Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (1920-1960жж.)



1. Бағдарламалардың авторлары туралы түсінік
2. (1920.1960жж.) бағдарламалардың мазмұны
3. (1960.2001жж.) бағдарламалардың мазмұны
Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға , шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
1. М.Жарқынбаев., Қорқыт күйлері. Алматы «Жалын» 1990
2. Музыка әлемінде //2007ж №5-6: 22 бет Қ.Мұхитов. Т.Мерғалиев. С.Бүркітов. О.Дүйсенов. «Домбыра өнерінің дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» Алматы. 1998ж
3. Музыка. Оқулықтары 1-6 сынып. Атамұра баспасы, Алматы. 1997-2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (1920-1960жж.). Әдістемелік бағдарлама жұмысын жетілдіру (1960-2001 жж.).
Жоспары:
1. Бағдарламалардың авторлары туралы түсінік
2. (1920-1960жж.) бағдарламалардың мазмұны
3. (1960-2001жж.) бағдарламалардың мазмұны

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға , шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық) музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал) музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, халық өнерін өмірдің бейнесі ретінде түсініп, оны сүйе білетін, халқымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін қастерлейтін, классикалық музыканы және басқа халықтардың өнерін құрмет тұтатын жеке тұлға тәрбиелеу.
Тәрбиелік және білімдік міндеттері:
1) Халық музыкасына құрметпен қарау, ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрпымызды қастерлеуге тәрбиелеу, қазақ музыкасы мен өнерінің өзара байланысын түсінуін қамтамасыз ету.
2) Басқа халықтардың музыкасын сыйлап, өз халқыңның музыкасымен ұқсас, жақын жерлерін таба білуге көмектесу.
3) Классикалық музыкаға және дүниежүзінің музыка өнеріне жақындастыру, белгілі композиторлардың, музыкантардың, орындаушылардың шығармашылығымен таныстыру,солардың үлгілерінде тәрбиелеу.
4) Музыка тыңдау және орындау барысында оған шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу, қызығушылығы мен қиялын өмір құбылыстары және музыканың өзара тығыз байланысын түсіндіру негізінде дамыту.
5) Музыканың көркем бейнесіне сәйкес мәнерлеп орындау, біліктілігін дамыту, оны түсіну мен сезіне білу талғамын қалыптастыру.
6) Музыкалық қабілеттілігін дамыту және білім беру.
Музыка пәнінің мазмұны барлық сыныптарға ортақ бір тақырып айналасына шоғырланады Ән-күй - халық қазнасы. Осы тақырып 1-4 сыныптардың әрбірінің музыкалық материалдарынан көрініс тауып, жүйелілік пен бірізділік ұстанымы сақталып, негізгі тақырыптары ашылады. Олар мынадай тәртіппен орналасқан:
Сырлы да сазды әуен
Күмбірлеген күміс күй
Ән мен күй халық үні
Аңыз - ертегі әлеміндегі ән мен күй
Эпос сарыны
Ақылың болса, жыр тыңда
Айтыс өнері
Күй тартыс
Қос арна
Халық музыкасының әлемдік арнаға ұласуы
Музыка сабағы іс-әрекеттің негізгі түрлерін ескеріп, бірлестікте құрылған: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаттылық және басқа қосымша іс-әрекеттер,шығармашылық тапсырмалар
Музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту.
Бұл көпшілікке қолайлы іс- әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Әр сыныптан келесі сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас жинақталған процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып,кеңейтіліп отырылуы ескерілген.Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер етеді.Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді.
4 жыл бойына оқушылардың қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың әндерін, Қазақстан композиторларының әндерін түсінуге, оған сүйіспеншілікпен қарауға, көркемдік талғамы мен музыкалық қабілетін дамытуға (музыканы есту қабілеті, ырғақты сезінуі, есте сақтай білу, орындаушылық қабілеті т.б.) қол жеткізіледі.
Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл және сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты, кантиленді әуендетілген т.б.
Бірінші жартыжылдықтың тақырыбы Сырлы да сазды әуен.Балалар алтын қорға енген қазақтың халық әндерімен, қазақтың әдет-ғұрпымен, салт- дәстүрлерімен толық таныса алады. Оларға бесік жырлары; тұсау кесу, төрт түлік малға арналған әндер, табиғат туралы және Қазақстан композиторларының әндері жатады.
Екінші жартыжылдықта Күмбірлеген күміс күй атты тақырып бойынша балалар қазақ елінің шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастырады.
Екінші сыныпта оқушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының әндерін, оған қоса Жыл басы кім болады? атты операмен танысып, ертегідегі кейіпкерлердің әнін орындайды.
Үшінші сыныпта халық әндері және қазіргі заманғы әндердің репертуары біртіндеп күрделене түседі, яғни екі дауысты элементтермен орындайды.
Төртінші сыныптың репертуарында тек екі дауысты немесе канонмен айтылатын әндер ғана емес, сонымен қатар орындауы қиындау мазмұны жағынан және ырғақтарында ерекшеліктері бар, дыбыс биіктігі,гармониялық есту қабілетін дамытатын диапозонды кеңейтуге көмектесетін әндер берілген.
Барлық сыныптарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:
Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына, бірқалыпты дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау - музыка пәнінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан - жақтылықты кеңейтеді, музыкалық білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік талғамын қалыптастырады.
Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы кім болады? атты балалар операсы мен аңыз - күй Жетім бала эпикалық бірнеше көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы - термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
Музыкалық сауаттылық. Оқушылар музыканы қабылдай білу үшін, оның тірі өнер екенін өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу тәжірибиесі балаларға 1-4 сыныптар бойында халық музыкасын орындау мен тыңдатуда, қазіргі мектеп оқушыларына арналған композиторлық әндерді айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір - бірінен өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың мазмұны мен көңіл - күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік құралдарымен - темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады. Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар мен халық аспаптар оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен сайын толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде оқушылардың музыканы танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес 3 сыныптан бастап ендіріледі.
Шығармашылық тапсырмалар.Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан бастап берілген тақырыпқа суырып - салмалық ойнайды. 1 - сыныпта жұмбақтар шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар жазады. Ізденгіш тапсырмалар, проблемалық ситуациялар тудыратын сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.
Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне болады.
Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.
12 жылдық білім берудің бастауыш мектебіне арналған Музыка пәні бойынша бағдарламаның негізгі ережелері

Қазақстан республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО бастауыш мектептің Музыка пәні бойынша балама бағдарлама дайындалды. РҒПО директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Е. Әбілқасымова, бағдарламаның ғылыми жетекшісі профессор Ә.И. Мұхамбетова. Бағдарлама авторлары: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҒУ оқытушылары өнертану ғылымдарының кандидаты Ғ.Т. Әлпейісова, педагогика ғылымдарының кандидаты Қ.Қ. Досанова, Ж.Т. Мұхамеджанова, Астана қаласының №37 орта мектебінің мұғалімі Ғ.М. Сәбитов.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы, әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас қалыптастыруы керек. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ музыкалық тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Музыка пәнінің балаларды музыкамен тәрбиелеуде қалыптасқан дәстүрі бар. Қолданыста жүрген бағдарламалардың көпшілігі қазақ музыкалық тілін ьілу мәселесін шешпесе де, тыңдау, ән айту, музыкаландыру арқылы дәстүрлі қазақ музыкасымен таныстыруды қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның мақсаты логикалық-құрылымдық заңдылық жүйе тұрғысынан қазақ музыкалық тілін үйлесім әдісімен қазақ ән ырғағын типтік әуе тұжырым (мелоформула) негізінде қазақтың өлеңдік құрылымының ерекшелігіне байланысты әдістерімен, қазақ тілінде түсінушілік әдістерімен, қазақ күйлерін тыңдау арқылы меңгеру әдістемелерін практикалық жағынан меңгеру болып табылады.
Бұл бағдарлама қазақ музыкалық мәдениетін үйлесім, ырғақ, композиция, жанр, стиль тұрғысында отандық музыкатанушылардың, қазақстандық әдіскерлердің (М.Х. балтбаев, Р.Р. Жәрдемәлиева, Ш.Б. құлманова, С.А. Еле манова, А.Райымбергенов) зерттеулері негізінде жасалған.
Егер тыңдалған музыка оқушылардың терең талғамын, ұғымды меңгерген жағдайда интонациалық генофонд пен көркемдік бейне ойлауды қалыптастырса ғана, қазақ музыка мәдениетінің негізін меңгеру өзінің эстетикалық, білімдік және тәрбиелік ролін атқаруға қабілетті болып есептеледі.
Басты мақсаты - дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі музыкалық шығармашылықтағы қазақтың музыкалық тілінің негіздерін қалыптастыру. Қазақың ұлттық музыка тілін түсіну арқылы рухани бай, шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Бағдарлама білім берудің мына төмендегі негізгі мақсаттарын жүзеге асырады:
Білімділік:
oo қазақтың музыка тілінің көркемдеші құралдары туралы білімді игерту;
oo дәстүрлі қазақ музыкасы және оның халық өмірімен байланысы, сондай-ақ қазақтың музыкалық салт-дәстүрі туралы білімін қалыптастыру;
oo қазіргі музыкадағы қазақтың музыкалық тілі туралы білімін кеңейту;
oo аспаптық музыка туралы, қазақ халқының ауыз әдебиеті мен халық музыкасы туралы жүйеленген мәліметтер беру;
oo түркі халықтарының музыкалық өнерімен таныстыру;
oo қазақ музыкалық терминологиясының ұғымдарын қалыптастыру.
Тәрбиелік:
oo қазақ халқының музыкасына музыкалық талғам мен табанды қызығушылықты қалыптастыру;
oo тыңдау мәдениеті мен музыканың бейнелі мазмұнын қабылдау қабілетін тәрбиелеу;
oo Отанына, туған жеріне, жан-жағындағы адамдар мен туған туыстарына деген махаббат пен сыйластыққа тәрбиелеу,
oo Азаматтық, Отан сүйгіштік, абыройлық, адамгершілік сияқты қасиеттерді жетілдіру.
Дамытушылық:
oo қазақтың музыкалық тілі туралы музыкалық танымын жүйелі түрде дамыту;
oo бейнелі ойлауын, қиялын, музыкалық есте сақтауын, музыкалық - шығармашылық қабілетін дамыту;
oo орындау мәдениетінің дағдыларын (ән айту, музыкаландыру, би қимылдары) дамыту.
Бастауыш мектепке арналған Музыка бағдарламасының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының тақырыптық құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі тақырыптық - концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік құралдың жиынтығы және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін ауқымы кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау біртіндеп күрделене түседі.
Оқу пәнінің бірінші сыныптағы мазмұны алты жасар баланың жеке басының дамуын, оның музыкалық - шығармашылық қабілетін, музыканы қабылдауын, ән айтуды үйрету және қазақ музыка өнері негізінде музыкалық сауаттылығын жетілдіру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған.
Қазақтың музыка тілі негізінде тәжірибелі кезеңмен жүйелі оқыту оқушыларды қазақ музыкасының қасиетін тануға дайындайды.
Екінші сыныпта қазақ музыка тілінің негізі қалыптасады, дәстүрлі музыка мәдениетінің әлеміне үңілу арқылы қазақ музыкасын танудың ауқымы кеңейеді.
Қазақ музыкасының тілі жайлы және қазақтың өлең шығаруының барлық теориялық мағлұматтар музыканы қабылдау, ән айту, музыкаландыру және музыкалық-дидактикалық ойындардың тәжірибелік жолдарымен меңгеріледі.
Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі - үшінші сыныпқа тән құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын, музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға бағытталған.
Төртінші сыныпта қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз ретінде қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының музыкасымен танысу барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі кеңейеді.
Осылайша дәстүрлі қазақ музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен байланысын аңғару бастауыш мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Музыка бағдарламасы 5-6 сыныптар, Музыка пәні бойынша қазақ мектептеріне арналған бағдарлама (5-6 сыныптар). Авторлары: Ж.Ж.Еңсепов, Ж.К.Мейірова, А.А.Саильянц.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру үшін, оларға көне дәуірден келе жатқан музыкалық, аспаптық шығармаларды, ән, терме, күй, жыр, айтыс, өлеңдерді үйретіп, халықтың қасиетті рухымен суару абзал.
Аймақтық мектептердің жергілікті ерекшелігінде дамыған музыка үлгілерін тыңдап, орындап, үйрену, аспапты меңгеру арқылы оқушылар өнер рухынан нәр алады. Осының өзі олардың жаны жайсаң, жүрегі жылы, абзал азамат болып өсуіне септігін тигізеді.
Музыка пәні бойынша 5 - 6 сыныптарға арналған бағдарламаның өзіндік ерекшілігі бар. Өйткені бұл бағдарламада ұлтты қ айшықтар мен ата-баба салттарындағы үрдістерді, бұрын көп қайталанбаған ең озық өнер үлгілерін қазіргі ұрпақ рухымен орайластырудың тәсілдерін түсіндірген.
Бағдарлама оқушылардың ән айтып, күй тартып, би билеп, өнердің сан-саласына машықтануына бағдар беріп, жол сілтейді.
Сөйтіп,оқушылар өнердің бабалар салған ұлы мектебінен өткен халықтық өнерді қазіргі заманның ең озық музыкалық үлгісімен сабақтастырады. Қорқыт, Әл-Фараби, Баласағұни, Қашқари, ибн Сина, Құтбұға, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Бұқар жырау, Махамбет, Құрманғазы, Тәттімбет, Базар жырау, Абылай, Абай, Шәкерім, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Ахмет, т.б. бастау алған ұлттық музыка өнерінің қазіргі ұрпақтың озық өнерімен жалғасып жатқанын аңғаратын болады.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі сахналық үлгіні, музыка саласындағы түрлі жанрларды, табиғаттағы көріністерді, ұлттық аймақтық ерекшеліктегі музыка мектептерін айырып білуіне жетелейді.
Музыка арқылы жас ұрпаққа тәрбие беруде мынадай жетістіктерге қол жеткізуге болады:
oo Адамның жан дүниесін түсінуге.
oo Жақсы мен жаманды айыруға.
oo Оқиғаның алдын түсініп біл
- Жамандықтан жиренуге.
oo Нәзік үндерді қабылдап, бойына сіңіруге икемдеп, адамгершілік қасиетін жоғары ұстауға жетелейді.
Сондықтан Әл - Фараби: Бұл ғылымның (яғни музыканың) өзінің байсалдылығынан айрылған адамдарды түзеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, байсалды адамды әр уақытта да бір қалыпта ұстауға құдіреті әбден жетеді, - деген екен.
Елім-ай бағдарламасы Елім - ай ән - күй сабағының бағдарламасына түсініктеме. Авторы Балтабаев М.Х.
Елім - ай бағдарламасының мақсаты - оқушылардың бойына ұлттық музыка мұраларының түрлері - айтыс, жыр, мақал - мәтелдер, ою - өрнектер,
халық билері туралы түсініктерін тереңдетіп, рухани мәдениетіміздің маңызды ажырамас бөлігі - музыкалық мәдениетті қалыптастыру.
Бағдарлама өзінің алдына төмендегідей міндеттерді қояды:
1) Оқушылардың музыка сабақтарына құштар қатынасын, өнермен қарым қатнаста саналы, терең ойланатын, сипаты жағынан музыка өнеріне ашық, жарқын көңіл күйінің сезімін, қызығуын тәрбиелеу.Бұл міндет, ең алдымен бағдарламадағы халықтық шығармашылыққа негізделген, көркемдік жағынан жоғары, балаларға қызықты репертуарды енгізу арқылы шешілді.
2) Оқушылардың жоғары көркемді талғамын, өнер шығармаларын тек көңіл күйі сезімімен қабылдауға ғана емес, бағалауға мүмкіндік беретін, оларда бейнеленген түрлі құбылыстарды салыстыруға, музыкалық шығармаларды сипатына, стилі, жанры және дәуіріне қарай түсінуін тәрбиелеу. Бұл міндет ең алдымен өзегі қазақ музыкасының ерекше табиғатын бейнелейтін білім болып табылатын бағдарламалардың белгілі бір логикалық құрылымы арқылы жүзеге асыру керек. Бұл жерде оқушылар музыка оның өмірімен және басқа да өнер салаларымен байланысы жөнінде шешуші білім алады.
Әлбетте, халық музыкасын тану арқылы оқушылар өзге халықтың музыкасына тән жалпы сипаттағы мәліметтерден де хабардар болады.
3) Оқушылардың музыкалық өнермен қарым - қатынасындағы түрлі тәжірибелік тәсілдерін игеру іскерлігін қалыптастыру. Бұл жерде тағы да әр түрлі ұлт мектебіне тән жалпы іскерлікпен және дағдылармен қатар қазақтың музыка мәдениетіне тән дағды мен іскерліктерді қалыптастыру керек болып отыр. Мысалы, бұған қазақтың халық музыкасын орындағанда вокалдық дауыс ырғағын игеру, ұлттық этникалық қабылдау және бейімділікке тән нәрсені еске түсіретін арнайы қабылдау енеді. Сондай - ақ оқушылар қабілетін дамытудағы түрлі өнер саласының қызметі де ескеріледі. Көркем бейнелерді қабылдау негізі музыка болып табылатын өнердің әр түрлері интеграциялау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл оқушылардың түрлі әрекет барысындағы белсенді шығармашылық даму мүмкіндігінің болуын талап етеді.
4) Музыка сабағында оқушылардың музыкалық - шығармашылық дағдыларын дамыту. Бұл жерде жоғарыда көрсетілген музыкалық тәрбие білім беру және дамытудың негізгі міндеттеріндегі сияқты жалпы ерекшенің диалектикалық өзара байланысы көрінеді. Жалпылық ретінде музыканы құрудағы оны орындау және тыңдаудағы музыкалық - шығармашылық даму түрлерін құрылымдылық жағынан қарау болып табылады. Негізгі маңызды міндет қазақ музыкасының классикалық мұрасында жүзеге асқан балалардың нәзік кең өрісті сезім мен тебіреністі қабылдау қабілетін дамыту болып табылады.
Елім-ай бағдарламасының тоқсандық таққырыптары былайша бөлінді:
oo 1 - тоқсан - Сарыарқа,
oo 2- тоқсан - Тұлпар,
oo 3 - тоқсан - Аққу,
oo 4 - тоқсан - Елім - ай.
Елім - ай бағдарламасында тарихи тақырыпқа арналған халқымыздың музыкалық фольклоры кең пайдаланылған. Бұған жататындар көбінесе - аспаптық шығамалар. Бәрімізге белгілі қазақтар аспаптық шығармаларда халық тағдырының келелі кезеңдерін үлкен көркемдік шеберлікпен бейнелеген. Бағдарламаға енген Ақсақ құлан, Ел айрылған, Он алтыншы жыл, т.б. күйлерде өткен дәуірдегі халқымыздың ой санасын, көркемдік- образдың шеберліктерін көреміз, моральдық- этникалық кескін келбетін аңғарамыз.
Ал, екінші тоқсандағы Тұлпар тақырыбында оқушылар Сырым сазы, Кішкентай, Саранжап т.б. күйлерден халқымыздың күресін, батырлығын көреді.
Басқа халықтар сияқты қазақ халқының кең тараған жанры - ән. Бозторғай, Маңмаңгер, Япырай, Өсиет т.б. әндерінде кең даланы, табиғат әсемдігін, махаббатты бейнелеген.
Бірінші, үшінші тоқсан тақырыбына лирикалық сюжеттегі күйлер еніп, ондахалықтың өмірі, өнерге, музыкаға деген көзқарасы, адам сезімі терең бейнеленген (Аққу, Бұлбұл).
Халық өнерінің тәрбиелік әсері фольклордың қолданбалы саласында да (киіз басу, кілем тоқу, т.б.) орын алып, балалардың көркемдік қажеттілігін күшейтіп отырды. Бұл сала еңбек әндерінің тууына себеп болды.
Бұл бағдарламаны фольклордың басқа да маетриалдарымен тереңдетуге болады (ертегі, жыр, тақпақ, жаңылтпаш, ойын т.б.).
Ең бастысы, мәселе халық фольклорының синкреттік табиғатын жоғалтпай, әр тақырыпқа өткен сайын, халық дәстүрлердің, фольклордық материалдардың жалпы эстетикалық мәнін ашып, оқушыларға жеткізіп отыру.
Мұрагер бағдарламасы. Авторлары: А. Райымбергенов, С.Райымбергенова, Ұ.Байбосынова.
Мұрагер атты бағдарлама ән - күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1 - 9 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін, дінін, дәстүрін, өнерін, әдет - ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының мұрагері сезінетін, өз елін туған жерін, ата мекенін сүйетін Қазақстан Республикасының азаматын тәрбиелеу.
Бағдарлама төмендегідей педагогикалық міндеттерді көздейді:
1) домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуды үйрету, жыраулық дәстүр, айтыс өнерін меңгеріп батыс Европа және Шығыс музыка өнерінің дәстүрлерімен танысу.
2) қазақтың кейбір қолөнер түрлерін үйретіп, оқушылардың көркемдік ой жүйесін қалыптастыру.
3) балалардың шығармашылық ынтасын, ой өрісін, қиялын дамыту.
4) дәстүрлі өнеріміз арқылы қайырымдылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, мәдениетті, жан - жақты дамыған адам етіп шығару.
Бағдарламаның басты темірқазығы - балаларға домбыра үйрету арқылы олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында біз халықтық музыка педагогикасына арқа сүйедік. Ол домбыра қағыстарын көзбен көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету әдістемесіне негізделген. Сонымен қатар, дәстүрлі ортада шәкірт ұзтазына еріп жүріп, жекеше түрде дайындалып, соңына еріп батасын алған. Ал бала саны жиырмадан асатын сыныпта бұл методикамен жұмыс істеу өте қиын. Сондықтан Мұрагер бағдарламасы балалардың санына қарамай кез келген сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып үйретудің әдістемесін ұсынады. Бұл арада біздің бағдарламамыз қазақтың, дәстүрлі педагогикасын және Европаның ең озық әдістемелік үлгілерін бойына сіңірді.
Ән - күй дәстүрлеріміздің жалпы халықтық мәдениетіміздің бір саласы болғандықтан, бағдарламада басқа да халық көркем - өнер мұраларымыздың ішінде тек қана домбыра тартуды толығырақ меңгеруге көмектесетін түрлері іріктелініп алынды.
Қазақтың ою- өрнектерінің, символдық мазмұнын білу арқылы балалар күйдің саз иірімінің сұлулығын көбірек аша түссе, күйдің тарихын білу арқылы халқының тарихын тереңірек түсінеді. Сонымен қатар аспаптық саз өнеріміз аңыз - әңгімелерімен, көне мифологиямен, ауызша поэтикалық дәстүрімен астасып жатыр.Қысқасы ән - күй пәні музыка, ауызша поэтикалық, көркемөнер, қолөнер түрлерінің басы тоғысқан интеграцияланған комплексті пән болуы тиіс.
Мұрагер бағдарламасы - тоғыз жылдық білім берудің тізбекті біртұстас курсы. Бастапқы сыныпта алған білім жылма - жыл қайталанып, толықтырылып, дамытылып отырады.Мысалы, домбыра тартудың ең қарапайым жаттығуларынан бастап, жеңіл әндер мен күйлер үйреніп, репертуарды жылма - жыл байыта, күрделендіре түсудің арқасында күйдің композициялық құрылысын түсініп, аяғында өз жанынан өлең ұйқастырып, бір - бірімен қағыспа түрінде айтысуға дейін жетіп, жыраулардың үлгісімен өз толғауларын шығаруға дейін жетеді.
Домбыраға репертуар таңдау барысында балалардың ойнап үйренуіне жеңіл болуымен қатар, ел арасында кеңінен танымал халықтың сүйіп тыңдайтын ән-күйлері іріктеліп алынды.
Мұрагер бағдарламасында қазақтың ұлттық өнерімен қатар, Европа мәдениеті оның ішінде әлемге тараған опера, симфония, балет жанрлары терең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда дидактика ғылымының қалыптасуы мен дамуы
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Қазіргі кезеңде шағын жинақталған мектептердегі тәрбиелік жұмыстардың өзекті мәселелері
Көркемдік және эстетикалық тәрбие беру жүйесіндегі музыкалық өнер. Дәрістер
Ерте ортағасырда Еуропадағы білім берудің ерекшеліктері. Катехумендер мектептері. Кафедралды немесе собор мектептері. Монастырлар
Мектепке дейінгі музыкалық білім
1917-1980 жж. Кеңестік мектеп және педагогика
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Көркемөнер шығармашылығының қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстанда географиядан мұғалімдер дайындау саласы
Пәндер