Калий алмасуының бүзылуы


Тұздар
Сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін кальций, натрий, калий, магний, және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үпгін де иондардың маңызы ерекше. Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. Атап айтқанда, сүйек ұлпасының катты әрі беріктігі кальций фосфатының, ал былқылдақ денелілер бақалшықтарының беріктігі онда кальций карбонатының болуына байланысты. Кальций иондары биологиялық процестердін реттелуіне және канның ұюына да қатысады.
Na+, К+ иондары жасуша мембранасына әр түрлі заттардың енуіне және жүйке талшықтарының тітіркеністерді өткізуіне көмектеседі. Фосфат иондары нуклеин қышқылын тұзуге қатысады және энергетикалық процестерді, қозғалыс қызметін жүзеге асыруға ат салысады.
Оқшаухана - жұқпалы ауруға шалдыққан малды тұрақты емдеуге арналған орын. Деформация - ауру аяқтың сүйеніп, тіреліп тұра алмауы, Крепитация -ауырсыну ісіну. Гемоартроз - сынықтардың жылжуыңда, буын ішілік сынықта буынның қалыпсыз қозғалуы. Остеомаляция - малдың сүйегінде кальций тұздары азайып, сүйектің жұмсаруы.
КАЛИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҮЗЫЛУЫ
Гипокалиемия - қандағы калий мөлшерінің 3, 8 ммоль/л-ден төмен болуы, ал ол калийдың теріс тепе-теңдігі кезінде байқалады.
Гипокалиемия мынадай жағдайларда пайда болуы мүмкін: 1) калий тамақпен бірге жеткіліксіз түскенде; 2) несеппен оны көп мөлшерде жоғалтқанда. Бұл мыналарға байланысты: а) глюкокортикоидтермен ұзақ уақыт бойы емделгенде; ә) сынапты диуретиктерді қолдану кезінде; б) ацетилсалицил қышқылымен уланғанда; в) кейбір бүйрек аурулары кездерінде; г) әльдостеронның түзілуі жоғарылағанда; 3) қатты іш өткенде, көп қайталанатын құсу кезінде, себебі асқорыту сөлдерінде калийдың мөлшері қан плазмасымен салыстырғанда 2-4 есе көп болады; 4) теріс азоттық тепе-теңдік пайда болғанда, бұл нәруыздардың ыдырауы күшейген кезде, мысалы: аумақты жарақат, күйік кезінде болады; 5) натрий хлориды немесе глюкоза ерітіндісін организмге артық енгізгенде; 6) бүйрек үсті бездері қыртысының белсенділігі жоғарылаған кезде.
Гипокалиемияның көріністері. Олар калийдың жалпы мөлшері 10-30%-ға төмендегенде байқалады. Бұл кезде жүйкелік-еттік қозғыштық төмендейді, соның әсерінен ет әлсірейді, тіпті кейде еттік салдану, асқазан, ішек, қуықтың күш-қуаты және қозғалысының азаюы, артериялық қысымның төмендеуі пайда болады.
Ұзаққа созылған гигюкалиемия кезінде жүрек етінде, ішекте және басқа ағзаларда дистрофиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін. Үдемелі гипокалиемия жүрек аритмиясын тудыруы, соның нәтижесінде жүрек систола мезетінде тоқтап қалуы мүмкін. Гиперкалиемия деп қандағы калий мөлшерінің 5, 4 ммоль/л ден жоғары болуын айтады оның себептері төмендегідей болуы мүмкін: а) калийдың тағаммен бірге немесе калий бромиді, калий хлориді, калий иодиді және басқадай дәрі-дәрмек түрінде организмге артық түскенде; ә) оның бүйрек арқылы шығарылуы азайғанда; б) тіндер ыдырауының күшеюі салдарынан (жарақат, күйік, көлемді гемолиз), калийдің жасуша ішінен қанға өтуі ұлғайғанда; в) көп мөлшерде жылдам қан құйғанда; г) нәруыздар ыдырауы күшейгенде; мысалы, гипоксия кезінде; г) инсулиннің жеткіліксіздігі және бүйрек үсті безі сыртқы қабатының гипофункциясы кезінде; д) ацидоз дамығанда;
Гиперкалемияның көріністері: калий мөлшерінің қанда көбеюі аяқ-қол, іш, тіл еттерінде ауыру сезімі, еттің сал болуы, ішектің күш-қуаты әлсіреуімен көрінеді. Гиперкалиемия кезінде брадикардия байқалады. Жүрек аритмиясы пайда болады және ауыр жағдайларда жүрек диастола кезінде тоқтап қалуы мүмкін.
Гиперкалемия кезінде пайда болатын бүліністерді түзеу. 1. Ол үшін көктамыр арқылы инсулин қосылған глюкоза ерітіндісі жіберіледі. Бұл калийдің жасуша сыртындағы сұйықтан жасуша ішіне өтуіне мүмкіндік береді.
2. Бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі кезінде орын толықтыратын гормондық ем қолданылады.
Кальций мен фосфор алмасуының бұзылыстары.
Гипокальциемия деп кальцийдің қандагы мөлшері 2 ммоль/л-ден төмен болуын айтады. Ол мынандай жағдайларда байқалады:
а) қалқанша серік бездерінің гипофушсциясы кезінде;
ә) кальцитониннің секрециясы күшейгенде;
б) аш ішек арқылы кальций сіңірілуінің тежелуі кезінде;
в) Д гиповитаминозы кезінде.
Гипокалыдиемияның көріністері. Тұрақты гипокальциемия жүйелік-еттік қозғыштықтың жоғарылауына және тетанустық құрысу-тырысуға әкеледі. Қалыпты электрлік-химиялық потенциал төмендейді де еттің әсерсіз жиырылуы, құрысу-тырысу пайда болады. Тыныс тоқтауы салдарынан организм өлімге ұшырайды. Кальций жетіспеушілігі кезінде нейрондардың да қозғыштығы жоғарылайды. Кальций иондары, жасушаға өтіп еттің жиырылуын тудырады.
Гипокальциемия көріністері маскүнемдік жағдайында ауырлайды. Гипокальцемия қан ұюы төмендеуіне, жүрек қызметінің әлсіреуіне, артериялық қысымның төмендеуіне де әкеледі. Ұзаққа созылған гипокальциемия кезінде балаларда рахит, түрлі трофикалық бүліністер, соның ішінде катаракта дамиды, тіс кіреукесінің әктелуі бұзылады.
Гипокальциемияны жою жолдары. Бұл гипокальциемияның даму себептеріне және пайда болатын бүліністердің түріне байланысты. Көптеген жағдайларда гипокальциемия қалқанша серік бездерінің қызметі әлсіреуіне немесе жоғалуына байланысты болғандықтан орнын толтырарлық гормондық емнің аса маңызды мәні бар. Қазіргі кезде паратгормон немесе паратиреоидин кеңінен қолданылады. Гипокальциемиялық тетания ұстамасын емдеу үшін көктамырға хлорлы кальций, кальций глюконаты немесе лактаты жіберіледі, сонымен қатар Д витаминінің препараттары, дигидротахистерол пайдаланылады.
Гиперкальциемия - кальцийдың қандағы мөлшері 2, 5 ммоль/л-ден жоғарылауы. Ол төмендегі себептерге байланысты болуы мүмкін:
а) қалқанша серік бездерінің гиперфункциясына;
ә) кальцитониннің гипосекрециясына;
б) организмде Д витаминінің артық болуына. Оның үлкен дозасы паратгормон сияқты әсер егеді, яғни сүйек тінінен кальцийді қанға шығарады және ішекте кальцийдің сіңірілуін күшейтеді;
в) ацидоз құбылысы дамуына, бұл кезде салыстырмалы гаперкальцийемия пайда болады, өйткені: кальцийдің иондануы күшейеді, қанда кальцийдің белсенді түрінің пайызы (%) жоғарылайды. Сондықтан ісік аурулары, қантты диабеттің кейбір сатылары, бүйрек жеткіліксіздігі кездерінде дамитын сүйек тінінің ыдырауымен бірге болатын гиперкальциемия кездеседі; г) организмге кальций тұздары артық түсуіне.
Гиперкальциемияның көріністері. Алғашқы көріністерінің біріне диспепсиялық бүліністер жатуы мүмкін. Мысалы: тәбеттің төмендеуі, лоқсу, құсу және т. с. с. Гиперкальциемияның аса тұрақты белгілері шөлдеу, полиурия болып табылады. Сонымен қатар гиперкальциемия кезінде еттердің күш-қуатының әлсіреуі, рефлекстердің күшеюі, сүйекте ауыру сезімінің пайда болуы мүмкін.
Ұзаққа созылған гиперкальциемия жүйкелік-еттік қозғыштықтың төмендеуіне, жартылай салдану (парез), салдануға (паралич) әкелуі мүмкін. Кальций мен фосфор алмасуы бұзылуының салдарларының біріне әртүрлі ағзаларда, мысалы: бүйрек, өкпе және теріде, фосфор мен кальций тұздарының жиналып қалуы жатады. Бұл кальциноз деп аталады. Кальцийдің ұзақ уақыт бойы несеппен бірге шығарылуы бүйректе тастардың пайда болуына мүмкіндік етеді.
Гиперкальциемияны жою. Бұған ең алдымен кальций алмасуы бұзылысын тудырған ауруларды емдеу арқылы қол жеткізеді. Гиперкальциемиясы бар балаларда, кальций алмасуы бүліністерінің белгілері анықталған кезде, Д витаминінің организмге түсуін шектеу қажет. Айқын гиперкальцемия кезінде, қаңқаның сүйектенуі бұзылғанда, бүйрек, бұлшық ет, тамырларда кальций жиналғанда вена арқылы этилдиаминтетра сірке қышқылының динатрий тұзы (Na 2 ЭДТА) қолданылады.
Гипофосфатемия - қан сарысуында фосфор мөлшерінің азаюы, ол мыналарға байланысты: а) қалқанша серік бездерінің гиперфункциясына, бұл кезде; бүйрек өзекшелерінде фосфордың қайта сіңірілуі тежеледі; ә) Д гиповитаминозына, бұл кезде фосфаттың несеппен бірге шығарылуы күшейген; б) бүйрек өзекшелерінің алғашқы жеткіліксіздігіне, яғни проксималды, дисталды өзекшелерде фосфордың қайта сіңірілуі бұзылғанда.
Гипофосфатемияда сүйектің минерализациялануы тоқталады, рахит ауруы, сүйек жұмсаруы, сүйек сынғыштығы дамиды.
Гиперфосфатемия деп қан сарысуында фосфор мөлшерінің жоғарылауын айтады. Ол төмендегі жағдайларда байқалады: а) қалқанша маңы бездерінін гипофункциясы кезінде; бұл кезде фосфордың бүйрек өзекшелерінде қайта сіңірілуі күшейеді, ал өзекшелерге секрекция арқылы шығуы баяулайды; ә) бүйрек шумақтары бүлінгенде, бұл кезде фосфордың несепке сүзілуі тежеледі, соның нәтижесінде гиперфосфатемия және гипофосфатурия пайда болады.
МАГНИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz