Жезқазған қаласы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Жезқазған қаласы - Қазақстандағы қала, Қарағанды облысы

Берік Әбдіғалиұлы, Жезқазған қаласының әкімі

  • Қала 1954 жылы құралды. Қала аумағы1, 8 мыңшаршы километрге тең. [2]
  • Қала халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда97, 3 мыңадамды құрады.
  • Қалалық әкімшілікте 3 ауылдық округ, 18 ауылдық елді мекен бар.
  • Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының60, 0%-ықазақтар27, 8%-ыорыстар1, 4%-ынемістер1, 3%-ытатарлар4, 1%-ыукраиндер0, 9%-ыбелорустар4, 5%-ыбасқа ұлт өкілдері
  • 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер:туылу -16, 73өлім -10, 88табиғи өсім -5, 85
  • Қалада 01. 01. 07 жылға 1133 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 13 ірі, 58 орта, 1062 шағын субъектілер.

Негізгі экономикалық бағыт: түсті металлургия; машина жасау және металл өндеу; энергетика; тамақ өнеркәсібі.

  • Қаланың негізгі кәсіпорындары:«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «ЖезРЭК» АҚ, «ПТВС» АҚ
  • Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері:электр энергиясы; түсті металдарды өндіру (айырылған күміс, айырылған алтын, тазартылған мыс) .
  • 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады.
  • 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорыны, 184 іс-әрекеттегі шаруа қожалығы, 4, 5 мың халықтың жеке қосалқы шаруашығы. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге251, 4 мыңгектар ауыл шаруашылық жерлері пайдаланылады, оның ішінде1, 0 мыңга - егістік алқаптар.
  • 2006 жылғы астыққа 1, 1 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішіндекартоп0, 8 мыңгакөкөніс0, 2 мыңга

Осыдан 2006 жылы 11, 6 мың тонна картоп, 4, 9 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 1, 1 мың тонна ет ( тірі салмақта ), 4, 0 мың тонна сүт, 4671, 2 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 6, 9 мың бас , қой мен ешкі - 22, 5 мың бас , шошқа - 4, 3 мың бас , жылқы - 1, 8 мың бас , құс - 23, 1 мың бас .

Қалада 2006/2007 оқу жылы басына

  • 22 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 14999 оқушы,
  • 7 колледжде - 6470 оқушы,
  • 2 кәсіби-техникалық оқу орнында - 920 оқушы,
  • 1 жоғары оқу орнында 4283 оқушы оқиды.

Қалада

  • 13 кітапхана,
  • 6 клуб типті мекеме,
  • 3 мұражай,
  • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 2 мекеме,
  • 1 театр,
  • 1 концерт залы жұмыс атқарады.

Экономика

«Қазақмыс корпорациясы»

2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны, Сәтбаев қаласында “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС және Ұлытау ауданының Қарсақпай кентінде жұмыс істейтіндерді есепке алғанда, 45175 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 39511 теңге . 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі ( үй шаруашылық есебінсіз ) 210886, 1 млн. теңгені құрады. Жылдық деректер бойынша 2006 жылғы негізгі капиталға инвестициялар 16057, 8 млн. теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 103, 6%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 1655, 5 млн. теңгені немесе 2005 жыл көлеміне 163, 9% . 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі ( қоғамдық тамақтандыру қызметің есепке алмағанда ) 8678, 1 млн. теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі ( мемлекеттік басқару қызметінсіз ) - 3314, 7 млн. теңге.

Жезқаған әнұраны

Жезқазған маршы

Сарыарқаның сағымымен бірге ұшқан,

Сәулетімен сәніменен нұр құшқан.

Салтанатты Жезқазғанның қаласы-ай,

Асты алтын, үсті күміс гүлстан.

Жезді бойы жез қалам,

Жер түбінен жезді алам.

Алтын қалам, кең далам,

Сенен ұшқан айға адам,

Жеқазғаннан айналам.

Асқаралы асқарысың жерімнің,

Мақтанышы, дастанысың елімнің.

Көзін ашқан кеше Қаныш ағамыз,

Тусыраған тұл бойында кенімнің.

Әні:Ж. Сейіловтікі, сөзі: Н. Бәрменбаеванікі

Маңызы

Кеңгір суқоймасы. Қалалық жағажай

Жезқазған-Қарағанды облысындағы қала, темір жол стансасы. Қазақстандағы түсті металлургияның ірі орталығы. Сарыарқаның батысында, Ұлытау тауларының оңтүстігіндегі Қарақеңгір өзенінің бойындағы Кеңгір бөгенінің оңтүстік-батыс жағалауында орналасқан. Тұрғыны 96 мың адам . Іргесі 1939 жылы 3 мың халқы бар Кеңгір ауданының орнында тұрғызылған. 1941-54 жылдары Үлкен Жезқазған кенті аталды. 1954 жылдан қала мәртебесін алды. 1973-97 жылдары Жезқазған облысының орталығы болды. Қалада «Қазақмыс» корпорациясы, «Казкат» біріккен кәсіпорны, «Жезқазғансирекметтал республикалық мемлекеттік кәсіпорны», «Кеңгір» химия өндірістік кәсіпорны, «Ұлытау» қазақ-қытай біріккен тоқыма-киім тігу және тағы басқа бар. Қалада түсті металлургия ғылыми-зерттеу институты, Жезқазған университеті, ботаника бағы, медициналық. колледждер, 36 мектеп, 10 аурухана, 47 амбулаторлық пункттер, 7 кітапхана, 2 мұражай және тағы басқа мәдени мекемелер бар. Жезқазғанның тарихы қазақтың ұлы ғалымы, академик Қаныш Сәтпаев есімімен тығыз байланысты.

Маңызды оқиғалар хроникасы

Жезқазған қаласының әкімшілігі

Жезқазған кен орындарында мыс кенін өндіру көне дәуірде басталған. Тас үйінділері арқылы ертедегі кен қазушылар 1 млн. тоннадан астам тотыққан мыс кенін өндіргені туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

  • 1772 жылы капитан Н. Рычковтың 1771 жылғы қырғыз-қайсақ даласына саяхатынан күнделік жазбалары кітап болып шыққан, онда Жезқазған мыс кен орны туралы тұңғыш жазылған.
  • 1847 жылы орыс өнеркәсіпшісі Н. Ушаков Жезқазған мыс кен орнын ресми тіркетті.
  • 1912 жылы желтоқсан айында«Спасские медные руды»акционерлік қоғамыныңың жиналысы Жезқазған мыс кені негізінде мыс қорыту зауытыныңың және байыту фабрикасының құрлысын бастау жөнінде қауылы қабылдау.
  • 1925 жылы 10 маусымда«Атбасцветмет»тресі құрылып, оның құрамына Қарсақбай мыс зауыты, Байқоңыр көмір ошағы және Жезқазған мыс кеніші кірді.
  • 1928 жылғы 19 қазанда Қарсақбай бірінші мыс балқымасы алынды.
  • 1929 жылы Қ. И. Сәтбаев«Атбасцветмет»тіресінің геологиялық барлау бөлімінің бастығы және бас геологы болып тағайындалды.
  • 1934 жылы Москвада КСРО Ғылым Академиясы қазақстандық базасы ғылыми кеңесінің Үлкен Жезқазғанның мәселелеріне арналған сессиясы болды.
  • 1936 жылы 25 наурызда КСРО Ауыр Өнеркәсіп Халық коммис- сары С. Орджоникидзе«Жезқазған мыс қорыту комбинатының құрлысы туралы»бұйрыққа қол қойды.
  • 1937 жылдың қараша айында кең табанды темір жол Жезқазғанға дейін салынды.
  • 1954 жылы 20 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Жезқазған қаласы құрылды.
  • 1960 жылы 8 желтоқсанда Жезқазған телевизия студиясы жұмыс істей бастады.
  • 1961 жылдың көктемінде Жезқазғанда ССР Ғылым Академиясының, республика геология және жер байлығын қорғау министрлігінің, Қарағанды халық шаруашылығы кеңесінің және Жезқазған кен-металлургия комбинатының біріккен сессиясы болды.
  • 1963 жылы Жезқазғанда екінші байыту фабрикасы іске қосылды.
  • 1964 жылдың наурыз айында Жезқазған кен-металлургия академик Қ. И. Сәтпаев есімі берілді.

КСРО Жоғарғы Советінің Президиумы 1966 жылғы 14 мамырдағы жарлығымен мыс кенін өндіру мен өндеудегі, жаңа техниканы енгізу - дегі үздік табыстары үшін Жезқазған кен-металлургиялық комбинатын жоғарғы дәрежелі үкімет марапаты - Ленин орденімен марапаттады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1966 жылғы 13 тамыздағы жарлығымен түсті металлургия базасын салып дамытқаны және Үлкен Жезқазғанның күрделі құрлыс жоспарын нәтижелі орындағаны үшін «Қазмысқұрлыс» («Казмедьстрой») тресінің ұжымы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады.

  • 1970 жылы Жезқазған түсті металл ғылыми-зерттеу, жобалау институты құрылды.
  • 1971 жылы наурыз айында мыс қорыту зауытының бірінші кезегі қатарға қосылды.
  • 1973 жылдың 20 наурызында Жезқазған қаласы жаңадан құрылған аттас облыстың әкімшілік орталығы мәртебесіне ие болды. Облыс 1997 жылдың 3 мамырында қайта таратылды.
  • 1973 жылы қала әуе жайында«Ту - 154»жолаушы ұшағы қонды.
  • 1987 жылы кен-металлурия комбинаты мен түсті металлургия ғылыми зерттеу және жобалау институты бірігіп, «Жезқазғанцветмет» ғылыми-өндірістік бірлестігі құрылды.
  • 1992 жылы орталық мешіт ашылды.
  • 1993 жылы Жезқазған облыстық автомобиль жолдары басқармасы«Жезқазған жолдары»ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
  • 1993 жылы 30 маусымда қазақ - түрік лицейі ашылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылдың шілдесіндегі қаулысымен «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы шетелдік «Самсунг» компаниясына басқаруға берілді.

  • 1995 жылы мыс қорыту зауытының сирек металл цехында алғаш осмий алынды.

ҚР Үкіметінің 1995 жылғы 28 қыркүйегіндегі қауылысымен мемлекеттік кәсіпорын «Жезқазғансирекмет» («Жезказганредмет») құрылды.

  • 1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай«Қазақмыс»корпорациясының медициналық орталығы салынды.

ҚР Үкіметінің 1996 жылғы мамырдағы қауылысымен Ө. Ә. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті құрылды.

  • 1996 жылы тамыз айында халықаралық талапқа сай«Қазақмыс»корпорациясының медициналық орталығы салынды.
  • 1997 жылы«Сарыарқа», «Подробности», «Жезказганская газета»газеттері шыға бастады.
  • 1997 жылы жазда қалалық атқарушы орындардың тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты реформалау тәжіриебесін үйреніп зерттеу мақсатында Жезқазғанда облыстық семинар - кеңес өтті.
  • 1998 жылдың сонында«Қазақмыс»корпорациясының барлық кәсіпорындарының құрылымдарын қайта құру аяқталды.
  • 1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ. И. Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
  • 1999 жылы сәуірде Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ҚР Білім және ғылым министірлігімен, Қарағанды облыстық әкімятымен, Жезқазған қалалық әкімятымен, «Қазақмыс»корпорациясымен бірлесіп«Академик Қ. И. Сәтпаевтың Қазақстанда инженерлік істің қалыптасуына және дамуына үлесі»деген тақырыпта ғылыми - техникалық конференция өткізді.
  • 1999 жылы сәуір айында қаламызда Қ. И. Сәтпаевқа ескерткіш орнатылды.
  • 1999 жылы 3 мамырда«Алтай - Дунай»архео-этологиялық экспедициясы Евразия даласымен өтетін жолға аттанды.
  • 2001 жығы мамырда«Қазақмыс»корпорациясы«Wored Quality Commitment Award»(жоғары) сапалы өнім үшін алтын дәрежесі белгісімен марапатталды.
  • 2001 жылы мамыр айында православия шіркеуі салынды.
  • 2001 жылдың 21 маусымында № 8 орта мектеп мектеп-гимназия болып, 2001 жылдың 6 қазанында № 7 орта мектеп мектеп-лицей болып құрылды.
  • 2002 жылы Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті өндіріске сапалы мамандар дайындағаны, ғылымды және білім беруді дамытқаны үшін Франциядағы «Өнеркәсіпке ықпалдасу Ассоциациясының«Алтын медалімен»марапатталды.
  • 2002 жылы қараша айында құрылыс материалдарын сататын «Парасат - Декор» сауда орталығы ашылды.
  • 2002 жылы желтоқсанда«Сарыарқа»мәдини-демалыс орталығы ашылды.
  • 2003 жылы қалада орталық әмбебап дүкені, «Нұр», «Самади»сауда үйлері бой көтерді.
  • 2003 жылы наурызда«Менің ауылым - менің алтын бесігім»атты тақырыппен республикалық ақындар айтысы өтті

Жезқазған - бұл Орталық Қазақстандағы 1761 шаршы километр аумақты алып жатқан? 96, 7 мың тұрғыны бар? бай өнеркәсіп инфрақұрылымы? көптеген мәдени-ағарту және спорттық мекемелері бар қала. Жезқазған аймағының аумағында 1500 ге жуық тарихи және мәдени ескерткіштер бар, олар әсіресе Сарысу, Сары Кеңгір өзендері жағалауында көптеп кездеседі. Жезқазған қалалық археология мұражайы, Жезқазғанның жерасты байлығын ашқан, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш академигі Қаныш Сәтпаевтың мемориалдық мұражай-үйі біртұтастай мәдени-тарихи кешенге кіреді. Жезқазған тау-кен металлургия комбинатын кенші, геолог, академик Қ. И. Сәтпаевтың перзенті деп атауға болады. Кезінде академик университет ашуды армандаған. Сол асқақ арманы бүгігнгі таңда орындалып, О№Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті ашылды. Қалада 20 дан астам мәдениет орындары жұмыс істейді, соның ішінде С. Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма қазақ театры және жасөспірімдер театры. Ұлытау (Ұлы тау) - қазақ халқының тарихи орталығы, далалық өркениет көшпенділері мәдениетінің орталығы. Ұлытау тау тізбегі-көптеген шақырымнан көрінеді, ол солтүстіктен оңтүстікке 200 шақырымға созылып жатыр. Ең биік нүктесі-Әулие тау- Таудың көне мәдениетін «Әлемдік тау» бейнесін еске түсіреді. Оның бейнесі Тау бейнесін қорғаушы, әулие орын, сақтаушы бейнесін көрсетеді. Ұлы қорғандар, қорымдар, Беғазы Дәндібай мәдениетінің кесенелері, тастағы таңбалар, петроглифтер, шахталар, мыс, қалайы, күміс, алтын және балқытқан металл қорыту пештері және басқа да көне ескерткіштердің табылуы мен ғалымдардың зерттеулерімен Ұлытау көне заманнан бері Сарыарқаның және барлық даланың орталығы болғанын куәландырады. Ұлытау - бұл біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған ғасырлық рухани, аңызына айналған, ақындары жырлаған, сан ғасыр адамдарды баураған қазақ халқының құрметтейтін қасиетті жері. Осы бір көне таудың кереметтігі Қазақстанның ұлттық тарихының маңыздылығымен берілген. Ұлытау көшпенді тайпа хандарының сүйікті орнына айналған. Осы жерде ұлы Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның ордасы орналасқан, осы жерден Батый хан шығысқа бағыттаған өзінің жаугершілік жорығын бастаған. Ұлытауда Жошы хан мен түркі тілдес тайпалардың негізін қалаушылардың бірі Алаша ханға кесенелер көтерілген. Есімдері Алтай, Орал, Қырым, Солтүстік Кавказ және Өзбекстанның халықтық ауыз әдебиетінде мәңгілік сақталған. Алтын Орданың ханы Тоқтамыс, Ордалық ұлы қолбасшы, әмір Едігеде осында жер қойнына берілген. Ұлытаудағы Алтыншоқы тауындағы тас тақтаға 1391 жылы осында болғаны турасында ұлы Ақсақ Темір жазба қалдырған. Ұлытауда сақталған ескерткіштер палеолит пен неолит дәуірлеріне жол бастап тұрғандай. Археолог-ғалымдар баяғы заманғы адамдардың талай мекендерін және олардың еңбек құралдарын тапты. Қаракеңгір өзенінің жағасында палеолит дәуірінің Қазақстандағы ең ірі шеберханасы табылды. Өзендердің бойында көне заманның бай елді мекендері сан қилы көмбелер, сағаналары жерленген көне мәдениеттің байлықтары болғаны белгілі болған. Осы күнге дейін «мұрты бар қорғандардың» құпиясы ашылған жоқ. Бір археологтар бұл мәйіт басына салынған құрылыстар десе, екіншілері көне обсерватория дегенге саяды. Археологиялық қазба жұмыстары мұнда осыдан үш мың жыл бұрын да тау-кен өнеркәсібімен кеңінен айналысқанын және ондағы жергілікті тайпалардың Иракқа, Үндістанға және Грецияға мыс, қалайы, күміс және алтын жөнелтіп отырғандығына куәлік етеді. Ұлытау аумағында ботаникалық және географиялық зерттеулер бойынша 617 өсімдік түрлері белгілі болған, оның ішінде 90 түрінен дәрі-дәрмекке пайдаланылады Ұлытауды «көлдер мен бұлақтар елі» деп атайды. Ұлытаудың кең бұлақ суларының пайдалы қасиеттері туралы осы өңірден шеткері жерлерде білген.

Қала құрылысы мен Архитектурасы: Қала құрылысы мен Архитектурасы
:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жезқазған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы
Әлем қалаларына саяхат
ҰЛЫТАУ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ТУРИЗМ ЖАҒДАЙЫ
1990 жылдан бастап Қазақстанның әкімшілік-аймақтық даму тарихы
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Жезқазған қаласының ластану жағдайы
ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қарағанды облысының Ұлытау аймағының туристік мүмкіндіктері
Қарағанды облысы бойынша әдебиеттерді зерттеу
Қазақстан моноқалаларының орналасу ерекшелігі және дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz