Ішкі Істерді басқару



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ішкі Істерді басқару
2. Ішкі істер министрлігі (ІІМ)
3. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
4. Қалалық ішкі істер бөлімі
5. Криминалдық полиция
6. Әкімшілік полиция
7. Әскери.тергеу органдары
Пайдаланылған әдебиеттер
Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары — облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.
Құқықтану. А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова. Алматы, 2007.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ішкі Істерді басқару
2. Ішкі істер министрлігі (ІІМ)
3. Ішкі істер органдарының негізгі қызметі
4. Қалалық ішкі істер бөлімі
5. Криминалдық полиция
6. Әкімшілік полиция
7. Әскери-тергеу органдары
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ішкі істер министрлігі (ІІМ), оның құрамына кіретін департаменттер мен өзге де құрылымдық бөлімшелер, оған бағынатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ішкі істер басқармалары және қалалык, аудандық, ауылдық, көліктегі жол бойының ішкі істер органдары, ішкі әскерлер, оқу орындары мен өзге де ұйымдары ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.
Ішкі істер органдарының бүкіл жүйесінің қызметіне лауазым бойынша ішкі әскерлердің қолбасшысы болып табылатын ІІМ басшылық жасайды. Оны Республика Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Президенттік қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. ІІМ ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне басшылық жасайтын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Ішкі істердің аумақтық органдары -- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Ішкі істер департаменті (ІІД) және көліктегі, қалалық, қалалардағы аудандық (ҚІІБ, АІІБ), ауылдық, жол бойының ішкі істер бөлімдері ішкі істер органдары жүйесінің негізгі буыны, аталған органдар ішкі істердің өздерінен жоғары тұрған органдарына және жергілікті атқарушы органдарға тікелей бағынады.

Ішкі Істерді басқару
ҚР Ішкі Істер органдары ҚР заңдарына сйкес анықтау, алдын ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкімді функцияларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
ІІО атқарушы билік органдарының жүйесіндегі орны мыналармен анықталады:
1) ІІО қоғамдық қауіпсіздікті, соның ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз етуді ұйымдастырады және практикада іске асырады;
2) ішкі істер органдары басқару функциясымен қатар алдын ала тергеу, анықтама және әкімшілік өндірісті жүзеге асырады;
3) ІІО кең көлемде әкімшілік-қадағалаушылық функцияларға ие;
4) ІІО мемлекеттік қызмет өзіне тән ерекшеліктерге ие;
5) ІІО өздерінің функцияларын басқа да атқарушы билік органдарымен үздіксіз әрекеттестікпен жүзеге асырады;
6) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Ішкі Істер органдарына мынадай негізгі міндеттер жүктелген:
1) қоғамдық тәртіпі қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті, соың ішінде төтенше немесе әскери жағдай ахуалында қамтамасыз ету;
2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;
3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;
4) өз құзыретінің шегінде жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың ҚР аумағында болу тәртібін сақтауын бақылау;
6) өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау органдарына сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;
7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;
8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;
9) қылмыстық жазалар мен әкімшілік жазалау шараларын қолдану;
10) кәмелетке толмағандардың қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;
11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
12) мемлекеттік және өзге де объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;
13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;
14) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.
ҚР ІІО құқықтық негіздеріне мыналар жатады:
1) ҚР Конституциясы мен заңдары;
2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;
3) ҚР халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері;
4) ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже.
Ішкі істерді басқару жүйесі: ҚР Президенті-ҚР Үкіметі - ҚР ІІМ- Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған бағынатын ішкі істер басқармалары- қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары.
ҚР ІІМ негізгі міндеттері:
1) ішкі істер органдарының қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу қатысу және тағы басқа осындай сипаттағы тиімді жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;
2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде шешімдерді әзірлеу;
3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру
4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен бөлімшелері арасында және өзге де құқық қорғау органдарымен, министрліктермен және ведомствовалрмен өзара іс - қимылын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеу;
5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық - техникалық, қаржылық, сондай - ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері
Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару
Басқару әдістемелері мен нысандары
Ерекше талап қоюмен істерді қараудың ерекшеліктері
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу ерекшеліктері
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Әкімшілік юрисдикция органдары
Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаларының түсінігі
Пәндер