«Арпа тұқым шаруашылығының ерекшелігі және аудандастырылған сорттары»



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Арпа сорттарын өсіріп өндіру ерекшеліктері
1.2 Бақылау танабында арпа үлгілерін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының жер және ауа-райы жағдайы егіншілік және мал шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Ауыл шаруашылығындағы жалпы егістіктің көлемі 16785,2 мың га. жерді құраса, ал астық тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13208,7 мың га жерді құрайды. Елімізде арпа дақылының егіс көлемі 2,0 миллионға жуық гектар жерді құрайды. Бұл жерлердің 10 пайыздан астамына күздік арпа сорттары егілсе, ал қалғанына жаздық арпа сорттары егіледі.
Арпа – ауыл шаруашылығында негізгі қоректік ерекшелігінің арқасында төрт түлік малға жемдік бағытында өсіріп өндірсе, ал жеңіл өнеркәсіпте техникалық дақыл ретінде сыра дайындауға арналған қажетті шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар фармацевтика саласында, кондитерлік өнім шығаруда, түрлі бояу өнімдерін, тоқыма және тері өңдеу өнеркәсібінде кеңнен қолданысқа ие.
Қазақстан Республикасының географиялық орналасуына қарай әр түрлі ауа-райы және топырақ климат жағдайымен ерекшеленеді. Республикамыздың солтүстік облыстарында арпаны азықтық және мал азығына арнап өсіріп-өндіреді. Сыра дайындауға арналған арпа сорттары негізінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында егіледі. Әр аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай арпа дәнінің пайдалану бағыттарының талаптарына сай келетін сорттар мен тізбектерді сұрыптау көптеген мәселелердің шешімін табу жолы.
Жалпы алғанда еліміздегі құрама жемге және сыра өнеркәсібіне арналған шикізатқа деген сұраныс жыл сайын артуда. Бұл сұранысты өтеу үшін негізінен жемдік бағытқа және сыра өнеркәсібіне арналған арпа сорттарын сұрыптау өзекті мәселе.
1. Т.Н.Нұрғасенов,Ә.Х.Қалиев «Генетика,селекция және тұқым шаруашылығы» Алматы 2007ж
2.Жаршы №4 2007ж журнал.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасының жер және ауа-райы жағдайы егіншілік және мал шаруашылығын өркендетуге өте қолайлы. Ауыл шаруашылығындағы жалпы егістіктің көлемі 16785,2 мың га. жерді құраса, ал астық тұқымдас дақылдардың егістік көлемі 13208,7 мың га жерді құрайды. Елімізде арпа дақылының егіс көлемі 2,0 миллионға жуық гектар жерді құрайды. Бұл жерлердің 10 пайыздан астамына күздік арпа сорттары егілсе, ал қалғанына жаздық арпа сорттары егіледі.
Арпа - ауыл шаруашылығында негізгі қоректік ерекшелігінің арқасында төрт түлік малға жемдік бағытында өсіріп өндірсе, ал жеңіл өнеркәсіпте техникалық дақыл ретінде сыра дайындауға арналған қажетті шикізат көзі болып табылады. Сонымен қатар фармацевтика саласында, кондитерлік өнім шығаруда, түрлі бояу өнімдерін, тоқыма және тері өңдеу өнеркәсібінде кеңнен қолданысқа ие.
Қазақстан Республикасының географиялық орналасуына қарай әр түрлі ауа-райы және топырақ климат жағдайымен ерекшеленеді. Республикамыздың солтүстік облыстарында арпаны азықтық және мал азығына арнап өсіріп-өндіреді. Сыра дайындауға арналған арпа сорттары негізінде еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында егіледі. Әр аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай арпа дәнінің пайдалану бағыттарының талаптарына сай келетін сорттар мен тізбектерді сұрыптау көптеген мәселелердің шешімін табу жолы.
Жалпы алғанда еліміздегі құрама жемге және сыра өнеркәсібіне арналған шикізатқа деген сұраныс жыл сайын артуда. Бұл сұранысты өтеу үшін негізінен жемдік бағытқа және сыра өнеркәсібіне арналған арпа сорттарын сұрыптау өзекті мәселе.
Тәжірибелік зерттеулер 2006-2008 жылдары 01.03.01.06 Қазақстанның суармалы, тәлімі және суарылмайтын жер егістіктеріне арпаның жемдік бағытындағы сорттарының өнімділігі 30-35 цга, ақ-уыз құрамы бойынша 14%-дан кем емес және сыра дайындауға арналған сорттарының өнімділігі 40-50 цга, ақ-уыз құрамы 11,5% -дан жоғары емес сорттарын сұрыптау - тақырыбында №0106РК00700 мемлекеттік тіркемесіне ие бағдарламасымен жүргізілді.

Арпа сорттарын өсіріп-өндіру ерекшеліктері

Арпа сорттарын сұрыптап алып, оны егістік жағдайында өсіріп-өндіріп, өндірістік жағдайға сапалы арпа дәнін жеткізу көп жұмысты талап етеді.
Сыра өнеркәсібіне арналған арпаның жоғары технологиялық сапалыққа тек қана топырақ - климат жағдай қолайлы жерлерде өсірілген арпаның таңдаулы сорттары ғана жауап бере алады. Сыра дайындауға арналған арпаны өсіруде аура-райының қолайлы аймақтарына Батыс және Шығыс Европа мемлекеттерінің жерлері, ал бұрынғы КСРО құрамындағы Украина мемлекттерінің Оңтүстік-Батыс облыстары, Ресейдің Орталық қара-топырақты аймақтарында, сонымен бірге Ресейдің орталық облыстарында, Белоруссияда, Балтық жағалауы мемлекеттерінде, Кавказьдың таулы аймақтарын жатқызған. Европа мемлекеттерінде әсіресе Германия, Чехия, Словакия, Голландия және Дания мемлекеттерінде сыра дайындаудағы өндірістік кең көлемде даму үстінде.
Сыра өндірісіне қажетті арпаның жоғарғы өнімін алуда топырақтағы минералдық элементтердің құрамының мөлшері және топырақ ылғалдылығын орташа деңгейде ұстап тұру жеткіліксіз - деп Кошеляев В. В. өсімдіктің өсуі барысында барлық факторлардың өсуі мен жетілуін тиімді пайдалануда егістікте өнім құрылымдарын нәтижелі қалыптастыру қажеттілігі туралы- айтады.
Сол үшінде сыра дайындауға арналған арпаның сапасын жоғарылатуда егістіктерге агротехникалық шараларды қатаң сақтап отырып, сапалы өнім алуда нашар культивацияланған, орта культивацияланған және жақсы кильтивацияланған топырақтарда арпаның технологиялық сапаларын тексеріп, зерттеуге алынған. Тәжірибе нәтижесінде мынадай қорытындыға келген: 2002-2003 жылы Михайловское сортынның өніміне биохимиялық талдау жүргізгенде, арпа дәнінің ақ-уыз мөлшерінің сапасына егістіктегі агротехникалық шаралардың дұрыс жүргізілуінің арқасында жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын айтқан.
Ресейдің сыра дайындаушылары сыра өнеркәсібіне арналған арпаның ашытқысын және сапалы арпа сорттарын шет елдерден, негізінен арпаның ашытқысын экспорттаушы ел болып саналатын - Финляндиядан, Швециядан, Германиядан, Чехиядан, Дания мемлекеттерінен, соңғы кезеңдерде Қытай мемлекетінен де әкеліне бастаған. Мемлекетіне жалпы арпаның ашытқы импортын - 70,9% - Дания, 10,98%- Финляндия, 10,37% Швеция және 3,72% Литва мемлекеттерінің үлесіне тиеді де, мемлекетіне 131,99 мың тонна арпа ашытқысы және 111,01 мың тонна арпа импортталған. Ресейге сыра дайындауға арналған арпаның импортын шет елдерден әкелінген сыра дайындауға арналған арпаның сорттарын пайдалану арқасында ғана төмендеткен. Сөйтіп 2006 жылы сыра өнеркәсібін қажетті шикізатпен - 86,4% - ға қамтамасыз еткен. Бұл көрсекіш 2001 жылы - 39,3%-ды, 2002 жылы - 20%-ды, 2003 жылы - 39,3%-ды, 2004 жылы - 31,15%-ды және 2005 жылы - 64,6%-ды құрап, жылдан жылға сыра өнеркәсібін қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отыр.
Бақылау танабындағы арпа үлгілерін талдау

Бақылау танабы селекциялық материалдардың бағалығын тексеруде сұрыптау жұмысының үшінші дәрежесі болып саналады. Бақылау танабындағы 114 арпа үлгілерін талдау екі егістік жағдайында (суармалы және тәлімі жер егістігі) жүргізілді. Суармалы егістік жағдайында бақылау ретінде Арна сорты, ал тәлімі жер егістігі жағдайында Сауле сорты алынды.
2006-2008 жылдар аралығында суармалы егістік жағдайында арпа үлгілерін бақылау танабында 114 үлгіге өсімдіктің вегетациялық кезеңінің ұзақтығына қарай тәжірибелік зерттеулер қойылды.
Үш жылдық тәжірибелік зерттеулерде ерте пісіп жетілетін арпа үлгілері ерекшеленбеді. Бұл жерде ерекшелеп кететіні 2006 жылы арпа үлгілерінің вегетациялық кезеңдерінде бақылау сортына қарағанда арпа үлгілерінің басым көпшілігі түптену-сабақтану мен сабақтану-масақтану кезеңдерінде ерте пісіп жетілсе, 2007 жылы арпа үлгілерінің басым көпшілігі өскіннің шығуы-түптену аралығында тез пісіп жетілуін көрсетсе (5-сурет), 2008 жылы арпа үлгілерінің басым көпшілігі масақтану-толысып пісу кезеңінде ерте пісіп жетілуімен ерекшеленді.
Ауыл шаруашылығында өсірілетін дақылдарды сұрыптау жұмыстарында ең керекті көрсеткіші бұл өнімділік көрсеткіштері болып саналады. Себебі дақыл өнім құрауда қоршаған орта жағдайына, зиянкестер мен ауруларға төзімділігі жоғарғы дәрежеде көрініп, өнімділік көрсеткіштері жоғары болып келеді.
Бақылау танабында өсімдіктердің өсу кезеңдерінде фенологиялық бақылау жүргізумен қатар өсімдіктің жатып қалуына, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына және әр түрлі ауруларға төзімділігін анықтап талдаулар жасаумен қатар, өсімдіктің өнімділігін анықтайтын өсімдіктің сандық көрсеткіштеріне құрылымдық талдаулар жасалады.
Бақылау танабындағы арпа үлгілеріне құрылымдық талдаулар жасағанда өнімділік көрсеткіштерімен бірге өсімдік ұзындығына талдаулар жасалды.

Бақылау танабындағы арпа үлгілерінің өсіп-шығуы.

Арпа дақылының ұзындығы өсімдіктің жатып қалып, комбайндардың жинау кезеңінде өнімділікті төмендететін көрсеткіштеріне жауап беретін көрсеткіш болып саналады. Бұл себептерді болдырмау үшін арпа дақылының ұзындығына сұрыптау барысында көп көңіл бөлінеді.
Үш жылдық тәжірибелік зертеуде арпа үлгілерінің өсімдігінің ұзындықтары 51,3 см-ден-104 см аралығында болды. 2006 жылы бақылауға алынған Арна сортынан арпа үлгілерінің басым көпшілігі қысқа болып келді, бақылаудан бойының ұзындығымен және өнімділік көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленген үлгілер 1-ші кестеде келтірілген.
Арпа өсімдігіндегі өнімді түп санына талдау барысында, бұл көрсеткіштің жылдық ауа райына тікелей байланыстылығын көрсетті. Өнімді түп санының көрсеткіштері 2006 жылы және 2008 жылы 2,0 дана көрсеткішінен үлгілердің ішінен басым көпшілігі жоғары көрсеткішке ие болса, 2007 жылы бұл көрсеткішке 10699-1, 6599-14, 9084-8, 3299-7 үлгілері ие болды. Үш жылдық талдауда ең жоғарғы көрсеткіше 17183-1 (2,8 дана), 2398-09 (2,6 дана) ие болды (1-кесте).
Масақтағы дән саны астық тұқымдас өсімдіктеріндегі өнімділікті құраушы көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Үш жылдық тәжірибелік зерттеуде масақтағы дән саны 30 данадан жоғары көрсеткішке 2006 жылы - 9380-37 (35 дана), 2007 жылы екі үлгі - 3299-7 (30 дана) және 1483-21 (31 дана) көрсеткішімен ерекшеленді. 2008 жылы бақылауға алынған Арна сортының масағындағы дән саны 20 данадан жоғары 10 үлгі ерекшеленіп, масағындағы дән саны 26 данадан жоғары көрсеткішке 6599-11 (27 дана) және 9586-23 (29 дана) ие болды.

Суармалы егістік жағдайында 2006-2008 жылдары бақылау танабындағы арпа үлгілерінен өсу мерзімі және сандық белгілері бойынша сұрыптап алынған үлгілер

Реттік саны

Сорт аты,
үлгі нөмері
Вегетациялық кезеңі, күн
Өсімдік ұзындығы, см
1м2 жердегі өнімді сабақ саны, дана
Өнімді сабақ саны, дана
Масақтағы дән саны, дана
1000 дәннің салмағы, г

Өнім, цга
1
Арна St
91
76,0
500
1,7
23
43,3
37,0
2
501-20
90
84,0
534
2,1
26
43,5
43,7
3
1098-4
90
76,8
519
1,8
26
45,7
41,3
4
899-3
90
79,4
567
1,8
23
43,3
39,0
5
3299-7
91
80,3
609
2,3
26
43,7
46,0
6
4199-6
91
75,2
546
1,9
27
43,4
38,6
7
2798-5
91
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Астық тұқымдастар және тұқым себу мөлшерін анықтау
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
Астық дақылдарының тұқым шаруашылығы
Ұн технологиясы
Шөп тұқым шаруашылығы жүйесі
Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер селекциясының жетістіктері
Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік
Жаздық бидай дақылының ауылшаруашылығы аурулары
Астық тұқымдастарына сипаттама
Пәндер