«Математикаландыру кезеңі»


Лекция 1. Қарапайым түсініктер. Заттарды және олардың топтарын салыстыру. Кеңістік және уақыт жайлы қарапайым түсініктер
Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда «тура пропорционал» деген тәуелділік бар екендігін көрсетті. Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі.
Күнделікті өмірімізде кездесетін кез-келген істі орындау үшін де математикалық білімімізді қолдануға тура келеді. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде « . . . адамзат өмірі үшін «білімді математикаландыру кезеңі» деп аталатын жаңа кезең басталды.
Міне, осы «математикаландыру кезеңінде» орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын біден-бір пән -математика.
Оқушыларды алғашқы математикалық білім мен іскерлікке оқытудың міндеті - меңгеретін білімдер мен іскерліктегі байланыстарды өз бетімен табу қабілетін дамытудағы қамтамасыз ететіндерінің ішінен ең мәнділерін және қажеттісін бөліп алу.
Заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін ашу, оларды әр түрлі өзара тәуелділікте көрсету үшін оқушыларды бір жалпы заңдылыққа алып келу керек.
Көптеген пәндердің, әсіресе математика пәнінің қазіргі мазмұны бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда жетілдірілген.
Алғашқы математика сабақтарында оқытылып-үйретілетін материалдар заттарды санау, заттарды және олардың топтарын салыстыру, заттардың топтарын «біріктіру» және «бөліп алу» сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау, кеңістік және уақыт туралы түсініктер, қарапайым геометриялық фигуралар жайындағы түсініктер, фигураны «бөліктерге бөлу» мен оны «бөліктерден құрастыру» сияқты практикалық іс-әрекеттер орындау және т. б. бір-біріне байланысты материалдардан ұзындықты өлшеу, кесінді және оны сызу, кесіндінің ұзындығын өлшеу, сантиметр, сызықтар және оның түрлері, нүкте, сәуле, бұрыш, біріктіру және бөліп алу сияқты мәселелердің мән-мағынасын ашуға қажетті материалдарды «Қарапайым түсініктер» деп жалпы тақырыпта қарастырылады.
Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу мен фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден құрастыру мәселелері мазмұндық тұрғыдан алғанда өте ұқсас және жақын, сондай-ақ практикалық іс-әрекетке негізделіп түсіндірілетін өзара тығыз байланысты және табиғи біліктегі түсініктердің қатарына жатады. Нақтылы іс-әрекет үстінде заттарды әртүрлі белгілеріне қарай (түсіне, өлшеміне, пішініне) салыстыру жайындағы қарапайым практикалық дағдылардың нәтижесінде оқушылар «бірдей», «әртүрлі», «пішіндері бірдей», «ұзын-қысқа», «биік-аласа», «өлшемдері бірдей», сондай-ақ «дөңгелек», «үшбұрыш» және т. б сөздерімен танысады.
Заттарды ұзындығына қарай салыстыру, заттың ұзындығын өлшеу, кесіндінің ұзындығын өлшеу және ұзындықтың өлшем бірлігі ретінде сантиметрдің енгізілуі, ұзындықты сантиметрмен өлшеу сияқты мәселелер, қарапайым шама ұзындық және оны өлшеу жайнда түсінік қалыатастыруда заттардың ұзындықтары әртүрлі тәсілмен салыстырылады, ұзындықты өлшеу үшін шартты өлшеуішті анықтаудың қажеттігі негізделіп, ұзындығы 1 см жолақшаны шартты өлшеуіш ретінде алынатыны айтылады және соның көмегімен заттың ұзындығын, соның ішінде кесіндінің ұзындығын өлшеу үдерісінің ерекшелігі тағайындалады.
Геометриялық фигуралардың 1-сыныпта біршама кеңейтіліп берілу себебі пәнішіндік, мұқтаждықтан және қажеттіліктен туындап отыр. Өйткені, олар ілгеріде көрнекілік ретінде жиі қолданылады, сондай-ақ дамытушылық сипаттағы жаттығулар мен тапсырмаларды орындауда тірек білім болып табылады, ал олардың ішіндегі шығармашылықпен байланыстылары, көбінесе, геометрияолық фигураларды бөліктерге бөлу мен бөліктерді құрастыруды көздейді. Соның нәтижесінде оқушыларға геометриялық фигураларды танып-білуді және оларды бір-бірінен ажыратуды үйрету болып табылады.
Күнделікті сабақ барысында өте жиі қолдануға тура келетін кеңістік туралы әралуан түсініктермен танысу. Соның нәтижесінде заттардың кеңістіктегі орналасу қалпын сөзбен (жоғары, төмен, сол жақ, оң жақ, арасында, жанында, қатар, үстінде, астында, ішінде және т. б. ) білдірудіңі үлгілері көрсетіледі және сәйкес сөздерге қарай іс-әрекеттер жасауға жаттығу жұмыстарын жүргізу. Ал осылармен тығыз байланыстымәселе -уақыт аралығы жайлы түсінік беру. Соның нәтижесінде құбылыстың өту ретін білдіретін немесе сөз тіркестерінің (бұрын, кейін, алдыиен, сонан соң, содан кейін, түсте, кешке, күндіз және т. б) мағынасын түсіндіре отырып, сәйкес практикалық іс-әрекеттерге машықтандырудың арқасында, кеңістік және уақыт аралығы жайлы түсінік қалыптастыру енгізілуімен қатар, баланың ой-өрісін, қиялын және т. б. қырларын дамыта түсуге себепші болатындай да математиканы оқытып-үйретудің нәтижесі. Сондықтан осы екі мақсатта қолдануға үнемі көңіл бөлінуі қажет
«Қарапайым түсініктер» негізінен оқулықта берілген жаттығулар арқылы қалыптастырылады. Ал сол түсініктердің практикалық сипаттағы қырларын таңдау арнайы математика дәптерлеріндегі тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мәселен, әр сабақ сайын сурет салу, суретті әртүрлі әшекейлерді безендіру сияқты тапсырмаларды орындау көзделеді. Соның барысында бала саусақтарының кішкене бұлшық еттері дамиды. Қорытынды нәтиже -ілгеріде цифрларды, амалдарды және қатынастардың таңбаларын жазуға оқушыларды біртіндеп дайындайды.
Лекция 2. Нумерациялық ұғымдар: сан және цифр. 10 көлеміндегі сандар. Екі, үш және көп таңбалы сандар
Сан ұғымы математикадағы ең негізгі бастама ұғымдардың қатарына жатады. Бастауыш буынында 0 саны және натурал сандар оқытылады. Олар жайында қарапайым түсінік қалыптастырылады. Жалпы алғанда, сан ұғымының мән-мазмұны тек қана нақты мысалдар арқылы жеке көрнекілікке сүйеніп ашылады. “Сан” термині жаңа математикалық сөз ретінде енгізіледі. Бірақ та сан шығу үшін заттарды немесе нәрселерді санаудың қажеттігі аңғартылады.
Осыған орай заттар мен сандарды сәйкестендіруге байланысты әр алуан жаттығулар қарастырылады. Мысалы, оқушылар қолдарына бір санау шыбығын, екі дөңгелекті, үш бұрышты, төрт квадратты алады да санау аралық сәйкес заттардың 1, 2, 3, 4 сандармен өрнектелетінін байқайды. Ол енді заттардың басқа тобын алып та осындай сандарды шығарып алуға болатындығы көрсетіледі. Демек, оқушылардың сан туралы игеретін түсініктері сандардың -заттарды немесе нәрселерді санаудың нәтижесін көрсететіндігі болып табылады. Осы денгей бастауыш буын шәкірттері үшін жеткілікті деп есептейді.
Цифрды оқушылар көреді және жазады. Жалпы алғанда сандарды атау және цифрларды жазу қатар жүргізіледі. «Цифр» термині арабтың сифр аудармасы нөл немесе сөзбе-сөз аударсақ, бос орын деген сөзінен шыққан.
Цифр дегеніміз-сандарды белгілеу үшін алынған шартты таңбалар.
Сан дегеніміз-математиканың негізгі ұғымдарының бірі. Адамзат дамуының тарихына қарасақ, адамның күнделікті өмірдегі қажеттіліктері негізінде алдымен сан одан соң оның белгіленуі - цифр пайда болды.
ХХ ғасырдың ұлы математиктерінің бірі Н. Н. Лузин «Сан пайда болды, ал санмен бірге Математика да пайда болды. Сан идеясынан -ең ұлы
Оқытылып-үйретілген сан ең алдымен баспа цифрмен белгіленеді және қалталы ұяшықтағы нәрселердің сәйкес жиынының тұсына қойылады. Мәселен, мұғалім 3 квадрат, 3 орындық, 3 адам дейді де, 3 саны арнайы таңбамен, яғни цифрмен белгіленетінін хабарлайды, сол цифрды көрсетеді. Ал оқушылар цифрды өз кассаларынан тауып алып, қарап шығады да, таныс цифрларға қосып қояды. Осыны бекіту үшін сан және цифр арасындағы сәйкестікті тағайындауға арналған жаттығулар енгізіледі, яғни үш цифры қандай санды білдіретінін таяқшаларды пайдаланып көрсетіңдер. Қандай да бір үш санды цифрмен таңбалаңдар. Әрі қарай жазбаша цифрлармен таныстыра отырып, мұғалім оның жазылу үлгісін тақтаға жазып көрсетеді.
Ал цифрды жазуға машықтану дәптерде орындалатын жұмыс барысында жүзеге асырылады. Мұнда, әсіресе цифрларды жазуға қажетті арнайы дайындық болып табылатын бір математика дәптеріндегі беріліп отырған жұмыс жүйесін өз кезінде тиімді пайдалануға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Сонда ғана оқушылар цифрды жазуға біршама бейімделеді, өйткені олар ұзақ уақыт дәптердегі суреттерді бояп, өрнектермен әшеклейді жасайды, цифрдың элементтерін жазуға үйренеді. Енді цифрды жазуға үйрету жұмысы басталады. Оның нәтижелі болуы үшін мына ұсыныстарды басшылыққа алған жөн:
- Цифрдың жазылу үлгісімен оқушыларды таныстыру, сондай -ақ оның әрбі элементін саусақтың қимылымен көрсету дұры ;
- Оқушы сол көрсетілген қимылды қайталап, цифрды мұғалімнің көрсеткен үлгісіне орай, ауада жазып көрсету тиіс;
- Мұғалім цифрды тақтаға жазып көрсетеді /қозғалыстың қайдан басталатыны, қандай бағытта жалғасатыны, дәптерден қаламның ажырауы немесе ажырамауы, әрбір элементтің контуры т. б. /, ал оқушылар қолдарындағы кеспе цифрдың үлгісінде, оның жазылуын саусағымен көрсетіп беру тиіс;
- Дәптерде берілген цифр үлгісін қаламмен бастырып, оны жазуға бейімдеу жөн;
- Дәптерде арнайы көрсетілген жолдарға цифрды жазу арқыла машықтану керек
6. Дәптердегі арнайы тапсырмаларды /жекелеген цифрларды немесе мысалдарды / орындау арқылы цифрды жазуға дағдыландыру керек . Натурал қатарындағы тізбектес сандарды салыстыру ең алдымен жиындарды салыстыруға негізделіп орындалады және мұнда көрнекілікке сүйеніп, бірінші кезекте оқушыларға сол жақта бір және оң жаққа бір үшбұрыштың суретін салып, сонан соң сол жаққа тағы да бір үшбұрыштың суретін салу ұсынылады. Суреттердің астына сәйкес цифрлар жазылады . Сонан кейін 2 саны 1 саннан артық, ал 1 саны 2 санынан кем екенін тағайындайды. Сондай- ақ, екі бірдей үлкен сан, ал бір екіден кіші сан екендігі де айтылады.
Көп таңбалы сандардың ондық құрамын меңгерту. Көптаңбалы сандарың ондықтарының, жүздіктерінің, мыңдықтарының саны таба білу білігін қалыптастыру ;
Көп таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету ;
Цифрлардың орындық мәнін бекіту ;
Сандардың натурал қатары жөніндегі білімдерін жинақтау;
Дерексіз және атаулы сандарды түрлендіре білу білігін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Оқушыларға үйретілетін жаңа түсініктері : “класс”4, 5, 6 таңбалы сандар / 4-інші разрядтың, 5 разрядтың бірлігі, 6 рязрядтың бірлігі / бірлік мың, ондық мың, жүздік мың және т. б. болып табылады. Қолданылатын енгізгі көрнекілік қатарына: кластар таблицасы кеспе цифрлары, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, есеп шот, санды талдау схемасы жазылған плакат және т. б . жатады.
Тақырыпты оқып үйренуге дайындық кезінде оқушылардың өздері не белгілі рязрядтың білліктерінің қатысы, үш таңбалы сандардың ондық құрамы, 1000 көлеміндегі натурал сандар тізбегі үш таңбалы сандарды жазу принциптері жайындағы алған білімдерін бекіту қажет.
Лекция 3. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Арифметикалық амалдардың дербес жағдайлары.
Математиканың бастауыш курсында натурал сандар қатар жөнінен нөлмен тығыз байланысты қарастырылатын өзекті мәселені бірі арифметикалық амалдар. Сандарды қосу, азайту, көбейту, және бөлу- арифметикалық амалдар болып табылады. Оларды белгілеу үшін “+” (плюс), “-”(минус), “. ”(көбейту), ) “:”(бөлу сияқты арнайы таңбалар пайдаланылады.
Әр бір арифмеьтикалық амал, басқа да математикалық ұғымдар сияқты жиындарға қолданылатын амалдарды орындау прооцесінде нақтылы негізге сүйене айқындалады. Сонда:
қосу - ортақ элементтері жоқ жиындарды біріктіру;
азайту - жиынның бір бөлігін /ішкі жиынды/ айырып алу;
көбейту - элементтерінің саны бірдей жиындарды біріктіру;
бөлу - жиынды саны бірдей қиылыспайтын жиындарға айыру ретінде анықталуы мүмкін.
Бұл оқушылардың тәжірибесі негізінде қалыптасқан білімнің көрнекі негізін салуға мүмкіндік береді. Сондықтан да қосу амалын оқып - үйрену заттардың әр түрлі топтарын біріктірумен, ал азайту заттардың тобынан қандай бір белгісіне қарай біраз заттарды алып кетумен байланысты орындалатын практикалық жұмыс болып табылады. Сонда заттардың тобымен жүргізілетін нақты іс - әрекеттермен санау қарбалас жүргізіледі. Мұндай жаттығуларды орындау оқушылардың қосу және азайту амалдарын оқып үйренуге дайындайды, яғни олардың мән - мағынасын ашуға негіз қалайды да, әрі қарай қарапайым мәтінді жай есептерді шығару барысында жалғасады.
Бастауыш ксыныптарда көбейту - қосу арқылы, ал бөлу - азайту арқылы анықталады және олардың да мән - мағынасы қарапайым мәтінді жай есептер арқылы ашылады.
Сондай көбейту амалы түсінігін практикалық іс - әрекетке сүйеніп элементтері бірдей топтарды біріктіру, яғни қосу амалы арқылы жүзеге асырылады. Ал бөлу жайындағы түсінік заттардың тобымен жүргізілетін практикалық екі іс -әрекетке: тең бөліктерге бөлуге, тиісінше бөлуге сүйеніп қалыптастырылады. Амалдардың әр қайсысының мағынасын түсіндірейік.
Екі ыдыстың бірінде 4 алма, ал екіншісінде 2 алма бар. Әр ыдыста қанша алма барын санау арқылы анықтауға болады. Екі ыдыста барлығы неше алма барын білу үшін екі ыдыстағы алмаларды біріктіру керек. Демек, 4 алма және тағы 2 алма, барлығы 6 алма болды. Олай болса, 4 және 2 сандары бойынша үшінші санды таптық, яғни 4-ке 2-ні қосқанда 6 шықты (4+2=6) . Мұндағы қосылатын сандар (4 және 2) қосылғыштар деп, ал қосудың нәтижесі қосындының мәні деп аталады.
Егер екі ыдыстың бірі бос болса, ондағы алмалардың саны 0-ге тең, ал екіншісінде 4 алма бар болса, онда екі ыдыста барлығы 0+4=4 немесе 4+0=4 алма болады. Сонымен қосылғыштардың біреуі нөлге тең болса, онда қосындының мәні екінші қосылғышқа тең. Ал қосылғыштар 0-ден өзгеше болса, онда екі натурл санның қосындысының мәні қосылғыштардың әрқайсысынан үлкен болады.
Мысылы: Бір қорапта 6 қарындаш, ал екіншісінде 12 қарындаш бар. Екі қорапта барлығы қанша қарындаш бар? Сұраққа жауап беру үшін қандай амалды орындау керектігін түсіндіреміз.
Азайту амалы қосу амалына кері амал болып табылады. Ыдыста 6 алма бар еді. Оның екеуін алып, ыдыста қанша алма қалғанын санап, 4 алма қалғанын көреміз. Демек, 6 және 2 сандары бойынша үшінші санды таптық, яғни 6-дан 2-ні азайтқанда 4 шықты: 6-5=4.
Әр түрлі есептерді шешу оқушыларды арифметикалық амалдардың мәнін түсінуге, сандарға қолданылған ол амалдарда амалдардың жиындармен жасайтын көптеген практикалық іс-әрекеті жинақталады. Ол қосу, азайту, болады, қалады, тең т. б. сияқты жинақталған ұғымдарда бейнеленген, мұнда сандардың өздері жиындармен қуаттылығының көрсеткіштері болып табылады. Осы математикалық терминдердің бәрін ұғып алу оқушылардың ақыл-ойын эмперикалық практикалық тамалдарға жинақтауға дейін жеткізеді.
Қосындының мәнін де оқушылар бірден ұғынып алмайды. Ең алғаш ол жиындарды практика жүзінде біріктіру ретінде түсіндіріледі. Алайда қосындыны -ол тек сандарды ойша қосу ғана . Сондықтан әр түрлі жиындарды біртұтас жиын етіп біріктіру жөнінен, жиынның дұрыс бөлігін бөліп алу т. с. с. жөнінен алдын ала істелетін жұмыстың оқушыларды арифметикалық амалдарды ұғып алуға дайындауда елеулі мәні бар.
Оқушыларды есептермен, арифметикалық амалдармен және шешу тәсілдерімен таныстыру үшін ең алдымен есептер қандай сан мағлұматарыға негізделуі тиіс екенін анықтап алу қажет.
Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттерімен таныстыру жұмысының нәтижесінде, яғни оқушылар жиындарға амалдар қолданғанда, сондай-ақ еғсептерді шығару барысында жүзеге асырылады. Қосу амалы заттардың екі тобын біріктіру, ал азайту амалы- топтан бірнеше заттарды бөліп алу ретінде қарастырылады.
Лекция 4. Есептеу тәсілдері. Ауызша есептеу тәсілдерінің ерекшеліктері және олардың түрлері. Ауызша және жазбаша есептеу тәсілдері
Математика бағдарламасында мұғалімнен оқушыларда ауызша және жазбаша есептеулердің берік дағдысын қалыптастыруын талап етеді.
Ауызша және жазбаша есептеулер әдісі нумерация, арифметикалық амалдар қасиеттері, амалдар нәтижелері мен компоненттері арасындағы байланыстар туралы білімге, сондай - ақ компонентердің біреуінің өзгеруінен амалдар нәтижелерінің өзгеретіндігі туралы білімге негізделген. Бірақ ауызша және жазбаша есептеу әдістері арасында елеулі айырмашылықтар да бар:
- Ауызша есептеулер жоғарғы разрядтың бірлігінен бастап орындалады.
- Ауызша есептеулерде аралық нәтижелер есте сақталады.
- Пар сандармен жүргізілетін ауызша есептеулер әдісі мысалдың ерекшелігіне және қолданатын қасиетке байланысты әр түрлі болуы мүмкін, ал жазбаша есептеулер әрбір арифметикалық амал үшін қабылданған дәл алынған ереже бойынша орындалады.
- Ауызша есептеулерде есептің шешуі жолға, ал жазбаша есептеулерде бағанға жазылады.
- Ауызша есептеулер әдетте екі таңбалы сандарға жзүргізіледі, ал жазбаша есептеулер - ауызша есептеулер - ауызша есептеу қиын болған жағдайда ғана көп таңбалы сандарға жүргізіледі.
Бастауыш кластарда ауызша есептеу дағдыларын қалыпдастыру бойынша орындалатын жұмыс ерекше орын алады, өйткені бастауыш кластв үш жыл бойы оқығанда оқушылар ауызша есептеу әдістерін саналы түрде игеріп қана қоймай, сонымен қатар берік есептеу дағдыларын ие болуы тиіс. Ауызша есептеу дағдыларын меңгерудің білім берерлік, тәрбиелік және практикалық үлкен мәні бар. Олар арифметикалық амалдар теориясының көплеген мәселелерін игеруге көмектеседі. Ауызша есептеулер жазбаша есептеу әдістерін жақсы игеруге көмектеседі, өйткені жазбаша есептеулер ауызша есептеулердің элементтерін қамтиды. Олардың практикалық мәні - есептеудің тездігі мен дұрыстығы мен әсіресе амалдарды жазбаша орындау мүмкін болмайтын жағдайларда, өмірде қажеттігі, мысал : станок жанында әр түрлі текникалық есептеулер жүргізгенде, егістікте бір затты сатып алғанда немесе сатқанда. т. с. с. Ауызша есептеулер оқушылардың ойлауының дамуына, олардың зеректігінің, математикалық көрегендігінің және байқағыштығының дамуына көмектеседі.
Ауызша санауға арналған сабақтар ұйымдастыру
Ауызша есептеу дағдылары үнемі жетілдіріп отыру үшін есептеудің ауызша және жазбаша әдістерін қолданудың дұрыс қатысын тағйындау қажет, атап айтқанда, тек ауызша есептеу қиын болған жағдайда ғана жазбаша есептеу керек.
Ауызша есептеулерде жаттығулар бүкіл сабақ бойында жүргізілуі тиіс. Оларды үй тапсырмаларын тексерумен, оқып үйренілген материалды пысықтаумен қосып қарастыруға болады.
Осымен қатар мұғалімдердің пратикасында мынадай жақсы дәстүр қалыптасқан: әрбір сабақта ауызша есептеулерге 5 - 7 мин арнайы уақыт бөліп, былайша айтқанда ауызша санау жүргізіледі. Сабақтың осы кезеңі үшін мұғалім материалды оқулықтан, сондай - ақ ауызша есептер мен жаттығулар сабақтың тақырыбы мен мақсатына сәйкес келуі және ос ысабақта оқылып отырған немесе бұрын өтілген материалды игеруге көмектесуі тиіс. Осыған байланысты мұғалім сабақтағы ауызша жаттығулар бұрын өтілген материалды оқып үйренуге дейін өткізген жөн. Егер ауызша жаттығулардың мақсаты осы сабақта оқылғанды пысықтау болса, онда жаңа материалды оқығаннан кейін ғана ауызша санауды жүргізу керек болады. Оны сабақтың соңында жүргізуге болмайды, себебі ол кезде бабалар әбден шаршгайды, ол ауызша санау үлкен зейін қоюды, есті, ойлауды қажет етеді. жаттығулардың саны оқушылар тым шаршамайтындай, сабақтың оған бөлінген уақытынан артып кетпейтіндей болуы тиіс.
Ауызша саналуға арналған тапсырмаларды оқушыларға ұсынғанда, олар ол тапсырмаларды не көшру арқылы, не есту арқылы немесе әрі көру арқылы, әрі есту арқылы қабылдайтындай болуы ескеріледі.
Бірінші жағдайда жаттығулар тақтаға жазылады немесе плакат түрінде жабдықталады, таблицаға жазылады. Оқушылар тапсырманы көру арқылы қабылдайды. Тапсырманы тақтаға жазып көрсету есептеуді жеңілдетеді. Кейде жазбайынша тапсырманы орындау қиын, тіпті мүмкін емес. Мысалы, құрама атаулы сандармен амалдар орындау керек, таблицаны толтыру немесе өрнектерді салыстырғанда амалдарды орындау керек болсын. т. с. с. Осы мақсаттарда есеп шотты пайдалануға болады.
Кейбір жағдайларда көру арқылы және есту арқылы қабылдауға арналған тапсырмаларды ұсыгнған пайдалы:жаттығуды мұғалім немесе оқушы оқығаннан басқа ол тақтаға немесе дәптерге жазылады.
Тапсырманы есту арқылы қабылдағанда мұғалім немесе оқушылардың біреуі оны дауыстап оқиды, ал барлық қалған оқушылар оны таңдайды. Мұнда адамның есне салмақ көп түседі, сондықтан оқушылар тез шаршап қалады. Алайда мұндай жаттығулар өте пайдалы: толар есту есін дамытады. Тапсырманың үш түрін кезектестіріп тұру ұсынылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz