HTML тілін пайдаланып Интернетке арналған компьютерлік жұлдыз жорамал бойынша Web-жоба құру


Мазмұны

Кіріспе . . .
. . . 7
Кіріспе . . .: 1 Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік . . .
. . . 7: . . . 9
Кіріспе . . .: 1. 1 Тәлиғынәма туралы және тарихи шолу . . .
. . . 7: . . . 9
Кіріспе . . .: 1. 2 Қазақ халқының астрономиялық және астрологиялық білімдері . . .
. . . 7: . . . 14
Кіріспе . . .: 2 HTML тілі көмегімен Web-жоба жасау технологиясы . . .
. . . 7: . . . 17
Кіріспе . . .: 2. 1 Интернет компоненттері . . .
. . . 7: . . . 17
Кіріспе . . .: 2. 2 HTML тілінің негізгі тэгтері . . .
. . . 7: . . . 21
Кіріспе . . .: 2. 3 «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру . . .
. . . 7: . . . 48
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
. . . 7: . . . 56
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
. . . 7: . . . 58
Кіріспе . . .: Қосымшалар . . .
. . . 7: . . . 59


Кіріспе

Қазақ халқының атадан балаға мұра болып жеткен салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары ескінің қалдығы деп ескерілмей келді. Әсіресе мұсылман күнпарағы (Ай күнпарағы) емделу үшін өте қажет екендігі, дәрі қабылдау үшін, сәтті мерзімдер туралы айтылады. Қазақ халқының ертеден келе жатқан ескі ұғымы жұт, апат, індет, қырғын соғыс туралы мәліметтері жұлдызнәма (астрология) арқылы түсіндіріледі. Бұл күнде халық сол мұраларды құрметтеп тарих қатесін түсіне бастады.

Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б. э. д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі [1] .

Біздің Қазақстанда Алматыда «Халық емшілерінің Орталығы» ашылды. Конституцияға халық емшісі туралы заң қабылданды. Қайта құру кезінде, нарықтық экономика кезінде дәрі-дәрмек таптырмайтын, таптырса өте қымбат баға кезінде халық өз денсаулығын өзі күтуді үйренсе, өз денсаулығын өзі сақтауды үйренсе, ол да халық үшін пайдалы.

ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Информацияның таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді [2] .

Өткен ғасырдың 90-шы жылдары компьютердің дамуына Internet және WWW жүйелері үлкен әсерінен тигізді. Қазіргі кезде осы бағытта компьютер өте үлкен қарқынмен дамуда. Сол жылдары мәтіндік редакторды және көптеген программалық кодтарды пайдаланып, Internet-те өз ойын жариялау үшін, HTML тілін оқып үйрену қажет болатын. Ал бұл тілде жұмыс істеу өте көп уақытты талап етеді.

WWW жүйесінің негізгі қызметі қажетті информацияны іздеу, жинастыру және экранға шығаруды ұйымдастыру. Оның экранда көрсететін мәліметтері Web-құжат түрінде дайындалып сақталған, электрондық құжаттар. Электрондық құжаттың кәдімгі құжаттан айырмашылығы, оның жазылу форматында.

Web-құжат - кішігірім мәтін немесе үлкен мәтіннің бір бөлігі. Әдетте үлкен көлемді құжат бірнеше блоктарға бөлініп, әр блок бір Web-құжат ретінде қарастырылады. Бұл Web-беттер белгілі бір ретпен байланыстырылып, тұтас Web-жоба түрінде көрсетілуі де мүмкін. Яғни Web-беттерге сілтеме ретінде тақырыпқа байланысты басқа Web-беттің адресі енгізіліп қойылады. Internet-тегі Web-жобаларға назар аудартып, пайдаланушылардың санын көбейту үшін, олар аса шеберлікпен безендірілген болуы тиіс [3-5] .

Web-құжаттарды қарап шығу үшін арнайы браузер-программалар қажет. Қазіргі кезде кеңінен таралған браузерлер қатарына Internet Explorer (Microsoft) және Netscape Navigator (Netscape Communications Corp. ) программалары жатады. Браузерлер WWW-тен басқа Интернеттің басқа да ресурстарымен (Usenet, FTP) де байланыса алады.

Зерттеу жұмысының тақырыбы: «Компьютерлік гороскоп» Web-жобасын құру технологиясы.

Зерттеу жұмысының мақсаты : HTML тілін пайдаланып Интернетке арналған компьютерлік жұлдыз жорамал бойынша Web-жоба құру. Бұл Web-жобаны құрудағы мақсат жұлдызнәмамен шұғылдануға қабілеті бар адамдардың өз мүмкіндігін іске асыруға жағдай жасау және өз бетінше білім аламын деушілерге жол сілтеу еді. Әрбір пайдаланушы Web-жобадағы материалдарды пайдаланып өзінің туылған күні датасы бойынша өз картасын жасай алады және оны талдай алады. Дүниедегі ең қымбат калитал адам болса, адам үшін ең кымбатты нәрсе денсаулық. Әрбір адамның денсаулығы өз колында, әркім өз денсаулығын өзі күте алады. Жарық дүниеде мәнді және сәнді өмір суру үшін әрбір адам сақтана білуі керек, табиғаттағы, өз бойындағы құбылыстар сырын білуі керек.

Зерттеу жұмысының кұрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Web-жобада кестелер тізімі берілген. Ол кесте бойынша әрбір адам - өзі туылған күні, айы; жылы бойынша өз шоқжұлдызын, өз нысанын, ағашын, жәндігін, пайдалы шөбін, тамақтану ережесін, жылдың қай мезгілінде неден сақтану керек екендігін таба алады. Егер адам сол көрсетілген нәрселерді естен шығармаса аурудың, апаттың алдын алуға болады. Web-жобада 12 шоқжұлдызға байланысты беттер жасалынды.

Зерттеу объектісі : Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік, HTML тілін пайдаланып Web-жоба құру технологиясы.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі - Қазақ халқының астрономиялық және астрологиялық білімдері. Қазақ тілінде жұлдызнәма (астрология) туралы Web-жобалар жоқ деп айтсам қателеспейтін шығармын. Соңғы кезде халық емшілері көбейіп келеді, әр жерде оқып куәлік алуда, бірақ олар оқитын ана тілінде еш жерде ешқандай әдебиет жоқ. Менің жасаған Web-жоба тек емшілерге емес, көпшілік қауымға, жастарға пайдалы болар деп сенемін. Web жобада астрология тарихы, оның емшілікке қолданылуы, аурулардың түрлерін анықтауда, емдеу кезінде күннің, айдың, шоқжұлдыздың мерзімдері ескерілуі керек дегендігі айтылды.

1 Астрологиялық білім және тәлиғынәма туралы түсінік

1. 1 Тәлиғынәма туралы және тарихи шолу

Бұрынғы өткен заманда жұлдызнәма (астрология), медицина және дін бір пән, бір ілім болған, бірге дамыған [1] .

Астрология о баста жұлдыздар туралы ғылым болған. Оның жетістігі- аспан денелерінің орнына қарап адамның, халықтың, қоғамның, оқиғаның болашағын болжап айта алған. Астрологияның негізгі мәселесі- тәлиғынәма (гороскоп) жасау. Адамзат тарихы пайда болғаннан бастап, астрологиямен шұғылдана бастаған ғалымдар болған. Олар шығыста, одан соң батыста өте көп болды. Б. э. д. 2154 жылдардағы қытай әміршілерінің аспан әлеміндегі құбылыстарға мән бергендігі кесдеседі.

Астрономия жұлдыздар туралы ғылым болса, жұлдызнәма (астрология) сол жұлдыздардың адамға, қоғамға, Жерге, жер бетіндегі тір-шілікке әсері туралы ғылым. Адам денсаулығы, өмірі ұрпаққа тікелей байланысты. Адам мен ғарыш бір заңға бағынады. Адам организмі үш бірліктегі ғарыш-табиғат-адам болып, сол бірліктегі үш нәрсе бірге өмір сүреді. Егер сол бірлік ережесі бұзылса адамда ауру пайда болады, адамның өмірі кысқарады.

Адам мен табиғат арасындағы катыс, адам мен ғарыш арасындағы қатыс ет пен тырнақ сияқты бөлуге, бөліп қарауға болмайтын нәрсе, ол қатыс үндестікте және гармонияда болуы керек. Себебі олар бір заңмен, бір ережемен жаратылған. Сол қатысты түсіну үшін жұлдызнәманы білу керек оны өмірде қолдана білу керек. Ол қатыстың ережелері мыңдаған жылдар бойы сұрыпталып дәлелденген, ата-бабалардан ұрпаққа жеткен даяр мұра болып қалған. Ғарыштағы құбылыс Жерге, жер бетіндегі тіршілікке, адамның денсаулығына әсе етеді. (Соғыстар, апаттар, індеттер, зілзала, магнит борандары, т. с. с. ) .

Ғылым үшін адам сыры ашылмаған дүние. Адамның тәні зерттелгенімен адамның жаны зерттелмеген, ол туралы ілім жоқ. Адам дегеніміз кішкене ғарыш. Адамның шын құрылысын (структурасын) білместік нәтижесінде әртүрлі апаттар (ядролық апат, экологиялық апат, жан-дүниесі апаты . . . ) болуда. Адамның сырын (ойының сыры емес, структурасының сыры) шешпейінше адамның миының құдіреті, мүмкіндігі туралы дәл айта алмаймыз. Кейбір ғалымдардың зерттеуі бойынша жай адамдарда мидың қуатының мүмкіндігінің жеті проценті, ал Ванга сияқты көріпкел адамдарда он төрт проценті ғана іске асады екен.

Дәрігерлер емдейді, емшілер (целитель) ауруды дауалайды (исцеляет) . Оның себебі ауру ең алдымен жанға түседі, орныққан соң тәнге өтеді. Аурудың себебі жанда, аурудың салдары тәнде болады. Медицина тәнді емдейді, халық емшілері тәндегі аурудың себепшісін емдейді. Ол үшін адамның ағзасының ауруына себеп болған, сол ағзаға қуат беретін ішкі дүниені көре білу керек.

Жұлдызнәма адамдардың өте ертедегі білімінің куәсі. Жұлдызнәманы ғылыми астрономияның жаны деп те айтады. Үнді халқының айтуы бойынша жұлдызнәма туралы ілім өте ертеде пайда болған. (Б. з. бірнеше ондаған мың жылдар бұрын) . Өте ертеде жұлдызнәма барлық жерде құрметтелген, қолданылған. Ол туралы бізге жеткен мына мәліметтер куә бола алады. Мысалы жұлдызнәма күнпарағы Халдей мен Мысыр елінде бұдан 2780 ж. бұрын, үнді елінде 2608 ж. бұрын, қытай жерінде 2630 ж. бұрын, Вавилонда 4000 ж. бұрын жасалған. Араб елінде, грецияда, рум елінде жұлдызнәма орта ғасырда шарықтаса, Еуропа елінде 14-15 ғг. ғылым ретінде дамыды. Тарихқа көз жіберсек ғылымның әртүрлі саласында шаңалық ашқан ғалымдардың дерлік барлығы жұлдызнәмамен шұғылданған. Бұрынғы кезде оқу орындарында жұлдызнәма пәні оқытылған. Жұлдызнәманы білмеген адамды шетелге елшілікке жібермеген.

Әлемге аты әйгілі ғалымдарымыз Омар Хайям, Әл-Фараби, Әбу Әлі Ибн Сина, Әбурайхан Бируни, Ұлықбек, т. б. жұлдызнәмамен шұғылданған және ол туралы еңбектер жазып сол ғылымға үлес қосқан.

Дүниенің қалай жаратылғанын білгісі келген адам өмірінің сыры неде екенін білгісі келген діндарлар; ғұламалар, пәлсапашылар, т. б. барлығы жұлдызнәманы білген, оны ғылымға қолдана білген. Аристотель өз пәлсапасына жұлдызнәманы қолданған. Ресейде І-Петр кезінде «Брюс күнпарағы» болған. Сол күнпарақ бойынша әрбір адам әрбір қалаған күні не күтіп тұрғанын, немен шұғылдануға болатынын, болмайтынын кестеден оқи алған.

Ол күнпарақ тарихи құнды нәрсе ретінде музейде сақталуда. Біздің ата-бабаларымыз да жұлдызнәмадан хабардар болған, жұлдызшылар есебін өмірде қолдана білген. Атап айтқанда жұттардың болуын, ауа-райын болжауды, қуаншылық пен астықтың мол болуын болжай алған.

Өкінішке орай біздің елімізде жұлдызнәманың материалдары жарияланбайды. Тек биылғы қазақша жыртпа күнпарақта тұңғыш рет «Астролог кеңесі» деген мәлімет көрсетілген. Әр күнге арналған нысандардың (жұлдыз, планета) орны туралы кестелер берілсе адамдар өзінің талиғынәмасын жасай алар еді, соған қарай денсаулығын, немен ауыратынын білген болар еді, Адам өмірінің әртүрлі кезеңдерінде кездесетін түрлі-түрлі оқиғаларды да алдын-ала білген болар еді. Бұл есептеулер аурудың алдын алу үшін, сақтану үшін, емделу үшін қажет. Шетелдерде жұлдызнәма қоғамдары бар, олардың журналдары шығып тұрады, әдебиеттері де жетерлік.

Жұлдызнәмадан мәліметтер әрбір отбасы үшін, оқырман үшін, өте қажет. Себебі ол мәліметтер күнделікті өмірде, бала тәрбиесінде, денсаулықты күтуде, ауруды емдеуде жол көрсетеді.

Өмірдің өрнегі кодтың цифрларында жазылған. Әрбір адамның өзінің коды болады, адамның сырын білу үшін сол кодтың кілтін таба білу керек. Өсімдіктердің, дәрілік шөптердің әрқайсысының өзінің психологиялық коды болады. Олай болса кезкелген дәрілік шөп кез-келген адамға пайдалы бола бермейді, (себебі адамның да өзінің коды бар) . Әрбір адамның өзінің шоқжұлдызы, өзінің нысаны, тасы, минералы, өсімдігі, гүлі, түсу, нотасы, ағашы, жануары, құсы, сәтті күні (сапарға шығу, сауда-саттық жасау, той-домалақ өткізу үшін) болады. Үйлесімділікке және нысандардың адамға әсеріне байланысты мысал төменде көрсетілген (1, 2-кестелер) .

Кесте 1 - Тәлиғынәма (мүшелдер)

Жылдар
Жыл аты
Өте үйлесімді
Азды-көпті үйлесімді
Үйлеспейді
№:
Жылдар: 1924 . . . 1996
Жыл аты: Тышқан
Өте үйлесімді: Ұлу, мешін, сиыр
Азды-көпті үйлесімді: Жылан, барыс
Үйлеспейді: Жылқы
№:
Жылдар: 1925 . . . 1997
Жыл аты: Сиыр
Өте үйлесімді: Жылан, тауық, тышқан
Азды-көпті үйлесімді: Сиыр, ұлу, қоян, мешін
Үйлеспейді: Қой
№:
Жылдар: 1926 . . . 1998
Жыл аты: Барыс
Өте үйлесімді: Жылқы, ұлу, ит
Азды-көпті үйлесімді: Тышқан, сиыр, қоян
Үйлеспейді: Жылан, қой
№:
Жылдар: 1927 . . . 1999
Жыл аты: Қоян
Өте үйлесімді: Ұлу, тышқан
Азды-көпті үйлесімді: Мешін, сиыр, қой
Үйлеспейді: Жылан, барыс, доңыз
№:
Жылдар: 1928 . . . 2000
Жыл аты: Ұлу
Өте үйлесімді: Тышқан, жылан, мешін
Азды-көпті үйлесімді: Барыс, жылқы, қой доңыз
Үйлеспейді: Ит
№:
Жылдар: 1929 . . . 2001
Жыл аты: Жылан
Өте үйлесімді: Сиыр, тауық ит
Азды-көпті үйлесімді: Тышқан, ұлу жылан, қой
Үйлеспейді: Барыс, доңыз
№:
Жылдар: 1930 . . . 2002
Жыл аты: Жылқы
Өте үйлесімді: Барыс, ит, қой
Азды-көпті үйлесімді: Ұлу, жылан, мешін, тауық, доңыз
Үйлеспейді: Тышқан
№:
Жылдар: 1931 . . . 2003
Жыл аты: Қой
Өте үйлесімді: Сиыр, жылан, жылқы
Азды-көпті үйлесімді: Барыс, ұлу, қой, тауық, мешін
Үйлеспейді: Ит
№:
Жылдар: 1932 . . . 2004
Жыл аты: Мешін
Өте үйлесімді: Ұлу, тышқан
Азды-көпті үйлесімді: Қоян, ит
Үйлеспейді: Жылан, барыс, доңыз
№:
Жылдар: 1933 . . . 2005
Жыл аты: Тауық
Өте үйлесімді: Мешін, ит
Азды-көпті үйлесімді: Қоян
Үйлеспейді: Тышқан, жылан
№:
Жылдар: 1934 . . . 2006
Жыл аты: Ит
Өте үйлесімді: Тышқан, жылан, мешін
Азды-көпті үйлесімді: Ұлу, қой
Үйлеспейді: Доңыз
№:
Жылдар: 1935 . . . 2007
Жыл аты: Доңыз
Өте үйлесімді: Қоян, қой
Азды-көпті үйлесімді: Тышқан, сиыр барыс, ұлу
Үйлеспейді: Мешін

Кесте 2 -Тәлиғынәма (нысанның адамға әсері)

Нысан
Жан дүниеге әсері
Ағзаға әсері
Физиологиялық әсері
Арнайы әсері
№:
Нысан: Күн
Жан дүниеге әсері: Жан дүниесі, таза
Ағзаға әсері: Ми
Физиологиялық әсері: Өмір қуатын, жүректі басқарады
Арнайы әсері: Патшалар достығы, әскери адамдар достығы
№:
Нысан: Ай
Жан дүниеге әсері: Жан дүниесі, білімі
Ағзаға әсері: Ми
Физиологиялық әсері: Табиғи күшті басқарады
Арнайы әсері: Сапарды жеңілдетеді, бақытсыздықтан қорғайды
№:
Нысан: Кіші Шолпан
Жан дүниеге әсері: Тұрақсыздық күші
Ағзаға әсері: Өкпелер
Физиологиялық әсері: Миды күшейтеді, қызметін жақсартады, жан дүние қызметі
Арнайы әсері: Білім береді, саудада табыс, ойында табыс
№:
Нысан: Шолпан
Жан дүниеге әсері: Қабылдау құдіреті
Ағзаға әсері: Бүйректер
Физиологиялық әсері: Ұрық жасалады, өмір беру қабілеті басқарады
Арнайы әсері: Әйелдер махаббаты, бейбітшілік, жарылқау
№:
Нысан: Қызыл жұлдыз
Жан дүниеге әсері: Намыс күші
Ағзаға әсері: Асқазан
Физиологиялық әсері: Өтті басқарады
Арнайы әсері: Жеңіс береді
№:
Нысан: Есек- қырған
Жан дүниеге әсері: Үстемдік күші (басқару)
Ағзаға әсері: Бауыр
Физиологиялық әсері: Барлық қан түрлеріне, қан тамырларына билік етеді
Арнайы әсері: Құрмет, қызмет орнын, сыйлықтар, рахаттану береді
№:
Нысан: Қоңырқай жұлдыз
Жан дүниеге әсері: Ойлау күші
Ағзаға әсері: Талақ
Физиологиялық әсері: Қияли, көңіл-күйді басқарады.
Арнайы әсері: Байлықты қолдайды, сырды шашады.

Ватихан кітапханасында «Кодекс Ватиханус» деген мұрада жер бетінде 4 рет тіршілік (цивилизация) болып өткені айтылады. Бірінші тіршілікте алып адамдар (бойы 18м. ) өмір сүрген. Олар аштықтан қырылып кеткен, Екінші тіршілікте өмір сүрген адамдар өрттен жойылып кеткен. Үшінші тіршілікте маймылдар ұрпағы тіршілік еткен. Төртінші тіршілікте өмір сүрген адамдар топан судан өліп кеткен. Бесінші тіршілікте, Нұқ пайғамбардан (б. э. д. 2000 жыл бұрын болған) бастап біз өмір сүрудеміз делінеді.

Математика тарихында ірі-ірі алты пайғамбар болған дейді. Олар Адам - Нұқ - Ибраһим - Мұса - Иса - Мұхаммед. Біз Адам Ата ұрпағымыз, Ибраһимның міллетіміз, Мұхаммедтің үмбетіміз - дейміз мұсылмандар. Бұдан бірнеше мыңдаған жылдар бұрын жазылған Үнділердің «Сурья Сидханта» деген кітабында жердің диаметрі, Жер мен Ай арасының қашықтығы тек бір процент қателікпен анықталған.

Мысыр жеріндегі Хеопс пирамидасының өлшемдері дәл есептелген. Биіктігі - 147, 8 м; табаны - 232, 16 м. немесе 365, 23 қары болып (локот) бір жылдағы күннің санын білдірген.

Геродоттың айтуы бойынша Мысыр абыздары б. э. д. 11 мың жыл бұрын Фараон дәуірінде Шоқжұлдыздардың құбылысын бақылап, аспан құбылысын зерттеген. Пифагордың (б. э. д. 7ғ. ) айтуы бойынша математика (Грекше - төрт ғылым, арабша - тәлім, қазақша - білім деген сөз) төрт ғылымды, білімді білдіреді. Олар сан туралы ілім - есеп, форма туралы ілім - геометрия, бүкіләлемдік үйлесім (гармония) туралы - музыка, аспан жөніндегі ілім- астрономия.

Ғылымның даму тарихын еске алсақ бізге жеткен мәліметтер арқылы былай болған. Ертедегі Мысыр, Вавилон жерінде дамыған ғылым, Үнді, Қытай жерінде де ғылым дамыған (б. э. д. 4000 жыл бұрын жазылған мұралар табылған) .

Одан парсы, Иран еліне ауысып, грек жеріне, одан Рум еліне тарайды (латын тілінде, араб тілінде), Александрияда ғылым шарықтайды. Ислам кезінде араб халықтары бұрыннан қалған ғылыми мұраларды арабшаға аудартады. Орта Азия жерінен ғалымдар Бағдатқа ағыла бастады. Олар: Әл-Фараби, Әбу-Әли, Әл-Бируни, Араб тілі дүние жүзілік тіл болады. Бертін келе ғылым Еуропаға тарай бастайды. Әсіресе Орта ғасыр кезінде 10-ғасырдан бастап Еуропада жоғарры оқу орындары ашылады. 14-ғасырды обалар ғасыры дейді, Еуропаның үштен бір халқы обадан өліп кетті. Дүние шүзі елдерінің ғылымы бір-біріне әсер ете бастайды, бірігіп ғылымды дамыту басталады. Қайта өрлеу дәуірі кезінде ғылымдар шарықтайды. Ресейде ғылым 18-ғасырда басталады. 20 ғ. ғылыми техникалық прогресс ғасыры, ғарыш, компьютер ғасыры делінеді. Бірақ 20-ғасырда техника өсуі экологияға, гармонияға, ғарыштың жалпы заңына әсер етті, апатты қолдан жасады. (Атом бомбасының жарылуы, адамдардың кеміс туылуы, Арал теңізінің тартылуы, дінді жоққа шығаруы . . . ) . Соңғы кезде дінге құрмет, экологияға қамқорлық, рухани экологияға көңіл бөлу мәселелері қолға алынуда. Халықты имандылыққа шақыру үшін әр-түрлі жұмыстар атқарылуда. Көненің бәрі көріксіз, жаңаның бәрі жақсы деп, өткен-кеткен ата-баба дәстүрлерін аяққа таптағанымен төреші уақыт бәріне шыдап, енді оларды рет-ретімен орнына келтіруде.

1. 2 Қазақ халқының астрономиялық және астрологиялық білімдері

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары рухани, мәдени жөне адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. О баста адамзат баласының өзін қоршаран ортамен қарым-қатынасы негізінде туындаған халықтың салт-дәстүрлері, маусымдық халықтық мерекелері, рухани білімдері жалғасын тауып келеді.

Халық арасындағы көптеген салт-дәстүрлер өткен өміріміздегі бабаларымыздың ғылыми мұралары, халық арасындағы шежірелер әлі де болса кейін қалып отыр. Осы мұраларды алға апаратын, оларды өмірге кеңінен қолданып өткенімізді жаңғыртатын қазіргі жас ұрпақтар. Ғасырымыздың басындағы аға ұрпақтар - ғалымдар дүниеден өтіп кетті, олардың балалары орта ұрпақтар - біздер халқымыздың дінін теріске шығарып, ата-баба тарихын білмей өстік. Орта буынның балалары орыс тілінде орыс тарихын, шетел тарихын біліп білім алды. Соның нәтижесінде жастардың көпшілігі өз ұлтының тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын біле бермейді, Аты әлемге әйгілі болған бабаларымыз - Абайды, Шоқанды, Әл-Фарабиді, Әбу Әлі Ибн-Синаны, Бабырды, Ұлықбекті, Абылайханды, Кенесарыны, т. с. с. олардың мұраларын біле бермейді, себебі мектепте олар туралы айтылмаған [1] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желілік технология енгізу пані бойынша электронды оқулық
VСT шаблон негізінде «Компьютерлік желілер» пәні бойынша электронды оқулық құрастыру»
Интернет протоколдары
Қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесін жасау
Мектепте Интернетті оқыту әдістемесі
Желіде файлды басқа компьютерге көшіру
Оқушылардың интернетте жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру
БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ПАЙДАЛАНЫП WEB ҚОСЫМШАЛАРДЫ ҚҰРУ ПӘНІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Желіні дамыту проблемалары
Орта мектепте жергілікті желіні оқытуға қажетті теориялық мағлұматтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz