«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік
технология және инжиниринг университеті
«Экономика және құқық» институты
«Құқықтану» кафедрасы
«Бекітемін»
Институт директоры
э. ғ. к. Джолдасбаева Г. У.
«___» 2008 ж.
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
АҚТАУ- 2008
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді құрастырған: аға оқытушы Усенбаева Әсемгүл Ұзақбайқызы.
Пән бағдарламасы «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» типтік оқу бағдарламасы бойынша құрастырылған. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2005 жылғы.
«Мемлекеттік және азаматтық құқық» кафедрасының отырысында бекітілді.
«» 2008ж. Хаттама №
Кафедра меңгерушісі
«Экономика және құқық» институтының әдістемелік кеңесімен келісілген.
«» 2008ж. Хаттама №
Төрағасы Жалғасов Н. А.
МАЗМҰНЫ
1-БӨЛІМ. Типтік оқу бағдарламасы . . .
2-БӨЛІМ. Пәннің жұмыс бағдарламасы: Силлабус . . .
3-БӨЛІМ. Глоссарий . . .
4-БӨЛІМ. Дәрістің қысқаша мазмұны . . .
5-БӨЛІМ. Семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау . . .
6-БӨЛІМ. Студенттің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау . . .
7-БӨЛІМ. Студенттің оқытушымен жүргізілетін жұмысы . . .
8-БӨЛІМ. Бақылау тапсырмалары . . .
9-БӨЛІМ. Білімін бағалау жүйесі . . .
1-БӨЛІМ. ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Жоғары кәсіптік білім)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ
050301 «Заңтану»
бакалавриат мамандығы бойынша
90(2)
(несие көлемі)
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Астана
2005
Алғы сөз
1 «Заңтану» және «Кұқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясымен ДАЙЫНДАЛҒАН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
2 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «11» мамырдағы 2005 ж. № 289-бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ КҮШІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН.
3 АҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.
4 Типтік оқу бағдарламасы 050301 «Заңтану» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.
Бұл типтік бағдарлама «Заңтану» және «Құқық қорғау қызметі» мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының рұқсатынсыз көбейтіле және таратыла алмайды.
Мазмұны
Түсіндірме беретін жазба . . . 4
Пәннің мазмұны . . . 6
II. 1. Кіріспе . . . 6
II. 2. Негізгі бөлім . . . 8
Жалпы бөлім . . . 8
1-тақырып. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні . . . 8
2-тақырып. Экологиялық кұқықтың тарихы және қайнар көздері . . . 8
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы . . . 8
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы . . . 9
5-тақырып . Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы
басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары . . . 9
6-тақырып. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың
экономикалық тетігінің құқықтық негіздері . . . 9
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Ерекше бөлім . . . 9
8-тақырып. Жердің құқықтық режимі . . . 10
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық режимі . . . 10
10-тақырып. Судың құқықтық режимі . . . 11
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі . . . 11
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі . . . 11
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау . . . 12
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі. . 12
15-тақырып. Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау . . . 12
II. 3. Семинар(тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі . . . 13
II. 4 Курстық жұмыстардың үлгі тақырыпнамасы . . . 13
III. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі . . . 15
IV. Типтік оқу бағдарламасының авторы . . . 19
Түсіндірме беретін жазба
Қазақстан Республикасынын экологиялық құқығы қоғам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа қалыптасқан құқық саласы.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сонымен бірге, адамзаттық қазіргі және болашақ ұрпақтарының өмірі мен қызметі үшін қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Табиғат пен қоғамнын өзара қарым-қатынасы саласындағы қоғамдық қатынастар құқық салаларының кешенімен реттеледі. Олардың арасында негізгі маңыздығы бар экологиялық құқық салалары: жер, таукен, су, орман және өзге де табиғи объектілер мен табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды талап ететін салалар.
Сонымен қатар, осы құқық салаларының нормалары шаруашылық қатынастар арқылы экономиканың дамуына экологиялық әсер етеді, ал бұл қатынастар барлық мемлекеттік құқықтық реттеудің бағыттарымен қамтылады, яғни осыдан шыға келе едәуір мемлекеттік органдардың және басқа да құрылымдардың қызметінің пәніне кіреді. Сондықтан табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарын реттеумен конституциялық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық, азаматтық, аграрлық, қылмыстық және басқа да құқық салаларының нормалары тығыз байланысты.
Бұл бағдарлама жоғарғы оқу орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша оқитын студемттерге арналған және келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
1. студенттерде Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының барлық өзекті институттары туралы жүйелендірілген білімін қалыптастыру:
2. студенттерді экологиялық құқық ғылымымен дайындалған көзқарастармен, концепциялармен және теориялармен таныстыру, сонымен қатар, семинар жүргізу, курстық жұмыстарды жазу барысында осы көзқарастарды, концепияларды және теорияларды зерттеу мен бағалау дағдыларын студенттерде қалыптастыру;
3. студенттермен семинар сабақтарында есептерді шығарғанда және өзіндік жұмыстарын орындау кезінде экология-құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдана білуін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығын оқытуды студенттердің келесі пәндерді меңгергеннен кейін ұсынылады: Қазақстан Республикасының енбек құқығы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Осы салалардың институттары Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтың аналогиялық институттарының негізін, солармен ұқсас табиғатын құрайды және олардың тиімділігін қамтамасыз етеді (нақтылай айтатын болсақ, оларға қатысты қорғау функцияларын жүзеге асырады) .
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды кұқықтық реттеудің мұндай ерекшелігін осы оқу курсының жүйесі ескереді. Ол жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Курстың жалпы бөлімінде барлық оқу пәндері үшін жалпы институттар қарастырылады. Ерекше бөлім жекелеген табиғи объектілерді, табиғи және аумақтық кешендерді пайдаланудың, өсімін молайтудың және қорғаудың, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың режимін реттеуге арналған.
Экологиялық құқықты оқыту мақсаты экологиялық заңдарды және оларды іс жүзінде қолдануды және адамзаттық мүддесі үшін қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану саясатын жүргізуге қабілеті құқық қорғау органның, өкілді атқарушы органның және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес органның болашақ жұмыскерлері болатын құқықтанушыларды дайындау.
Нақты курсты оқытудың міндеттері:
1. экологиялық зандарды оқып білу және оның қолдану механизмін үйрену;
2. теориялық және іс жүзіндегі тәжірибені өмірде қолдануды меңгеру;
3. болашақта экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажет экологиялық құқықтық сананы тәрбиелеу.
Осы оқу пәні оқытудың барлық дәстүрлі әдістерін қолданады: арнайы әдебиеттерді зерттеу, нормативтік актілерді қолдану, есептерді шығару, студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттердің білімдерін қарастырылған тексеру нысаны - емтихан.
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
XX ғасырдың ортасында дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың ауырлауына байланысты, экология шектелген биология ғылымдарының зерттеу шеңберінен шығып, қазіргі кездегі ең маңызды ғылымдардың біріне айналды.
Жалпы экологиядан оның негізгі бөлімі - әлеуметтік экология бөлініп шығады, оның негізгі зерттеу аясы қоғамның, оны қоршаған табиғи орта мен қатынасының шарттары мен заңдылықтарын анықтау. Әлеуметтік экологияға кұрамдас бөлігі болып құқықтық экология кіреді. Қазіргі кезде құқықтық нормалармен орталанған қоғам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынастарды зерттеуі басталады.
Қазақстанның экологиялық құқығы құқық саласы ретінде 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін, ғылымда "Кең мағынадағы жер құқығының" кұрамында пайда болды. Бастапқы кезде бұл сала табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттеп отырды. Кейінгі табиғат қорғау нормалардың дәрежелеп дамуына бірнеше дербес құқық салаларының қалыптасуына әкеп соқты, олар - жер, су, орман, таукен құқығы.
Бұл бөлінген салалардың заңды тұрғыдан бекітілуі 60-ы жылдардың соңымен 70-ы жылдардың басында Заң негіздерін, ал кейін Жер, Су, Орман, Жер қойнауы кодекстерін қабылдаумен болды.
Параллельді ресурстық құқық салаларының дербестену процессімен қатар, олардың интеграциялану процессі жүрді, ол қоршаған ортаға кешенді және әр ресурсқа бөлек көңіл аудару керектігінен туындады.
Заң жоғарғы оқу орындарында интеграцияланған "Табиғатты құқықтық қорғау", "Табиғи ресурстарды құқықтық қорғау" және кейін "Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы" оқу пәндерін оқыта бастады.
Заң әдебиеттерінде экологиялық мәселені бірегей екі өзара байланысты аспекттер - табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау ретінде қарастырады. Осы екі өзара байланысты қоғамның табиғатқа әсер ету нысандары оқу курсының негізгі мазмұнын құрайды.
Сонымен қатар, қазіргі экологиялық жағдайда табиғатқа араласудың нәтижесіндегі жағымсыз салдарының зардап шешушісі ретінде адам, оның денсаулығы мен жағдайы болды.
Сондықтан да республика азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы табиғи ортаны қорғау экологиялық қауіпсіздіктің негізі болды, және ұлттық қауіпсіздіктің стратегиялық және фундаменталды компоненті болып саналады, халықаралық және интеграциялық процесстері кезіндегі елдің мүдделері мен басшылықтарын қорғауда негізгі аспект болып табылады. Осы міндеттердің занды аспектілерін шешу экологиялық құқыққа берілген және осы зандылықтың интегралды актісі "Қоршаған ортаны қорғау туралы'" заңы болып табылады.
Экологиялық құқық әр түрлі құқық салаларының бір-бірімен өзара байланысты кұқық нормаларының кешенінен тұрады, себебі экологиялық мәселелер адамнын әр түрлі қызмет ету салаларын қамтиды. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі мәселесі болып әр түрлі құқық салаларын экологизациялау болып табылады. Сондай-ақ құқық нормаларымен реттелген экологиялық талаптардың орындалуы қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Экологиялық нормаларды білу барлық лауазымды тұлғаларға, кәсіпкерлерге және азаматтарға міндетті. Бұл олардың экологиялық талаптарды орындауға, сондай-ақ олардың экологиялық құқықтарын қорғауға негіз болады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-тақырып. Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні.
Мемлекеттің экологиялық функциясы. Қоршаған табиғи орта құқық объектісі ретінде. Экологиялық құқықтың түсінігі. Экологиялық қатынастардың түрлері және жалпы сипаттамасы. Экологиялық құқық қатынастардың субъектілері және объектілері. Экологиялық құқық қатынастарының мазмұны.
Экологиялық құқық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы. Экологиялық құқықтың әдістері. Экологиялық құқықтың жалпы және арнайы қағидалары. Экологиялық құқықтың жүйесі: жалпы және арнайы бөлімдері. Экология-құқықтық институттар. Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесіндегі экологиялық құқықтың орны. Экологиялық құқықтың басқа құқық салаларымен ара қатынасы.
2-тақырып. Экологиялық құқықтың тарихы және қайнар көздері.
Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды: ұтымды пайдалану туралы республикалық заңдылықтардың негізгі даму кезеңдері. Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшіліктері және классификациясы. Казақстан Республикасының Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер мен талаптар. Табиғат қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы жалпы және арнайы заңдар. ''Қоршаған ортаны қорғау туралы'' Қазақстан Республикасының заңы - жалпы сипаттамасы және экологиялық қатынастарды құқықтық реттеудегі оның маңызы.
Үкіметтің экология-құқықтық актілері. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың экология-кұқықтық актілері. "Экологиялық қатынастарды реттеудегі соттық тәжірибенің маңызы. Экология және табиғат пайдалану жөніндегі халықаралық конвенциялар, мемлекетаралық келісімдер мен шарттар.
3-тақырып. Табиғат объектілеріне меншік құқығы
Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік кұқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Құқықтық қорғау объектілері мен мемлекеттік меншік құқығының арақатынасы. Мемлекет табиғат объектілеріне меншік
құқығының субъектісі. Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары мен олардың табиғат объектілеріне меншік құқығын іске асыру жөніндегі өкілеттігі.
Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны және қорғалуы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері.
4-тақырып. Табиғатты пайдалану құқығы.
Табиғат пайдалану құқығының түсінігі. Табиғат пайдалану құқығының кағидалары және негізгі белгілері. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану. Табиғат пайдалану құқығының мазмұны. Табиғат пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері.
Табиғат пайдалану құқығының пайда болу, өзгертілу және тоқтатылу негіздері. Табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру негіздері. Табиғат пайдалану құқығын қорғау.
5-тақырып. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқарудың ұйымдастырушылық-құқықтық нысандары.
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың түсінігі мен қызметі. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы мен түсінігі. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы жоспарлау, бағдарламалау және стандарттау мәселелері. Экологиялық нормалары және қоршаған ортаға әсердің жол беруге болатын шекті нормативтері. Экологиялық мониторингті жүзеге асырудың тәртібі. Экологиялық сараптама: мақсаттары, міндеттері, түрлері. Шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптар. Табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлары. Экологиялық бақылаудың түрлері мен міндеттері.
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау туралы дауларды қарау және шешу тәртібі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы соттардың қызметі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы прокуратура мен ішкі істер органдарының қызметі.
6-тақырып. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері.
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің түісінігі мен құрамдас элементтері. Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері. Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен қаржыландыру. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу жәке есептесу тәртібі. Экологиялық сақтандыруды құқықтық реттеу.
Табиғатты пайдалану үшін салықтар. Арнайы табиғат пайдалану үшін төлемдер. Қоршаған ортаны қорғауды экономнкалық жағынан ынталандыру. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жургізуге арналган қаражаттық құралдарды жұмсау. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.
7-тақырып. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік.
Экологиялық зандарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы. Экологиялық құқық бұзушылықтың түсінігі мен кұрылымы. Экологиялық зандарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік. Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік. Экологиялық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауапкершілік.
Экологиялық зандарды бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі және түрлері. Экологиялық заңның түсінігі мен түрлері. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін басқа экологиялық жауапкершіліктің түрлері.
ЕРЕКШЕ БӨЛІМ
8-тақырып. Жердің құқықтық режимі.
Жер ресурстарының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасың Жер кодексі және жер туралы басқа да заңдылықтар. Жер зандарының міндеттері мен қағидалары. Жер қорының түсінігі және оның жекелеген санаттарының құқықтық режимі. Мемлекеттік органдардың жер қатынастарын реттеу саласындағы құзыреттері. Жерге мемлекеттік меншік құқығының мазмұны. Жерге жеке меншік құқығының түсінігі мен объектілері. Жер пайдалану құқығының түсінігі, түрлері және субъектілері. Жер учаскелерін нормалау. Жер учаскесіне меншік құқығының және жер пайдалану құкығының туындау, өзгеру және тоқтату негіздері. Жерді қорғаудың мақсаттары мен міндеттері. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негіздері мен тәртібі.
9-тақырып. Жер қойнауының құқықтық режимі.
Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңы және жер қойнауын ұтымды пайдалануы мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да зандар. Қазақстан Республикасы жер қойнауы және жер қойнауын пайлалану туралы зандарының мақсаттары мен қағидалары. Жер қойнауы мен басқа да пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Жер қойнауына меншік құқығы және оны іске асыру нысандары. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері. Пайдалы қазбаларды есепке алу, оларды жіктеу. Пайдалы қазбалардың кен орындарының мемлекеттік кадастры. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау. Жер койнауын пайдалану және қорғауға байланысты дауларды шешу тәртібі. Жер қойнауына, жер қойнауы пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу. Жер қойнауы туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
10-тақырып. Судың құқыктық режимі.
Судың құкықтық режимінің түсінігі мен жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар. Қазақстан Республикасы су зандарының мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасы су қорының түсінігі мен кұрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі. Суды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі. Су қорына меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.
Суды пайдалану құқығы және оның түрлері. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама. Су объектілерін қорғау және судың зиянды әсеріне қарсы күресу. Су қорын пайдалану мен қорғауды реттеудің экономикалық тетігі. Су дауларын шешу тәртібі және су заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
11-тақырып. Ормандардың құқықтық режимі.
Ормандардың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының Орман кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа заңдар. Қазақстан Республикасы орман қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөлгктерінің құқықтық режимі. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау. Орман иелену және орман пайдалану құкығы. Орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі талаптары. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалануды жүзеге асыру.
Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі. Орман қорын қорғау мен пайдаланудың экономикалық тетігі. Орман дауларын шешу тәртібі. Ормандарға келтірілген зиянды өтеу және орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық.
12-тақырып. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі.
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаттамасы. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының заңы және осы саладағы басқа да заңдар. Жануарлар дүниесін ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизмі. Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары. Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу. Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді қүқықтық реттеу. Жануарлар дүниесін қорғауға қойылатын негізгі талаптар. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау, кадастр және мемлекеттік есебі. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
13-тақырып. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.
Атмосфералық ауанын қазіргі жағдайы. Атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы. "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңы және атмосфералық ауаны қорғау саласындағы басқа да зандар. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі қызметті ұйымдастыру.
Атмосфералық ауаның сапасын және оған зиянды физикалық әсер етуді экологлялық нормалау. Атмосфералық ауаға зиянды әсер ету көздерінің мемлекеттік есебі. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы бақылау. Атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі. Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау туралы заңларды бұзғаны үшін жауапкершілік. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объекіліердің құқықтық режимі.
Мемлекеттік табиғи-қорық қорының түсінігі. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының заңы және осы саладағы басқа да заңдар. Мемлекеттік органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz