Қазақ-Қытай сыртқы экономикалық байланыстары: даму ерекшеліктері мен болашағы


ӘОЖ 339. 9 :339. 543 (574+510) Қолжазба құқығында

ЕРЛАН КУДЫС

Қазақ-Қытай сыртқы экономикалық байланыстары:

даму ерекшеліктері мен болашағы

("Қорғас" шекара маңы көліктік қызмет көрсету саласы мысалында)

08. 00. 14 - Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар

Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Диссертациялық жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалды

Ғылыми жетекшісі - экономика ғылымдарының докторы

Әбішев Ә. Ә

Ресми оппоненттер - экономика ғылымдарының докторы

Мадиярова Д . М

экономика ғылымдарының кандидаты

Жаркынбаева А. С

Жетекші ұйым - Қазақстан Республикасы Білім және

Ғылым министрлігінің экономика

институты

Диссертация 2009 жылы « » наурыз сағат 14. 00-де Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі ғылым докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144-бөлме.

Диссертациямен Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » 2009 ж. таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

экономика ғылымдарының докторы Ұ. А. Текенов

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытай Халық Республикасымен кең ауқымды және өзара тиiмдi сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың жалпы стратегиясының басты бағыттарының бiрi болып табылады.

Бүгiнгi күнi Қытай Қазақстанның негiзгi сауда-экономикалық әрiптестерiнiң бiрi болып табылады. Алайда екi ел арасындағы сыртқы сауда айналымының оң өсу серпiнiне қарамастан, өзара сауда көлемi екi елдiң мүмкiндiктерiн көрсетпейдi және тұтастай алғанда, сауда саласындағы екi жақты қатынастар деңгейi мемлекеттердiң қолдағы әлеуетiне сәйкес келмейдi.

Қазақстанның шекара маңы аудандарын дамытудың әлеуетi инвестициялық ахуалдың ерекшелiктерiмен, игерiлетiн нарықтың өндiрiстiк факторларының құнымен және мемлекеттiк шекараны кесіп өтумен байланысты транзакциялық шығындармен, көлiк жағдайлары, шекаралық өтпелердiң және кедендiк бекеттердiң инфрақұрылымымен айқындалады.

Бұл аспектiлер өңiрлердiң де, сол сияқты тұтастай алғанда елдiң де әлеуметтiк-экономикалық дамуының құрамдас бөлiгi ретiнде, шекара маңы аумақтарының экономикасын көтеру мақсатында Қазақстан Республикасында шекара маңы ынтымақтастығына қарым-қатынасты өзгертудiң қажеттiлiгiн айқындайды.

Қазiргi уақытта республиканың әлеуетi халықаралық жүк ағындары жүйесiнде толық көлемде әрекет етпейді, негізгi халықаралық көлiк дәлiздерінің мамандануы соңына дейiн қалыптастырылмаған, елдiң аумағы бойынша көлiк жүк ағындарын толыққанды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттарға сәйкес көлiк жолдарының сервистiк қызметтерi мен сапасының деңгейiн арттыру талап етiледi.

Көлiк дәлiздерiнің қызметi халықаралық бизнес, трансұлттық компаниялар, отандық және шетелдiк инвесторлар өкiлдерiнiң неғұрлым көп санын, ең алдымен, бизнестi жүргiзудiң өзiнiң либералдық жағдайларымен, әсіресе елдің орта және шағын кәсіпкерлiгін ойдағыдай дамыту үшiн қажеттi нарықтық шығындарды барынша азайтумен тартады.

Еуропаның, Шығыс және Оңтүстік - Шығыс Азияның сыйымды және серпінді дамушы нарықтары арасында Еуразия құрлығының орталығында орналасқан Қазақстанның экономикасы көбінесе транзиттік мүмкіндіктердің жоғары әлеуетін тиімді пайдалануға тәуелді болып келеді. Республиканың көлік жүйесінің дамуына елдің үлкен территориясы (2725 мың км), халықтың шашыраңқы орналасуы (орташа шамамен 6 адам/ км 2 -ден аз), шикізаттық өндірістік ресурстарының біршама бір жерге орналастырылуы және т. б. әсер етеді.

Халықаралық талдау орталықтарының бағалаулары бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттары бойынша транзиттік ағымдар 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағаланады, олардың 20% Ресей Федерациясы мен Қазақстанның территориясы арқылы өтуі керек. Бірақ Қазақстан әртүрлі себептерге байланысты аталған әлеуетті 10%-дан аз пайдаланады. Қазіргі уақытта шамамен 1, 5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ішкі тасымалдардың көлемі 2010 ж. экономиканың индикативті даму жоспарына сәйкес 8 - 9% - ға артып, 3, 6 млрд. АҚШ долларына дейін өсуі мүмкін1.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ұлттық деңгейде көлік жүйелерінің дұрыс емес дамуы өндіріс пен қызмет көрсету салаларындағы жоғары шығындардың өтелмеуіне, шаруашылық қызметтің барлық салаларының дамуының тоқырауына, аймақтардың өзара байланысының және еңбек ресурстарының жылжуының шектелуіне әкеледі. Транзитті-көлік мүмкіндіктерін тиімді пайдалану экономиканың ұқсас салалары мен орталарының жедел дамуын ынталандырады. Экономика мен көлік кешенінің дамуы диалектикалық бірлік пен бір-біріне объективті тәуелділікте болғандықтан да, Қазақстанның әлемдік көлік жүйесіне интеграциясы жолында мемлекеттің көліктік стратегиясын таңдауы қазіргі сатыдағы алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып табылады.

Қазақстанның көліктік қызмет нарығын қалыптастыру үрдісінің күрделілігі және оның әлемдік жүйеге интеграциясы берілген ғылыми зерттеудің өзектілігін негіздейді және тұрақты экономикалық өсудің стратегиясын жасап шығаруды жүзеге асыру үшін маңызы зор.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Халықаралық интеграциялық үрдістердің теориялық-әдістемелік аспектілеріне отандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарының біршамасы арналған. Олардың ішінен А. Маршалл, Дж. М. Кейнс, Дж. Гэлбрайт, Л. Туроу, Г. Мюрдаль, Д. Рикардо, А. Смит, Р. Вернон, П. Кругман, М. Портер, В. Леонтьев, Б. Олин, Э. Хекшер және т. б. ғалым-экономисттерді атауға болады. Аталған еңбектерде әлемдік шаруашылық байланыстардың ғаламдануы жағдайында интеграциялық үрдістердің жалпы теориялық мәселелері қарастырылған.

Мемлекеттердің халықаралық экономикалық интеграциясының маңызды бағыттарының бірі ретінде қызмет көрсету саласының қалыптасуы мен дамуы мәселелеріне Е. Ф. Авдокушиннің, Г. А. Гранбергтің, Б. Г. Дякиннің, А. Н. Козыревтің, Э. Г. Кочетовтың, А. А. Кочетковтың, В. М. Кутовтың, Н. М. Мухитдинованың, В. Е. Рыбалкиннің, Б. Н. Смитиенконың, Ю. А. Щербанинің, И. П. Фаминскийдің және басқа ғалым экономистердің жұмыстары арналған.

Жалпы экономикалық интеграцияның және Қазақстан республикасындағы көлік қызметтері нарығының объектісі ретінде көлік қызметтері нарығының қазіргі жағдайының маңызды ғылыми зерттеулері атап айтқанда, Е. М. Арыновтың, Н. К. Исингариннің, Е. Д. Атамқұловтың, Х. З. Арбатиевтің, Қ. Қ. Жанғаскиннің, Ю. Н. Лавришенконың, В. М. Лившицтің, К. Мадалиевтің, Ы. Ташбаевтың, Л. Ф. Сухованың, Х. С. Карибжановтың, Г. И. Тулеугалиевтің т. б жұмыстарында қарастырылған.

Қызмет көрсету саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістерді түбегейлі түрде зерттеумен айналысатын отандық және шетелдік авторлардың еңбектерінің көптігіне қарамастан, аталған мәселенің көптеген аспектілері жеткілікті түрде зерттелмеген, жоғарыда аталған үрдістердің жүзеге асырылу механизмі мен мәнін түсінудің теориялық және әдістемелік негіздерінде зерттеуді қажет ететін мәселелер бар. Көлік қызметтері саласындағы елдің экономикалық интеграциясының теориялық және тәжірибелік аспектілерінің Қазақстанда жеткілікті зерттелмеуі аталған мәселенің теориясы мен тәжірибесін тереңдетіп зерттеу қажеттілігін алға қояды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың мақсаты - әлемдік тәжірибені жинақтаудан Қазақстан Қытаймен арадағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті қазіргі жағдайын талдаудан шыға отырып, ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң пайдасына қарай әртараптандыру; сапаның әлемдiк стандарттарына көшу; дүниежүзілiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.

Алға қойылған мақсатқа сай төмендегідей міндеттерді шешу қажеттілігі туындады:

- Шетелдік және отандық ғалымдардың Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарын қалыптастыру және дамытудағы көзқарастарының теориялық негізін және эволюциясын зерттеу;

- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудың қазіргі жағдайына талдау жасау;

- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сауда-экономикалық байланыстары критерийлерінің жүйесі мен жүк тасымалындағы баға көрсеткіштерін нақтылау;

-Индустриялық-инновациялық дамудың жағдайында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы сыртқы экономикалық байланыстың даму деңгейін айқындау;

- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сыртқы экономикалық байланысының дамуындағы басым бағыттарды анықтау.

Жұмыстың зерттеу нысаны - Қазақстан Қытаймен арадағы өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қазіргі жағдайы мен "Қорғас" өңiрлерiнің көлік жүйелері болып табылады.

Зерттеу пәні. Еуразиялық континенттің орталығындағы Қазақстан ерекше геостратегиялық орналасуы негізінде көлік қызметтері саласындағы Қазақстан Қытаймен экономикалық қатынастар жүйесі.

Диссертациялық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі - қызмет көрсету саласындағы халықаралық экономикалық интеграцияның, атап айтқанда, интеграциялық үрдістердің дамуының басымды бағыттарының бірінің контексінде қарастырылып отырған көлік қызметтерінің мәселелерімен айналысатын ТМД-ның және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулеріне негізделеді.

Зерттеу кезінде әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданылды: абстрактілі -логикалық әдістердің ғылыми тәсілдердің жиынтығы, экономика-статистикалық, бағдарламалық-мақсатты әдістер, сонымен қатар салыстыру, жинақтау, экспертті бағалаулар мен болжау әдістері.

Зерттеу үрдісі кезінде ДСҰ-ның, Халықаралық экономикалық комитеттің, Кедендік Одақтың Интеграциялық комитетінің, Қытайдың, Қазақстан Республикасының cтатистика жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің статистикалық материалдары, көлік пен қызмет көрсету салаларының интеграциясы мәселелері бойынша халықаралық ұйымдардың нормативті-құқықтық актілері мен басылымдары пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегіше сипатталады:

- Сыртқы экономикалық байланыстардың мәнділігі мен принциптерін сипаттайтын теориялық қағидалар тереңдетіле түсті. Сыртқы экономикалық байланыстардың тұрпаты мен түрлерін классификациялау нақтыланды.

- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарының негізгі даму үрдістері мен ерекшеліктері айқындалды.

- Көлік қызметтері саласындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық интеграциясының даму болашағына байланысты ұсыныстар негізделді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдамалар. Зерттеу нәтижесінде қорғауға төмендегідей нәтижелер шығарылды:

-Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы көліктік қызмет көрсету саласының интеграциялық үрдістерінің географиялық және геосаяси мәні ашылды;

- Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының "Қорғас-Шығыс қақпасы" арқылы өтетін жүк тасымалын ұйымдастыруға және экономикалық тетіктерін жетілдіру бойынша бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берілді;

  • Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы шекара маңы сауда-экономикалық ынтымақтастығын толық ауқымда дамыту және сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық дәлiздi қалыптастыру ұсынылды;
  • "Қорғас-Шығыс қақпасы" сауда-экономикалық аймағындағы халықаралық көлік дәліздері арқылы жүк тасымалдау қызметінің мультимодальды, унимодальды және интермодальды нысандарына өту ұсыныстары қорытыланды;
  • Қазақстанның бірқатар мұнай-газ құбырлары желісін кеңейту және жаңа жобалар бойынша осы желіні Оңтүстік-Шығыс Азия мұнай-газ құбырларының жүйесіне интеграциялау ұсынысы негізделді.

Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Еуразиялық аймақтағы көлік қызметтері саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістердің маңызды бағыттарын ашып көрсететін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұжырымдардың бірқатары ЕурАзЭҚ-тың, БЭК-тің және басқа да интеграциялық топтардың құрамына кіретін елдер дамуының стратегиялық бағытын жасап шығару үшін пайдаланылуы мүмкіндігінде.

Ғылыми жұмыста қалыптастырылған негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар әлемдік нарыққа мұнай мен газды тасымалдау және көлік қызметтері саласындағы халықаралық интеграциялық үрдістердің дамуы мәселелері бойынша ары қарай теориялық зерттеулер мен әдістемелер жасап шығаруда пайдалану үшін, сонымен қатар нақты бағыттар бойынша келіссөз үрдістерінде және интеграциялық ынтымақтастықтың тереңдеу шараларында пайдаланылуы мүмкін.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы мен өндіріске ендірілуі. Негізгі ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларда қарастырылып, талқыланды: «The Xinjiang puts into practice the progress that face west opens the strategy, problem suggests winth the policy» Жас ғалымдардың жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар, Жас ғалымдардың халықаралық - ғылыми тәжірибелік конференция материалдары. - Астана, 2007, «Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар» халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияда (Urumqi, 2005ж. 18-15 мамыр), «ТМД елдерінде экономиканың дамуы мен экономист мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында (Пекин, 2006, 17 маусым) .

Диссертациялық зерттеу нәтижелерінде алынған қорытындыларды, әсіресе "Қорғас-Шығыс қақпасы" сауда-экономикалық аймағындағы халықаралық көлік дәліздерін пайдалану жөніндегі ұсыныстарды «Көк-Жиек Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз тәжірибесінде қолданып жатыр.

Зерттеу нәтижесінің басылымдарда жарық көруі. Диссертациялық зерттеудің тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3, 4 б. т. болатын 13 жұмыс жарияланды.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыс 9 кестеден, 7 суреттен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы сауда айналымы Орталық Азия және Шығыс Еуропа елдері арасында Ресейден кейінгі екінші орында тұр. Қазақстан экономикасына салынған Қытай инвестициясының жалпы көлемі қазір шамамен 8 миллиард долларды құрап отыр, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына қосылуына қолдау көрсетіп отыр. “Атасу - Алашанькоу” мұнай құбыры, “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” акционерлік қоғамы, “Кеңқияқ - Құмкөл” мұнай құбыры және “Қазақстан - Қытай” газ құбыры сияқты нысандар мен мекемелер атқарып жатқан, атқаратын істер ауқымды.

Қазақстан мен Қытай негізгі халықаралық ұйымдардың, ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының аясында белсенді түрде бірлесе әрекет етіп келеді. Осы ретте Қазақстанның қазіргі Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев 2004 жылы Бейжинге барғанда “Біз халықаралық қатынастардың демократияландырылуын және тең құқықты әріптестікті жақтаймыз, біз бір полярлы әлемнің жағдайында мемлекеттердің өзгелерге өз әмірін жүргізуін қаламаймыз. Қазақстан да, Қытай да көп полюсті әлемнің орнығуын және дамуын қалайды”2 деген еді. Қ. Тоқаевтың осы сөзінен кейін Қытай қоғамдық ғылым академиясының залында отырған жұртшылық бір қозғалақтап қалған болатын.

Қытайдың экономикалық реформаларды белсенді жүргізу кезеңіндегі заңнамалық арқауды қалыптастыру жөніндегі тәжірибесі өте қызғылықты көрінеді. Конфуцийдің: “Алыстағы қиындықтарды ойламайтындар жақындағы қатерлерге тап болмай қоймайды” деген сөзін алға тартқан спикер “Қазақстан-2030” Стратегиясының ел өміріндегі ерекше орнына айрықша тоқталды. Стратегияны әзірлеу жұмысы аса ауыр экономикалық дағдарыс жылдарында-ақ басталды. Әйтсе де, біз алдымызға жауапты міндет - осы заманғы және серпінді дамыған ойдағыдай мемлекет болу міндетін қойдық. Біз бүгінгі таңда “Қазақстан-2030” Стратегиясы өзінің өміршеңдігі мен тиімділігін тұтастай растады деп толық мәлімдей аламыз.

Қазақстанның орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етті. Өткен жылы экономикалық өсу Қытай, Үндістан елдерімен бір деңгейде болды. Өткен он жылдың ішінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі бес есеге жуық өсті. Осы кезеңде ішкі жалпы өнімнің халықтың жан басына шаққандағы көлемі 3, 5 еседен астам өсті және 2007 жылы 7 мың доллардан асты. Бұл бірқатар Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің көрсеткіштерімен тең. 2000 жылдан бастап ІЖӨ-нің өсуі орта есеппен 9-10 пайызды құрап отыр. Таяудағы үш жыл ішінде оның орташа өсімі 8 пайыз деңгейінде сақталады, бұл 2008 жылы ІЖӨ-нің 2000 жылмен салыстырғанда екі есе өсуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді. Сыртқы сауда айналымы он жыл ішінде 6 еседен астам өсіп, 2007 жылы 80 млрд. долларға жетті. Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі серпінді дамуда. 2015 жылға таман біз мұнай өндіру көрсеткішін - 130 миллион тоннаға және газ өндіруді 80 миллиард текше метрге жеткізіп, әлемдегі он аса ірі көмірсутегі шикізатын экспорттаушылардың клубына кіруді жоспарлап отыр.

"Қорғас-Шығыс қақпасы" ШСЭА-нда экспорттық-импорттық және транзиттiк контейнерлiк тасымалдардың көлемi ұлғайып келеді және ол келешекте трансеуропалық және трансазиялық бағыттардағы халықаралық көлiктiк дәлiздер жүйесiне қосылуы керек; Қытай - Қазақстан - Орталық Азия - Ресей - ТМД - Еуропа елдерi бағыттарындағы транзиттiк және экспорттық тасымалдарды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушының шығындарын азайтады.

2007 жылы Қорғас өту пунктi арқылы тасымалдардың жалпы көлемi 293, 2 мың тоннаны құрады. Бұл ретте "Қорғас" кеден бекетi арқылы 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 2, 3 есе көп жүктер тасымалданылған, ал 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда көрсеткiштердiң 44, 1 %-ға төмендегенi байқалады(1-кесте) .

1-кесте- 2007 жылғы барлық режимдер бойынша "Қорғас" кедені арқылы ресімделген тауарлар

Көрсеткіштер
Көлік құралдарының саны (бірлік)
Жүк көлемі (мың тонна)
Жалпы көлемінен үлес салмағы
Жүктің құны (мың АҚШ доллар)
Жалпы көлемінен үлес салмағы
Көрсеткіштер: Импорт
Көлік құралдарының саны (бірлік): 6320, 0
Жүк көлемі (мың тонна): 103, 5
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 35, 3%
Жүктің құны (мың АҚШ доллар): 150229, 6
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 25, 2%
Көрсеткіштер: Экспорт
Көлік құралдарының саны (бірлік): 1065, 0
Жүк көлемі (мың тонна): 42, 1
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 14, 4%
Жүктің құны (мың АҚШ доллар): 234335, 1
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 39, 3%
Көрсеткіштер: Транзит
Көлік құралдарының саны (бірлік): 7997, 0
Жүк көлемі (мың тонна): 147, 6
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 50, 3%
Жүктің құны (мың АҚШ доллар): 211124, 4
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 35, 4%
Көрсеткіштер:

Жалпы көлем

Көлік құралдарының саны (бірлік): 15382, 0
Жүк көлемі (мың тонна): 293, 2
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 100, 0%
Жүктің құны (мың АҚШ доллар): 595689, 1
Жалпы көлемінен үлес салмағы: 100, 0%
Көрсеткіштер: Ескертпе - 2008ж ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде.

Диссертацияда атап көрсетілгендей, қызметтердің басқа түрлерімен салыстырғанда әлемдік шаруашылықтағы қызмет көрсету саласының тез дамуына ақпараттық технологиялар, тұрғын үй құрал-жабдықтары және жалпы құрал-жабдықтар саласындағы қазіргі ғылыми-техникалық революция көпжоспарлы әсер етті. Нәтижесінде жоғары дамыған шетел елдердегі материалдық өндірістің ірі масштабты құрылымды-технологиялық қайта құрылуы оларда қызмет көрсету саласы дамуының маңызды факторына айналды .

Әлемдік экономикада соңғы онжылдықта қызмет көрсетудің халықаралық саудасының мәні артуда. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің әлемдік экспорты халықаралық айырбастың шамамен ¼ - ін құрайды. Бүгіннің өзінде қызмет көрсетудің халықаралық саудасы өспелі түрде дамып, тауар айналымы өсімінің қарқынынан артып жатқандықтан, бұл сала халықаралық ынтымақтастықтың басты облысына айналады деп болжауға болады.

Қазақстанның сыртқы тауар айналымында Қытаймен тауар айналымы 8, 1%-ды иеленедi. Қазақстаннан Қытайға экспорт көлемi 2, 4 млрд. AҚШ долларын, Қытайдан Қазақстанға импорт көлемi - 1, 3 млрд. АҚШ долларын құрады. Қазақстан экспортының жалпы көлемiндегi Қытай үлесi 8, 7%-ды, импорттың жалпы көлемiнде - 7, 2 %-ды құрайды.

Қазақстан Республикасының серіктес елдермен және тауарлар топтары бойынша экспорттың құрылымын келесі суреттер арқылы анық көре аламыз (1- сурет және 2- сурет)

Қытай мен Қазақстан қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан әрі әлемнің басқа да елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады.

Ескертпе -2008ж ҚХР ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде.

1-сурет- Қазақстан Республикасының 2007 жылдың қаңтар-қараша айындағы серіктес елдермен экспорттың құрылымы.

Ескертпе -2008ж ҚХР ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде .

2-сурет-Қазақстан Республикасының 2007жылдың қаңтар-қараша айындағы тауар топтары бойынша экспорттың құрылымы.

Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр. Инвестиция салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлес салмағы басым 61, 2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28% құрайды.

Қазақстан мен Қытай экспортының негiзгi ұстанымдары шикiзаттық тауарлар-асыл емес металдар, минералдық азық-түлiктер, терiлiк шикiзаттар, химиялық және онымен байланысты сала өнiмдерi болып табылады. Қытайдан импортта өңдеудiң терең деңгейiндегi тауарлар артықшылыққа ие - тоқыма, аяқ-киiм, бас киiм, машиналар, жабдықтар, электротехникалық жабдықтар, жер, әуе және су көлiгiнiң құралдары, олардың бөлшектерi және керек-жарақтары, оптикалық, фотографиялық приборлар мен аппараттар, сағаттар, музыкалық аспаптар, асыл емес металдар, пластмасса, каучук және резеңке жбұйымдар (2-кесте) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуы
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуы
Саяси байланыстар
Қытайдың орталық азиядағы сыртқы саясаты
Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы қатынастар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Халықтың тұрмыс деңгейі
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz