Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері

1.1. Қабілет туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ...36

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.

2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі ... ... ...45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68

Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18).
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, шығармашылықты жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.
Қазақша оқитын бастауыш мектеп шәкірттерінің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Олай болса, шығармашылық қабілеттің физиологиялық негізін сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылаққа алу қажет болады.
Зерттеудің өзектілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы – креативті дамумен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін, шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген творчестволық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған творчестволық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының (7-8 жас) шығармашылық жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектісінің даму динамикасы
Әдебиеттер тізімі

1. Аймауытов Ж. Психология. Қызылорда-Ташкент. 1926.
2. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. М., 1980.
4. Әбенбаев С.Ш. Сынып жетекшісі. Алматы, 2004.
5. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004.
6. Байжұманова Б.И. Оқушының психикалық даму ерекшеліктері. // Бастауыш мектеп. №12, 1998.
7. Байжұманова Б.И. Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамыту // «Қазақстан мектебі» №2, 1999.
8. Базымова З. Ой белсенділігін дамыту // Бастауыш мектеп. №9-10, 1997.
9. Венгер Л. Педагогика способностей. М., 1973.
10. Волокитина М.Н. Төменгі класс оқушыларының психологиясы туралы очерк. Алматы, 1986.
11. Гамезо М.В., Домашенко И.А. Атлас по психологии. М., 1986.
12. Гоноболин Ф.Н. Психология. Алматы, 1976.
13. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасы // Бастауыш мектеп. №9-10, 1996.
14. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1982.
15. Жалпы психология. Ред.басқарған В.В.Богославский. Алматы, 1980.
16. Крутецкий В.А. Психология математических способностей школьников. М., 1968.
17. Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. Алматы, 2003.
18. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. 11 маусым 1999.
19. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан. 16 қазан 2004.
20. Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Шеберлік. Алматы, 1986.
21. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. М., 1971.
22. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М., 1975.
23. Мұқанов М.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
24. Немов Р.С. Психология. М., 1995.
25. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
26. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога. М., 1996.
27. Платонов К.К. Проблема способностей. М., 1972.
28. Практикум по общей психологии. Под. ред. А.И.Щербакова. М., 1990.
29. Теплов Б.М. Избранные психологические труды. М., 1985.
30. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред.басқ. А.В.Петровский. Алматы, 1987.
31. Психологические тесты. Сост. Н.А.Литвинцева. М., 1998.
32. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. ІІ. М., 1989.
33. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. М., 1996.
34. Столяренко Л.Д. Основы психологии. М., 1997.
35. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978.
36. Сәбет Бап-Баба Жалпы психология. Алматы, 2003.
37. Темірбеков А., Балаубаев С. Психология. Алматы, 1996.
38. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, 1993.
39. Тұрғынбаева Б.А. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. // Бастауыш мектеп №7, 1997.
40. Тұрғынбаева Б.А. Бастауыш қазақ мектептерінде дамыта оқыту жүйесінің идеяларын пайдалану мүмкіндіктері // Білім берудегі менеджмент. №1, 1996.
41. Табылдиев Ә., Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. Алматы, 1994.
42. Хайдарова С. Оқушының шығармашылығын дамыту // Бастауыш мектеп. №4, 1997.
43. Хрестоматия по общей психологии. Под.ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.В.Петухова. М., 1981.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
теориялық негіздері

1. Қабілет туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 9
2. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
3. Оқушының шығармашылық қабілетін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ..36

ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын
экспериментальды зерттеу.

2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері,
әдістемесі ... ... ...45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 68

Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..70
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму
деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты.
Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау
қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл
сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері
мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда
ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты
тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке
адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын
жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі
атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың
мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім,
білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің
көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, - делінген (18).
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды
өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып
жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле
бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-
әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие
берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық
қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін
негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің
субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және
сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды
ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін
көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес
немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі
талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын,
шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын
шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде
қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды,
креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық
психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық
психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы
шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі,
тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында
да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған
себебіміз, шығармашылықты жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор.
Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту
жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша
ұйымдастыруды да негізге алу қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу
барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда
оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ
үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша,
стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай
жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты.
Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді
үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады.
Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері
жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де
жүзеге асырылады.
Қазақша оқитын бастауыш мектеп шәкірттерінің тұйықтық, жасқаншақтық
қасиеттері, олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа
шығара бермейді. Олай болса, шығармашылық қабілеттің физиологиялық негізін
сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы
кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылаққа алу қажет
болады.
Зерттеудің өзектілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен
туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің
дамуы – креативті дамумен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін,
шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген
творчестволық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен
қажеттіліктерді таратуға бағытталған творчестволық іс-әрекеттің негізінде
қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық
қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және
творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу.
Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық
ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының (7-8 жас) шығармашылық
жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының
шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектісінің даму динамикасы.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Жеке адамның шығармашылықты потенциалды
дамуының бір белгісі – креативтіліктің дамуы интеллектуалды дамуға тәуелді
болады, әрі шығармашылық іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.
Негізгі жорамал жанама жорамалдармен нақтыланды:
- креативтілік – жеткілікті түрде жоғары дамыған интеллект негізінде
дамиды, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері
(креативтілігі) өзара байланысты;
- арнайы ұйымдастырылған оқу барысында объектіге деген шығармашылық
таным сипаттамалары (синтездеуге деген бағдар тұтастық деңгейлері)
неғұрлым жоғары болса, креативтілікте (шығармашылық қабілетте)
соғұрлым жоғары болады.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес төмендегідей
міндеттер қойылды:
- шығармашылық қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан
зерттеу;
- бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық мүмкіндіктерін дамытуға
негіз болатын – шығармашылық қабілетті бала моделін жасау және
шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуші творчестволы ұстазды дамыту
мақсатын көздеген оқу-практикалық жұмыстарын ұйымдастыру;
- қазақ мектептеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму
деңгейі мен творчестволық қабілетінің дамуын эксперименталды зерттеу;
- шығармашылық қабілеттің нәтижелі болу белгілерінің бірі жеке адамның
объектіге деген шығармашылық таным сиапттамаларын эмпирикалық зерттеу;
- орыс тілдеріндегі шығармашылық және интеллектіні зерттеу тестерін
қазақ бастауыш сынып оқушыларына арнайы арнып бейімдеу және нұсқау
дайындау, оны қолданудың практикалық мүмкіншілігін бағалау. Соның
көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, балалардың шығармашылық
жеке адам ретінде дамуына ықпал ету.
Зерттеудің әдіснмалық және теориялық негізі. Шығармашылық қабілетті
зерттеу мәселесіне Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Б.М.Тепловтың іс-
әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары,
шығармашылық ойлаудың дамуы – оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-
қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы
Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген
Л.Л.Гурова, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және
жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В.В.Давыдов,
Н.А.Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармасы – жеке адамның
өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К.Роджерс, А.Маслоу) негіз
болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер – Б.Г.Ананьев,
В.С.Мерлин, П.Я.Пономарев, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Дж.Рензулли, Э.Боно,
Н.Н.Палагина, С.М.Жақыпов, Қ.Р.Рақымбеков, С.Қ.Бердібаева, М.О.Резванцева
т.б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу
мен болжамдарды тексеруге бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші
әдістер қолданылды: шығармашылық қабілет мәселесі бойынша еліміздегі және
шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, зерттеудің
ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, шығармашылық қабілет пен
интеллектінің даму деңгейін бағалауға арналған анықтаушы әдістері: Равен (А
формасындағы) Д.Векслер, П.Торренс әдістемелері, жеке адамның дайын базалық
ұғымдарда зерттейтін Идеалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері
әдістемесі (Н.И.Непомнящая, 1992) шығармашылық қабілеттің дамуын бақылау,
талдауға байланысты әдістер: психологиялық эксперимент, бақылау,
әңгімелесу, анкета. Зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу
әдістері: Стьюденттің Т-критериясы, Спирменнің корреляциялық рангілеу
коэфициенті, Пирсонның корреляциялық коэффициенті.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуден алынған нәтижелерді
педагогикалық тәжірибеде қолдану шығармашылық жеке адамды қалыптастыру
мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады. Шығармашылық тапсырмалар мен
ойындар мектеп тәжірибесінде балалардың мектепке даярлығын анықтауда және
бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жеке адам ретінде даму болашағын
анықтауға қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы
ретінде, Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Тасқала орта мектебінің
бірінші және екінші сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері алынды.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі балаларда
шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдаудың
тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын
таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау
жүйесінің өзара байланыстылығымен және стандартты математикалық –
статистика әдістерін қолданумен қамтамасыз етілді.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың
теориялық негіздері.

1.1. Қабілеттің психологиялық мәні.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен
қабілет ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға
жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-
әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап
көрсетеді.
Қабілет ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп.
Қабілеттер деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен
жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды
(А.Н.Леонтьев).
Қабілеттер - білім алуға қажетті адамның психологиялық
ерекшеліктері - дейді А.В.Петровский (31).
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі
орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті, - деп жазады академик
Т.Тәжібаев (39).
Қабілеттер - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу
мүмкіндіктері - деген де анықтама бар.
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі
бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский, М.Мұқанов,
Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол
ұзақ процеске айналатынын айтады.
Қабілеттер проблемасы – оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы.
Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған
мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттер туралы сөз етпеуге де болар
еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір
нәрсеге деген қабілет болатындығын кеңестік психология ғылымының негізгі
ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде
болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не
төмендей келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не хореографияға немесе
математикаға қабілет төмен оқушыларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына
жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл – оның қабілетінің басқа салада жатқандығының
белгісі. Қабілеттер туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-
әрекет арқылы дамып отырады.
Кеңестік психологтар бірауыздан ақыл есі дұрыс, дені сау баланың оқуға
қабілеті орта білім алу мүмкіндігі бар деген көзқарасты қуаттайды. Мектеп
курсында оқылатын пәндердің бірден-бір тарауының бала үшін қолайсыз
екендігін кездестірген емеспін - деп жазды В.А.Крутецкий. Ал академик
А.Н.Калмогоровтың тұжырымдамасы былай дейді: Математиканы меңгеру үшін
баланың айрықша қабілеті болуы керек деген ұғымдар артық айтылады....
Айтылғандарды қорытындылай келе, қабілет термині адамның белгілі бір
істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.
Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы қабілеттер
деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған
оқу-тәрбие жұмысына байланысты.
Балаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты, оның биологиялық
кемшілігі деп қарауға әзір тұрамыз. Біздіңше, тұйықтық, бұйығылық, баяулық
оның табиғатының әсері емес, көп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі
ондағы әміршілдіктің салдары болуы мүмкін.
Академик Д.Ковалевский ән айтқысы, би билегісі, әңгіме, ертегі, өлең
құрастырғысы, сурет салғысы келмейтін баланы табыңызшы, - дейді. Шынында,
табу қиын. Егер ондай бала кездесе қалса, ол жаман тәрбиенің нәтижесі деуге
әбден болады.
Қабілеттілік нәтижесінің теориялық және практикалық негізін қалауда
С.Л.Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің
дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың
көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді (33). С.Л.Рубинштейн
қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы
бойынша қабілеттілік – жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгерумен, сонымен қатар
индивидтің бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшуі мен қабылдау
тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі – туа
біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның
жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі болып
табылады. Осыған орай, ғалым қабілет нышандарының негізінде дами отырып,
нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі кезеңі, алғы
шарты деп жазды.
С.Л.Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара
байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз
байланыста екендігін еске ала отырып, бір жағынан ептілік, білім т.б.
меңгері қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-
әрекеттің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске асатындығын
түсіндіреді.
Б.М.Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық
өзгешелік деп қарастырады (30). Б.М.Теплов қабілеттілікке анықтама бере
отырып, қабілеттіліктің үш белгісін көрсетеді, біріншіден, қабілеттілік бір
адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық психологиялық
ерекшелік; екіншіден, қабілеттілікке барлық жеке даралық ерекшеліктерді
жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті
орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді, қабілет
деп атауға болады; үшіншіден, қабілет түсінігі адамда бар білім, ептілік
және дағдымен ғана шектеліп қоймайтындығын айтады, яғни тек ептілік, білім,
дағды ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағды
ғана бар деп айтуға болмайды, керісінше, сол ептілік, білім, дағдыны
меңгеруге қабылетті деп санайды. Б.М.Теплов қабілеттіліктің дамуы – бір
жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп
көрсетеді.
Б.Г.Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің
белсенді іс-әрекетінде тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі
ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке
адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуынша, қабілеттілік –
ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі (3). Тек білімдердің жинақталуы, әрі
бұл білімдерді шығармашылық көрсетуінде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық
әрекет құра алуы деп көрсетеді.
В.И.Корюкин өзінің Шығармашылық әрекеттің приоритеті атты еңбегінде
адамзат санасының қалыптасуы, адамзаттың шығармашылық іс-әрекетінің дамып-
жетілуі – қоғамдық дамудың негізгі факторы деп көрсетеді.
Ю.Е.Виноградов еңбектері аффектілі жағдай мен ойлаудың
байланыстылығын, адам ой әрекетінде эмоционалды күйдің пайда болу жағдайы
және оның ой әрекетінің құрылымна әсері туралы жан-жақты түсіндіреді.
А.Н. Леонтьевтің қабілет мәселесі туралы (22) айтылатын барлық
еңбектеріндегі оның негізгі идеясы адамға берілген кез-келген психикалық іс-
әрекет, соның ішінде қабілет ұрпақтан-ұрпаққа берілетін тәжірибелерді
меңгеру барысында дамиды және қалыптасады. Оның техникалық даму деңгейіне
байланысты, яғни мәдени жүйедегі қабілет тұқымнан берілмейді. Қабілет жаңа
құрылым жасауды қажетсінеді.
Қабілет адамның қандайда бір нәрсені істеуге мүмкіншілігі және ол іс-
әрекеттің нәтижелігі болып табылады.
Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л.Рубинштейн және Б.М.Теплов өз
еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша қабілеттілік, дарындылық
және талант ұғымдарына жіктеу жасауға тырысқан.
А.М.Матюшкин дарындылықты, таланттылықты, творчествоның көрінуімен,
творчестволық адамның функциялануымен. өзіндік творчестволық іс-әрекеттің
ерекшеліктерімен міндетті түрде байланыстыруды аса қажет деп есептейді.
Қабілет, дарындылық, талант мәселесін шешудің эмпирикалық негізін
салушы, әрі осы күнге дейін қолданып жүрген оның зерттеу әдістері мен
әдістемелерін ұсынған Гальтон болды. Оның айтуы бойынша қабілеттің
детерминациясы – тұқымқуалаушылық пен ортаның сәйкестігі және жалпы қабілет
пен арнайы қабілеттің өзара байланысы – қабілеттің дамуының негізі болып
табылады.
Н.С.Лейтес дарынды балаларды зерттей келе, олар еңбекке
тартымдылығымен өзгешеленетін және еңбектен қанағаттануды сезінетін нағыз
кішкентай еңбекқорлар болып табылады, - деп көрсетеді (21).
Барлық қабілеттің түрлерінің дамуын қамтамасыз ететін ең негізгі
фактор – іс-әрекет, олай болса, балалардың негізгі іс-әрекеті – ойын
әрекетін белсендіре отырып, творчестволық қабілетін дамытуға болатындығы
дәлелдене түседі. Баланың айнала қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі
көбінесе өзі үлгі тұтатын мұғалімдері мен ата-аналары болғандықтан,
ересектердің бала қабілетінің дамуына әсері ұшан-теңіз.Сондықтан шығармашыл
жеке адамды қалыптастыруда шығармашыл ұстаздың психологиялық дайындығы
жоғары деңгейде болуы тиіс. Осыған орай мұғалімнің оқу барысында арнайы оқу
жүйесін ұйымдастыру аса маңызды бола түседі.
Дамудың жас кезеідері барысында, әсіресе, соның ішінде – жалпы
қабілеттің алғы шарттарының әртүрлі жақтары - әрбір балалық шақта - өзіне
тән нақты жақтары болатындығына негіздеме бар. Жалпы қабілеттің қалыптасуы
үшін, тек ақыл-ой деңгейі ғана аса қажет емес, сондай-ақ оқу-тәрбиелік
әсердің де, жас кезеңдерінде де мәні зор, - деп көрсетеді Н.С.Лейтес (21).
Қабілет мәселесіне байланысты әдебиеттерге шолу жасау арқылы оның
дамуының төмендегідей тарихи кезеңдік сатыларын байқауға болады:
• Қабілетті туа біткен және интеллектуалды құбылыс деп құрастыратын
түсініктердің қазіргі кездегі жеке адамның құрылымы ретінде, оның
дамуына табиғи және ортаның әсері бар деп қарастыратын жаңа теориялық
концепцияларға енуі де көп жағдайды айтады.
• Қабілеттің негізгі компоненті ретінде жоғары интеллект және творчество
– жеке адамның мүмкіншілігін көрсетуді, өзін-өзі іске асруды
қамтамасыз ететін даму көрсеткіші болып табылады.
• Қабілеттің негізінде творчестволық потенцияла, оның таным
мотивацияларының басымдылығымен, психикалық процестердің жылдам
дамуымен, творчествоға ынталылығымен, жаңа бейне құра алуға
икемділігімен сипатталынатын түсіндірме концепциялары алынады.
• Қабілет – адамның өмір сүру барысында іс-әрекетте дамиды, осыған
сәйкес қабілеттің дамуына әлеуметтік орта арнайы жағдайлар құру арқылы
оның жедел дамуына әсер етуге болатындығын дәлелдейтін ой-пікірлер
болып табылады.
Біздің зерттеуімізге өзек болы отырған шығармашылық қабілеттің дамуы
туралы мәселе өз бастауын творчествоның туындауынан алады.
Шығармашылық процесс – үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа
жағдайға өткізу болып табылады, білім неғұрлым өз бетінше жүзеге асса,
соғұрлым бұл ілімді қолдану творчестволық сипатта болады.
Шығармашылық іс-әрекеттің бірнеше белгілерін атап кетсек: таныс
объектіден жаңа функция көре білу, зерттеуге жататын объектінің құрылымын
көре білу, альтернативті шешімді көре білу және оны іздестіру, проблеманы
шешудің бұрынғы танымалы тәсілдерін жаңа тәсілге қиылыстыру, басқа танымалы
шешімнің айрықша тәсілін құра білу болып табылады.
Шығармашылықтың дамуында интеллектуалдық, қарым-қатынас және
тапсырмаларды шешу жүзеге асырылады. Бала өзінің бос уақытының көп бөлігін
ойынмен өткізеді. Олардың бірқатары шығармашылық қабілеттің дамуына әсер
етуі мүмкін. Біздің қалай ойнайтынымыздың да мәні зор. Ойын барысында
шығармашылық элементтерді қолдану арқылы, кез-келген ойын затына
шығармашылық танымдық сипатта жүзеге асыру арқылы балалардың ойынында
шығармашылық қабілетті дамытуға болады.
Шығармашылық механизмі туралы айтқанда, бұл шығармашылық қабілетті
зерттеуді өзімен ілестіре жүреді.
Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі
– қабілет толығымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады.
Біршама дұрыс концепция – қабілеттің үшінші концепциясы. Оның өкілдері
Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий, Я.А.Пономарев концепцияларында кез келген адам
белгіл бір нышанмен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабілеттің
дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция
табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік
тарихи сипатын ашып көрсетеді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны
басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларына әлеуметтік қолайлы
жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға болатынын
дәлелдеп отырмыз.
Д.Маймонның және тағы басқа зерттеушілер креативтіліктің дамуына
еліктеу объектісі болып табылатын шығармашылық сипаттағы үлгі және жағымды
жағдай жасау әсер етеді деп көрсетеді. Бастауыш мектеп жасындағы балаларда
шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған біздің зерттеуіміздегі
педагогтармен жүргізілген жұмыстарымыздың негізі де осы тұжырымдамадан
алынды.
Қабілеттің дамуы мен қалыптасуына оқу мен тәрбие ерекше орын алады.
Шығармашылық белсенділіктің даму барысы балалардың жас ерекшелік
мүмкіншіліктеріне және іс-әрекет сипатына байланысты. Л.С.Выготский өзінің
зерттеулерінде оқу мен тәрбие дамуды өзімен бірге сүйреп жүретін және
дамудың алдында ілгері жүру деп оқу мен тәрбиенің негізгі ролін көрсетті.
Білімдерді меңгерудің екі жолы бар, олардың әрқайсысынан таным
процестерінің сипаты анықталады. Бір жолы жаңа білімді өз бетінше алуға
әкеп соғатын іс-әрекеттің белсенді қалыптасуына бағытталған: баланың заттар
арасындағы байланысты байқауынан бастап бұрын ешкімге танымал болмаған
заңдылықтарды көрсету және алдыңғы өнер табыстарына дейінгі жаңа білім.
Екінші жолы – дайын бейнелер мен эталондарды меңгеруінде құрылатын қайта
жаңғыру іс-әрекетіне бағытталған. Бірінші жағдайда шығармашылық продуктивті
процесс туралы айтылады. Шығармашылық өлшемі ситуацияның жаңалығына,
жаңадан қайта жасап шығару құралдары мен тәсілдеріне, алынған нәтиженің
айрықшалығына байланысты болады.
Таным процесінің шығармашылық жолы – жеке адам өзінің шығармашылық
мүмкіншіліктерін көрсетуге қажетті негізгі жағдай ретінде ішкі танымдық
мотивация болып табылады. Жеке адамның шығармашылық мүмкіншіліктеріне:
шығармашылық процестің ізденіс механизмі, мәсеені айқындауға осы
мүмкіншілітердің өзі, айрықша шешім іздестіру, образды ойлауды өзіндік
реттеу жатады. Мұның бәрі де қиял бейнелерінен туындайтындығы белгілі. Олай
болса, шығармашылық қабілеттің дамуы – шығармашылық тапсырмаларды шешу
қиялдың негізінен жасалады. И.М.Розете зерттеулері бала үшін сыртқы әлем
туралы білім әлі жеткіліксіз болғандықтан, таңқаларлық әрі өткір ойлы және
күтпеген нәтижелі бейнелерді құруын жеңіл қолдана алады.
Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша әдебиеттерге шолу
нәтижесінде мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілетті дамыту
мәселелері терең қаралғанмен, бастауыш мектеп жасындағы баланың
шығармашылық жеке адам ретінде даму концепциялары жоқтың қасы деген
тұжырымға келдік.
Осыған орай шығармашылық қабілеттің даму мәселесін ғылыми тұрғыда
зерттеу барысында көптеген еңбектерден аңғарғанымыз, баланың шығармашылық
қабілетінің дамуының ең нәтижелі кезеңі 3-5 жас деп көрсетеді. Ал біздің
зерттеу жұмысымыз мектеп өмірінің алғашқы жылдарында да осы нәтижелі дамуды
балада шығармашылыққа деген орнықты мотивацияны қалыптастыра отырып
жалғастыруға болатындығын көрсетіп отырмыз.
Көп жағдайда шығармашылық қабілет жағдайында немесе шығармашылық таным
мәселесі бойынша жеке қаралған, мұны тұтастай бір комплексте қарау көп
ескеріле бермейді. Осыған байланысты біз өз зерттеу мақсатымызды бастауыш
мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды
дамуының өзара байланысын және шығармашылық танымдығы негізгі жеке бастық
құрылымдардың байланысын ашу арқылы, олардың шығармашылық қабілетін
дамытудың психологиялық ерекшеліктерін анықтау деп алдық.
Оқыту үрдісінде балалардың шығармашылық қабілеттілігінің дамуына
жағдай жасау – мемлекеттік білім беру стандарттық бағдарламасын іске
асрудың негізгі құралы.
Ж.Аймауытов өз еңбектерінде жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап
тілейді дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты
жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала
қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін
дәлелдейді. Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын деп айтылған ойы бар
бала бойындағы қабілет құрылымы, бағыты, жүйесіне орай тапсырмалар беру –
баланың білімді тез әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің ақындылығына себепші
болады.
Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын деген ойынан
бала мектептегі оқу бағдарламасынан алған білім жүйесін, өмірде білімді
қолдана алуға, қоғамға пайда келтіретін жаңа ұсыныстар мен ой
қорытындыларын шығара алуға, жаңа бейне жасауға бейім болу қажет деп
түсінуге болады.
Балалар психологиясында әрбір жас кезеңдерінде, әсіресе, бастауыш
мектеп кезеңіндегі психикалық даму ерекшеліктері – педагогикалық тәлім-
тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру мәселелеріндегі толғантатын жәйт.
Еліміздің болашақ елеулі азаматын, кәсіби шығармашылық тұрғыда жан-
жақты жетілген жеке адамды даярлауда – кіші мектеп кезіндегі оқу үрдісін
тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екеніді даусыз. Сондықтан бала
бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау
керектігі жайында ғұлама психолог – педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте
кезден-ақ баяндалып жүр.
Білім негізі бастауышта қаланатын болғандықтан, ендігі кезекте
бастауыш мектеп кезеңінде ұлттық ерекшеліктерді, бастауыш мектептің оқу
бағдарламасына енгізіліп отырған жыл сайынғы өзгерістерді, баланың
тұрғылықты мекен-жайының өзгешеліктерін, баланың жеке даралық психологиялық
қасиеттерін ескере отырып, оқу үрдісінде нақты пәндер бойынша белгілі бір
саладағы шығармашылық қабілеттілікті дамытуға тиімді әдістемелік жолды
теориялық және практикалық тұрғыда ашып беру керек деп ойлаймын.
Психологиялық және педагогикалық әдебиеттерді талдау қабілеттің жалпы
құрылымын практикалық түрде төмендегіше белгіленді.

Кесте № 1.
Қабілеттің жалпы құрылымы.

д а
м у
д ы
ң
ж а
ғ д
а й
л а
р ы

Кеңдігі және
бағытталғандығы

деңгейі гейі

1.2. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында Жалпы орта білім беруде үш сатыны
көздейтін 12 жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады делінген (19).
І саты – жалпы бастауыш білім беру, оқу ұзақтығы – 4 жыл, 1-4 сыныптар.
Оқыту 6 кластан басталады. Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке
тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға
бағытталған.
І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім
беру бағдарламаларын кейіннен игеру үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің
тиянақты дағдыларын. қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін,
шығармашылықпен өзін өзі көрсетеді, мінез-құлық мәдениетін жеке гигиена
және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған.
Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам
талаптарының өзгеруіне байланысты, еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-
тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да
айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына қарай өрістету
міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсіздігі де өскелең ұрпаққа жаңа
талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның
даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп пен мұғалімдерге
жауапты да құрметті міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп оқушысының психологиясы тек жас ерекшелігіне ғана
байланысты емес, сонымен қатар тұрған, өскен ортасына (қала, ауыл)
балабақшада болу-болмауына, тұрмыстық жағдайына, табиғи ортаға, әлеуметтік
ортаға, т.б. жағдайларға байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңіне 7-10 жас аралығындағы балалар жатады. Бұл
кезеңде баланың денесі едәуір дамып, бұлшық еттері мен шеміршектері,
сүйектері нығайып, табаны сүйектенеді, омыртқасы барлық мойын, арқа бел
бүгілістері дамиды. Бұлшық еттері шапшаң өседі. Мидың маңдай бөліктерінің
жетілуі баланың психикалық іс-әрекеті мен жүйке қалыптасуына үлкен роль
атқарады.
Жекелеген психикалық үрдістердің қарқынды дамуы баланың бастауыш мектеп
шағында жүзеге асады.Бұл кезде қабылдау қабілеті жетіледі. Көру мен есту
қабілеті түстерді айқын ажырата алады. Қабылдаған заттардың қасиеттері мен
сапаларын меңгереді. Қоғам өміріндегі жаңа негіздерге бақылампаздығыартып,
қабылдауын басқарып, оны қажетті мақсатқа бағыттай алады.
Бала зейінін негізінен өздері тікелей қызығатын нәрселерге аударады. Бала
біртіндеп енді жай сырттай жартымды заттарға ғана емес, қажетті нәрселерге
зейінін бағыттап, оны тұрақтандыруға үйренеді. Ырықты зейінінің дамуында
сыртқы әсердің тартымдылығы, ұнамдылығы, көрнекілігінің мәні зор. Зейіннің
дамуы, сондай-ақ оның көлемінің кеңеюі баланың қазіргі кездегі ойын
әрекетінің алуан түрлерімен танысып, оларды меңгере алумен байланысты.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың
барлық психикалық үрдісіне өзгеріс енеді. Іс-әрекетке белсенділігін көрсете
отырып, ақыл-ой еңбегін зейін арқылы жүзеге асырады.
Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау үрдісін басқаруды талап етеді.
Мектептегі оқу үрдісінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл үрдісті едәуір
дамытады; есте сақтау мықтылығы беки түседі. Есте сақтау деңгейі – есте
сақталынатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте
сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне
байланысты болады.
Бастауыш мектеп кезеңінде сөздік материалды есте сақтау мүмкіншілігі күрт
жоғарылайды, меңгерілетін оқу материалы үнемі оқушыдан елестетеу үрдісін
талап етіп отырады. Есте сақтау мен елестету баланың күш-жігерді керек
ететін мотивтерге байланысты өзгеріп отырады. Бастауыш мектеп кезеңінде
алған білімдерді бала өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады. Баланың ақыл-
ой әрекетінің дамуы үрдісінде орындау практикалық әрекетінен ішкі ақыл-ой
әрекетіне көшу көрінеді. Дегенмен, практикалық әрекет жоғалмай, керісінше,
оқушылардың жаңа, қиын тапсырмаларды орындау негізінде байқалады. Ойлаудың
ішкі жоспарға көшуі арқылы ізденіс, негізгі сипаттағы практикалық әрекетті
орындауды үйренеді.
Оқу үрдісінде ой операциялары да іске асады. Елестету бойынша заттарды
дұрыс әрі оңай салыстыра алады. Абстрактылы ұғымдарды салыстыру байқалады.
Логикалық ойлауының даму ерекшелігіне ой қорытындысын жасай алу, себеп-
салдар анықтау, түсінік беру сияқты түрлері анық көріне бастайды.
Оқушыларға жоғары дәрежеде, жүйелі түрде және нәтижелі ақыл-ой әрекеті
дамып жетіледі. Бұл өзін қоршаған орта туралы, қоғамға еніп жатқан жаңа
техника туралы, танымдық қатынастарды меңгере алуынан көрінеді. Осы арқылы
баланың ақылы және оның танымдық қызығушылықтары қалыптасады. Еліміздегі
тіл туралы заң жыл сайын әрбір Қазақстан азаматына үлкен жүктеме артып
отыруға байланысты тек ересектердің сөйлеу әрекетінен ғана нәтиже
байқалмайды, сонымен қатар бастауыш мектеп жасындағы балалардың тіл дамуы –
ана тілін терең әрі ұлттық ерекшелікте меңгерілгендігі байқалады. Оқушы
енді өз ойын, өз қалауын, өз сезімін ана тіліндегі сөз байлығын қолдана
отырып, грамматикалық түрде өте дәйекті тұрғыда түсіндіре алады.
Бала тілінің дамуының мотивтеріне құрбыларымен, ересектермен қарым-
қатынас жасау, қоғамның жаңа талаптарына сәйкес нәрселерді білгісі
келетіндігі, түсіндіруге тырысушылық, әңгімені эмоциялық тұрғыда жеткізе
білуі жатады. Бала бойында кездесетін әр түрлі жағдайларда ішкі сөйлеу
қалыптасады. Сөйлеудің коммуникативтік, сигнификативтік функцияларын
қолдана алады. Өзін қоршаған орта туралы, қоғам өзгерістері жайлы, бірқатар
ұлттар арасындағы өзара қатынастар мен өзгешеліктер туралы тыңдау, оқу,
әңгіме, пікірталас, талдау сияқты түрлерді меңгере бастайды.
Бастауыш мектеп жасындағы көркем жазу бала ойына едәуір өзгешелік
енгізеді. Көркем жазу сабағы ана тілінің грамматикалық табиғатын ашады және
ана тілін еркін меңгеруге мүмкіндік береді. Баланың алғашқы мектеп
табалдырығын аттауы – оның бойында күрделі сезімдер туғызады. Бұл балалар
арасындағы, әр үйдегі, әрі мектептегі жаңа талаптарға негізделеді.
Қоғамдық талаптардың өзгеруі баланың жеке басындағы адамгершілік,
жауапкершілік, әділдік, қайырымдылық, еңбекқорлық сияқты қасиеттерді ашады.
Бастауыш мектеп оқушысының ерік сапаларының дамуы: біріншіден,
жетістіктерге жету мақсаттарының мазмұны мен көлемінің ұлғаюына және
өзгеруіне, екіншіден, ішкі және сыртқы қиыншылықтарды жеңе алуына,
үшіншіден, ұзақ уақыт күш жұмсай алуына, төртіншіден, өзін ерікті тежеу
барысында өзін-өзі меңгеру, тоқтамға келуінде қалыптасады. Бастауыш мектеп
жасындағы балалардың жеке басының дамуы – оқуы мен танымдық әрекеттерінің
қалыптасуында оқу іс-әрекетіндегі белсенділігі мен адамгершілік
қасиеттерінің қалыптасуындағы қарқынды кезең. Олардың өзгелермен қарым-
қатынас жасау белсенділігінің күшті кезеңі деп аталады. Мұғалім мен
тәрбиешілердің үнемі бақылауында болатын балалардың психикалық даму
кезеңдері айтарлықтай сапалы өзгерістерге ұшырайды.
Бұл жастағылардың негізгі әрекеті бұрын ойын болса, оқуға кіргеннен кейін
оқу қызметі шешуші роль атқарадаы. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып
баланың психикалық дамуын билейтін болады. Осыған орай бала психикасы
елеулі өзгерістерге ұшырайды. Мұның себебі ойынға қарағанда оқу талабының
бала үшін қиындығында. Әуелгі уақытта мектептегі жаңа жағдайға бала әлі
беймделе алмағандықтан, оқу үстінде мына қиындықтарға кезігеді: 1-ші:
баланың мектеп жағдайына бейімделуі, -2-ші: мұғалім, құрбы-құрдастарымен
қарым-қатынасы.3-ші: 1 сынып оқушыларына беретін тапсырмалар тым жеңіл
болып, қызығу жоғалып кетуі мүмкін. Алайда, барлық қиындықтар бала
психикасы дамуына байланысты шешіледі, жаман-жақсыны ажырата бастайды.
Мектепке кірерде бала дене жағынан алға қарай недәуір өріс алып, бұлшық
еттері мен шеміршектері және сүйектері недәуір нығалды. Бас миының салмағы
100 гр-нан 1400 гр дейін өседі. әсіресе оның (миы) маңдай бөлігі жақсы
қалыптасып, ой мен сөйлеудің дамуының қарқындауына әкеледі. Кіші мектеп
жасындағы балаларда ми жасушаларындағы қозу мен тежелу мөлшері күрделі
маңызды. Бұл кезде тежелу қабілеті үстем алып, осының нәтидесінде кіші
оқушы өзін-өзі меңгере алуына, керек деген жерде өзін-өзі теңселте алуына
мүмкіндігі бар. Кіші мектеп жасында бала мақсатты іс-әрекет етіп, өзнің
қозғалысын басқара алатын болады.
Бала мектепке барғанша тек ойынмен айналысып жүреді. Оқу оның негізгі
қызметіне айналса да, бал ойнауын бірден тоқтатпайды. Бала әлі де ойнағысы
келеді. Бірақ оған кіші оқушының уақыты да, мұршасы да жоқ. Осының
нәтижесінде ойын оның өмірінде 1-ші орыннан 2-ші дәрежедегі әрекетке
ысырылады. Осыған орай ойын жаңа мазмұн алады. Балалар ролдердің азаматтық
қасиеттік сапасына, айталық, ептілік, қайраттылық, батырлығына, әдемілігіне
мән береді. 1-ші және 2-3 сыныптағылардың ойыны бірдей емес. 1-ші сыныпта
оқушы мен ұшқыш болатын, маған сондай роль ұнайды деп айтып, бірақ соны
орындауға әрекет жасап жарамайтын болса, 3-ші сыныптағылар роль ойынына
електеумен шектелмей, соларға орай тиісті қиыншылықтарды жеңуге тырысады.
Дмемк, сөзден сол бейнелерді орындауға көшеді, өзі соларға еліктеп, өзі іс
жүзінде төзімді, шыдамды, қорықпайтын, епті, айлақор болуы үшін әрекет
жасайды. Осының өзі өзін-өзі тәрбиелеудің басы болып табылады. Ойын
мақсатының мүлдем өзгеруі басталды. Ойын бұрын ермек болып келес, енді кіші
оқушы үшін өз-өзін тәрбиелеудің құрамына айналып отыр.
Рольдік ойындардан басқа түрлі тиісті ережелерге сүйенетін ойындармен
кіші оқушы 2-3 сыныптарда айналыса бастайды. Мысалы шахмат, футбол, доп
қағу т.б. ойын ойнайды. Ойын үстінде баланың ойы, ептілігі, күштілігі,
шыдамдылығы, жылдамдылығы, тапқырлығы дамиды.
Бастауыш мектептегі оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден
қалыптаспайды. Оған біраз мерзім үйрену керек. Жеке пәндерден сабақтарды
ойдағыдай үлгеру үшін алдымен баланың осыған ықыласы болуы шарт. Оқу ойынға
қарағанда қиын болғандықтан балалардың кейбіреулерінің оқуға ықыласы болып
жарымайды. Оларды оқуға үгіттеу арқылы тарту қиын. Сондықтан оқуға деген
ықыласты тудыру үшін тапсырмаларды орындата отырып одан нәтиже шыққанда
мадақтау керек. Орындалған тапсырма үшін қуану кейін алдағы тапсырманы
орындауға түрткі болады. Әдетте, ықыластың тікелей және жанама түрі бар.
Тікелей ықылас оқушының бәлендей нәрсеге қызығуынан болады. Ал, жанама
ықылас сол нәрсеге қызық болмаса да, жалпы сабақ үлгерімін жақсартқысы
келгендіктен болады. Кіші оқушылар көпке дейін тапсырманы қалай орындаудың
тәсілін жақсы білмейді. Бұлар берілген тапсырманы жаттап алғысы кеп тұрады.
Мұның себебі олардың оқуға әлі төселмегендігінде.
Бастауыш мектепте тапсырма мынандай 2-түрлі жолмен беріледі: 1-ден,
берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. 2-ден,
тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін баланың
қолында үлгісі болуы керек. Мысалы тақпақ берілсе оның тексті болуы керек.
Тапсырманың соңғы түрі өте сирек кездеседі. Баланың оқу әрекеті деп
тапсырманың шарты мен танысу және проблемалық мәселелерді орындай білу
жатады. Осыған әр түрлі пәнге, айталық, грамматикалық, географиялық,
математикалық есептер шығару жұмысы жатады. Кость және оның жақтаушылары
оқу әрекеті барысында 6 түрлі ой әрекеттерімен даму сатыларын көрсетті. 1)
ес, 2) қайта жаңғырту, 3) негіз салу, 4) пайда болған жаңа ситуацияға
мүмкіндігінше шешіле іздеу, 5) бұрынғы және жаңа білім қарым-қатынасы, 6)
рефлексия, яғни ой толғаныс. Әдетте, оқу өзінше бала үшін әрекеттену, яғни
проблемалық мәселені шешу дегенд, осының мынандй үш сатындан тұратынын
айтады. 1. берілген тапсырма шартымен танысудан, 2. оны орындаудан, 3.
осының қалай орындалғанын тексеруден.
Әр оқу әрекеті кезінде берілер тапсырма алдында мұғалім кіріспе, яғни
түсінік беруі керек. Осыдан кейін барып оны орындау нәтижелі болады. Ал 3-
ші сатыға келсек, оған үлкен мән беру керек. Баланы кішкентайынан
тапсырманы орындаған соң соның қаншалықты дұрыс орындағанын тексере білуге
үйретсе, бала қатесін түзетуге, таба білуге үйренеді.
Кіші оқушының негізгі таным процестері мектепке кіргеннен кейін едәуір
өзгерістерге ұшырайды.
7 жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгіге қарағанда жақсы
қалыптасады (көзі көргіш, естігіш, байқағыш). Бірақ әлі де болса,
қабылдаудың кей жеткіліксіз жақтары да кездеседі М.Орыс тілінен алынған
ұқсас дыбыстарды ф-п, б-в фонемаларын дұрыс ажырата алмайтын болады. Бұл
сияқты ажырата алмаушылықтардың бір себебі 7-9 жастағылардың талдау
қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Жалпы алғанда кіші оқушыағ не
қызықты немесе не қажетті, соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді.
Оқу барысында мұғалім оқушыға нендей нәрсеге назар аударып, қандай нәрсеге
назар керек еместігін айтып отырса жақсы болады. Осныың нәтижесінде бала
оқуға керекті объектілерге ғана назар аударуды үйренеді. Кіші оқушының
зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған. Зейін, әдетте,
ерікті, еріксіз болады. Оның еріксіз зейіні ерікті зейіннен басым келеді.
Оның еріксіз зейіні әсем бояулар, заттар, қызықты дыбыстарға аударады. 2-3
сыныпта ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген
сабақтың бөлшектеріне зейінін бөле бастайды. Баланың ерікті зейінін дамыту
үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп тапсырманы орындаудың жоспарын
көрсетіп отыру қажет.
Әдетте, ес пен жадқа байланысты өзінше міндеттер шешу керек. Мұны
мнемоникалық міндет дейді. М.бір жағдайда берілген тапсырманы сол
түпнұсқасынан айнытпай жадта қалдыру қажет. 2-ші жағдайда тапсырманы өз
сөзімен мән-мағынасын ғана айтып беруге болады. Осныың өзі әр түрлі
мнемоникалық міндет және әр түрлі психикалық әрекетті қажет етеді. Егер
түпнұсқасынан айнытпай есте қалдыру жадқа жатса, өз сөзімен айту еске
жатады.
1-ші сыныпта балада арнаусыз есте қалдыру негізгі роль атқаратын болса, 2-
3 сыныптарда бірте-бірте арнаулы есте қалдыру негізгі роль атқаратын
болады. Кіші оқушының қиялына келсек, оқу талабына сай қиял мазмұны
өзгерістерге ұшырайды. Оқушы қиялы шығармашылық және өткенді жаңғырту қиялы
болып бөлінеді. Көбісі шындықтан алыстап кететіндіктен мектепке
дейінгілерде шығармашылық қиял басым болып, мектептегілерде қайта жаңғырту
кең өріс алған (тарих, география). Кіші оқушылардың ойлауына келсек,
Ж.Пиаженің айтуынша нақты ой операциясы кездеседі. Бала мектепке келген соң
натуралды ойдан мәдени ұғым арқылы ойлануға көшеді.
Бастауыш мектеп жасындағы балаларда үлкендерге соның ішінде мұғалімдерге
сенімділік, бағыну, еліктеу деңгейлері жоғарылайды. Осы жастағы балалар
үлкендердің беделін бағасын сөзсіз қабылдайды. Бастауыш мектеп оқушыларында
өзіндік бағалауының мынындай сапалары кездеседі. Олар адекватты (қалыпты),
жоғары, төмен.
Баланың өзін-өзі бағалауы үлкендердің бағалауына байланысты. Сенімділік,
ашықтық, айтқанын орындау, тыңдау баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына
қолайлы жағдай туғызадды. Бірақ, ол үлкендерден үлкен жауапкершілікті қажет
етеді. Өз еркін басқара алу және жетістікке жетуге саналы түрде талпыну
баланың ең маңызды қасиеттерінің бірі. Қабылданған шешімге, ниетіне үлкен
мақсаттарға байланысты саналы бақылай алу қабілетінің даму деңгейі
қалыптасады. Егер бала белгілі бір затты өздігімен орындап жетістікке
жететін болса, бұл кезеңде жетістікке жету мотивациясы, яғни жетістікке
жету мотиві және сәтсіздіктің алдын алу мотиві т.б. Егер балаға беделі бар
адам баланың жетістіктерін аз мақтап, сәтсіздіктерін көп жазалап отырса,
оларда сәтсіздіктердің алдын-алу мотивациясы ертерек қалыптасады. Ш.А.
Амоношвили төмендегі кластарда балалардың үлгерімінің төмендігін бағамен
жазаласа, балалардың үрей, мазасыздық сапаларын туғызып отырады. Жетістікке
жету мотивациясына өздік баға мен ынталану деңгейі де жатады. Жалпы
психологиялық эксперимент жоғары болса, және сәтсіздіктердің алдын алу
төмен болса, баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болады. Баланың ынталану
дейңгейінің оқу және басқа әрекеттердегі жетістігіне ғана байланысты емес,
ол құрдастарының арасында жоғары статусқа, беделге ие баланың өздік бағалы
адекватты бағағағ ие болады және ынталану деңгейі жоғары болады. 6-11
жастар аралығында бала өз қабілетіне сын көзқараспен қарай бастайды. Өзінің
қолынан келмейтін кемшіліктердің күш-жігерін жұмсау арқылы түзей
алатындығын білдіреді. Бастауыш мектеп кезеңін алдағы уақыттағы жетістікті
анықтайтын маңызды тұлғалық қасиеттерінің қалыптылығымен сипаттайды.
Жетістікке жету мотивациясымен бірге балада екі түрлі тұлғалық сапа пайда
болады. Ол еңбекқорлық және өзбеттілік. Еңбекқорлық сапасы бастауыш мектеп
кезеңінде оқу әрекетімен, еңбек әрекеттерінде дамиды және тұрақталады.
Балаларда еңбекқорлықтың сапасына қалыптасуына оқу әрекетінің алғашқы
кезеңінде ездесетін қиыншылықтар қолайлы жағдай жасайды, олар жаңа өмірлік
жағдайға бейімделу, оқу, санау, жазу барысында кездесетін мәселелер,
үйдегі, мектептегі жаңа кедергілер жатады. Осы сапаның қалыптасуына баланың
жеткен жетістіктерін мадақтаудағы саналы ойластырылған үлкендер әрекеті
жатады. Сонымен қатар мындағы ең маңызды рольді баланың өз жетістігіне
сөнуі де жатады. Бала өз еңбегіне қанағаттанған, риза болған кезде ғана
еңбексүйгіштік сапалары пайда болады. Еңбектану барысында балада жағымды
эмоция әсер беретін жағдай болуы шарт. Өзбеттілік сапасы үлкендерге
тәуелділігімен байланысты болады. Егер бала үлкендерге сеніп, солардың
дегенімен жүре беретін болса, оларда өзбеттілік қасиеті қалыптаспай жолы
өссе де үлкендерге деген тәуелділік байқалады. Ал егер бала ерте жасынан
өзбеттілік көрсетсе, тұйықтық, өзгені тыңдамау сияқты қасиеттерінің
қалыптасуына әсер етеді. Мұндай кемшіліктер кездеспес үшін өздігінен
жасауға көп жұмыс тапсырып, оған сенімділік білдіру керек. Баланың
өзбеттілікке ұмтылуына қуанып, мадақтап отырған жөн. Мектептегі алғашқы
күннен бастап үйге тберген тапсырмаларды үлкендердің көмегінсіз өздері
орындағанын қадағалап, өзі орындаған тапсырманы дұрыс және дұрыс емес болса
да қолдап отыруы керек. Бұл сапаның қалыптасуына мынандай әлеуметтік
психологиялық ситуациялар ұйымдастыру керек. Балаға бір тапсырма беріледі,
сол тапсырманы орындау барысында бала үлкендермен, құрдастарымен қарым-
қатынасқа түсіп, олардың әрекеттерін басқарып отырады және бұл ойын
барысында бала топта лидер атанады.
Бала мектепке келгеннен кейін өзін қоршаған адамдармен қарымқатынасында
үлкен өзгерістерге ұшырайды. ОЛ біріншіден, қарым-қатынасқа кететін уақыт
көлемі ұлғаяды. Бұрын бала ойыншықтарын ойнаумен көп уақыт өткізетін болса,
мектепке келгеннен кейін уақыттың көпшілігін мұғалімдермен, құрдастырмен,
үй ішіндегі туыстармен өткізеді.
Екіншіден, қарым-қатынастардың тақырыбы өзгереді. Бірінші кластарда
балалар кластарына қарағанда, мұғалімдермен көп қарым-қатынас жасайды.
өйткені, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ерекшеліктерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА КУРСЫНДА АМАЛДАРДЫ АУЫЗША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Дүниетану сабағында жаңа технологиялар
Тұлғаның шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың теориялық негiздерi жайлы
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының цифрлық сауаттылығын қалыптастырудың маңызы
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие берудің теориялық негіздері
Пәндер