Қарапайымдылар типі



1. Споровиктер класы.
2. Инфузориялар класы.
Бұл класка тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, иесін алмастыру арқылы жүреді.
Өкілдері: қан споралылар және кокцидий отрядтары.
I. Қан споралылар отряды — Неamasporidіа
Қан споралылары өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жұреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады.
Бұл отряд өкілі болып адам паразиті безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын коздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:
Plasmodium vivax – үшкүндік малярия туғызушы.
Plasmodium malarie – төрткүндік малярия туғызушы.
Plasmodium falciparium – тропикалық малярия туғызушы.
Plasmodium ovale – үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.
Бәрінің даму циклі және кұрылысы ұқсас: аралық иесі - адамдар, ақырғы иесі - безгек масасы болып табылады.
Тіршілік цикліүш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.
I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
1.Омыртқасыздар зоологиясы: оқулық \ К.Дәуітбаева.-Алматы, 1 - кітап. - 2004. - 376 б.
2.Омыртқасыздар зоологиясы: оқулық \ К. Дәуітбаева. - Алматы, 2 - кітап. - 2005. - 416 б.
3. Догель, В. А. Зоология беспозвоночных / В. А. Догель. – М. :Высш. шк., 1981. – 606 с.
4. Иванов, П. П. Происхождение многоклеточных животных / П. П. Иванов. – М. : Наука, 1968. – 287 с.
5. Иванова-Казас, О. М. Курс сравнительной эмбриологии беспозвоночных животных / О. М. Иванова-Казас, Е. Б. Кричинская. – Л. : Изд-во ЛГУ, 1988.
6. Иванова-Казас, О. М. Сравнительная эмбриология беспозвоночных
животных: Иглокожие и полухордовые / О. М. Иванова-Казас. – М., 1978.

Қосымша:
1. Жизнь животных: в 7 т. Т. 1-7. / под ред. Р. К. Пастернак ; редколлегия В. Е. Соколов. – 2-е изд., перераб. – М. : Просвещение, 1988. – 447 с.
2. Натали, Ф. Ф. Зоология беспозвоночных / Ф. Ф. Натали. – М. : Просвещение, 1975. – 416 с.
3. Росс, Г. Энтомология / Г. Росс, Ч. Росс, Д. Росс. – М. : Мир, 1985. – 900 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т.1. Протисты и низшие многоклеточные : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 496 с.
5. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т. 2. Низшие целомические :
пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 448 с.
6. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных. Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. – М. : Академия, 2008. – 448 с.
7. Биология. В 2кн. 2: Учеб.для медиц. спец. Вузов \ В.Н. Васильева, И.Н. Волков, В.В. Синелыцикова;Под ред. В.Н. Ярыгина. – 9-е изд., испр. и доп. – М.: Высш.шк., 2012. – 432

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
рылымы

Тақырыбы: Қарапайымдылар типі. Споровиктер және инфузориялар класының, жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы.

Мақсаты: қарапайымдылар типінің өкілдерінің жіктелуі және ортақ белгілерін, олардың практикалық маңызын оқу.

Дәрісжоспары:
1. Споровиктер класы.
2. Инфузориялар класы.

Дәріс тезистері
Споралылар класы - Sporozoa
Бұл класка тек паразиттік формалар жатады. Бұлардың қозғалу органоидтары, ас қорыту және жиырылғыш вакуольдері болмайды. Жыныссыз және жыныстық жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі шизогония (көпшілікті бөліну) күйінде болады. Тіршілік циклі күрделі, иесін алмастыру арқылы жүреді.
Өкілдері: қан споралылар және кокцидий отрядтары.
I. Қан споралылар отряды -- Неamasporidіа
Қан споралылары өздерінің дамуының белгілі бір сатысын адамның не әр түрлі омыртқалылардың эритроциттерінде өткізеді. Олардың даму циклі иесін алмастыру арқылы жүреді. Жыныссыз көбеюі адам денесінде, жыныстық көбеюі омыртқасыз жануарларда, (несекомдарда) жұреді. Бұлар спора түзбей бір иесінен екіншісіне тікелей беріліп отырады.
Бұл отряд өкілі болып адам паразиті безгек плазмодиясы саналынады - ол безгек ауруын коздырады. Адамдарда безгек плазмодийінің 4 түрі паразиттік тіршілік етеді:
Plasmodium vivax - үшкүндік малярия туғызушы.
Plasmodium malarie - төрткүндік малярия туғызушы.
Plasmodium falciparium - тропикалық малярия туғызушы.
Plasmodium ovale - үшкүндікке ұқсас малярия туғызушы.
Бәрінің даму циклі және кұрылысы ұқсас: аралық иесі - адамдар, ақырғы иесі - безгек масасы болып табылады.
Тіршілік цикліүш кезеңге бөлінеді, оның екеуі адам денесінде, үшіншісі маса денесінде өтеді.
I. Преэритроцитарлық шизогония. Плазмодий адам денесіне зақымданған маса сілекейінде болатын спорозоиттар күйінде енеді, яғни бұлардың инвазиялық сатысы болып спорозоиттар саналады. Спорозоиттар қан арқылы бүкіл денеге, бауыр жасушаларына келіп жетеді. Бұл жерде олар өсіп, үлкейіп шизонтқа айналады. Содан кейін шизонт шизогония жолымен (көпшілікті бөліну) бөлініп, көптеген (1000-5000) ұсак бір ядролы мерозоиттар пайда етеді. Бұл процесс преэритроцитарлық немесе ұлпалық шизогония деп аталады. Бауыр жасушалары бұзылғанда мерозоиттар шығып қанға өтіп эритроциттерге енеді.
II. Эндоэритроцитарлық шизогония. Эритроциттерге енген мерозоиттар гемоглобинмен қоректеніп өсіп шизонтқа айналады. Өздерінің дамуында мерозоиттар бірнеше сатыдан өтеді: алғаш олардың өлшемдері өте кішкентай, эритроцит көлемінің 13-16 бөлігін алып, цитоплазмасы сақина тәрізді болады бұл сақиналы шизонт сатысы; әрі қарай сақиналы шизонт ұлғайып, жалғанаяқтар пайда болып, қозғалып, амебатәрізді шизонтқа айналады. Шизонт бірте-бірте өсіп, эритроцит көлемін түгел толтырады, гемоглобинді толық жояды және шизогония жолымен бөлінеді. Әр түрлі түрлерде түрліше мөлшерде мерозоиттар түзіледі. Р1.vіvах-22, Р1.malarіае-6-12, РІ.falciparum 12-18. Бұл кезде эритроциттер кабықшасы жыртылып мерозоиттар канға өтеді де зақымданбаған жаңа эритроциттерге еніп жаңа цикл басталады. Мерозоиттармен бірге қанға олардың улы өнімдері де етеді. Осының нәтижесінде ағзада қалтырау ұстамасы басталады. Эндоэритроцитарлық кезең РI.vіvах, РI. falciparum,PI.ovale -де 48 сағатқа (үшкүндік безгек), Р1.malarіае - 72 сағатқа (төрткүндік безгек) созылады. Шизогонийдің қайталануы нәтижесінде адам ағзасындағы паразиттер саны тез көбейеді. Бірнеше дүркін жыныссыз кебеюден кейін жыныстық жолмен көбеюге дайындық басталады. Кейбір мерозоиттар эритроциттерге еніп жетілмеген жыныстык формаларға -- гаметоциттерге айналады. Олардың кейбіреулері аналық жыныс формаларын -- макрогаметоциттерді, енді біреулері -- аталық жыныс формаларын -- микрогаметоциттерді түзеді. Гаметоциттер шизонттарға қарағанда ірілеу, домалақ болып келеді, олардың қою қара ядросы болады. Адам ағзасында гаметоциттер әрі қарай дамымайды. Олардың әрі қарай дамуы маса денесінде өтеді.
III. Жыныстық көбеюі және спорогония. Маса ағзасына гаметоциттер ауру адамның қанымен бірге енеді. Маса асқазанында олар жетілген жыныстық нысанға немесе гаметаларға айналады. Микрогаметоциттер бөлініп 5 -- 6 талшық тәрізді микрогаметаларға, ал макрогаметоциттердің көлемі үлкейіп 1 макрогаметаға айналады. Ұрықтанғаннан кейін зигота козғалғыш оокинетағаайналып, асқазан қабырғасын тесіп өтіп оның сыртқы қабатына бекінеді. Ол қабықшамен қапталып ооцистағаайналады да тез өсе бастайды. Содан кейін спорогония процесі басталады, яғни ядро мен цитоплазма бөлініп ооциста ішінде көптеген (1000) спорозоиттар түзіледі. Ооциста кабықшасы жарылып спорозоиттар масаның дене қуысына, гемолимфаға, сілекей безіне өтеді.
Патогендік әсері. Ауруларда мезгіл-мезгіл қалтырау ұстамасы (қызбасы) байқалады. Әрбір қызбада 6 -- 12 сағатқа созылған қалтырау және дене температурасының 40°С дейін көтерілуі байқалады.
Бауыр мен талақ ұлғаяды, қаназдылық байқалады. Емделмесе, әдетте, дүние салуға алып келеді.
Лабораториялық анықтау үшін қан жұғындысын микроскоп арқылы зерттеп паразитті табу кажет.
Аурудың алдын алу шаралары -- безгек резервуары болып саналатын ауру адамдарды дер кезінде тауып емдеу; ауру паразиттерін тасымалдаушы -- безгек масасын жою болып табылады.
II. Кокцидий отряды -- Соссіdіа
Бұл отряд өкілдерінің ішінен маңыздысы - токсоплазма.
Токсоплазма -- Тохорlasmа gondіі -- адамның және жануарлардың токсоплазмоз ауруын тудырушы, барлық жерлерде кең таралған паразит.
Токсоплазма адам ағзасының әр түрлі мүшелерінде -- бас миында, скелет (қаңқа) және жұрек бұлшықеттерінде, кез ұлпасында, өкпеде, жатыр қабырғасында және ұрық қабықшаларында кездеседі.
Морфофизиологиялық ерекшеліктері.
Токсоплазма эндозоит сатысында апельсин жемісінің бір бөліміне немесе жарты айға ұксас болады; оның өлшемі -- ұзындығы 4 -- 7 мкм, ені -- 2 -- 4 мкм. Оның ал-дыңғы жағы қысыңқы, ал артқы жағы кең және домалақтанып келген. Денесін пелликула қаптап тұрады, денесінің алдыңғы жағында конус тәрізді кұрылым -- коноид болады. Оның кабырғасында ширатылған фибриллдар кездеседі. Коноид паразиттің иесі денесіне енуі кезінде тірек кызметін атқарады деп есептелінеді. Коноидтан кейін токсоплазма денесінің артына карай бірте-бірте кеңейген қалта тәрізді органоид -- роптрий бастама алады. Роптрийда паразиттің жасушаға енуін жеңілдететін заттар болады. Роптрий айналасында, дененің алдыңғы жағында, онымен байланысқан және ирелендеген жіпшелер -- микронемалар кездеседі.
Тіршілік циклі. Ақырғы, негізгі иесі болып мысық; аралык иесі -- құстар, сүтқоректілер және адамдар саналады.
Аралық иесінің ішегіне спорозоиттары бар ооциста енеді. Спорозоиттар ооцистадан босанып шығып ішектін эпителий жасушаларына енеді және бөлініп көбейе бастайды. Оның қайта-қайта көбеюі нәтижесіңде иесінің денесінде паразит саны еселеп өседі. Олар жалпы бір қабықшамен қапталып цистага айналады.
Циста ақырғы иесінің денесіне өтсе, ондағы спорозоиттар домалактанып шизонтқа айналады. Ол шизогония жолымен көбейеді. Осының нәтижесінде көптеген талшық тәрізді мерозоиттар түзіледі. Эндозоиттар ішек куысына өтіп жаңа жасушаларға енеді де қайтадан шизонтқа айналып көбейеді. Бірнеше рет жыныссыз көбеюден кейін жыныстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың систематикасы
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Дизентерия және ішек амебалары
“Зоология” курсының кіріспесі
Протозоа дүние тармағы
Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар және талшықтылар класының, жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Қарапайымдыларға жалпы сипаттама
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Споровиктер және инфузориялар. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Пәндер