Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Мемлекетіміз бүгінгі таңда әлемдік кеңістікте өзінің лайықты орын алуын мақсат етіп отыр. Осы биік мақсатқа жету жолында, егемендікке қол жеткізген тәуелсіз мемлекеттің дамуындағы экономикалық өзгерістер барысында қоғамдық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты басқарудың тиімділігін арттыру, өзге дамушы елдерге үлгі боларлықтай дәрежедегі еліміз үшін тарихымыздың пайдалы дүниелерін жаңғырту қажеттігі туып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың: «Ұлттық идеяларды іздестіру барған сайын көкейкесті сипатқа ие болып отыр», [32, 1-5] − деген сөзі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасын, тарихи тұлғалардың, ғұлама ойшылдардың қайталанбас мұраларын қайта жаңғырту мен жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге бағыттайды. Сондықтан, құнды еңбектерді зерттеп, жастарға жеткізу, олардың бойына ата-бабамыздың өсиет етіп қалдырған асыл мұраларын сіңіру, жалпыадамзаттық құндылыққа, әсіресе, ғылыми дүниетанымға жаңаша көзқараспен қарау қазіргі тарих ғылымының назарын аударып отырған мәселелерінің бірі болып отыр. Мұның тиімді шешімі мемлекеттік деңгейдегі ресми құжаттарында қарастырылады: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2007 ж. ), Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы, т. б.
Жер астында қалғандардың бірі - тарихи әйгілі Баласағұн қаласы. Оның қай жерде орналасқанын анықтауға шығыстанушы ғалымдар ХІV ғасырдың басынан бері іздеуде. Өйткені Баласағұн Батыс түрік қағанатының басты астанасы, саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің орталығы болғаны тарихи деректерден белгілі. Сондықтан да Баласағұнның тұрған жерін анықтаудың тарихи да, ғылыми да зор мәні бар екенін еске алып, бұл қаланың орнын табу маңызды мәселе екенін ғалымдар түсініп, оны іздеуге көп көңіл бөлген. Баласағұн қаласы туралы ғалымдардың жазып қалдырған деректерінен мәліметтер келтіре отырып, диссертациялық ғылыми зертеуімді толықтырамын.
Қазақстан археологиясындағы жарқын оқиғалардың бірі - жазба деректерде көрсетілген ортағасырлық қалалық мсәдениет пен қалалардың табылуы болып саналады.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, тарих ғылымдардың қасиетті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады. Қазіргі таңда тарихи жәдігерлер мен археологиялық деректемелерге сүйене отырып, зерттеу жұмысымдағы міндетім- тарихшылардың алдында тұрған ұлы міндеттердің бірі елімізге тиесілі мұраларды сақтап, ұрпаққа жеткізу. Менің зерттеу жұмысымның өзектілігі де осында.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі.
Еліміздегі тарихи мұраларды анықтап, солардың тарихын зерттеу. Соның ішінде ортағасырлық Баласағұн қаласының тарихын зерттеу. Баласағұн қаласының орналасқан табиғи-жағырафиялық жағдайы тамаша. Қырғыз Алатауының солтүстік бөктерінде, одан сағасын алатын Шу өзенінің сол жағында, Шарғау, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ өзендерінің Шуға құятын төменгі ағысындағы тегістік алқапқа жайғасқан. Жері тегіс, құнарлы, суы мол және ауасы таза. Ертедегі әдебиеттерде бұл өңірдің тұрақты мекендері «Арғу» деп аталған, бұл екі таудың арасындағы коныстар дегенді білдіреді [2, 157] . Солардың бірі - осы Баласағұн шаһары. Оның оңтүстігін Қырғыз Алатауы, солтүстік-шығысын Жайсан тауы қоршап жатыр. Сол жердегі археологиялық ескерткіштің құрметіне 1991 жылдан кейін бұл шаруашылыққа «Баласағұн» аты берілген.
Әр дәуірдің тарихынан елімізде мағлұмат беретін археологиялық ескерткіштер бар. Олар көбінесе тас дәуірінен басталып, ортағасырлық дәуір аралығын қамтиды. Оқылмай қалған кітап сияқты, жұмбағы жасырынып келген қалалар Кеңес өкіметі кезінде ауыл шаруашылығында, құрылыста пайдаланған көптеген техникалардың күшімен қирап, жермен бірдей болып кеткен. Ұлы Жібек жолындағы үлкен қалалар Испиджаб, Тараз, Құлан, Мерке қазіргі құрылыстардың астында қалған.
Осыған орай, ұзақ жылдар бойы ортағасырлық Баласағұн қаласын зерттеу кезінде табылған дүниелер қазіргі таңда Алматыдағы ҚР Орталық мұражайында және де Шу аудандық Өлкетану мұражайларындағы көрмелерге қойылған деседі. ҚазҰУ -дың тарих факультетінде ортағасырлық археология мұражайы ашылды. Олардың көпшілігі Анкарада 2006 жылы басылып шыққан «Ортағасырлық Ақтөбе» альбомында жарық көрген. Сонымен қатар, Жамбыл облысы, Тараз қаласында ТарМИ -дың Баласағұн мұражай кешені ашылған болатын. Осындай мәдени шаралардың жақсы ұйымдасуына орай болашақ жастар арасында мамандануына өзінің қолайлы ықпалын тигізетіне сенімдімін.
Тақырыптың зерттелу деңгейі мен деректік негізі.
Баласағұн Шу өңіріндегі Талас қаласының шығыс солтүстігіндегі өте қолайлы жерге орналасқан, халқы көп, үлкен ортағасырлық қала болғанына ешкім күмәнданбауы тиіс. Әл-Хорезмидің, әл-Берунидің, М. Қашқаридің карталарында Баласағұнның орналасқан жері дұрыс көрсетілген. Қазан төңкерісінен кейін Орталық Азиядағы археологиялық зерттеу жұмыстарына көңіл бөліне бастады. Сөйтіп, 1927 жылы М. Е. Массон Талас және Шу өңірлеріндегі ортағасырлық қалаларды аралап, жоғарыдағы аты аталған Ақбешімнің жалпы қарапайым (схематиялық) жобасын түсірген [2, 157] . Одан кейін 1927 жылы А. И. Тереножкин Шу өңіріндегі ескерткіштерді аралап, Ақбешімнің Төрткөлін жазып, оның жобасын мақала түрінде жариялаған. Бұлардың бәрі барлау ретінде Ақбешімде жүргізілген жұмыс.
Зерттеу жұмысы Баласағұн қаласы туралы тарихи жазба деректер ортағасырлық ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде азды-көпті кездеседі. VІІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген Әл-Хорезми дүниежүзілік географиялық карта жасап, Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түрлі қалаларды картаға түсірген, олардың координаттарын белгілеген. Солардың ішінде Баласағұн қаласы да бар. Ортағасырлық ғалым Әбу-Райхан Әл-Бируни Х-ХІғ. және араб саяхатшылары Ибн Хордадбек IX ғ., Әл-Хамадани X ғ., Әл-Макдиси -X ғ. өздерінің еңбектерінде Баласағұн туралы аздап мағлұмат береді.
Г. И. Пацевич Ақтобе қонысы туралы азда болса мағлұмат қалдырған. Ол қалаға жалпы шолу жасап, оған толық түсінік бермеген. Қазба жұмысын жүргізбеген соң қаланың құрылымы туралы, яғны цитаделі, шахристан мен рабады туралы құнды мағлұмат беріп, ашып көрсете алмаған.
Қоғамдық ғылымдардың барлық саласынан терең білімі бар, соңына мол мұра қалдырған Жүсіп Баласағұнның өмір деректері мен еңбектері жайлы зерттеп жүрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Атап айтсақ, орыстың шығыстанушы ғалымдары В. В. Бартольд пен С. Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы Е. Э. Бертельс пен А. Н. Смайлович, А. Н. Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге қол жеткізді. Ғалымдар еңбектің зерттелу деңгейін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті. Баласағұнның "Құтты білік" сол кездегі ресми тіл - араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды [35, 5-7], - деп атап көрсетті А. А. Валитова. Бірақ "Құтты білік" тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларында дамуын да көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеттері:
Диссертациялық жұмыстың мақсаты ортағасырлық Баласағұн қаласының тарихын теориялық-методологиялық тұрғыда зерттеу болып табылады.
Баласағұн қаласының тарихын зерттеп, археологиялық құрылымын саралау.
Баласағұн қаласына байланысты онамастикалық деректерді анықтау.
Қаланың тарихын ортағасырлық ғұлама ғалымдардың еңбектерінен зерделей отырып, Баласағұн қаласын зерттеу.
Ортағасырлық Баласағұн қаласынан шыққан ғұламаларды анықтау.
Қаланың зерттелу кезіндегі табылған дүниелердің еліміздің мәдениетіне әкелген үлесін көрсету арқылы болашақ ұрпаққа мамандануына икемделу. Еліміздегі құнды тарихи орындардың көптеп табылып, олардың жұмбақтарының толығымен ашылуы тарихшылар мен археологтардың басты міндеттерінің міндеті.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі.
Ортағасырлық Ақбешім қалашығы тарихы археологиялық зерттеушілердің еңбектерінен танылуы. Шу өңіріндегі ортағасырлық қалалардың арасында өзінің көлемі жағынан Ақтөбе қаласына тең келері жоқ екені сөзсіз. Себебі: тарихи деректерде Баласағұн Ұлы жібек жолындағы ірі түркі қалаларының бірі. Оның іргетасы ертеректе қаланып, осы Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалармен бірге дүниеге келген. Біршама тарихи деректерде қала Қарахандар әулеті кезінде гүлденіп, экономикасы жақсы дамыған мекен болған. Баласағұнды іздеушілер Х-ХІІ ғғ. жататынын айтады. ХІ ғасырдағы Орталық Азия аумағында аты әлемге танымал болған Жүсіп Хас Қажыб Баласағұнның өмірі мен қызметі және Баласағұн қаласынан шыққан ғалымдар.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Ортағасырлық ғұламалардың ішінде Баласағұн туралы жан-жақты мағлұмат берген - Махмұд Қашқари. У. X. Шәлекенов «Ү-ХІІІ ғасырлардағы Баласағұн қаласы» деген еңбегінде М. Қашқаридың сызған дөңгелек картасы мен «Диуани лұғат аттүрк» ғылыми мұрасынан көптеген деректер келтірген. М. Қашқари өзінің еңбегінде табиғи-географиялық жағдайды ескере отырып, Баласағұн екі таудың арасында орналасқан деген қорытынды жасаған. Олар Ақтөбе Баласағүн қаласының солтүстік шығысында созылып жатқан Жайсан тауы мен оңтүстігінде Қырғыз Алатауы екенін айтыр өтеді [2, 155-157] .
Қаланың 30 жылдан астам уақыт ішінде жүргізілген деректер негізінде қаланың орны толығымен анықталынып, оның бастапқы «Баласағұн» атануы қуантарлық жағдай туғызады. Осы үлкен, көлемді жұмыс жүргізілу кезінде еліміздегі тарихи құндылықтардың қатары толыққанына қуаныштымыз. Қаланың орнын анықтау барысында жүргізілген көп жұмыстардың нәтижесі еліміздің аумақтық облыстарымызда мұражайлар мен көрмелердің ұйымдастырылып ашылуы қуантарлық жағдай.
ХІ ғасырдағы Жүсіп Баласағұнның өмірі мен қызметі, еңбегі жайлы құнды деректерді ұсынады. Зерттеу барысында Баласағұн қаласының алып жатқан территориясын және оның жазған ғылыми еңбегі, атын әйгілі еткен «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін жеткен үш нұсқасы бар: біріншісі - Корольдік кітапханада сақталған Вена нұсқасы; екіншісі - араб әрібімен көшірілген Каир нұсқасы; үшіншісі - Өзбекстанның Намаган шаһарынан табылған Намаган нұсқасы. Баласағұн қаласының археологиялық кешенінен табылған тарихи жәдігерлері құнды болып табылады.
Диссертация көлемі мен құрылымы.
Диссертациялық зеттеу жұмысым: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, қосымша материалдар мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Екі бөлім және бірнеше тараушалардан құралады.
Кіріспе . . .
Негізгі бөлім
I Тарихы терең қала-Баласағұн
1. 1 Ортағасырлық Баласағұн қаласы жазба деректерде
1. 2 Баласағұндағы археологиялық зерттеулер
1. 3 Қаланың ономастикалық зерттеулері
II Баласағұн - ірі тарихи мәдени орталық.
2. 1 Баласағұн қаласын зерттеу барысында табылған жәдігерлер, табылған соғда жазуы
2. 2 Жүсіп Баласағұнның өмірі мен ғылымда атқарған қызметі
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . …
1 Тарихы терең жұмбақ қала-Баласағұн
- Ортағасырлық Баласағұн қаласы туралы тарихи жазба
деректерге шолу жасау
Ғалым Мырза Мұхаммед Хайдар өзінің белгілі «Тарих-и Рашиди» деген еңбегінде: «Қарақытайлар келгенге дейін Баласағұн Афрасиабтың ұрпақтарының қол астында болған. Қарақытайлық Гурхан Баласағұнды Илек ханнан тартып алған. Илек хан Афрасиабтың руынан болып, бұл қаланы өзінің астанасына айналдырған. Тоқсан бес жыл бойына Баласағұн қарақытайлардың (қарақидандардың) астанасы болған, Джейхунның төңірегіндегі және оның шығысындағы барлық елдер бұл қалаға салықтарын (харадж) төлеп тұрған. Моңғолдар Баласағұнды Қаралиг деп атаған . . . [1, 458] .
Махмұд Қашқари «Түрік сөздігінде» Ұлы Жібек жолының солтүстік желісінің бойындағ қалалар мен тұрақты мекендер, асулар сияқты орындарға сондай-ақ Баласағұн туралы мағлұмат бере келіп: «Арғу: екі таудың арасы. Тараз бен Баласағұн арасындағы шаһарларды «Арғу» дейді. Өйткені ол жерлер екі тау арасында жатыр» [2, 157], - дейді. Соңғы зерттеулерге қарасақ, Баласағұн шынымен де екі таудың ортасында орналасқанын байқаймыз.
Баласағұн қаласы Қараханидтер мемлекетінің сауда, қолөнер орталығы орналасқан ең ірі қалаларының бірі болған. Бұл мемлекет этногенетика жағынан түркі руларының бірлестігінен құрылып, X ғасырдың бас кезінен бастап үш ғасыр өмір сүрген. Қағанаттың әлеуметтік-экономикалық негізі көшпелі мен отырықшы шаруашылыққа байланысты құрылған мемлекет. Баласағұн тарихи оқиғалардың нақ ортасында тұрған, тарихта бірнеше күйреп, бірнеше рет қалпына келтірілген көне шәһарлардаң бірі. Осы Самарқанд-Ташкент- Тараз-Баласағұн арқылы ескі екі керуен жолының біреуі Қытайға ұштасып жатады екен. Керуен Шу өзенін бойлап, Іле Алатауының бауырына асып, Шелекті басып, Шығыс Түркістанға, бір тармағы Іледен асып, Қойлық Қопал, Алакөл арқылы Монғолияға бастайтын жаңа керуен жолы да батыс пен шығысты жалғастыратын күретамырлардың бірінен саналған. Осылардың барлығы Баласағұн шаһарының дамуына ықпал жасаған. 1905 жылы Сарайшық қаласынан табылған XIII ғасырда жасалған қыш құмыраның бүйірінен мына жазуды оқыған екен: "Ақыл көркі - тіл, тілдің көркі - сөз. Кісі көркі - жүз, жүздің көркі - көз". "Құтты білік" көшірмелерінің бір шеті Мысырдан, бір шеті Венадан табылуы, кітаптың құндылығын бағалайды.
Баласағұн қаласының аталуы мен этимологиясын М. Қашқаридың еңбегінен анықтадық, онда ылай түсіндіріледі: «Сағұн: Қарлұқ жұртының мықтыларына берілетін ат, лақап. Түрік тәуіптеріне «Ата сағұн» [3, 462] дейді. Қаланың аты екі буыннан құралған: «Бала» - деген түркі сөзі баршаға мәлім болса, «сағұн» - хақан, хан, князь. Олай болса, Бала + хақан; Бала + князь; Бала + хан болып, Баласағұн деген ұғымды құрайды, яғни жас түркеш, әйтпесе қарлұқ хақанының каласы деген сөз. Маһмуд Қашқари өзінің зерттеулерінде Баласағұн қаласын Талас қаласының шығыс-солтүстік бөлігінде орналасқанын жазады. Бұл деректер Әл-Бирунидің айтқандарымен сәйкес келеді екен.
Баласағұн қаласының орнын анықтауда сол кездегі белгілі ғұламалардың еңбектері көптеп өз үлестерін қосқаны анық.
Жалпы, Қазақстан жері отырықшы өркениеттің ірі орындарының бірі болып саналады. Оған дәлел ретінде ортағасырлық шаһарлардың қалдықтарын айтуымызға болады. Олардың ішінде дүниеге әйгілі, бірнеше түрік мемлекеттерінің астанасы болған Афрасиаб (Самарканд), Бұқара, Үзкенд, Сужаб, Тараз және Баласағұн. Біздің заманымызға Шу мен Талас өзендерінің жанындағы ескі қалалармен мәдени ошақтар орыны, бекініс орындарының тек құр қаңқалары ғана сақталып қалған. Соған қоса, кейбір мәдени ошақтар тарих сахнадан ерте кетіп қалсада, сол дәуірдің ғұламаларының еңбектерінен анықтауымызға болады. Олардың ішінен өздерінің алғашқы атауларынан да айырылғандары кездеседі. Олар бізге, яғни қалалар құм, саз, топырақ басқан үйінді төбелер күйінде жеткен. Ондай төбелер еліміздің түкпір-түкпіріндегі үйінді құмдардан табылары сөзсіз.
Ертедегі ортағасырдағы ғалымдардың еңбектерінде, Баласағұнның орналасқан жерінің тұрмысқа өте қолайлы екенін X ғасырда жасаған арабтың ұлы географы әл-Макдиси былай деген екен: «Баласағұн суы мол және халқы көп үлкен қала». Арабтың ғалымы Махмуд Ибн Вали өзінің «Бахр әл-Асрар» деген еңбегінде Баласағұн қорғанының ені 2, 5 гяза (біздіңше, 5-6 м) болғанын айтады [4, 24] .
Сонымен, жер астында көміліп қалған қалалардың бірі - тарихи әйгілі Баласағұн қаласы. Оның қай жерде орналасқанын анықтауға шығыстанушы ғалымдар ХІV ғасырдың басынан бері іздеу жұмыстарын жүргізуде. Өйткені Баласағұн Батыс түрік қағанатының басты астанасы, саяси, экономикалық және рухани мәдениеттің орталығы болғаны тарихи деректерден белгілі. Сондықтан да Баласағұнның тұрған жерін анықтаудың тарихи да, ғылыми да зор мәні бар екенін еске алып, бұл қаланың орнын табу маңызды мәселе екенін біршама ғалымдар түсініп, оны іздеуге көп көңіл бөлген.
Ғалым П. Н. Кожемяко 1954 жылы Баласағұн қаланың қонысын зерттеп, оған «Степнин қалашығы» атау берген екен. П. Н. Кожемяко Ақтөбенің цитаделі мен шахристаны жоққа щығарып, бұл биік төбе феодалдардың мекені және әскери бекінісі деген пікірді айтыпты. Ғалымның айтуынша, бұл қоныстың өте үлкен ортағасырлық қала орны екені және де оның жан-жақтары бекініспен қоршалғанын нақтыламаған. Сонымен қатар, Баласағұнның өмір сүрген уақытын біршама кішірейтіп көрсеткен. Ғалымның айтуынша, барлық ортағасырлық қалалардың цитадельдері және шахристандары бір тектес болу керек деген түсінік болған сияқты. Ғалым әр қаланың өзіне лайықты ерекшеліктері болатынын ескермеген. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, ортағасырлық қалалардың цитадельдері мен шахристандары әртүрлі етіп салынып, олардың өздеріне тән ерекшеліктері болған.
Баласағұн қонысын П. Н. Кожемякодан кейін ешкім зерттемей, сол күйінде қала берген. Ортағасырлық Баласағұн қаласы бізге біршама бүлінген күйінде жеткен. Себебі: 1967-1968 жылдары Жамбыл облысының жер суландыру шаруашылығы Ақсу өзенін бөгемек болып, Ақтөбе қаласының қақ ортасынан су коймасын салу үшін біршама жұмыстар жүргізген. Қазу жұмысы кезінде қоныстың цитаделін, оны қоршаған шахристанды біршама бүлдірген. Шахристанның үстіңгі қабатынан 1 м тереңдіктегі жерді бульдозермен ысырып, бетін ойрандаған, ал рабадты қақ жарып, ұзындығы 3 шақырым, ені 100-150 м канал қазған екен. Жүргізілген қазба жұмысы кезінде, археологиялық бұйымдар шыға берген соң, басшы орындардың нұсқауы бойынша, бұл жұмысты уақытша тоқтатқан. Бірақ та осы жұмыс кезінде ескерткіш бүліншілікке ұшырап, көптеген қоныстардың орындары бұзылған.
Жалпы, Баласағұн - төрт өзеннің: Шарғау, Ақсу, Қарабалта, Тоқташ өзендерінің Шуға құятын төменгі ағысында орналасқан. Сол себепті бұл аймақтарда көп құрғақшылық болмайды. Табиғаты жақсы, суы мол, егіншілікке өте қолайлы, тамаша жерлердің бірі. Ақтөбе ормен түгел қоршалған. Оның жалпы ұзындығы - 52 км, сыртында су жүретін тоған (канал) салынған. Қала тұрғындары қамалдың ішіне шоғырланған.
ХІХ ғасырдың аяғында шығысты зерттеуші белгілі ғалым В. В. Бартольд Баласағұн қаласының тарихына және оның қай жерде орналасқанына айрықша көңіл бөлген. Ғұламаның еңбегінде XIV ғасырдың бірінші онжылдығында Баласағұн өзінің ежелгі атымен аталғаны белгілі. Алайда, Ақсақ Темірдің жорықтарын жазғанда Баласағұнның аты аталмайды. Олай болса, Шу, Іле және Талас қалалары сияқты XIV ғасырдан бұрын үздіксіз болып жатқан тақ үшін өзара күрестердің нәтижесінде қираған болуы керек деген пікірді айтқан [1. 357] .
Махмуд Ибн Вали Баласағұн жөнінде былай дейді: Баласағұнға Моңғолдар келгенге дейін жақсы сақталған, гүлденген қала болатын. Кейіннен қирап, тозып, қаңырап калған екен. Баласағұнды көптеген араб және біздің елдің ғалымдары ірі мәдениеттің орталығы және астана болғанын баяндайды. Қашқардың қолбасшысы әскерімен Батыс түрік жеріндегі қалмақтарды бағындыру үшін шабуыл жасап, шығыстан солтүстікке қарай жүріп отырып, екі айдан кейін бір қираған қалаға келіпті. Жан-жағын құм басқан, қашықтықтан сорайып көрінген мұнаралар, сарайлар, медреселер анық көрінеді екен. Осы қаланың қасында қалмақтарға жетіп, екі арада шайқас болыпты. Оларды жеңіп, Қарабалта өзенінен кейін қайырып, жаңағы қираған қалаға алып келіпті. Кейіннен қолға түскен қалмақтардан бұл қай қала деп сұрағанда, олар біздің білетініміз Баласағұн қаласы деп жауап берген екен. Сол кезде Шыңғысханның әулеті басқарып тұрған кезең екен. Қала өте қирап, қаңырап, топырақ басып қалғанын байқапты. Қаланы ішін аралағанда, бұзылған үйлердің ішінен тұрмысқа қажетті нәрселер, қазандар, қыштан жасалған әр түрлі ыдыстар, құмыралар, алшалар, т. б. бұйымдар кездескен екен. Кейбір бөлмелерде өлген адамдардың мүрделері жатыр. Бұрын ең жақсы, үлкен қала болған, ал қазір қирап қалған. Қаланың аталуы да ел-жұрттың естерінен шыққан көрінеді [4, 241-442] .
Тарихи деректерге қарағанда, Баласағұн қаласы туралы азды-көпті жазылып қалған ортағасырлық ғалымдардың, саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. VII ғасырдың соңы мен IX ғасырдың басында жасаған ұлы Хорезм ғалымы әл-Хорезми өзінің дүние жүзілік географиялық картасында Шу, Талас, Жетісу өңірлеріндегі түрік қалалары туралы сөз қозғайды [7, 55-62] . X ғасыр аяғында XI ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Хорезм елінің ұлы ғалымы Әбу-Райхан Бируни жасаған дүние жүзінің географиялық картасында Баласағұнды 91° 30' бойлықта, 44" 40' ендікте орналастырған, Таластың 89"50' бойлықта, 43 () 5' ендікте жатқанын керсеткен [8, 428] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz