Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және автокөлікті сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды алу.

1. Назарбаев Н.А. Казахстан - 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана. - Казахстанская Правда, 11 октября 1997г
2. Қазақстан Республикасының Конститутциясы. Алматы, 2003
3. Карминский А.М., Нестеров П.В. “Информатизация бизнеса”.
4. “Автоматизированные информационные технологии в экономике”. Учебник под общей ред. И.Т. Трубилина.
5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикада-ғы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001
6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000
7. Е.Г.Неверова “Исследование проблем баз данных для информационных систем”. Сборник статей “Информационные системы в экономике”. Алматы: Экономика, 1997
8. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994
9. Қ.С.Байшоланова “Ақпараттық жүйелер теориясы”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2002
10. Н.Л.Гагарина “Анализ данных на компьютере”. Алматы: Экономика, 2002
11. Е.Т.Тулегенов, Н.Б.Бралиева, Л.А.Стороженко, И.А.Матвеева “Бухгалтерские информационные системы”. Алматы: Экономика, 2000
12. А.Ө.Биярова “Экономикалық кибернетика”. Оқу құралы. Алматы, 2001
13. К.Ильясов, В.Саткалиева, А.Зейнельгабдин, Б.Сапарбаев, П.Исахова “Государственный бюджет”. Алматы: Республиканский издательский кабинет, 1994
14. Н.Г.Семенова “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва, 2000
15. Г.А.Титоренко “Автомотизированные информационные технологий в экономике”. Москва, 2000
16. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999
17. Қазақстан Республикасының Президентінің №359 14 маусым-нан 2000 жыл. “2000-2003 жылға Қазақстан Республикасы мемлекетінің ақпараттық қауіпсіздігінің программалық жабдықтауы”.
19. К.Қ.Жүйріков “Қазақстандағы сақтандыру: күрделі мәселелер мен дамудың болашағы”. Алматы, 1994
20. Тимошенко В.Ф. “Информационные системы менеджмента”
21. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”
22. “Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности”. Учеб. пособие для ВУЗ-ов. Под ред. Г.А.Титаренко, В.И. Суворова
23. “Банковское дело” Учебник для ВУЗ-ов. Под ред. В.И.Колесникова и Кроливецкой Л. П.
24. “Страхование: принципы и практика” Дэвид Б.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
КІРІСПЕ
1. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ
1.1 Қазақстандағы сақтандыру қызмет нарығының қалыптасуы
1.1.1 Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін
сақтандыруды анықтау және есептеу
1.1.2 Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
1.2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
1.3 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен
тағайындалуы
1.4 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1.4.1 Ақпараттық жүйелер құрылымына қойылатын талаптар
1.4.2 Ақпараттық жүйелер ресурстарына қойылатын талаптар
1.4.3 Ақпараттық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.4 Ұйымдастырушы жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.5 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.6 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.7 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар
1.4.8 Ақпараттық және программалық құралдарды бұзылудан және
деректерден алудан қорғау
1.5 Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық
схемасы
2. АВТОКӨЛІКТІ САҚТАНДЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ ЖОБАЛАУ
2.1 Ақпараттық жүйе есептер кешенінің орны
2.2 Есептерді орнату
3. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МҮМКІН
АЙМАҚТАРЫ
3.1 Ақпараттық жүйені құруға кететін шығындарды бағалау
3.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму процесіне
байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру жиырмасыншы
жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына және ұлттық
табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді жасауға ықпал ете
бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық – несиелік механизмді
пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды талап етті. Бұл жерде
мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі сақтандыру мәселелері,
сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа ойдағыдай өту үшін
материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл атқарады.
Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға
төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын демонополизациялаудың
фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде айтарлықтай жеделдікпен
альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда бола бастады. Қазір
сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік бар. Ондаған тіпті
жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік нысандағы сақтандыру
ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа
түрлері пайда болды, бұл жерде сақтандыру жағдайындағы орын алған
кемшіліктер ескерілген. Бұл процес біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы
қабылданған заңда бірқатар кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар,
әрине бұларды таяу уақыттарда жөнге келтіру керек.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін
тұрғызу және автокөлікті сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды алу.

1.1 Қазақстандағы сақтандырудың қызмет нарығының қалыптасуы
Сақтандыру объектісі бойынша сақтандыру қатынастарының барлық
жиынтығын екі үлкен салаға бөлуге болады: автокөлікті сақтандыру мен жеке
тұлғаны сақтандыру.
Автокөлікті сақтандырудағы сақтандырушылық қатынастардың объектісі -
оның барлық түрлеріндегі автокөлік болып табылады. Автокөлікті
сақтандырудың экономикалық бағыты – сақтандырушылық жағдай салдарынан пайда
болған зиянның орнын толтыруда қорытындылады.
Сақтанған болып сақтанушының меншігіндегі, сондай-ақ оның сеніміндегі,
қолдануындағы және өкілеттігіндегі автокөлік бола алады. Сақтандырушылар
болып – тек қана автокөлік меншіктері ғана емес, сонымен қатар автокөліктің
сақталуына жауап беретін басқа да заңды және жеке тұлғалар бола алады
2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығының 7 бабына сәйкес автокөлікті
сақтандыруға сонымен қатар кәсіпкерлік тәуекелдерді және азаматтық –
құқықтық жауапкершілікті сақтандыру да жатады
Кәсіпкерлік қызметте кәсіпкер контрагенттерімен өздерінің
міндеттемелерінің бұзылуынан немесе кәсіпкерге тәуелді емес жағдайлардан
осы қызмет шараларының өзгеруінен күтілетін табыстарды алмаумен тәуекел
сақтанады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кезінде сақтандыру
объектісі болып басқа адамдардың өміріне, денсаулығына зиян келтіру
салдарынан пайда болатын, сонымен қатар келісімдерден немесе басқа да
негіздерден пайда болатын міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелі
болып табылады.
Сақтандыру түрлерінің саны тәжірибеде шектелмеген және әлеуетті
сақтанушылардың мүдделерінің шексіз әртүрлігіне адекватты болып табылады
Мысалға, бізде ең көп таралған сақтандырудың кейбірін келтірейік.
Заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін сақтандыруда бұл көлік
құралдарын, материалдарды сақтандыру болып табылады. Жауапкершілікті
сақтандыру бойынша – автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушылардың жауапкершілігін сақтандыру,
жұмыс берушілердің жауапкершілігін сақтандыру, үшінші жақтарға зиян үшін
кәсіпорындардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру (экологиялық
сақтандыру), кәсіби жауапкершілікті сақтандыру, зейнеткерлік қорлардың
жауапкершілігін сақтандыру болып табылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді
сақтандырудың түрлері өндіріс үрдісінде немесе қызметтерді ұсынудағы нақты
тәуекелдерге байланысты. Олар: жаңа техниканы иемдену, валюта бағамдарының
ауытқуы, өндірістегі үзіліс және т.б.
Қауіптер сипаттары бойынша сыныптау тек қана автокөлікті сақтандыруды
қамтиды және бір-бірімен иерархиялық байланыста емес бес негізгі буындарды
бөледі. Олар:
1. Оттан және стихиялық жағдайлардан сақтандыру.
2. Зиянкестердің және тиімді емес табиғат жағдайларынан сақтандыру.
3. Көліктің барлық түрлерін апаттардан, айдап кетулерден және басқа да
қатерлерден сақтандыру.
4. Техногендік апаттар мен катастрофалардан сақтандыру.
5. Қаржылық тәуекелдерден сақтандыру.
Қауіптер сипаттамасы бойынша сыныптау зиянды анықтау мен сақтанушылық
орны толтыру әдістерін дамыту үшін қолданылады. Келтірілген буындардың
әрқайсысының өзі берілген сыныптама шеңберіндегі сақтандырудың жеке түрі
болып табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру бизнесін реттеудің заңдық жүйесін
дамыту үрдісі созылып кетті. “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
туралы” алғашқы Заңы тек 2002ж. 3 шілдесінде ғана қабылданды және іске 1
қыркүйекте енгізілді. Жалпы заң сәтті болмады. Басқа да кемшіліктермен
қатар онда бастысы – сақтандырушылық ұйымдарды тіркеу, сақтандырушылық
қызметті лицензиялау механизмдері мен мемлекет тарапынан бақылау болмады.
Негізінен осы себептен заң жұмыс істемеді. Ол адал бәсекелік күресті
қамтамасыз еткен жоқ. Көбінесе, сақтандыру компаниялары бір-бірімен
бәсекелесіп, сақтандырушылар мүдделері зиян кескен жағдайларға алып келді.
Істе болған “Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы” Заңындағы
кемшіліктер мен есептемеулер белгілі бір мөлшерде 2004ж. 16 сәуірінен №1658
“Сақтандыру нарығын қалыптастыру мен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-
құқықтық шаралар туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғысымен
түзетілді.
Осы Жарғыға сәйкес сақтандырудағы лицензиялау мен бақылау органының
өкілеттіктерімен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігіндегі
сақтандыру Департаменті дамытылды 1.
Сақтандырудың құқықтық негізін қалыптастыру үшін тығыз фундаментті
қалаған заң актісі болып 2002ж. 3 қазанынан “Сақтандыру туралы” заңды күші
бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы болды. Ол мемлекеттік,
сондай-ақ жеке сақтандырушылық ұйымдардың еркін адалдық бәсекелестігі үшін
нақты жағдайлар дамытты, шетел инвесторлары үшін ішкі сақтандырушылық
нарықты ашты.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасындағы сақтандырушылық туралы заңы
Азаматтық кодекстің сәйкес баптарынан (ерекше бөлігі), 2002ж. 3 қазанынан
“Сақтандыру туралы” заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығынан (әрі қарай – “Сақтандыру туралы” Жарлық немесе Жарлық),
Қазақстан Республикасы Президентінің және үкіметінің, сондай-ақ өкілеттік
мемлекеттік органның заң актілері мен оларға сәйкес қабылданған нормативтік
құқықтық актілерден тұрады
Сақтандырушылық қатынастарды реттейтін негізгі заң акітелрі болып
табылатын “Сақтандыру туралы” Жарлықтың сипаттамасы.
Сақтандыру келісімінің нысаны мен мазмұнына Жарлықпен белгілі бір
талаптар қойылады. Келісімге сақтандыру қатынастары жүйесінде негізгі орын
беріледі, өйткені нақ келісім нысанында сақтандыру тәжірибелі жүзеге асады.
Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ал оны төлеу кейінге
қалдырылған кезде – бірінші сақтандырушылық салым мерзімінен бастап
сақтандыру келісімі күшіне енеді және жақтар үшін міндетті болып табылады
және бірінші болған сақтандырушылық жағдайдан сақтандырушылық орнын
толтыруды төлеу мерзімінен бастап, егер міндетті сақтандыру туралы
келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, өзінің қызметін
тоқтатады.
Сақтандырушылық қорғаудың қызмет ету кезеңі, егер міндетті сақтандыру
туралы келісіммен немесе заңмен басқадай қарастырылмаса келісім қызметі
мерзімімен сәйкес келеді.
Сақтандыру территориясы Қазақстан Республикасының территориясымен,
егер сақтандыру объектісі сипатынан басқадай шықпаса немесе келісімде
қарастырылмаса сәйкес келеді
Жарлықпен келісімді мерзіміне дейін тоқтату және оны жарамсыз деп
тану тәртібі бекітілген.
Азаматтық кодекспен қарастырылған міндеттері тоқтатудың жалпы
негіздерінен басқа сақтандыру келісімі келесі жағдайларда тоқтатылады:
- сақтандыру объектісі жойылған кезде;
- оны ауыстыру болмаған жағдайдағы сақтандырушы болып табылмайтын
сақтанушының өлімі;
- егер сақтандырушы сақтанушының ауысуына қарсы болып, ал келісіммен
немесе заңмен басқадай қарастырылмаса, сақтандырушының мүліктік
сақтандыру объектісінен бас тартуы жағдайында;
- егер басқа жағдайлар қарастырылмаса, сақтанушымен кезекті сақтандыру
салымдарын бекітілген мерзімге дейін төлемеуі;
- сақтандырушы мен сақтанушының талаптары, егер бұл сақтандыру
шарттарымен, сондай-ақ жақтардың келісімі бойынша қарастырылса.
Келісімнің қызмет ету кезеңінде сақтандырушының сақтандыру сомасын
көбейту талабына сәйкес, онымен негізгі келісімнің аяқталу мерзіміне
дейінгі кезеңге қосымша келісімге қол коюға болады. Бұл кезде негізгі және
қосымша келісім бойынша сақтандырушылық сома берілген автокөлікті
сақтандыру нұсқасы үшін бекітілген мөлшерден жоғары бола алмайды.
Бір жылға келісілген келісімдер бойынша сақтандырушылық төлемдер
сақтанушымен бекітілген ставкалар бойынша төленеді.
Бір жылдан аз мерзімге қол қойылған келісімдер бойынша сақтандырушылық
төлемдер жылдық төлем сомасынан келесі мөлшерлерден төленеді:
2 айға – 30%,
3 айға – 40%
4 айға – 50%
5 айға – 60%
6 айға – 70%
7 айға – 75%
8 айға – 80%
9 айға – 85%
10 айға – 90%
11 айға – 95% мерзімдеріне сақтану кезінде.
Жоғарыда көрсетілген мөлшерлерде және сақтандырушылық сомалардың
жоғарылауына сәйкес келісілген қосымша келісімдер бойынша сақтандырушылық
төлемдер төленеді. Осы кезде толық емес ай үшін төлем толық ретінде
төленеді 19.
Тәжірибеде сақтандырушылар 2 немесе 3 жылға келісілген мерзімімен
автокөлікті сақтандырудың жалпы келісімдері бойынша төленген соманың 10%-ке
дейін, ал 4 немесе 5 жылға – 15%-ке дейін жеңілдіктер ұсынады.
Бес және одан да көп өткен жылдар бойы үздіксіз автокөлікті
сақтандырудың келісімдеріне қол қойған және осы уақыт ішінде
сақтандырушылық орнын толтыруды алмаған тұрақты сақтандырушыларға жаңа
келісімге келу кезінде төленген соманың 20%-не дейін жеңілдік беріледі.
1. Сақтандыру түрлері, заңды және жеке тұлғалардың автокөліктерін
сақтандыруды анықтау және есептеу
Өз сақтанушыларына кездейсоқ оқиға басталған жағдайда жоғалған,
бүлінген көліктер үшін материалдық өтем беруге кепілдік бере отырып,
сақтандыру ұйымдары олардың әлеуметтік қорғалуын жүзеге асырады әрі мұны
барынша толық көлемінде істеуге күш салады. Осы тұрғыдан алғанда азаматтар
мен барлық жүйелердегі кәсіпорындардың автокөліктерін ерікті сақтандыру
қызметінің кейбір жеке түрін кіргізу жөніндегі ұсынысқа назар аударуға
болады.
Міне осылайша, жер сілкінісі – адамдардың кездейсоқ оқиғадан қорғана
білуінің бір тәсілі болып табылад. Осы себепті Мемлекеттік коммерциялық
сақтандыру компаниясының басқармасы Қазақстанда жер сілкіну жағдайындағы
ерікті сақтандыруды енгізді.
Осыған байланысты жер сілкінісінің зардабын жою жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырудың тәртібі, зардаптарды анықтау мен құрылыстарға, үй
мүліктеріне, малдарға, көлік құралдарына жеке сақтандыру бойынша сақтандыру
өтемін төлеу жолдары жан – жақты түсіндіріледі.
Жер сілкінуден автокөліктерді сақтандыру жекеменшік иесін, жалгерлерді
өрттен, ұрлық пен өзге де осындай қауіп түрлерінен сақтандырумен
айналысатындар арқылы, сол секілді сақтандыру үшін жеткілікті капиталы бар
адам арқылы жүргізуге болады.
Жер сілкінуден сақтандыру, шын мәнінде үлкен зияннан емес, орасан зор
апатты оқиғадан сақтандыру болып табылады, сондықтан да сақтандыру куәлігі
франшизбен берілуге тиіс, яғни оны сақтандыру сомасының белгілі проценті
немесе сақтандырушыға төленетін белгілі сома құрайды.
Жер сілкіну қатерінің сақтандыру шарттарының барлық түрлері бойынша
шығындарды өтейтін ақша бар. Жер сілкінуден сақтандыру объектісі болып -
өнеркәсіп кәсіпорындарының, ауыл шаруашылығы-ның, көліктің, өзге
кәсіпорындар мен ұйымдардың, көлік құралдарының мүліктері, кооперативтік,
акционерлік, жекеменшік, ұжымдық қоғамдардың және т.б. ұйымдардың мүліктері
табылады. Бұдан басқаны айтқанда, сақтандырудың объектісі болып құрылыс пен
автокөлік, азаматтар, олардың өмірі мен денсаулықтары табылады.
Біздің алдымызда жер сілкінуден болған зардаптардың мөлшерін анықтап
және де зиян шеккендерге ақшалай қаржы төлеуді жүргізу міндеті тұр, бұл
орайда мемлекет пен халыққа тиесілі құрылыстар мен автокөліктер бағаланады.
Жер сілкінудің салдарынан болған нақты зиянды анықтау орасан зор
көлемді жұмыстарды орындауды талап етеді. Біздің ойымызша бірінші кезекте
құрылыстар, көлік құралдары мен үй мүліктері бойынша зиянды анықтау үшін
әкімшіліктердің басшыларында арнайы комиссиялар құрылуға тиіс, олардың
құрамына сақтандыру ұйымдар-ының, техникалық инвентаризация бюросының
қызметкерлері, депутаттар, қоғамдық өкілдер кіргізілер еді.
Әрине, мүмкін – қадірінше бұл комиссияларды мейлінше тәжірибелі,
білікті мамандардың басқарғаны жөн, өйткені зиянды анықтау мен сақтандыру
өтемін төлеу жұмыстарының негізгі ауыртпашылығы сақтандыру ұйымдарының
өздеріне түседі. Бұл жұмыстарға кіріспес бұрын, сақтандыру өтемі мен зиян
сомасы есебінің актілері мен есептерін жасауға шақырылған қызметкерлерге
жан – жақты нұсқау беріп, оларды осы жұмысқа сай келетін нормативтік
құжаттармен, актілердің бланкаларымен және оларды толтыру тәртібімен,
есептеуді құрып, бағалау нормаларының жинақтарын пайдаланумен,
сақтандырудың бағалық парақшасымен, жеке үй құрылыстарының техникалық
инвентаризациясының паспорттарымен таныстырады. Әсіресе, жергілікті елді
мекендердің қызметкерлер еңбек етуге тиіс жердегі ерекше жағдайлармен
танысуға айрықша көңіл бөлу қажет.
Сақтандыру өтемін уақтылы әрі толық төлеу сақтанушыға бүлінген
автокөлікті қысқа мерзімде жөндеп немесе жойылғанның орнына жаңасын сатып
алуға мүмкіндік береді. Сондықтан жер сілкінудің салдарынан болған зиянды
анықтау сақтандыру ұйымдарының өте күрделі әрі жауапты жұмыстары болып
табылады.
Жер сілкінудің нәтижесінде зардап шеккен азаматтардың жекеменшігінде
құрылыстарға сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеуді анықтау мен беру
бірінші қатер жүйесі бойынша жүргізіледі, яғни сақтанушыға нақты зиянның
толық көлеміндегі құн өтемақыландырылады, бірақ шартта келісілген
сақтандыру сомала-рынан жоғары емес. Жер сілкіну нәтижесінде бір мезгілде
құрылыстың үлкен бір бөлігі құрып кетеді немесе бүлінеді, міне осыны есепке
ала отырып, ұйымдастыру жұмысында тәртіп орнату үшін зиянды анықтаудың
тәртібін өзгерту керек, сөйтіп барлық құрылыстың аулаларын аралап, көріп,
әр үйдің рет нөмірлерін, әр көшені, әр кварталды қарап, оқыс оқиғадан
бүлінгеннің бәрін есепке алып, құрылыс пен автокөліктің жойылғаны туралі
акті жасайды.
Жұмыстың мынадай тәртібін, яғни үй құрылыстарының өзге де объектілердің
көзге түспей, есепке кірмей қалғанын болдырмайтын жағдайын қарастыру керек,
яғни бүлінген немесе жойылған құрылыстарды қайыра тексеріп, бір құрылыстың
өзіне бірнеше қайтара актілер жасауға тура келеді
Зиянды анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу әдеттегідей Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының басқармасы
ойластырған немесе бекіткен Ережелер бойынша жүргізіледі. Жер сілкіну
кезінде бұл ережеден әртүрлі ауытқулардың болуы даусыз. Осы орайда
жұртшылыққа, кәсіпорын-дар мен шаруашылықтың әртүрлі нысанымен айналысатын
ұйымдарға ұғымды пайдалануға оңтайлы түрде жеткізуге күш салады. Бұған
байланысты төменде келтіріліп отырған жер сілкіну кезінде болған зардаптың
салдарын жою жөніндегі ережеден ауытқу, сөз жоқ осы жұмыстарды жүргізу
кезінде басшылыққа алу тұрарлық.
Мұның негізі етіп техникалық инвентаризация бюросының бағасын алу
керек. Бұл жерде зиянды анықтау мен сақтандыру төлемін төлеуге мынадай
кезеңдер алынады:
- сақтандыру оқиғасының қолда барын түгендеуді және автокөліктің
жойылуы мен зақымданып бүлінуінің себебін анықтау;
- зиянның сомасын анықтау;
- сақтандыру өтемінің сомасын есептеу;
- сақтанушының есептелген өтемінің толық немесе жартылай сомасын алуға
деген құқын белгілеу;
- сақтанушыға сақтандыру өтемін төлеу.
Келтірілген зияндар мен сақтандыру өтемін бөлек – бөлек қараудың
қажеттілігі мынадан келіп шығады, көптеген жағдайларда сақтандырудың
жекелеген түрлерінің белгіленген келісімдеріне орай немесе сақтандыру
қамтуының мынадай жүйесін қолдануға байланысты олардың мөлшері сәйкес
келмеуі мүмкін. Бірақ сақтанды-ру өтемінің сомасын есептеу үшін бастапқы
көрсеткіш болып табылады.
Құрылыстың бүлінгені немесе жойылғаны жөніндегі акті белгіленген
нысандағы бланкіде бір дана болып жасалады. Актіні жасаушылар бланкіде
көрсетілген барлық сұрақтарға нақты жауаптар беруі керек, сол үшін де жеке
бөлімдерді толтыру кезінде мыналарды назарға алған жөн.
Сақтанушының жойылған немесе бүлінген құрылыс және сол құрылыстың оған
жекеменшік, құқ ретінде жататыны анықталады:
- ауылдық, селолық жерлерде – сақтандырудың бағалау парақша-сы мен ауыл
– село әкімшілігі басшысының шаруашылық жөніндегі кітапта көрсетілген
деректер бойынша;
- қалада – техникалық инвентаризацияның паспорты, техникалық
инвентаризация бюросының инвентаризациялық бағалау құжаттарындағы жазбалар
бойынша, аудандық немесе қалалық әкімшілік басшыларының жеке құрылыс салуға
жер бөлгендігі туралы шешім, сондай-ақ салық салынғаны жөніндегі аудандық
және қалалық салық инспекциясының құжаттары бойынша.
Автокөлікті ерікті сақтандыру өтемін сақтандыру оқиғасы сақтанушыға
тигізген нақты зиян құрайды, бірақ шартта көрсетілген сақтандыру сомасынан
артық бола алмайды. Қазіргі уақытта автокөлікті ерікті сақтандыру бойынша
анықтау мен сақтандыру өтемін төлеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
коммерциялық сақтанды-ру компаниясы басқармасы ойластырып әрі бекіткен
ережелермен, шартта көрсетілген жағдайларға сай жүргізіледі. Осы
ережелермен келісе отырып акт жасалады, оған міндетті түрде сақтанушы
немесе оның отбасынан кәмелетке толған біреу және де екі куә қатысады. Акті
бүлінген мүлікті немесе одан қалғанды қарап, көру негізінде жасалады.
Жекелеген жағдайларда оған білікті органдардың сақтандырылған автокөліктің
орны, уақыты мен жойылу жағдайы мен бүлінуі туралы қажетті құжаттары қоса
тіркеледі. Мұның сыртында мынадай топшылау – пайымдауларды басшылыққа алуға
болады.
Мынадай жағдайда, яғни автокөліктің жойылғаны анықталғанда немесе
келтірілген зиян мөлшерін анықтау мүмкін болмаса онда ерікті нысан құжаты
жасалады. Ерекше жағдайларда, сондай-ақ жер сілкінуден болған зиянды
анықтау бойынша қажетті шұғыл жұмыстар үшін анықтама – есептеудің қарапайым
нысанын қолдануға да болады.
Жер сілкінудің зардабын жою кезінде, егер сақтандыру оқиғасы болған
сәтке дейін автокөлік тұрғын үйде немесе қосалқы жайларда, үй жанындағы
учаске адресі бойынша сақталған болса, сақтанушы көрсеткен тұрақты тұратын
жері – жаңа адрес бойынша бір ай ішінде сақтанушы жаңа тұратын жеріне
көшкен күннен бастап сақтандыру өтемі есептеліп әрі төленеді, сақтанушының
тұрған жерін өзгертуіне байланысты автомобиль, темір жол, әуе болмаса тағы
басқа көлік түрімен тасылған автокөлік де ескеріледі.
Бұл орайда қосымша жай болып ас үй, астыңғы үй, кіре беріс балкондар,
өзге де жайлар мен шаруашылық – тұрмыстық мақсаттағы сақтанушы тұрған
пәтерге тиесілі қосымша құрылыстар есептеледі немесе сол орналасқан адрес
бойынша және де сақтанушыға түгелдей болмаса жарым – жартылай жекеменшігі
үшін бөлінген. Сақтанушыға жекеменшігі үшін пайдалануға тұрғын жай салуға
немесе қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген үй жайлық, үй жанындағы
учаске – жер учаскесі.
Сақтандыру өтемі мынадай жағдайда төленеді, егер автокөлік сақтанушының
немесе оның отбасы мүшелерінің жекеменшігіне жататын болса және де
щаруашылықта тұрмыстық әрі мәдени сұралымды қанағаттандыру мақсатында
пайдалану үшін ұсталса.
Сақтанушының отбасы мүшелері болып, онымен бірге тұратын әрі
шаруашылықты, бірге жүргізетін, яғни отбасылық бюджеті бір, тамағы бір, үй
затын, тұрмыс құралын бірге пайдаланып, оларды сатып алуға бірге қатысатын
адамдар мойындалады.
Автокөлік болып көліктің өзі және көлікке пайдаланылатын заттар
есептеледі, тек мыналардан басқалары: құжаттар, антикварлық заттар, аса
құнды металдардан жасалған бұйымдар, аса бағалы, жартылай аса бағалы және
өңделген тастар, слайдтар мен фотосуреттер, дінге табыну заттары, көлік
құралдарына қосалқы бөлшектер, ара ұялары, құстар терісі бағалы аңдар,
тұрғын үйлер мен қосалқы жайлардың конструктивтік бөлшектері мен жекелеген
элементтері. Осы санамалап айтылған бағалы қазыналардың бәрін дерлік
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясының
басқармасы сақтандырудың ережелерін ойластырып жасап әрі бекітіп берген.
Сондықтан кез келген сақтанушы бұл бағалы байлықтарды, тек ақша белгілері
мен бағалы қағаздар, құнды қағаздар коллекциясынан басқаларын сақтандыра
алады.
Мынадай болуы да ықтимал, мысалы, сақтанушылар сақтандыру өтемінің
мөлшерін ұлғайту үшін жойылған автокөліктің тізіміне іс жүзінде бүлінбеген
көліктерді де әдейілеп қосып жіберуі мүмкін. Мұндай жағдайда сақтандыру
өтемінің есептелген сомасы жартысына дейін төмендетілуі ықтимал. Болашақта
осындай сақтандыру оқиғасы бола қалғанда, сақтандыру ұйымдары мұндай
жұмыстарға қатысып, осылар бойынша шығынды анықтап әрі сақтандыру өтемін
төлеу кезінде мынаны ескеруге тиіс, мәселен көптеген тұрғындар жер
сілкінуден соң өз үйлерін сыпырып, тәртіпке келтірген сәтте сынғандарды
лақтырып, қираған жиһаздар мен заттарды қайда жіберерін білмейді, тіпті бұл
заттарды бағалау үшін ұсыну қажет екенін де естен шығарады және алда тұрған
жұмысты қиындатады.
Мынадай да фактілер кездеседі, яғни сақтанушының шығынын бағалау
жөніндегі сақтандыру ұйымдары сақтандыру өтемін жоғары мөлшерде алуға
тырысады, яғни туыстары мен көршілері бағалаудан бұрын өткен бүлінген
жиһаздарды немесе олардың қалдықтарын үйден, пәтерден басқа жайларға
шығарып тастаулары мүмкін.
Келтірілген шығынның мөлшері актіде немесе анықтама есептеу-де
көрсетілген үй мүліктерінің жойылуы мен бүлінгені туралы деректер негізінде
анықталады. Автокөлікке тигізілген шығынның мөлшері әр зат бойынша бөлек
жүргізіледі. Зат мынадай жағдайда жойылды деп мойындалады, егер жер
сілкінудің салдарынан ол өзінің сипаты мен құнын жоғалтса, сөйтіп өзінің
тиісті орнына пайдаланылмаса, сол секілді жөндеу арқылы да бұрынғыдай
пайдалануға жарамаған жағдайда.
Зат мынадай жағдайда бүлінген деп есептеледі, егер жер сілкінудің
салдарынан оның сапасы төмендесе, бірақ жөндеу арқылы бұрынғыша өз орнында
пайдалануға келтірілген жағдайда. Мұндайда заттың өзінің сапасы мен
құндылығын қаншалықты дәрежеде жоғалтқаны оның құнының процентіне шағып
көрсетіледі, ал бүлінген зат жөнделген жағдайда тек сол затты жөндеудің
құны ғана есепке алынады.
Заттың қаншалықты тозғанының процентін анықтау кезінде мүмкіншілігі
бойынша мыналар ескеріледі: сатып алынған, пайдаланылу дәрежесі мен
сақтандыру оқиғасы болған күнге дейінгі нақты жағдайы және де аталмыш
заттың ұтымды қызмет мерзімі.
Автокөліктің жер сілкіну кезіндегі шығынын анықтау мен оларды
сақтандыру бойынша сақтандыру өтемін төлеу, мемлекеттік, кооперативтік және
қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан басқалары сақтандыру ұйымдары арқылы
жүргізіледі. Бұлар ерікті сақтандырудың ережелеріне әрі ақыл – кеңестерге
сай сақтандырылады.
Сақтандырылған автокөліктің жер сілкіну салдарынан жойылуы мен
бүлінгені туралы акт кәсіпорын мен ұйым өкілдерінің міндетті түрде
қатыстырылуы кезінде жасалады. Аталмыш жағдайда актіні жасауға қатысу үшін
жоғарыда тұрған сақтандыру ұйымдарының өкілдері, сол секілді республиканың
өзге аймақтарынан келген көмек беруші мамандар тартылады.
Жер сілкіну салдарынан объектілер мен автокөлік түрлерінің орасан көп
санының – жабдықтардың, инвентарлардың, тауар – материалдық құндылықтардың
жойылуы мен бүлінуі туралы мәліметтерді бланкіде көрсетіп жазудың мүмкін
болмауы себепті, бұл автокөліктердің тізімі актінің тарауларына сай нысан
бойынша жеке параққа толтырылады. Бұдан тысқары сондай-ақ анықтама –
есептеудің қарапайым нысаны да жасалуы керек.
Сақтанушының меншігіне жататын автокөліктердің жойылуы кезінде шығын
толық баланстық құн тұрғысынан, ал бүлінгенде – қалпына келтіру мен жөндеу
құны тұрғысынан анықталады. Шығынның сомасына сондай-ақ автокөлікті құтқару
үшін жасалған шара салдарынан оған келтірілген зақым да қосылады. Жазатайым
оқиға сәтіне дейін болған автокөліктердің саны мен құны бухгалтерлік есеп
пен есеп беру мәліметтері бойынша және де бастапқы кіріс пен шығыс
құжаттары негізінде анықталады. Алайда мынадай жағдай болғанда яғни жер
сілкінудің салдарынан бухгалтерлік кітаптар, карточкалар, бастапқы құжаттар
жойылып кеткенде қажетті құжаттарды көріп – танысу мүмкіндігі болмайды.
Автокөліктердің саны мен құнын қалпына келтіруге қажетті құжаттарды
банктерде көрсете алмайды. Мұндай жағдайда автокөліктің құны оқыс оқиға
сәтінде материалдық жауапты адамның жер сілкінуге байланысты белгіленген
тәртіпке сай тауар – материалдық есебінің негізінде анықталады. Жекелеген
жағдайда автокөліктің жер сілкіну сәтіндегі саны мен құны есептесу жолымен,
яғни автокөлік сақталған тұрғысынан шыға отырып қалдық саны бойынша
анықталады.
Шығынның құнына сақтандыру оқиғасы сәтінде бар – жоғы құжат-тармен
немесе сақтандыру оқиғасы болған жер мен қалдықтарды қарау кезінде
дәлелденбеген автокөліктердің құны қосылмайды. Сақтанушыға жататын
автокөліктің жойылуы мен бүлінуі үшін сақтандыру өтемі автокөлік
сақтандырылған шығын сомасының мынадай процентінде яғни ерікті сақтандыру
туралы өтініште көрсетілген сақтандыру сомасынан аспауға тиіс.
Негізгі құралдардың қатарына жататын автокөліктердің тозуы бойынша
жеңілдік беру амортизациялық жарна нормасы үстіндегі заңдар бойынша
белгіленген негізінде негізгі қор бойынша есептеледі. Кооперативтік
ұйымдардың сақтандырылған автокөліктері үшін сақтандыру өтемі, сақтандыру
дәрежесінің мөлшеріне қарамай-ақ толық көлемде төленуге тиіс 19.
Шығынның жалпы формуласы мына т‰рде болады:
мұндағы,
СП – страховая премия;
БНП – базовая нетто – премия;
АP – аквизициялық шығындардың коэффициенті (әр регионға жарлықпен
қойылады);
0,96 – 4% салықты есептейтін коэффициент 21.
2. Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру
Азаматтардың жеке автокөлігін ерікті сақтандыру шарты сақтандыру
ұйымдарымен 1мерзімге жасалады. Мұндай шарт бойынша сақтандыруға
азаматтардың жеке меншігіне жататын автокөліктер мен Қазақстан Республикасы
аумағына уақытша болатын кезінде (жұмыста, іссапарда, демалыста, жол
үстінде, көшеде) пайдаланатын көліктер жатады.
Сақтандыру екі нұсқада жүзеге асады:
1. 0,5 мың теңгеден 1,0 мың теңгеге дейінгі сақтандыру сомасы-на, яғни
тариф бойынша 1 процент төлем төлеумен сақтандыру.
2. 0,1 мың теңгеден 3,0 мың теңгеге дейінгі сақтандыру сомасына, яғни
тариф бойынша 2 процент төлем төлеумен сақтандыру.
Жеке автокөлікті сақтандыру ол ұрланған жағдайда, сол секілді жойылып
кеткенде (немесе өзінің орнына одан әрі пайдалануға жарамсыз болғанда),
сондай-ақ үшінші бір адамның әдейі істеген жөнсіз қылығының салдарынан
қорғау үшін немесе мынадай жазтайым оқиғалардан: өрттен, жарылыстан, көлік
құралдарының соғып, басып кетуінен, жылу жүйесінің, су құбырларының, көрші
үйден су аққанда, құрылыстың негізгі конструкциясы күтпеген жерден
бұзылғанда өткізіледі.
Шарт сақтандыру куәлігінің бланкісіне хатталады. Жеке автокөлікті
сақтандыру шарты мынадай жағдайларда күшіне енеді:
- төлемдік қолма-қол ақшамен төлеген кезде;
- ақшасыз есеп айырысқан кезде – еңбекақыны беретін күн белгіленген
күннен сақтандыру төлемі аударылғанда;
- салымнан алып ақша аударған кезде – сақтандыру орган-дарының есеп-
шотына төлем келіп түскен күннің ертеңінен.
Шарттың іс-әрекеті бір жылдан соң, яғни шарт күшіне енген күннен бір
күн бұрын аяқталады. Бұдан бұрынғы үш немесе одан да көп жылдар бойы
үзіліссіз сақтандыру шартына отырып келсе, ондай адамға жаңа мерзімді
шартқа отыру кезінде (осы шарт жағдайларын бұлжытпай орындағанда, үш жыл
ішінде – 10%, төрт жылда - 15%, бес және одан көп жылда - 20%) төлемнің 20
проценті мөлшерінде жеңілдік алуға құқылы.
Сақтандыру оқиғасы басталған кездегі сақтанушының міндеті:
- көлік ұрланған жағдайда, адамның әдейі істеген жөнсіз әрекеті
салдарынан ол жойылғанда бұл туралы милиция органына, ал өрт шықса - өртті
қадағалау органдарына, жарылыс немесе апат болғанда – тиісті авария
қызметтерінің органына және т.б. хабарлау қажет;
- бір тәулік мерзімде сақтандыру оқиғасы болған аумаққа қарайтын
ауданның сақтандыру органдарына хабарлау керек. Жазбаша өтініште мына
жайлар толық көрсетіледі: қашан, қайда, және де қандай жағдайда
сақтандырылған көлік құрып кетті немесе ұрланды, қандай білікті органдарға
бұл жөнінде хабарланып, өзінің тұратын жері айтылады;
- жойылған немесе ұрланған автокөліктердің сақтандыру ұйымдарынан алған
нысан бойынша тізімдері жасалады;
- актіні жасау кезінде сақтандыру ұйымының өкіліне бүлінген заттардың
қалдығын көру үшін мүмкіндік жасалады.
Актіні жасауды сақтандыру ұйымы сақтанушы мен екі куәнің міндетті
қатысуымен жүргізеді. Бұған қоса, актіні жасауға қоғамдық өкіл де
шақырылуға тиісті. Сақтандыру өтемін төлеуді сақтандыру шартын жасаған
сақтандыру ұйымы тиісті құжаттар мен жасалған актіні алысымен жүргізеді.
Зардаптың мөлшері олар жасаған акті мен білікті органдардың құжаттарының
негізінде анықталады. Сақтандыру өтемі жойылған автокөліктің нақты құны
немесе сақтандыру шарты бойынша белгіленген мөлшерде төленеді
Сақтандыру өтемі төленбейді, егер:
1. Сақтандыру оқиғасы сақтанушының әдейі істеген әрекеті салдарынан
зиянға ұрынса, әдейі жасалған бұл қылмысты тергеу органдары анықтайтын
болса;
2. Үшінші бір адам автокөлікті ұрласа, жойғысы келсе, бірақ сақтанушы
бұл жайындағы мүмкіншілігі бола тұрып милиция органына айтпаса, сондай-ақ
бұл фактіні милиция органы растамайтын болса;
3. Тек қана заттар қалдықсыз құрып кеткеннен басқа кездегі бүлінген
заттардың қалдықтары көрсетілмейді.
Егер сақтанушы құрып кеткен заттардың ішіне жойылмаған нәрсені әдейі
қосып жіберсе, онда жоғарыда тұрған сақтандыру ұйымы мәселенің мәнісін
байыптап қарап алып, төленуге тиісті сақтандыру өтемінің мөлшерін 50
процентке дейінгі шекте төмендету туралы шешім қабылдай алады.
Егер де келтірілген зақым орнына келтірілсе, онда сақтанушы сақтандыру
өтемін алу құқығын жоғалтады. Егер сақтанушыға ұрланған зат қайтарылса,
онда ол сол зат үшін алған сақтандыру өтемін сақтандыру мекемесіне қайтарып
беруге міндетті, бірақ бұдан ұрлануға байланысты жөндеуге немесе
қайтарылған затты ретке келтіруге кеткен шығындар ұсталып қалады.
2 Сақтандыру компаниясының сипаттамасы және басқару жүйелері
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” нарықта 6 жылдан бері
жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде компания үлкен жетістіктерге жеткен.
Компанияның жұмыс істеу ережесі, ол клиентке керекті сақтандырудан сапалы
қорғау және максималды шапшаңдылықты қамтамасыз ету болып табылады және де
клиенттің барлық қажеттілктерін толық қанағаттандыру.
Компанияның имиджіне және қызмет ету стандартының құрылуына
компанияның акционерлері үлкен ықпал жасайды. Бұл акционер Қазақстандағы ең
ірі банктердің бірі – АҚ “Тұран Әлем” банкісі 24.
Компанияның жарғылық капиталы 1 364,0 млн. теңгені құрайды және 100%
ақша құралдарымен қамтамасыз етілген. Компанияның үлкен көлемдегі
сақтандыру сыйлықтары жеткілікті резервтерді жинауға мүмкіндік береді.
Компания капиталының тұрақты ұлғаю көлемі, профессионалдық менеджмент және
инвестициялық саясат компанияға Қазақстан Республикасында ірі
институционалды инвестор болуға мүмкіндік береді.
Компания өзінің белсенділігін дара қызмет ету сферасында дамытады,
бөлшек секторындағы сақтандыру продуктілерін жаңартуға және құруға үлкен
назар аударады, сақтандыру бизнесінде жаңа технологияларды қолданылады және
керекті қызметтердің тізімін тұрақты кеңейтеді.
Қазіргі уақытта біз сақтандырудың барлық түрлерін ұсынамыз.
Клиенттердің ыңғайлылығына қарай сақтандырудың 40-тан жоғары программалар
жасалған. Көлік жүйесін сақтандыруға отандық және шетелдік көліктер мен
джиптар (внедорожники) қабылданады.
Сурет 1
“Тұран Әлем” банкінің “Сақтандыру компаниясының” ұйымдық құрылымы
“Тұран Әлем” банкінің ”Сақтандыру компаниясы” өздерінің клиенттеріне
кең және әр түрлі спектр бойынша сақтандыру өнімдерін ұсынады, барлық
мүмкін болатын тәуекелдердің сферасын күнделікті өмірде іс жүзінде қамтиды
24.
Құрамы жағынан компания портфелі 4 топқа бөлінеді:
Сақтандыру топтары Сыйақы 2004
Мың тг. Үлес
Көлік жүйесін сақтандыру 353 002 25%
Жауапкершілікті және мүлікті сақтандыру 506 480 36%
Жеке сақтандыру 369 813 26%
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру 172 363 12%
Барлығы: 1 401 658 100%
Көлік жүйесін сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- көлікті өз еркімен сақтандыру;
- БАНК – КӨЛІК сақтандыруы;
- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті
сақтандыруы;
- көлік иесінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін міндетті
сақтандыруы;
- тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық – құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру.
Мүлікті ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- кәсіпорын мүліктерін сақтандыру;
- мұнай операцияларын сақтандыру;
- құрылысты сақтандыру;
- ұшақтар мен қайықтарды сақтандыру;
- жүктерді сақтандыру және т.б.
Ерікті сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- медициналық ерікті сақтандыру;
- аурулардан сақтандыру;
- шетелге кететін және ҚР келетін азаматтарды сақтандыру;
- жұмысшының денсаулығына және өміріне зақым келтіргені үшін жұмыс
берушінің азаматтық – құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.
Қаржылық тәуекелдерді сақтандыру төмендегідей бөліктерден тұрады:
- келісім – шарт бойынша азаматтық – құқықтық жаупкершілікті
сақтандыру;
- кәсіпкердің тәуекелділігін сақтандыру.
КӨЛІК ЖҮЙЕЛЕРІН ерікті түрде сақтандыру ережелері:
Осы ережелердің шарттары негізінде БТА Сақтандыру Компаниясы АҚ жеке
тұлғалармен – көлік құралдарының иелерімен автомобиль көлігін ерікті түрде
сақтандыру шарттарын жасасады.
Осы ережелерде келесі ұғымдар мен терминдер қолданады:
1) көлік құралының иесі – көлік құралын жекеменшік құқығында немесе кез-
келген өзгедей заңды негізде иеленетін жеке тұлға.
2) пайда алушы – сақтандыру шартына сәйкес сақтық өтемді алушы болып
табылатын тұлға.
3) сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып отырған
көлік құралын жүргізуге рұқсат етілген тұлға;
4) сақтандырылған көлік құралы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылып
отырған көлік құралы (жеңіл автомобиль).
5) сақтандыру объектісі – сақтанушының (пайда алушының) сақтандырылған
көлік құралын иелену және пайдаланумен байланысты мүліктік мүдделері.
Сақтанушының (пайда алушының) құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға
жатпайды.
6) сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға.
7) сақтаудырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын БТА Сақтандыру
Компаниясы АҚ, яғни сақтандыру жағдайы болған кезде жасалған
сақтандыру шартына қатысты тұлғаға (пайда алушыға) шартпен анықталған
сома (сақтандыру сомасының) мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге
асыруы тиіс тұлға
8) сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шартында ескерілген
тәртіп бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
9) сақтандыру сыйлықақысы (сақтандыру жарналары) – сақтандырушы пайда
алушыға сақтандыру шартында анықталған мөлшерде сақтандыру төлемін
жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға
төлеуге міндетті ақша сомасы.
10) сақтандыру сомасы – сақтандыру объектісі сақтандырылған және
сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушының жауаптылығының
шекті мөлшерін білдіретін ақша сомасы.
11) сақтандыру төлемі – сақтандыру жағдайы болған жағдайдағы сақтандырушы
сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру сомасының шектерінде төлеуі
тиіс ақша сомасы;
12) шартсыз франшиза – әр сақтандыру жағдайында сақтандыру төлемінің
мөлшерін анықтау барысында шығын сомасынан шартсыз түрде шегеруге
жататын ақша сомасы, таңдалған сақтандыру Бағдарламасы бойынша немесе
мөлшері сақтандыру шартындаполисінде көрсетілген сақтандыру сомасының
пайызы түрінде анықталады.
Көлік құралдарын ерікті сақтандыру ережелерінің бөліміне келесі
ұғымдар мен терминдер қолданады:
1) жол-көліктік оқиға – жол үстімен көлік құралының жүру барысында және
оның қатысуымен болған, барысында адамдар қаза тапқан немесе
жараланған, көлік құралдары, құрылғылар, жүктер зақымдалған немесе
өзгедей материалды зиян келтірілген оқиға;
2) жол – ыңғайластырған немесе икемделген және көлік құралдарының жүруі
үшін қолданылатын жур үсті сызықты бөлігі немесе қолдан жасалған
құрылым беті. Жол құрамына бір немесе бірнеше жүру бөліктері және
болған жағдайда трамвай жолдары, тротуарлар, жол жиектері мен бөлу
сызықтары кіреді;
3) техникалық қызмет бекеті (ТҚБ) – көлік құралдарын сондай мақсатта
жабдықталған орындарда жөндеу (қалпына келтіру) қызметтерін жүзеге
асыратын заңды тұлға (жеке кәсіпкер);
4) авторизацияланған қызмет орталығы - өндіруші фирманың өзі шығарған
көлік құралдарының моделдеріне техникалық қызмет көрсетуге
өкілеттендірген (авторизацияланған) техникалық қызмет бекеті;
5) толық жойылу – қалпына келтіру шығындары оның нақты құнынан 70% асқан,
сақтандыру объектісін күйі.
Көлік құралын тексеру:
1. Сақтандыру шартын жасасу барысында сақтандырушы сондай әрекетке арнайы
өкілеттендірілген сақтандырушы арқылы сақтандырылып отырған көлік
құралын іс жүзіндегі техникалық жағдайы мен сыртқы көрінісін анықтау
мақсатымен тексеруге құқылы, бірақ міндетті емес. Сақтандыру шартын
жасасқысы келген тұлға ондай тексеруге қарсылық білдірген жағдайда
сақтандырушы сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқылы 24.
2. Көлік құралын тексеру бойынша кез-келген ықтимал шығандарды сақтандыру
шартын жасасқысы келген тұлға көтереді.
1. Автокөлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызудың міндеті мен
тағайындалуы
Қазіргі уақытта көптеген банктерде жаңа автоматтандырылған есеп – қисап
технологиялардың көшуіне қажеттілік жасайды. Бұл банктік қызмет нарығында
бәсекелестікті лайықты жүргізуіне және ұнамды пайданы алуға мүмкіндік
береді.
Ақпараттық технологиялардың архитектурасын таңдау стратегиясы,
программалық жабдықтау және телекоммуникация құралдары келесі факторлерден
құралу қажет:
( банк мөлшерінде (активтер, есептер саны, филиалдар мен бөлімшелер
саны);
( банк қызметінің басты бағыты;
( банк салымшыларының сипаттамасы;
( жарнама стратегиясы;
( мамандануы: коммерциялық инвестициялық әмбебаб;
( ішкі және халықаралық нарыққа бейімделу;
( банктегі ақпараттық технологиялардың бар мүмкіндіктерінде;
( жоғары басқарушы қызметкерлерінің аса үлкен тәуекелдерін қабылдауға
дайындық көрсеткіштері.
Ақпараттық жүйе – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, өңдеуге және
қолданушылардың сұрауларына байланысты ақпаратты көрсетуге арналған. АЖ
өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін есептерін қосады.
Кез – келген АЖ мақсаты, қолдану аймағына қатысты емес әдістерді құру,
техникалық базаларды, байланысты үзбеу аппараты, уақтылы, нақты және толық
ақпараттарды көрсету болып табылады.
АЖ құрудың басты мақсаты автоматтандыруды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу
және банк салымшыларына финанстік ақпараттарды беру болып табылады,
нәтижесінде, банк клиенттерінің қызмет ету деңгейін жоғарлату.
ЭАЖ құрудың басты мақсатымен қатысты АЖ есептері мыналар болып
табылады:
( қызметкерлердің іскерлігі мен еңбек өнімділігі;
( берілген мәліметтердің ақиқаттығы;
( салымшылардың ақшасы туралы мәліметтерді тез арада алу;
( құжат айналымдарының азаюы, банк шығындарының азаюына әкеліп соғады;
( әртүрлі критериялар бойынша салымшы туралы ақпаратты іздеуге
мүмкіндігі бар;
( берілген ақпараттың сенімділігі мен қорғануы бойынша барлық
комплексті талаптардың орындалуы;
( тез арада ақпараттарды жинау, бақылау, өңдеу және беру жұмыстарын
жақсарту.
Қосымша есептер комплексін қосуына және әрі қарай дамуына,
функционалдық және ақпараттық құрылым жүйесі ашық болу қажет.
Достық интерфейс компьютермен жұмыс істеген кезде жұмысшылар өз
жұмысының өнімділігі мен сапасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді 9.

Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл жүйе, жинауға, сақтауға, іздеуге, қайта
өңдеуге және сұраныстарға қатысты ақпараттарды қолданушылармен таныстыруға
арналған. АЖ өзіне программалық құралдар жиынтығының тікелей шешілетін
есептерін қосады.
Қолданушыларға жүйе өте ыңғайлы және ұнамды болатын интерфейс және
рұқсат етілмеген қимылдардан қорғау.
Осы АЖ ақпарат құпия болмайды және ішкі қолданушылар қолдана алады.
Бірақ жүйенің жұмыс істеу кезінде кедергілерден қорғауды қарастыру қажет,
қолданушылардың дұрыс емес қимылдарын, сондай – ақ істен шығуды қалпына
келтіру мүмкіншілігі бар.
Фактілерді ескеріп, компьютерлік жүйенің архитектурасына әсер етеді,
оған мынандай басты талаптар құрастырады:
- АЖ архитектурасы барлық жүйенің жұмыс тәртібінің бұзылу ықтималдығын
азайту қажет (жүйенің істен шығуы, ақпараттық базаның бұзылуы,
ақпараттардың жоғалуы немесе өзгеруі) қолданушылардың кездейсоқ және әдейі
жасалған қимылдары;
- ақпараттар легінің қатысуымен элементтер жүйесі арасындағы
ақпараттардың байланысы мен алмасуын іске асыру қажет;
- берілген тапсырмаларды қарастыру және ақпараттардың жаңартуын
жабдықтау;
- қарым – қатынас тәртібінде қолданушылардың сұраныстарының
тапсырмаларын іздеу;
- ақпараттарды ыңғайлы енгізу;
- ерте енгізілген ақпараттарға тез арада қол жеткізу;
- нормативтік – анықтама ақпараттарын қайта – қайта қарап отыру қажет;
- ақпараттық жеткілікті жылдамдық, ақпараттың ауысу көлемі және жиілігі
ағымдағы процестердің үдейі қозғалысына сәйкес келу керек 9.

Ақпараттық жүйе – бұл қиын жүйелер және элементтерді бөлек бөлімдерге
бөлуін талап етеді. Барлық жүйелерге бірден жасау мүмкін болмаса, олардың
бөлек бөлімдеріне жасау мүмкін болады. Бөлімдердің белгіленуі толығырақ
және нақтырырақ болса, жүйе элементтері, бөлімдердің ара – қатынасы және
тұрған жері анықталса, онда жүйенің қызмет істеуі және құру процесі
тиімдірірек болады.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық – уақыттық байланыстарының тұрақты
тәртібі және элементтер мен жүйеасты бөлімдерінің арасындағы қатынасы,
жүйеастының атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара
байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі
– бұл есептердің және есептер комплексінің немесе жүйеастыларының жиынтығы,
бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды 9.
Есептер комплексі – бұл есеп жиынтығы, белгілі бір қасиетіне қарай
топталған.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе
ортааралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және
т.б.)
Экономикалық есептердің келесідей ерекшеліктерін көрсетуге болады:
- жоғары алгоритмдеу;
- иерархиялық, яғни жүйеастыларына, блоктарға, есептер комплексіне
кіруі;
- шешімнің бір қалыптылығы;
- шешімге белгілі бір уақыттың болуы;
- типтік алгоритм шешімінің мүмкіндігі және жалпыламалығы;
- жүйенің шығу – кіру тапсырмаларының құрылымы және үлкен көлемі 5.
Автокөлікті сақтандырудың АЖ қойылатын талаптар кесте түрінде
бейнеленген, бұл кестеде есептер комплексі және мүлікті сақтандырудың
есептері көрсетілген, сондай – ақ кіріс және шығыс көрсеткіштері берілген
есептерге келтірілген.
Кесте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz