумен күрес жөнiндегi iс-қимылдар;
халықтың iшкi көшi-қоны және экологиялық апат аймақтарының жерлерің шаруашылық мақсатқа пайдалану;
байырғы ластануларды жою;
өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру;
әскери-ғарыш және сынақ кешендерi полигондары аумағының экологиялық жай-күйiнiң мониторингi жөнiндегi бағдарламаларды іске асыру жоспарланғанын айта кету керек.
Алайда, тек екі бағдарлама ғана, атап айтқанда, Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы туралы және ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1224 қаулысымен күші жойылған Халықтың көшi-қоны мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу туралы дайындалған.
Байырғы ластануларды жою жөнiндегi, сондай-ақ өнеркәсiп және тұрмыстық қалдықтарды басқаруды жетiлдiру жөнiндегi арнайы бағдарламалар әзірленбеген.
Ал әзірленеді деп жоспарланған қалған бағдарламалар жекелеген мәселелер түрінде 2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму салалық бағдарламасында (бұдан әрі - Бағдарлама) көрініс тапты.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін іске асыру саларалық өзара іс-қимылдарда көптеген мәселелерді шешу үшін көзделген, соның ішінде: қызған газдардың шығарындылары, атомосфералық ауаның ластануы, экологиялық апат аймақтары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өнеркәсіп және тұтыну қалдықтары, су ресурстары, жасылдандыру және басқалар.
Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады.
Бірінші кезеңде (2010 - 2012 жылдар) табиғи ортаның ластану деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды және ұйымдастыру іс-шараларын оның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, экологиялық орнықты даму тетіктерін құру, қоршаған ортаны ластайтын ірі өнеркәсіп кәсіпорындары үшін ең үздік қол жетімді технологиялар негізіндегі нормаландыруға көшу жөнінде басшылыққа алатын құжат пен жоспар әзірлеу және жануарлар дүниесін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұтымды пайдалану, ормандарды қорғау және өсімін молықтыру жолымен жүргізу көзделген.
Екінші кезеңде (2013 - 2014 жылдар) табиғи ортаны басқару сапасын жақсарту, орнықты даму тетіктерін іске асыру және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу, қолда бар үздік технологияларды енгізу, қоршаған орта сапасының мақсатты көрсеткіштеріне және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қолайлы деңгейге қол жеткізу көзделген.
Министрліктің стратегиялық жоспарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар нормативтер әзірлеп бекіту қарастырылған. Алайда, 2009 жылы қоршаған ортаны қорғау саласында әзірленіп бекітілуге тиісті 34 экологиялық норматив пен ереженің тек 1-уі ғана бекітілгені бақылау барысында анықталды. Дәл осындай жағдай 2010 жылы да қайталанған, яғни жоспарланған 38 нормативтің тек тоғызы ғана бекітілген.
***
Кәсіпорындар мен ұйымдар қоршаған ортаны қорғауға және негізгі қорларды күрделі жөндеуге үлкен көлемде қаржы (соның ішінде, республикалық және жергілікті бюджеттен) жұмсап отырғанына қарамастан (1-диаграмманы қараңыз), қоршаған ортаны ластаудың экологиялық жүйелерге және халықтың денсаулығына келеңсіз әсері әлі де сақталып отыр және Қазақстанда:
- ластағыш заттардың атмосфераға шығарындыларының жоғары деңгейіне;
- ластағыш заттардың су көздеріне төгінділерінің жоғары деңгейіне;
- қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың көлемінің төмендігіне (бұл өңірлерде қалдықтардың үлкен көлемдегі үйінділерінің пайда болуына алып келеді);
- халықтың (әсіресе, қолайсыз экологиялық өңірлерде тұратын халықтың) денсаулығының нашарлауына әкеп соғатын белгілі бір проблемалар туындатуда.
1-диаграмма
Қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар (нақты қолданыстағы бағалармен), млн.теңге

Атмосфералық ауаның ластануы
Атмосфералық ауаның ластануы халықтың денсаулығына теріс әсер ететін қоршаған ортаға келеңсіз әсер етудің жетекші факторларының бірі болып қалуда.
Атмосфералық ауаға жылу энергетикасы және мұнай-газ секторы, кен өндіру және тау-кен өндісі, қара және түсті металлургия неғұрлым теріс әсер етеді.
USAID-тің бағалауынша, Қазақстан аумағының 75%-ы экологиялық тұрақсыздық қатеріне аса бейім аймақтарға жатады.
Республикада атмосфераға таралған шығарындылар 2005 жылдан бері бір деңгейде қалып отыр (2,9 млн.тонн), әлемдік дағдарыс орын алып, жекелеген өнім түрлеріне деген сұраныс азайған тұста, яғни 2008 жылдан бастап өндіріс көлемі қысқарды, бұл шығарындылардың төмендеуіне себеп болды.
2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2,2 млн. тоннаны құрады, сонымен 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда олардың деңгейі 4%-ға кеміді (2-диаграмманы қараңыз).
2-диаграмма
2005-2010 жылдар аралығында стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері
мың тонна
Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі
Ластағыш заттардың негізгі көлемі Қарағанды (661,2 мың тонна), Павлодар (572,5 мың тонна), Шығыс Қазақстан (146,9 мың тонна), Ақтөбе (125,3 мың тонна), Қостанай (114,4 мың тонна) және Атырау (114,4 мың тонна) облыстарының аумақтарында қалыптасқан.
Атмосфералық ауаға таралған ластағыш заттардың жалпы көлемінің (2226,6 мың т.) 71,3%-ын газ тектес және сұйық заттар және 28,7%-ын қатты заттар құрайды.
Ауаның ластану жай-күйін бағалау кезінде елді мекендердегі ауаға таралған ластағыш заттардың шекті мөлшерінің көрсеткіштері (ШМК) негізгі сапа өлшемдері болып табылады (1-қосымша).
Атмосфераның ластану деңгейі атмосфера ластануының кешенді индексінің (ИЗА5) шамасы бойынша бағаланады, ол қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ШМК-ның ең көп нормаланған көрсеткіштері бар бес зат бойынша, сондай-ақ ШМК-ның асып кетуі бойынша есептеледі.
Егер ИЗА5 көрсеткіші 5-тен аз немесе оған тең болса, онда атмосфераның ластану деңгейі - төмен, диапазоны 5-тен көп және 7-ге тең болған жағдайда - көтеріңкі, ал 7-ден көп және 14-тен аз болғанда - жоғары, 14-тен көп болған жағдайда аса жоғары деп саналады.
Қазақстан қалаларының атмосфералық ауасындағы зиянды заттардың мөлшері жоғары деңгейде қалып отыр.
Мәселен, республиканың ластанған қалаларына (ИЗА5 = 5) - 12 қала, соның ішінде жоғары деңгейде ластанған қалаларға (ИЗА5 = 13) 8 қала (Алматы, Шымкент, Теміртау, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған) жатқызылған (3-диаграмманы қараңыз).
3-диаграмма
2009-2010 жылдары Қазақстан Республикасының қалалары бойынша атмосфераның ластану индексі (ИЗА)

Динамика көрсетіп отырғандай, атмосфералық ауаның ластану деңгейі іс жүзінде төмендемеген (1-кестеге қараңыз). Өнеркәсіп пен көлік саласы дамыған, ИЗА5 жоғары болып келетін қалалардағы атмосфераның жай-күйі айтарлықтай алаңдаушылық туғызады.
Зиянды заттардың көп мөлшерде таралуына ластау көздерінің ауаны тазартатын құрылғылармен жеткілікті дәрежеде жарақталмағаны себеп болып отыр, сонымен бірге статистикалық деректер соңғы үш жылдың ішінде осындай құрылғылармен жарақталған көздердің үлес салмағының төмендегенің көрсетеді. Мысалы, 2008 жылы олардың үлес салмағы - 7,5% болса, ал 2010 жылы 6,4% құрады.
Атмосфера құрамында шекті мөлшерден асатын ластағыш заттардың аса жоғары деңгейі - 17 қалада, орташа деңгейі 7 қалада тіркелген.
1-кесте
ҚР ірі қалалары мен өнеркәсіп орталықтарындағы атмосфералық ауаның ластану деңгейінің өзгеру динамикасы
Қала
ИЗА5
Ауаның ластануына әсер ететін өнеркәсіп салалары

2007 ж
2008 ж
2009 ж
2010 ж

1
Алматы
13,3
12,9
12,6
11,7
автокөлік, энергетика
2
Шымкент
11,9
9,9
11,2
11,4
түсті металлургия, химия, мұнай өңдеу
3
Өскемен
7,9
9,6
7,2
7,2
түсті металлургия, энергетика
4
Ақтөбе
8,5
8,6
9,5
7,6
қара металлургия, химия
5
Теміртау
9,6
7,7
8,6
9,3
қара металлургия, химия
6
Қарағанды
7,6
7,7
7,5
7,2
энергетика, көмір өндірісі, автокөлік
7
Тараз
7,2
7,5
7,5
7,6
химия
8
Риддер
7,5
6,6
7,4
6,3
түсті металлургия, энергетика
9
Жезқазған
6,8
6,4
5,2
7
түсті металлургия, энергетика
10
Глубокое кенті
3,4
5,4
3,0
4,9
түсті металлургия
11
Атырау
3,3
5,3
2,4
5
мұнай өңдеу
12
Астана
8,1
4,7
4,5
5,5
энергетика, автокөлік
13
Семей
4,2
4,4
4,6
4,5
энергетика, құрылыс материалдары
14
Қызылорда
4,5
3,9
5,5
5,1
энергетика
15
Петропавл
4,3
3,9
4,3
4,1
энергетика, аспап жасау
16
Ақтау
4,5
3,5
4,3
3,0
химия
17
Қостанай
3,2
3,5
3,1
3,1
энергетика
18
Павлодар
1,9
2,4
1,9
2,5
мұнай өңдеу, энергетика
19
Балқаш
3,0
2,3
3,8
2,1
түсті металлургия, энергетика
20
Талдықорған

1,6

1,4
энергетика
21
Екібастұз
1,2
1,0
1,2
1,2
энергетика, көмір өндірісі
22
Көкшетау

0,8

0,8
энергетика, көмір өндірісі
Орташа ИЗА
5,77
6,10
5,44
5,24

Ақпарат дереккөзі: Қазгидромет РМК
Автокөлікпен ауаны ластаудың көлемі аса үлкен қатер төндіруде, бұған республика аумағында автокөлік құралдары санының шапшаң өсіп келе жатқаны себеп болуда.
2011 жылғы 1 маусым бойынша тіркелген жеңіл автокөліктер саны 2010 жылмен салыстырғанда 21,5%-ға өсіп, 3 264,4 мың бірлікті құрады.
Экологиялық ахуалға қазіргі ескі (10 жыл бұрын шығарылған) жеңіл автомашиналар паркінің техникалық жай-күйі де келеңсіз әсер етуде, олардың саны 2 637 мың бірлікті немесе тіркелген жеңіл автокөліктер санының 80,8%-ын құрап отыр. Бұл ретте барлық тіркелген жеңіл автокөліктердің 99%-ы бензин отының пайдалануда.
Мұндай проблема республикамыздың ірі қалаларына тән болып келеді, ондағы автокөлік құралдарының ауаны ластауға қосатын үлесі жоғары деңгейде қалып отыр. Егер 2010 жылы стационарлық көздерден атмосфералық ауаға таралған зиянды заттардың мөлшері 2 226,6 мың тонна болған болса, ал жылжымалы көздерден таралған ластағыш заттардың мөлшері 1728,5 мың тоннаны құрады немесе 77,6% болды. Жылжымалы көздердің негізгі шығарындылары Қарағанды қаласында (230,0 мың тонна), Қостанай қаласында (196,7 мың тонна), Алматы қаласында (190,0 мың тонна) және Алматы облысында (192,0 мың тонна) байқалады.
Қазақстан Республикасындағы оңтайлы экологиялық қауіпсіз автомобильдер паркіне біртіндеп көшу арқылы автокөлік құралдарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Үкімет кезең-кезеңімен, атап айтқанда:
2 - экологиялық кезең 2009 жылғы 15 шілдеден;
3 - экологиялық кезең 2012 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап шығарындылардың үлесі бойынша Евро стандарттарды енгізуді қарастырған.
Автокөлік құралдарына арналған отынның сипаттамаларына қойылатын техникалық талаптар мынадай мерзімдерде:
2 - экологиялық кезең 2010 жылғы 1 қаңтардан;
3 - экологиялық кезең 2014 жылғы 1 қаңтардан;
4 - экологиялық кезең 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бұл ретте 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда жүрген автомашиналарға жаңа экологиялық талаптар қолданылмайды және олар толық ескіріп тозғанға дейін жұмыс істей алады, яғни атмосфераны ластауды одан ары қарай да жалғастыратын болады.
Тиісінше уәкілетті орган Қазақстан Республикасының аумағындағы ескі автомашиналарды (10 жылдан асқан) одан әрі пайдалануға қатысты автокөлік құралдарының зиянды (ластағыш) заттар шығарындыларына техникалық регламент қарастырмаған және әзірлемеген.
Бүгінгі уақытта Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексінің 246 және 247-баптарында шығарылған қалдықтарында ластағыш заттардың болуы нормативтен асып кететiн автомотокөлiктер мен басқа да жылжымалы құралдарды пайдалануға байланысты жауапкершілік көзделген, дегенмен нақты іске асыру тетігі қарастырылмағандықтан, аталған талап іс жүзінде қолданылмай келеді.
Шетелде ескі автомобильдер паркін жаңарту мәселесі ескі автомобильдерді кәдеге жарату жөнінде арнайы бағдарлама қабылдау арқылы, оларға салықты көтеру (арнайы төлемдер енгізу) арқылы және басқа да жолдармен шешіледі. Үкімет Евро стандарттарды әзірлеу кезінде шетелдің осындай тәжірибесін зерделеп, тиісті шараларды алдын ала қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасында мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1072 қаулысына сәйкес, 2014 жылға дейін отандық мұнай өнімдері сапасын экологиялық кезең-3 сапа стандарттарына дейін жеткізу үшін Атырау, Шымкент мұнай-өңдеу зауыттарына және Павлодар мұнай-химия зауытына жаңарту мен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен, ҚР Үкіметі 2012 жылы көшеміз деп қарастырғанымен, экологиялық кезең - 3 стандартына іс жүзінде толық көшуді Қазақстан тек 2014 жылы ғана қамтамасыз ете алады.
Су ресурстарының ластануы
Өнеркәсіп кәсіпорындары және жылу электр станциялары атмосфералық ауаны ластаумен қатар су қоймалары мен өзендерді де ластап отыр. Соның салдарынан жер үсті су көздері сарқылып, Қазақстанның флорасы мен фаунасы экологиялық тұрғыдан зиян шегуде, сондай-ақ халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасын асқындыра түсуде.
Жыл сайын су объектілеріне шамамен 2,5 млн. тонна мөлшерінде өнеркәсіп қалдықтары төгіледі.
Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 85 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 11 көлде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан.
Жер үсті суларының ластану деңгейі судың ластануының кешенді индексінің (ИЗВ) шамасы бойынша бағаланады, бұл индекс су сапасының өзгеру динамикасын салыстырып анықтау үшін пайдаланылады (2, 2,1-қосымша).
Барлық зерттелген су объектілерінің ішінде таза су объектілеріне - 8 өзен (13,8%), 3 су қоймасы (25%); шамалы ластанған су объектілеріне - 39 өзен (67%), 7 су қоймасы (58%), 3 көл (27%) және 3 канал (100%) жатқызылған.
Ластанған су объектілеріне 7 өзен (12%), Күрті су қоймасы (8,3%) және 3 көл: Шалқар, Сұлтанкелді, Балқаш (27,2%) көлдері жатқызылған.
Лас су объектілеріне Тихая (Шығыс Қазақстан облысы), Глубочанка (Шығыс Қазақстан облысы), Елек (Ақтөбе облысы) өзендері (5,1%), Кеңгір (Қарағанды облысы) су қоймасы (8,3%) жатады.
Қаракеңгір (Қарағанды облысы), Шерубайнұра (Қарағанды облысы) өзендерінің (5,1%) және Билікөл (9%) көлінің (Жамбыл облысы) су сапасының жай-күйі өте лас деп сипатталады.
Аса лас су объектісі санатына Красноярка (1,7%) өзені (Шығыс Қазақстан облысы) жатады.
Бұл ретте кейбір су объектілерінің сапасы нашарлаған. Мәселен, Глубочанка (ШҚО), Ор (Ақтөбе облысы), Ембі (Ақтөбе облысы), Бірқара (Жамбыл облысы) өзендері мен Марқакөл көлі таза санаттан шамалы ластанған санатқа ауыстырылған.
Сондай-ақ Шу және Ақсу (Жамбыл облысы) өзендері, Балқаш көлі мен Күрті су қоймасы (Алматы облысы) шамалы ластанған санаттан ластанған санатқа жатқызылды. Глубочанка өзені мен Кеңгір су қоймасы ластанған санатқа ауыстырылды және Билікөл көлі (Жамбыл облысы) лас санаттан өте лас санатқа жатқызылды.
Соңғы кезде республикада ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарындағы сарқынды су проблемасы асқынып отыр.
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2010 жылы республикада 298 елді мекенде кәріз жүйесі бар, бұл - республикадағы жалпы елді мекендердің (7161 бірлік) бар болғаны 4,2 пайызы.
Республика аумағында 573 кәрізді тазарту ғимараты жұмыс істейді. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша - 14678,1 км, соның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы - 4806,8 км, таратушы кәріз желісінің ұзындығы 9871,3 км. құрайды.
Табиғат қорғау объектілерінің негізгі қорларының жай-күйі төмен дәрежеде. Су бұру жүйесінің құрылыстары мен желілерінің, сондай-ақ сумен жабдықтау объектілерінің басым көпшілігінің пайдалануға берілгендеріне немесе күрделі жөндеуден өткендеріне 20 жылдан асып кеткен. Желілердің 23-сі күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды қажет етеді.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша жалпы республикада сарқынды сулар жиналатын 130 тоған мен төгінділер қабылдайтын 51 нысан бар.
Төгінділер қабылдайтын 13 нысанда тазарту құрылыстары жоқ, яғни сарқынды суларды төгу тазаланбай жүзеге асырылады. Өнеркәсіп кәсіпорындарынан аққан сарқынды сулардың елеулі көлемі (жекелеген қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту ғимараттарына келіп құяды, ал бұл құрылыстар әдепкіден өнеркәсіптік сарқынды суларды тазартуға есептелмеген. Қолданыста жүрген тазарту ғимараттардың көпшілігі өздерінің пайдалану ресурстарын толық сарқыған, сол себепті оларды ауыстыру не болмаса жаңарту қажет.
Тазарту құрылыстарының айтарлықтай тозып кетуіне байланысты су құбырлары құрылыстарындағы апаттық саны артып, өнеркәсіптік сарқынды суларға құйылатын төгінділердің жалпы көлемі ұлғайып келеді.
2010 жылы республика бойынша 25896 су құбырлары апаты тіркелген. Ең көп апат Қарағанды (5944 немесе 22,9%), Алматы (3263 немесе 12,6%), Солтүстік Қазақстан (2428 немесе 9,4%) облыстарында тіркелді.
Орталық және жергілікті атқарушы органдар өнеркәсіп объектілерін кеңейту кезінде олардың қоршаған ортаға тигізетін ластау деңгейін ескермейді, осылайша сарқынды суларға төгінділер көлемінің ұлғаюына жол беріледі.
Мысалы, 2010 жылы Атырау облысында өнеркәсіптік сарқынды сулар төгінділерінің жалпы көлемі 52,2 мың тоннаны құрады, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 5,3 есе төмен болатын. Үстіміздегі жылы АТЭЦ АҚ-да оның екінші кезегі іске қосылып электр энергиясы ұлғайды, сөйтіп өнеркәсіптің су тұтыну және су бұру мөлшері өсе түскен. Негізінен, Атырау облысындағы өнеркәсіптік сарқынды сулар сол себептен ұлғайып отыр.
Қызылорда облыстық Арал-Сырдария экология департаментінің деректері бойынша, 2010 жылы өнеркәсіптік сарқынды су төгінділерінің жалпы көлемі 406,8 мың тоннаны құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 2,0%-ға ұлғайған.
Өңірлердегі келеңсіз әлеуметтік және экономикалық зардаптарға әкелетін экологиялық ахуалды ескере отырып, Есеп комитеті Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне (бұдан әрі - Министрлік) бөлінген қаражаттың пайдаланылу тиімділігіне бақылау іс-шараларын жүргізді.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталып отырғандай, Министрлік өңірлерде табиғат қорғау объектілерін салуға және жаңғыртуға бөлінген республикалық бюджеттің нысаналы трансферттерінің тиімді игерілуін қамтамасыз ету саласындағы жүйелі проблемаларды шешуге жеткілікті назар аудармаған.
Су тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдар мердігерлерге орындамаған жұмыс көлемдері үшін ақы төлеген. Өңірлердегі жекелеген тапсырыс берушілер сапасыз жұмыстарды қабылдап, табиғат қорғау объектілерін салу және жаңғырту бойынша бастапқы бекітілген сомаларды асырып көрсетуге жол беріп отырған. Кейбір тазарту нысандарының жұмыс істемей тұрған оқиғалары анықталды.
Мәселен, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы Бюджет кодексінің 157-бабын бұза отырып, Ақтөбе қаласында Елек өзеніндегі жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгені құрайтын тазарту құрылыстары кешенін (арынды кәріз коллекторы және реттеуші сыйымдылық торабы) жаңғырту техникалық-экономикалық негіздемесіз жүзеге асырылып отыр.
Ақтөбе облыстық құрылыс басқармасы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабын бұза отырып, 2005 жылы әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың негізінде мердігер - Мас-Так ЖШС-мен Ақтөбе қаласындағы Елек өзенінде кәріз-тазарту құрылыстарын жалпы сомасы 1,2 млрд. теңгеге жаңарту жөнінде шарт жасасқан. Бұл ретте 2010 жылы Мас-Так ЖШС орындалмаған жұмыс көлемі үшін тапсырыс берушіден 33,1 млн. теңге алған. Бақылау барысында мердігердің шартта қарастырылған 4,8 млн. теңге көлеміндегі жұмыстарды сапасыз орындағаны анықталды.
Атырау облыстық құрылыс басқармасы мен СнабОйлСтрой ЖШС арасында кәріз-тазарту құрылыстарын салу туралы жасасқан шарттың сомасы бекітілген сметадан 286,2 млн. теңгеге асып кеткен.
Сонымен қатар, Атырау облыстық құрылыс басқармасы электрмен жабдықтаудың алаңнан тыс желілері бойынша орындалмаған жұмыс көлемі үшін СнабОйлСтрой ЖШС-не 103,4 млн. теңге аударған.
2010 жылы Ақтау қаласында № 2 кәріз-тазарту құрылысы салынады деп қарастырылғанымен, ол аяқталмаған, соның салдарынан 281,7 млн. теңгеге бюджет қаражаты игерілмей қалған.
Маңғыстау облысының Құрық ауылында кәріз желілеріне қосылатын коллектор салуға 2009-2010 жылдары 291,8 млн. теңге қаржы жұмсалған. Бұл ретте осы тазарту желілерінің 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істемей тұрғаны бақылау барысында анықталды.
Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының жай-күйі туралы
Өндіріс және тұтыну қалдықтарын өңдеу үкімет пен қоғам тарапынан айрықша назар аударуды қажет ететін ең маңызды экологиялық құрамдас бөліктердің бірі болып табылады.
Қазіргі уақытта елімізде қалдықтарды сұрыптаумен, жинаумен және кәдеге жаратумен айналысатын 139 кәсіпорын мен ұйым бар. Алайда, республика үшін олардың жеткіліксіз екендігін атап өту керек.
Егер 2009 жылы кәдеге жаратылған қалдықтардың көлемі 111,2 млн. тоннаны немесе жалпы түскен қалдықтар көлемінің 20%-ын құраған болса, ал 2010 жылы кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі 134,5 млн. теңгеге ұлғайған тұста, олардың үлес салмағы (20,1%) іс жүзінде 2009 жылғы деңгейде қалып қойған. Деректер көрсетіп отырғандай, жиналған қалдықтар көлемі өскен тұста (2009 жылғы 665,6 млн.тоннадан 2010 жылы 669,1 млн.тоннаға дейін), Жасыл даму бағдарламасының нысаналы индикаторы ретіндегі кәдеге жаратылған қалдықтар көлемінің үлесі орындалған.
Есеп комитетінің бағалауынша, 2014 жылға дейін 21,9%-ға дейін қол жеткізу деген аталған нысаналы индикатор біршама төмендетіп берілген және оны Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жаңа инновациялық технологиялар енгізілген тұста қайта қарап, жаңадан есептеу қажет. Яғни Жасыл даму бағдарламасының шығарындыларды, төгінділерді және қалдықтарды төмендету жөніндегі нысаналы индикаторларын қолданыстағы бағдарламалар мен стратегиялар шеңберінде, сондай-ақ ЕВРО стандарттарды енгізу аясында есептеу мен нақтылауға кешенді көзқарас қажет.
2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша, республика аумағында 43 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар орналасқан, соның 587,8 млн. тоннасы улы қалдықтардың үлесінде. Мұнай және газ өндіріп өңдейтін аймақтарда, атап айтқанда, Атырау мен Маңғыстау облыстарында бұрыннан қалған байырғы ластағыш қалдықтар сақталған.
Қайталама қалдықтарды, соның ішінде улы қалдықтарды өңдеудің әлемдік тәжірибесі Қазақстанда қолданылмайды. Қалдықтар арнайы полигондарға, жинағыштарға және арнайы қоймаларға жиналады, сөйтіп техногендік қалдықтар жиналған ландшафтылардың көлемі ұдайы өсіп келеді. Мәселен, Қазақстанда электр станциялардың күл қалдықтарын кәдеге жарату және пайдалану 1%-ды құраса, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен 60%-ды құрайды.
Өнеркәсіптік және улы қалдықтарға байланысты мәселелерден басқа республиканың барлық елді мекендерінде дерлік, әсіресе Қазақстанның ірі қалаларында тұрмыстық қалдықтардың ұлғайған көлемін сақтау және қайта өңдеу мәселесі өзекті болып тұр (2-кесте). Бұл ретте елдегі полигондардың көпшілігін және тұрмыстық қатты қалдық қоқыстарын пайдалану нормативтік өлшемдерге сәйкес келмейді.
Қалдықтарды жинау мен шығару жөнінде жеткілікті инфрақұрылымның болмауы елді мекендерде стихиялық қоқыстар пайда болуының және оларды жою үшін жыл сайын жергілікті бюджеттен қаражат шығындарының бірден-бір себебі болып табылады.
Қазақстандағы коммуналдық қалдықтардың негізгі бөлігі (95%) кәдеге жаратылмайды, бұл топырақтың, жер асты және жер үсті суларының, атмосфералық ауаның ластануына алып келеді.
2-кесте
2009-2010 жылдар ішінде өңірлер бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі
мың тонна

2009 ж.
Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, %
2010 ж.
Соның ішінде кәдеге жаратылғаны, %
Тұрмыстық қатты қалдық қоқыстары - барлығы
3 646,1
5,1
4 659,8
5,5
Соның ішінде облыстар бойынша:

Ақмола
102,8
0
201,6
1,8
Ақтөбе
625,7
0
565,2
0
Алматы
422,8
29,6
338,3
0
Атырау
22,1
13
40,3
0
Шығыс Қазақстан
200,0
0
160,9
1,37
Жамбыл
58,7
0
57,9
0
Батыс Қазақстан
210,0
0,8
200,3
0,5
Қарағанды
360,1
0
546,6
0
Қостанай
276,9
0
433,0
0
Қызылорда
97,7
1,1
105,0
5,1
Маңғыстау
103,1
0,8
122,6
1,4
Павлодар
208,1
1,7
533,3
0
Солтүстік Қазақстан
159,2
0,8
390,5
0,1
Оңтүстік Қазақстан
130,0
0
151,9
0,3
Алматы қаласы
343,3
0,3
490,0
49
Астана қаласы
325,6
0,3
261,3
0
Ақпарат дереккөзі: ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Халықтың денсаулығына экологиялық ахуалдың әсері
Атмосфераның, ағынды сулардың, өсімдік пен жануар тектес организмдердің ластануы, ішуге және шаруашылық мұқтаждықтарға пайдаланылатын судың сапасының нашарлығы тікелей халықтың денсаулығына әсер етуде.
2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы тыныс алу мүшелері ауруларының 6,9%-ға өскені байқалады (4-диаграмма қараңыз).
4-диаграмма
Тыныс алу мүшелері ауруларының 2005-2010 жылдардағы динамикасы
мың оқиға
Ақпарат дереккөзі: ҚР Статистика агенттігі
Ауаның ластану деңгейінің жоғары болуына байланысты қатерлі ісік ауруына шалдыққандардың саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Экология құқығының дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Экология құқығы пәнінің дәрістері
Экологиялық мәселелерді шешудегі шетелдік тәжірибе
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi 160-I Заңы
Қазақстандағы табиғатты пайдаланудың басқару жүйесі
Пәндер