Қанатты сөздердiң қайнар көзi
Алғысөз орнына
Қанатты сөздердiң зерттелуi туралы
Қанатты сөздердiң тәрбиелiк мәнi
Тарихи қанатты сөздердiң тарих сабағында қолданылуы барысы.
Қазақ тарихын оқып үйренуде кездесетiн тарихи қанатты сөздердiң кейбiр хақында .
Қанатты сөздердiң алфавиттiк жүйе бойынша берiлуi
Латындық қанатты тарихи сөздер ..
Тарихи афоризмдер
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері
В.О.Ключевскийдiң ой қазынасынан
Жеке ойлар
Тарихи көңiлашар
Тарихи романдардан үзіндiлер ... ..
Библиография

Қазiргi қазақ тiлiнiң қоғамдық қызметi әр алуан. Қолданылу өрiсiнiң кеңейгендiгi сонша – өмiрдiң барлық саласын дамытудың пәрмендi құралы ретiнде ғажайып бейнелеу тәсiлдерiмен, икемдiлiгiмен, мәнерлеу мүмкiндiгiнiң молдығымен, бай әрi мәдениетi жетiлген тiл екендiгiн танытып отыр.
Тiл мәдениетi мәселелерi әдеби тiл және оның тарихи, қазiргi әдеби тiлдiң арналарымен өзектес жатыр. Сондықтан сөйлеу мәдениетiн әдеби тiлмен ұштастыру қажет (1).
Осы орайда нақыл сөздердiң, мақал-мәтелдердiң, шешендiк сөздердiң және қанатты сөздердiң, соның iшiнде тарихи қанатты сөздердiң үлкен маңызы бар десек, артық айтқандық болмайды.
Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда және баспасөз беттерiнде мақал-мәтелдер сияқты «тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн бiлдiретiн» нақыл, қанатты сөздер (афоризмдер) көп кездеседi. Мұндай қанатты сөздер мақал-мәтелдерге өте ұқсас. Бұлардың өз ара жақындығы сонша iшкi-сыртқы кұрылысы, мазмұны жағынан бiр-бiрiнен ажырату қиын. Кейде жеке адам айтқан немесе белгiлi бiр оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегi бар нақыл сөздер мақал-мәтел ретiнде айтылады (2).
Қанатты сөздер шартты түрде екiге бөлiнедi: әдеби қанатты сөздер және тарихи қанатты сөздер. Әдеби қанатты сөздердi ақындар мен жазушылар, шешендер, билер айтуы мүмкiн болса; ал тарихи қанатты сөздердi тарихи тұлғалар, мемлекет қайраткерлерi, әскери қолбасшылар, тарихи оқиға кейiпкерлерi айтуы мүмкiн.
Өзара жақындықтарымен қанатты нақылдардың мақал-мәтелдерден айырмасы, сонымен қатар накыл сөздердiң көбiнесе белгiлi өз авторлары болады. Жұрт «Абай айтыпты», «Махамбет айтыпты», «Ыбырай өсиетi» деп айтады. Болмаса «бұл сөздiң шығуына мынадай тарихи жағдай себеп болыпты», - дейдi (3).
Немесе «Напалеон айтыпты», «Цезардың мынадай сөзi бар» деп айтамыз.
Қанатты сөз, мақал-мәтел, афоризм деген терминдер өзара кейде синоним ретiнде қолданылады. Олардың бiр-бiрiнiң орнына жұмсалуы дұрыс емес. Сондықтан осыны түсiну үшiн оларға терминдiк тұрғыдан анықтама берiп көрелiк.
МАҚАЛ - сырттай қарапайым көрiнгенiмен, iштей ырғақ пен ұйқас үйлесiмiне құрылған тобықтай түйiн, тұжырымды, түйiп айтылған ой, қысқаша қорытынды. Бұл жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен де берiледi.

1.Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, Москва,1987
2.М.А.Булатов, Крылатые слова, Москва,1958
3.С.В.Максимов, Крылатые слова, Москва,1954
4.Н.И.Кондаков, Л.А.Кленовская, Крылатые аргументы, Москва,1989
5.А.С.Шофман, Древний мир в лицах и образах, Казань,1991
6.Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения, Москва,1988
7.Словарь крылатых латинских слов, Москва,1981
8.Б.Алдамбаев, Халық даналығы,Алматы,1976
9.Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер.Алматы,1977
10.Б.Хасанов, Қанатты сөздер,Алматы,1972
11.Н.Төреқұлов, Нақыл сөздердiң тәрбиелiк мәнi, Алматы,1971
12.Словарь античности, Москва,1990
13.Мифологический словарь, Москва,1990
14.Әйгiлi гректер, Алматы,1977
15.А.А.Брагина, Русское слово в языках мира, Москва,1978
16.Э.А.Вартаньян, Путешествие в слово, Москва,1987
17.М.Горбаневский, В мире имен и названий, Москва,1987
18.И.Можейко, Әлемнiң 7 және 37 кереметi, Алматы,1988
19.Ю.В.Откупщиков, К истокам слова, Москва,1973
20.Е.Г.Ковалевская, История слов, Москва,1968
21.Б.Б.Кудрявцев, Биография великана, Москва,1967
22.Н.М.Шаинский, В мире слов, Москва,1985
23.Книга для чтения по истории, Москва,1987
24.Хрестоматия по новейшей истории 1917-1945,Москва, 1987
25.Е.Б.Агибалова, Г.М.Донской, Орта ғасырлар тарихы, Алматы,1980.
26.Х.К.Кожахметова, Р.Е.Жайсакова, Ш.Кожахметова «Қазақша-орысша фразеологиялық сөздiк», Алматы, «Мектеп», 1988 жыл
27. В.О.Ключевский, Сочинения в девяти томах Москва, «Мысль», 1990
28. Көңiлашар,(Кұрастырған !.Есхожин), Алматы, Қайнар, 1993
29. І.Кеңесбаев, Фразеологиялық сөздік, «Арыс», Алматы, 2007
30. Саяси түсіндірме сөздік, (Құрастырушылар Е.Саиров, Б.Әбдіғали, Т.Жабелова, Д.Әлібек) «Жүйелі зерттеулер институты», Астана, 2007
31. Л.К.Байрамова, П.Н.Денисов, Фразеологический словарь языка В.И.Ленина, Издательство Казанского университета, 1991
32. Н.Т.Бабичев, Я.М.Боровский, «Словарь латинских крылатых слов» , Издательство «Руский зык», 1980)
33. Энциклопедический словарь крылатых слов и выражений, Автор-составитель В.Серов, 2-ое издание, Москва, Локид-Пресс, 2005 г.
34. М.Кемел, Ақыл қалта, Астана, «Аударма» баспасы, 2007)
35. Ә.Нұршайықов, Ақиқат пен аңыз. Роман-диалог, «Жазушы» баспасы, 1992 жыл

Автор туралы
Жұмағазиев Ертай Жиенбайұлы 1966 жылы 17 сәуірде Қызылорда облысы
Қазалы ауданында дүниеге келген.
Қызылорда Қорқыт ата атындағы педагогикалық институтының (1987-1992)
тарих факультетін үздік дипломға, Қ.А.Яссауи атындағы мемлекеттік қазақ-
түрік университетінің (1993-1998) заң факультетін бітірген. 1995 жылдан
заңгерлік қызметтер атқарып келеді.
Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Байқоңыр кешеніндегі
арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болып қызмет
атқарады.
Мемлекеттік қызметте жүріп шығармашылықпен айналысумен тұрақты
шұғылданған. 1995 жылдан осы кезге дейін 50-ден аса мақалалары
республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жарияланған.
Мынадай кітаптарды қосалқы автор құқымен шығарған: 2001 жылы
Е.Жұмағазиев пен С.Сулейменнің орыс тіліндегі Мир юриспруденции в
высказываниях, афоризмах и крылатых словах атты кітабы Данекер
баспасынан, 2001 жылы Е.Жұмағазиев пен С.Сүлейменнің Заңдылық пен
Әдiлдiкке құштарлық атты кітабы Жетi Жарғы баспасынан, ал Е.Жұмағазиев,
Т.Алданов, Г.Баймұратовалардың Мастерство выступления на судебном
процессе атты кітабы Юрист баспасынан жарық көріп, көпшілікке тараған.
Мемлекеттік қызмет атқару барысында В память 50-летия Байконура
мерекелік медалімен (25.05.2005 жылы) және Қазақстан Конституциясына 10
жыл мерекелік медалімен (Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы,
25.08.2005 жыл) марапатталған.
Естiлердiң сөзiн ескерiп жүрген
адам өзi де естi болады.
Абай Құнанбайұлы
Бұл жинаққа тарихи қанатты сөздер, яғни тарихи цитаттар, бейнелi
сөздер, тарихи тұлғалардың айтқан дана сөздерi және тарихи бағыттағы
тарихи-әдеби шығармалар мен мифтердiң қанатты сөздерге айналып кеткен
кейiпкерлерiнiң есiмдерi кiрiп отыр.
Қанатты сөздер сөйлер сөздiң iнжу-маржаны ретiнде ұсынылғандықтан,
оларға талдау жасалып, мәнi ашылған. Олардың шығу және айтылу тарихына шолу
жасалып, қажет жағдайда оны шығармашылықпен пайдаланудың жолдары көп
тараған шығармалар негiзiнде көрсетiлген.
Сөздер мен бейнелi сөздердiң ағаш жапырағы сияқты гүлдену және сарғаю
кезеңдерi, яғни өздерiне тән көктемi мен күзi болады, - деген болатын
Гораций. Ал тарихи қанатты сөздердiң өмiрi - мәңгiлiк. Өйткенi ол көптеген
тарихи оқиғаларды, мәселелердi ерiксiз көз алдыңа елестетедi. Сондықтан да
тарих - адамзат өмiрiнiң болашағы. Мiне, осы ретте де тарихи қанатты
сөздердi орынды қолдана бiлейiк. Өйткенi тарих жас ұрпақты тәрбиелейтiн
бiрден-бiр - күш.
Мектеп - жеткiншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер
болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берiк ұстау керек, -
деген болатын А.Барбюс. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде оқу орнының, оның
iшiнде мұғалiм тұлғасының орны ерекше. В.О.Ключевский: Мұғалiмге сөз өз
ойын сапырыстырып айту үшін берiлмейдi, басқаның ойына қозғау салу үшiн
берiледi, - деген болатын. Мiне, сондықтан да қанатты сөздердiң, соның
iшiнде тарихи қанатты сөздердiң жас жеткіншекті тәрбиелеуде маңызы жоғары.
Болашақ ұрпақтың сыбағасына көп нәрсенiң тиетiнi анық. Сондықтан
олардың санасында өткеннiң сабағы - бүгiнгi күннiң игiлiгiне айналуы тиiс.
Сондықтан да ата-баба аманатына, аға-ұрпақ дәстүрiне жауапкершiлiкпен
қарауға міндеттіміз.
Туған елiнiң, халқының шынайы тарихын бiлу, жеке тұлғалардың
сөздерiнен және тарихи оқиғалардан сабақ алу бүгiнгi жас ұрпақтың азаматтық
парызы.
Бұл зерттеу жұмысының хронологиялық кезеңi жалпы тарихты қамтиды.
Өйткенi қанатты сөздер қай кезде, қай заманда айтылмасын, сол сөздiң құны
күн тәртiбiнен, замана талабынан өз орнын табады.
Гомердiң айтуы бойынша қанатты сөздер дегеніміз сөздiң қанатында
үлкен ой болып, ол өз тыңдаушысына ұшатын сияқты (К ней обращенный лицом,
устремил он крылатые речи, Илиада,1,201).
Егер сөз әлеуметтiк өмiрдiң бай тарихи тәжiрибесiнен қайнап шыққан кең
мазмұнда тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн бере алса, сонысымен
құдiреттi (Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 25-бет).
Қанатты сөздердiң тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Кiмде-кiм болмасын өзiнiң
көпшiлiк алдында айтайын деген немесе қағаз бетiне түсiрейiн деген ойын әрi
өткiр шығып, тыңдаушы көкейiне қонымды болу жағын қарастырады. Сондықтан да
қысқа да нұсқа, нақты да мәндi сөйлеу әрбiр азаматтың қолы жете бермейтiн
қасиет болғандықтан, бұл жинақтағы қанатты сөздер – қанатты тарихи сөздер
барлық жұртшылық қауымға септiгiн тигiзедi деген ойдамын.
Кiтаптың өзiндiк ерекшелiктерi бар. Оны айтуды оқырманға қалдырдық.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры,
тарих ғылымының кандидаты
Аңсатова Меруерт Нағметқызы
Қанатты сөздер туралы
Қазiргi қазақ тiлiнiң қоғамдық қызметi әр алуан. Қолданылу өрiсiнiң
кеңейгендiгi сонша – өмiрдiң барлық саласын дамытудың пәрмендi құралы
ретiнде ғажайып бейнелеу тәсiлдерiмен, икемдiлiгiмен, мәнерлеу
мүмкiндiгiнiң молдығымен, бай әрi мәдениетi жетiлген тiл екендiгiн танытып
отыр.
Тiл мәдениетi мәселелерi әдеби тiл және оның тарихи, қазiргi әдеби
тiлдiң арналарымен өзектес жатыр. Сондықтан сөйлеу мәдениетiн әдеби тiлмен
ұштастыру қажет (1).
Осы орайда нақыл сөздердiң, мақал-мәтелдердiң, шешендiк сөздердiң және
қанатты сөздердiң, соның iшiнде тарихи қанатты сөздердiң үлкен маңызы бар
десек, артық айтқандық болмайды.
Ел аузында, жазба әдеби шығармаларда және баспасөз беттерiнде мақал-
мәтелдер сияқты тоқсан ауыз сөздiң тобықтай түйiнiн бiлдiретiн нақыл,
қанатты сөздер (афоризмдер) көп кездеседi. Мұндай қанатты сөздер мақал-
мәтелдерге өте ұқсас. Бұлардың өз ара жақындығы сонша iшкi-сыртқы кұрылысы,
мазмұны жағынан бiр-бiрiнен ажырату қиын. Кейде жеке адам айтқан немесе
белгiлi бiр оқиғадан, құбылыстардан шыққан, тарихи дерегi бар нақыл сөздер
мақал-мәтел ретiнде айтылады (2).
Қанатты сөздер шартты түрде екiге бөлiнедi: әдеби қанатты сөздер және
тарихи қанатты сөздер. Әдеби қанатты сөздердi ақындар мен жазушылар,
шешендер, билер айтуы мүмкiн болса; ал тарихи қанатты сөздердi тарихи
тұлғалар, мемлекет қайраткерлерi, әскери қолбасшылар, тарихи оқиға
кейiпкерлерi айтуы мүмкiн.
Өзара жақындықтарымен қанатты нақылдардың мақал-мәтелдерден айырмасы,
сонымен қатар накыл сөздердiң көбiнесе белгiлi өз авторлары болады. Жұрт
Абай айтыпты, Махамбет айтыпты, Ыбырай өсиетi деп айтады. Болмаса
бұл сөздiң шығуына мынадай тарихи жағдай себеп болыпты, - дейдi (3).
Немесе Напалеон айтыпты, Цезардың мынадай сөзi бар деп айтамыз.
Қанатты сөз, мақал-мәтел, афоризм деген терминдер өзара кейде синоним
ретiнде қолданылады. Олардың бiр-бiрiнiң орнына жұмсалуы дұрыс емес.
Сондықтан осыны түсiну үшiн оларға терминдiк тұрғыдан анықтама берiп
көрелiк.
МАҚАЛ - сырттай қарапайым көрiнгенiмен, iштей ырғақ пен ұйқас
үйлесiмiне құрылған тобықтай түйiн, тұжырымды, түйiп айтылған ой, қысқаша
қорытынды. Бұл жай сөйлеммен де, құрмалас сөйлеммен де берiледi.
МӘТЕЛ - қорытындыға меңзеген, бiтпеген ой. Жай сөйлем, сөз тiркесi
түрiнде көрiнiс бередi.
АФОРИЗМ - белгiлi бiр авторға ғана тән сөз айшығы (4).
Ал қанатты сөз - Гомердiң айтуы бойынша, қайталап айтсақ, сөздiң
қанатында үлкен ой болып, ол өз тыңдаушысына ұшатын сияқты деген оймен
ашыла түседі (5).
Егер сөз әлеуметтік өмiрдiң бай тарихи тәжiрибесiнен қайнап шыққан кең

құдiреттi (6).
Ал В.И.Ленин былай деп айтқан: Мейлiнше қиын құбылыстардың мәнiн
ғажап түрде дәл бiлдiретiн бейнелi сөздер болады (7).
Ендi тарихи қанатты сөздерге толығырақ тоқталатын болсақ, ол өте қызық
тақырып. Орыс тiлiндегi Приехал Кутузов, бить французов, Александр
Македонский герой, но зачем же стулья ломать дейтiн тарих iздерiнен қалған
сөздер тәрiздi қазақ тiлiндегi Барар жерiң Балқан тау, ол да бiздiң көрген
тау деген сөз – Шыңғысхан басқыншылығы кезiнен; Ақтабан шұбырынды, Алқа
қол сұлама сөзiнiң Жоңғар шапқыншылығы заманынан қалғаны белгiлi.
Кейбiр қанатты сөздердiң қандай оқиға, жағдайдан шыққанын оңай
аңғаруға болады. Халқымыздың демократ ойшылы Шоқан Уәлиханов Елдi ала
тайдай бүлдiрдiң деген қанатты сөздiң қалай шыққанын баяндайды:
...ертеректе Жоңғар шабуылы кезiнде бiр күнi кешкiсiн байлаудан босанып
кеткен ала тай ауылды айнала шабады. Үрейленiп отырған ауыл адамдары
сырттағы дүбiрдi естiп, жау келiп қалды деп жөнкiле жөнеледi. Кейiн
байқаса, шапқан жау жоқ. Елдi дүрлiктiрiп жүрген тек қана ала тай болып
шығады. Содан былай қарай жұрт: елдi шетiнен үркiтiп, үрей тудыратын
бiреулердi көрсе, оған: елдi ала тайдай бүлдiрдiң дейдi (8).
Қанатты сөз деген термин өмiрге қалай келдi?! Бұрын айтылғандай, бұл
сөздi алғаш Гомер өзiнiң Илиада атты поэмасында қолданды. Ал жиi
қолданыла бастауы 1864 жылы немiс ғалымы Георг Бюхманның (1822-1884)
Қанатты сөздер деген кiтабы жарыққа шыққаннан кейiн болды. Г.Бюхманның
осы кiтабы 1926 жылға дейiн 27 рет жарық көрдi. Ал 1882 жылдан бастап басқа
тiлдерге аударыла бастады. Ал орыс тiлiне 1890 жылғы С.В.Максимовтың
Крылатые слова по толкованию С.В.Максимова деген кiтабы жарыққа шыққан
соң қолданысқа ендi (9).
Қанатты сөздердiң қайнар көздерi неде? Оның қайнар көздерi мыналар:
тарихи шығармалар, тарихи оқиға, тарихи тұлғаның ойы, жазба ескерткiштер,
тарихи романдар және т.б.
Қанатты сөздер ұрпақтан ұрпаққа, елден басқа елге тарайды. Ол бiздiң
тiлiмiздi байытады. Белгiлi бiр мәселенi ұзақ түсiндiрудiң орнына, қанатты
сөздi қолдануға болады. Мысалы, Авгийдiң ат қоралары деген қанатты сөзді,
яғни өте лас үй туралы айтқанда қолданамыз. Оның шығу тарихы мынадай:
грек мифологиясындағы Элида патшасы Авгийдiң көп жылдардан берi ат қорасы
тазаланбаған болатын, оны не бәрi бiр-ақ күнде Геракл өзен суын ат-қора
iшiмен жүргiзу арқылы тазалапты. Бұл миф сицилиялық тарихшы Диодордың
еңбегiнде айтылады (9).
Осы тарихи қанатты сөздi В.И.Ленин өз шығармасында былай пайдаланды:
Осы Авгий ат-қораларының кез-келгенiн алып көрiңiзшi, - ретi келген соң
айта кетейiн, барлық алдыңғы қатарлы мемлекеттер бұдан 125, 250 және одан
да көп жылдар бұрын өздерiнiң буржуазиялық демократиялық революцияларын
жасаған кезде жеткiлiктi тазартылмаған күйiнде соншалықты мол етiп
қалдырған, - осы Авгий ат-қораларының кез-келгенiн алып көрiңiздер,
бiздің оларды тап-таза етiп тазартқанымызды көресiздер (11).
Тарихи қанатты сөздер ертедегi әдеби мұраларда кездеседi. Мысалы,
Маңдайына жазылған - ежелгi орыс мемлекетiнде сотталған адамдарды айдауға
жiберер алдында сотталғандығы туралы маңдайына жазады екен. Бұл сөз содан
қалыпты. Бұл заң 1746 жылдан бастап императрица Елизаветаның жарлығы
бойынша, қылмыскерлер игi жүздi және күнәсіз адамдардан ерекшеленiп тұруы
үшiн қолданылатын болған. Қазiр маңдайында жазулы тұр ма? деп, ауыспалы
мағынада колданылады.
Кейбiр жағдайда тарихи қайраткерлердiң айтқан ойлары қанатты сөзге
айналған. Мысалы, Келдiм, көрдiм, жеңдiм. Ю.Цезарь Зеле түбiнде б.э.д. 47
жылы Фаркан әскерiн тез уақыт аралығында жеңген соң, Римдегi достарының
бiрiне: Келдiм, Көрдiм, Жеңдiм - деп хабар жiберген екен. Осы жеңiстен
соң Ю.Цезарь Римге салтанатты шерумен кiргенде, хабар алған достары оның
алдына көшеге өзi айтқан сөздi жазып қойыпты. Бұл бейнелi сөз бiр қиын
мiндеттi тез арада шешкендi бiлдiру үшiн колданылады.
1709 жылғы Полтава шайқасы қарсаңында 1 Петр Сенатқа хат жазды.
Көтерiлiстi кешеуiлдету өлiммен тең, - дедi. Белгiлi бiр нәрсенi, iстi
кейiнге қалдыру жеңiлiске әкелетiндiгiн бiлдiру мақсатында айтылады.
Кейбiр кiтаптардың, пьесалардың, статьялардың, картина мен
кинофильмдердiң аты да қанатты сөзге айналды. Мысалы, Құрыш қалай шынықты
1932-34 жылдары жазылған Н.Островскийдiң романы. Бұл қанатты сөз кеңес
адамының қалыптасуы туралы сөз болғанда қолданылады.
Қызыл Жебе - Ш.Мұртазаев өзiнiң Т.Рысқұлов жайындағы романын Қызыл
Жебе деп атап, оның эпиграфына былай деп жазды: Ұлы Қазанның алауында
шыңдалған, алысқа атылған Қызыл Жебе сынды Т.Рысқұловқа ескерткiш.
Қанатты сөздерге әдеби шығармалардың, халық ертегiлерінiң, мифтердiң
кейiпкерлерi енедi. Мысалы, Прометей, Геркулес, Фортуна, Ер Төстiк, Геракл
және тағы басқалар жатады.
Тарихи қанатты сөздерге тарихи тұлғалардың жеке есiмдерi де айналады:
Мысалы, Меценат, Крез, Қажымұқан, Вергилий және т.б.
ВЕРГИЛИЙ - б.э.д. 70-19 жылдарда өмiр сүрген атақты рим ақыны. Ол ерте
дүние өкілдері ішінен жоғары ақыл иесi ретiнде бағаланды. Сондықтан, оның
есiмi тәжiрибелi, ақылды деген мағынада қолданылады.
МЕЦЕНАТ - бай рим патрициi Гай Цильний Меценат (б.э.д. 74-8) өз
өмiрiнде суретшiлер мен ақындарға табынған. Өнер мен ғылымды сүйіп, оған
көмек көрсеткен адам туралы айтқанда ол Меценат қой деп айтамыз (12).
ҚАЖЫМҰҚАН - дене бiтiмi палуан келген, бiлектi, жау жүрек адамдарды
көргенде жұрт мынау өзi Қажымұқан сияқты дейдi. Кейде әкесi жас баласын
мақтаныш етiп, менiң бұл балам Қажымұқан болады деп сөйлейдi.
Библиядан, Құраннан енген де канатты сөздер көп кездеседi. Мысалы,
Ақырзаман - дiни уағыз ақырзаман болғанда жердiң астан-кестенi шығады,
күнәсiздар - ұжмаққа, күнәлiлер – тозаққа баратын шақ деп түсiндiредi.
Адамдар өз өмiрлерiндегi келеңсiз жайларды ақырзаман осы шығар деп
топшылайды.
һор қыздары - Құранның айтуынша, ұжмаққа барған имандылардың мәңгiлiк
жұбайы болуға арналған мәңгi жас, сұлу қыздар (13).
Белгiлi бiр тарихи нәрселерге халықтың өзiнiң берген анықтамасы да
тарихи қанатты сөзге айналуы мүмкiн. Мысалы, Ақ патша, Қара қағаз,
Варварлар, Грек оты, Дала тұрғындары, Ит жеккен және т.б.
Ит жеккен- ертеде қазақ патша әмiрiмен Сiбiрге жер аударылғандарды
ит жеккенге айдалып кеттi дейтiн болған. Ит жектi деген сөздердiң өзi
терiстiк, Қиыр Шығыстағы халықтардың қыс кезiндегi шанаға ит жегiп
тiркейтiн кәсiбiне байланысты шыққан.
Белгiлi бiр оқиғалардың аталуы да қанатты сөзге айналды. Мысалы,
Қанды апта - Париж Коммунасы кезiнен қалған сөз; Қанды жексенбi - 1905
жылдың 9 қаңтары туралы айтылған; Лена қырғыны, Оба бүлiктерi...
Тарихи тұлғаның белгiлi бiр тарихи қайраткерге берген бағасы да тарихи
қанатты сөзге айналады.
Үкiметтiң шақыру сөздерi де тарихи қанатты сөзге айналуы мүмкiн.
Мысалы, Отан-Ана шақырады, Сен өз еркiңмен жазылдың ба?...
Латын тiлiнен алынған қанатты сөздер де көптеп кездеседi. Олар көп
жағдайда латын тiлiнде айтылып, соңынан аудармасы айтылады. Мысалы,
Юпитерге кешiрiлетiн нәрсенiң бәрi, өгiзге кешiрiлмейдi - бiр адамға
рұксат етiлетiн нәрсе, басқа адамға кешiрiлмейдi деген ұғымды бiлдiру үшiн
айтылады (14).
Латын тiлiнен енген қанатты сөздердiң шығу тарихына тоқталайық. Ежелгi
Италияда, Тибра өзенiнiң жағасында Латиум деген облыс болған. Б.э.д.VI-V
ғасырларда осы аймақ тұрғындары латын тiлiнде сөйлескен (15).
ІХ ғасырдан бастап латын тiлi өз өмiр сүруiн тоқтатты. Соның негiзiнде
роман тiлдерi пайда болды. Орта ғасырларда тек хат жазысқанда, ғылыми және
дiни әдебиеттерде қолданылатын болса, ал ХХ ғасырдан бастап тек ғана ғылыми
терминологияға ендi (16).
Әрбiр тарихи қанатты сөздiң өзiнiң жас мөлшерi болады. Сондықтан да
ол - қоғам тарихы. Кейбiр қанатты сөздердiң тууына ғасырлар керек болса
(мысалы, Архимедтiң, Цезарьдiң, Платонның, латын тiлiнен енген сөздердің),
ал кейбiрi тек соңғы уақыттарда пайда болған.
Ал кейбiр қанатты сөздер өзiнiң пайда болған кезеңінен бiрнеше
ғасырлардан соң қанатты сөзге айналады. Мысалы, Домострой – қоғамда және
жанұяда өзiңдi қалай ұстау туралы жазылған шығарма. Ол бойынша әйел мен
бала еркек адамның жеке меншiгi iспеттi, сондықтан жанұядағы теңсiздiктi
айтқан кезде домострой бейнелi сөзi пайдаланылған.
Кейбiр қанатты сөздер белгiлi бiр тарихи оқиғаны көз алдыңа ерiксiз
елестетiп тұрады. Мысалы, Полтава шайқасы, Мұз қырғыны, Оба
бүлiктерi, Бородино шайқасы және т.б.
Қанатты сөздердiң белгiлi бiр авторы болады деймiз. Әйтсе де тарихи
қанатты сөздiң кейбiреуiнiң авторын анықтау мүмкiн емес. Мысалы, Ақтабан
шұбырынды, Алқа көл сұлама, Қара қағаз, Ит жеккен, Киiз кiтап және
т.б. (17).
Тарихи қанатты сөздердiң ауыспалы мағынасы болады. Мысалы, Мәскеу де
бiрден салынбаған - бiрiншiден, Мәскеудiң құрылысы 1147 жылдан басталып,
ұзақ жылдарға созылғанын айтып тұрса; екiншiден, табысқа жету үшiн бiраз
уақыт өтедi деген мағынада қолданылады (18).
Тарихи қанатты сөздер елдiң, өлкенiң тарихын оқып-үйренуде үлкен роль
атқарады. Мысалы, Тулаға барсаң, самаурыныңды қалдырып кет – яғни, қай
жерге баратын болсаң, сол жердiң даңқы шыққан затты алма деген мағынада
қолданылады және ұлттық мәдениеттi бiлдiрiп тұр (19).
Қазақ халқы да тарихи қанатты сөздерге бай. Мысалы, Қасым салған
қасқа жол, Есiм салған ескi жол, Кұлтөбенiң басында күнде жиын.
Қазақтың қанатты сөздерiнiң төркiнi әрiде, көне түркi жазба нұсқауларындағы
айшықты сөздермен, берiсi қазақтың халық ауыз әдебиетiнiң үлгiлерiмен
үндесiп жатады (20).
Қанатты сөздердiң қайнар көзi - фольклор. Фольклор қай халықтың болсын
ежелгi рухани мұраларының бiрiне саналады. Онда халықтың ақыл-ойы, арман-
тiлегi, тұрмыс-салты, шаруашылық кәсiбi бейнеленген. Сондықтан да белгiлi
бiр халықтың ауыз әдебиетi сол халықтың ежелгi мәдениетiнен, тарихынан
мағлұмат бередi, өмiрге, дүниеге көзқарасын танытады (21).
Қазақ ауыз әдебитетiнiң бiр саласы - шешендiк сөздер. Шешендiк сөздер,
ақындық айтыс секiлдi, қазақ ауыз әдебиетiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн
көрсететiн негiзгi жанрлардың бiрi (22).
Шешендiк сөздер үшке бөлiнедi: шешендiк арнау, шешендiк толғау,
шешендiк дау. Мысалы, Нұралы ханның баласы Қаратай Орынборда оқу бiтiрiп,
патшадан аға сұлтандық лауазым алып, Кiшi Жүздi аралап жүргенде, Адай
Атақозы биге кездесiп қалады. Атақозы ашан, арық, қатпа кiсi екен. Биге
көзi тоймаған сұлтан:
-Әй, Атақозы, ойда - қалмақтың, қырда қазақтың малын қоймасаң да,
алғаның бойыңа жұкпаған екен-ау!, - дейдi. Сонда Атақозы шешен:
-Өлеңдi жерде өгiз семiредi,
Өлiмдi жерде молда семiредi.
Қаралы үйде қатын семiредi,
Қамсыз елде хан семiредi.
Қайтсем топтан торай шалдырмаймын деп,
Қазақтың бiр тайын дұшпанға алдырмаймын деп,
Бiр күнде тоғыз оянып, тоқсан толғанамын,
Мен арық болмай, кiм арық болады, - дептi (23).
В.И.Ленин қолданған бейнелi сөз түрлерiнiң бiрi - ежелгi дүние мифтерi
мен аңыздарынан ғасырлар белесiнен аттай, орамды сөз айшықтарымен айтыла
келе, қанатты нақыл сөзге айналған латын, грек афоризмдерi болып келедi.
Ахиллес өкшесiндей жанды жер (20 том, 345 бет) – әлсiз осал жерi
деген мағынада, Геркулес бағанасы - онан әрi баруға болмайды, шырқау
шегi деген мағынада қолданылса, Сизиф еңбегi ешбiр нәтиже шықпайтын
әрекет дегендi бiлдiредi. М.Горький В.И.Лениннiң шешендiк шеберлiгiн
бағалай келiп, Саясаттың ең қиын да күрделi мәселелерi жөнiнде жай ғана
қарапайым тiлмен сөйлеуге болатынын мен осы жерде тұнғыш естiдiм. Ол сұлу
сөз құрастыруға тырысқан жоқ. Әрбiр сөздiң iшкi дұрыс мағынасын оп-оңай
ашып, ап-айқын етiп, алақаныңа салып берiп отырды (24).
В.И.Лениннiң қолданған тарихи қанатты сөздерiнiң кейбiр жиынтығы
мынадай:
Аз болса да, жақсы болсын, (3 том, 798-бет);
Орысты сәл шұқып көрсеңiз, татарды көресiз (11,247);
Шайқасқа барар жолда мақтанба (10,125);
Авгий ат-қораларындағы қоқысты тазалау (12,298);
Семсер көтерген - семсерден мерт болады, (13,215);
Ұшкыннан жалын лаулауы үшiн (15, 236);
Талқандалған армия жақсы үйренiп шығады (17,232);
Соғыс болған соң, соғыстағыша болсын (21,442);
Бiз бұл жолмен жүрмеймiз (26,217);
Бiздi нақ бiр қытай қорғанымен қоршауға тырысты (37,560).
Тарихи қанатты сөздер негiзiнен тарихи шығармаларда, мақалаларда,
тарихи тұлғалардың мемуарларында және өмiрнамаларында да кездеседi.
ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДIҢ ЗЕРТТЕЛУI ТУРАЛЫ
1864 жылы немiс ғалымы Георг Бюхман (1822-1884) немiс әдеби тiлiне
енген қанатты сөздердi жинақтап, Қанатты сөздер деген кiтап шығарды.
Бұдан кейiн қанатты сөздер деген термин әдеби тiлге енiп, басқа да
адамдардың еңбегiнде көрiне бастады. Атап айтқанда, немiс жазушысы Томас
Карлейльдiң (1795-1881) еңбектерiнде кездестi. Бюхманның Қанатты сөздер
атты кiтабы 1926 жылға дейін 27 рет басылым көрдi. 1882 жылы оның 13-шi
басылымында Г.Бюхман Қанатты сөздер деген терминнiң басқа тiлдерге термин
есебiнде ене бастағанын жазды.
Ал орыс тiлiне бұл терминдi енгiзген беллетрист-этнограф С.В.Максимов
(1831-1901). Ол 1890 жылы Крылатые слова по толкованию С.В.Максимова
деген атпен кiтап шығарды (25).
Сергей Васильевич Максимов - орыс жазушысы, этнографы, Петербург Ғылым
Академиясының құрметтi академигi (1890). Жоғарыдағы аталған кiтаптан басқа
Лесная глушь (1871), Бродячая Русь Христа ради (1877) атты кiтаптары
жарық көрген (26).
Н.С.Ашукин мен М.Г.Ашукинаның Крылатые слова атты кiтабы 1955 жарық
көріп, 1960 және 1987 жылдары қайта басылды. Бұл кiтапта орыс әдеби тiлiнде
қолданылатын, қолданылған қанатты сөздер жинақталған.
Н.И.Кондаков пен Л.А.Кленовскаялардың Мәскеу қаласының Знание
баспасынан 1989 жылы Крылатые аргументы атты кiтабы жарыққа шықты. Онда
В.И.Лениннiң, К.Маркстiң, Ф.Энгельстiң сөздерiнде, баяндамаларында,
кітаптарында, мақалаларында қолданылған қанатты сөздердiң жинағы берiлген.
В.П.Фелицына мен Ю.Е.Прохоров 1979 және 1988 жылы Русские пословицы,
поговорки и крылатие выражения (Лингвострановедческий словарь) атты кiтап
шығарды. Онда орыс халқының көбiрек танымал 450-ге жуық мақал-мәтелi,
қанатты сөздерi жарияланған. Оның барлығы орыс тарихының, әдебиетi мен
мәдениетiнiң негiзiнде түсiндiрiледi.
А.С.Шофманның Древний мир в лицах и образах атты кiтабы 1990 жылы
Қазан университетiнiң баспасынан жарыққа шықты. Онда ежелгi дүние тарихына
байланысты қанатты сөздерге, ырымдарға, дәстүрлерге түсiнiк берiлген.
1980 жылы Мәскеуден Словарь латинских крылатых слов атты енбек жарық
көрдi. Бұл кiтапта латын тiлiнен алынған қанатты сөздердiң жинағы
жарияланған.
1958 жылы М.А.Булатовтың Крылатые слова атты кiтабы жарық көрдi.
2005 жылы Мәскеу қаласынан Энциклопедический словарь крылатых слов и
выражений атты В.Серовтың кітабы жарық көрді.
Ал ендi қазақ тiлiнде 1959 жылы әдебиетшi ғалым Нысанбек Төреқұлов
қазақ әдебиетi мен фольклорындағы қанатты, нақыл сөздердi жинақтап, кiтапша
жасап шығарған. Оқушы жұртшылықтың сұрауы бойынша оның екiншi басылымы
Қанатты сөздер деген атпен Алматыдан 1977 жылы жарық көрдi. Онда автор
көптеген жаңа қанатты сөздер, нақыл сөздер қосып, оларды анықтама,
үзiндiлермен нығайтып, соңғы деректермен толықтырған (28).
Ғалым Балтабай Адамбаевтың 1976 жылы жарық көрген Халық даналығы
атты кiтабында қазақ ауыз әдебиетiнiң ең аз зерттелген екi саласы: мақал-
мәтелдер мен шешендiк сөздердiң жанрлық табиғаты, жасалу даму жолдары
ашылады, мазмұны, құрылысы және көркемдiк ерекшелiктерi анықталады (29).
Бақытжан Хасанов 1972 жылы Қанатты сөздер атты кiтапша жазды. Онда
жалпыхалықтық мұраға айналған қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ақын-
жазушылар мен қоғам қайраткерлерiнiң қаламынан туған афоризмдер талданған.
Бұлардан да басқа 1912 жылы М.И.Михельсонның Русская мысль и речь.
Свое и чужое атты кiтабы, 1930 жылы С.Г.Займовскийдiң Крылатые слова,
1966 жылы А.М.Бабкин мен В.В.Шендецовтың Словарь иноязычных выражений и
слов, 1969 жылы Н.О.Овруцкийдiң Крылатие латинские выражения атты кiтабы
және 1971 жылы В.Н.Куприянова мен Н.М.Умнованың Краткий словарь латинских
слов, выражений деген кiтаптары жарық көрген.
ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДIҢ ТӘРБИЕЛIК МӘНI
Бейнелi сөздер қатарына халықтық мақал-мәтелдер, нақыл, қанатты
сөздер, фразеологиялық тiркестер, идиомдар және метафора, эпитет, теңеу,
аллегориялар, сарказм сияқты көптеген көркем сөз құралдары жатады.
Аталы сөздердiң – тәлiм-тәрбиелiк мәнi зор. Кiмде-кiм болмасын өзiнiң
көпшiлiк алдында айтайын деген немесе қағаз бетiне түсiрейiн деген ойының
әрi өткiр шығып, тыңдаушы көкейiне қонымды болу жағын қарастырады. Ендi сол
қанатты сөздердiң атқаратын эстетикалық-тәрбиелiк қызметiн бiрнеше
тақырыптарға бөлiп талдап көрейiк:
1. Отан, туған жер және халық туралы
Отан үшiн отқа түс күймейсiң, Отан оттан да ыстық, Отан үшiн жан
пида деген көптеген нақылдарды қайталаған сайын Отанға деген
сүйiспеншiлiк, патриоттық сезiм арта түседi. Халық Отанын сатқан
опасыздарға, туған жер қадiрiн бiлмейтiндерге Опасызда отан жоқ, Кiсi
елiнде сұлтан болғанша, Өз елiңде ұлтан бол деп те айтады. Мұғалiмдер осы
айтылған нақылдарды жас жеткіншектің өнегелi сөздерге арналған дәптерiне
жаздырып, жаттатқаны мақұл. Отан туралы қанатты сөздердi қай ақын, жазушы
қандай шығармасында қалай қолданған, соған дәлелдер келтiру керек. Мысалы,
ақын Қ.Аманжолов 1937 жылы жазған Кызыл әскер маршы атты өлеңiн:
Ел үшiн,
Жер үшiн,
Отан үшiн жан пида – деген қанатты сөзбен аяқтаған.
2.Ерлiк, батырлық жайында
Оқушыларды патриотизм рухында тәрбиелеуде халқымыздың батырлық, ерлiк,
жауынгерлiк туралы нақыл сөздерiнiң орны ерекше. Ұстаздар өздерiнiң кезектi
дәрісінде халқымыздың ерлiк күрес жолдарын, тарихи жеңiстерiн сөз еткенде
тарихи қанатты сөздердi қолданса өте әсерлi болған болар едi. Мысалы,
Бауыржан Момышұлы Әдiссiздiк - әлсiздiк, ептiлiк те ерлiк, Қарабет болып
қашқанша, Қайрат көрсетіп өлген артық деген қанатты сөздерi сол кездердегi
майдандық газеттерде, кейiн Бауыржанның өзiнiң айтуымен жазушы Александр
Бектiң Арпалыс романының әр тарауына эпитет, эпиграф болып барлық елге
жайылды.
Бұндай қанатты сөздер Қобыланды, Алпамыс Ер Тарғын және тағы
басқа батырлар жырында көп кездеседi.
3. Еңбек, кәсiп жөнiнде
Еңбекке байланысты тақырыпты өтер алдында мұғалiм еңбектiң адам
өмiрiнде атқаратын рөлiн айта келiп, жас жеткіншекті еңбек сүйгiштiкке,
оны қадiрлеуге тәрбиелейтiн қанатты сөздер айтса, артық болмайды.
Адамды адам еткен – еңбек деген Ф.Энгельс айтқан нақылда адамзаттың,
адам қоғамының даму заңдарын, адамның ақыл-ой, психологиясын аңғарамыз.
4. Достық, жолдастық жайында
Достық, жолдастық қарым-қатынас, өз ара сыйласу, құрмет көрсетуге
байланысты қанатты сөздерден де оқушылар ғибрат алады. Мысалы, Платон
менiң досым, бiрақ шындық одан да қымбат, яғни қанша дос болғанмен
шындық, әдiлдiк бәрiнен де жоғары тұрады.
5. Тәлім-тәрбие, үлгі өнеге жайлы
Жас ұрпақтың жеке басын тәрбиелеуде мұғалiмдерге үлкен мiндет
жүктеледi. Осы орайда қанатты сөздердiң орны да ерекше. Тәрбиешi адамның
өзi де тәрбиелi болуы керек, - деген болатын К.Маркс.
Қанатты сөздердiң патриотизм мен гуманизмге, өнер-ғылымға жетiлу,
еңбек сүйгiштiкке тәрбиелеудегi педагогикалық және эстетикалық мәнiнiң
күштi екенi байқалады.
Қанатты сөздер тарихшылар мен этнографтарга, заңгерлер мен
философтарға өткен мәдениетiмiзден, тарихи оқиғалардан, дәуiрдiң және
табиғи құбылыстардың өзгерiп, даму заңдарынан, халықтар тұрмысының
этникалық нормаларының, әдет-салттарынан мәлiмет бередi.
ТАРИХИ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДI ТАРИХ САБАҒЫНДА
ҚОЛДАНУ
Шәкiрттердi мектеп қабырғасында патриот ретiнде қалыптастыру iсiнде
тарих пәнiнiң өлшеусiз зор ролi бар екендiгiне ешкiм дауласпайтын шығар
(31).
Оқу процесi бiлiмдi меңгеру және iскерлiк пен дағдылар процестерiнен
кұралады, бiлiмдi игеру ең жетекшi әрекет болып табылады. Адамның
материалдық дүниенi тану процесi нақты пайымдаудан басталады. Түйсiк пен
қабылдау процесi бiрнеше рет қайталанған кезде ми сыңарларының қыртысында
уақытша байланыс пайда болады. Түйсiктермен қабылдап алынған осы бейнелер
елес түрiнде есте сақталады. Сезiну процесiнен кейiн ойлану процесi келедi.
Психологтар не нәрсе жақсы түсiнiктi болса, соның жеңiл игерiлетiнiн және
жақсы есте қалатынын дәлелдейдi (32).
Қанатты сөздердi саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен
пайдалану тәжірибесін сәйкестендiрудiң сәтті формасы жаттығулар
түсiнiктемелерi болып табылады.
Оқыту процесi оқытудың мазмұны, әдiстемесi және ұйымдастыру формасының
бiртұтастығы болып табылады. Тарих пәнiнiң мұғалiмi жаңа тақырып бойынша
әңгiмеге көшпестен бұрын немесе тап сол әңгiме арасында жаңа атауларды,
терминдердi, тарихи қиын есiмдердi, сондай-ақ тарихи қанатты сөздердi және
олардың шығу, айтылу тарихын тақтаға жаза отырып, түсiндiру әдiстемесiн жиi
қолданғаны дұрыс (33).
Экскурсия да демонстрация әдiсiнiң бiр түрi және онымен бiрге оқытудың
айрықша ұйымдастыру формасы болып табылады. Экскурсия кезiнде әр түрлi
көптеген әдiстердiң қолданылуы мүмкiн, бiрақ та бұның бәрi демонстрация
әдiстемесiмен үйлестiрiледi (34).
Себебi тарихи қанатты сөздер музей залдарында, өлкетану музейлерiнде
және мемориалдық музейлерде көптеп кездеседi.
Мұғалiмнiң бiлiмдi ауызша баяндауы әрдайым шәкірттердің оқулықпен
немесе өздiгiнше жұмыс iстеуiмен үйлестiрiледi. Кiтаппен тиiмдi жұмыс iстеу
үшiн оқушының тиiстi iскерлiгi мен дағдылары болуы тиiс (35).
Оқушыларға тарихи қанатты сөздердi түсiндiргенде сол қанатты сөздер
жазылған әдебиеттi, авторын, шығу жылын, шығу баспасын және бетiн көрсеткен
мақұл. Мысалы, Варфоломей түнi - Парижде 1572 жылғы тамыздың 23-нен 24-не
қараған түнi католиктердiң гугеноттарды жаппай қыруы. 30 мыңдай адам
өлтiрiлдi. Басқа мағынада алғанда Варфоломей түнi деп адамдарды
айуандықпен жаппай қыруды айтады (36).
Тарихи қанатты сөздердi оқушылардың тез ұғып алуы үшiн әдiстi
таңдағанда физиологтар мен психологтардың iс-әрекеттерi (тыңдау, ауызша
сөйлеу қызметi, жазу, қолмен практикалық жұмыс iстеу) кезектесiп тұру қажет
екенi жөнiндегi кеңестерiн де ескеру керек. Бұл ұсыныстардың негiзiне
жоғары нерв қызметi заңдарының және ең алдымен қозу және шаршау, тежеу және
зорлану кұбылыстардың түсiндiретiн ирридация, шоғырландыру және өзара
индукция зандарының талаптары алынған.
Тарих сабағын өткiзу барысында тарихи қанатты сөздердi оқушыларға есте
қалатындай етiп түсiндiрудiң маңызы зор, өйткенi тарих – қоғам дамуы. Ол
оқушыларды азаматтыққа, қоғамның даму барысын түсiнуге, өткенге көз
жүгiртуге, болашақты барлауға үйретедi. Тарих өзiнiң шығу тарихы жөнiнен
өте қызықты тарихи қанатты сөздерге бай. Әрбiр жаңа сабақта – жаңа қанатты
сөздер кездесiп отырады. Әрбiр жеткіншектің есте сақтау қабiлетi
психологиялық ерекшелiктерiне орай әр түрлi. Мысалы, бiреуi – көргенiн есте
сақтайды: бiреуi - естiгенiн, келесiсi – жазғанын, ендi бiреуi өзi оқып
алғанын есiнде жақсы сақтайды. Сондықтан шәкірттерге осы жағдайларды ескере
отырып, түсiндiрген дұрыс. Осы бағытта В.Шаталовтың тiрек сигналдары
методын да қолданған артық болмайды.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 3-бет
2. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 3-бет
3. Бұл да сонда, 3 бет
4. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 20-бет
5. Словарь латинских крылатых слов, Москва, 1980, 3-бет
6. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 25-бет
7. В.И.Ленин, ш.т.ж..20-том, 287-бет
8. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 4-бет
9. Н.С.Ашукина, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, Москва, 1989, 3-бет
10. С.Максимов, Крылатые слова, Москва, 1954, 3-бет
11. В.И.Ленин, ш.т.ж. 44 том, 156-бет
12. С.Максимов, Крылатые слова, Москва, 1954, 8 бет
13. Бұл да сонда, 12-бет
14. Бұл да сонда, 17-бет
15. Словарь латинских крылатых слов, 5-бет
16. Советский энциклопедический словарь, Москва, 1990, 699-бет
17. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 17-бет
18. Русские пословицы, поговорки и крылатые выражения, Москва, 1988, 6-
бет
19. Бұл да сонда, 9-бет
20. Б.Хасанов, Қанатты сөздер, Алматы, 1972, 46-бет
21. Б.Адамбаев, Халық даналығы, Алматы, 1976, 81-бет
22. Бұл да сонда, 82- бет
23. Бұл да сонда, 91-бет
24. Қазақстан мектебi журналы, 1990, N2, 24-бет
25.Н.С.Ашукин, М.Г.Ашукина, Крылатые слова, 1987, 4-бет
26. Советский энциклопедический словарь, Москва, 1990, 759-бет
27. Н.И.Кондаков, Л.А.Кленовская, Крылатые аргументы, Москва, 1989, 3-
бет
28. Н.Төреқұлов, Қанатты сөздер, Алматы, 1977, 3-бет
29. Б.Адамбаев, Халық даналығы, Алматы, 1976, 3-бет
30. Словарь латинских крылатых слов, Москва, 1980, 897-бет
31. Н.Төреқұлов, Нақыл сөздердiң тәрбиелiк мәнi, Алматы, 1971
32. Қазақстан мектебi журналы, 1989, N8
33. А.Илина, Педагогика, 236-бет
34. Бұл да сонда, 264-бет
35. Бұл да сонда, 272-бет
36. Бұл да сонда, 289-бет
А
АБЫЛАЙ АСПАС АСУ (БЕЛ) – тым қиын, өте ауыр жол деген мағына беретін
бейнелі сөз.
Темір жолдар тартыла,
Абылай аспас белдерден,
Аса соға, шарқ ұра,
Сонау Сібір-Түркістан (І.Жансүгіров).
АБЫЛАЙДЫҢ АҚ ТУЫ – қазақтың басын қосу деген мағына беретін бейнелі
сөз.
...Абылайдың ақ туының астына алаш азаматан топтап, үш жүздің
баласының басын біріктіріп жатқан көрінеді (Ә.Нұрпейісов).не
АБЫРОЙДАН БАСҚАНЫҢ БӘРIН ЖОҒАЛТТЫҚ - француз королi I Франциска
(1494--1547) 1525 жылы Павия түбiнде V Карл әскерлерiнен ойсырата жеңiлген
соң, анасына бiр-ақ сөйлемнен тұратын: Абыройдан басқаның бәрiн
жоғалттық,-деп хат жолдаған екен.
АБЫЛХАЯТ СУЫ - Құраннан алынған қанатты сөз. Адамды өлмес ететiн
ғажайып қасиетi бар су.
Айтқан сөздiң шәрбаты,
Абылхаят суындай....
АВГИЙДIҢ АТ-ҚОРАЛАРЫ - грек мифологиясы бойынша Элида патшасы
Авгийдiң көп жылдардан берi ат-қорасы тазаланбаған болатын. Оны небәрi бiр-
ақ күнде Геракл өзен суын ат-қора iшiмен жүргiзу арқылы тазалапты. Бұл аңыз
сициялиялық тарихшы Диодордың еңбегiнде айтылған.
Авгийдiң ат-қоралары деген бейнелi сөз өте лас үй туралы айтқанда
қолданылады.
АВРОРА - рим мифологиясы бойынша таң шапағының құдайы осылай аталған.
Әдеби тiлде таң шапағын бейнелеп, соған теңестiредi.
АВТОКӨЛІК ТАҢСЫҚ ЕМЕС, ҚОЗҒАЛЫС ҚҰРАЛЫ ҒАНА – И.Ильф пен Е.Петровтың
Алтын баспақ (1931) романынан алынған бейнелі сөз.
АҒАШ АТҚА МІНГІЗУ – біреуді мазақтағанда, кемсіткенде қолданылатын
сөз. Кейде ағаш атқа теріс мінгізу деп те айтылады.
Осы жерде ұры еместі ұры ғып, құтыртып талай саққа, ағаш атқа
мінгізіп жатқан кез ғой, - деді Жарасбай (М.Әуезов, Қараш-қараш).
АҒЫЛШЫН, НЕМIС, ФРАНЦУЗ ТIЛДЕРIН - НАШАР; ИТАЛЬЯН ТIЛIН МҮЛДЕМ НАШАР
БIЛЕМIН - бiр анкетадағы: Қандай тiлдер бiлесiз?,-деген сұраққа
В.И.Ленин осылай жауап берген.
Владимир Ильич 1920 жылы Коминтерннiң II Конгресiнде сөз сөйлеп,
Германия Коммунистiк партиясы басшылығының және итальяндық Серратидың
ұстаған бағытын сынады. Әңгiме герман Компартиясы туралы болған кезде ол
немiсше сөйлеп, Серратидi сынаған кезде ол бiрден француз тiлiне көшкен.
Оның осы тiлдердi соншалықты еркiн меңгергендiгiне шетелдiк қонақтар бас
шайқап, қайран қалысты.
АДАМ АТА –ХАУА АНА – алғашқы ер және әйел адам, ата-баба, атам
заманғы деген мағына беретін сөз.
АДАМНАН БЕРГІ УАҚЫТТА (Адамовы веки(времена) – адам ежелгі еврей
тілінде тұлға дегенді білдіреді, ең алғаш пайда болған тұлға, Құдай оны
әлемді жаратқаннан соң алты күннен кейін пайда болдырған. Өте ерте
заманда дегенді бейнелеп айтқанда қолданамыз.
АЗУЫ АЛТЫ ҚАРЫС – беделді, күшті адамды айтқан кезде қолданылатын
бейнелі сөз.
Азуы алты қарыс Малкарға қаршадай сені қарсы қойған (Ғ.Мұстафин,
Дауылдан кейін).
АДАМ АЯҚТЫЛАР - ежелгi Грецияда құл иеленушiлер құлдарды адам деп
есептемедi, оларды – адам аяқтылар деп атады.
АДАМ ДЕГЕН АРДАҚТЫ АТ - М.Горькийдiң 1902 жылы жазылған Адамның туы
атты әңгiмесiнен алынған қанатты сөзге айналған сөйлем.
АДАМ ЖАНЫНЫҢ ИНЖЕНЕРЛЕРI - 1936 жылы 26 қазанда М.Горький Үйiнде
И.В.Сталин жазушылармен кездестi. Сол күнi сөйлеген сөзiнде ол жазушыларды
адам жанының инженерлерi деп атады. Бұл сөз кеңес дәуірінде ұзақ жылдар
бойы мақтаныш сезiммен айтылды.
АДАМДАР, ҚЫРАҒЫРАҚ БОЛЫҢДАР - 1943 жылы 25 тамызда Берлинде нацистiк
сот жазушы, чех елiнiң патриоты Ю.Фучиктi өлiм жазасына кестi.
Түрмеде жатқан Фучик Дар алдындағы сөз атты кiтабын жазып бітірдi.
Жазушыға қағаз бен қарындаш тауып берген түрме қызметшiсi А.Колинский
кiтаптың жазылған беттерiн түрмеден алып шығып, Фучиктiң сенiмдi
адамдарының үйiне жинады.
Бұл кiтап 1946 жылы Парижде Ю.Фучиктiң жұбайының араласуымен жарыққа
шықты. Кiтаптың соңғы бөлiмi қазiр қанатты сөзге айналып кеткен мына
сөйлеммен аяқталады: Адамдар, сүйемiн Сiздердi. Қырағырақ болыңдар!.
АЗАМАТ, ЖҮНЖIМЕ, ЖҮРМЕ БОС - С.Сейфуллиннiң (1894-1938) Жас қазақ
марсельезасы атты өлеңiнен алынған бейнелi сөз.
Азамат, жүнжiме, жүрме бос,
Қол ұстас, бiрiгiп тiзе қос.
Ту ұстап дұшпанға барайық,
Теңдiктiң ұранын салайық,
Күн туды бiз теңдiк алайық.
АЗАП ЖОЛЫНДА - ХІІ ғасырда жазылған ежелгi славян мұраларының бiрi
осылай аталады. Бұл сөздi адамның басына бiрiнен соң бiрi келетiн ауыр
күндердi түсiндiру үшiн, яғни жығылған үстiне жұдырық болған ретте
айтылады.
Бұл ұғым А.Толстойдың Азапты жолда атты романы жарыққа шыққан соң
бейнелi сөз ретiнде кең тарады. Романда Кеңес Одағындағы Азамат соғысы
кезiнде халықтың басына түскен ауыртпалықтар әңгiме болады.
АЗЫҚТАНДЫРУШЫ АНА (Питающая мать - Alma mater) - әрбiр бiлiм
нәрiмен сусындаған адам өзi оқыған бiлiм ордасын альма матер деп атаған.
Ол туралы ең алғаш рет А.Герценнiң Былое и Думы атты романында кездеседi.
АҚ КИIЗГЕ КӨТЕРУ – хан қылып, басшы қылып сайлау деген мағынада
қолданылатын қанатты сөз.
Қос қолы қызыл қанға боялғанға қарамай, 17 жасар Әбiлхайырды азулы
тiлектестерi 1727 жылы Дештi Қыпшаққа хан етiп, ақ киiзге көтердi
(I.Есенберлин, Алмас қылыш).
АҚҚУДЫҢ СОҢҒЫ ӘНI – өз талантының қырын соңғы рет көрсетуi деген
ұғымды беретiн қанатты сөз.
Шығу тарихы: аққулар өлер алдында ән салады-мыс деген ұғымнан шықса
керек.
АҚ ПАТША - қазақтың бай шонжарлары орыс мемлекетiнiң патшасын ақ
патша деп атады. Өйткенi өздерi патшадан шен-шекпен, құрметтi атақтар
алды.
Ақ патшаның айтканын орындау үшiн болыстар, ауыл старшындары мен
феодалдық-патриархаттық жоғарғы топ әскерге шақыру жасындағы жастардың
тiзiмiн жасауға кiрiстi (Қазақ ССР тарихы, 3-том, 461-бет).
АҚ САРБАЗ – Жихан Желтоқсанның осы аттас кітабының аты. Адам, материя,
Ғарыш заңдары, адамзат қоғамының дамуы Ақ Сарбаздан, яғни қазақ халқынан
бастау алады деген ой айтылады. Эволюциялық дамудың 7 циклі Ақ Сарбазбен
басталып, Ақ Сарбазбен аяқталады. Ол әлемдік Зұлымдықты жеңуші, ғарыш
құрылысшысы, Жаңа әлемді ашушы, Жалғыз құдайға сенуші, Құтқарушының таңдап
алған шәкірті және барлық ер азаматтың Бастауы. Қазақ жігітттері – Ақ
Сарбаз (Ақ Сарбаз, Алматы, Жазушы, 1993 жыл).
Нағыз жігіт деген атқа лайық жанды осылай атаймыз.
АҚ СҰҢҚАР – қазақ нағыз жігітті осылай атаған.
Жылама, Мағыш, жылама,
Алладан өлім тілеме,
Қолдан ұшқан ақ сұңқар,
Қайтып келіп қонбайды (Абай).
АҚ СҮЙЕК ЖҰМЫСШЫЛАР – монополияның артық пайдасының есебiнен жоғары
еңбек ақы алатын, сөйтiп, капиталистiк елдердегi жұмысшылардың негiзгi
құрамынан бөлiнiп қалған жұмысшы табының бiр бөлегi. Олар өз қимылдарымен
жұмысшы қозғалысының дамуына кедергi жасап, оңшыл социалистердiң тiрегi
болып табылады.
АҚТАБАН ШҰБЫРЫНДЫ, АЛҚА КӨЛ СҰЛАМА (1723-1725) - қазақ халқының
тарихында жоңғар басқыншылары шабуыл жасаған жылдар ұмытылмастай iз
қалдырды. Осы бiр шұбырындылыққа ұшыраған қайғы қасiреттi, ауыр жылдардан
қалған Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама сөзiнiң тарихы былай жазылған:
ХІІІ ғасырдың 20-жылдарының басында болған Жоңғар шабуылы қазақ халқының
тарихында осылай аталып кеттi.
Ел еру болса, шаңырағына жоқшылық кеп шеру тартады. Көші қан болса,
әке-шешең, қатын-балаң ақтабан шұбырындыға ұшырайды (М.Әуезов, Абай жолы).
АҚ ТАСПЕН АЙШЫҚТАЙТЫН КҮН - ежелгi римдiктерде бақытты күндi ақ
таспен айшықтайтын салт болған.
АҚ ТАСТЫ ҚАЛА – Мәскеу қаласының iргесi 1147 жылы қаланды. Қала
бекiнiсiн жақсарту үшiн ХІV ғасырдан бастап Кремльдiң қабырғасын ағаштың
орнына ақ тастан салуға бұйырды. Содан Мәскеудi ақ тасты қала деп атап
кеттi.
АҚ ТҮЙЕНІҢ ҚАРНЫ ЖАРЫЛУ – қуанышты жағдайды, мерекені, жеңісті
білдіретін қанатты сөз.
Мен алдымен барып сүйінші сұрайын. Бүгін ақ түйенің қарны жарылады
ғой, амандық болса (Мәдениет және тұрмыс журналы).
АҚ ТЕРРОР - 1815 жылы Францияда Бурбондар билiгi қайта орнап жатқан
кезде, елде ақ террор басталды. Ақ террор бойынша революционерлер мен
бонапартистер тұтқындалды.
Ақ террор ұғымы контрреволюциялық қозғалысқа қатысқан адамдарды
түсiндiрген кезде қолданылады.
АҚШАДА ИIС БОЛМАЙДЫ (лат.Non olet) - император Веспасиан қоғамдық
туалеттердi ақылы пайдалануды енгiзiп, онан салық алып тұрғанына қынжылған
өз баласы Титиге: Ақшада иiс болмайды, - деп жауап берген екен.
Бұл қанатты сөз көлденең табыс табу туралы сөз болғанда қолданылады.
АҚШАЛЫ ҚАПШЫҚ – Мәскеу княздығын 1325-1340 жылдары князь Иван
басқарды. Алтын Орда пайдасына орыс жерлерiнен алым-салық жинауға құқық
алды. Оған тәуелдi болған басқа князьдар оны Калита, яғни Ақшалы қапшық
деп атады.
АҚЫЛДЫҒА ОСЫ ЖЕТЕРЛIК – бұл ой рим жазушысы Тит Плавтка (б.э.д. 254-
184) тиiстi сөз.
Қолданылу мағынасы: осымен сөзiмдi аяқтаймын, ақылдыға айтпаса да
түсiнiктi.
АҚЫН БОЛЫП ТУАДЫ, ШЕШЕН БОЛЫП ҚАЛЫПТАСАДЫ - Цицерон б.э.д. 61 жылы
грек ақыны Архийдiң азаматтығын қорғау кезiнде айтқан қанатты сөзi.
Мағынасы: ақындық талант тек қана туа пайда болатын болса, ал
шешендiкке өзiңдi жаттығулар арқылы жеткiзуге болады.
АҚЫРЗАМАН - дiни уағыз бойынша ақырзаман болғанда жердiң астан-
кестенi шығып, күнәсiздер - жұмаққа, күнәлілер тозаққа баратын шақ деп
түсiндiрiледi. Адамдар өз өмiрiндегi келеңсiз жайларды ақырзаман деген
осы шығар деп бейнелейдi.
АҚЫРЕТ КҮНІ – өлетін мезгіл, ақырзаман деген ұғым беретін бейнелі
сөз.
АҚ ЭМИГРАЦИЯ - 1789 жылы Париж Коммунасы қала билiгiн өз қолдарына
алғаннан кейiн, дворяндарды қуғынға түсiрдi. Үрейлерi ұшқан олар шетелге
қашып жатты. Сөйтiп Францияда ақ эмиграция басталды. Оның неге ақ
аталатынына келетiн болсақ, Бурбондар әулетiнiң гербiнде ақшыл лола гүлдiң
бейнесi болды.
Ақ эмиграция Ресейде 1920 жылы болды. Оның нәтижесiнде 3 миллион
контрреволюционерлер шетелге кетуге мәжбүр болды.
АЛА АУЫЗ БОЛУ – ауызбіршіліктің болмауы, өзді-өзімен жаугершілік
жағдайда болу деген ұғымды беретін бейнелі сөз.
Қонтайшы ордасында да ала ауыздық бар екенін ол білетін
(І.Есенберлин, Жанталас).
АЛА ҚАРҒА (Белая ворона) - рим ақыны Ювеналдың (I ғасыр)
сатирасынан алынған қанатты сөз. Ерекше, сирек кездесетiн адам деген
мағынада қолданылатын бейнелі сөз. Жақсы не жаман адам деген мағынада
да бiрдей қолданыла бередi.
АЛАПЕС – негізінен тері ауруының бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz