WEB-САЙТТАР ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
1 WEB-сайттар түсінігі және оны құру негіздері
1. 1 WEB-сайттарға шолу және оны құруға қойылатын негізгі
талаптар
- WORLD WIDE WEB құрылымының сипаттамасы
1. 3 WEB-сайт құрылымының сипаттамасы және білім беру
порталы
2 Жаңа ақпараттық технологиялар құралын
пайдалана отырып WEB-сайтты құру
2. 1 WEB-дизайнды және броузерлерді құру және ортаға сәйкес
дайындау
2. 2 Сайттық беттерде программалау құралдарын қолдану
2. 3 Программалау тілін WEB-сайт құруда және дайындауда пайдалану ерекшелігі
1 WEB-сайттар түсінігі және оны құру негіздері
1. 1 WEB-сайттарға шолу және оны құруға қойылатын негізгі
талаптар
Информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр. Олай болса, жалпы білім беретін орта мектептегі Информатиканы оқыту әдістемесіндегі «Компьютерлік телекоммуникация» тақырыбы курстың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Енді дүниежүзілік байланысты қамтып отырған ИНТЕРНЕТ желісінің мумкіндіктеріне, қызметіне толығырақ тоқталайық. ИНТЕРНЕТ желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толтырылуда) қашықтық үғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң калдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуаттады. Бірақ адам жаңалықтарға тез үйренеді, қазір де ИНТЕРНЕТ жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді күнделікті қүралға айналып барады. Оның қүрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. ИНТЕРНЕТ жүйесіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. (INTERNET Society INTERNET қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісінің пайдаланушылар саны 1 жетеді деуі бекер емес те шығар. Мүнда таңғанарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге даналық көзі болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.
INTERNET деген не? Ол әлемнің әрбір түкпіріндегі компьютерлер байланысы болып табылатын кең көлемді, тармақталған желі. Кейбір мәліметтер бойынша INTERNET жүздеген мемлекеттерді және 1, 7 миллион байланыс компьютерлері қосылған 18 мың жеке желілерді біріктіреді, және де оның 35 миллион қолданушылары бар. Егер 1988 жылы INTERNET 100-ге тарта желілерден тұрса, ал 1989 жылы оның саны 500-ге, 1990 жылы 2218 желіге артты. 1991 жылы АҚШІ-тың Үлттық ғылыми қорының желілі ақпараттық ортасы, желілер санын 4 мыңға жуық деп бағаладьт. Ал одан кейін олардың саны 4 есеге артты. Дәл қазіргі уақытта желілерге қосылу санының өсуі айына 15%-ті құрайды. Компьютерлерді қолданушылардың көбі үйде де, жұмыста да INTERNET - ке косылудын мүмкіндігін алғылары келеді. Мұның ең қарапайым шещімі-модем және телефон сымы аркылы байланыс компьютерлеріне жалғану.
Бүгінгі күнге дейін INTERNET -ке кіру қиын болды, бірақ желіде қызмет көрсетушілер санының көбейуі жағдайды өзгертті. 1993-1994 жылдың бірінші жарты жылында INTERNET -ке қарапайым телефон арқылы қосылған қолданушылар саны 50-80%-ке көбейді. Оны ойлап шығарушы АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің жетекшісі, Зерттеу Жобалары Агенттігінің өтініші бойынша 1969 жылы Воld, Вегапеk аnd Newman (ВВN) компаниялары ашкан АRРАNЕТ желісі болды. АRРАNЕТ негізін қолданушылар алғашында ғалымдарға жүйеге кіріп программаны бөлектенген компьютерге жіберуге ғана рүқсат берді. Біраз уақыттан соң бүл әрекеттерге файлдар жіберу, электрондык почта немесе ғылым мен техниканың бір облысында жұмыс істейтін ғалым зерттеушілердің мәлімет алмасуын камтамасыз ететін, тарату тізімі сияқты жетістіктер қосылды. Бірақ АRРАNЕТ-тің дамуымен қатар басқа да желілер жетіліп отьгрды. 1973 жылдарт АRРА агенттігі өзінің жаңа DARPА атымен Іnternetting Рroject программасын жасай бастады. Оның мақсаты- информацияны таратудың әр түрлі әдістерін қолданатын желілерді біріктіруді анықтау болды.
Дегенмен, ИНТЕРНЕТ тек желі ғана емес желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын қүрайды. Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелеріеде, тіпті мектептерде де орнеласқан. INTERNET-тің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВ8 тәрізді жұмыс істейді. Мұның өзі INTERNET -ке қосылған басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттердің мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурстар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы қүжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны алуға мүмкіндік бар.
INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон желісінің иесі кім? Ешкім де емес. әрине оның бөліктерін біреулер иемденеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес:бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, телефон жүйесі қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель күнын-кімдер, қалай бөлісіп көретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникальгқ мәселелерін бірігіп анықтап отырады.
INTERNET-ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді делік. Олай болса, scuba (акваланг) жаңалыктар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатындығыңызға сенгіміз келеді) .
Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? т. с. с. Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалардьт қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады. 3
INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET технологиясы жылдам өзгеріп отырады. INTERNET -тің білмейтіндер үшін арналған 3-ші басылымын оқып болғаныңызша, қолыңызда оның 4-ші басылымы түрады. Олардың бір-бірінен айырмашылығы соншалықты үлкен бе? деген сүрақ тууы мүмкін. Әрине, бір жылдың ішінде көп нәрсе өзгеріп үлгереді. INTERNET -пен жүмыс істеу оңайланғандықтан, қазіргі өзгерістер торапты кім немесе қандай мақсатпен қолдануында болып отыр. Бүл өте қызық. Дегенмен, "Web-тен білгім келген нәрсе туралы, информация таба аламын ба"- деген сүрақ туындайды. Сол себепті бір жаққа телефон соғудан бүрын немесе кітапханаға барар алдында Web-тен информация алады.
Адамдарды іздеу. Егер қажетті адамыңыздың қайда екенін білмесеңіз, оны қайда болмаса да сіз қазіргі уақытта тауып алу мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін сіз қызмет каталогын немесе телефон кітапшасын қолдана аласыз.
Компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді іздеу. Сары парақ (Үеllow Page) аты жаңа каталог қьгзметі- сізді қызықтыратын мамандықтары бар компанияларды іздеуге мүмкіндік береді. Оның адресін тез табу үшін сіз сол облысқа сәйкес кодты бере аласыз. Осылайша өзіңіз қолыңыз жетпей жүрген затыңызды да табуыңызға болады.
Зерттеу. Заң кеңселері бүрын қажетті информациялар үшін сағатына $8600 төлесе, қазір олар оны INTERNET -тен өте аз бағаға ала алады. Жылжымайтын заттармен айналысатын фирмалар, олардың бағасын бағалау үшін INTERNET INTERNET -ке сай келетін демографиялық мәліметтерді пайдаланады. Ғалымдар өздерінің соңғы зерттеу нәтижелерімен ауысады. INTERNET көмегімен бизнесмендер болашақтағы нарықтарды үйренеді. Білім. Мектеп мүғалімдері бүкіл әлемдегі оқыту программаларын бақылап отыра алады. Колледж окушылары өз шаңырақтарымен электрондық почта арқылы хабарласып, сонымен қатар телефонмен сөйлесу ақысын үнемдейді. Студенттер компъютерде курстык жүмыстарын жасайды. Сонымен қатар, диалогтық режимде энциклопедияның соңры басылымын және басқа да қажетті материалдарды алуға болады.
Маркетинг және сауда. Мұнда программалық жабдықтарды шығарушы компаниялар өз өнімдерін сатып, желіде жаңа нүсқаларын үсынады. Желі көмегімен басқа да түрлі өнімдер сатылады. Электронды кітап және грампластинка дүкендері оперативті режимде істейді. Клиент өзіне қажетті мәліметті каталогтардан көре алады.
Денсаулық сақтау. Науқас адамдар мен дәрігерлер денсаулық сақтау облысындағы соңғы ашылған жаңалықтарды біліп отырады. Өз білімдерімен алмасып және медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесіп отырады. INTERNET - бүкіләлемдік анықтама жүйесі.
Бүгінгі таңда бүкіләлемдік желі-250 млн. қолданушыны біріктіретін өте тез дамып келе жатқан жүйе. Күн сайын бүл «бүкіләлемдік өрнектің» тағы да бір жарнама түрі немесе араласу ортасы ғана емес, негізінен үлкен мүмкіндіктері бар нарықтық сайман екендігіне көз жеткіздік. INTERNET -ке кірген атақты компаниялардың, сның ішінде ComputerWold мәліметі бойынша 2000 жылы INTERNET -тің жалпы айналымы $196 млрд. болады. Оның $30 млрд. мүмкіндіктер алудан, $23 млрд. қаржы сервисінен, $87 млрд. жеке саудадан түседі екен, Осыған үқсас мәліметті "Forreester Researsh Inc» компаниясы береді. Оның мәліметі бойынша INTERNET айналымы 1996 жылғы $520 млн. -нан 2000 жылы $6, 5 млрд-ка өседі екен.
Дамушы елдерде Web дүкеніндегі сату және сатып алу жаңалық емес. 1998 жылғы Commerce Report-хың зерттеу материалына сүйенсек 2002 жылы түтынушылар Оnlіnе өнімдеріне $26 млрд. жүмсайды. Осыған байланысты ИНТЕРНЕТ өнеркәсіптер арасындағы ең жылдам өсетін секторы болып табылады. Бұл сектордың жылдағы берілген көлемі $26 млрд, яғни ең көп пайда дәл осында алынады. Сонымен қатар, INTERNET -ті қолданып көп пайда табатын секторларды келтірейік. КПЖ(компьютерді программамен жабдыктау), және аппаратураларды сату, қаржы немесе сақтандыру қызметтері, кітап сату немесе туристік бизнес т. б.
Қазақстанның базаларында ИНТЕРНЕТ-тің барлық мүмкіндіктерін толық түрде меңгеру әлі басталған жоқ. Қазақстанда қор туралы информация беретін жалғыз сервердің ашылуы, біздің еліміздегі қаржы және қор ИНТЕРНЕТ -інің дамуын сараптауға шамасы келе бермейді. Ресей бұл жағдайда бізбен салыстырғанда анағүрлым алда. ИНТЕРНЕТ мүмкіндіктерін меңгеруді Ресейдің қор базары ГКО-Инвест пайда болғаннан бастады. Бүл сол уақыттағы ИНТЕРНЕТ арқылы жүмыс істейтін және өз мәліметтерін тарату протоколын қолданатын алғашқы жүйе болды. Қазіргі уақытта ИНТЕРНЕТ арқылы базарлар үшін берілетін қызметтер тізімі кең көлемді және әртүрлі. ИНТЕРНЕТ -те бағалы қағаздар базарынан профессионал қатысушы өзіне қажетті не таба алады? Мамандар айтуы бойынша қаржы информациясының 5 түрі бар.
Аналитика. Экспертті аналитикалық басқару.
Котировка. Белгілі уақытта болатын кез-келген бір сауда алаңының котировкалық информациясына кіру. Бүл жерде клиент тек ИНТЕРНЕТ -ке қосылса жеткілікті.
Архивтер. Бұл өте көп мәліметтер қорына кіру, мүмкіндіктер алу.
Жаңалықтар лентасы. Жаңалықтар периодты түрде жаңарып отыратын Web-сайт сервер жүйесін қолдану.
Деректі информация. Бүл- анықтамалық информациялар. Бүған тіркелген мәліметтер, прессаның электронды қосылуы т. б. жатқызуға болады.
- WORLD WIDE WEB құрылымының сипаттамасы
World Wide Web (WWW web), яғни, "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне электрондық саяхат жасайтын гипертекстік жүйе болып табылады. Қазіргі кезде әртүрлі мәлімет алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде WWW есептеледі. -тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіул, әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер арқылы іздеу жүргізіледі. өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып көре бересіз, бірақ қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес. WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Гипертекст деген не, егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәлеметтер құрыльшын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компьютерінің Нурег Сагd файлын көрсеңіз, сол гипертекст мысалы бола алады.
Web жүйесімен жүмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. Unix операциялық ортасында сервистік қызмет көрсететін компания жасап қойған арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін WWW нмесе lunx сөздерін енгізу керек.
Егер түрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігі де бар.
Өз компьютерін WWW -ке қосқысы келген алғашқы қолданушы- WWW пен телефон сымының қалай байланысқанын біле бермейді. Олар ДК-дің әрбір қолданушысы үйіндегі немесе офистегі жай телефонмен ИНТЕРНЕТ-ке шыға алады ма? деген сұраққа жауап іздейді. Расында да бұл солай, бірақ бұл жерде телефон желісі және ИНТЕРНЕТ желісі - әртүрлі мекемеге бағынышты екі басқа коммуникациялық каналдар.
WWW -ті өте қарапайым түрде әлемнің әрбір түпкіріндегі сервер болып табылатын және информация сақталатын жүздеген мың компьютерлер желісі деп түсінуге болады. ИНТЕРНЕТ-тің әрбір бөлігіне немесе бөліктің кейбір желісіне орнықтырылған саймандар мен байланыс каналдарына жеке мекемелер қызмет көрсетіп түрады. Олар мемлекеттік және коммерциялық мекемелер болуы мүмкін.
Сіз өз компьютеріңізді ИНТЕРНЕТ-ке қарапайым телефон сымы арқылы қоссаңыз, бүл компьютеріңіздің модемі сіздің аудандық АТС арқылы жақын WWW желісіне орналастырылған модеммен байланысуы керек. Бүл қарапайым телефонмен сол жерге телефон шалу сияқты.
Телефон арқылы қосылған ИНТЕРНЕТ серверлерімен жүмыс істеуді электронды жарнама тақтасы (ВВ8) мен Опііпе информация қызметіне қосылуымен шатастырмау қажет. ВВS ИНТЕРНЕТ-тің бөлігі болып табылмайды. Оған телефон желісін қолдана отырып, модем көмегімен тікелей қосылады. Осылайша, егер ВВ8 Мәскеуде орналасқан болса, ал сіз Алматыдая хабарлассаңыз, онда қалааралық байланыс үшін ақы төлейсіз.
WWW -тің жетістігі- сізге қажетті компьютер қай континентте болса да байланыс ақысы WWW -ке қосылу уақыттарына ғана алынады. Сондықтан да WWW -тің осы қасиетінің арқасында ранаулы программалар жасалды. ИНТЕРНЕТPhone SoftWare - ИНТЕРНЕТ каналдарымен телефон байланысын жүргізу.
Айта кететін жағдай, ИНТЕРНЕТPhone - нің артыкшылықтарьша карамай өзіне қатысты шектеулері бар. Біріншіден, байланыс жасау үшін сіздің компьютеріңізде және сізбен байланысушының компьютерінде де модемнен баска, өте қажетті мультимедия саймандары, дыбыс адаптері, микрофон болуы керек.
Екіншіден, екі компъютер де жергілікті ИНТЕРНЕТ-пен байланысқан болуы керек және де телефон шалынған уақытта екі компьютер де қосылуы керек.
Үшіншіден, екі байланысушы адамдар сол уақытта компьютерде отыру үшін, телефон сағатын, уақытты анықтап алулары қажет.
Төртіншіден, сіздің модеміңіз 14400 бит/с жылдамдықпен байланыс каналын қамтамасыз етіп отыруы керек.
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және онын қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жүмысқа керекті ақпарат, сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мүндай мақсат үшін файлды тасымалдау протоколы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol - FTP) . Практикада FTP не ftp термині жиі үшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда файлды алу үшін компьютерде йр жеткізу деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FТР- сервер деп аталады. Көптеген FТР - серверлер барлық адамдар үшін ашаық болады, кез-келген жан одан администратор рүқсатымен әртүрлі мәліметтер ала-алады. Бүл тәсіл анонимдік FTP деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе паролъ ретінде әркім өзінің почталық адресін енгізеді. Ал кей жағдайда мәліметті пайдалану үшін кіру атауын (named) немесе паролін (password) білу қажет болады.
FТР- серверінің мәліметтерімен қатынас жасау үшін әркім стандартты кіру сүхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал: open ftp. reclom. ru named password - FТР серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы, open FTP-сервермен қатьтнас жасауды сұрау, ftp. reclom. ru FТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе апопітоиз, password- сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-mail) адресі; пароль немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FТР- сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады.
Пароль мен атау дурыс болса, қатынасу қүқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді
cd-каталог аты-каталогты ауыстыру
cd. . - жоғары деңгейдегі каталогқа көшу,
get файл аты- РТР -серверден файл алу,
Ьіпагу- екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауьгсу, dіг- ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
ИНТЕРНЕТ ішінен керекті мәліметті іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік.
Сонымен ҒТР-серверімен жұмьтс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз желіге кіріп жүмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңізде, өзіңізге керекті мәліметтер тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады, мындаған парақтан түратын мәліметтер ішінен керектісін таңдауыңыз қажет.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап таппаса, онда сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мүндайда басқа да және қысқа сөздерді пайдалана отырьш, тағы да іздеу жүмысын жүргізу керек.
1998 жылы наурыз айынын басында Республика телекоммуникациялық компанияларының басқаруымен "телекоммуникация ассоцияциясы" деген жаңа ұйым пайда болды. Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты- кәсіпорынның іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясынын дамуын, ақпараттық технологияны пайдалануды және байланыс қызметін ұсынады.
Ассоцияның негізгі сан есебінде отандық және шетелдік операторлар арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсғету көзделген. Осыған орай- тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы қызметті де қамтиды.
Ассоцияция әртүрлі халықаралық мекемелермен байланысып, Республиканың үкімет комиссиясына қатысуы мүмкін.
Қазақстандағы Интернет адресациясы Kazakhstan News
Ошибка! Закладка не определена Ошибка! Закладка не определена Almaty
Oldtown. htm
Қазақстанда жаңа парк ашылды
Мұнда - электрондық WWW-тің өсуімен қоса, көптеген қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта, әртүрлі анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры кіре бастады. Мысалы, сайтта http://www. hollywood. com немесе http://cinemania. msn. com. Өзінізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм туралы толық анықтама аласыз.
1. 3 WEB-сайт құрылымының сипаттамасы және білім беру
порталы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz