Сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу


МАЗМҰНЫ
Кіріспе5
1 бөлім Жеке басты сақтандырудың теориялық аспектілері7
1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні және оның атқаратын қызметі7
1. 2 Жеке басты сақтандырудың даму кезеңдері, мәні және қажеттілігі11
1. 3 Жеке басты сақтандырудың қалыптасуы мен дамуының шетелдік тәжірибесі16
2 бөлім Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандырудың даму жағдайын талдау22
2. 1 Қазақстан Республикасы сақтандыру рыногының қазіргі жағдайы22
2. 2 Жеке басты сақтандырудың жекелеген түрлеріне сипаттама31
2. 3 Жеке басты сақтандырудың қаржылық жағдайын талдауОшибка! Закладка не определена.
("БТА" сақтандыру компаниясының мысалында) 39
3 бөлім Қазақстан Республикасындағы жеке басты сақтандыруды жетілдіру жолдары51
Қорытынды4
Қолданылған әдебиеттер тізімі6
Кіріспе
Сақтандыру - сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру жағдайы немесе басқа да жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша қатынастардың кешенін білдіреді.
Жеке сақтандыру бойынша сақтандыру обьектілері материалдық емес игіліктер - өмір, денсаулық, еңбекке қабілеттік және азаматтардың жеке тұлғасымен байланысты басқа да қызығушылықтары.
Әлемде тек екі нәрсе бар - өлім және салықтар. Салықтар осы және басқа түрінде әрқашан да болды, сәйкесінше өмірді сақтандыру да алғашқылардың бірі болып қалыптасып, үнемі дамып, өзінің қазіргі нысанын қабылдап отыр.
Сақтандырудың негізінде сақтандыру шарты жатыр. Сақтандыру шарты -бұл сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы келісім, оның негізінде сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтанушыға (немесе пайда иеленушіге) осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған зиянның орнын толтыруға немесе сақтандыру сомасын төлеуге міндеттенеді, ал сақтанушы, өз кезегінде, белгіленген мерзімде сақтандыру төлемдерін төлеуге міндетті болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, егер мемлекет сақтандырушы компаниялармен бірлесіп жұмыс жасаса, тиімді құрылған сақтандыру ісі экономиканың дамуына және әлеуметтік проблемаларды шешуге әсерін тигізеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру, соның ішінде жеке сақтандыру түсінігін зерттеу, жеке сақтандырудың дамуының шетелдік тәжірибесін және Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қазіргі заманғы жағдайын зерттеу болып табылады.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- «сақтандыру», «сақтандыру қатынастары» және «жеке сақтандыру» түсініктерінің теориялық ерекшеліктерін негіздеу;
- жеке сақтандырудың қалыптасуы және даму кезеңдерін анықтау;
- жеке сақтандыруды сипаттайтын ерекшеліктерін ашу;
- жеке сақтандырудың шетелдік тәжірибесін оқу және талдау;
- республикадағы өмірді сақтандырудың қолданылып жүрген механизмін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығын кешенді талдау;
- Республикадағы жеке сақтандырудың даму жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі - Қазақстан Республикасының жеке сақтандыру нарығы болып табылады.
Зерттеудің пәні - өмірді сақтандырудағы сақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану бойынша ұйымдық-экономикалык қатынастар болып табылады.
Диплом жұмысының теориялық-әдістемелік негізі - сақтандыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, ҚР заңнамалық-нормативтік актілері, статистикалық ақпараттар және қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің есептік мәліметтері болып табылады.
Қазақстан Республикасында сақтандыру нарығына деген қызығушылық жоғары. Бірақ жеке сақтандыру жинақталатын сыйақылар көлемі бойынша сақтандырудың басқа да салаларының ішінде бірінші орынды иеленбейді. Жеке сақтандырудың дамуына қажет барлық алғышарттар қалыптасуда. Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асуда, заң шығарушы база жетілдірілуде. Одан басқа, жеке сақтандырудың дамуына сақтандыру компаниялары белсенді түрде қатысуда. Оны АҚ «"БТА" сақтандыру компаниясының» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасынан көруге болады.
Бірақ, жеке сақтандырудың жемісті дамуына қажет заң шығаруға, сонымен қатар сақтандыру жүйесіне қатысты шараларды кабылдау керек.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қортындыдан тұрады. Бірінші бөлімде, сақтандырудың, оның ішінде жеке сақтандырудың теориялық аспектілері, жеке сақтандырудың экономикалық мәні және оның қалыптасуының шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Екінші бөлімде - АҚ «"БТА" сақтандыру компаниясының» ерікті медициналық сақтандыру бағдарламасының мысалындағы жеке сақтандырудың тәжірибесі. Үшінші бөлімде, өмірді сақтандырудың жетілдіру жолдары қарастырылады.
1 бөлім Жеке басты сақтандырудың теориялық аспектілері
1. 1 Сақтандырудың экономикалық мәні және оның атқаратын қызметі
Нарықтық қатынастарға негізделген айналымда сақтандыру маңызды орынға ие. Қатысушыларының мүмкін болатын мүліктік ысыраптарын азайта отырып, бұл институт олардың қызығушылықтарын қорғаудың маңызды құқықтық кепілі ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге, сақтандыру ірі ақша қаражатарын шоғырландыру және кейіннен пайдалану әдісі ретінде қаржылық сферадағы кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады.
Сақтандыру ерекше қатынастардың пайда болуымен байланысты күрделі ерекше қатынастардың жиынтығы ретінде көрініс табады. Олар, өз кезегінде, сақтандыруға қатысушылардың түрлі сақтык қызыгушылықтарының пайда болуымен, сақтандыруға жататын обьектілердің әртүрлілігімен, сақтандырумен қамтылатын сақтандыру жағдайларының бар болуымен және басқа да факторлармен байланысты.
Сақтандыру адамдарды, олардың істерін түрлі қауіптерден сақтық қорғаумен қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың ерекше түрі болып табылады.
Сақтық қорғауды табиғи, техногендік, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да сипаттағы мүмкін болатын қауіптерге адамның екі жақты реакциясы ретінде түсіндіруге болады. Бір жағынан сақтық қорғау жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекетінің түрлі жақтарымен байланысты өзінің мүліктік мүдделерін қорғаудағы объективтік қажеттілікпен түсіндіріледі. Екінші жағынан Бұл қажеттілік көрсетілетін мүдделерді қамтамасыз етудегі адамдардың қабілетін сипаттайды.
Егер сақтануға деген қажеттілік қорқыныштан туса, ол қорғануға деген қабілеттілік натуралды және ақшалай қорларды құрып, олардың көмегімен адамдардың мүліктік, жеке басқа да мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге болатынын ұғынудан туындаса, онда сақтық қорғау іске асады деп айтуға болады.
Сонымен, сақтық қорғауды жеке және заңды тұлғалардың мүлігін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке табысын қаппына келтіру үшін арнаулы сақтандыру қорларын құрудағы ұсынылған қажеттілігі деп анықтауға болады.
Қоғамдық тәжірибе ұзақ уақыттың ішінде сақтандыру қорын ұйымдастырудың үш негізгі нысанын әзірледі: [1; Б. 38]
Бюджеттік және басқа да мемлекеттік қаражаттар есебінен құрылатын орталықтанған сақтандыру (резервтік) қорлары. Мұндай қорлардың қалыптасуы натуралды және ақшалай нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік сақтандыру қорлары үкіметтің қарауында болады.
Өзін-өзі сақтандыру шаруашылық жүргізуші субъектілер мен адамдардың сақтандыру қорларын құру және пайдалану жүйесі ретінде. Бұл орталықтанбаған сақтандыру қорлары натуралды және ақшалай нысанда құрылады. Мұндай қорлар нақты тауар өндірушілердің немесе адамдардың қызметіндегі уақытша қиындықтардан өтуге арналған. Орталықтанбаған сақтандыру қорларының қалыптасу көзі: кәсіпорындардың немесе жекелеген адамдардың табысы.
Сақтандыру сақтандыруға мүдделілік білдіретін тараптардың сақтандыру жарналарының есебінен сақтандыру ұйымдарын құру және пайдалану жүйесі ретінде. Бұл қорлардың қаражаттарын пайдалану сақтандырудың шарты мен ережелеріне сай пайда болған ысыраптың орнын толтыру үшін жүзеге асырылады.
Сонымен, сақтандырудың экономикалық мәні сақтандыруға мүдделік білдіретін тараптардың жарналары есебінен қорды құруға қатысатын тұлғалар ысырабын жабуға арналған ақша қорларын құруда. Мүмкін болатын зиян (немесе сақтандыру тәуекелі) ықтималдылық сипатқа ие болғандықтан, кеңістікте және уақыт аралығында сақтандыру қорының қайта бөлінуі жүргізіледі. Зиян шеккен адамның зардабын өтеу сақтандыру қорының құрылуына қатысқандардың жарнасы есебінен жүзеге асырылады.
Сақтандырудың қазіргі заманғы анықтамасы 2000 жылдың 18 желтоқсанындағы № 126-И "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 бабында берілген. Онда сақтандыру деп "сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен жүзеге асыратын, сақтандыру төлемін төлеу арқылы сақтандыру шартымен анықталған сақтандыру жағдайы немесе басқада жағдай туындағанда жеке және заңды тұлғалардың заңды қызығушылықтарын мүліктік қорғау бойынша катынастардың кешені" аталынған [2; Б. 60] . Сақтандыруда қорғау қалыптасқан ақша қорларынан белгілі бір ақша сомасын төлеу нысанында көрініс табады. Сақтандыру жүргізілген жағдайлар туындаған кезде олардың кездейсоқтық, ықтималдық белгілері болуы керек (ҚР АК 817 бап Зп (ерекше бөлім) ) . [3; Б. 67]
Яғни, айтып өткендей, сақтандыру жағдайы кездейсоқтық немесе ықтималдық белгісіне ие болуы керек.
Сонымен бірге сақтандырудың мынадай түрлері бар:
- міндеттілік дәрежесіне байланысты: ерікті және міндетті;
- сақтандыру объектісіне байланысты: жеке және мүліктік.
"Сақтандыру қызметі туралы" Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі "өмірді сақтандыру" саласы және "жалпы сақтандыру" саласы бойынша жүзеге асырылады.
"Өмірді сақтандыру" саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды қамтиды:
- өмірді сақтандыру;
- аннуитеттік сақтандыру.
"Жалпы сақтандыру" саласы сақтандырудың ерікті нысанындағы мынадай сыныптарды қамтиды:
- жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;
- медициналық сақтандыру;
- автомобиль көлігін сақтандыру;
- темір жол көлігін сақтандыру;
- әуе көлігін сақтандыру;
- су көлігін сақтандыру;
- жүкті сақтандыру;
осы тармақтың 3) -7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;
- автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
- су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
осы тармақтың 10) -14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтык-құқыктық жауапкершілікті сақтандыру;
- заемдарды сақтандыру;
- ипотекалық сақтандыру;
- кепілгер мен кепілдікті сақтандыру;
- басқа қаржылық шығындардан сақтандыру;
- сот шығындарын сақтандыру.
Сақтандыру қатынастарының заңды түрде бекітілген анықтамасы қазіргі заманғы сақтандырудың түсініктеріне толығымен сай келеді. Бірақ, Ю. Б. Фогельсонның айтуы бойынша "мүліктік мүдделердің сипаты туралы талаптар" бір жағынан анхронизм болып табылады. Мүліктік мүдделер - бұл тұлғалардың заттар мен мүліктік құқықтарға қатысты мүдделері. Бұрын азаматтық құқық негізінен мүлік айналымын реттеді, сәйкесінше тек қана мүлік азаматтық құқықтың обьектісіне жатты. Gombling Act атымен белгілі 1774 жылы қабылданған өмірді сақтандыру туралы 1774) қызығушы тұлғаға тек қана ақшамен бағаланатын зиян бойынша сақтандыру шартын жасасуға рұқсат берді. [4; Б. 158]
Қазіргі заманғы заң жүйелері азаматтық құқықтың обьектілеріне материалды емес игіліктерді де қосады - өмір, денсаулық және т. б. Сәйкесінше сақтық қорғау осы игіліктермен байланысты мүдделерге де таратылады. Сондықтан, жеке сақтандыру - Бұл сақтандырудың негізгі және дәстүрлі салаларының бірі.
Сақтандыру қазіргі заманғы нарықтық қоғамда маңызды орынды иеленеді. Сақтандыру категориясының қоғамдық арналымын сипаттайтын негізгі функциялары:
1. Инвестициялық қызмет. Сақтандыру қорының уақытша бос ақша қаражаттарының есебінен экономиканы қаржыландыру жүзеге асырылады. Сақтандыру компанияларында зиянды өтеуге арналған ақша-кдражаттарының үлкен сомасы жинақталатындықтан, сақтандыру жағдайлары пайда болғанға дейін олар түрлі бағалы қағаздарға, жылжымайтын мүлікке және басқа да бағыттарға уақытша инвестициялану мүмкін.
Өмірді сақтандыру компаниялары (зейнетақы қорларымен бірге) экономиканың тапшылықтық және ұзақ мерзімді капиталға деген қажеттілігінің басым бөлігін қанағаттандырады. Сондықтан өмірді сақтандыру компанияларының инвестициялық мүмкіндіктері олардың капитал нарығындағы жағдайын ерекше етеді. Бұл ерекшеліктің себептері мынада:
- өмірді сақтандыру компаниялары басқа қаржылық иституттарға
қарағанда сақтанушының бос қаражаттарын төмен пайызбен тарту мүмкіндігіне
ие, өйткені ол сақтық қорғауды қамтамасыз ету негізінде тартылады;
- өмірді сақтандыру шарттары ұзақ мерзімге жасалады, өтемақы бойынша міндеттемелер уақыты алыстатылған, оларды үлкен ықтималдылықпен болжауға болады.
Мысалы, Францияда 1999 жылы 701 млрд евро көлеміндегі сақтандырушылардың жалпы инвестицияларының 610 млрд евросы немесе 87%-і өмірді сақтандыру кұрды. Өмірді сақтандыру бойынша жиналымдар 122 млрд евро мөлшеріндегі сыйақылардың жалпы жиналымдар көлемінің 65%-ін құрады.
2. Алдын алушылық қызмет. Сақтандыру қоры қаражаттарының бір
бөлігінің есебінен сақтандыру тәуекелін төмендету бойынша шаралар
қаржыландырылады. Мысалы, өрттен сақтандыруға жинақталған
қаражаттардың бір бөлігінің есебінен өртке қарсы шаралар, сонымен бірге
өрттен мүмкін болатын зиянды азайтуға бағытталған шаралар
қаржыландырылады. Ал жеке сақтандыруда сауықтыру кешендерін салумен
байланысты шаралар қаржыландырылады.
3. Жинақтаушылық қызмет. Өмірді сақтандыруда сақтандыру
категориясы несие категориясына жақын болады, өйткені сақтандыру шарты
бойынша белгілі бір сақтандыру сомасының жинақталуы жүзеге асады, яғни
сақтандыру жинақтаушылық қызметін де атқарады.
4. Бақылау қызметі. Сақтандыру қорлары қаражаттарының қатаң
мақсатта қалыптасуы және қолданылуы. Бұл қызмет жоғарыда көрсетілген үш
қызметтің нәтижесінде туындайды және нақты сақтандыру қатынастары
кезінде, сақтандыру шартында пайда болады. Бақылау қызметіне сай заң
актілері мен инструктивті құжаттардың негізінде сақтандыру операцияларының
дүрыс жүргізілуіне каржылық сақтандырушылық бақылау жүзеге асырылады.
Қазіргі заманғы мемлекет сақтандыру категорияларын әлеуметтік сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз нысанында ауыру, еңбекке қаблеттілігін жоғалту (соның ішінде жасы бойынша), асыраушының өлімі, қайтыс болу жағдайларында азаматтарды қоғамдық сақтық қорғау үшін қолданылады.
Сонымен, сақтандыру коммпанияларының әлеуметтік проблемаларды шешуде және жеке сақтандырудың дамуы азаматтар үшін мынадай көмек алуға мүмкіндік береді:
- қосымша зейнетақымен қамтамасыз ету;
- жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету;
- асыраушысынан айрылғанда немесе мүгедектік жағдайына байланысты қосымша әлеуметтік кепілдіктер.
Мемлекет үшін:
- бюджеттегі жүктемені төмендетуге;
- инвестициялық ресурстарды тартуға;
- асырауында болуды жоюға;
- қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты құруға;
- кәсіпорындағы салық жүктемесн төмендетуге.
Берілген дипломдық жұмыста қолданылатын түсініктер қатарына тоқталып өтейік - Бұл: сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы, сақтандыру сомасы, сонымен бірге жеке сақтандыру түрлерінің анықтамаларын келтіреміз.
Сақтандыру тәуекелі туындаған жағдайында сақтандыру жүзеге асырылатын, мүмкін болатын оқиға болып табылады.
Сақтандыру жағдайы - туындау жағдайында сақтандыру шарты ысыраптың орнын толтыруды қарастыратын жағдай. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жағдайларының түрлері міндетті сақтандыру бойынша заң актілерімен анықталады, ал ерікті сақтандыру бойынша - тараптардың келісімімен (ҚР АК 817 б., п. 1. (ерекше бөлім) ) .
Сақтандыру сомасы - сақтандыру объектісі сақтандырылатын және сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы (ҚР АК 817 б., п. 1. (ерекше бөлім) ) .
Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, тауар мен айырбас шеңберінің, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара келісімшарт міндеттемелерінің кеңеюі сақтандыру арқылы болатын кепілдіктердің берік жүйесін талап етеді. Тек сақтандыру негізінде ғана материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мүмкін болады.
Сақтандырудың экономикальқ мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру - қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
1. 2 Жеке басты сақтандырудың даму кезеңдері, мәні және қажеттілігі
Өмірді сақтандыру алғашқылардың бірі болып қалыптасты. Б. э. д. 5 ғасырда ежелгі Римде жерлеу рәсімдеріне байланысты коллегиялар болған. Олар өзара сақтандыру қоғамдары ретінде қызмет етті. Бұл коллегиялардың жұмыс жасау мәні мынада: коллегия мүшелерінің өзінің жерлеу рәсімдеріне
қажет қаражаттарды жинау мүмкіндігі болмады, бірақ олар бірігіп және жарналарын енгізу арқылы кейіннен үлкен капитал жинақтады. Коллегия өз атынан оны пайызға өсіруге орналастырды және осындай коллегия мүшелерінің әрқайсысының өлімі кезінде оның жерлеу рәсімін жанұясы емес, коллегия көтеріп алған.
Кейіннен осындай коллегиялардың қызметі күрделене түсті - олар белгілі бір ақша сомасын тек қана сақтанушы тұлғаның өлімі жағдайында емес, сонымен бірге оның белгілі бір жасқа жетуі кезінде де төледі. Бұл төлемдер бір рет және тұрақты сипатта төленіп отырды. Тұрақты төлемдер латынның "annus" (жыл) сөзінен аннуитет (жыл сайынгы) деген атауға ие болды.
Орта ғасырларда қаржыгерлер аннуитет механизмін шіркеулер салған шіркеудің шектеуін айналып өту үшін (шіркеу ақшаны пайызға орналастыруды жеті күнәнің бірі деп жариялады және христиандарға оны жүзеге асыруға тиым салды) пайдаланды. Аннуитет механизмін пайдалану арқылы ақша қарызға емес, қайтарымсыз негізде берілді және пайыздың орнына аннуитет төленді, шаруашылық операциялардан пайда табу сақталып отырды. Бұл сақтандыруды өзінің тікелей арналымынан тыс қолданудың алғаш мысалы болды.
11-13 ғасырларда көптеген елдер мен ерікті қалалардың үкіметтері сақтандырудың осындай нысанының тиімділігін түсінді. Мемлекет оны бір жағынан өз қаражаттарын толықтыру үшін, екінші жағынан еңбекке қабілеті жоқтарды ұстау ауыртпалығын өзінен түсіру үшін пайдаланды. Кейбір қалаларда аннуитетті кейінен төлеу шартымен мемлекеттік қазынаға аударымдар аудару міндетті болды.
16-17 ғасырларда өмірді сақтандыру күрделене түсті. Төлемдер мен жарналарды енгізу сызбасын анықтағанда жас топтары ескеріле бастады. Өлу деңгейі кестесі жасалынып, оның негізінде қаржылық есептер құрылды. Бірак, барлық қаржылық жоспарлардың мағынасы бір болды - адам белгілі бір уақытта немесе тұрақты түрде белгіленген ақша сомасын аударып отырды, ал ол адам белгілі бір жасқа жеткен соң немесе оның өлімі жағдайында оған не болмаса оның балаларына белгілі бір уақытта немесе тұрақты түрде белгіленген сома төленіп отырды.
Италияда сақтандырудың Бұл нысаны "montes pietatis" ("monte di pieta" италиан тілінен аударганда "ломбард" деген мағынаны білдіреді) деп аталды. Қызының тұрмыс құру жағдайында төленетін "montes" түрі "montesdelli doti" деп аталды. Қыз бала өмірге келгенде әкесі ортақ кассаға белгілі бір соманы аударды, ал қызы 18 жасқа толғаннан кейін және тұрмысқа шыққаннан кейін он есе артық соманы алды. Егер қыз тұрмысқа шықпаса немесе 18 жасқа жетпей қаза болса, салым кассаның меншігінде қалды.
Германияда 16 ғасырдың ортасында осындай кассаның негізінде екі қаржылық жоспар жасалынды - Нюрнбергтің бургомистрі Бертольд Гольтцшуэрмен және профессор Георг Обрехтпен. Оның идеясы белгілі бір топтың барлық балаларын міндетті сақтандыруда болды. Бала өмірге келген кезде әкесі белгілі бір соманы мемлекеттік қазынаға аударуға міндетті болды, ал бала белгілі бір жасқа толғанда оның әкесі салған сомадан бірнеше есе артық соманы иеленді. Баланың өлімі жағдайында салым мемлекеттің меншігіне айналды. Бірақ, Бұл жобалар жүзеге аспады.
Францияға эмиграцияланған Неополитандық дәрігер Лоренцо Тонти өзінің атымен "тонтиндық қарыз" деп аталған жобаны әзірледі. Бұл жоба 17 ғасырдың ортасында Францияда кеңінен тарады, бірнеше мемлекеттік тонтиндер құрылды. Тонтиндік қарыздар қазіргі заманғы өмірді сақтандырудың бастамасы болып табылады, яғни сақтандыру жағдайларының статистикасы негізінде сақтандыру жарналарын есептеу.
Одан әрі қарай жаңа нәрселер ойланып шығарылмады. Тек кана статистика нақтылана және күрделене түсті, есептеу үшін арнаулы математикалық модельдер құрылды, сақтандырудың бұл түрін құқықтық реттеу күшейе түсті.
Ресейде өмірді сақтандыру барынша жай дамыды. Тек 1835 жылы "Капитал мен табыстардың Ресейлік сақтандыру қоғамы" құрылды. [5; Б. 44] Бұл қоғамға 20 жыл ішінде өмірді сақтандырумен айналысты және барлық салықтардан босатылды. 19 ғасырдың аяғында Ресейде өмірді сақтандырумен 6 ресейлік сақтандыру компаниялары айналысты: "Российское", "Санкт-Петербургское", "Коммерческое", "Якорь", "Россия", және "Заботливость", 2 американдық "Нью-Йорк", және "Эвитейль" және 1 француздық "Урбэн".
Жеке сақтандырудың кездейсоқ оқиғалар мен аурулардан сақтандыру сияқты шарт нысаны, біріншіден, жұмысшылардың түрлі өндірістік жарақат алуы кезінде олардың мүдделерін қорғау ретінде дами бастады. 1541 жылғы Висби теңіздік құқығына сай кеменің иесі теңіздегі кездейсоқ оқиғадан капитанның өмірін сақтандыруға міндетті болды. 1665 жылы Голландияда әскерге жалданушының денесінің түрлі бөліктерін жоғалту жағдайында сыйақы табелін қолданды. Мамандығына байланысты сақтандыру жарнасындағы айырмашылық алғаш рет Германияда пайда болды. Неміс сақтандыру қоғамдары барлық мамандықтарды қауіптілік дәрежесіне қарай 12 сыныпқа бөлді. 1-ші сыныпқа оқытушылар жатқызылды, ал 12-ші сыныпқа жарылғыш заттарды әзірлеумен айналысатын жұмысшылар жатқызылды. 18 ғасырдың басында Германияда қолдың немесе аяқтың сынуы жағдайында өзара көмек одақтары өмір сүрді. Алғашында жалданушы еңбек әлсіз дамығандықтан, мүшелері қолөнершілер, көпестер болған цехтік ұйымдар, гильдиялар алғашқы кәсіби бірлестіктер болды және сақтандыру өзара келісім негізінде құрылды. Жалданушы еңбектің дамуына байланысты өндірістік жұмысшылардың кәсіби одақтары пайда болды. Бұл бірлестіктер өз мүшелерінің мүдделерін қорғау үшін, яғни өзара сақтандыру қағидаларының негізінде сақтандыру кассаларын құра бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz