Жалпы орта мектепте сюжеттік көп тұлғалық картина композициясын оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін талдап тұжырымдау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

I бап. Наурыз композициясын бейнелеу негізі

  1. Наурыз сюжеттік композиция орындау жұмыс әдістемесі . . . 10

1. 2 Наурыз композициясында арнайы мерекенің орны . . . 14

1. 3 Тері илеу технологиясы . . . 17

II бап. Наурыз композициясын практикада орындау

2. 1 Наурыз композициясына арналған эскиздер варианттарын іздестіру жұмыстары . . . 44

2. 2 Негізін дайындау, Наурыз композициясын орындау және безендендіру . . . 46

2. 3 Диплом жұмысы негізінде наурызға арнап тәрбие сағатын өткізу . . . 47

Қорытынды . . . 55

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 59

Кіріспе

Бейнелеу өнерін мектепке оқыту әдістемесінде сюжеттік, жанрлық, живописті оқыту, ол арқылы көркем білім беру жолдары әлі де жан-жақты қарастырылмаған. Мектеп бағдарламасында сюжеттік, жанрлық композицияның оқыту тәсілдері, орындалу жолдары нақты көрсетілмейді.

Алайда көпшілік жағдайда бастауыш сынып оқушылары сюжеттік бейнелер салуға сол арқылы өз ойларын көрсетуге құмар екендігі оқушылардың бейнелеу жұмыстарынан байқалады. Сюжеттік бейнелер арқылы өздерін қызықтыратын түрлі тұрмыстық бейнелер, қоршаған орта әлемін, ұлттық дәстүрлерін, той жиындар, ойын түрлерін және т. б. суретер салып өз ойларын бейнелеуге өте құмар. Бұны 1-6 сынып оқушыларының жазықтықта бейнелеу практикалық сабағында орындаған суреттерін талдап бағалау арқылы көз жеткіземіз.

Көпшілік жағдайда мектеп бағдарламаларында, оқыту тәжірибесінде бұл жанр композициясын оқыту сол арқылы эстетикалық тәрбие беру көздері, әдіс-тәсілдері толық қарастырылмайды. Осыған орай біз де өз дипломдық жұмысымызда сюжеттік, жанрлық живопись өнерін оқыту жолдарын теориялық негізде қарастыруға, талдап көрсетуге тырыстық.

Қазіргі кезеңде бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары көркем тәрбиеге баулу мен оқыту жүйесінің әлі де дұрыс жолға қойылмағандығын көрсетеді. Әсіресе жалпы орта мектептерде бейнелеу өнері сабағында сюжеттік жанр кең көлемінде жүргізілмейді.

Көпшілік жағдайда сюжеттік жанрды күрделі деп есептеп, оны үйретуге, оқытуға онша мән берілмейді. Мектеп оқушылары сюжеттік сурет сала алмайды деп есептейді. Жай ғана адамның жалпылай тұрпайын салғызып қана қоюға тырысады. Бұл әрине дұрыс көзқарас емес. Бейнелеу өнерінің практикалық жұмыстарын жазықтықта бейнелеу қызметінің барлық түрлерін өнердің барлық жанрларында түгелдей көрсетілуі тиіс.

Бейнелеу өнері сабағында оқушылар өз мүмкіндіктерін шама шарқынша көркем сюжеттік картина салуы тиіс. Оны үйрету, оқыту жолдары жан-жақты қарастырылып, оқушы жас ерекшеліктеріне сай портрет көп тұлғалы сурет түрінде орындалады.

Көркем сюжеттік картина салу жолдары, оны оқыту әдістемелері көптеген ғылыми педагогикалық әдебиеттерде қарастырылған. Тұлғалы картина орындау, сюжеттік жанр туралы А. Д. Алехин, О. А. Авсиян, Г. В. Беда, Н. Н. Ростовцев, Б. К. Барманқұлова, В. С. Кузин, Н. Н. Волков, В. В. Шорохов, В. Н. Стасевич т. б. суретші ғалымдар еңбектерінде қарастырылған.

Ал мектеп оқушыларына бейнелеу өнері сабақтарында сюжетті оқыту әдістемелері педагог ғалымдар Б. Б. Алексеева, А. Д. Алехин, И. П. Шлинская, Н. Н. Ростовцев, В. С. Кузин, Е. В. Шорохов еңбектерінде көрсетілген.

Біз өз дипломдық жұмысымыздың теориялық түсініктеме бөлімінде жазықтықта бейнелеу сабақтарында сюжеттік жанрды оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін қарастырдық. Бұл жұмыста сондай-ақ бейнелеу өнері сабақтарында көп фигуралы сюжеттік жанр арқылы оқушылардың творчествалық қабілеттерін дамыту жолдары қарастырылады.

Дипломдық шығармашылық жұмысымыз «Наурыз» (тері, акварель) . Живопистік тәсілмен акварель бояуымен орындалған. Шығарма композициясымен кейіпкерлер тұлғаны, психологиялық, көркемдік негізде талдап көрсетуге тырыстық.

Шығармашылық жұмыс горизонталь форматты теріде акварель бояуымен сюжеттік жанр тұлғасында орындалған. Теориялық түсініктеме хаты үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде көп тұлғалы сюжеттік картина орындау жұмыс жолдары, әдістемесі қарастырылады. Мұнда жанрлық сюжеттік картина мазмұны, оның орындалу жолдары, көп тұлғалы бейне салу тәсілдері қарастырылады.

Екінші бөлімінде сюжеттік картина композициясы туралы жалпы түсініктер және оны оқыту жолдары әдістемелері талданып көрсетілді. Жалпы живопистік композициялар орындау заідылықтары, тәсілдері сипатталады. Көп тұлғалық сюжетегі композиция ерекшелігі, орындалу жолдары, композицияның құрылымы, оларды оқушылар жұмыстарында қолдану жолдары талданып көрсетілді.

Бекітілген тақырып бойынша шығармашылық жұмыс орындау жолдары, кезеңдері, орындау процесі талданып көрсетілді.

Шығармашылық жұмыс орындау барысында жинақталған қосымша материалдар: этюдтік нобайлар, эскиздер туралы түсініктер берілді.

Дипломдық жұмыс нысанасы

Сюжеттік көп тұлғалық живопистік шығарма орындау. Оқушылардың көп тұлғалық сюжеттік композиция құра білу әдет-дағдыларын дамыту.

Димпломдық жұмыс пәні: сюжеттік көп тұлғалық композиция құра білу дағдылары, тәсілдері. Оқушылардың сюжеттік композиция құру білу әдет-дағдыларын жазықтықта бейнелеу сабақтарында қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың мақсаты:

Жалпы орта мектепте сюжеттік көп тұлғалық картина композициясын оқыту жолдарын, әдіс-тәсілдерін талдап тұжырымдау. Сюжетті композицияны «Наурыз» тақырыбында орындау.

Дипломдық жұмыстың әдістемесі:

  • Педагогикалық, эстетикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттерге талдау;
  • Тақырып бойынша нобайлар, долбалар, эскиздер, этюдтер орындау;
  • Оқушылардың сюжеттік жұмыстарын талдау.

Біздің дәуірімізде көптеген ұғымдар мен құндылықтар шатасып қана қоймайды, араласқан күйінде жүзеге аса береді. Мысал ретінде түрлі елдердегі жаңа жылды мерекелеуді алуға болады.

Қазіргі әлемде дүниенің әр түкпірінде жаңа жыл түрліше аталып өтеді және алуан мазмұнға ие:

- шығыста о бастан жаңа жыл астрологиямен байланыста және айлық күнтізбеге сәйкес мерекеленеді;

- батыстағы жаңа жыл Исус Христың туылған күніне орайластырылған;

- бұрынғы кеңестік елдерде жаңа жыл күнтізбелік жыл басы ретінде аталып өтеді . . .

Әрине, аталған үрдістердің алуандығын былықтан гөрі мәдени араласым деген дұрыс болар, тарихи үдеріс барысында әрбір ел өзіне сай дәстүрді әлгі араласымға негіздеп қалыптастыратыны белгілі. Алайда, соның бәрі белгілі бір тарихи тамырға негізделіп жатады.

Дегенмен де, бірінші қаңтар дүние жүзінде жаңа қаржылық экономикалық жыл мен күнтізбелік жыл басы болып саналады. Ежелгі Ұрымда жыл басы наурыз айында аталып өтсе де, Рим империясынын Григориан күнтізбесін жасап, уақытты өлшеу басые қаңтардан бастауды енгізгені кеше ғана. Ал, бірінші Петр патша жыл басын қаңтарға ауыстырғанға дейінгі жарлығына щейін, Ресейде де жыл наурызда ауысып келеді.

Өз кезінде Кеңестер одағы бірінші қаңтарға арнайы мән беріп, жыл басы етіп канондады. Бұл мән бірте-бірте түрлі атрибуттармен толығып, бірінші қаңтар жер шарының алтыдан бір бөлігі үшін нағыз жаңа жыл басы болып кірікті. Соңғы ондаған жыл ішінде кеңестік кеңісте бірінші қаңтарға байқаусыз түрде астрологиялық мән де тықпаланды, яғни, шығыста туындаған он екі жылдық астрологиялық мүшелдің бірінші қаңтарға қатысы болмаса да, сол күннен бастап енгізіле бастады. Жыл басын мерекелеуді Наурыз айында өткізу дәстүрін адамзаттың алты мың жылдық тарихын ұйыстырған батысазиялық ежелгі Месопотам жерінің тұрғындары қолға алғандығы тарихшылар арасында дәйекті пікірге айналуда. Ал Қосөзен мәдениетінің пайда болып орнығуына еуразиялық көшегендердің арғы бабалары болып табылатын метал өндірісін игерген ежелгі тұрандықтардың тікелей қатысы барлығы да байсалды ғылыми тақырыпқа ойысты.

Жылдық алмасым Тибетте қаңтардың ортасында, Жапонда, Қытайда, Кәрей де, т. б. елдерде ақпанда, ортаңғы Азияда наурызда алмасады. Алайда, Ресейді қойғанда, өзінің жаңажылдық тарихы мен ежелгі дәстүрі қалыптасқан Қазақстанда қазіргі кезде күнтізбелік жылдың астрологиялық мүшелмен сәйкестелуі қайран қалдырады. Бұл жайт, сірә, қазақ халқының әлі де рухани дербестеле қоймағандығын, сана қамытының әлі де сылынбағанының белгісі болса керек.

Жалпы алғанда, Дүние жүзінде аталмыш мереке не діни сыйпатта, не экономикалық - шаруашылық жылының жаңаруы түріндегі азаматтық мазмұнда аталып өтеді. Батыстық елдерде бұл мереке Иса пайғамбардың туылған күні ретінде атап өтілсе, жаңажылдық дәстүр мен жылсанақ (летосчисление) салты мыңдаған жылдарды қамтитын кәрі шығыста өздерінің жаңажылдық төл мерекелері ырымдық жоралғыларымен аталумен бірге, еурожаңажылдық мерекені де мейрамдаудан бас тартпайды. Ортодоксалдық арап елдерін қоспағанда, исламдық көптеген елдер де бұл мейрамды ермек етеді. Бұл - жаңа жылдық жаһандық мазмұны мен уақыттас сыйпаты, адамзаттық тұрпаты.

Десек те, бүгінгі жаңа жыл рәсімі әлемдік мәдени-рухани араластықтың түзіндісі екенін жоққа шығару қиын. Мәселен, христиандық дәстүр талабына икемделген Рождествоның басты атрибуты болып қалыптасқан батыстық Санта Клаус кейпі Наурыз кезіндегі Ортаңғы Азиялық қызыл телпекті Сайқы күлдіргінің «шапанынан» шыққандығын байқауға болады. Тіпті, бұл енгізімдер дәуір сайын жаңартылып, қырналып, байқаусыз түрде байытылып келеді, оған Сантаның финдік Лапландия деген мифтік мекенінде туылғандығы да санаға сіңіп болғандығын жоққа шығармаймыз. Бұған белгілі құмық тарихшысы Мұрат Аджы («Кипчаки») еске түсірген Шырша (йол) мерекесіндегі Өлгеннің (Ульген) рөлін ойға алсақ, оның Сантаның түп бейнесі екендігін байқауға әрі, оның кейпінің қаншалықты өзгеріске түсіп, қандай күйге ұшырағанына көз жеткізуге болады.

Сайып келгенде, бүгінгі жаңажылдық рәсім адамзаттық алуан жұрттың рухани көшінен қалған жұрт секілді, кімнен не қалғанын айыру қиын. Мәселен, қазақтың жеті дәмнен пісірілетін наурызкөжесі мен «Нанакуса мацури» аталатын жапондық жаңа жылда жеті шөп қосылған яаяпкуса аталатын күріш көже пісірілетінін, ал түрлі тағамдардың «басын біріктіретін» жаңа жылдағы франсуздық олевье салатын бір біріне қалай қарсы қоямыз не бір бірінен қалай тудырамыз? Бұлар адамзаттық рухани ұлы көштің жұртындағы із емес пе?! Десек те, кейбір жайттардың басын ашуға болар.

Жалпы, еуропалық жаңа жылдың туындауы Иса пайғамбардың туған күнінен емес, христиан дінінің қалыптасып, діни жоралғыларын өзіне дейінгі рәсімдермен толықтырып болған сонау IV ғасырдан бастау алады. Және де бұл үдеріс еуразиялық көшегендердің еуробасқыны болған кезбен шамалас. Мұның үстіне қазіргі орысша «елка» (йолка) аталып жүрген жылдық ағаштың мәні түркілердің рухани Аспан мен Жердің арасындағы өмір ағашының рухани атауы - ЙОЛ, яғни Аспан мен Жерді байланыстырущы жол дегені! Алайда, йол мен ежелгі римдіктердің лавр ағашын, ал герман тайпаларының жаңа жылда шырша тігуінің арасында байланыс жоқ емес деп те айта алмаймыз. Алайда, ғылыми дәйек болмаса, бірінен бірін тудыруға асығудың қажеті және жоқ. Әйтеуір, адамзаттық осы «йолкамыз» адам тілегін Көкке жеткізетін жанды рухани «антенна» болғаны. Бұл турасында арнайы зерттеме жасауға болар, бірақ біздің айтқымыз келгені - әлемдік жұрттар секілді ат үстіндегі ата - бабамыз да адамзаттық ортақ құндылыққа өз үлесін қосып үлгергендігін мойындауымыздың керектігі және содан бас тартудың барып тұрған рухани шектелудің көрінісі екендігі.

Наурыз - әлем халықтары арасындағы ежелгі және жылдың жаңаруын алғаш әйгілеп, адамзатқа дәстүрлеген бірден бір әуелгі мереке. Бұл дәстүрдің аталуы мен «наурыз» сөзінің түрлі нұсқаларының таралу аумағына қарағанда, оның адамзаттық жыл мерекесі екенін мойындауға тура келеді. Наурыз айымен байланыстыра жаңа жылды атап өту Алтын орданың қыйрандысында пайда болған патшалық Ресейді былай қойғанда Византия мен Рим империясында да қасиетті мерекеге айналып.

Саясаттың өзгеруі Қазақстандағы Наурыз мерекесіне де салқынын тигізіп келді. 1926-1988 жылдар арасында жалпыхалықтық сыйпаттан өңірлік және ауылдық ауқымға тықсырылды. Наурыз көптеген атрибуттық және мазмұндық тұрпатынан ажырап, қарабайырланды әрі сүреңсіз тартты. Ескеретін бір жайт, Кеңес өкіметі тұсында ресми мерекеленбесе де, халықтық ауқымда Наурызды ескеру мен оның кейбір рәсімдерін атқару ешқашан тоқтаған емес! Әсіресе, елдің батысы мен оңтұсы бұл мейрамға жаппай халық болып көңіл бөлетін, оған билік тарапынан соншалықты ашық тыйым болған емес. Алайда, оның ресми түрде қазақы Жаңа жыл ретінде мойындалмағаны да белгілі. Ұлыстың ұлы күні саналатын Наурыз мерекесі кеңес өкіметінен тәуелсіздік алған түркі елдерінде 1988 жылдан бастап қана ресми түрде қолға алына бастады.

Мемлекеттік мерекеге айналған Наурыз мейрамын ресми мерекелеу жөнінде соңғы кездері біршама сыни пікір қалыптасты. Соның бірі - «Наурыздың мерекеленуі Жаңа жылдың аталып өту деңгейіндей емес, тар ауқымда және жұпыны» дегендей уәж. Бұған қоса, «Наурыз мерекесі бұқаралық сыйпаттан ажырап, сахналық кейіпке еніп, аздаған жұртшылықтың қызықтауына ғана айналған фольклорлық қойылым көрінісінен аспауда» дегенде пікір бар. Қысқасы Наурыз мерекесі уақыт талабымен егемен елдің өміріне сәйкес бүкіл халықтық идеологиялық көз қуанышқа айналды деуге ертерек.

Шынында да, Наурыз жалпыхалықтық мерекеден гөрі, этнографиялық еске алу күніне айналып барады. Сондықтан да аталмыш мерекені мұндай қарабайырлықтан құтқаратын уақыт келді. Оның өзіне сәйкес атрибуттарын қалпына келтіріп, мерекелік ұғымдары мен мағынасын орнықтыратындай шаралар қажет. Ол үшін оған заман талабына сәйкес оның тарихи нышандары мен атрибуттарын лайықтап, қазіргі адам санасы қабылдайтындай, фольклорлық этнографиялық ауқымнан жалпықазақстандық мереке дәрежесіне жеткізген жөн, уақыттас әшекеймен, мүмкіндіктермен байыту керек. Ең бастысы - Наурыздың қайнар көзін тауып, басқы кейпін қалпына келтіруге тырысқан абзал. Ол мақсатқа жету үшін қолда бар нәрселерді зерделеп, талдап, жүйелеп, ғылыми сараптамадан өткен үлгі қажет. Бұл еңбекте сол ниеттен туылды.

Көптеген халықтардың салт-дәстүріне айналған Наурыз тойының қалыптасуына Табиғат пен Қоғамның, Ел мен Елдің, Адам мен Адамның ара қатынасындағы тепе-теңдік заңын бұзбайтын, бастау-бұлақтар мен таланттардың қайнар көздерінің ашылуына мүмкіндік туғызатын және әрбір жеке адамның ар-ұятын сақтайтын ұлы өнегелер мұрындық болған.

  • Дипломдық жұмыстың ғылыми және шығармашылық жаңалығы:

Жалпы орта мектептерде жазықтықта бейнелеу сабақтарында оқушылардың көп тұлғалық сюжетті картиналар орындаудағы композициялық әдіс-тәсілдерін меңгеруін дамыту.

Оқушылардың сюжеттік композиция орындауға деген қызығушылығын арттыру. Композиция әдіс-тәсілдерін меңгеруге және бейнелеуді көрсем образдың негіздерін игеру мүмкіншіліктерінде.

Шығармашылық жұмыста қазіргі кезеңдегі қоғамдық өзгерістердің, адамдар өмір тұрмысын көрсету.

Жалпы дипломдық жұмыс түсініктеме хат, теориялық бөлімнен, тақырып бойынша шығармашылық жұмыстан тұрады.

Теориялық түсініктеме бөлім үш бөлімнен; кіріспе, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.

I бап. Наурыз композициясын бейнелеу негізі

1. 1 Наурыз сюжеттік композиция орындау жұмыс әдістемесі

Тұғырлық (станоктік) живопистің мазмұнды және көп таралған түрлерінің бірі - бұл сюжеттік живопись (тұрмыс-салт, тарихи, батальдық, мифологиялық) . Бұл жанрлар картиналары адамдар өмірі, олардың қуаныштары мен қайғысы, жетістіктері мен алға қойған мақсаттары туралы баяндап береді. Сюжеттік жанр живописі суретшісі өз тақырыптарын қоршаған орта жиынтығынан алып бейнелейді. Мұндай живопись тұрмыс-салт немесе жанрлық живопись болып аталады. Мысалы, көптеген суретшілер сюжеттік жанрлық живописте үлкен жетістіктерге жетті.

Қазіргі кезеңде жанрлық живопись адамдар өмірінде зор роль атқарады. Бұл жанр живописі өмір тұрмыс жағдайларын бейнелеп адамдар толғанысын тудырып «өмір сабағы» болып та қызмет етеді.

Жанрлық живопись композициясы идеялық ой-тұжырыммен анықталады. Терең ой-тұжырымынсыз кез келген керек десеңіз, ең сауатты орындалған композициялық жұмыстың өзі көркем туынды бола алмайды. Көптұлғалы сюжеттік композиция орындау процесі бұл - идеялық ойды толықтыру, оны сомдау, оны жан-жақты ұйымдастыру, идеялық ойды жеткізе білу процесі болып табылады. Белгілі орыс суретшісі И. Крамской эскизді орындау, белгілі бір идея туындап адамды толғандырып тыныштық бермегенде ғана іске асырылады дейді.

Көптұлғалы сюжеттік композиция орындау кезінде белгілі бір формальды мақсаттарды шешуден, картинаны қандай да бір геометриялық схемалардан бастап орындау дұрыс емес.

Жұмыс тақырыбының өзі ерекше идеялық ой тұжырымын тудыруы мүмкін. Сондықтан қызықты да мазмұнды тақырып табылмайынша композициямен айналысудың өзі дұрыс емес. Тақырыптың өізнде суретті өз шығармасында көрсеткісі келетін идея, ой, суретті сезімі анықталып отырады. Көп фигураның сюжеттік композиция белгілі бір өмірлік, тұрмыстық жағдайларды терең біліп түсіну арқылы, ол туралы қомақты тәжірибе жинақтау арқылы ұтымды орындалады. Оны жай ойша құрастыра салуға болмайды. Суретшіде адамдарға жеткізетін жаңа ой, көрнекті идея және оны жеткізіп көрсетуге деген ішкі сезім, ұмтылыс болмаса онда ол көркем туынды жаза алмайды. Композицияда «идея» мен «тақырып» бірдей мағынаны бермейді. Көпшілік жағдайда суретшілер оны түсінбей бұл екеуіне бір мағына беріп жатады.

Көрмелердегі барлық картиналарда тақырып міндетті түрде болады, ол олардың көпшілігінде идея болмай жатады. Ал картинада идея негізгі рольді атқарады. Суретші тақырыпты тауып содан соң соның төңірегінде белгілі бір идеяны ойластыру қажет. Көптұлғалық сюжеттік композицияда мұндай идеяны ойластыру оңай емес.

Оны суретші жан-жақты ойластыруы керек. Сюжеттік картинада әр фигура тұлға өз ойын көрсетіп өз орнын таба білуі керек. Мұндай жағдайда әр тұлғаны қажетті орынға орналастыру керек. Олардың бір-бірімен байланысын табу, олардың қимыл-қозғалысын анықтау жай қарапайым нәрсе емес. Бұл өте күрделі процесс. Көптұлғалық сбжеттік картинада әр тұлғаның өзіндік ерекшелігі, көрсететін ойы болады. Ол тек қимыл қозғалыс, орналасуы ғана емес, бұл фигуралардың киімдерінен бояу түстерімен тондарынан, түстері мен жарық қараңғылық үйлесімділігінен де байқалып анықталады.

Осылайша белгілі ойды, идеяны тапқанда ғана сюжет қалыптасады. Ал идея мен сюжет әрқашанда сабақтастықта, күрделі байланыста туындайды. Идея жай ғана сызық, түс, тон т. б. құралдар арқылы ғана емес жанды нақты образда көрсетілуі тиіс. Көп тұлғалы сюжеттік картинада, егер картинадағы персонаждар мінездемей мазмұнға сәйкес болып олардың жай-күйі, қозғалысы, тұрған тұрысы онымен біркелкі сабақтасып жатса ғана бейне жанданып мазмұнда көркем образға айналады. Көп тұлғалы композицияда сюжеттік жеміс негізі, форманы жасап әрбір реалистік картинаның негізі болып қалады. Картинада сюжет әсер етуші тұлғалардың мазмұнының негізін, санын, олардың орналасуын тұлғалар өлшемін, көрсетуші нүктесін т. б. анықтайды.

Алайда бір ғана тақырып бірнеше идеяны көрсетуге, бірнеше идеялық незігде мазмұнын ашуға әсер етеді. Мысалы соғыс туралы тақырыптағы картиналар көптеп саналады. Ал, олардың әрқайсысының сюжеті әртүрлі. Әр суретші өз ойын, идеяны нақты ашық көрс ететін сюжет ізденеді. Тұңғыш мазмұнын толық және терең шешетін сюжетті суретші бірден таба қоюы екіталай, кейде ол мүмкін де емес.

Неғұрлым анық та, әсерлі ойды көрсету үшін суретшілге сандаған нобайлар, долбалар, эскиздер жасауға тура келеді. Сюжетті толық анықтаған соң суретші әдетте негізгі ойды көрсететін эскиздер жасауға кіріседі.

Картина, композициясы көп фигуралы сюжеттік картинада бейне уақыт ұзақтығын, яғни осы кезеңдегі, бұдан бұрынғы және осыдан кейінгі болған және болатын жағдайларды көрсете алатындай пішінде құрылуы тиіс.

Бұл жағдайда картинада өмір қозғалысы, өмір тынысы айқын суреттеліп картина жандана түседі. Бұл тәсілдердің барлығы көп тұлғалы сюжеттік композицияның міндетті орындалу жүйесін құрайды. Мұндай ерекше әдіс-тәсіл қолдану сюжеттік көп фигуралар живописінің негізін көрсетеді.

Бұл тәсілді тек қана сюжетті түсіну үшін ғана емес, персонаждар қатынасын, олардың қимыл-қозғалыстарын анықтау үшін де өте қажет.

Мұндай сюжетті бір жағдайға өту, өткен кезеңнен келесі кезеңге өту моменттерін таңдап алған жөн. Осылайша суретті көптұлғалы сюжеттік композицияда жанды қозғалысты уақытша сомдап көрсетеді. Мұндай картинада сюжет нақты анықталған соң персонаждардың психологиялық мігездемелерін анықтап алу керек. Әр персонаждың типін, мінезін осы жағдайға байланысты, мазмұнын анықтап алған жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Натюрморт бейнелеу өнерінің ерекше жанры
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Болашақ мұғалімдерді этнодизайн өнері арқылы көркемдік білім беруге даярлаудың педагогикалық шарттары
Пейзаж жанры туралы түсінік және оларды живопись технологиясында бейнелеудің теориялық ерекшеліктері
Орыс өнерінде пейзаждың гүлденуі
Бейнелеу өнерін оқыту
Бастауыш мектептердегі бейнелеу өнері сабағында табиғатты бейнелеу арқылы оқушылардың дүниетанымдық қызығушылығын арттыру
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz