ОРТА ҒАСЫРДА ҚЫТАЙ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ МҰСЫМАН ЕЛДЕРІ МАТЕМАТИКАСЫНА ЫҚПАЛЫ



1 Қытай математикасы
2 Бағдат мектебі
3 Нәсырыддынның кестесі
Жібек жолының бойындағы Қытай мен Азияның батысындағы Ислам елдері адамзат өміріне айырықша үлес қосқаны мәлім. Олардың мәдениет тарихы бір-бірінен айырыла алмайды, кезінде Қытай мәдениеті Ислам елдері мәдениетіне,ал,Ислам елдері мәдениеті қытай мадениетіне ықпал жасап отырған.Қытай мен Азияның батысындағы әр қайсы елдердің бұндай өзара қарым-қатынас сонау Хан патшалығы дәуірінен басталған болатын,Сұң-юуан патшалықтары дәуірінде онан әрі дамиды. Бұл мақалада Қытай математикасының Азияның батысындағы Ислам елдері матема-на қарата ықпалына қатысты алғашқы ізденістерді алға қоймақшымын. Баяндауға қолайлы болу үшін, ең алдымен орта ғасырдағы Ислам елдерінің тарихи жағдайымен осы елдегі матема-ң даму жағдайына қысқаша тоқтала кетейік. Жаңа эраның VІІІ ғасырына келгенде Мұхаммед (570-632) Ислам дінін таратты .Мұхаммед 622-жылдан бастап 10 жыл ішінде бүкіл Арабия түбегін бірлікке келтіріп болды. Кейін келе, бір қолына « Құран » бір тқолына зұлпыхар ұстаған арабтар бір жарым ғасыр шамасында Египетті (Мысыр) Африканың солтүстік жағалауын, Сирианы, пиреней түбегін,солтүстік батыс Үндістанды, орта Азияны және басқа да жерлерді жаулап алды. Сонымен ең жоғары билеуші Халифа болған феодалдық Халифаттың орталығы әуелі Мекке (622-661) болды. Онан соң Ұмия халифаты (661-750) орталығы Дамаски ( шам) , Аппасидтер халифаты (750-1055) орталығы Бағдат болды. Бағдат 762жылы салынып бітеді. Чаң-аньнан Римге созылған «Жібек жолы» міне осы Бағдатты басып өтеді.Бағдат сол кездегі аты әлемге әйгілі сауда қаласы әрі мәдениет орталығы болы. Бағдаттағы саудагерлер арасында Қытай саудагерлері көптеп кезігетін, Персия шығанағының шығыс жақ теңіз лениясында Қатай сауда кемелері негізгі кемелер легін құрайтын еді.
1. «Қытай математика тарихы», Чан бау зұң, Ғылым баспасы, қытайша,
1964-жылғы басылымы.
2. «Дүние математика тарихынан шағын жинақ», Лияң зүң жүй,
қытайша, Лияу ниың халық баспасы, 1981-жылғы басылымы.
3. Чан бау зұң қатарлылар жазған «Сұң-Юан патшалықтары математика
тарйхынан ғылыми мақалалар жинағындағы» Ду шы ранның «Сұң-Юан патшалықтары дәуіріндегі Қытай Ислам мемлекеттеріндегі ара математикадан өзара ауысулар жайлі» мақаласы, Ғылым баспасы, қытайша, 1966-жылғы басылымы.
4. «Сөнбес жұлдыздар» Б.Ысқақов, Алматы 1989-жылғы басылымы.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ОРТА ҒАСЫРДА ҚЫТАЙ МАТЕМАТИКАСЫНЫҢ МҰСЫМАН ЕЛДЕРІ МАТЕМАТИКАСЫНА ЫҚПАЛЫ
7-May, 2008 Орта Азия математикасы 2,521 рет оқылды
Жібек жолының бойындағы Қытай мен Азияның батысындағы Ислам елдері адамзат өміріне айырықша үлес қосқаны мәлім. Олардың мәдениет тарихы бір-бірінен айырыла алмайды, кезінде Қытай мәдениеті Ислам елдері мәдениетіне,ал,Ислам елдері мәдениеті қытай мадениетіне ықпал жасап отырған.Қытай мен Азияның батысындағы әр қайсы елдердің бұндай өзара қарым-қатынас сонау Хан патшалығы дәуірінен басталған болатын,Сұң-юуан патшалықтары дәуірінде онан әрі дамиды. Бұл мақалада Қытай математикасының Азияның батысындағы Ислам елдері матема-на қарата ықпалына қатысты алғашқы ізденістерді алға қоймақшымын. Баяндауға қолайлы болу үшін, ең алдымен орта ғасырдағы Ислам елдерінің тарихи жағдайымен осы елдегі матема-ң даму жағдайына қысқаша тоқтала кетейік. Жаңа эраның VІІІ ғасырына келгенде Мұхаммед (570-632) Ислам дінін таратты .Мұхаммед 622-жылдан бастап 10 жыл ішінде бүкіл Арабия түбегін бірлікке келтіріп болды. Кейін келе, бір қолына Құран бір тқолына зұлпыхар ұстаған арабтар бір жарым ғасыр шамасында Египетті (Мысыр) Африканың солтүстік жағалауын, Сирианы, пиреней түбегін,солтүстік батыс Үндістанды, орта Азияны және басқа да жерлерді жаулап алды. Сонымен ең жоғары билеуші Халифа болған феодалдық Халифаттың орталығы әуелі Мекке (622-661) болды. Онан соң Ұмия халифаты (661-750) орталығы Дамаски ( шам) , Аппасидтер халифаты (750-1055) орталығы Бағдат болды. Бағдат 762жылы салынып бітеді. Чаң-аньнан Римге созылған Жібек жолы міне осы Бағдатты басып өтеді.Бағдат сол кездегі аты әлемге әйгілі сауда қаласы әрі мәдениет орталығы болы. Бағдаттағы саудагерлер арасында Қытай саудагерлері көптеп кезігетін, Персия шығанағының шығыс жақ теңіз лениясында Қатай сауда кемелері негізгі кемелер легін құрайтын еді. Бағдат орталық болып тұрған кезде Халифа Қытай патшасы арасында үнемі елшілер барыс-келісі болып тұрған. Мәселен: Аббасидтер халифатының бесінші халифасы, кәдімгі Мың бір түннің кейіпкерлерінің бірі халифа Арун Рашид 798жылы Чаң-ань қаласыеа елші жіберіп, екі ел арасында сауда, мәдениет ауысу қарым - қатынасын онан ары күшейтеді. Алғашқы кезде Араб басқыншылары жаулап алынған кездердің ғылыми және мәдени мұраларын беталды қиратып, талқындайды. Кәпір білімпаздары өлтіріп қуғынға ұшыратады.Мәселен: 712жылы Орта Азия өңірін жаулап алған Араб құсынының қолбасшысы Құтейба- Ибн Мүсіліннің рақымсыздығын Өзбектің ұлы ғалымы Әбу Рахиян әл- Беруни өзінің 1000- жылы жазған өткен буындардың ескерткіштері атты еңбегінде былай суреттейді : Құтейба Ибн Мүсілім әл-Бәлихи Хорезімнің хат танитындарын қырып - жойып, дін қызметкерлерін өлтіріп, кітапханалар мен бумаларын өртеткеннен кейін, Хорезімдіктер мәдениеттен жұрдай болды. Мүлде сауатсыз қалды, естерінде қалған мағлұматтармен ғана күн көрді. Арабтер жаулап алған жерлерін басқару мен оның байлықтарын сарқа пайдалану үшін экономика, әкімшілік салық жинау және сауда жүйелерін құру мәселесімен шұғылдануға мәжбүр болды. Осыған байланысты Бағдат қаласы ғылым жәнек мәдениет орталығына айналды. Ғылымның қадір-қасиетін түсінген аталы-балалы Бағдат халифалары: әл-Мәнсүр (775-712) Арұн Рашид (763-809) және Әл- Мамұн (813-833) ғылымды дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Бағдатта және басқа қалаларда астрономиалық обсерватория (расатхана)лар салдырылады. Хаифа Арұн Рашид Бағдатта Бәйт әл хикмет (даналық үйі) деп аталатын жанында жақсы жабдықталған кітапханасы бар арнаулы аудармашылар орталығын құрады, халифа әл - Мамұн бұл орталыққа мемлекеттік сипат беріп, көптеген қаржы, арнаулы штат бөледі, Даналық үйі өз тұсында академия ролін атқарады. Оған жер-жерден атақты ғалымдар шақырылды. әр елден келген 300көрнекті ғалым Грек, Рим, Сиря және Үнді тіліндегі кітаптарды араб тіліне аударады . аудару ісіне арабтың әйгілі математигі Сабит Ибн Гурра басшылық етті. Сонымен аздаған уақыттың ішінде Үндістан астрономдарының, Грек ғылымының ірі тұлғалары Бұхрат (гипограт), Аплаптон (Плптон), Аристотель , Уклидас (Эфклид), Архимед, Менелай, Апполони және Птолемей қатарлылардың еңбектері араб тіліне аударыцлып шұғыл зерттеле бастады. Түсініктемелер, метотикалық нұсқаулар, қолтума шығармалар жазыла бастады. Осылай ғылым тарихында үлкен мәне болған Бағдат мектебі құрылады. Осы Бағдат обсерваториясы мен даналық үйі оның ұйтқысы болған ғалымдар: Китап әл- Джам Уат Тафрих Би Хисап әл Үнді (Үнідлер есебі бойынша қосу мен азайту кітабы) және Әл китап әл Мұхтасар Фи Хисап әл- Жабыр Уал Мукабала (Әл Жәбір мен уәл Мукабала есебі жөніндегі қысқаша кітап) аты әлемге әйгілі шығармалардың авторы, альгебраның атасы - Абуабдолла Мұхаммед Ибн Муса әл - Хорезмни (780-850); Астрономия негіздері және Аламанестке түсініктеме атты кітап жазған Птолемейден кейінгі екінші астроном аталған Ферғаналық ғұлама ғалым Әбу Аббас әл- ферғани; Танкенс және Котангенс деген математика ғылымына тұңғыш рет енгізген, олар торигонометриялық кестесін жасаған астроном - математик Ахмет әл- Мәруәзи (790-860); Бағдат мектебінде әл- Хорезмни, әл- Ферғани және әл-Меруәзилер қатар шығып бірге еңбек еткен ұлы ойшылдардың бірі, Эфкилдтің негіздерін аударуға ат салысқан әрі Исылах Ли Китап әл Усұл (эфклидтің негіздері кітабын кемелдендіру) атты кітап жазған. екінші Эфклид аталған, Отырар түлегі Ғббас Ибн Сайд әл- Жаһари ( 790-860) және басқалар болды. X ғасырға келшенде Араб халифаты ыдырап ұсақ хандықтарға бөлініп кетті, солайда, Бағдат, Дамәски, Хорасандағы Нишаһұр, Орта Азиядағы ұргеніш, Бұхара, Самарқант және Сыр бойындағы Отырар қатарлы қалаларда ғылым - техника біртіндеп дами береді. Осы бір дәуірлерде орта ғасыр математикасының тағы да бір топ ірі тұлғалары арт - артынан дүниетеге келді. Олар: әл- Баттани (850-929) ; шығыс Аристотелі , әмбебап ғалым,Отырар ойшылы әлемге әйгілі Китаб Фи Ихсо әл-Ұлым Уә ат - таприб (ғылымды түрге айыру жіне агықтау туралы кітап) - тың авторы Әбу Нәсір Мұхаммед Ибн Тархан әл- Фараби (870-950); Бағдатта ғылыми мектеп ашқан, Китап Фи Маяхтаж Илапи әс- Санамин амал әл-Хандайсия (Геометриялық бейнелердің шеберлерге қажет болатын мәселелері) атты кітаптің аворы Әбіл- Уафа әл- Бозжани (940-998); астроном- математик Әбумахмұд әл- Хожанди (950-1000); Әбунасір Ибн Ирак (960- 1020); Әбухасан ән - Насауи (970-1030); ақын- математик, Рисала фи Шарх Мә ашқан Мін Мұсадрият Кытап ұклидас, Сәлам Мақалат, Таснип Аш - Шаих, әл - Имам әл Әджәлл Хұджат әл- хаққ Әбілфатих Омар Ибн Ыбраим әл- Хаями (Эвклид кітабындағы қисық пустулаттарғы түсіндірмелер даңықты шаих және имам Әбілфатих Омар Ибн Ыбраим Хаяминың шығармасы) қатарлы бірқанша кітаптың авторы Омар Хаями ( 1040-1123) ; астроном - математик, Тахрир ұклидас (эфклидты баяндау) атты кітаптың авторы , торигонометрияны жасаушы Мұхаммед Насырыдын Әт-түси (1201-1274); ақсақ Темірдің немересі, патша астроном Ұлықбек (1394-1447); Шеңбер туралы, Арфиметика кілті атты көптеген шығарманың авторы, Самарқанттағы Ұлықбек авсароториясының меңгерушісі Жамшид Ғиясиддын Әл-каски (? - 1436) математикаға қатысты шығармаларда араб тілдінде жазылған математиукалық білімдерді Араб математикасы, ал, математиктерді Араб математиктері деп бір шыбықпен айдайтын шалағай көзқарас әліге дейін өмір сүріп отыр. Бірақ, бұл көзқарас бір жақты. Шалағай көзқарас, өйткені, ол заманжа араб халифаты қол астындағы елдерде бір тұтас араб тілі мемлекет тілі болды, жазылған шығармалар мейлі қайсы салада болсын араб тілінде жазылды, мектеп-медресселер араб тілінде ашылды. Сол себепті, оқымысты-ғалымдар мейлі қай ұлтан болсын өз туындыларын араб тілінде жазды, мәселен, жоғарыда аты аталған ғалымдар Таяу шығыс және Орта Азиядан шыққан араб емес басқа ұлттардың басқа ұлттардың аты әлемге әйгілі түлектері екендігі азда болса тарихтан хабардар адамдарға мәлім болса керек. Артық-кемдік тәсілінің батысқа таралу жағдайы Артық-кемдік Қытайдың ерте замандағы біршама әйгілі есептеу тәсілі бұл тәсіл бірінші ғасырда жазылған Тоғыз тараулы математикада арнаулы пайдаланылған. Осы кітаптың жетінші тарауының аты Артық-кемдік болып, бұл тарауда жиыны 20 есеп берілген. 1 - есебі мынадай: мәлім бір орында сатылатын зат бар, аларманның әрбірі 8 жармақтан төлесе 3 жармақ асып қалады. 7 жармақтан төлесе 4 жармақ жетпей қалады, сонда аларман қанша? Сатылатын заттың бағасы қанша? Жауабы: аларман 7 адам, заттың бағасы 53 жармақ. Адам саны x, заттың саны y , болсын, әр адам a жармақтан төлесе, b жармақ артылып қалады, a¹ жармақтан төлесе, b¹ бармақ жетпей қалады. Онда y= ax- b y= a¹x+
b¹ шешсек: y= ab¹+
a¹b x= b+ b¹ a-
a¹ a- a¹ шығады,
сонда әр адамның төлейтін жармағы:
y ab¹ + a¹b
x = b+ b¹ бұл тәсілді батыста қос ұйғару тәсілі деп те атайды, орта ғасырдағы Ислам мемлекеттері бұл тәсілді XXVIIXXII ғасыр), Албанна (XIIIғасыр) қатарлы араб математиктері де артық - кемдік тәсілі туралы пайымдаулар жасаған. Кейін келе артық кемдік тәсілі араб халифаты қол астындағы әрқайсы ұлттардың математиктерінің еңбектері арқылы XIIIғасырда Еуропаға келді. Мәселен, Итальян математигі Леонардо Фибоначи өзінің 1202жылы жазған Либерабаки (есеп кітабы) атты кітабының 13 тарауының темасы Дерегулис е л хатаин (артық - кемдік тәсілі) деп аталған. Одан кейін, Пачиули (1445-1509), Тарталя (1506-1557) қатарлыларда артық - кемдік тәсілі туралы пайымдаулар жасаған. XVғасырда өмір сүрген Орта Азия математигі Жамшид Ғиясидын әл - Каши өзінің 1427жылы жазған арифметика кілті атты әйгілі еңбегінің бірінші тарауының атын Хисап әл хатаин ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика тарихы және методология пәні
Математика тарихының кезеңдер
Фарабидің педагогикалық идеяларының оның математикалық және жаратылыстану ғылыми еңбектерінде қолданылуы және жүзеге асырылуы
Математика тарихын оқыту –білімді ізгілендіру тəсілі педагогика мамандықтары бойынша студенттегре арналған оқу құралы
Геометрия ғылымының аталуы ежелгі
XIII ғасырға дейінгі Еуропа математикасы
Математика ғылымының тарихы
Оқушыларды дәлелдеуге үйрету әдістемесі
Математикалық білім беру
Ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабиді зерттеген шетелдік және отандық ғалымдар туралы
Пәндер