Қақақ прозасындағы сал-серілер образы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті

Әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасы

Диплом жұмысы

Қақақ прозасындағы сал-серілер образы

Орындаған:

4-курс

Студенті С. Сейдикенова

Ғылымы жетекшісі:

Доцент С. Қалқабаева

Норма бақылаушы:

Доцент Ж. Мәмбетов

Қорғауға жіберілді:

" " 2010ж.

Әдебиет теориясы және

фольклористика кафедрасының

меңгерушісі,

профессор Б. Майтанов

Алматы 2010

Реферат

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Қазақ прозасындағы сал-серілер образы

Дипломдық жұмыстың көлемі:

Пайдаланған әдебиеттер саны:

Тірек сөздер: Өмір шындығы және көркем шындық, көркемдік шешім, көркемдік жинақтау, характер, пейзаж, диалог, монолог, көркемдік деталь, тарихи роман, портрет, психологизм, баяндау.

Жұмыстың құрылымы:

Кіріспе мен үш тараудан тұрады.

I тарау. Сал-серілері жайындағы қазақ романдары.

II тарау. Сәкен Жүнісовтің "Ақан сері" дилогиясындағы Ақан образы.

III тарау. Зейін Ақышевтің "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы.

Қорытынды.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының негізгі мақсаты - қазақ прозасындағы сал-серілер образына тоқталу. Жазушылардың сал-серілер бейнесін өз шығармаларында қалай суреттеді, қандай негізге сүйеніп жасады. Сал-серілер образын жасаудағы суреткер шеберлігін сөз ету.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бірінші тарауда жалпы қазақ прозасындағы өнер адамдары туралы жазылған тарихи романдар жайында жалпы сипаттама беру.

Екінші тарауда "Ақан сері" романы, ондағы автор идеясы, басты кейіпкер - Ақан сері образын жасаудағы жазушы шеберлігі, характер жасау тәсілдері, ақынның жан дүниесін берудегі психологизмге бару жолдары, ақын туындыларының туу сәттері суреттеледі.

Үшінші тарауда алғыңғы қарастырылатын жайлар "Жаяу Мұса" романынан қарастырылады. Романда тарихи шындық, заман шындығы қалай көркемдік шешім тапқан, Жаяу Мұса өнер адамы ретінде қалай бейнеленгені сияқты мәселелер қамтылады.

Жұмыста қолданылған әдістер: Жұмыcта зерттеудің әдіс-тәсілдерінің бірнеше түрлері пайданылды. Олардың негізгілері - дәстүрлі сипаттама әдісі, тарихи-салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдістері.

Глоcсарий

Сал-сері - ақын композитор, әнші болуының үстіне артистік, бишілік, фокусшылдық қасиеттерді бойына жиған жан-жақты өнерпаздар болған. Серілер таза, әдемі киіну, кербез, кербездіәк мінезімне өз ортасынан өң бойы озық тұрады, олар жомарттық, сопылық, білімдарлық қасиеттерін айналасына өнеге етіп шашатыны, тек өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық, саятшылықпен айналысатын болған.

Жырау - өз жанынан өлең-жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.

Көркемдік жинақтау дегеннің өзі - әдеби тип жасау әрекеті. Жинақтау үшін суреткерге бәрінен бұрын талғампаздық керек. Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң-иірімдерін ғана смес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланады.

Авторлық идея - суреткердің о бастағы ой өзегі, объективтік идея нақты шығарманы туатын мақсатының нәтижесі.

Бір шығармадағы бірнеше және алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз.

Көркемдік шешім - шығарманың сюжетінде де шешуші кезеңнің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарағн "үкімі", адамдардың арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлардың тартысынан туған нақты нәтиже; Оқиғаға қатысушының ең ақырғы хал күйі; күллі құбылыс - көріністердің сахнасы.

Шарықтау шегі - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арсындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.

Көркемдік шындық - өмір шындығының жазушының ой иелегінен, творчестволық керегінен өтіп, қорытылып, әдеби шығармадағы баяндалудан, көркем суретке айналған қалып.

Монолог- драмалық шығармадағы, сондай-ақ басқа әдеби шығармалардағы кейіпкердің ішкі көңіл-күйін білдіретін толғау сөзі; кейіпкерді сөйлету тәсілі.

Портрет - сөз өнеріндегі портрет бір қалыпта қатып тұрып қалатын, өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

I тарау Сал-серілер жайындағы қазақ романдары . . .

II тарау Сәкен Жүнісов "Ақан сері"дилогиясындағы Ақан образы . . .

III тарау Зейін Ақышев "Жаяу Мұса" романындағы Жаяу Мұса образы . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі . Прозалық шығарма адамның ішкі дүниесінің сыртқы себептерімен, жалпы ақиқат шындықтың тарихи шындықпен үйлесіп, автордың алуан-алуан оқиғаларды қиыстыруы болып келеді. Автор өмір шындығы мен тарихы шындықты өз ойымен жалғастыра отырып көркем шығарма жазады. Жазушының көңіл-күйі әрқашан өзі өмір сүрген қоғамдық ортаның хал-жағдайына байланысты, өзін қоршаған шындықтың саяси-әлеуметтік сырымен сабақтас. Ол қуана шалқыса да, жабырқай толғанса да өзі жасаған кейіпкерімен бірге өмір жасайды. Кейіпкер өмірімен автордың ішкі жан дүниесі бірігіп, астасып отырады. Проза жанрынында көркемдік шындық, көркемдік жинақтау, көркемдік тәсіл, көркемдік шешім кеңінен қолданылады. Жазушының шеберлігіне байланысты көптеген әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Көп жағдайда сюжетті өз дәуірінен, нақтылы шығармалардағы көркемдік шешімнен бөліп алып, жеке қарастыру ұтымды бола бермейді. Шығармалар көбінесе өмірдің өзінен туады, оларды халықтардың тұрмысындағы жағдайлардың әдебиеттегі көрінісі деу лайық.

Проза жанрынында көбінесе белгілі кейіпкердің өмірі, өмір сүрген ортасы мен қоғамдық қайшылықтар суреттеледі. Әр халық әдебиетінде бұрыннан келе жатқан, бір әдебиеттен екінші әдебиетке, дәуірден дәуірге көшіп жүрген сюжеттер бар. Осындай сюжеттер тарихи романдарда да қолданылады. Тарихи романдар сюжеті тарих шындығы мен жазушы ойының ұштасып, көркемдік шешім табылады.

Қазақ әдебиетінде өнер адамдары туралы жазылған көптеген тарихи шығармалар бар. Тарихи шығармалар жазу барысында тарихтан көп ауытқымай, көркем сөзбен өрнектей отырып, өнер адамының өмір сүрген заманын шынайы етіп оқырманына жеткізу білу керек. Өнер адамдары жайындағы аңыз-әңгімелерге сүйене отырып, өнер адамдарының жан-жақты қырларын ашып беру керек. Өнер адамдары ішіндегі сал-серілердің ғұмырнамалық тарихын жазу барысында, олардың өмір сүру салттарын кеңінен қарастырады. Тарихи кейіпкерлер кейде жеке дара ашылып, бертін келе автордың өзіндік суреткерлік шеберлігімен, дүниетанымымен, көркемдік шығарма құрылымымен ұштастырылып қарала бастады.

Сал-серілер образын жасағанда тарих пен көркем әдебиетті ұштастыра отырып терең бойлау қажет. Олардың бейнесін толықтай ашу аясында авторлық шеберлік пен авторлық баяндау үлкен рол атқарады.

Шығармада сал-серілер жан дүниесін табиғат аясымен өрнектей отырып, олардың әншілік, сазгерлік, саятшылық, мергендік қасиеттерін ашқан жөн. Сал-серілердің ішкі дүниесі табиғат пен басқада тіршілік иелерімен сабақтасып, астасып жатады. Табиғат тілін ұғатын қазақ сал-серілері жан дүниелері нәзік болып келеді.

Зерттеу нысаны. Қазақ прозасындағы қазақтың сал-серілері туралы жазылған шығармаларға тоқталу. XX ғасыр мен XIX ғасырдың басында өмір сүрген, қазақ даласын өнерімен тамсандырған сал-серілер өмірі, олар өмір сүрген заман жайлы қалам тартқан С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» романы, С. Жүнісовтің «Ақан сері» дилогиясы, З. Ақышев, Ә. Әбішевтің «Найзағай» романы, Т. Әлімқұловтың «Көк қаршыға», т. б. жазушылар туындыларындағы сал-серілер образын жасаудағы шеберліктеріне кеңінен тоқталып өту. Олардың сал-серілер туралы тарихи романдар жазудағы басты мақсаттары мен идеяларын, образ жасаудағы амал-тәсілдерінің сипаты мен сыры кеңінен сөз болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының басты мақсаты - қазақ жазушылары туындыларындағы сал-сері образдарының әр түрлі қырларын, сыр сипатын анықтау.

Осы мақсатқа орай мынадай міндеттердің шешімін табу көзделеді:

- XIX ғасыр мен XX ғасырда өмір сүрген Ақан сері, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Мәди, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай сынды сал-серілер өмірі жайлы сыр шертетін тарихи роман жазған жазушылар(С. Мұқанов, С. Жүнісов, Ә. Әбішев, З. Ақышев, т. б. ) шығарталарына тоқталу;

- Өнер адамдары жайындағы тарихи шығармалардың әдебиет ғылымында зертелуі жайынан сөз қозғау.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. Бітіру жұмысын жазу барысында С. Мұқанов, С. Жүнісов, Ә. Әбішев, З. Ақышев, т. б. тарихи романдары, Ә. Марғұлан, С. Қирабаев, З. Қабдолов, Т. Рахымжанов, Қ:Әбдезұлы, т. б. сыншы ғалымдардың ғылыми еңбектері, монографиялар мен мақалалары қолданылды.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіс-тәсілдердің бірнеше түрі пайдаланылды. Олардың негізгілері - дәстүрлі сипаттама әдісі, тарихи салыстырмалы, теориялық, типологиялық салыстыру әдістері.

Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдары мен тұжырымдары жоғары оқу орындарында әдебиет теориясы, қазақ әдебиетінің тарихы пәндерінен дәріс оқуда септігін тигізеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытынды мен пайданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қазақ сал -серілері жайындағы қазақ романдары.

Қазақ қашанда өнерге ерекше мән берген, өнер десе ішкен асын жерге қойған халық. Өнер адамдарына ерекше құрмет көрсетіп, ерекше ілтипат көрсеткен. Соның дәлелі ретінде өнер адамдары туралы көптеген аңыз-әңгімелер халық арасында тараған. Сол әңгімелерді жинақтай отырып, өнер адамдары туралы көптеген ақын, жазушылар тарихи шығармалар жазды. Өнер адамы өмірі мен өмір сүрген дәуірін көркем суреттеу оңай жұмыс емес. Қиындығына қарамай көптеген қазақ жазушылары тәуекелдерге барды. Бірақ тәуекелге бел буған жазушыларымыз өз дегендеріне жетті. Мәселен, Мұхтар Әуезовті әлемге танытқан "Абай жолы" роман-эпопеясы Абай образын кең эпикалық көлемде сомдаған алғашқы үлгі көрсеткіші болды. М. Әуезов эпопея арқылы Абайды әлемге танытса, Абайды оқи отыра Мұхтар Әуезовты әлем таныды. М. Әуезов халық арасынан шыққан Абай бейнесін, Абай тұлғасын жан-жақты аша білді. Жарты ғасыр уақытты қамтитын бұл шығарма ақын өмірі мен ақын өмір сүрген заманның ащы шындығын толық бейнелей алды. Абай ұлылығын ұлықтаған ұлы шығарма болды. Ал Сәбит Мұқановтың "Аққан жұлдыз" еңбегін де қазақтың сөнбес жұлдызы Шоқанды бізге барлық қырынан көрсете білді. Шоқан бейнесі бұл романда жоғарыдан, биіктен көрінді. Шоқанның баға жетпес қасиеттері, қазақ халқы үшін жанын беруге даяр жас жігіт өмірі толық қамтылады. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірін Д. Әбілов "Ақын арманы" шығармасында көркем әрі шынайы етіп керемет суреттеген. Автор тарихи шындықты көркем пайдалана отырып, ақын бейнесін, портретін айқын көрсете білді. Р. Бердібаев романдағы: "1965 жылы "Жазушы" баспасынан шыққан Д. Әбіловтің "Ақын арманы" романы ақындық, азаматтық, қайраткерлік тұлғасының қалыптасу жолдарын, күрес хикаяларын көрсетуге арналған.

Романда Сұлтанмахмұттың тұлғасын ашатын жүйелі сюжеттік желі тартқан. Әр түрлі іс-әрекеттер кезінде Сұлтанмахмұттың жанды бейнесі айқындала түседі.

Бірде махаббат сезіміне құлай берілген, өмірге құштар жан ретінде көрсек, екінші бір жерде елінің ауыр халін жеңілдету үшін білім, жол іздеген асыл арман адамы деп танимыз. "( 2, 290 б. ) - деп автордың ақын бейнесін ашудағы еңбегін жоғары бағалады.

С. Бақбергеновтің "Қайран шешем" туындысында атақты күйшілер Құрманғазы мен Дина образын жасауда өмір шындығы мен көркем шындықты қатар ала отырып, асқан шеберлікпен сипаттаған. Ал, Т. Әлімқұлов "Сейтек сарыны" мен "Телқоңыр" әңгімелерінде күйшілер бейнесін өнер мен өмірді байланыстырып, бізге тамаша жеткізе білген. Өшпес із қалдырған осынау ұлы тұлғаларымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу жолын көптеген ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз талмай еңбек етті. Аталған жазушылар тарихи шындықты көркемдік шындыққа айналдыру барысында аянбай тер төккендері көрініп тұр.

Сонымен қатар, қазақ халқы өнер адамдарының ішінде сал-серілерді де ерекше құрмет тұтып, қасиеттеген. Қазақ халқының бай әдебиетінің, қызықты да, қыры мен сыры мол саласы - сал-сері өнері. Оның астарына үңіліп, тереңдеп зерттесек, сан өнерді тоғыстырған құрама - синкреттілігін аңғару қиын емес. Қазақтың сал-серісінің бойында сан алуан өнер түрлері табылады, оның алдымен ақын, композитор, әнші болуының үстіне жыршылық, циркаштық, акробаттық, қуақылық, артистік өнерді де ұстауы өнердің синкреттілік сипатына тән. Тіліміздегі серілік деген сөздің "сегіз қырлы, бір сырлы" деген фразалық тіркеспен синонимдік мағынада жұмсалуы да сондықтан.

Сал-серілік дәстүр, әр алуан өнер ортасынан оқшау тұратын өнер адамдарының ел мен жерге деген кіршіксіз сүйіспеншілігінен, ұлтық болмыс-бітімінен, мейлінше сөздік қоры бай қазақ тілінің көркемдігінен бастау алып, "сал" мен "сері" типтерінің пайда болуына негіз болса керек. Адам мен қоғам арасындағы тарихи сабақтастық өткен дәуірден сыр шертеді, адам баласының сана-сезімінің жаңаруына ықпал етеді. Сал-серілерге тән ұлттық сипат уақыт пен кеңістік аясында әрқилы дамып, қоғамның ілгері дамуында дара тұлғалардың ұлттық болмысын жан-жақты көрсетіп, ұлт өкілі ретінде халықтың ортасынан табылады. Серілер заман ағымымен, әр алуан тағдырымен сыр шертеді.

Сал-серілер өнері біздің дәуірімізге синкреттілік-драмалық, артистік болмысын, кейбіреуі музыкалық қуатынан айырылып құр текст түрінде ғана жетіп отыр. Біздің қолымыздағы ескі көз қарттардың естеліктері мен кейбір қолжазбадағы деректер ғана. Осы тамтұм деректерге сүйене отырып сал-серілік өнердің сан-қилы сипатына тоқталамыз.

Сал-серілердің ойындары үлкен жиын, ас-тойларда халықтың көңілін көтерген. Олардың топтасып жүруі, ауыл-ауылды аралаған сәтте тұтас ансамбльдің, театрдың орнын атқарғаны белгілі. Олардың құрамында ақын, әнші, мерген, балуан, қуақы түрлі-түрлі өнерпаздар болды. Серілер тобының бірдей ат мінуі, салдардан ерек киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала артистеріндей әсер қалдыратын-ды. Салдың ауыл сыртына келіп құлауы, қыздардың көтеріп алып кетуі белгілі дәрежеде эстетикалық мәні болды, халықтың драма өнерінің ойын-сауықтың бір түрі қызметінде жүрді.

Қазақтың сал-серілер тұлғасы - ғасырлар бойы ұлт мақтанышы болатын, жаратылысынды дарынды, қазақтың өзгеге ұқсамайтын дара болмысын жаһандану үрдісінде жарқырата көрсететін сегіз қырлы, бір сырлы, импровизаторлық, синкретті өмірді дәріптеуші, дарынды өнер иелері. Ұлт әдебиеті қазақтың халықтық музыка мәдениетінде өзіндік орны бар XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Сегіз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Мәди Бәпиұлы, Естай сияқты сал-серілеріміз бар.

Сал-серілер дәстүрді ұстанған, адамдық құндылы бар, танымдық мұраларға бай, жан-жақты өнер иелері - қазақ сахарасының рухани келбеті. Дәл, нақты кезеңі белгісіз, сал-серілер типі ескі дәуірден сақталған.

Академик Әлкей Марғұлан сал-серілікті дәстүр жайында нақты деректер келтірген. "Тарих көзімен қарасақ, серілік ту бастан түрік қағанаты кезінен шыға бастаған. Серілік әдет қылған ойшы кісінің бірі - Иоллық деген кісі. Ол өзі ғажайып аңшы, мерген, атты күтіп ұстайтын бапкер, сонымен қатар ақын, жырау болған дейді. Ағалары Білгі хан мен Күлтегін қайтыс болғанда оларға арнап эпикалық оқиғаларды әдемілеп құрып, тасқа жазып қалдырған. Түрік қағанатының асқарлы биі Тоныкөк терең ойшыл кемеңгер білгіш болған. Өлерінде басына қоятын тасқа атақты жазуды ол өз қолымен жазып қалдырған . . . Қазақ аңыздары бойынша Қорқыт ескі дәуірдегі серіліктің бастаушының бірі. Ол атақты шешен, ел басқарушы, онымен қатар дүлдүл жырау, асқан күйші, бірінші қобыз жасаушы, қазақ музыкасының атасы. Қорқыттың қобызы мен музыкасын өзіне мұрат еткен ұрпақтары - әл-Фараби, Нысан абыз, Қойлыбай, Жанақ ақын тағы басқалар. " (3, 174 б. )

Академик Ә. Марғұлан сонау түрік қағанаты кезінен бастап кейінгі хан, билеріміз, жырауларыз бен жыршы, күйшілерімізді сал-серілер деп қарастырған. Сондай-ақ Ә. Марғұлан сал мен сері типінің өзгешелігі мен ұқсастығын жан-жақты талдап көрсетеді: "Бір айтатын ой, сал мен сері типті емес, екеуі алуан, екі дәстүр өрнектері. Олардың бірінен-бірінің өзгешелігі - тұрмыс көрінісінде, типінде. Ең алдымен сал сері деген сөздер қалай туған? Осыдан бастайық. "Сал" европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін бір алуан адам. Оның бар арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімі мен де артық болу, асып түсу. Ер тоқымның өзі де басқаныкіндей болмай, алтынмен, күміспен өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады. " Ал ғалым Е. Тұрсынов "сал" мен "серінің" кейде қатар айтылатынын, серілер салдардан кейін пайда болғанын богема сарындарын жырлаушы өнер адамдары деген қорытындыға келеді. Ендеше, сал- серілер - музыкалық шығармаларда, ән-күйді қазақ даласында өркендетіп, таратушы өкілдері. Олардың ерекше қасиеті - ақындығы, әншілігі, күйшілігі, елді әнмен сәнге бөлейтін, адам жанына ізгілік нұрын себетін зиялылығы.

Осындай баға жетпес алтын, күмістерімізді қазіргі жастарымызбен кейінгі ұрпақтарымызға қалай дәріптеп келеміз? Ендігі жерде сал серілеріміздің өмірі, тыныс -тіршілігі туралы қандай прозалық шығармаларды білеміз? Соған тоқталып кетсек. Сал-серілердің ұлттық келбеті, болмыс-бітімі - ұлттық менталитеттен . Сал туындайтын қазақ ұлтының даму диалектикасымен тығыз байланысты. Талай ғасырлар бойы қазақ даласын әсем ән мен қоңыр күйге, жырға толтырған дарынды ұлдары, серілік құрған сал-серілері туралы жазылған тарихи сыры мен мәні сақталып, көркем әдебиет заңдылықтарын сақтай отырып сөзбен сурет салған жазушылар шығармаларының көркемдік құрылымын, жазылу тарихын, образды сомдау ерекшеліктерін зерттеу.

Қазақтың сал-серілері туралы әдебиетімізде көптеген шығармалар жазылды. Қазақтың атақты жазушылары С. Жүнісов, Т. Әлімқұлов, С. Мұқанов, З. Ақышев, Ә. Әбішев, т. б. Солардың бірі еліміздің дарынды жазушысы Сәбит Мұқановтың Балуан Шолақ өмірін суреттеген "Балуан Шолақ" романын айтуға болады. Автор Балуанның балалық шағынан бастап басынан өткен қиыншылықтары мен қуаныштарын жете суреттеген.

Профессор З. Қабдоловтың өзі: "С. Мұқановтың бұл шығармасын роман деп алып қарауымызға әбден болады. Бұл жерде бір ғана Балуан образы ғана ашылып қоймай басқа да кейіпкерлердің образдары толық ашылған. Сондықтан бұл шығарманың повесть деуден гөрі, роман деп қараймын. " - деп "Балуан Шолақ" романын жоғары бағалаған.

С. Мұқанов романда Балуанның тарихи адам екенін ескере отырып, тарихтан алыстамай көркем бейнелеген. Балуанның анасы қарулы кісі болады. Балуан "Алып анадан туады" демекші анасына тартқан қарулы болады. Жастайынан-ақ өзімен қатар балалардың арасынан ерекше көзге түсетін аоып денелі болып өседі.

Жазушы Балуанның бейнесін көрсеткенде "Шолақ" атануының себебі қыста далада қалып, саусақтары үсіп қалып содан "Шолақ" атанды дейді. Өзінің өлеңінде:

Атандым Нұрмағамбет-Балуан Шолақ,

Бір қолым үсіп кетті болдым олақ

Сұлу қыз, келіншекке тиышсыздаумын,

Жалғыз-ақ тал бойында мінім сорақ!, -

деп көрсетсе, профессор Ахмет Жұбанов: "Замана бұлбұлдарында" Балуанның саусақтары күйіп қалған деп айтады. Мына өлеңді мысал ғып алады:

Мен Шолақ жас басымнан болдым ояу

Оң қолым отқа күйіп болдым қаяу.

Сонымен қатар, Балуанның өліміне байланысты А. Жұбанов өз еңбегінде: "Балуан Шолақ 1919 жылы төрт -бес күн ауырып, елу бес жасында қайтыс болады. "(6, 102 б. ) - деп береді. Ал романда: "Балуанның жолында биік жақпар тасты кесіп өтетін тар кезең болушы еді. Бұрын осы тастан өткенде ол әлденеге сезіктенетін еді, сондықтан сақтанып, абайлап өтетін еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ прозасындағы сал-серілер образы
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
«Қазақ прозасындағы этно-фольклорлық сарындар сипаты»
Қазақ романдарындағы өнер адамдарының образдық жүйесі
Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау
Қазақ прозасындағы фольклорлық сарындар
Қара шал сондай кейіпкер
Қазақ әдебиетіндегі әнші-ақындар мен күйшілер бейнесі
Мектеп үлкен мектеп
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz