Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ..3
1.ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ АРНАЛАРЫ
1.1 ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы отарлық дәуір және зар заман ақындары 1.2 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелу сипаты
2 ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктері ... ..28
2.2 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері ... ... ..61
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.

. Хас өнер туындысы үшін уақыт пен кеңістік ұғымдары нақты бір меже болмайтыны айқын. Себебі оның құдіретті күші қай заманнан да адамына айрықша әсер етер сұлулық сымбатында, болмыс-бітімінде. Сәулет өнерінің таңғажайып үлгісін оның бір-бірімен шебер қиюласқан айшықты, қайталанбас детальдары арқылы танысақ, саз өнерінің сиқыры жүректі тербеп, ақылды арбап, сезімді билеп алатын үн мен әуез үйлесімділігінде. Ал, сөз өнерінің шыңына баланатын бірегей туындылар туралы ой-пікірлер мазмұн мен пішіннің, ой мен сөздің, тақырып пен идеяның, жанр мен жүйенің бірлігінен тамыр алатын текті тегеурінді тылсым ой тереңінде, сөзбен салынған сыршыл табиғатында жатады. Осы бөліктердің бір-бірінен ажырамас тұтастығы ғылым тілінде «поэтика» деп аталады. Яғни, сөз өнерінің өлшемі поэтикалық тіл болып саналады. Сондықтан оқырман үшін идеологияға иіп бағындыру міндетінен аулақ, сыңаржақ саясаттың құрсауынан алыс жатқан өнертану бағытында талданатын шығарманың негізгі таразысы тіл тұшымдылығы, ой өткірлігі, сезім сыршылдығы болып қалады. Осы қырлары сөз өнерінің өрнегін өзгеше өлшеммен саралауға тиек болады. Поэтика ұғымы айтушының парасаттылығы мен тебіренісін, шеберлігі мен шешендігін бір-бірімен қабыстыра танытады. Өнегелі ой өрген сұлу сөздің сындарлы бейнесін байыптаудың басты нысанасы осы поэтика болып саналады. Бұл, әсіресе, «сөз патшасы - өлеңнің» (Абай) табиғатын тануда, «асыл сөздің сипаттарын белгілеуде» (А.Байтұрсынов) тірек, өлшем ретінде бағаланады. Себебі «көркем әдебиетте, поэзияда алуан түрлі суреттеу тәсілдерін қолдану мүмкіншілігі мол” (З.Ахметов). Тіл бейнелілігі, сөз суреттілігі ой-сезім көркемдігін мейлінше аша түседі.
Ақындық сезімталдығымен, ақыл парасатының молдығымен, турашылдығымен, әділеттілігімен дарытқан ойды әсерлей, өзгеше формаға түсіріп барып бейнелейтін көркемдік танымымен, дара болмысымен соңына дана сөз қалдырған суреткер, XIX ғасырдын жыр сәйгүлігі Дулат Бабатайұлының өлең өнері жөніндегі ғылыми-зерттеу аясында поэтика атты басты өлшемді негіз етіп ұстануымыздың сыры да осында.
«Дулат көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-саяси таным меи көзқараста көп жаңа пайымдаулар жасап, қазақ поэзиясын жанр жағынан, өлеңнің ішкі құрылымы жағынан жаңартқан ақын» - дейді дулаттанушы Қ.Өмірәлиев [1,104]. Ол өзіне дейінгі әдебиетті тақырып жағынан көтеріп, қоғамдық-әлеуметтік мәселелері жағынан байытып, қазақ поэзиясына «жаңа мазмұн» әкелді. Осы талант пен талғам биігінен көрінген ұлы суреткердің бір артықшылығы - қазақгың қазыналы мектебі бар ауыз әдебиеті мен ой алыбы Абай өркендеткен жазба әдебиеттің арасындағы «алтын көпір болуы». Тарихи миссиясын абыроймен, асқақ талантымен атқарған асыл өнерпаздың қазақ әдебиетінде жаңа соқпақ салып, ізгілік ізін тастап, реформатор болуы табиғи зандылық еді. Ақындық өнерді жыраулық мектептің өнегесінен туындата жалғаған байыпты жыр жампозының жақұт мұраларының ішкі иірімдеріне бойлау поэтиканы зерттеу арқылы ғана мүмкін болмақ.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ АРНАЛАРЫ
1.1 ХІХ ғасырдағы қазақ тарихындағы отарлық дәуір және зар заман ақындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының зерттелу сипаты ... ... ... ... ... ... 16
2 ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының тақырыптық ерекшеліктері ... ..28
2.2 Дулат Бабатайұлы шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері ... ... ..61
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..73
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Хас өнер туындысы үшін уақыт пен кеңістік ұғымдары нақты бір меже болмайтыны айқын. Себебі оның құдіретті күші қай заманнан да адамына айрықша әсер етер сұлулық сымбатында, болмыс-бітімінде. Сәулет өнерінің таңғажайып үлгісін оның бір-бірімен шебер қиюласқан айшықты, қайталанбас детальдары арқылы танысақ, саз өнерінің сиқыры жүректі тербеп, ақылды арбап, сезімді билеп алатын үн мен әуез үйлесімділігінде. Ал, сөз өнерінің шыңына баланатын бірегей туындылар туралы ой-пікірлер мазмұн мен пішіннің, ой мен сөздің, тақырып пен идеяның, жанр мен жүйенің бірлігінен тамыр алатын текті тегеурінді тылсым ой тереңінде, сөзбен салынған сыршыл табиғатында жатады. Осы бөліктердің бір-бірінен ажырамас тұтастығы ғылым тілінде поэтика деп аталады. Яғни, сөз өнерінің өлшемі поэтикалық тіл болып саналады. Сондықтан оқырман үшін идеологияға иіп бағындыру міндетінен аулақ, сыңаржақ саясаттың құрсауынан алыс жатқан өнертану бағытында талданатын шығарманың негізгі таразысы тіл тұшымдылығы, ой өткірлігі, сезім сыршылдығы болып қалады. Осы қырлары сөз өнерінің өрнегін өзгеше өлшеммен саралауға тиек болады. Поэтика ұғымы айтушының парасаттылығы мен тебіренісін, шеберлігі мен шешендігін бір-бірімен қабыстыра танытады. Өнегелі ой өрген сұлу сөздің сындарлы бейнесін байыптаудың басты нысанасы осы поэтика болып саналады. Бұл, әсіресе, сөз патшасы - өлеңнің (Абай) табиғатын тануда, асыл сөздің сипаттарын белгілеуде (А.Байтұрсынов) тірек, өлшем ретінде бағаланады. Себебі көркем әдебиетте, поэзияда алуан түрлі суреттеу тәсілдерін қолдану мүмкіншілігі мол" (З.Ахметов). Тіл бейнелілігі, сөз суреттілігі ой-сезім көркемдігін мейлінше аша түседі.

Дулат көркемдік-эстетикалық, әлеуметтік-саяси таным меи көзқараста көп жаңа пайымдаулар жасап, қазақ поэзиясын жанр жағынан, өлеңнің ішкі құрылымы жағынан жаңартқан ақын - дейді дулаттанушы Қ.Өмірәлиев [1,104]. Ол өзіне дейінгі әдебиетті тақырып жағынан көтеріп, қоғамдық-әлеуметтік мәселелері жағынан байытып, қазақ поэзиясына жаңа мазмұн әкелді. Осы талант пен талғам биігінен көрінген ұлы суреткердің бір артықшылығы - қазақгың қазыналы мектебі бар ауыз әдебиеті мен ой алыбы Абай өркендеткен жазба әдебиеттің арасындағы алтын көпір болуы. Тарихи миссиясын абыроймен, асқақ талантымен атқарған асыл өнерпаздың қазақ әдебиетінде жаңа соқпақ салып, ізгілік ізін тастап, реформатор болуы табиғи зандылық еді. Ақындық өнерді жыраулық мектептің өнегесінен туындата жалғаған байыпты жыр жампозының жақұт мұраларының ішкі иірімдеріне бойлау поэтиканы зерттеу арқылы ғана мүмкін болмақ.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ғалымдардың соңғы жылдарда әдебиеттің әр түрлі жанрларына қатысты поэтиканы сөз етін зерттей бастауы сөз құдіретінің осы өлшем табиғатымен бірлігін дәлелдесе керек. Поэтика табиғатын академиктер З.Ахметов (өлең сөздің теориясын), С.Қирабаев (қазіргі қазақ поэзиясын), З.Қабдолов (сөз өнерін), Р.Нұрғалиев (драмалық шығармалардың), С.Қасқабасов (фольклордағы поэтиканың), Б.Майтанов (М.Жұмабаевтың поэтикасын) әдеби жанрлармен байланыста сөз етеді. Жекелеген авторлар шығармаларының поэтикасын зерттеуге ден қойылуы әдебиеттің мәдени деңгейінің өсе түскенінің айғағы бола алады.
Поэтиканың ауыз әдебиетіне қатысын Ш.Ыбыраев былайша түйеді: Поэтика - әдебиеттану мен фольклортану ғылымдарында көркемдік дүниетанымнан жанрлық пішінге дейін, сюжеттен тілдік, стильдік кестеге дейін, шындықты бейнелеу тәсілінен өлең құрылысына дейін қолданылып келе жатқан көп қырлы ұғым. Біз үшін поэтика - ғылымның зерттеу әдіс-тәсілі емес, ол, ең алдымен, шығарманың көркемдік болмыс-бітімінің жиынтығы [2,6].
Зерттеу нысаны. Жұмысты жазуда Д.Бабатайұлының Замана сазы, Өсиетнама жинақтары негіз болды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында талдау, салыстыру, баяндау, жинақтау әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Жұмысты жазу барысында қазақ әдебиеттануындағы іргелі еңбектер, жалпы шығармашылыққа қатысты зерттеулер басшылыққа алынды.
Тарихы жоқ нәрсенің теориясы да болмайды. Дулат Бабатайұлы шығармаларының поэтикасы енді ғана сөз болып отыр десек, онымыз шындыққа сыйымсыз болар еді. Дулат сынды дүлдүлдің дүбірінің көзі қарақты филолог-зерттеушілердің назарын өзіне аудармауы мүмкін емес-ті. Оған кешегі кеңестік кезеңнің өзінде қазақ әдебиеттану ғылымының, қазақ тіл білімінің ғалымдары: А.Байтұрсынұлынан бастап М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Қ.Өмірәлиев, Р.Сыздықова, С.Қасқабасов, М.Жармұхамедұлы, З.Ахметов, С.Негимов т.б. зерттеушілердің әр кезеңдерде жазған еңбектері куә. Әрине, кеңестік жүйе бардың өзін бүкіл шындығымен танытуға кері ықпал еткен жайлары да бар. Дегенмен, дарабоз ақынның өзгеше өлең өрнектері тың сипатпен бедерленіп, бағаланып отырды. Бүгінгі жаңа заман талабы, қоғамдық-әлеуметтік қажеттілік сөз зергерінің туындыларын жаңа көзқарас тұрғысынан қайта қараудың, бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен үндестігін ашудың көкейкестілігін бекіте түседі. Сол себепті қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір белесінің өлшеміне айналған Дулаттың өміршең өлеңдеріндегі өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдаудың мәні мен маңызы да арта түсуде. Мұнда жеке автордың шығармашылық әлемі ғана емес, әдебиеттегі жаңа бір арнаның ашылуындағы айырықша сипаттар да танылмақ.
Диплом жұмысының мақсаты. Жұмыстың мақсаты - Дулаттың шығармашылығындағы өзгешелікті поэтикалық шеберлік тұрғысынан талдау.
Диплом жұмысының міндеті.
Осы мақсатқа сай жүзеге асырылатын дипломдық жұмыстың міндеттері төмендегідей болып нақтыланды:
- Дулат шығармаларының поэтикасын зерттеудің ғылыми-теориялық негіздерін анықтау;
- Дулат Бабатайұлы шығармаларының зерттелу бағыттарын айқындау;
-Дулат өлеңдерін табиғатына сай ұлтгық әдебиеттану негіздері бойынша саралау;
- Дулат шығармаларын жаңа көзқарас, бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарына сай пайымдау;
- Дулат өлеңдерінің жаңашылдық сипатын дәйектеу;
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Зерттеу еңбек кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Диплом жұмысының сыннан өтуі: Тақырыпты зерттеу бірнеше процестерден өтті. Алғашқы нұсқалары ғылыми жетекшінің сарабынан өтіп, сол бойынша бірнеше толықтырулар енгізілді. Дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар деңгейіне жеткен кезде қазақ филолотиясы кафедрасының мәжілісінен алдын-ала қорғауға ұсынылды.
1. ДУЛАТ ШЫҒАРМАЛАРЫ ПОЭТИКАСЫН ТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ АРНАЛАРЫ
Дулат Бабатайүлы шығармашылығы - зерттеу нысанасында
Шығармашылық тағдырлары талай зобалаң кезеңді бастан өткізген, өзінің асылдығын дәлелдеп шықкан дәйекті мұралардың қатарында берік орныққан Зар заман ақындарының соңында қалған қасиетті өнер туындылары қай кезеңде де әдебиет зерттеушілерінің назарын аударып келген. Осы топтың көрнекті өкілі, солардың ішіндегі бірегей дара тұлға Дулат мұрасы да әр кезде зерттеу нысанасына алынғаны аян.
Зар заман деген ұғымның аясына терең ойдың барлық жұмбағын жұмылдырған Мұхтар Әуезов екендігін қайталап жатудың реті бола қоймас. Себебі ғалымның осы ағымға енетін ақын-жыраулардың қазақ әдебиетіндегі орны, маңызы, рөлі жөніндегі ой тұжырымдарында бұлтартпас шыңдық, айнымас айғақты ақиқаттар жатыр. Сондықтан қилы кезендерде талай таласты ойларға түрткі туғызған осы атау төңірегінің өзінде қаншама айтыстар, сәуегейліктер болғаны белгілі.
Суыңды ішіп құдығыңа түкірген аузы түкті кәпірлердің әлі талай бүлдіргі әрекеттерін көрегендікпен болжаған жыр сүлейлерінің сұңғыла ойлары көз алдында жүзеге асып жатқанын бүркемелеуге тырысқан қайран бор заман!? Атаның ақыл сүзгісінен өткен өсиетті өмір түйіндерін түсінбеген я түсіне тұрып түсінгісі келмеген тұрлаусыздығымен қоймай Зар заман деп сол дәуірге айдар таққызды. Бұл атаудың мәнін көңіліңде саңлауы бар сара тұлғалар бабалар зарының астарына үңіліңдер деген ұғымда түсінсе, ұр да жық желбуаз әпербақандар оны келместі аңсаған, алжыған топтың негізсіз зары, үрейі деп ұшқары бағалады. Бірі бұл кезенде өмір сүрген өрелі өкілдердің өсиеті түбінде қайта түлеп, тұғырына қонатынына сенім білдірген болса, екіншілері олардың тарихтың шаңын қауып қаларына күмәнсіз еді. Алмас қанжар қын түбінде жатпайтынын, саф алтынды тот баспайтынын әділ тарих тағы бір дәлелдеп берді.
Осы орайда Мұхтар Әуезовтің кемел ақылына, көрегендігіне тәнті болмасқа лажың жоқ. Ақын-жыраулардың шығармашылық жолдарын қиюластырып тұрған ортақ ойды дәл тауып, Зар заман деп көрсетуінің тағы бір, одан да гөрі терең, түпкі мақсаты болғандай. Көреген көңіл уақыт өткен сайын ушығып, заман өзгерген сайын жетіліп кең қанат жая бастаған коммунистік көзқарастың уытты сабақтары шырмауықтай оратылар негізгі мұралар дәл осы жыр дүлдүлдерінің еңбектері болатынын алыстан болжап, алдын ала араша түскендей. Сондағы тапқан бір амалы - осы жыр-шоғырға естіген құлаққа ерсілеу ат қоюы. Бұл әдіс халқымыздың ертеден келе жатқан бір ескі дәстүрін еске салады: діни наным бойынша ұлы тұрмаған шаңырақ иелері дүниеге келген ұл баласына қыздың атын қою арқылы жоғары жақты адастыруды көздейді. Мұндағы ата-ананың арманы - қалай да баланы аман алып қалу. Ұлға қыздың есімін берудің ерсі екенін біле тұра тек оның тіршілігі, тірлігі үшін осындай шешім жасайды. Одан, әрине, ұтпаса ұтылмайтынын біледі. Біз де Мұхаңның өзі пайғамбар тұтып, бүкіл ғұмырын арнаған сол жанның - дана Абайдың - ұстазына балаған биік тұлғалар Дулат, Шортанбай, Мұрат т.б. шығармашылығына мейлінше сындарлы, айбарлы ат лайық екенін біле тұра одан саналы түрде бас тартып, Зар заман деп атауында осындай сыр жатқандай. М.Әуезов сәуегейлігі сан қауіптен бабалар мұрасын аман сақтады. Асылды жойып жіберуге даяр жойқын дауылдарды дамылдатқан бір сиқыр осы атаудың ішкі мәніңде тоқайласқандай. Күмәнді келешекті көзбен көргеңдей дәріптеп жатқан дүмбілез еңбектердің қасында құдіреті қуатты, қасиеті айрықша бола тұра жиі аталмаған бұл шығармалардың кеңестік кезеңнің топанынан аман қалуында осы аттың мықты қорған болғанында сөз жоқ. Желбуаз саясаттың ұраншыл легінен аса алмаған қор замаңда да, өзінің жақсысын өзі ашып айтудан тайсақтаған бор заманда да, қыранның қанатын қиып, тұлпардың тұяғын мұқалтқан тор заманда да, осынау бір-бірімен бытысып-шатысып жатқан сор замандардың илеуіне көнбеген, дара болмысын баянды қалпында сақтап бүгінге жеткен осынау жақұт жырлардың барлығы үшін қазақ, ең әуелі, Әуезовке қарыздар екендігін ұмытпауға тиіс.
М.Әуезов 1927 жылы жарық көрген Әдебиет тарихы деген 44,192 еңбегінде араша түскен алып тұлғалар жайлы алымды ойларын барлық уақытта әр жақты дамытып отырады. Соның бір тамаша үлгісі - Абай жолы роман эпопеясында Дулаттын көркем бейнесін сомдауы. 45,82 Әрине, соқыр саясат қолшоқпарлары Дулаттың атын Барлас деп өзгертуге мәжбүр етті. Жазушы: бүкіл ғұмырына бетбұрыс жасалған ерекше бір шешуші сәтте бала Абайдың болашағына бағдар берген қасиетті Қыдырдай тап келген Дулаттың келешек ақынға тигізген оң әсерін, игі ықпалын асқан бір зиялылықпен, зерделілікпен бейнеледі. Жас баланың бойынан даналық белгісін қапысыз таныған ұлы дарынның данагөй болмысы биіктен көрінеді. Дулатпен дидарласу сәби жүректің, бала көңілдің айрықша өзгерісіне себеп болады. Үш кемеңгердің киелі ойларының өзара тоғысар тұсы осы ма дерсің. Дулат - Абай - Мұхтар арасындағы көзге көрінбейтін құдірет күштің салтанат құрар сәтті бір шуақты мезгілі туған кез. Сондықтан да Абай жолының жарқын беттеріңде Дулат сынды алыптың жұлдыздай жарқ етіп оқырманның көңіл көкжиегінде мәңгілік тұрақтап қалуының мәні де осынау тұңғиық, тылсым табиғи тілектердің тоғысуыңда жатыр.
Шоқшалау ғана ақ сақалы бар, келбетті келген зор дауысты ақ сары кісі Барластың Абайға салғаннан ұнауында да 45,81. Ұлылардың үндестігі бой көрсетеді. Өзге үлкендердей білгенін ішіне бүгіп үндемей отырудан аулақ, жарқылдақ, ашық мінезді Барластың - Дулаттың әр сөзі бала Абайдың көкірегіне күн сәулесіңдей асқан бір мейіріммен шуақ болын құйылып жатады. Бірде қызулы қыздырманы қолдайтын күлкіші, сауықшыл ақын енді бір сәтте үлкен бір өсиетшіге, шерлі қартқа айналады. Жазушы қолданған жыр шумақтарында Дулатқа ғана тән дауылпаз дүбір, жасындай өткір ой, теңіздей тереңдік айқын танылады.
Құлағың сал жырыма,
Ойлана қара сырыма.
Шад-шадыман емеспін,
Құр құландай жортқанмен,
Құбылтын күй тартқанмен,
Қайғыдан Барлас құры ма?!
- деп термелейді 45,65 Бір айдай дана жырау Дулат пен жас ақын Байкөкшенің рухани бұлағынан нәр алған жас бұтақтай жайқала тербетілген Абайдың тіпті сонғы күндерінде ақынның қойнына кіріп жатуы да тегіннен-тегін емес. Ой ортақтығы бой жақындығына еріксіз әкелген сырлы күштің сиқыры тәнті етпей қоймайды. Абайдың ұғымтал зеректігін жіті байқаған жампоз жырау бар ықыласымен бата береді:
Шырағым, ер жетерсің,
Ержетсең, сірә, не етерсің?!
Алысқа шырқап кетерсің,
Шындасаң шыңға жетерсің. 45,82
Мейірімді жүректің үніндей, ақжолтай тілектің өзіндей дуалы ауыздан жарып шыққан жасын сөз періштенің құлағына шалынып, шындыққа ұласады. Бұл бата бір қазаққа ғана емес, бүкіл әлемге мәлім болды. Бұл - өлмес рухтың өнерде қалдырған өшпес ізі, мәңгілікке жалғасуы.
Дулат ақынның әдебиеттегі орны жөнінде, оның өлендерінің тарихи-әлеуметтік тамырлары мен арналары туралы, ең бастысы, ұлы суреткердің тіл өрнегі - поэтикасы жайлы еңбек жазған ғалымдардың бірі филология ғылымдарының докторы, профессор Қажым Жұмалиев болды. Ғалым XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті 6,108 атты еңбегінде Дулат жыраудың өмірі жайлы мағлұмат беріп, оның жырларының негізгі тақырыптарын саралап көрсетеді. Шығарма мазмұны мен ақын заманының ерекшеліктері бірлікте қарастырылады, Д.Бабатайұлының өзіндік ой толғамдарына терең талдау жасайды. Әсіресе, Еспенбет дастанының мазмұндық, құрылымдық қырлары сөз болады. Қ.Жұмалиев Дулаттың Өсиетнама жинағы туралы өзіндік пікірін, топшылауларын ұсынады. Онда өмір шындығы мен көркем сөздің арасындағы үзілмес желіні қапысыз танытарлық тағылымды тұжырымдарын жасайды. Осыған орай зерттеуші Дулат өлеңдеріндегі екі ерекшелікті бөліп көрсетеді - Бармақтай меңі болған соң өлеңі туралы: мұндағы жаңалық - тек Дулат өлеңдерінде ғана ұшырайтын он тармақты шумақ. Бұл - Дулатта да бір-ақ өлең. Осы шумақ, осы ұйқаспен шығарылған оның басқа да өлеңдері болуы да, біздерге жетпей жоғалуы да немесе ел аузында әлі күнге дейін жүруі мүмкін, бірақ Абайға дейінгі қазақ поэзиясына біреу де болса, жаңа өлең құрылысын енгізу аз еңбек емес. Бұл түрді Дулат қалай ойлап тапты, қалай енгізді деген сұрақтарға жауап беру қиын. Кейбір сипаттарына қарағанда, шығыс поэзиясының үлгісіне ұүқсайды. Әзірше бұл топшылау ғана. Дулаттың басқа өлеңдері жыр ағымымен құрылған. Ұйкастары да белгілі, таныс ұйқастар. Сондықтан оларға айрықша тоқталуды артық санадық.
Дулаттың екінші ерекшелігі тілінде. Біз жоғарыда Дулат қазақтың тіл байлығын мейлінше жақсы меңгерген және оны өз поэзиясына шебер қолдану арқылы поэзиямыздың тілін байытуда елеулі үлес қосқан ақын дедік. Шынында да, Дулат өлендерінде ойға қатыссыз, басы артық сөз кездеспейді десе де болғандай. Оның сөздері әрі мағыналы, әрі көркем және өлендерінде сөз, дыбыс ойнақылыктары да жиі ұшырайды. Әсіресе, бір бағалы жағы: өзіне дейінгі поэзиямызда, тіпті өзінен кейінгілерде де кездеспейтін оригиналдық образдар, жаңаша бір сөз тіркестері, инверсия, эллипсис т.б. поэтик тілдердің түрлері бар.
Дулат өлеңдерінің сыртқы формалық өзгешелігін де ғалымның көреген көзі алыстан шалады, ол бір шумақ өленде үш жолы шұбыртпалы, екі жолы егіз ұйқас болып келетін өлеңдердің тек қана Дулаттан кездесетінін, бұл ол кездегі басқа ақындарда жоқ екендігін атап көрсетеді. Және жалпы қазақ өлеңі құрылысын зерттеуде бұл түрдің ерекше көңіл бөлуге тұрарлық құбылыс екендігін ескертеді. 46,8
Қылышынан қаны тамып тұрған кеңестік кезеңнің құрсауына мойынсұнбай, Дулаттың мұраларын саясат отынан арашалауға ұмтылған ғалымдардың бірі Ханғали Сүйіншәлиев болды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1957 жылғы 8-ші шілдедегі Қазақ халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеуді сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы Қаулысы негізінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында 1959 жылы 15-19 маусым күндері ғылыми-теориялық конференция өткізілгені тарихтан белгілі. Конференцияның күн тәртібінде XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Бұхар, Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір, Шәңгерей т.б. шығармашылығы негізінде әдебиет тарихын жүйелеу міндеті тұрды. Осы конференцияда филология ғылымдарының кандидаты, жас ғалым Х.Сүйіншәлиев Дулат ақын мұрасынан тақырыбы бойынша баяндама жасады. Баяндамада Дулат мұраларын бағалау жөнінде байыпты байламдарын батыл айта білді. Ең негізгісі, Дулаттанудың басым бағыттары, зерттеу арналары туралы тұшымды ой конференция мінберінен айтылып, әдебиеттанушылар арасындағы үлкен дауға тиек бодды. Х.Сүйіншәлиев кейінде осы ойларын тереңдетіп, жүйелі зерттеуге ұластырды. Оның қаламынан туған Дулат шығармашылығы туралы дүниелердің ұзын саны он бестен асады. Кейін докторлық диссертациясының бір тарауын Дулаттың әдебиет тарихындағы орны деп арнап жазуының өзі де ғалымның табандылығын танытса керек. Зерттеушінің еңбектерін санамалап айтар болсақ: Жұлдыз журналының 1959 жылғы бесінші нөмірінде жарияланған Дулат Бабатайұлы және оның Еспембет поэмасы; Қазақ ССР ҒА-ның Хабарлары журналында 1959 жылғы үшінші қазандағы Дулат ақын мақаласы; 1960 жылы жарық көрген Дастандар жинағына енген Еспембет батыр поэмасы; Қазақ ССР ҒА-нан 1964 жылы шыққан Әдеби мұра және оны зерттеу кітабына енген дүниесі - Дулат ақын мұрасынан; 1962 жылы жарық көрген XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақыңдарының шығармалары кітабындағы Дулат Бабатайұлы шығармалары; 1967 жылы шыққан Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезендері атты еңбектегі Дулат Бабатайұлы; Особенность поэзии Дулата Бабатаева атты докторлық диссертацияның авторефераты 1969; жоғары оқу орыңдарына арналған, 1981 жылы жарияланған XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті оқулығына енген Дулат Бабатайұлы бөлімі; XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихының бесінші, алтыншы кітаптарындағы материалдар; 1992 жылғы Жұлдыздың он екінші нөмеріндегі Дарынды ақын мақаласы, 1993 жылы Өркен газетіндегі Дуалы ауызды Дулат ақын мақаласы, т.б. Әлбетте, Дулаттай дара ақынның өлең өміріне осынша терең мән берген ғалым оның суреткерлік шеберлігін сөз етеді. Мысалы, оның соңғы мақаласында айтылған мына пікірі Дулат поэтикасының табиғатын дәл танытады: өлең техникасына ақын жетік. Оның өлеңдерінің тармақ-шумақтары, сөз тіркестері жүйелі. Олпы-солпы тұрған, оғаш ұғым туғызар орынсыз тіркестер кезікпейді. Әр сөз белгілі ұғымға сай жымдасады. Көп жолдары бірдей әріптерден басталып, өлеңнің дыбыс қуатын күшейтеді. Әсірелеулері - поэтик тілдері өте мәнді, нәрлі, айқын, көркемдік күші жоғары. Көбінше, оқушысыаа танық, сөз бояулары қанық. Халықтық байырғы әсірелеулерді жаңғырта - жасарта пайдалануы, өзіндік тіл ұстартқыштық қабілеттеріне куә болғандай. Тіл бейнелілігінің бір көрінісін, оның шендестірулерінен де айқын көреміз, 46,8- дей келе, ақынның осы айшықты өлең жолдары арқылы дәйектеп береді.
Дулат шығармашылығына дүркін-дүркін айналып соғып, ақынның айрықша қуатын, көркем де кестелі сөзін тереңнен толғап, Дулат дүбірін алыстан танып, асыл ойдың тұңғиығынан маржаң сүзген,тілші-ғалым - Рабиға Сыздықова. Тіл мен әдебиеттің бөлінбес тұтастығын тамырлы тағылымды туындылар табиғатынан тапқан филолог-зерттеушінің көп жағдайда шабыттана әңгімелейтін мәселесі ешкімге ұқсамайтын жыраудың поэтикалық тілі, көркем сөз патшалығы. Дулат шығармашылығының өзіне тән ерекшелігін айқындар алдында Рабиға Сыздықова Дулат жырау ма, әлде ақын ба? деген мәселенің бетін ашып алады. Дулаттың болмысындағы жыраулық қасиет пен ақындық қабілеттің тоғысар тұсын дәл көрсетеді. Өлең құрылысы жағынан дәстүрлі жыраулық үрдіске құрылған Дулат өлеңдерінің көркемдік ;мазмұн жағынан өзіне дейінгі жыраулардан мүлде бөлектік, өзгешелік бар екенін тұжырымдайды. Ал, мазмұн тұрғысынан ақын өлеңдерінің дидактикалык сарынға философиялық толғаныстарға қоса нақтылыққа көшу мәселесіне баса назар аударылуын негіздей отырып, оның ақындық қасиетін танытады. Екінші жағынан ғалым - Дулат өлеңдеріндегі жазба әдебиетке тән белгілерді де дәл атап, айқын танытқан зерттеуші. Дулаттың жазба ақындығын шығарманың іштей шоғырларға бөлінуімен дәлелдейді: Өлеңді шоғырларға тирадаларға бөліп құрастыру тәсілі қазақтың ауызша дамыған өлең жырларында жоқ. Ол - жазба әдебиетке тән өлең құрылымы. Бұл құрылым қазақ поэзиясында Дулаттан бастадады 47,6 Дулаттың акындық сипатын поэтикалық образдар жүйесінің алуан түрлілігімен де дәлелдейді. Поэтиканың тілдік механизмі, образ жасаудағы сөз құдіретінің күшін соны ізбен, жаңа ойлармен астасып жатқан оралымды тіркестер арқылы жеткізудегі ақын шеберлігін талдайды. Д.Бабатайұлының көп өлеңдеріндегі өзгеше өрілген өрелі ойдың ұшқындарын алыстан шалады, Нақты, деректі ұғымдармен абстрактілі түсініктерді қиыннан қиыстырып, ойға әсерлі әсем тіркестердің өмірге келуін де ақындық биік талғам мен сөз дарынының көрінісі ретінде жоғары бағалайды. Осы түйіндеулер арқылы ұлы Абайдың рухани тірек еткен арналарының ішінде қазақтың ұлттық таным белгісінің, сөз саптау мәнерінің бастау бұлағы дәл осы Дулатпен байланыстылығында екендігін дәлелдеп, осы күнге дейін орыстың поэзиялық мектебінің үлгісі ретінде саналып келген көркемдеу амалдарының бірі деп есептелген тұжырымның түбегейлі өзгеруіне ықпал етерлік жаңа тұғырнамалық түйін жасайды.
Жазба поэзияға тән тәсілдердің бірі ретінде перифраздарды белгілі бір затты, құбылысты, іс-әрекетті бейнелеп суреттеп өзгеше атау, тосын теңеулер мен мәйекті метафораларды қолданудағы шығармашылық шеберліктің сырын таниды. Сондай-ақ шендестіру, салыстыру жолдарымен жаңаша қырынан танылған тәлімді туындылардың табиғатын нақты ажыратып береді.
Өз халқының кемел ақыл ойының, парасат пайымының, жалпы рухани жан-дүниесінің айнасына айналған ақын шеберлігі жайында тебірене, толғана, төгіліп кететін ғалым өзінің Дулат ақынның сөз кестесі 48 мақаласында ақын шығармалары жайлы терең мәнді сөз айтады. Онда Дулаттың орны мен рөліне баға береді.
Зерттеуші байырғылық пен жаңалықты түйістіруден тілге енген жаңа сөз тіркестерінің логикалық байланысына, эмоциялық ренкіне мән береді. Ақынның сөз қолданысындағы бұрын, сонды болмаған жаңаша тіркестерге ой көзімен қарап, ғылыми қорытыңдылар жасайды.
Тілдің тек көркемдік қуаты көрсетілмейді, сонымен қатар сөз құдіреті арқылы ұлттық рухтың ұшталып, жоғары адамгершілік қасиеттердің қалыптасуындағы мәні дәлелденеді. Сөйлеу мен сананың бірлік күші арқылы мүмкін болатын сөз жүйесін қолданудағы Дулаттың ақындық шеберлігін көрсетеді.
Ғалым өзінің XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің тарихы атты еңбегінде 41,248 қазақ әдеби тілінің даму тарихының аясында XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ақындардың бірі Дулат қолданған жаңа сөздердің жасалу тәсілдеріне тоқталғанда да ақынның сөзжасам жүйесіндегі үлкен екі сала бойынша қосқан өзіндік үлесін көрсетеді. Солардың бірі - жұрнақ жалғау арқылы сөз тудыру тіршілік, жемтік, төрелік, жемқор, антқор, мақтан, күйшіл т.б. және сөз мағынасының жаңғырып, жаңа мазмұнға ие болуы пысық, ұлық, төре, жол сауда. жыршы, насихат, атқамінер, несие, өсім, шығын т.б. арқылы бірде морфологиялық, бірде лексикалық жолмен түрленген сөздерді тілге енгізудегі Дулат тапқырлығы жаңашылдык сипат тұрғысынан бағаланады. 48,154-155
Дулаттың дарыны мен дуалы аузынан шыққан дәйекті сөздерінің құдіретін ашып көрсетуде.академик Зәки Ахметов Абай ақындығына қатысы зерттеу еңбегінде Дулат өрнегінің өзіндік ерекшеліктеріне үлкен мән береді. Ол Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - қүрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрініп тұр-ау,
- деген өлең шумағындағы ондаған жылдар бойы түрлі дау тудырып, талай сындарлы ойларға өзек болған ақын тұжырымына кеңірек тоқталады. Абайдың өзіне дейінгі түпсіз терең қазақ поэзиясының ішінен осы үш тұлғаны бөле жара айтуының сыры олардың талантын басқалардан оқшау санап, жоғары бағалауы деп түсіндіре келіп, бірі - жамау, бірі - құрау деген ойға қатысты өз пайымдауын тартады. Абайдың сыны оларға поэзиядағы қолданған әдіс-тәсілдерге, нақтылап айтсақ, өлең жырларда бұрынңан қалыптасқан уақыл сөздерді, дайын сөз үлгілерін жиі қолданушылыққа қатысты болса керек. Жамау, құрау деп отырғаны осы мағынада айтылған деп түсіну қисынды 49. Зерттеуші ғалым бұл әдісті - дайын сөз үлгілерін, мақал-мәтелдерді еркін, өзінше қолдану, ондағы ойды өз ойымен кіріктіріп кеңейте жырлау Дулаттың ақыңдық ерекшелігін танытатын тағы бір қыры екенін сенімді дәлелдейді.
Жалпы дәл осы шумақтағы екінші жол төңірегіндегі түрлі көзқарастар қақтығысы абайтанушыларды да, Зар заман ақындарының шығармашылығын зерттеушілерді де үнемі ойландырып келгені сөзсіз. М.Әуезов 50, С.Мұқанов 51, Қ.Жұбанов 52, З.Қабдолов 53, С.Қирабаев 54, Т.Кәкішев 55, Ғ.Есімов 56, Р.Сыздықова 57, Ж.Ысмағұлов 58, Т.Шапай 59, Б.Омарұлы 60 т.б. бұл пікір бойынша сан түрлі ой болжамдарын ұсынады. Аталған зерттеушілердің барлығының да ойы тоғысар бір арна - Абайдың сыны үш тұлғаның шығармашылық мұрасын мансұқтау емес, олардың беделінің жоғары екенін пайдалана отырып, болашаққа баратын жаңа өлеңге қойылар талаптың ендігі жерде сол биіктен аспаса төмендемеуі тиіс екендігін ескертуінде дегенге саяды.
Ғалым Мұхтар Мағауин Дулат шығармашылығы туралы тұшымды, тегеурінді өзіндік ой қорытады. Ол Дулат поэтикасының күш-құдіреті, көркемдік куаты мазмұн байлылығы мен келбетін бар бедерімен көрсете білген шыншылдығында екендігін тұжырымдайды. 62,3
Дулаттың ақын ретіндегі болмысын тұтас ашуда ерекше еңбек сіңірген ғалым, филолог-зерттеуші Құлмат Өмірәлиев болды. Жыраудың өлең өлкесіндегі өзіндік қолтаңбасын қапысыз таныған ол 1991 жылы Замана сазы деген атпен жарияланған жыр жинағының алғы сөзінде басты-басты төрт ерекшелікті аша отырып, Дулаттанудың көкейкесті мәселелеріне жауап іздейді. Сыншы ақын өлеңдерінің идеясы мен көркемдік қуатын бірлікте қарап, таптық бөлініспен байланыстырады. Мысалы: Дулат феодалдық қоғамның барша билеуші үстем тап өкілдерін сыпыра сынайды. Дулатқа тән осы ерекшелік қазақ әдебиеті өкілдерінде бұрын-соңды кездеспеген жаңалық деп көрсетеді. Екінші ерекшелік ретінде өзіне дейінгі қазақ поэзиясында болмаған тақырыпты - патша өкіметінің қанауын сөз етуі дейді. Дулаттың поэзияда бірінші рет қазақ жұртын тұтас алып қарауы жөне оны іштей жіктеуін езуші - езілуші; хан - қараде зерттеуші поэтикалық шығарма мазмұнындағы ақын ерекшелігі деп түйіндейді. Сол себепті Дулат түңілуден гөрі, нақтылыққа ұмтылатын қасиетке ие. Дулатқа тән төртінші ерекшелікті: Ол бұқара халықты, езгідегі момын жұртты көріп, солардың мұңын мұңдап, жыртысын жыртты. Жырау көпшілікті танып, солардың тұрмысын сөз етті. Осы төрт ерекшеліктің Дулат есімінің басқа ақындардан жоғары өрлеуіне жол ашқан және қазақ поэзиясының кәсіби деңгейін арттырған тәсіл болғандығы аян.
Көркем әдеби туынды - қоғам өмірінің қалтарыстарын қалт жібермей қадағалай отырып, оның бүкіл болмысын жан-жақты ашып беретін эстетикалық құрал. Олай болса, оған қызмет ететін ең басты құрал тіл болғаңдықтан, бұл екеуінің ара-катынасы үзілмейтін желі іспетті. ІІІығарма тілі қоғам шындығын бейнелеуден тұрған тақырып; мазмұн, идея сияқты бір дүниенің бойындағы бөлшектердің басын құрайтын өзек болып саналады. Сол себепті тіл мен мазмұнның немесе тіл мен идеяның арасындағы байланыс белгілі бір туындыгердің өзіндік қолтаңбасын даралауда нысана етіп алынады. Бұл Дулат өлеңдерінің де тілін сөз етуде онын шығармаларыңдағы өзекті тақырыптарды, белгіленген идеяларды қоса қамтып отырудың қажеттігін көрсетеді. Мүндай біртұтастықта өлеңдерге талдау жасау ақынның өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де әдебиет өкілдерінен өзгеше қырын, өзіндік соқпағын тануға мүмкіндік береді. Осындай бағыт әдебиеттану мен тіл біліміне қатыстылығы бірдей, бірақ осы екеуіне де әрі ортақ, әрі олардан бөлекше зерттеу әдісін табуға әкеледі. Бірінші тарауда поэтикалық тілді зерттеуге қойылып отырған басты талаптар туралы отандық, шетелдік ғалымдардың айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары да осы тұрғыда түйісіп, біздің зерттеуіміздің басты нысанасын айқыңдауға жол ашады.
ҚҰлмат Өмірәлиевтін Қазақ поэзиясының жанры мен стилі деп аталатын зерттеу еңбегінде Дулаттың Еспембет дастанына жан-жақты талдау жасалады. Міне, осы еңбек Дулат поэтикасын зерттеудің алғашқы баспалдағы деуге лайық. Бірақ Дулат шығармаларының әр қырын зерттеуге ұмтылыс болғанмен, оның тұтастық сипаттағы танылуы тереңдетіліп берілмеген. Сол себепті ғалымның сыни көзқарасы толғамды тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың бүкіл өнбойында әрі қарай кеңейтіліп, терендетіп берілуі занды.
Дулат Бабатайұлы поэтикасын жаңаша қараудың бір алуан мөселелері филология ғылымдарының докторы Серік Негимовтың еңбектерінде де қамтылады. Ол ақын шығармаларының көркемдік шеберлігін оның философиялық, эстетикалық көзқарастарымен, мөдениетімен, тақырып шенберімен төркіндес алыш қарастырады. Сөз бен ойдың бірлігі, ұлттық таным мен көркем шығарма арасындағы байланыстарды ашуға ұмтылған зерттеуші Дулат шеберлігінің қазақ әдебиетіндегі жаңа белестің анықталуына негіз болатынын пайымдайды. 63
Жалпы жыраулар поэзиясын зерттеушілердің бірі М.Жармұхамедұлы Дулат шығармаларына қатысты ой-пікірлерін білдірген. Ол дулаттанудың негізгі салалары туралы айта келіп, Дулат өнері жөнінде де өзіндік пікірін білдіреді: Дулат сол дәуірдегі әлеуметтік өмірді жырлауға ерекше мән береді, сөйтіп, өз дәуірінің талап-талғамдарына сәйкес жыраулық пен ақындық дәстүрді қатар ұстап, екеуін жалғастырушы болды. Соның нәтижесінде ол жыраулық пен ақындықтың төл айырығында тұрып, кейіңірек ұлы Абай негізін қалайтын жаңа сипатты жазба әдебиеттің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосты. Бұған оның ескіше сауатты болып, өз жырларын жазбаша шығаруы да өз септігін тигізді. 64
М.Жармұхамедұлы Дулаттың жазбаша ақындығын бірнеше фактілермен дәлелдеп көрсетеді. Оның ішінде Дулат өлеңдерінің шумақтарға бөлінудегі тұрақтылығы мен тұтастығы, бір қалыптылығы және ұйқастың тиянақтылығы атап көрсетіледі.
Психолог-ғалым Қ.Жарықбаев Дулат өлеңдерне өзгеше қырынан талдау жасайды. Ол Дулат өз кейіпкерлерін сомдауда адамның ішкі мінез сипаттары мен әрекет болмысын шебер қиюластыратындықтаң, әр кейіпкері өзіндік даралығымен оқушы ойында есте қалатынын тұжырымдайды. Ақынның әр түрлі әлеуметтік топ өқілдерінің өздеріне тән ортақ қасиеттері меy мінез ұксастықтарын айрықiа қөрсете білетіндігін атайды. Сонымен қатар ғалым зерттеуiі Дулат өлеңдеріндегі психологиялык ұғымдардың нақты, әрі көрқемдік тұрғыда қолданылатынына мән береді. Яғни адам болмысы мен әрекеті арасындағы бірлікті терең ащудағы ақын тапқырлығын мысалдармен дәйектеп береді. 65
М.Қараев зерттеуінде: Дулат жырау қазақ әдебиетіндегі тұңғышалды реализмнің предреализм классикалық сыншыл-реализмге бет түзеуінің басында тұрды 66. Ғалым Дулат өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерге дұрыс талдау жасап, өзіне дейінгі зерттеулерде айтылған ұшқары пікірлерге сын айтады. Жыраудың сатиралық поэзиясының өзіндік ерекшелігін сөз қылады. М.Қараев ойлары қазақ сатирасын ғылым ретінде негіздеген көрнекті ғалым Т.Қожакеевтің Сатира негіздері атты еңбегінде одан әрі тереңдетіле түседі. Екі жақты езгіге түскен елінің мүшкіл халі Дулаттай жыр айбарын оның себебін іздеуге мәжбүр етті. Ол сатираға, юморға бой ұрып, сыншылдық. сықақшылдық үнін естіртті. Дулат кейіпкерлері жағымпаз болыс, сұлтандар, діндарлар, қожа молдалар болды. Дулат өз сатирасында тек қоғамдық дерттерді сынап қоймай, моральдық-этикалық мәселелерді де қозғаған. Ел ішіне тарап бара жатқан жат мінез, жаман қылықтарды нысанаға алған. Қазақ сатирасына Дулаттың тағы бір қосқан үлесі - мысал өлеңдер, - дей келе ғалым Дулат сатирасын қазақ әдебиетіндегі жаңа түрдің енуінің: қоғамдық дертті суреттей, баяндай мысалдап айтудың алғашқы үлгісі екендігін атап көрсетеді. 67
Дулаттың поэзиядағы тың теңеу, соны өрнектері өзімен замандас, кейінгі толқын ізбасар ақындарға да елеулі әсер еткенін ғалым Б.Омарұлы тиянақты дәйектеп береді. Дулат ықпалының күштілігі соншалық, ол өзі өмір сүрген зар заман кезеңінде дәстүрлік жолы айқындалған айтулы тұлғаға айналды. Оның дәлелі Дулат бастап, өзге ақындар қостап жырлаған тақырып ұқсастығынан да, ой-пікір үндестігінен де, сөз саптау, ой қорыту, түйін жасау мәнерлерінен де аңғарылып тұр. Зерттеуші заман мен замана адамын жырлаудағы ортақ жайларды дәл көрсетеді. Заман кейпіндегі Дулат айтатын бағдарсыздық Шортанбай тұсында құбылмалылық сипатқа ие болады, ал Мұрат тұсында біржола азған, қырсық шалған, қиюы қашқан заман бедерленеді. Заман мен адам арасындағы көзге көрінбейтін желінің сан тарау амал-тәсілдермен өрнектеліп, үлкен мәнге ие болуы қазақ поэзиясындағы жаңа арнаның басы болды.
Дулат дәстүрінің берік орнығуына алғышарт қалыптастырған заман құбылысының уақыт пен кеңістік факторларында тоғысуы өзгеше өріммен өлеңге ұласады.
Қазақ әдебиетіндегі күрделі құбылыс болып саналатын зар заман поэзиясы көркемдік құндылықтары аса жоғары, тың теңеулерге, айшықты образдарға толы Дулат шығармашылығынан нәр алғаны даусыз. 68
Дулат поэтикасындағы ұлтгық таным тұрғысынан тектілік мәселесі былайша тұжырымдалады: Отаршылдықтың бұғауындағы казак қоғамында бір-бірінің балағына жармасып иттей талауға ұмтылғандардың алауыздығына айтқан ақынның өлендерінде ежелгі түркілік түсініктегі қасқыр ұғымы итпен қатар қолданылады. Халық пір тұтқан бөріліктен, яғни қасқырлық тектіліктен өз қораңа өзің үрген иттікке көшу Дулаттың қазақ ахуалын бейнелеп-бедерлеген өлеңдерінен аңғарылады. 60,305
Тұтас поэтикалық дәстүр мен жыраулық поэзиядан бастау алған ерекше ақындық әлемнің жарық жұлдызы Абай шығармашылығында Дулат дәстүрінің жалғасын тауып тереңдей түсуі - заңды құбылыс. Қос алыптың шығармашылық тамырластығына өзінше соны ізбен келген зерттеушінің бірі Тұрсынжан Шапай қызықты да қисынды пікірлерін тұжырымдайды: Абайдағы әлеуметтік сарынға бойлаңыз. Тақырьптгарды шолыңыз, поэтикалық тіл кестесіне, түрлік бейнелілік үлгілерге, кейбір ырғақтық-интонациялық-әуендік құбылыстарға назар аударыңыз - Абай әлемі зерлеген Дулаттық өрнектерді жазбай танисыз. 69,28 Айтары ұқсас қос асылдың бөлектенетін, айырылатын бір ғана тұсы бар, ол аңсар айырмашылығы. Дулат өткенді, кешегіні аңсайды. Ал Абайдың бар үміті келешекте. Ол көзін алдағы сағымды күндерге тігеді. Олардың арасындағы байланыс ой-сезім-тұжырым арнасында тоғысады. Бірақ ой алыптары бір-бірін қайталамайды, көшірмейді. Кейінгі толқын алдыңғы толқынның ойын кеңейтіп терендетеді. Мейлі ел тұрмысын нә әлеуметтік түрлі топтардың жай-күйін, ұрпақтар арасындағы түсініспеушілікті жырласын, екеуіндегі ой тамырлас, ал образ мүлде бөлек. Т.Шапай осы бір нәзік иірімдерді санамалай отырып, ақындық шеберлік мәселесін тереңнен саралайды.
Ел құлағы саңырау
Кімге айтамын сөзімді
Дулат.
Тындаушымды ұғымсыз
Қылып тәңірім берген-ді
Абай.
Ғалым осындай ұқсас детальдарды дәл тауып, көптеген мысалдармен бекітіп отырады.
Дулат шығармашылығын арнайы диссертациялық тақырып ретінде қарастырған жас ғалым Э.Пертаева болды. Оның Дулат Бабатайұлының ақындығы атты еңбегінде Дулаттың 70 шығармашылығы жүйелі зерттеу нысанасына алынады. Автор Дулат ақындығын үш тұрғыдан дәлелдеуді көздейді. Біріншіден, ол Зар заман акындары арасындағы Дулаттың орнын ашуға ұмтылады. Екіншіден, Дулат пен Абай өлеңдеріндегі ой сабақтастығын тілдік өрнектеріндегі ұқсастықтарды ашу арқылы қос алыптың рухани үндестігін біршама сөз етеді. Үшіншіден, Дулаттың ақындық шеберлігі жөніндегі еңбектерге сүйеніп, ақын өлендерінің өрнектеріне тоқталады. Дегенмен, зерттеуші бұл тақырыптың әдебиет ғылымында тұңғыш рет арнайы зерттеліп отырғанын тілге тиек етіп, негізінен, Дулат шығармалары туралы ғылыми зерттеулердің басын қосқан. Сондықтан зерттеуде Дулаттың ақындық шеберлігі, тіл кестесі жөніндегі ойлары осы уақытқа дейін айтып жүрген мәселелерді жүйелеуімен бағалы. Сондықтан біз ол талдауларға жеке тоқталмаймыз.
Педагогика саласыңдағы ғалымдардың назарын аударған Дулат шығармашылығы Ш.Жұматаеваның Д.Бабатайұлының тәлім-тәрбиелік идеялары атты диссертациялық еңбегінің өзегіне алынған Ұлттық тәлім-тәрбиенің дүлдүл жыршысы - Дулат Бабатайұлының шығармашылық мұраларының педагогикалық негіздерін зерттеу жеткіншек ұрпақтың зейін-зердесі мен ой-өрісінің кеңеюіне және педагогика тарихының мазмұнын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін 71 айта келіп, ақын өлеңдерінің ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзіне айналар құнды жақтарын саралайды. Уақыт пен кеңістікке бағынбайтын жалпыадамзаттық биікке көтерілген идеяларды орынды көрсетеді.
Дулат шығармаларын әр қырынан сөз еткен ірілі-ұсақты мақалалар республикалық, облыстық баспасөз беттерінде де жарияланып келеді. Мысалы: Қ.Жұмаділов, М.Бөжеев, С.Ғаббасов, Н.Айтов, Ж.Көкбөрі, Ә.Қайран, С.Дәуітов, С.Исматова, С.Жақыпов, М.Бекбосынов, Т.Жұмажанова, Д.Сейсенұлы, С.Есенбаев, т.б. секілді авторлардың ақын болмысын тануға, танытуға бағытталған әр деңгейдегі мақалалары өз алдына бір төбе.
Қуанарлығы сол, Дулат шығармаларына жалпы білім беретін мектептердегі қазақ әдебиеті пәнінің жаңа мазмұнынан біршама орын берілген. Мысалы: 6, 8, 9, сыныптарға арналған жаңа буын оқулықтарында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне лайық Д.Бабатайұлы өлеңдері қамтылған. 72, 73, 74, 75
Бұл оқулықтардың ішінде, Дулат жырау туралы мол мағлұмат берілуі - жаңа уақыт талабы тудырып отырған жақсылық нышаны. Себебі әр қазақ баласының ұлттық рухын шындап, ой-санасына сәуле түсіретін ұлы баба еңбектерінің білімділік те, тағылымдылық та мәні терең екені белгілі.
Сонымен, дулаттанудың бірте-бірте кеңейіп келе жатқан арнасы осындай сүбелі, мазмұнды еңбектерден бастау алады. Әрине, бұл еңбектерде Дулат поэтикасына апарар жолдың соқпақтары жатыр. Біздің міндетіміз - оларды өз мақсатымызға қарай саралай отырып тиімді пайдалану. Ұлы Дулат еңбектерінің көркемдік айшықтары мен ажарлана түсер асыл қасиеттерін зерттеу нысанасы етіп алуымыздың мәні де осында.
Дулат Бабатайұлының асыл мұраларының қазақ әдебиетінде алатын орны бөлек, маңызы айрықша. Тек Дулатқа тән өлең өрнегін дұрыс тану, оны талдау жалпы поэтика ұғымын жан-жақты қарастырып, талдап алуды қажет етеді. Сондықтан бірінші тарауда ақын шығармаларының поэтикасын зерттеудің әдіснамалық негізі айқындалды. Отандық және шетелдік ғалымдардың ой-тұжырымдарын сараптай, саралай келе төмендегідей бірнеше тұғырнамалық жүйені белгіледік:
1. Өлең өнердің ең басты өлшемі - поэтика. Себебі поэтика сөз өнерінің барлық сипатын біртұтастықта қарауды қажет етеді. Поэтика мазмұн мен түрдің, ой мен сезімнің, шындық пен шеберліктің бірлігіне негізделіп қана ашылады. Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы суреткерлік даралық тек поэтикалық талданым нәтижесінде толық ашылады.
2. Дулат шығармаларының поэтикасын танудың ғылыми-теориялық негіздері антикалық дәуір ойшылдарынан бастап, ежелгі дәуір әдебиеті өкілдерінің, қазіргі замандағы әдебиеттанушылардың ой-пікірлерімен сабақтастыққа орай айқындалды. Бұл тұрғыда ұлттық дүниетаным мен жалпыадамзаттық кұндылықтардың тоғысуынан туған ортақ ойлар, байыпты байламдар сараланды. Философия, әдебиет, өнер, тіл бірлігінен туған шығарманың өзегінде жатқан өзгеше өрнек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz