Құқықтық мемлекеттің басты белгілері



Жоспар

Кіріспе

І Тарау Қазақстан мемлекеті және оның құрылысы.
1.1 Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.

1.2 Қазақстан — біртұтас (унитарлы) мемлекет.

ІІ Тарау Құқықтық мемлекет белгілері.

2.1 Қазақстандағы заң шығарушы билік.

2.2 Қазақстандағы атқару билігі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Бұрыңғы одақтас республикалардың барлығы өздерін дербес тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да өзін дербес мемлекет деп жариялады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздягі туралы" конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Онда былай деп жазылды: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта бүкіл өкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес анықтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы халықаралық көлемге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. Бұрыңғы Қазақ республикасының аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Барлық ұлттардың азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Мемлекеттік өкімет Қазақстан халқының еркіне негізделеді. Заң барлық азаматтардың ұлтына, шыққан тегіне, қызмет түріне, тұрғылықты мекеніне қарамастан, тең құқықтар мен бостандықтарға ие болатынын жариялады. Занда Қазақстан мемлекетінің құрылысы туралы айтылды. Мемлекеттік өкімет билігінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөліну принципі тұңғыш рет танылды.
1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес, тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың кең көлемді құқықтары мең бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алмады. Оңдайлар қатарына мемлекеттік, экономикалық өмірдің адам құқығы мен бостандықтарының мәселелері т.б. жататын еді. Басқару жүйесі туралы мәселе де тиянақты шешілген жоқ. Жоғарғы Кеңестің өкілдігіне шек қойылмады. Ал мүңың өзі оңы Президенттің, Үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты. Президенттің құқықтары шектеулі болып, соның салдарынан ол реформаны жүзеге асыру жөнінде өз бетінше дербес саясат жүргізе алмады. Конституция экономикалық реформаны жүргізу жөніндегі т.б. жұмыстарда кідіріс туғызды. Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды. Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды. Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдум) нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Томин В.Т., Якупов Р. X., Дунин В. А. Процессуальные документы, сроки и судсбные издержкн в уголовном судопроизводстве. Омск, 1973. С. 19.
2. Якупов Р. X. Уголовно-процессуальные сроки в досудебных статиях. Горький, 1979. С. 6-7.
3. Юрвдический энциклопедический словарь. М, 1984. С. 351.
4. Гуляев Л. П. Процессуальные сроки в стадии возбуждения уголовно-дела и предварительного расследования. М., 1976. С, 10.
5. Выдрин М. М. Уголовно-процессуальные гарантии в суде. Краснодар, 1980.С. 20.
6. 'Косанов О. Л., НатаровВ. В. Некоторые вопросы регулятивный функции сроков в уголовном судопроизводстве //Вопросы борьбы с преступностъю. М., 1984. С. 68.
7. Якупов Р.Х. Уголовно-процессуальные сроки в досудебных стадиях. Горький, 1979. С. 11.
8. Якупов Р. X. Сол шығарма. 16—23-6.
9. Гуляев А. П. Процесуальные сроки : стадиях возбуждения уголовно-го дела и предварительного расследовиния. М., 1976. С 5- ІК,
10. Строгович М. С. Курс советско уголовного процесса. М., 1968. Т. 1., С. 201.
11. Чельдав М. А. Советский уголовный процес. М., . С'. 80.15—597
12. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.Атамұра. АЛМАТЫ.
13. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы.Жеті Жарғы.Алматы.2001.
14. Мемлекет және құқық негіздері. Жеті Жарғы.Алматы.2001.
15. Қазақстан Республикасы мен құқықығының негіздері Алматы.2003

Тақырыбы: Құқықтық мемлекеттің басты белгілері.

Жоспар

Кіріспе
І Тарау Қазақстан мемлекеті және оның құрылысы.
1. Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.

2. Қазақстан — біртұтас (унитарлы) мемлекет.

ІІ Тарау Құқықтық мемлекет белгілері.

1. Қазақстандағы заң шығарушы билік.

2. Қазақстандағы атқару билігі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
1991 жылдың желтоқсанында он бес одақтас республикадан құрылған Кеңестік
Социалистік Республикалар Одағы ыдырады. Бұрыңғы одақтас республикалардың
барлығы өздерін дербес тәуелсіз мемлекет деп жариялады.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы да өзін дербес мемлекет деп
жариялады.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздягі туралы" конституциялық
заң қабылдап, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Онда былай
деп жазылды: Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде күллі аумақта
бүкіл өкімет билігіне ие болады, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес
анықтап, өзі жүзеге асырады. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы
халықаралық көлемге шығады, өзінің басқа мемлекеттермен қатынасын
халықаралық құқық нормалары негізінде құрады. Бұрыңғы Қазақ республикасының
аумағы тәуелсіз жаңа мемлекеттің аумағы деп танылды. Бұл аумақ бөлінбейді
және оған ешкім қол сұға алмайды деп жарияланды. Барлық ұлттардың
азаматтары енді біртұтас Қазақстан халқы болып табылады. Мемлекеттік өкімет
Қазақстан халқының еркіне негізделеді. Заң барлық азаматтардың ұлтына,
шыққан тегіне, қызмет түріне, тұрғылықты мекеніне қарамастан, тең құқықтар
мен бостандықтарға ие болатынын жариялады. Занда Қазақстан мемлекетінің
құрылысы туралы айтылды. Мемлекеттік өкімет билігінің заң шығарушылық,
атқарушылық және сот тармақтарына бөліну принципі тұңғыш рет танылды.
1993 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі дербес,
тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш Конституциясын қабылдады. Қазақстанның
мемлекеттік тәуелсіздігін нығайтуда, халыққа қызмет ететін, азаматтардың
кең көлемді құқықтары мең бостандықтарын т.б. жариялаудағы халықтың еркін
білдіретін мемлекеттік жаңа органдар құруға бұл Конституцияның зор маңызы
болды. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы
жаңа мемлекетте пайда болған проблемаларды білдіре алмады. Оңдайлар
қатарына мемлекеттік, экономикалық өмірдің адам құқығы мен
бостандықтарының мәселелері т.б. жататын еді. Басқару жүйесі туралы мәселе
де тиянақты шешілген жоқ. Жоғарғы Кеңестің өкілдігіне шек қойылмады. Ал
мүңың өзі оңы Президенттің, Үкіметтің істеріне араласуына әкеліп соқты.
Президенттің құқықтары шектеулі болып, соның салдарынан ол реформаны жүзеге
асыру жөнінде өз бетінше дербес саясат жүргізе алмады. Конституция
экономикалық реформаны жүргізу жөніндегі т.б. жұмыстарда кідіріс туғызды.
Сондықтан қоғамдық өмірдің өзі Конституцияны қайта қарау туралы мәселені
алға тартты. Президент Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен жаңа Конституцияның
жобасы әзірленіп, бүкілхалықтық талқыға салу үшін баспасөзде жарияланды.
Талқылау барысында жоба бойынша көптеген ескертулер айтылды. Олардың ең
елеулі дегендері ескеріліп, жоба тағдырын шешу үшін халыққа ұсынылды.
Бүкілхалықтық дауыс берудің (референдум) нәтижесінде 1995 жылы 30 тамызда
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды.

І Тарау Қазақстан мемлекеті және оның құрылысы.
1.1 Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуы.
Қазақстан Республикасьшың Конституциясы — демократиялық өркениетті даму
жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі.
Конституция мемлекеттік жөне қоғамдық құрылысты, олардың ұйымдастырылу және
болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету принциптерін белгілейді. Онда
адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, мемлекеттік билік пен
мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың,
бүкіл халықтың мәртебесі баянды етіледі. Мемлекет пен қоғамның негізгі заңы
ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
Басқаша айтқанда, барлық нормативтік актілер Конституцияның ережелеріне
негізделіп қабылданады. Сондықтан оған басқа нормативтік актілерде
кездеспейтін белгілер тән болады.
Конституцияны Қазақстанның халқы қабылдады. Онда халықтың еркі білдірілген.
Социализм тұсында да Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді.
Бірақ сонымен бірге халық еңбекшілерден — жұмысшы тобынан, ұжымшар
шаруаларынан жөне еңбекші интеллигенциядан тұрады деп атап көрсетілді.
Халықтың мұндай сипаттамасы кез келген қоғамдық құбылысқа таптық тұрғыдан
қарайтын марксизм-ленинизмге негізделген болатын.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы халық деген ұғымға
таптық сипаттама беруден тұңғыш рет бас тартты. Онда жұмысшы тобы, ұжымшар
шаруалары мен еңбекші интеллигенция деген сөздер айтылған жоқ. "Еңбекшілер"
деген термин Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясында да, сондай-ақ 1995
жылғы Конституциясында да қолданылған жоқ. Бірақ екі Конституцияда да халық
туралы сөз болды. Қазақстан Респуликасының, Конституциясында халық барлық
ұлттық топтарды түгел қамтитын тұтас әлеуметгік-саяси құбылыс ретінде
түсінілді. Демек халық деген үғымның мәнісі мынада: біріншаден,ол
әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді; ал мұның өзі қоғамда
бейбітшілікті сақтауда өте маңызды болып табылады. Конституция адамдарды
мүліктік жағдайына қарай әр түрлі әлеуметтік топтарға бөлмей, сол себептен
де ешкімнің жағына шықпайды, өзінің халықтың бір ғана тобының заң
шығарушылық актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп,
яғни бүкіл халықтың өкілі деп таниды. Мұның мәнісі: мемлекет халықтың бір
тобын қудалау арқылы оның екінші бір тобына артықшылық бермейді. Мемлекет
халықтың барлық топтарына олардың әлеуметтік жағдайына сәйкес қамқорлық
жасауға тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы халықты әлеуметтік
топтарға бөлмей, құқықтарына шек қоймай, тұтас күйінде конституциялық
құқықтық қатынастардың субъектісі деп таниды.
Екіншіден, көп ұлтты қоғамның жағдайында халық деген ұғымға қазақ ұлты
да, барлық басқа ұлттық топтар да кіреді. Мұның мәнісі қазақ ұлты
мемлекеттің — яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының ұйтқысы сияқты
бболғанымен оған айрықша не құқықтық, саяси, әлеуметтік экономикалық,
немесе мәдени артықшылықтар берілмейді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
болуын артықшылық деп санауға болмайды. Ол өзінің түрі жағынан барлық
жерде, барлық жағдайда ұлттық болып табылатын мемлекеттік сипаттамасына
ғана жатады. Орыс тілінің ресми түрде қолданылатын тіл деп танылуы да бұл
салада қазақтарда артықшылықтың жоқ екендігін көрсетеді.
Сонымен халықтың Қазақстан Реепубликасының Конституциясын жасаушы деп
танылуы оның мазмұндық нәрін
білдіреді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының 1995
жылғы Конституциясы: "Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны
қабылдаймыз." деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны рефереңдумның
нәтижесіңде қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер
мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізіледі. Басқаша
айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қоймайды, ол Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Рас,
Конституцияға енгізілетін түзетулер мен
өзгерістердің жобасын Президент Парламенттің қарауына
тапсыра алады. Ал ондай жағдайда халық қалыс қалмайды. Парламент — халықтың
жоғарғы өкілеттік органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер
мен түзетулерді халықтың атынан және соның мүддесін көздеп
қабылдайды.
Қазақстан халқы Конституцияны қабылдаған бірден-бір субъекті
болғандығынан оның құрылтайлық сипаты келіп туындайды. Халық елдегі
мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және дербестіктің шын
мәніндегі иесі болып табылады. Сондықтан онда құрылтайшылық билік болады.
Қазақстан халқы мемлекетті нақ осы Конституция арқылы құрды, оның басқару
және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық, құрылысының негіздерін,
адам мен азаматтың мәртебесін анықтады. Мемлекеттік құрылымның біртұтастық
нысаны, басқарудың президенттік нысаны және аумақтық тұтастық
өзгертілмейді.
Конституцияның тағы бір маңызды ерекшелігі — ол, бір жағынан,
мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады. Мұның
өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік
базасы (ұстаушысы) ретіндегі халықтың мәртебесімен байланысты. Конституция
мемлекетті барлық өзгеше белгілерімен қоса құрады. Оны барлық
элементтерімен: аумағымен, жоғарғы өкімет билігімен, азаматтығымен, дербес
заң шығарушылық қызметімен т.б. қоса мемлекеттің егемендігін баянды етеді.
Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғамның қоғамдық
институттармен өзара қарым-қатынасының негіздерін қалайды. Ол қоғамдық
құрылыстың экономикалық ұйымдық, рухани және жеке тұлғалық негіздерін
аңықтайды. Сондықтан тек мемлекет қана емес оның институттары да
Конституцияның құқықтық ережелерін, идеяларын пайдаланып отырды. Сонымен
қатар қоғам мен оның құрамдас бөлшектері де (бірлестіктер, ұйымдар) өз
қызметтерін Конституцияға негіздеп құруға тиіс. Жекелеген зандар белгілі
бір қоғамдық институттарға: саяси партияларға, діни, мәдени бірлестіктерге
т.б, қатысты болуы мүмкін: Өздерінің мақсаттары мен іс-әрекеттері арқылы
конституциялық құрылысты зорлықпен өзгертуге, Республиканың тұтастығын
бұзуға бағытталған қоғамдық ұйымдардың құрылуына және әрекет етуіне тыйым
салатын Конституцияның нормативтік ережелері тура және тікелей іске
асырылады. Сондықтан: құқық қорғау органдары Конституция. нормаларын
бұзушылыққа қарсы шаралар қолданғанда, Конституцияның өзін тікелей
басшылыққа алады. Қазақстан, Республикасы Қонституциясының ең жоғары заңи
күші бар. Мұның мәнісі — мемлекет органдарының қабылдайтын заңдары мен
нормативтік актілері Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс деген сөз.
Мемлекеттік органның қандайыболеа да, жергілікті органдар да, орталық
органдар да, кезкелген лауазымды тұлға,
барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция
қағидаларын сақтауға тиіс.
Конституцияда оның ережелері, нормалар тікелей қолданылады деген нұсқау
бар. Мұның мәнісі әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау
үшін мемлекеттік органдарға, әсіресе сотқа өтініш білдіре алады.
Конституцияны, оның нормаларын пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында мемлекет жан-жақты қарастырылады.
Конституцияның І-бабында былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, қүқықтары
мен бостандықтары.
Қазақстан- демократиялық мемлекет. Қазақстанның демократиялық мемлекет
ретінде сипаттамасы Қазақстан Реепубликасы Конституциясының мазмұнынан және
мемлекеттік органдардың қызметінен туындайды. Демократизм формальды түрде,
яғни құқықтық нормаларда бекітілген болуы мүмкін. Демократизм формальды
түрде ғана емес, нақтылы түрде де, яғни неше түрлі кепілдіктермен
қамтамасыз етілген болуы да мүмкін. Қазақстан мемлекетінің демократиялық
сипаты конституциялық принциптерде анықталады. Мемлекеттің
ұйымдастырылуының ең негізгі принциптерінің бірі — мемлекет басшысының,
Парламент депутаттарының, жергілікті өкілетті органдардың сайланып
қойылатындығы болып табылады. Мемлекет қызметінің басқа бір негізгі
принципі — мемлекет өмірінің неғұрлым маңызды мәселелерінің демократиялық
әдістермен шешілетіндігі. Атап айтқанда, референдум өткізілуі,
Парламенттегі дауыс беру рәсімдері осыған жатады.
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы мынадан да көрінеді: Конституция
азаматтардың өкілетті органдарға жалпы алғанда халықтың мүдделерін,
әлеуметтік және ұлттық азшылықтың мүдделерін, жеке азаматтардың заңды
мүдделерін білдіретін және сол мүдделерді қорғауға тілектес әрі соған
қабілетті өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға мүмкіндік туғызатын
демократиялық нормаларды белгілейді,
Қазақстан мемлекетінің демократиялылығы референдум өткізудің
демократиялық тәсілдерінен де көрінеді. Реферевдум мынадай принциптерге
негізделеді: 1) азаматтардың референдумға қатынасуға және онда өзінің еркін
білдіруге ықтиярлылығы: 2) азаматтардың референдумға жасырын дауыс беру
жағдайында баршаның тең және тікелей қатысуға құқықтылығы; 3) жариялылығы.
Референдумға Конституцияны, конституциялық заңдарды, жай
зандарды қабылдау, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
мәселелер қойылуы мүмкін. Референдумға Республиканың мемлекеттік өмірінің
өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешуге байланысты сұрақтар да
шығарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының демократизмі азаматтардың, олардың
бірлестіктерінің мемлекеттік оргаңдардың басқарушылық шешімдерінің
мазмұнына және оларды жүзеге асыру процесіне өз мүдделерін көздеп ықпал
етуге мүмкіндігі болуынан да көрінеді. Ол үшін Конетитуцияда белгілі бір
шарттар көзделген. Солардың ішіндегі ең маңыздысы демократиялық саяси режим
болып табылады.
Саяси режим дегеніміз қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру өздегерінің
тәсілдерінің, түрлерінің жүйесі. Саяси режим мемлекеттің мәнін, түрін, оның
қоғаммен, жеке адаммен арадағы реттелген, ең әуелі конституциялық құқық
нормалары арқылы реттелген қарым-қатынасын білдіреді. Саяси режим
конституциялық нормалардың нақты іс жүзінде қызмет ету дәрежесін айқындап
көрсетеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы демократиялық саяси
режим болуын көздейді. Біріншіден, демократиялық саяси режим өкілетті және
тікелей демократия институттарының орнатылуынан көрінеді. Мәселе, әлбет-те,
осы институттарды заң жүзінде баянды етуде ғана емес, сонымен бірге олар
мемлекеттік органдарды жасақтау, мемлекеттің саясатын анықтау, оларды
жүзеге асыру ісіне азаматтардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет
жасай алатын болуында. Екіншіден, демократиялық саяси режим кең көлемді
азаматтық құқықтар мен бостандықтардың баянды етілуінен және оларды жүзеге
асыру. кепілдігінің қамтамасыз етілуінен көрінеді, Мысалы, Конституция
кәсіпкерлік қызметтің: бостандығын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге,
біржағынан оған құқықтық негіз жасайды, ал екінші жағынан, кәсіпкерді
лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерінен қорғайды. Басқа азаматтық
құқықтар туралы да осыны айтуға болады. Үшіншіден, Конституция тәуелсіз
бұқаралық ақпарат құралдарының жасақталуына кең жол ашады. Тоталитарлық
режимнің қуатты құралы болған саяси цензура тыйым салу, бақылауға алу)
келмеске кетті. Цензураның болмауы демократиялық саяси режимнің өмір
сүруінің айқын көрінісі. Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін
қамтамасыз ету мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерді, лауазымды
тұлғалардың заңды бұзу фактілерін жариялап отыруға көмектесіп, заңдылықты
нығайтады.Төртіншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясында танылған
саяси плюрализм (пікір алуандығы), саяси қозғалыстардың сан алуандығы әр
түрлі ұйымдардың, олардың ішінде мемлекеттік органдардың іс-қимылын
сынайтын оппозициялық ұйымдардың да қальштасуына мүмкіндік туғызады. Ал
мұның өзі — сөз жоқ қоғамды басқарудың демакратиялық әдістерімен ауытқу
ықтималдығына бермейтін кепілкепілдіктердің бірі. Мемлекетті демократиялық
жолмен ұйымдастырудың аса маңызды принциптерінің бірі — биліктің бөліну
принципі. Қазақстан Республикасының Конституциясында билікіті бөлу принципі
белгіленген: Республикада мемлекеттік'билік заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну, олардың тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау арқылы жүзеге асырылатыны айқын көрсетілген.
Тежемелік және тепе-теңдік жүйесі мемлекет органдарының өз өкілдерін
жүзеге асырған кезде оларды бұзғаны үшін басқа органдардың өкілдігіне қол
сұққандығы үшін жазасыз кетпеуіне бағытталіған.
Мемлекет демократизмінің негізгі бір көрінісі ұлттық және халықтық
егемендіктті орңықтырылу болып табылады.Ұлттық тәуелсіздік ұлттың өз
тағдырына өзі ие болып, мемлекетгік, экономикалық және рухани салада өзін-
өзі билеу мүмкіндігінен көрінеді. Қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық
тәуелріздіктің өз ерекшеліктері бар. Мәселе мынада: Қазақстаңда ғасырлар
бойы өзінің ата-жұртын мекендеп сол жерде ұлт ретінде қалыптасқан бірден-
бір, жалғыз ұлт бар, ол — қазақ ұлты. Қазақтар көптеген елдерде тұрады,
олардың саны миллионға жетеді. Бірақ дүниеде бізден басқа еш жерде қазақ
ұлты жоқ. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жаңа Конституциясы осы
тарихи фактіні мойындап және баяңды ете келіп, кіріспеде мемлекеттіліктің
"байырғы қазақ жерінде" құрылатынын атап көрсетті. Бұдан туатын тағы да бір
қорытында: қазақ ұлты мемлекеттік салада өзін-өзі билеуге яғни өзінің
ұлттық мемлекеттілігін құруға құқылы болуы, Осыны танып, мойыңдау Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңда да, сондай-ақ 1993
жылғы Конституциядада жария етілген еді.
Алайда Қазақстаңда көптеген басқа ұлттардың өкілдері тұратыны белгілі.
Олардың жалпы саны елдегі халықтың жартысына жақын. Бірақ, осыған
қарамастан, оларда ұлттық белгі жоқ, Мысалы, Қазақстанда көптеген орыстар,
украиндер, өзбектер, корейлер, ұйғырлар т.б. тұрады. Осы этникалық
топтардың әрқайсысында сол ұлттұратын өздерінің байырғы отаны бар. Бірақ
бұлар Қазақстан Республикасының азаматары болғандықтан, мемлекеттік салада
басқаруға қатысуға қақылы. Дегенмен Қазақстан аумағында ұлт болмағандықтан,
бұлар саяси-құқықтық жағынан алғанда жұрттың, ел халқының бір бөлігі болып
есептеледі. Осы себептен Қазақстан жағдайында мемлекеттік салада бір ғана
қазақ ұлтының емес, бүкіл Қазақстан халқының өзін-өзі билеуі туралы айтқан
жөн болады. Саяси жағынан алып қарағанда, ұлттық егемеңдік, халықтық
егемендікпен бірігіп кетеді де, сол күйінде мемлекеттік биліктті
мемлекеттік егемендіктің қайнар көзі больш табылады. Міне осы арқылы
ұлтаралық қатынастардағы шиеленіс қатерінің беті қайтарылды.
Ұлттық егемендіктің рухани салада ерекще маңызы бар. Көп ұлтты Қазақстан
жағдайыңда ұлттық егемендікк қазақ халқына, ұлттық топтардың барлығына
өздерінің этникалық, мәдени, тілдік байырғылығын жүзеге асыру жолымен,
қоғамдық және мемлекеттік өмірдің барлық салаларында олардың белсене
қатысуына жәрдемдесу жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстанда тұратын ұлттық топтардың ұлттық байырғылығын қолдап отыру
идеясы Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы 1990 жылы 25 қазанда
қабылданған Декларациясында көрсетілген болатын:
"Қазақ ұлтының, Қазақстанда тұратын басқа да ұлттардың байырғы мәдениетін,
дәстүрлерін, тілін қайта түлетіп, дамыту және ұлттық қадір-қасиеттерін
нығайту Қазақ КСР мемлекеттілігінің аса маңызды міндеттерінің бірі болып
табылады".
Қазіргі Қазақстан жағдайында тіл туралы мәселе төтенше маңызды болып
шықты. Кеңес өкіметі түсында қазақ тілі орыс тілімен қатарлас мемлекеттік
тіл болып танылғанымен, іс жүзінде қазақ тілінің қолданылу саласы қатерлі
шекке дейін жетті. Ол мемлекеттік салада қолданудан ығыстырып шығарылды
деуге болады. Енді соның маңызын көтеру қажеттігінен келіп, қазақ тілі
мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда Парламент ішінде, сондай-ақ
бұқаралық ақпарат құралдарында орыс тіліне де мемлекеттік тіл мәртебесін
беру өте өткір мәселеге айналып кетті. 1995 жылы жаңа Конституция бұл
мәселеде едәуір ымыраға барып орыс тілі мемлекеттік органдар мен ұйымдарда
және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында "қазақ тілімен бірдей" ресми
түрде қолданылады деп белгілейді. Бұл меселе "Тіл туралы" заңда жан-жақты
реттелген.
Мемлекет егемендігінің елеулі бір белгісі мемлекеттік биліктің жоғарылық
мәртебесі болып табылады. Жоғарылық мәртебе ұлттық құқықтың дербес жүйесін
жасауға мүмкіндік береді; ал бұл жүйе қоғамдық қатынастардың аса маңызды
жақтарын реттеп отырады, бүкіл аумақта бірыңғай құқықтық тәртіп орнатады,
мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін, азаматтардың құқықтарын,
бостандықтары мен міндеттерін белгілейді. Мемлекеттік биліктің жоғарылық
мәртебесі Қазақстан аумағында Республика Конституциясының, ал содан кейін
мемлекеттік биліктің жоғары органдары қабылдаған басқа да нормативтік:
құқыктық актілердің жоғарылық мәртебесінен көрінеді.

2. Қазақстан — біртұтас (унитарлы) мемлекет.

Егемендіктің бір белгісі мемлекеттік биліктің біртұтастығы болып
табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп атап
көрсетілген: "Республикада мемлекеттік билік біртұтас" (3-бап, 4-п.).
Мемлекеттік биліктің бірітұттастығы жоғары мемлекеттік билікке
біріктірілген заңдар жүйесінің өмір сүруінен көрінеді. Ол заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді. Біртұтас мемлекетгік бөліктің бұл
тармақтары бөліне келе, өз өкілеттілігінің шеңберінде бүкіл мемлекеттің
қызметін атқарады.
Парламенттік Үкіметке және сот органдарына дербес өкілдіктердің берілуі
олар бір-бірінен мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Олар бір мемлекеттің
органы болып табылады. Сөйте тұрып, бір-біріне ықпал етеді. Мысалы,
парламент Үкіметке сенімсіздік білдіруі мүмкін т.т.
Қазақстанда құқықтық мемлекеттің құрылуы. Құқықтық мемлекет ұзақ тарихи
даму процесінде қалыптасады. Сондықтан Қазақстан Республикасының
Конституциясында: еліміз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолына түсті деп
жазылған.
Құқықтық мемлекеттің бірінші көрсеткіші — заңның жоғары тұратындығы, оның
қоғамдық өмірде үстемдік ететіндігі. Қоғамдық өмірдің неғұрлым маңызды
жақтары заңдар арқылы реттеліп отыруға тиіс, Конституция заң
шығарушы органды осы жағдайға қарай нұсқайды. Конституцияға сәйкес
Қазақстан Республикасының Парламенті "аса маңызды қоғамдық қатынастарды
реттейтін; ... жеке және заңды тұлғалардың құқық
субъектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ... мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару оргаңдарын ұйымдастыру мен олардың
қызметінің, мемлекеттік және әскери қызметтің негіздеріне ... қатысты
негізгі принциптер мен- нормаларды белгілейтін заңдар
шығаруға" т.б. хақылы.
Заң шығару өкілдіктерінің Президентке берілуі, сөйтіп
ол заңдық күші бар жарлықтар шығаруы мүмкін. Белгілі
бір жағдайларда халық конституциялық және жай заңдық күші бар актілерді
референдум арқылы қабылдауы мүмкін.
Заң қабылдау Құқығы бар субъектілер шеңберінің кеңеюі мемлекеттің
құқықтық нысанға ие болу ниетін көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің тағы бір маңызды принципі — барлық мемлекеттік
органдар, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының міндеттілігі. Зандар
негізінде мемлекеттен, оның органдарынан шығады. Демек, заң талаптарын
орындауға міндеттемені ең алдымен мемлекеттің өзі алады.
Барлық жағдайларғада зандарды жүзеге асыру мемлекетке, оның органдарына
барып тіреледі. Не мемлекеттік органдар заңдардың жүзеге асырылуын
қадағалап отырады, немесе заңдарды олардың өздері қолданады; не олар
заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді, немесе заңды бұзушыларға ықпал ету
шараларын қолданады т-т. Демек зандарды қабылдай отырып, мемлекет сол
заңдардың талаптарын орындау жөніңде өзіне міндеттеме алып қана қоймайды,
сонымен бірге барлық субъектілердің заң ережелерін орындауының бүкіл
барысын қадағалап отырады. Мемлекеттік және оның органдары, қызмет
дәрежелерімен жағдайлары әр түрлі қызметшілердің барлығы субьектілер
қатарына жатаді. Сонымен бірге мемлекеттің, оның барлық органдары мен
лауазымды тұлғалары заң ережелерін орындауы құқықтық мемлекеттің
қалыптасуында ерекше маңызды екенін танытады.
"Құқықтық мемлекет" дегеніміз құқық қалыптасып, көптеген заңдар
қабылданъш жатқан ғаңа мемлекет емес. Құқықтық мемлекет дегеніміз бұл
мемлекеттік органдары мен мекемелеерінің қызметі түп-түгел қабылданған
заңдарға негізделіп жүргізілетін мемлекет.
Лауазымды тұлғалар, мемлекеттік органдар, әсіресе тұтас алғанда
мемлекетте қолданылып, жүрген заңдарды бұзатын болса, мемлекеттің өзі үшін
мұның ауыр зардаптары болада. Жақсы-жақсы заңдар қаншалықты көп болғаң
болса аде.де мёмлеқёттік органдар оларды бұзатын болса бір жағьнан бұл
құкықтық мемлекет құру процесін кейін шегертіп,тастайды,.ал екінші жағынан,
халықтың үкіметке деген сенімсіздігін туғызады. Мемлекеттік органдар мең
лауазымды тұлғалардың заңдарды бұзуы әр уақыттта болып келген, әлі де ұзақ
уақыт орын алмақ. Мұндай жолсыздықтар "құқықтық" деп айтуға боларлық ең
дамыған мемлекеттерде де кездесіп жүр. Бірақ бұл жерде әңгіме, біріншіден,
сол заңды бұзушылықтың көлемі жөнінде, ал екіншіден, мемлекеттіңі со
жолсыздықтармен үнемі, үздіксіз күрес жүргізуге бекемдігі жайындаболып
отыр. Егер заң бұзатын жолсыздықтар жалпылама сипат алып кетсе мемлекет
онымен күресуге дәрменсіз болса, немесе оларды "байқамағансып" отыра
беретін болса, ондай жағдайда құқықтық мемлекет орнату туралы сөз қозғау
қиын. Мұндай жолсыздықтар әсіресе өтпелі және дағдарысты кезеңдерде кең
түрде жайылып кетуі мүмкін. Заңды бұзушылық қызмет бабын теріс пайдалану,
атқарушы органдардың заңсыз шешімдер қабылдауы, тамыр-таныстық, парақорлық,
талан-тараж т.б.. түрінде көрініс береді.
Құқықтық мемлекеттің маңызды бір белгісі— азаматтардың заңдарды мүлтіксіз
сақтауы. Ол үшін азаматтардың, құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін
белгілейтін заңдарды басқада норматавтік құқықтық актілерді жақсы білу
қажет. Ал жұрттың бәрінің; заңдарды білуін қамтамасыз ету үшін,
Конституцияда азаматтардың құқықтарына бостандықтары мен міндеттеріне
қатысы бар заңдарды барлық нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде баспа
сөзде жариялапу отыру қарастырылған. Заңдарды баспасөзде жариялау оларды
қолданудың міндетті шарта болып табылады — азаматтарды құқықтық жағынан
сауаттандыруда конституциялық бұл ереженің маңызы зор, өйткеді мұндай
жағдайда азаматтар өздерінің құқықтарына, босттандықтары мен міндеттеріне
қатысы бар нормативтік құқықтық актілермен танысуға мүмкіндік алады.
Аталған Конституциялық ереже азаматтардың құқықтар мен міндеттері
нақтыланған көптеген салалық актілердің жүртшылыққа жеткізілуін қамтамасыз
етуге тиіс. Мемлекеттік органдар кейде: өздерінің нормативтік құқықтық
акілерін жарияламауға, сөйтіп олардың азаматтарға жеткізілуін шектеуге
тырысады. Мұның бір себебі — бұл актілерде азаматтардың -занды құқықтары
мен бостандықтарын бұзатын ережелердің болуы.
Азаматтардың заң ережелерін орындауының таш бір маңыздьг шарты олардың
құқықтық санасын қалыптастыру боліп табылады. Бұл мәселеге тиісінше назар
аударылмай келді. Халықты құқтықтық жағынан-білімін жетілдіре түсу
меселелерін мемлекет көзқарасын түбегейлі өзгертілуі елімізде Құқықтық
жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Президенттің 1995 ж.
21 маусымдағы қаулысынан басталады. Бұл — зор саяси маңызы бар акті, оның
негізінде құқықтық мемлекеттің қалыптасуын қамтамасыз ету идеясы жатыр. Бұл
қаулыда құқықтық және әдептілік нормаларға мектекке дейінгі сәби жасынан
бастап үйрету көзделген. Құқықтық оқуға барлық жастағы, халықтың барлық
топтарына жататын азаматтар оқитын, жұмыс істейтін салаларына, қызмет
ахуалына қарамастан, тіпті министрлерге дейін түгел тартылады. Себебі заңға
мойын ұсынатын азаматтар мен заңдарды мінсіз атқаратын мемлекеттік
қызметшілер де, заңды бұзушылар да бала жастан қалыптасады.
Заң талаптарын сақтай отырып, азаматтар, әлбетте, өздерінің мемлекет
алдындағы жауапкершілігін сезінетін болуға тиіс. Бірақ бұл жауапкершілік
бір жақты болуға тиіс деген сөз емес. Мемлекет алдында азаматтар ғана
жауапты болмай, азаматтар алдында мемлекет те жауапты болуға тиіс. Бұрын
азаматтардың құқықтары мен бостандықтары — мемлекеттің азаматтарға берген
өзіндік бір сыйы дейтін ұғым болған. Шындығында, көптеген құқықтар мен
бостандықтар заң жүзінде баянды етілетін табиғи құқықтар мен бостандықтар
болып табылады. Тіпті азаматтардың мемлекет мойындап, танитын құқықтары мен
бостандықтарында объективті түрде шарттылық бар. Олардың қорғалуы үшін,
жүзеге асуына жағдайлар жасалуы үшін мемлекет өзіне жауапкершілік
арқалайды, Мемлекет, оның органдары, мекемелері, лауазымды тұлғалары
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуын қамтамасыз етуге
тиіс. Соның өзінде олар жұртты топқа,
әлеуметтік жікке, ұлттық топқа бөлмей, бүкіл қоғамға қызмет етуге тиіс.
Олар нақтылы адамдардың өзіне қызмет етуге, оның занды құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз етуге тиіс. Ал мұның өзі — құқықтық
мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі. Ол жайында Конституцияның 1-бабында
былай делінген: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат
қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары".
Біріншіден, азаматтардың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен
бостандықтары шектелуге тиіс емес. Конституция кейбір құқықтар мен
бостандықтардың ерекше жағдайларда шектелуі мүмкін екенін ескертеді.
Конституцияда былай деп көрсетілген: "Саяси себептер бойынша азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол
берілмейтіні". Сөйтіп азамат мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың
ықтимал зорлық-зомбылықтарынан негізгі заң арқылы арашаланады. Жалпы
алғанда азаматтардың аса маңызды құқықтары мен бостандықтарын ешбір
жағдайда шектеуге жол бермейді. Сонымен, азаматтар жөнінде-мемлекеттің өзі
де белгілі бір құқықтық шектеушілікке қойылады.
Екіншіден, құқықтық, мемлекетің аса маңызды белгісі — азаматтардың өз
құқықтары мен бостаңдықтарын кімнің тарапынан болса да бұзуға жол бермей,
қорғауына мүмкіндік туғызатын кең көлемді, егжей-тегжейлі процестік-
құқықтық нормалардың болуы. Адамның құқығы мен бостандығы өмір тіршілігінің
барлық салаларына қатысты болады. Егер әлдебір сала азаматтың құқықтарын
қорғаудың заңдық ресімдері болмаса онда азаматтар өздерінің құқықтарын
пайдалана алмайды. Мемлекеттік органдардың міндеті — заңдық ресімдердегі
ықтимал олқылықтардың орнын толтыру. Олар азаматтардың өзі құқықтарын
түсініп, қорғауына құқықтық көмек көрсетуге тиіс. Осы айтылғандардан туатын
қорытынды: құқықтық мемлекет стихиялы түрде қалыптаспайды. Ол мемлекеттің
өзінің, оңың органдары мен мекемелерінің үнемі жүргізілетін мақсатты қызмет
процесінде, мемлекет қызметшілерінің өз міндеттерін ұқыпты орындауы
барысында ұйымдастырылады.
Құқықтық мемлекеттің маңызды бір белгісі — Конституцияда соттардың
тәуелсіздігі принципінің баянды етілгендігі больш табылады. Құқықтың
мемлекетте сот ерекше орын алады өйткені ол мемлекеттік биліктің үш
тармағының біреуі болып саналады. Даулы құқықтық мәселелердің барлығы сотта
шешіледі. Сөттың билігі Конституция, заңдар, өзге де нормативтік актілер,
республиканың халиқаралық шарттары негізінде туындайтын істер мен даулардың
барлығына тарайды. Конституцияның 7.7-бабында былай деп жазылған: ''Судья
сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана
бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да
болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп
соғады". Судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың
бірі ~ олардың өмір бойына тағайындалуы. Алайда егер судья заңды бұзатын
болса, дереу қызметінен босатылады.
Мемлекет — дамыған ұлттық құқықтық жүйенің болуы, тек оның нақты қызмет
істеуі арқасында ғана құқықтық деп танылмайды. Сонымен қатар мемлекеттің
құқықтық сипатының дәрежесі неғұрлым демократиялық, прогресті және
адамгершілікті құқықтық идеяларды өз бойына жинаған халықаралық құқыққа
мемлекеттің қалай қарайтындығыменде анықталады. Бұл мәселеге Конституция
ерекше назар аударады. Онда былай деп жазылған: Қазақстан Республикасы
халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді. Халықаралық
шарттар және өзге де міндеттемелер республикамыздың қолданылып жүрген
құқығына енгізіледі. Республика бекіткен халықаралық шарттар оның өз
заңдарынан басым болады және тікелей қолданылады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекет құрылуда. "Әлеуметтік
мемлекет" деген ұғым қазіргі заманның демократиялық тұрпатындағы, біршама
тұрақты және дамыған экономика жағдайында өмір сүретін мемлекетті білдіру
үшін қолданылады. Бұл ұғым мемлекеттің адам құқықтары туралы, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, әл-ауқаты төмен адамдарға көмектесу т.б.
туралы қамқорлықтан байқалатын әлеуметтік саясатты жүргізуге қабілетгілігін
көрсетеді:
Кез келген мемлекеттің аумағы белгілі бір құрамдас бөліктерге бөлінеді де
барлығы жиналып мемлекеттің ішкі құрылымын жасайды. Ол аумақтық құрылым деп
аталады. Аумақтық құрылымның шеңберінде аумақтық әкімшілік бірліктер
жасақталады. Жоғарғы мемлекеттік органдар мен аумақтық бірліктерді
басқаратьш жергілікті органдар арасында қатанастар мен байланыстар жүйесі
қалыптасады. Бұл қатынастар мен байланыстардың сипаты тұтас алғандағы
мемлекеттің мәртебесі мен аумақтық бірліктердің мәртебесіне байланысты
болады. Мемлекеттің жоғары мемлекеттік органдары мен аумақтық бірліктер
органдарының арасындағы құқықтық қатынастар мен байланыстарды сипаттайтын
аумақтық ұйымдасуы оның мемлекеттік құрылымы деп аталады.
Мемлекеттер өздерінің құрылымы жағынан біртұтас унитарлық және
федеративтік болады. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан біртұтас
мемлекет болып табылады.
Біртұтас мемлекеттер, әдетте, тек әкімшілік-аумақтық
бірліктерге ғана бөлінеді. Қазақстан Республикасы да әкімшілік-аумақтық
бірліктерден тұратын біртұтас мемлекет болып саналадыда, оларда соның
әкімшілік-аумақтық құрылымы жасалады.
Қазақстан КСРО құрамында болған кезде оның мемлекетгік құрылым нысанына
назар аударылған жоқ. Қазақ ССР інің 1937 және 1978 жылы Конституцияларыңда
да өзге заңдарында да "біртұтас (унитарлық) мемлекет деген термин
кездескен. жоқ, бірақ Қазақстанда шынында да біртұтас мемлекеттік бөлініс
болатын. Іс жүзінде КСРО ның өзіде біртұтас, орталықтандырылған мемлекет
болды. Сол жағдайда КСРО-ның құрамында өзінің мемлекеттік бөлінісі болған
ұлттар мемлекеттік құралым нысанына ешқандай мән берген жоқ. Алайда бұл өте
қателескендік болуанын кеңестік болмыстың өзі көрсетті. КСРО-ны құру туралы
Декларация мен шартта (1922 ж.) Одаққа біріккен ұлттық-мемлекеттік
бөліністердің теңдігіне формальды түрде ғана кепілдік берілгенімен, сол
ұлттардың өзіндік ұлттық мемлекеттілігін қайта тірілту жөніндегі ғасырлар
бойы қалыптасқан тілегі білдірілген болатын. Ұлттық мемлекеттіліктің сыртқы
белгілерін нақтай отырын, олардың ішкі бөлшектерінің жоққа шығарылуы саяси
дербестік идеяларын жойьш жібере алған жоқ. Мұны Қазақстандағы оқиғалар
растап шықты. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғалары қазақ халқының
саяси дербестікті көрінеу шектеушілікке қарсы наразылығын кәрсетті.1995
жылғы Конституция мемлекеттік құрылымның біртұтастық нысанын жариялап қана
қойған жоқ, оның мызғымайтындығын да баянды етті.
Конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығын, Республиканы басқару
нысанын өзгертуге болмайды (91-бапи, 2-ті.). Қазақстан мемлекет құрылымының
біртұтастық нысаны оның аумағында ұлттық-мемлекеттік және автономиялық
бөліністер құрыла алмайтындығын білдіреді.

ІІ Тарау Құқықтық мемлекет белгілері.

2.1 Қазақстандағы заң шығарушы билік.

Қазақстанда президенітік лауазым КСРО- ның ыдырауы қарсаңында енгізілді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР-інің Президенті
қызметін енгізу туралы заң қабылдады. Жоғарғы Кеңес Қазақ КСР-інің тұңгыш
Президенті етіп Н.Ә. Назарбаевты сайлады. Заң мемлекеттің жоғары органдары
жүйесіндегі Президенттің орнын анықтады. Президейттің өкілеті шектеулі
болады. Ол үкімет басшысы болып саналған жоқ. Жоғарғы Кеңестің билігі
шектеубіз болды, ол барлық мәселелер бойыңша заң қабылдайтын Президентті
қайта сайлай алатын т.т болады.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті құрылған кезден бастап Президент меклекет
басшысы деп жарияланды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік
басқару нысанындағы мемлекет деп жарйялады.
Жоғарыда айтылғандай, біздің республикада мемлекеттік билік заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөліну принципіне негізделіп құрйлады.
Президент осы тармақтардың бірде біріне жатпайды. Сөйте тұра, Президент
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарымен байланысты болады. Ол мынадай
мәселе бойынша Парламентпен байланысты болады мемлекет қабылдаған заңға
Президент қол қояды. Президенттің тыйым салу хақысы (право вето) бар, яғни
ол заңды пысықтай түсу үшін Парламентке қайтара алады. Президент өзіне
белгілі бір мерзімге арнап заң шығаратын өкілеттілік беру жөнінде
Парламентке ұсыныс енгізуге хақылы. Егер Парламент Президенттің өтінішін
қанағаттандыратын болса, Президент заң қабылдай алады. Демек белгілі бір
мерзім ішінде Президент заң қабылдау мәселелері бойынша Парламентті
алмастырады. Сонан соң, егер Парламент Президенттің өте тығыз деп санайтын
заңын қабылдай алмайтын болса, онда Президент заң күші бар жарлық қабылдай
алады.
Егер Парламент қалыпты жұмыс істей алмайтын болса немесе Үкіметпен,
Жоғарғы соттың ымырасыз алауыздыққа келетін болса, онда Президент
Парламентті таратып жібере алады.
Президент Парларенттің келісімімен премьер-министрді және Республиканың
Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайыңдайды, Президент Парламент Сенатының
келісімімен Республиканың Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің Төрағасын тағайындайды.
Президенттің халықаралық келіссөздер жүргізетін және Халықаралық,
шарттарға қол қоятын құқығы болады. Ол шарттар Парламент бекіткеннен кейін
заң күшіне енеді. Бұл халықаралық шарттарды бекіту (ратификация) деп
аталады. Сөйтіп Парламенттің қызметіне Президент, Президенттің қызметіне
Парламент те әсер етіп отырады.
Президент атқарушы билік тармағына: үкіметке, жергілікті атқару
органдарына тікелей ықпал етеді, Президент:...
- премьер-министр лауазымына адам ұсынады;
-үкіметтің құрылымын анықтайды;
министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
-министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
- үкімет мүшелерінің антьщ қабылдайды;
-үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарына төрағалық
етеді;
- Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
-Үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады.
Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді. Ол
облыстық өкімдерді тағайыңдайды және босатады, әкімдердің шешімін тоқтата
тұрады. Әкімдер Президенттің облыстардағы тікелей өкілі болып табылады,
сондықтан өздерінің жұмыстары үшін оның алдында жауапты болады. Президент
әкімдермен кеңес өткізеді, олардың жергілікті жердегі жұмысы туралы,
заңдарды қалай орындап, өз міндеттерін қалай атқарып жатқандары жайлы
есептерін тыңдайды.
Президенттің сот билігіңе де қатысы бар: ол Жоғары Сот Кеңесін құрады,
оның төрағасын тағайындайды. Жоғары Сот Кеңесі Жоғарғы Сот Төрағасының
Жоғарғы Соттың коллегия төрағалары мен Жоғарғы Сот судьяларының
кандидатураларын қарап, оларды Сенаттың сайлауына ұсынады. Ал облыстық
соттардың төрағаларын облыстық сот коллегияларының төрағаларын Президент
Жоғары Сот Кеңесінің ұсынысымен бекітеді. Сөйтіп Президештің сот органдарын
жасақтауға тікелей қатысы болады. Бірақ мұның өзі Президент судьялардын
қылмыстық және азаматтық істерді қарау жөніндегі жұмысына араласады деген
сөз емес. Судьялар сот істерін қараған кезде ешкімге тәуелді болмайды, тек
қана заңға бағынады.
Президенттің басқа да өқілеттіктері болады. Солардың бірі — мемлекет
өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс
беру) өткізу құқығы. Референдум — халықтың мемлекетті басқару ісіне
тікелей қатысуының бір түрі. 1995 жылы Президенттің бастамасымен
Президенттің өкілеттігін ұзарту және Конституцияны қабылдау жайлы екі
рөфереңдум өткізілді. Референдум халықтың мемлекетті басқаруша тікелей
қатысуының бір нысаны.
Өзінің өкілеттігін орындау үшін Президент жарлықтар мен бұйрықтар
шығарып отырады. Президент жарлықтарының нормативтік және нормативтік емес
түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық нормалары, яғни
мемлекеттік оргаңдардың өкілеттігін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары
мен міндеттерін айқындайтын т.б. ережелер болады.
Көріп отырғанымыздай Президент жауапты жұмыстар атқарады. Ол — мемлекет
басшысы, елдің де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан
сөйлеуге хақылы. Сондықтан Президенттің абыройы мен ар-намысы қорғалады.
Халықтың қалаулысы ретінде Президент соның мүддесіне қызмет етеді. Сол
себептен де ол халыққа: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Президентінің
өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант
етемін",—деп ант береді.
Кез келген демократиялық мемлекетте Парламенті болады. Ол біздің
республикамызда да бар. Заңдар қабылдайтын бұл жоғары өкілді орган екі
Палатадан: Сенат пен Мәжілістен құралады.
Сенат екі түрлі жолмен жасақталады: 1) депутаттардың бір бөлігі әрбір
облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Республика астанасынан, сол
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының
барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында екі депутаттан
сайланады; 2) Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика
Президенті тағайындайды. Қазақстан Реепубликасының кемінде бес жыл азаматы
болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы
бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика
астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенатқа депутат
бала алады.
Мәжіліс 77 депутаттан тұрады. 67 депутат бір мандатты аумақтық сайлау
округтері бойынша, ал 10 депутат партиялық тізімдер негізінде барабар
өкілдік жүйесі бойынша сайланады. Жасы жиырма беске толған Республика
азаматы Мәжіліс депутаты бол алады. Парламент депутаты бір мезгілде
қатарынан екі Палатаның депутаты бола алмайды; соңдай-ақ оның басқа бір
өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге бір
шығармашылық қызметтен басқа ақылы лауазым атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен
шұғылдануға, коммерциялық ұйымдардың басшылық органына немесе байқаушы
кеңесіне кіруге құқығы жоқ. Осының барлығы — депуаттардың үнемі Парламентте
жұмыс істеуі және тәуелсіз болуы үшін қойылатын шарттар. Парламенттің
алғашқы сессиясында Палаталардың бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан
халқына мынадай ант береді: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан
Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайта беруге, оның
Конституциясы мен зандарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген
жоғары міндеттерін адал орындауға ант беремін".
Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының өкілеттігі. Депутат
Парламент сессиясында және оның өзі құрамына кіретін органдарының
отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын
пайдаланады. Депутат Парламент пен оның Палаталарының үйлестіруші және
жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға, сессияның күн тәртібі жөнінде
ұсыныстар мен ескертпелер енгізуге; Парламенттің сессиясында Палаталарға
есеп беретін лауазымды тұлғалардың есептерін тыңдау жөнінде ұсыныстар
енгізуге; Парламент Палаталары сайлайтын немесе тағайындайтын не Парламент
пен оның сенаты тағайындауға келісім беретін лауазымды тұлғалардың
кандидатуралары жөнінде өз пікірін айтуға Парламент Палаталарының бірлескен
және бөлек отырыстарында қарау үшін ұсынылатын мәселелер бойынша Палаталар
Бюросында ұсыныстар енгізуге; Парламент пен оның Палаталары органдарының
отырыстарында қарау үшін мәселелер ұсынуға; депутаттық сұрау салуға;
Парламент қабылдайтын заңдардың, қаулылардың, басқа да актілердің
жобаларына түзетулер енгізуге; азаматтардың қоғамдық мәні бар пікірлерімен
Парламент депутаттарын таныстыруға; басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға
хақылы.
Депутат Парламенттің және оның өзі құрамына сайланған органдарының
жұмысына қатысуға міндетті. Депутат өзінің дауыс беру құқығын тікелей өзі
жүзеге асырады. Өзінің дауысын басқа бір депутат арқылы беруге
хақысы жоқ. Депутат кез келген мәселелер мен ұсыныстарды Палаталардың
қарауына енгізуге, мәселелерді қарауға әзірлеу және солар бойынша шешімдер
қабылдау ісіне қатысуға, сондай-ақ қабылданған шешімдерді жүзеге асыруды
ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау ісіне қатысуға хақылы.
Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына
осы органның немесе сол лауазымды адамның құзыретіне кіретін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері. Мемлекеттің түсінігі және белгілері
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет, теориялық негіздері
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет белгілері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекеттің түсінігі және мәні
Мемлекет түсігіні және мәні
Қазақстандағы құқықтық мемлекет
Құқықтық мемлекет туралы
Пәндер