Ірі қараның тұяқ ауруы


Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ..9
1.1 Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Тұяқ терісі астының микробсыз қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы ... ... ... ... .11
1.4 Тұяқ буынының іріңді қабынуы ... ...12
1.5 Тұяқты тазарту ... ... ... ... 15
2 Өзіндік зерттеулер ... ... ... ...17
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... 17
2.2 Anamnesis vitae..
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ...17
2.4 Status prоesens communis universale
2.5 Status prоesens localis ... ... ... ... ..22
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ..22
2.7 Decursis morbi et therapia ... ... ... .23
2.8 Еріkrisis ... ... ... ... ... ..34
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Пайданылған әдебиеттер тізімі
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Тұяқ терісі астының сулы немесе фибринді микробсыз қабынуы жіті өтеді. Кейде аурудың созылмалы түріде байқалады. Бұл ауру малды тасты жерге жайғанда, тұяғын тасқа соғып алуынан немесе малды тас еденді қорада ұстаған-да, тұяқ тазалағанда мүйізді аса көп кесуден, дұрыс тағаламаудан шығады. Ірі қарада ауру бұл себептерден басқа аусыл ауруымен ауырған кезінде, сондай-ақ мал жатыры қабынғанда және желінсау ауруымен ауырғанда, улану салдарынан, мал жеміне белокты (дайындықсыз) бірден көп қосқандықтан пайда болады.
Көбінесе малдың тұяғы мен аяқтары жарақаттанады.Мүйіздің сынуы жарақаттанған кезде микробтар ұлпаға түсуі мүмкін, олар ұлпаларды қабындырады. Сол кезде керекті жәрдем көрсетілмесе, қанға еніп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Бұдан сақтануға болады, егер малға дер кезде ем көрсетілсе.
1. Д.Чередков, В.Никаноров, В.Захаров. "Хирургия және ортопедия " Алматы, 1953 жыл. (41).
2. Орысша - қазақша малдәрігерлік сөздігі. Т.Сайдулдин. Алматы, 1993 жыл.(10).
3. Б.К.Ілиясов."Алғашқы ветеринариялық жәрдем". Алматы 2001 жыл. (11).
4. Б.К.Ілиясов. Ветеринариялық хирургия. Алматы 2009 жыл.(26).
5. К.И.Шакалов, Б.А.Баликиров, Б.С.Семенов, А.В.Лебедов, А.И.Федеров, В.А.Лукьяновский. "Хирургические болезни сельско - хозяйственных животных".(160).
6. И.Е.Повоженко, К.И.Шакалов, И.А.Калашник, Г.С.Мастыно, Б.А.Башкиров, Б.С.Семенов. "Частная ветеринарная хирургия" Ленинград, 1981 год. (260).
7. Абдулла.А.А, Наметов А.М, Ильясов Б.К Клинико – гематологияческие показатели гнойных ран у овец при лечений шунгариновой и болезней животных Алматы 2005г (110).
8. В.Шакалов К.И, Башкиров Б.А, Поваженко И.С Частная ветеринарная хирургия. Ленинград 1986г (75).
9. Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды СЗВИ, 1970. (145б).
10. Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты аминазинді қолданудың рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006. (78 б).
11. Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан сойылған жылқы етінің сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006. (195 б).
12. Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». - 2006. (265 б).
13. Ишмухамедов.Г.А. Г.А.Аухадиев, Б.К.Ильясов. Применение салициловой кислоты при гнойно-некротических процессах. Сб.Научных трудов, Ленинград-1990. (242 б).

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны

Аннотация
Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Белгілер мен қысқартулар
Кіріспе
1 Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1 Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 Тұяқ терісі астының микробсыз қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3 Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.4 Тұяқ буынының іріңді қабынуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.5 Тұяқты тазарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2 Өзіндік зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Proanamnesis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Anamnesis vitae ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Anamnesis morbi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4 Status prоesens communis universale ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.5 Status prоesens localis ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.6 Diagnosis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.7 Decursis morbi et therapia ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.8 Еріkrisis ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3 Техника қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
Пайданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Нормативтік сілтемелер
Осы курстық жұмыста келесі нормативтік құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:
МЖМБС2Л04-2006КҚБЖ(ЕСКД).Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.301 -68 КҚБЖ (ЕСКД).Форматтар.
МЖМБС 2.601 -2006 КҚБЖ (ЕСҚД).Пайдалану құжаттары.
МЖМБС 2.304-81 КҚБЖ (ЕСКД).Сызбалық шрифттер.
МЖМБС 2.701-84 КҚБЖ (ЕСКД).Схемалар.Түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.
МЖМБС 2.321-84 КҚБЖ (ЕСКД).Әріптік белгілеу.
Кіріспе

Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде - мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Тұяқ терісі астының сулы немесе фибринді микробсыз қабынуы жіті өтеді. Кейде аурудың созылмалы түріде байқалады. Бұл ауру малды тасты жерге жайғанда, тұяғын тасқа соғып алуынан немесе малды тас еденді қорада ұстаған-да, тұяқ тазалағанда мүйізді аса көп кесуден, дұрыс тағаламаудан шығады. Ірі қарада ауру бұл себептерден басқа аусыл ауруымен ауырған кезінде, сондай-ақ мал жатыры қабынғанда және желінсау ауруымен ауырғанда, улану салдарынан, мал жеміне белокты (дайындықсыз) бірден көп қосқандықтан пайда болады.
Көбінесе малдың тұяғы мен аяқтары жарақаттанады.Мүйіздің сынуы жарақаттанған кезде микробтар ұлпаға түсуі мүмкін, олар ұлпаларды қабындырады. Сол кезде керекті жәрдем көрсетілмесе, қанға еніп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Бұдан сақтануға болады, егер малға дер кезде ем көрсетілсе.

1 Негізгі бөлім
1.1 Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын алу

Көбінесе малдың тұяғы мен аяқтары жарақаттанады. Мүйіздің сынуы жарақаттанған кезде микробтар ұлпаға түсуі мүмкін, олар ұлпаларды қабындырады. Сол кезде керекті жәрдем көрсетілмесе, қанға еніп, қан арқылы бүкіл организмге тарайды. Бұдан сақтануға болады, егер малға дер кезде ем көрсетілсе.
Белгілері. Тұяққа бөгде денелер енген жағдайда (шеге,сым,соқаның тістері,шиша), көбінесе тұяқ астына қадалуы немесе кіруі мүмкін.
Жайлауда малдарды көшіргенде, тұяқтың жарақаты өсімдіктің қатты сабақтарынан, шабылған ағаштардың жантақтары зақымдауы мүмкін, олар тұяқтың жұмсақ жеріне қадалып, зақымдауы мүмкін. Сиыр байлаулы тұрған кезде өзінің шынжырына байланып терісін жарақаттауы мүмкін. Қандай болмасын жарақатта мал біріншіден ақсайды және тұяқтары зақымдалады. Малдың тұяғы 3-4 күн өткен соң ауырып ісінеді және сол аяғын мүлдем баса алмай қалады.
Көмек түрлері. Малдың аяқтарын фиксация жасап, тұяқты арнайы пышақтармен тазалайды. Жарақат алған жерді арнайы құрал-саймандармен басып, шұқып зақымдалған жерін табады. Микроб түспес үшін заласыздандырып, жарақаттанған жерін тазалап отыру қажет. Егер тұяқ немесе бұлшықеттері жарақат алса, сол жердің айналасын тазалайды, қайнаған сумен сүртіп, микробтарды залалсыздандырамыз. 5% иодпен және зеленка жағады да қорғаныш дәкемен байлайды.
Дәрігерлік көмек. Терең жараларды фурацилин немесе риванолмен жуамыз. Бөгде денелерді алу үшін буынды есілген жіппен байлап алады, жансыздандыратын дәрі егіп, ұлпалардағы микроорганизмдерді жойып алады, қатты зақым алған және некрозданған ұлпаларды кесіп алып тастайды. Жараны ұнтақпен сеуіп, эфир жағып байламмен байлап тастайды. Жара қабынған жағдайда ішкі артерия тамырына антибиотиктер мен новокаин салады.Мысалы 200 мың пенициллин.
Аяқ терілерінің жарасы (Некробактериоз) - үй малының арасында жиі кездесетін, негізінен малдың тұяқ үсті тері аумағын зақымдайтын індетті кесел. Оған шалдыққан малдың аяғына әрине, бауырына және өкпесіне жара түседі. Кейде еріндерін, ауыз қуысын желін терісін зақымдай отырып өкпеге, бауырға, қалың еттерге өтіп кетуі мүмкін.
Қоздырғышы - некрофорум бактериясы микробының қатерлі әсерінен пайда болады. Бұл жұп-жұқа анаэробты, қимылдамайтын, бактериялық спора тудыра алмайтын микроорганизм. Тканьдерде және бактерияның құрылысында ұзындығы 100-300 метр, және ені 0,5-ден 2,0 м жіп тәрізді болып жиі кездеседі. Ал кокк - шар тәрізді бактерия ұзындығы 3-4м қысқа-қысқа жекелеген таяқша тәрізді түрлері сирек кездеседі. Бұл бактерия 34-37 градуста жылылықта көбейіп өседі, 65 градус ыстықта - 15 минуттың ішінде, ал қайнаған суда дереу өледі. Бактерия бір проценттік формалиннің ертіндісінен немесе карбол қышқылынан тез жойылып кетеді. Қоздырғышы малдың ішегінде өмір сүріп, сыртқы ортаны негізінен ластап тұрады. Мал зәрінде 15, қида 50, сүтте 35 күнге дейін, ал ылғалды жайылым топырағында үш айға дейін күшін сақтауы мүмкін. Осы микробтармен залалданған қора жайларды құрғатып кептіргенде микробтар тәулік шамасында өледі. Тікелей түскен күн сәулес 10 сағаттан соң залалсыздандырады.
Сондай-ақ Марганцовка, риванол, фенол, лизол, формальдегид, креолин, күйдіргіш натрий тағы басқа залалсыздандырғыш ерітінділері жарты сағат шамасында микробтардың күшін жояды.
Эпизоотологиясы. Бұл аурумен ірі қара, жылқы қой, түйе, жабайы аңдар және құстар ауырады. Ауру малмен жұмыс істегенде адамға да жұғуы мүмкін. Індеттің негізгі таралу көзі ауырған малдар болып саналады. Микробтар олардың ағзасында ауырып жазылғаннан кейін көп уақыт бойы сақталып, сыртқы ортаға сілекейі, тезегі, тағы басқа бөлінді заттар арқылы бөлініп отырады. Тазаланбаған лас қораларда, залалданған суларда, ылғалды жайылымдарда болатын бұл микробтар мал ағзасына аяқ терілерінде, ауыз қуысының кілегейлі қабатында кездесетін ұсақ тілінді немесе басқа да жарақаттар арқылы өтеді. Жарақаттарға түскен микробтар, ауа бармайтын жара бетіндегі қабыршақтар астында өсіп-жетіліп, ауру туындатады. Ауру көпшілік жағдайда ауа-райы жайылымы өте ылғалды жерлерде кездеседі. Жауын-шашын көп болған жылдары мал арасында ауру жиі болады.

1.2 Тұяқ терісі астының микробсыз қабынуы

Тұяқ терісі астының сулы немесе фибринді микробсыз қабынуы жіті өтеді. Кейде аурудың созылмалы түріде байқалады. Бұл ауру малды тасты жерге жайғанда, тұяғын тасқа соғып алуынан немесе малды тас еденді қорада ұстағанда, тұяқ тазалағанда мүйізді аса көп кесуден, дұрыс тағаламаудан шығады. Ірі қарада ауру бұл себептерден басқа аусыл ауруымен ауырған кезінде, сондай-ақ мал жатыры қабынғанда және желінсау ауруымен ауырғанда, улану салдарынан, мал жеміне белокты (дайындықсыз) бірден көп қосқандықтан пайда болады.
Белгілері. Мал зақымданған аяғын баса бергенде-ақ ақсайды. Оның тұяғын қысқышпен тексеріп көргенде, тұяқтың зақымданған жерлері ауырады және оның сәл қызуы болады. Егер табан терісінің асты қабынған болса онда осы маңдағы табанның мүйізді қабығы теңбіл сары не қызғылт сары түсті болады. Ауру аусыл салдарынан пайда болса, онда тұяқтың табан мүйізі құрғап, сынғыш келеді, тұяқ қабырғасы сақина тәрізденеді, не ол бұдырланып тұрады.
Ауруды анықтау. Күмәнді жағдайда ауруды анықтау үшін тұяқ мүйізін бөреңке тәрізді етіп тұяқ терісінің астына дейін кеседі де жалқаяқтың түріне қарай ауруды анықтайды.
Емі. Малды тыныш ұстап, аяғының астына мол, құрғақ төсеніш төсейді. Алғашқы 2-3 күнде зақымданған тұяққа салқындатқыш (салқын саз, мұз, қар) байлап, кейін жылы (45-47 градусс саз немесе шымтезек балшығы) ем қолданылады. Емдеу аяқталған соң терісін жуып, құрғатып сүртеді. Уланғанда (жатыр қабынуы, желінсау, жемде - белокпен улану) антигистамиңці препараттар береді. Аурудың созылмалы түрінде тұяққа 20 проценттік салицил немесе йодты май жағып таңады. Тұяқ жұлығына жақын зақымданған жерде мүйізді сол қабаттарға жеткенше алып тастайды.
Аурудан сақтандыру. Жоғарыда айтылған ауру туғызатын ұнамсыз әсерлерді алдын ала болдырмау керек.

1.3 Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы

Тұяқ терісі тірегінің іріңдеп қабынуы оның үстіңгі бетінде болуы мүмкін, мұнда патологиялық процеске оның үстіңгі қабаттары және эпидермистің өсім беретін қабаттары ғана шалдығады, ал іріңдеп, ауруға барлық қабаты шалдықса қабыну тұтас түріңде болады. Бұл ауру жараға инфекция түсуден, табанды және оның жұмсақ жерін ұрып алудан (табан тию, таға тию), тұяқ мұйізінің терең жарылуынан, іріңдеткіш инфекциялардың (соның ішінде аусыл) есерінен тері астының қабынуынан пайда болады.
Белгілері. Мал денесінің қызуы көтеріледі (ірі қараның дене қызуы кетерілмеуі мүмкін). Нейтрофильді лейкоцитоз болып, РОЭ жеделдейді. Мал ауру аяғын басқанда ақсайды. Қабынған жердің мүйізі ісіп-кебінеді, тұсі сары қоңыр болады (тұяқ қысқышымен тексеріп байқағанда) және оның қызуы едәуір жоғары (тұяқтың басқа жерімен салыстырғанда) болады. Табанның, майтабанның, мүйізді көбенің ісіп-кеуіп кейбір жері ыдырап ажырауы мүмкін. Ажыраған мүйізді жарғанда іріңді жалқаяқ шығады. Бұдан кейінірек жұлық ісініп бітеу жара пайда болады (ірі қарада көбінесе тұяқ ашасынан).
Ауруды анықтау. Тұяқтың тері асты іріңдерін басқа іріңді аурулардан клиникалық белгілері арқылы ажыратылады.
Емі. Малды тыныш ұстап, аяғының астына құрғақ шөп төсеніш төсеу керек. Тұяқты тазалап (тағалаған малдың тағасын алып тастайды), сабындап жылы сумен жуады. Терең өтетін етіп ауырған жердің сезімін жояды, сол жердегі қан жүрісін тоқтатады (бұрау салып). Ең қатты ауырсынатын жерін ақжиек қасынан мүйізді бөреңке тәрізді етіп терінің тірегіне жеткенше кеседі. Жалқаяқты ағызып және жараны тазартып, оған иодтың спирттегі 5 проценттік ерітіндісін, сульфаниламидтік препараттар, антибиотиктер немесе иодоформды эфир құяды, сонан соң зарарсыздандырылған дәке тығады, таңады. Таңғыштың үстіңгі қабаттарына қарамай жағады.
Жұлықта, майтабанда бітеу жара болса оны тұяқтың мүйіз қабырғасының топай шетіне бітеу жараға жақын жеріне жұқартады да ажыраған мүйізді алып тастайды, жараны жоғарыда айтылған ерітінділермен жуып шаяды, және оның сыртын кенеппен немесе кленкамен жабылған таңғышпен таңады. Мал аурудан айыға бастаса таңғышты сирек алмастырады. Малдың дене қызуы көтерілсе сондай-ақ ақсауы жойылмаса не үдей түссе, таңғышты шешіп, аурудың барысын тексеріп, оның жазылмай тұрған себін анықтайды. Ауырған жерді айналдыра новокаин блокадасын жасауға болады.
Аурудан сақтандыру. Тұяқты әрдайым байқап қарап, көрінген жараларды, таға тиюді т.б. тұяқ жарақаттарын емдеп отыру керек.
Сопақ қалташықтың іріңді қабынуын (іріңді подотрохлеит) жылқыда жиі, ірі қарада сирек кездеседі. Бұл ауру қалташықтың қуысына дейін өтіп кететін, май табанының дүңкуінен, терең жатқан бақай бүккіш сіңірдің шіруінен пайда болады.
Белгілері. Қалташық зақымданғаннан кейін 2-3 күн бойы малдың дене қызуы көтеріледі және қатты ақсайды. Мал қозғалмай тұрғанда да, жүргенде де ауру аяғын тек тұяғының ұшымен басады. Май табанның өкше жағы іседі және тұяқ қысқыш аспаппен майтабанның ортаңғы үлкен бір бөлігін қысып қарағанда, сондай-ақ тұяқ буынын жазғанда малдың ауырсынғаны байқалады. Майтабан едәуір жарақаттанғанда шұбатылған қалташық сұйығы ағуы мүмкін
Болжау. Хирургиялық ем дер кезінде жасалса, мал аурудан айығады, кейде айығуы да, айықпауы да мүмкін.
Емі. Операция жасайтын жерді дайындап, қан жүрісін тоқтататын гемостатикалық бұрау салып, ткань, ет қабықтарынан өтетін етіп дәрі жіберіп, саусақ нервтерінің сезімін жояды. Жара шетін түбіне дейін бөреңке тәрізді етіп кесіп, қалташық ішіне және жараға шприц, іші топас инемен новокаиннің 25 процентті ерітіндісіндегі антибиотиктер жіберіледі. Егер бұл ем нәтижесіз болса, дереу операция жасап, терең жатқан бақай бүккіш сіңірді жартылай кеседі (сопақша сүйек шегінен).

1.4 Тұяқ буынының іріңді қабынуы

Аша тұяқты малдың тұяқ буынының іріңді қабынуын сүйек панарициясы деп атайды. Ауру көбіне жұлық дүңкуінің асқынуынан, сопақша қалташықтың іріңді қабынуынан, терең жатқан бақай бүккіш сіңірдің шіруінен және сиректе болса жұлық, майтабан буындарының қуысына өткен, инфекция түскен жарақаттардан қайталау ретінде пайда болады.
Белгілері. Малдың дене қызуы көтеріледі, тәбеті нашарлайды, аяғын басқанда ақсайды.
Ауырған жерінің белгілері аурудың өту сатысына байланысты әр түрлі болады. Буынның ішкі қабаты іріңді қабынған кезінде жұлық буын айналымдары сыздап іседі және буынды жазғанда немесе бүккенде ауырсынады, буыннан лай сарысу ағады. Ол таңба тәрізді болып тез ұйды, одан дайындалған жұғындыда буылтық-ядролы лейкоциттер көп болады. Рентгендік буын саңылауы кеңейеді. Қабықты дүңку кезінде жұлық түгелдей ісіп сыздап, тері ісіп-кебеді.
Параартикулярлы дүңку кезінде ауру бақайға, ал кейде тіпті топай буынына дейін тарайды. Жұлығында немесе майтабанында бітеу жара болады. Кейде сіңір, тарамыс өлі еттенеді.
Сүйектің іріңді қабыну сатысында параартикулярлы дүңку белгілерімен қатар температураның ремитикалық түрі байқалады. (ірі қарада ол әдеттегідей болуы мүмкін), мал арықтап ақсай береді, жұлық екінші бақай маңында жайыла тараған тығыз, шамалы ауыратын ісік, қайталай беретін өзекті бітеу жара болады. Рентгенмен қарағаңца буын арасының кеңеюі, периосталды көлеңке сүйек тканнінің бұзылуы байқалады.
Ауруды анықтау. Ауруды клиникалық белгілер, буын сарысуын тексеру негізінде анықтайды.
Болжау. Жылқы буынының ішкі қабаты іріңді қабынған аурудан айығады, қабықты және парартикулярлы дүңкуден айығуы да, айықпауы да мүмкін, Сүйектің іріңді қабынуынан кебінесе айықпайды, ірі қараны дер кезінде ұқыпты емдесе барлық жағдайда да аурудан айығады.
Емі. Аурудың бастапқы кезеңінде (буынның ішкі қабаты қабынуы, қабықты дүңку пайда болады) малдың күйін көтеретін және ауру микробының денеге жайылуына қарсы ем (антибиотиктер, сульфаниламидтер, калыдий хлориді, глюкоза спирт, диетотерапия) қолданылады. Буынды теседі немесе жарады да, оның қуысын новокаиннің 25 проценттік ерітіндісімен жуады, содан соң оған новокаиннің 0,25-0,5 проценттік ерітіндісінде дайындалған 5-6 милилитр тетрациклин немесе биомицин жібереді. Ауырған жердің айналасына новокаин блокадасын жасайды, ірің сорғыш таңғыштар байлайды. Параартикулярлы флегмона болса мұнымен қатар жансызданған тканьдерді қабатынан айырылған мұйіздерді кесіп алып тастайды, іріңін ағызады, сұйек іріңді қабынған болса, зақымдаған сүйек тканін қырып тастайды, ал ірі қарада үшінші саусақ сүйегін алып тастайды. Жара жазылған малды күн сайын серуендетеді, жұлық маңына шипалы ыстық саз (40-42 градус) немесе парафин жабыстырып емдейді.
Аурудан сақтандыру. Жараны кідірместен хирургиялық әдіспен өңдеу, бақай маңындағы іріңді шіру процестерін дер кезінде емдеу керек.
Қой тұяғының мүйіз қабының іріңдеп ыдырауы - алғашқы кезден бастап жазылуы көпке созылатын жұқпалы ауру. Ол малды бағып-күтуде, азықтандыруда кемістік болған жағдайда пайда болады, оның клиникалық белгілерінің бірі - тұяқтың мүйізденуі бұзылады және тұяқ-тың мүйізі іріңдеп ыдырайды. Аурудың пайда болуына түрлі жағдайлар әсер етеді, оған жататындар: азық рационында тұздың, микроэлементтердің және витаминдердің жетіспеуі, қойға сілтісізденген пішен беру, сулы азықтарды (сүрлем, тамыр жемістер, картоп) аса көп беру: қойды батпақты жерлерде, ылғалды жайылымда жаюдан тұяқ мүйізінің былжырауы: тұяқты кезінде тазаламау; малды тар, ылғалды, өте жылы жерде ұстау; лас еденде, ылғал көңді қораларда тығыз ұстау.
Белгілері. Аурудың бастапқы кезінде тері сыздап, сарысып піседі (көбіне тұяқ арасында), одан соң тері қалыңдайды, қатаяды, тығызданады, жарылады, ақсай бастайды, кейде ауру қойда бірден бастала-ды. Патологиялық процесс бірте-бірте тұяқ қабырғасына тарайды, ол ауырып, қызуы көтеріледі және ауру тұяқтың майтабанының мүйізді қабына да тарайды ол ылғалданып, жұмсарып, тез өседі, жарылады және қабатынан ажырайды.
Ыдыраған мүйіз жарықтарында қоңыр түсті жұқпалы сасық іріңді жалқаяқ жиналады. Әдетте малдың бір аяғының екі аша тұяғы, кейде екі, үш аяғы бірден зақымданады. Малдың күйі бірден нашарлайды. Ауырған жерге іріңдеткіш-шіріткіш инфекция түсіп асқынса тері түбі, тарамыстары, сіңірлері өліеттенеді, микробтар жойылса және басқа да ауыр аурулар дамыса мал өліп те кетеді.
Ауруды анықтау. Ауруды анықтағанда қанша малдың ауруға шалдыққанын азықтандыру және бағып-күту жағдайларын, эпизоотологиялық факторларды сонымен қатар тұяқ шіру ауруына ұқсас, әсіресе бақай құрт аурулары осылардың бәрін ескереді. Бақай құрт ауруы болса ауырған жердің өліеттенуі күштірек болады, бұл ауруды лабораториялық зерттеу арқылы анықтайды.
Болжау. Эпизоотияға қарсы шаралар дер кезінде өткізілсе, малды күту, азықтандыру және емдеу дұрыс жүргізілсе мал аурудан айығып кетеді. Бұл шараларды дер кезінде қолданбаса мал шығыны көп болуы мүмкін (амалсыздан бракқа шығару, қой өлімі).
Емі жене аурудән сақтандыру шаралары. Ауру пайда болғанда белгілі нұсқау бойынша эпизоотияға қарсы мына шаралво өткізіледі. Ауру байқалған шаруашылықтың барлық қойының алдын ала тұяқтарын тазалап клиникалық байқаудан өткізеді. Бұл жұмыс кезінде пайдаланылатын аспаптарды зарарсыздандырады, кесіп апынған тұяқ мүйіздері және тканьдерді өртейді.
Ауру қойларды бөліп алыпта емдейді. Олардың ыдыраған және жарылған тұяқ мүйіздерін қан шыққанша тұгелдей кеседі. Тұяққа формалиннің 10 проценттік ерітіндісін жағады, ал мал жаппай зақымданса, осы ерітінді құйылған ваннадан еткізеді немесе тұяғына өте әсерлі антибиотиктердің біреуімен (тетрациклин, террамицин, олететрин, биомицин, т. б.) таңғыштар байланады. Егер мал қатты ауырса бұл еммен бірге оның күретамырына 15-30 миллилитрден сульфадимезиннің 30 проценттік ерітіндісін құяды.
Алғашқы 15-20 күн ішінде тұяқты 2-3 күн аралатып қайта емдейді, кейінгі екі ай бойы аптасына бір рет формалиннің 10 проценттік ерітіндісі бар ванна тағайындайды. Осы емдеу мерзімі аяқталған соң, емделген қойларының барлығының тұяқтарын тағыда қайта тексереді. Бірде бір ауруы белгісі жоқ қойларды сау деп есептеген қой тобына қосады. Ем қонбаған ауру қойларды сояды.
Екінші топтағы қойлардың (ауруға шалдыққаны күдікті) тұяқтарын ұқыпты тазалап апта сайын қарап тексереді және формалиннің 10 проценттік ерітіндісі бар ваннасынан ауру қой іріктеп алынғанша өткізіп отырады. Бөліп алынған ауру қойларды бірінші топқа ауыстырады.
Келешекте, қыс бойы және жазғытұрым ай сайын барлық қойдың тұяқтарын тексереді. Егер осы көрсетілген уақытта ауру малдар қалмаса онда аурудан арылады деп саналады. Емдеумен қатар қойды едені таза құрғақ төсеніш төселген қораларға орналастырады. Азық рационында сулы азықтардың мөлшері азайтылып, оның орнына шалғындық немесе далалық ұсақ пішен беріледі. Рационға ағаштың құрғақ жапырағы, көктеген сұлы қосуға болады. Ауру жазғы кезеңде пайда болса, қойдың жеке топтарын бөлек жайылымда, және биік, құрғақ жерде бағады, жаңбыр кезінде оларды сызбадан және балшықтан сақтайды (жаппаларда ұстайды). Мал тұяғын малшы да, оның иесі де жақсы күте білу керек. Тұяқ жарақаттың жер басар жиегінің мұжіліп, сынуының дұрыс тазарта білмеуден, дұрыс тағаламаудың, ауру зардабының, лас қорада күтіп-бағудың т.б. салдарынан бүлінеді. Тұяқ күтудің негізгі шаралары мынадай: 1) тұяқты таза ұстау; 2) мүмкіндігінше малды көп жүргізу, әйтпесе қозғалыссыз ұзақ тұрған малдың тұяғы ауруға шалдығады. 3) дер кезінде және дұрыс тазарту, сондай-ақ дұрыс тазалау.
Тұяқты таза ұстау үшін оны күнде тазартып жуып, шүберекпен сүртіп тұру керек. Тұяқтың жер басарын арнайы тұяқ қырғышпен тазалау қажет. Мал өрістен оралған соң тұяқтың жер басарына жабысқан қарды, батпақты, қиды тазалап, тұяқты сүрткен, тілерсектен төмен қарай жақсылап уқалау керек. Содан кейін ғана малды қораға кіргізуге болады. Тұяқты ешқандай маймен майлауға болмайды. Сондай-ақ тұяқтың сыртына жабысқан ласты қыру өз қолыңды өзің кескенмен бірдей. Өйткені бұл оның қорғаныш қызметін бұзып, соның салдарынан тұяқ ылғалын жойып, тез сынғыш келеді.

1.5 Тұяқты тазарту

Тұяқты дер кезінде және дұрыс тазартуға аса зор мән беру керек. Тұяқ үнемі өсіп отырады. Егер ол кесілмесе беталды есіп, өз қалпынан айырылады. Бақай да қисаяды. Осының бәрі малдың ақсауына әкеліп соқтырады. Малды жайылымда күтіп-баққанда тұяқ қыры бірте-бірте мүжіледі. Бірақ ол бірқалыпты мүжіле қоймайды да, тұяқ та, бақай да қисаяды. Осыған орай тұяқты жылына екі рет тазартып тұру керек. Тазарту үшін тұяқ атауызы, (тұяқ пышағы) пайдаланылады. Тазарту техникасы мынандай. Егер аттың тағасы болса, ең алдымен сол ескі тағасы алынады. Содан соң ғана тазартуға кірісуге болады. Егер тұяқ тым өсіп кетсе, онда ең бірінші тұяқ қысқышымен тұяқты қысып ұстап, содан келіп тұяқ пышағымен оның табанын тазарта бастайды. Тұяқты тым етіне жақындатып кесуге болмайды, мұндай мал ақсап қалады. Әсіресе жылқы табанындағы тұяқ өскінін тазартқанда сақ болу керек. Тазартуды пышақпен қырып жатқанда тұяқ жоң-қасы шыға бастағаннан-ақ тоқтатқаны дұрыс. Жер басарын тазартып болған соң тұяқты тұяқ атаузымен қысып ұстап, оның қырын түрпімен тегістейді. Дұрыс тазартылған тұяқ қыры жер басарынан, әрі кеткенде жарты сантиметрдей асып тұруы қажет.
Тағалау. Тұяқ тазартылып болған соң, егер қажет болса, малды көбінесе атты тағалау керек. Ол үшін ең алдымен таға дайындау мақсатымен өлшемі алынады, содан кейін тағаны тұяққа орнықтырып, ең соңында қатайту ғана қалады. Өлшемді жіңішке шыбықпен-ақ дәл алуға болады. Ең алдымен тұяқтың ұзындығы өлшенеді. Ол үшін шыбықтың бір ұшы тұяқтың шығыңқы тұсына екінші ұшы өкшелігіне тақалады. Содан кейін енінің, ең соңында өкшелігі бұрыштарының өлшемі алынады. Алынған өлшемдер дайын тағаны дайындауға немесе жаңасын жасауға мүмкіндік береді. Таға таңдалынып немесе жаңадан жасалынып болғаннан соң, ол суытылып тұяққа орналастырылады. Дұрыс орныққан таға тұяқтың табан жиегінде тығыз тұруға тиіс. Жер басары мен таға арасында саңылау қалуға болмайды. Сөйтіп тағасы тұяқ қабырғасына сай келетін шеге қалдырған тесік тексеріліп болған соң тағалауға кіріседі. Тұяққа орныққан тағаны қолмен ұстап тұрып, балғамен жайлап әуелі ішкі шеге, содан кейін сыртқы шеге қағылады да, дереу қайырылады. Егер қағып жатқанда ат аяғын тартып қалса, шеге тұяқтан өтіп, етке тиді деген сөз. Мұндай жағдайда оны суырып алып, қайта қаққан дұрыс.

1. Өзіндік зерттеу -- Ауру тарихы

Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің Ветеринарлық медицина және зоотехния кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, тұяқ ауруымен ауырып тұрған қойды емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.

2.1 Proanamnesis
Малдың түрі - қой
Малдың жынысы - ұрғашы
Малдың жасы - 4
Малдың салмағы - 20
Малдың лақап аты - марқа
Малдың иесі - Нұржанов Жандаулет
Мекен - жайы - ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер

2.2 Anamnesis vitae

Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін - өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын - соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын - соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.

2.3 Anamnesis morbi

Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Мал зақымданған аяғын баса бергенде-ақ ақсайды. Оның тұяғын қысқышпен тексеріп көргенде, тұяқтың зақымданған жерлері ауырады және оның сәл қызуы бар. Табанның мүйізді қабығы теңбіл сары не қызғылт сары түсті болып тұр. Онда тұяқтың табан мүйізі құрғап, сынғыш болып, тұяқ қабырғасы сақина тәрізденіп, бұдырланып тұр.

2.4 Status proesens communis universale
1. Жүрек - қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Малда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы - көмескі. Жүрек саздарының тазалығы - 1 - ші және 2 - ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Некробактериоз
Малдардың аусыл ауруынан сақтау
Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы
Мал шаруашылығындағы санитарлық-гигиеналық және ветеринарлық алдын алу шаралары
Ірі қара төлін өсірудің маңызы
Сиырдың аусыл ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Тұяқ аурулары және тұяқ ауруларын алдын
Аусыл ауруының анықтамасы
Аурудың тарихы
Аяқ ауруларын емдеу және оның алдын алу
Пәндер