Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы


Тақырып 3: Жалпақ құрттар типі. Сорғыштар класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.
Мақсаты: жалпақ құрттар типінің морфологиялық ерекшелігімен, жіктелуімен студенттерді таныстарып өту. Сорғыштар ланцет тәрізді және мысық сорғышы, өкпе сорғышының тіршілік сатысы және тіршілік барысының ерекшеліктерін оқу.
Оқытудың мақсаты:
1. Жалпақ құрттар мысалында ақ планарияның тіршілік әрекетінің ерекшеліктерін және құрылымын оқу.
2. Мысық сорғышының медициналық маңызын оқу.
3. Ланцент тәрізді сорғыш, қан сорғыш және өпке сорғыштарының медициналық маңызын оқу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жалпақ құрттар типінің жіктелуін сипаттаңыз.
2. Жалпақ құрттар типіне мысалы ақ планарияға жалпы сипаттама беріңіз.
3. Көптеген медициналық маңызы бар сорғыштар класының өқілдеріне сипаттама беріңіз.
4. Сорғыштар класының практикалық маңызы қандай.
5. Ланцент тәрізді сорғыштардың практикалық маңызы қандай.
6. Өкпе сорғышының практикалық маңызы қандай.
7. Қан сорғышының практикалық маңызы қандай.
8. Ланцент тәріздіден мысық сорғышының негізгі морфологиялық ерекшелігі қандай.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 373 б.
2. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 379 б.
Қосымша:
1. С. Ә. Әміреев, А. Жаханов, Қ. Құдайбергенұлы. «Медициналық паразитология» С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е. Ө., Әбілаев С. А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. - Алматы «НАS», 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных / И. Х. Шарова. - М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. - 592 с.
беспозвоночных / И. Х. Шарова. - М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. - 592 с.
БИЛАТЕРАЛЬДЫ БӨЛІМ - BILATERA ПОДРАЗДЕЛ ПЕРВИЧНОРОТЫЕ - PROTOSTOMIAТурбелляриялардың шығу тегі. Турбеллярияларды зерттей отырып, екі жақты симметрияның және барлық жалпақ құрттардың арғы тегін анықтауға болады. Турбелляриялардың шығу тегі жөнінде екі теория кеңінен тараған. Көп уақытқа дейін көп тарамды ішекті турбеллярия (Polycladida) мен ескектілердің (Ctenophora) құрылысының ұқсастығына негізделген Ланг теориясы кең қолданылды. Екеуі де кірпікшелер арқылы қозғалады, екі топтың да ас қорыту жүйесі ортақ: жұтқыншақтан, қарыннан және одан аралып, тұйықталатын тарамды ішектен құралған. Ескектілердікі сияқт турбеллярияларда да ми үстінде тепе-теңдікті сезу мүшесі болады. Соңында, ескектілерде үшінші ұрық жапырақшасының яғни мезодерманың бастамалары байқалса, турбеллярияларда мезодерма қабаты жақсы дамыған. Ескектілердің турбеллярияларға ұқсастығын орыс зоологы А. О. Ковалевский сипаттаған. Поликладидаларды Coeloplana metschnikovi түрімен салыстырғанда Ланг теориясы шындыққа жақын. Coeloplana-ның сияқты ұсақ кірпікшелермен қапталған, ескек тақталар жоқ, жапырақ тәрізді жалпақ, жүзе де, субстратта жорғалай да алады; ішег көп тарамдалған Ланг пікірі бойынша, бұл ескектілердің Polycladida отрядына тән құрылысқа көшкендігі байқалады және жалпақ құрттардың шығу тегін түсінуге жол береді. Су түбіне бекінуден жорғалап тіршілік етуге көшуі (алғашқы формаларының) сәулелі симметрияның екі жақты симметрияға көшуіне әсер етті. Бекінген немесе баяу жүзетін планктон жәндіктердің денесінің басты өсінің төңірегіндегі барлық жақтары (қоректі ұстауда, сыртқы әсерлерге
қозуда) бірдей қашықтықта орналасады. Ал қозғалмалы фагоцителла тәрізділер су түбіне түскенде бұл жағдайлар өзгерді. Субстратпен беттесетін жағы құрсақ жағына айналды, ал ілгері жорғалағандағы алдыңғы ұшы сырттан келетін қозуларды қабылдайтын жағына айналды, соның нәтижесінде дененің арқа және құрсақ бөлімдерінің немесе жақтарының
морфологиялық дамуына әсер етті, ал алдыңғы бөлімінде нерв ганглияларының шоғырлануы мен мидың құрылуы басталды. Турбеллярияларда арғы тектерінің жорғалауға көшуіне байланысты, ауыз қуысы құрсақ бетіне ығысқан. Бұл қорек заттарын субстраттан жинауын жеңілдетті. Сезім мүшелерінің дененің алдыңғы бөліміне орналасуы, алдыңғы бөлімінің жағдайын қолайлы етті. Эволюция барысында турбеллярияларда аузы біртіндеп алға қарай ығысады. Аталған өзгерістер кірпікшелі құрттардың арғы тектерін анықтаудағы негізі бола алады. Турбелляриялардағы нерв, зәр шығару, жыныс жүйелері және басқа да мүшелерінің дамуы күрделілену бағытында жүрді. Бұл процестерд олигомеризация нерв бағаналарының, зәр шығару түтікшелерінің,
көздерінің, гонадаларының және тағы басқа мүшелерінің бастапқы көп санының азаюы маңызды орын алған.
СОРҒЫШТАР КЛАСЫ - TREMATODA
Бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Сорғыштарға 4000 түр жатады. Сорғыштардың көпшілігі бірнеше миллиметрдей ғана, бірақ кейде бұл құрттардың ірілері де болады. Мысалы бауыр сорғыш құрттардың ұзындығыЗ см, кейбір бауыр сорғыштары 1, 5 м-ге дейін жетеді (Didymozoidea тұқымдасынан) .
Құрылысы мен физиологиясы. Дене формасы көбінесе жапырақ тәрізді. Бұлардың сорғыштары болғандықтан кластың атауы да солай. Сорғыштар ойыстау болып, шет қабырғалары бұлшықет талшықтарынан құралған, сақина тәрізді бұлшықеттерімен көмкерілген. Осы бұлшықеттердің қозғалысы арқылы сорғыштар үлкейе де, кішірейе де алады. Денесінің алдыңғы және құрсақ бөлімдерінде бір-бір сорғыштары бар, яғни ауыз және құрсақ сорғыштары. Олар бекіну мүшелері болып табылады, себебі осы сорғыштар арқылы құрттар иесінің денесінде бекініп тұрады.
Ас қорыту жүйесі. Денесінің алдыңғы жағындағы аузы эктодермальды жұтқыншаққа, ал ол жіңішке өңешке жалғасады. Энтодермальды ортаңғы ішек өңештен басталып, дененің бүйірімен артқа қарай созылып тұйықталған екі тармақтан құралады. Ірі трематодтарда, мысалы бауыр сорғыштың (Fasciola hepatica) ішегі көп тарамдалған. Бұл тарамдар қорытылған асты паренхималық денесіне таралуын оңайлатады (59, А-сурет) .
Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Денесінің ортасында немесе екі бүйірінде негізгі түтіктері орналасқан, олардан ұштарында толқындалған алаулы жұлдыз тәрізді клеткалары бар көптеген тарамдар шығады. Негізг түтіктер денесінің артқы жағындағы қуыққа, ал ол зәр шығару тесігімен сыртқа ашылады.
Тыныс алу және қан айналу жүйелері жоқ
Нерв жүйесі жұп ми ганглиясынан тұрады. Одан дененің алдыңғыжағына және ауыз сорғышына қарай нервтер, сонымен қатар артқа қарай үшжұп ұзына бойы нерв бағаналары тарайды. Әсіресе, ерекше қалыңдағанқұрсақ бағаналары жақсы дамыған. Ұзына бойы бағаналар сақина тәріздіөсінділермен өзара байланысып, ортогон типіндегі нерв жүйесін түзейді.
Сезім мүшелері құрттардың паразиттік тіршілік етуіне байланысты өте нашар дамыған. Сорғыштардың личинкаларында турбелляридікіне ұқсас бір немесе екі жұп кішкене көзшелері болады. Тері рецепторлары көбіне еркін жүзетін личинкаларында дамыған.
Жыныс жүйесі гермафродитті, жақсы дамыған. Бауыр сорғыштың (Fasciola hepatica) жыныс жүйесін қарастырайық. Аталық жыныс жүйесі тарамдалған екі тұқым бездерінен тұрады. Олардан алға карай бағытталған екі тұқым жолы шығып, кейін олар қосылып тұқым қапшығына айналады да, тұқым шығарғыш түтікпен шағылыс мүшесіне жалғасады.
Көбеюі және дамуы. Трематодтардың тіршілік циклі иесін және ұрпақ алмастыруға байланысты өте күрделі. Гермафродитті жыныс жүйесі жетілген сорғыш немесе марита омыртқалы жануарлардың ішегінде және басқа мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz