Қарым қатынас дамуының негізгі онтогенетикалық кезеңдері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Қарым қатынас дамуының негізгі онтогенетикалық кезеңдері

Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса, ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады. Әсіресе баланың психикалық дамуына үлкен әсер ететін, оның онтогенездің алғашқы этабындағы үлкендермен қарым-қатынасы. Ол осы уақытта өзінін барлық адамгершілік, психикалық мінез-кұлық қасиеттерін қарым-қатынас арқылы қалыптастырады. Баланың дамуы қарым-қатынастан басталады. Бұл әлеуметтік белсенділіктің бірінші түрі және бұл онтогенезде пайда болады. Бала бұл кезде, өзінің жеке даралық дамуына керекті ақпарат алады. Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізгі, яғни генотипті оның анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі. Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып - барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым- қатынастар аймағымен өлшенеді.
Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелілігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді. Әрбір дара адам өзінің қлғамдағы өмірлік әдептерін ретттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы мүмкін. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігімен ерекшелігіне ие. Жеке адамның дербестігі оның ең жоғарға психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен - шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік - өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеуметтік шеңберінде қалып қоймай өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтіктопқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адмның жоғарға деңгейде кемелденгенінің дәлелі
Басқа әлеумет мүшелерімен жеке адам өз «мені» негізінде қатынас түзеді. Ғылымда «жеке адамдық рефлекция» деп аталған бұл «мен» ұғымы өз ішінде әр адамның өз жөніндегі танымын сезе білу сияқты сапаларын қамтиды. Жеке адамның өзіне өзі берген бағасының астам не төмен болуынан сол адамның ішкі жан арпалыстары келіп шығады. Қалай десек те тұлға туралы әркім әр түрлі түсінік берген. Қ. Жарықбаевтың айтуынша, жаңа туған нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды - көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам - мұраты, бағыт - бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс - әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман - жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар, жауыз, керітартпа, бұзық, қаскөй т. б. толып жатқан өкілдері бар болады. Адам - әлеуметтік тұлға. Ол өмірге келгеннен бастап әр түрлі әлеуметтік әрекеттестіктерге кіргізіледі. Адам тілі шықпастан бұрын ол әлеуметтік қатынасқа ие болады. Әлеуметтік үрдіс адамдардың қатынасы және бірлескен қызметтерімен тығыз байланысты, психологиялық көзқараспен қарағанда әлеуметтану механикалық бейнелеу сықылды қаралмайды. Әр түрлі тұлғалар бірдей жағдайлардан әртүрлі әлеуметтік тәжірибе шығара алады. Арнайы әлеуметтік институттарға ең маңызды функцияларының бірі болып әлеуметтік тұлға, оған қатысты мектеп, кәсіби оқу орындары, техникумдар, балалар және жастарға арналған ұйымдар жатады.
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін-өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым - қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның есею ұғымымен түсіндіріледі.
Шетел психологиясында тұлғаның есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Тұлға мен әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам дамуды оңды болуы үшін адам бойында оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге ие. Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде қарастырылады. Индивидтің қоғамдық қатынастар жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде қалыптасатын интегралды әлеуметтік қасиетін, яғни тұлғаның дамуын әлеметтенуден тыс қарастыру мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін индивидпен қоғамдық тәжірибені жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдыларды игереді. Тұлғаның «Мен концепциясы» адамның өмір үрдісіндегі өз психологиялық қоршағанының өзара әрекеттестігі негізінде пайда болған. Американ психологы У. Джемс «Психология принциптері» кітабында алғашқы болып «Мен Концепциясы» идеясын ұсынып, оның дамуына үлес қосқан. У. Джемс бойынша «Ауқымды Мен» құрамында екі аспект бар: эмпирикалық объект және танымдық субъективті бағалаушы сана. «Мен» объект ретінде 4 аспектіден тұрады: - рухани «Мен» - материалды «Мен» - әлеуметтік «Мен» - денелік «Мен».
Жалпы феноменологиялық тұрғы шеңберінде құрастырылған «Мен концепциясы» келесі жағдайларға негізделеді:
1 Мінез-құлық индивидтің қабылдау еңбегі болып табылады, ол өз алдында феноменологиялы: индивидтің психологиялық шынайы өмірі - бұл жалпы объективті өмір емес, оның мінез-құлық жағдайындағы субъективті қабылдауының нәтижесі.
2 Индивидтің орталық, интеграциялайтын феноменалды жазықтығының нүктесі - «Мен - Концепция
3 «Мен Концепциясы» бір мезгілде қабылдау жемісі болып, және де, әлеуметтік мәдени ортадан алынған құндылықтары бар ұғымдар жиынтығы болып табылады.
4 «Мен - Концепциясы» құрылуымен мінез-құлық оған толығымен бағына бастайды.
5 «Мен - Концепциясы» уақытпен және жағдайлық контекспен санасады, бұл оның прогностикалық құндылығы болып табылады.
6 Басқа адамдардың оңды қатынасын қажетсіну «Мен Концепциясының» құрылуымен параллельді жүреді. Өзіне деген оңды көзқарасты қажетсіну басқа адамдардың өзін оңды бағалай тәжірибесін игеру арқылы қалыптасады.
7 Нақты өтіп жатқан өмір тәжірибесі мен «Мен - Концепциясы» арасындағы қайшылықтарға қарсы түрлі қорғаныс стратегиялары қолданылады.
8 Адамның негізгі маңызды мотивациялық түрткісі - өзіндік актуализациялануға деген қажеттілік, өзінің «Мен - Концепцияларының» құндылықтарын жоғарылату және жоғалтпау.
Көптеген зерттеулерде адекватты өзін-өзі бағалаудың тұлғаның өзін қоғам үшін құндылығын және оның алдында өз міндеттерін саналы қабылдауын, толыққанды әлеуметтік активті дамуын белгілеуде мәнді орынға ие. Өзін-өзі бағалаудың құрылуын екі факторға анықтайды:
1. Сыртқы фактор - әлеуметтік орта, қоршаған аймақ, іс-әрекеттегі сәттіліктср мен сәтсіздіктер;
2. Ішкі - адамның индивидуалды - психологиялык ерекшеліктері. Осы ішкі және сыртқы факторлардың адам дамуы үшін қолайсыз қатынас негізінен адекватты емес өзін-өзі бағалау қалыптасып, адамның қарым-қатынас жасау барысына, іс-әрекеттегі сәттілігін, қоғамдағы орнын анықтауда өз септігін тигізді. «Мен» құрылымы өмір барысында қоршағандармен өзара әрекеттесу арқылы дамиды. Былайша айтқанда, бала әлеуметтік сезімтал және оның когнитивті және перцивтивті қабілеттері даму мөлшеріне байланысты «Мен - концепциясының мазмұны» көп дәрежеде әлеуметтену үрдісінің жемісі болып табылады. «Мен - Концепциясына» сүйенетін К. Роджерс оны былай деп мінезделейді: «Мен - Концепциясы» ұйымдасқан, бір ізді концептуалды гештальт, ол «Мен» қасиеттерін қабылдаудан, «Менің» өзара қатынасын қабылдаудан тұрады, сонымен қоса, осы қабылдауларға байланысты кұндылықтар, өмірдің әр түрлі жақтарын қабылдау». К. Роджерс, З. Фрейд, А. Адлер, Э, Эриксон т. б. ғалымдар сияқты «Мен - Концепциясының» құрылу үрдісіне байланысты белгілі бір арнайы кезеңдер кестесін көрсетпеген. К. Рождерс бойынша адам өміріндегі басқарушы мотив - актуализация тенденциясы, яғни өзін сақтап дамыту, өзінің жақсы жақтарын ашу, осы фундаменталды тенденция негізгі мотивациялық тенденция болып табылады. Мәнді сыртқы шектеулер немесе антагонистік әсерлер жоқ болса, онда актуализация тенденциясы әр түрлі мінез-құлық формалары арқылы көрінісін береді. Сонда тұлғаның дамуы, оның мінез-құлқы қоршаған орта әсері арқылы белгіленеді. Тұлға үшін актуализация тенденциясының негізгі қажетті аспектісі болып, адамның өзіндік актуализациялануға ұмтылысы болып табылады. К. Роджерс теориясының контекстінде өзіндік актуализация тенденциясы - адамның толыққанды функцияланатын тұлға болу мақсатындағы өмір бойы өз потенционалын іске қосу үрдісі. Осыған жету мақсатында адам өмірі мәнге, ізденіске, толқуға толы болады. .

Қарым-қатынас мәдениетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
Қарым-қатынас және жеке адам ұғымдары бір-бірімен тығыз байланысты. Суретте көрсетілгендей әр түрлі зона туралы айтуымызға болады:

А - дербес емес функионалді - рольдік қарым-қатынас;
В - психикалық қасиеттер, жеке адамның үрдісі мен күйі.
Сурет 1 Қарым-қатынас және жеке адам
А зонасында қарым-қатынас ұғымы көлемінің ерекшелігі көрініп тұр. Ол жеке адам феномені мазмұнына кірмейді. Қарым-қатынастың мынандай формаларымен байланысты: мысалы жекелік емес сипатта. Бұл жағдай қарым-қатынасқа түсушілер бір-бірін тек ғана берілген функцияны орындаушы ретінде ғана қабылдайды. Мысалы автобустың жүргіншілеріне жүргізушінің жеке бас қасиеттері, профессионалдығына қарағанда көп мәнді емес.
Б зонасында қарым-қатынас мазмұны мен жеке адамның өмірлік іс-әрекеті бір-біріне дәл келіп тұр. Бұл жерде карым-катынас бір жағынан топтық емес сипатта және сонымен катар, өзара әрекет, жеке адам аралық формада көрінеді. Ал екінші жагынан алып қарасак, жеке адамның коммуникативті белсенділігі әр түрлі формада көрінеді - коммуникативті мінез-құлық, коммуникативті іс-әрекет, қарым-қатынас жағдайындағы психикалық күй. Біріккен әрекетте адам өзге адамдармен қажет болғандықтан ғана бірігуі керек, олармен араласуы керек, яғни ара қатынасқа түсіп, түсінушілікке жетуі және ақпарат алмасуы керек. Бұндай жағдайда қарым-қатынас іс-әрекеттің бір қыры ретінде көрінеді. Бірақ мұнымен шектелмей адам өзін өзге адамдар орнына қояды, ерекшелігін, жеке даралығын көрсетеді. Бір жағы іс-әрекет пәні, екінші жағынан адамның өзін-өзі әлеуметтік ортада көрсету құралы. Сонымен іс-әрекет те мәдени қарым-қатынастың бір қыры, ал сезіну іс-әрекеттің бір жағы, бұлардың барлығы бірлесе барлық жағдайда үзілмес бірлік құрайды. Мәдени қарым-қатынас үрдісіне енбейтін психикалық құбылыс жоқ. Осы іс-әрекеттен ажырамас қарым-қатынастан индивид адамзат қалыптастырған тәжірибені игереді. Қарым-қатынас функцияларын 3 класқа бөлеміз:
1) Ақпаратты коммуникативтік;
2) Бағдарлаушы коммуникативтік;
3) Аффекті коммуникативтік.
Осы негізде психологияда қарым-қатынастың үш жағын қарастырамыз:
1) Ақпарат алмасу;
2) Өзара түсінушілік;
3) Өзара әрекеттестік.
Осыларға жеке-жеке тоқтала кетейік. Ақпарат алмасу - коммуникация. Ал коммуникация туралы сөз қозғағанда, бірлескен адамдардың көзқарасы, идеясы, қызығушылығы, көңіл-күймен алмасу жайында айта кету керек. Қарым-қатынас тек ғана ақпарат жіберу немесе оны қабылдау емес, сонымен қатар онда екі адам немесе екі индивид қатысады. Олардың әрқайсысы белсенді субъект. Яғни жоғарыда атап өткеніміздей қарым-қатынассыз кез-келген психикалық процесс тоқырауға ұшырайды. Сендіру әдісінің тиімділігі оқушының санасында әрі сезіміне, көңіл-күйіне ықпал етеді бірімен-бірі ұштастырылған жағдайда жоғарылай түседі. Сезімнің, эмоцияның көтеріңкі болуы ескерілмеген жерде мораль ережелеріне терең сенім тумайды.
Сонымен жеке адамның мәдени қарым-қатынасын қалыптастыратын әдістердің маңызы:
- қоғамдық, моральдық, еңбек, эстетикалық т. б. күрделі ұғымдарды, түсініктерді, анықтамаларды, ереже нормаларымен нақтылай түседі;
- әрбір іс, қимыл, әрекеттердің, тәжірибелердің оң дәрежеде, жағымды, көтеріңкі эмоциялық күйде болуына жағдай туғызады;
- нақтылы міндеттердің анық мақсатымен маңызы қоғамдық адамгершілік негізі арқылы айқындайды.
Бұл топтағы әдістерді қолдануда мынадай педагогикалық - психологиялық талаптар ескеріледі:
- сөз - өте күшті сенім қаруы екенін түсіну;
- оқушыға шын мәнінде белгілі ережені түсіндіруге жаңа мәліметтер беру немесе санасына әлде қандай ерекше ықпал жасау қажет болған уақытта сендіру әдісін қолдану;
- жеке бастың психологиялық табиғатын жақсы білу, қарым-қатынастың атқаратын ролін айқындау;
- оқушының өмірлік тәжірибесіндегі алғашқы жинақталған ұғымдар, түсініктер қорына, мінез-құлық қасиеттеріне арқа сүйенеді, оның оң не теріс екенін айқындау, орын алған ситуацияларды баяндау, оған қорытынды жасау;
- мұғалімнің, тәрбиешінің немесе ата-ананың әңгімісіне, пікірлесуіне, түсініктемесіне баланың үнемі белсенділікпен, қызығушылықпен қатысуын ұйымдастыру;
- әр баланың көңіл-күйін, ынтасын арттыратындай өз ісінің, мінезінің кемшілігіне қосылатындай, өзін-өзі тәрбиелеуге жігерлендіретіндей жағдай жасау;
- сендіру әдісінің барлық салаларының бірлікте, жүйелі түрде үздіксіз қолданғанда және балалардың сана-сезімі, тәжірибесі, білімі, көзқарасы мен сенімі жас ерекшеліктеріне қарай біртіндеп жоғарылаған сайын әр әдістің мазмұнын күрделендіріп, түрлендіріп, дамытып отырғанда ғана тәрбиесі нәтижелі болады;
- үнемі бір әдісті қолдану оқушыларға әсер етпейді.
Тәжірибелі педагог-психологтар тәрбие әдістерінің тұтас жүйесін пайдалануға ұмтылады, жеке бір әдісті қолданумен шектелмейді.
Ең көп тараған әдістердің бірі - түсіндіру. Оқушыға қарым-қатынас мәдениеті, адамгершілік, эстетикалық, саяси, еңбек тәрбиесі ұғымдары туралы түсінік беріледі.
Өткізу әдістемесі тұрғысынан алғанда түсіндіру формаларының күрделі ісі - этикалық әңгімелер.
Этикалық әңгімелер - қарым-қатынас мәдениеті, мораль мәселелері туралы кең түрде еркін пікірлесуді көздейтін, оқушылардың санасына, сезіміне сөз арқылы ықпал жасайтын, тәрбиеде кеңінен қолданылатын сендіру әдісінің ең тиімді түрінің бірі. Этикалық әңгіме әдісінің негізгі мақсаты оқушыларды қоғамдық өмірде болып жатқан оқиғаларға, іс-әрекеттерге, әр түрлі жағдайларға баға беруге, соның негізінде өзін қоршаған әлеуметтік ортаға адамгершілік көзқарасына мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру. Оқушылардың азаматтық, мәдени, саяси және адамгершілік міндеттерге жауапкершілігін тәрбиелеу.
Әңгіменің негізінде қоғамдық өмірдің әлеуметтік адмгершілік немесе эстетикалық, еңбек т. б салаларын әрқырынан ашып көрсететін деректер алынуы керек.
Әңгімелесудің тақырыбы, мазмұны мәдени-танымдық, саяси, эстетикалық, адамгершілік, этикалық мәселелеріне арналады.
Бұл әдістің негізгі мәні - теориялық қарым-қатынас мәдениеті қағидаларын баланың санасына жеткізу, сол арқылы меңгере бастаған мінез-құлық, іс-әрекетттерінің барысын талдау, жинақтау, баға беру
Әңгімелесу әдісіне қойылатын негізгі педагогикалық-психологиялық талаптар:
- таңдалған, ірктелініп алынатын тақырыптың актуалдылығы, оның оқу-тәрбие процесінің міндетіне, оқушылардың мүддесіне сай болуы, таңдаған тақырыптың нақтылы сыныптан тыс, оқушылар тобына қажеттілігін дәлелдеу;
- оқушылардың өмір тәжірибесіне, біліміне сүйену;
- оқушылардың жас мөлшеріне қарай әңгімелесу барысын дамытып отыру;
- әңгіменің мазмұнын өте мұқият іріктеу - оқушылардың сезіміне әсер ететін тың жаңа деректерді, түсінікті, анық әрі қонымды материалды алу;
- әңгіме тақырыптары мен мазмұны оларының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мәселен, жасөспірімдерге арналған әңгімелер, олардың өздерінің көзқарастары мен мінез-құлықтарына сай көзбен қарап, салыстыра алатындай, оның себептерін ашатындай, өзіндік ой туғызатындай мазмұнда құрылуы тиіс;
- қарастырылатын тақырыптың қызықты болуын, оны оқушылардың ойлауын, өздігінен толғану қабілетін туғызатындай проблемалық сипатта қоя білу, олардың белсенділігін дамыту;
- әңгімелесу барысында оқушылардың көңіл-күйлері көтеріңкі болуына жағдай туғызу, оқушыларға сеніммен қарай білу, олардың жауаптарына зейін қоя білу, дұрыс ойлы жауаптарына айрықша көңіл бөліп мадақтап, қолдап отыру, кемшіліктерін өте ептілікпен түзетіп, дұрыстығын айту, реті келген кезде орынды әзіл, күлкі, сықақ сөздерді де пайдалана білу т. б;
- әңгіме және әңгімелесудің тақырыбына байланысты көрнекі құрал және техникалық құралдарды (эпидоскоп, кинопроектор т. б) әдеби көркем шығармалармен бейнелеу өнері, музыкалық құралдарды пайдалану;
- әңгіменің қандай жерде қай жағдайда өткізілуінің де мәні бар. Мәселен, жоғары мәдени-адамгершілік қасиеттер туралы әңгімені жауынгерлердің, қоғам және қайреткелерінің өмірімен қызметі туралы айтылғанда, ескерткіштер мен тарихи орындарда өткізілгенде ғана оқушылардың сезіміне ықпал зор болатыны белгілі;
- әңгімеге, әсіресе, әңгімелесу әдістеріне педагог-психологтың жан-жақты әзірленуі қажет.
Пікірталас дегеніміз - пікір таластырамын, талқылаймын деген мағынаны білдіреді. Оның этикалық әңгімелерге біршама ұқсастау болғанымен өзіндік міндеті бар. Бұл - өте күрделі, сонымен бірге оқушылар санасына тиімді ықпал ететін әдіс.
Пікірталас оқушылардың сенімдерін ой елегінен өткізуге, дербес пайымдауға үйретеді, оқушылардың ойын, сөйлеу логикасына негізей білуге тәрбиелейді. Көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы оқушылар өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Пікірталас әдісі көбіне жоғарғы сыныптарда кеңінен қолданылады.
Пікірталас арқылы жастардың саяси және адамгершілік, ізгілік этикалық, праволоық, әлеуметтік, экономикалық, экологоиялық, әдебиет, көркемөнер, жалпы қоғамдық проблемалар туралы түсініктер мен көзқарастарды қалыптастыруға болады.
Пікірталас әдісіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
- пікірталасқа қойылатын мәселелер проблемалық сипатта болуы керек;
- жастардың айнала өмір құбылыстарына өздерінің пікірлерін, ойларын білдіруге, оларды теріс пікірлер мен көзқарастарға баға бере білуге талықыланып отырған мәселенің дұрыс шешеімін дәлелді түрде негіздеуге үйрету.
Пікірталас өткізу қоғамдық міндет, парыз, жауапкершілікті сезіну, нақтылы іс-әрекеттерді байқай білуге қолайлы жағдай

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюциялық ілімнің негізгі міндеттері
Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері
Онтогенез процесі
Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары туралы ақпарат
Жас ерекшеліктері
Б. Эльконин бойынша тұлға дамуы
Мектепке дейінгі жаста темперамент дамуының жас ерекшеліктері
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы
Балалық шақ
Жеке даму түсінігі және оның кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz