Мейірбикелік үрдіс түсінігі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Мейірбикелік үрдіс түсінігі
  2. Медбикелік үрдістің кезеңдері
  3. Медбикелік үрдісті қолдану
  4. Мейірбикелік этика және деонтология

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Әрбір терапевтік бөлімшенің кұрамында емшара бөлмесі болады. Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған. Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағынмен және тамшылатып енгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар, қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалық және биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай-ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік шаралар (төс, өкпе қабы пункциясы және т. б. ) жүргізіледі. Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арнайы мейірбикені (3 жыл оқыған) таңдап алады. Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен, зарарсызданған үстелмен, (1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен, дәрілік заттар қоятын шыны шкафпен, қолдарды және кұрал-саймандарды жуатын колжуғышпен және т. б. жабдықталған. Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан (кафель, майлы бояу) жасалуы керек. Емшара бөлмесінде ауаны зарарсыздандыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.

Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0, 5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0, 5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0, 5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2, 5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2, 5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.

Мейірбикелік үрдіс

Мейірбикелік үрдіс - кәсіптік бикелік күтімді ұйымдастыру мен орындаудың ғылыми әдісі.
Мейірбикелік үрдістің мақсаты - ауру қалпындағы өмірді қолайлы қасиеттермен қамтамасыз ету, яғни емделушіні физикалық, психологиялық - әлеуметтік және рухани тыныштықпен толық қамтамасыз ету, басқаша айтқанда: емделушінің ағзасындағы 14 негізгі қажеттілікті қанағаттандыру, науқас тәуелсіздігін қолдау және қалыпқа келтіру.
Қажеттілік дегеніміз - адамның денсаулығы мен амандығы үшін маңызды психологиялық және физиологиялық тапшылық.
Адам өмір бойы қоршаған ортаға сәйкес өмір сүру үшін өз мұқтаждықтарын үнемі қанағаттандыруы қажет.

Американдық психолог А. Маслоу адамдағы 14 негізгі қажеттілікті қарастырды:

  1. Тыныс алу
  2. Тамақтану
  3. Ішу
  4. Бөліп шығару
  5. Қозғалу
  6. Дені сау болу
  7. Дене қызуын сақтау
  8. Ұйықтап, демалу
  9. Киініп, шешіну
  10. Таза болу
  11. Қауіпсіз болу
  12. Қарым - қатынас жасау
  13. Өмірлік қазынаға ие болу
  14. Қызмет ету, ойын ойнау, оқу

Медбикелік үрдіс 5 кезенге бөлінеді:

  1. Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау;
  2. Медбикелік диагноз (диагностика) ;
  3. Күтімді жоспарлау;
  4. Жоспарлауды жүзеге асыру;
  5. Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау.

1- кезең Емделушінің денсаулығы жайлы ақпарат жинау бағалау

Науқас туралы ақпарат көзі:

  1. Емделушіден сұрастыру
  2. Емделушінің мүшелерін және жүйелерін физикалық тұрғыдан тексеру
  3. Дәрігермен сұхбаттасу
  4. Емделушінің туысқандарымен сұхбаттасу
  5. Медициналық әдебиетті және күтім бойынша арнайы әдебиеттерді оқу.
  6. Емделушінің ауру тарихымен танысу

Медбикелік тексеру дәрігердің тексерумен алмаспайтын, тәуелсіз болып келеді, яғни дәрігер мен медбике өз жұмыстарында түрлі мақсаттарды көздейді.
Медбикенің міндеті - емделушіні толық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету, өзінің медбикелік міндетімен шектелген көмегін беру. Мейірбикеге аурудың сыртқы көріністері маңызды. Мысалы: демікпе, жөтел, қорқыныш сезім.

2- кезең Медбикелік диагноз (диагностика)
Медбикелік диагноз түсінігі алғаш рет ХХ ғасырдың 50-ші жылдары ортасында Америкада пайда болып, 1973 жылы ресми және заңды тұрғыда бекітілді. Медбикелік диагноз - емделушінің физиологиялық және психологиялық өмірлік маңызды қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған симптомдық немесе синдромдық диагнозы.
Медбикелік мәселелердің негізгі саласы
Медбике ауруды емес емделушінің ауруға және өз қалпына жауабын қарастырады. Бұл жауап:

  1. физиологиялық
  2. психологиялық және рухани
  3. әлеуметтік болуы мүмкін

Физиологиялық медбикелік мәселелер

  • созылмалы немесе жедел ауру;
  • жеткіліксіз немесе артық тамақтану;
  • ісіктер немесе сусыздану;
  • тұншығу;
  • әлсіреу;
  • гигиенаның сақталмауы т. б.

Психологиялық және рухани медбикелік мәселелер

  • қорқу, абыржу, тынышсыздану;
  • бос уақыт тапшылығы;
  • медқызметкерлерге сенбеу;
  • дәрілерді қабылдаудан бас тарту;
  • отбасындағы жанжал;
  • өлімнен қорқу.

Әлеуметтік медициналық мәселелер
әлеуметтік оңашалану;

  • мүгедектікке шыққанына байланысты қаржы жағын ойлап мазасыздану;

Мейірбике медбикелік ауру тарихына емделушінің жағдайын, ойландыратын мәселелерді жазады, артықшылықтарын айрықша белгілейді.
Артықшылық дегеніміз - емделушінің қазіргі кездегі басты, бірінші орынға қойған мәселелері. Мысалы, кеуде торының ауыруымен, бас ауруымен, ісікпен, демікпемен азап шегетін жүрек ауруымен ауыратын науқас өзінің ең басты азабы ретінде демікпені көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда «демікпе» артықшылықты медбикелік мәселе болып саналады.

Медбикелік диагнозды синдром ретінде қойса да болады. Синдром бір себеппен біріккен белгілердің жиынтығы. Мысалы, қан қысымы жоғары емделуші бас ауруына, айналуына, құлақ шуылдауына, жүрек айну т. б. белгілерге шағымданады. Медбикелік диагноз: қан қысымы көтерілу синдромы.

3- кезең Мейірбикелік көмекті жоспарлау

Медбике емделушінің күту жоспарын құрады. Жоспар міндетті түрде нақты болу керек.

Жоспарлау барысында әр артықшылықты мәселені, күтімнің мақсаты мен жоспарын тұжырымдайды. Мақсатты екі себептен белгілеу қажет:

  1. жеке медбикелік қатысудың бағытын көрсетумен;
  2. қатысу нәтижесі дәрежесін анықтаумен.

Мақсат қоюдың талаптары:

  1. мақсаттар орындалатын, қол жетерліктей болу керек.
  2. әр мақсаттың орындалу мерзімін нақты белгілеу қажет.

Жоспар түрлері:

  • Қысқа (1 аптадан кем емес) мерзімді- қысқа уақыт ішінде орындалады. әдетте аурудың жедел түрінде, мысалы уланғанда асқазанды жуу.
  • Ұзақ (апталар, айлар) мерзімді- ұзақ уақыт бойы орындалады. Олар асқынулардың алдын алуға, бейімделуге т. б. бағытталған.

Әр мақсат 3 компоненттен тұрады:

  1. іс-қимыл;
  2. белгілері: күні, уақыты, ұзақтығы;
  3. шарты - кімнің (ненің) көмегімен.

Күтім жоспарын құрастырғанда медбикелік істің стандартын басшылыққа алады.

Стандарт дегеніміз - берілген медбикелік мәселе бойынша сапалы күтіммен қамтамасыз ететін шаралар тізімі.
Стандарт медбикеге көмек ретінде жасалады, ол оның «шпаргалкасы» сияқты. Бірақ стандартта түрлі клиникалық жағдайларды алдын-ала ескеру мүмкін емес. Сондықтан оны ойланбастан қолдануға болмайды.
Медбике мақсаттарын анықтап, күтім жоспарын құрғаннан кейін сол іс - әрекеттерімен емделушіні таныстырып, оның келісімін алады және емделушімен бірге мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Күтім жоспары міндетті түрде медбикелік тарихта жазылуы керек.

4- кезең Жоспарлауды жүзеге асыру

Медбикелік іс- әрекет 3 түрлі қатысуды жоспарлайды:

  • тәуелді
  • тәуелсіз
  • өзара тәуелді

Тәуелді - дәрігердің нұсқауымен орындалатын медбикенің іс-әрекеті, мысалы әр 4 сағат сайын антибиотиктер инъекциясын салу, таңғышты ауыстыру, асқазанды жуу т. б.
Тәуелсіз - дәрігердің нұсқауынсыз өз ойымен қабылдаған және өз ықыласымен жүзеге асырылатын іс-әрекеттер.

Мысалы:

  • емделушінің өзін-өзі күтуіне көмек көрсету.
  • емделушінің денсаулығы жөнінде кеңес беру;
  • емделушінің бос уақытын ұйымдастыру;
  • емделушінің күнделікті белсенділігі мен демалысын дұрыс ұйымдастыру жөнінде нұсқау беру т. б.

Өзара тәуелді қатысу - дәрігер немесе денсаулық сақтау жүйесінің басқа маманымен бірлесіп қызмет ету. Мысалы: физиотерапевт, емдік дене шынықтыру маманы т. б.
5- кезең Көрсетілген күтімнің нәтижесін бағалау

Медбике қойылған мақсаттарға жетіп, мәселе шешілген болса, бұл мақсаттың астына қолын қойып, күнін белгілеп растайды, егер мақсат орындалмаса, мейірбике оның себебін іздестіреді. Кеткен қателікті табу үшін медбикелік процесс қайталанады.
Мейірбикелік процесс - медбикелік істің ғылым ретінде дамып, өсуін қамтамасыз етеді, медбикелік істі дербес мамандық ретінде қалыптастырады емделушілерге сапалы күтім ұсынады.

Медбикелік үрдісті қолданудың маңызы:

  1. Медбикенің жауапкершілігі артады;
  2. Қажеттіліктерді қанағаттандыруға шығармашылық жағынан қарауға мүмкіндік береді;
  3. Әр адамға жеке көмек көрсетіледі;
  4. Күтімді дұрыс жүргізуге мүмкінді береді;
  5. Пациенттер белсенді түрде дем алады.

Мейірбикелік сырқатнама. Науқасты бақылау .
Мейірбикелік үрдіс - бұл мейірбикелік тәжірибенің ғылыми тәсілі, екі жаққа бірдей тиімді күтім жоспарын орындау мақсатында науқас пен мейірбикені қоршаған жағдайды және бұл кезде пайда болатын мәселелерді анықтаудың жүйелі жолы.

Мейірбикелік үрдіс денсаулық сақтау тәжірибесіндегі мейірбикенің орнын түсінудегі жаңалық. Оның барлық қызметі науқастың күтім қажеттігін қанағаттандыруға, науқастың тәуелсіздігін демеуге және қалыптандыруға бағытталған болуы керек.

Мейірбике ісін үйретудегі негізгі аспектілер :

1. Науқас.
2. Мейірбкке ісі.
3. Қоршаған орта.
4. Денсаулық.
Еуропада ВОЗ қолданылатын аймақта мейірбике физиологиялық, психологиялық және әлеуметтікі қажетгіліктерді бағалайтын Вирджинии Хендерсон моделі ұсынылады.

Күнделікті қызмет түрлері (Хендерсон бойынша) :

1. Қалыпты тыныс.
2. Адекватты су және ішу.
3. Қалыпты шығарылым.
4. Қимыл және түрлі қалып.
5. Ұйқы және дем алу.
6. Сәйкес киім таңдау, киіну, шешіну.
7. Дұрыс киімді таңдап, дене қызуын қалыпты деңгейде ұстау.
8. Денені күту жэне таза ұстау, сырқы әлпетті күту.
9. Айналадағы кауіпті факторларға жоламау және басқаға зиян келтірмеу.
10. Эмоциямен басқалармен қарым- қатынас жасау.
11. Рухани ойдың сақталуы.
12. Нәтиже алып келетін жұмыс.
13. Ойнау немесе демалу.
14. Тану, қызығу. бір нәрсені ашу қалыпты дамуға және денсаулықтың жақсы болуына алып келеді.

Мейірбикелік этика және деонтология

Медицина саласындағы медициналық қызметкер мен пациенттің қарым-қатынасына қойылатын этикалық талаптар ерте заманнан бері қалыптасқан. Бұл мәселелер туралы көптеген атақты дәрігерлердің, соның ішінде Гиппократтан бастап, қазіргі заманауи биоэтика саласындағы зерттеушілердің еңбектерінде жазылған. «Медициналық құпияны» сақтауға қойылатын этикалықталаптар, «пациентке зиян келтірмеу» қағидасы, науқастың қамы үшін барлық жағдай жасау пациенттке деген сыйластықтың белгісі. Заманауи медициналық қызметкердің жұмысы одан жоғары деңгейдегі тұлғалық кәсіби жауапкершілікті талап етеді. Медициналық қызметкердің кәсіби жауапкершілігі моральдық, административтік және құқықтық жауапкершіліктен құралған күрделіқұбылыс.

Медициналық көмектің сапасысының жақсаруы мен қолжетімділігі - жыл сайынғы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында және 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада бекітілген, ҚР азаматтарының денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік саясаттың маңызды нышандарының бірі. Жаңа жағдайдағы реформалау мен қаржыландыру мақсатында, ҚР денсаулық сақтау саласының алдында: халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру, сапасын жақсарту және тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру сияқты күрделі мәселелер тұр. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасының объективті критерийлерінің бірі болып-этика-деонтологиялық критерий саналады, ал сапасының субъективті критерийлерінің бірі болып-пациенттің медициналық көмекке қанағаттану деңгейі және шағымының жоқтығы саналады .

Медициналық этика және медициналық деонтология - спецификалық жағдайдағы, үлкен парыздың, кәсіби қызметтің, жалпы адамзаттың адамгершіліктік үлкен міндетінің айқындылығы болып табылады. «Материалдық және рухани қызмет салаларында, денсаулық сақтаудың қызметкерлерімен басқарылатын, денсаулықты сақтау мен нығайтуда адамдар мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық адамгершілік факторларының жиынтығын» медициналық этика қарастырады. Медициналық этика мен медициналық деонтологияның мағынасы, денсаулық сақтаумен тығыз байланысты, медициналық қызмет саласындағы коммерцализацияға қатысты әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне, нарықтық, маркетингтік үрдістердің еңгізілуіне байланысты кеңейе түсуде.

Медицинадағы емдеу үрдісі барысындағы азаматтардың ерекше құқықтарының сақталуы керектігін және оның маңызды екендігін гуманистік тағлым ету дәлелдейді. Әрбір пациенттің белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар. Егер оларды бұзған жағдайда әкімшілік, тіпті заң жүзінде жауапқа тартылады. Медициналық этика да, заң да негізінде бір сұрақты реттейді, олар:дәрігерлердің, медқызметкерлердің, пациент пен қоғамның өзара қарым-қатынасындағы міндеттері мен құқықтары, медициналық көмек көрсету және көмек алу шарттары, көрсетілетін көмек сапасы, еңбек мерзімі, көлемі және еңбек ақының реттілігі, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейіргерлік үрдіс кезеңдері
Қант диабетінің патогенезі және этиологиясы
Коммуникативтік дағдылар
Денсаулық сақтау жүйесіндегі мейіргердің атқаратын рөлі
Мейірбике ісі мамандығы
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Асқорыту жүйесінің бұзылуы кезіндегі мейіргерлік үрдіс
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Медициналық этиканың дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz