Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 129 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің бірдей мойындалуының және қорғалуының конституциялық құқықтық негіздері

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

  1. Қазақстан Республикасында жеке меншік, оның қорғалуы және мойындалуының конституциялық құқықтық негіздеріҚазақстан Республикасында жеке меншіктің жалпы сипаттамасы . . . 9Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қорғалуы және мойындалуының конституциялық құқықтық негіздері . . . 68
  2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік, оның қорғалуы және мойындалуының конституциялық құқықтық негіздеріҚазақстан Республикасында мемлекеттік меншіктің жалпы сипаттамасы . . . 87Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншіктің қорғалуы және мойындалуының конституциялық құқықтық негіздері . . . 114

Қорытынды . . . 121

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі … . . . 127

Қосымша . . . 130

Кіріспе

Қазақстан Республикасында тәуелсіздіктің алынуымен отанымызда қалыптасқан демократиялық, құқықтық мемлекет пен нарықтық қатынастар және мемлекет тарапынан қабылданған заңды шешімдер еліміздің экономикасын дамытуға өз үлесін қосып отыр. Бұл заңды шешімдердің бірі конституциямен кепілдік берілген меншік құқығы.

АК-тың 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, егер заң талаптары және заңмен қорғалатын басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылмаса меншігіндегі затты жойып жіберуіне де толық құқығы бар.

Елімізде жеке меншік ұғымы 1991 жылы маусым айының 1-жұлдызындағы КСРО-ның «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы» заңы мен 1991 жылғы маусым айының 22-жұлдызындағы Қазақ КСР-нің «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» заңына байланысты қалыптасып, сол кезеңдегі бағдарламалар арқылы жалғасын тапты.

Жеке меншікке анықтама беретін болсақ, ҚР АК-нің 191-бабы жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді деп көрсеткен.

ҚР АК-нің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының бірінші тармағында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылатындығы және бірдей қорғалатындығы айқын белгіленген. ҚР азаматтық кодексі меншіктің екі нысанын-жеке (АК-тің 191-бабы) және мемлекеттік (АК-тің 192-бабы) деп жеке-жеке қарастырған. Бұл жерде мемлекеттік меншікке тоқталатын болсақ меншік субъектісі мемлекет болса, онда мемлекеттік меншік болып танылады. Азаматтық заңдарға сәйкес мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастарда өзіндік егемендік иммунитетін көрсетпейді, қайта ол азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде қатысады.

Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір ерекшеліктерге ие:

1) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай
заңдар қабылдап, әкімшілік актілерін шығарады;

2) мемлекет заңды тұлға болып табылмайды,
сондықтан да оның атынан өкімет билігі мен басқару
органдары әрекет етеді, олар өздерінің құзыреті шегінде белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде әрекет етеді;

3) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген
мүлікті, оның ішінде айналымнан алынған немесе
шектелгендерін де иелене алады;

  1. мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық салық, баж салығы, жинау және т. б. бар;
  2. мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни тұрғындарды күнкөріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді;
  3. мемлекет меншік субъектісі ретінде өзінің органдары арқылы әрекет етеді.

Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оны Қазақстан халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.

Мемлекет азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету сияқты құқықтық өкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық болып бөлінеді. Мемлекет өкілеттігін жүзеге асырған кезде өзіне тиесілі мүліктерді қарауындағы органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарып отырады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарымен реттелетін барлық қатынастарға басқа субъектілермен тең негіздерде қатыса алады.

Республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктерден тұрады.

Коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылады.

Мемлекет өз меншігін мемлекеттік заңды тұлғалар арқылы басқарады.

Жалпы меншік құқығының мазмұны меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және оған билік ету элементтерінен тұрады.

Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қатамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің иелену құқығы бұл-өзіне тиесілі заңмен қорғалатын мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір бөліктерін кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды басқару құқықтарына берген жағдайдада өз құзыретінде болады. Мемлекет өзінің кәсіпорындарында, сондай-ақ қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет өзі меншік иесі ретінде иелену құқығын сақтайды. Өйткені, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық өкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды, ол көлемі бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді. Мемлекет заңды тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның бір бөлшегі, тұтас нәрсенің бір бөлігіндей ғана болады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен ретінде мемлекеттік меншіктің объектісі болып табылады, демек оның иелігінде болады.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Мемлекеттің пайдалану құқығы бұл-мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам мүддесі үшін пайданың барлығын алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі.

Билік ету құқығы дегініміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі (АК-тің 188-бабы, 2-тармағы) .

Мемлекеттің билік ету құқығы бұл-мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану, мүлікті иеліктен шығару және тиімді әдістерді белгілеу, сол арқылы мемлекеттік меншікті басқаруды тиісті дәрежесінде жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілерінде қарастырып өтейік.

Мемлекеттік меншік құқығының субъектісі мемлекет
болып табылады. Мемлекеттік меншікті басқару және
меншік иесінің құқықтық өкілеттігін жүзеге асыру
мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады. Заңда көрсетілген немесе Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның атынан басқа мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар әрекет етеді. Конституцияның 66-бабының 4-тармақшасына сәйкес ҚР
Үкіметіне мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру
жүктелген. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18-желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан
Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң
күші бар Жарлығының 9-бабының 8-тармағына сәйкес
Үкімет мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды жасап, әрі жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құқығын қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік меншік құқығының субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Үкімет мемлекеттік мүлікке қатысты кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне конституциялық бекітілген өкілеттілігіне орай өзіне мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру тапсырылғандықтан, оны өзі немесе өкілетті органдары арқылы жүзеге асырады, осыған орай мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелерін шешеді.

"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлықтың 1-бабы негізінде мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бөлінеді:

1) республикалық меншіктегі-республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

2) коммуналдық меншіктегі-коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар.

Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік субъектісі министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, министрліктердің бірқатар департаменттері және басқа өкілетті органдар, оған өкілдік ете алатын әкімдер болып есептеледі. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілеріне тоқталсақ олар:

1) қозғалмалы және қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы қағаздар; 4) міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.

Мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді.

ҚР азаматтық кодексінің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық мемлекеттік меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік республикалық қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасына республикалық бюджет қаражаты, алтын-валюта қоры және алмас қоры, мемлекеттік меншіктің ҚР АК-нің 193-бабында аталған объектілері (жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік жатады.

Заң республикалық кәсіпорындарға мүлікке шаруашылық жүргізу құқығын, ал қазыналық кәсіпорындарға, мемлекеттік мекемелерге оралымды басқару құқығын бекіткен.

ҚР азаматтық кодексінің 192-бабының 3-тармағына сәйкес коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады.

Жергілікті бюджет қаражаты мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

Коммуналдық меншіктің ерекшелігі оның қызметінің жергілікті мәселелерге арналып, белгілі мақсатқа жұмылдырылатындығымен ерекшеленеді.

Жалпы мемлекеттік меншік халықтың игілігі мен мүддесі үшін тұғыры биіктен көрініп, мемлекеттік қадірін жоғалтпай егемен елімізге қызметі арта берсін.

  1. Қазақстан Республикасында жеке меншік, оның қорғалуы және мойындалуының конституциялық құқықтық негіздері

1. 1 Қазақстан Республикасында жеке меншіктің жалпы сипаттамасы

Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға берілгендік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының бірінші тармағында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылатындығы және бірдей қорғалатындығы белгіленген[1; 7б. ] . Қазақстан қоғамының экономикалық негізін меншіктің екі нысаны: мемлекеттік және жеке меншік құрайды, сондықтан тақырыпқа орай жеке меншікті қарастырайық.

Елімізде жеке меншік ұғымы 1991 жылы маусым айының 1-жұлдызындағы КСРО-ның «Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бастапқы негіздері туралы» заңы мен 1991 жылғы маусым айының 22-жұлдызындағы Қазақ КСР-нің «Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру туралы» заңына байланысты қалыптасып, сол кезеңдегі бағдарламалар арқылы жалғасын тапты.

Жеке меншікке анықтама беретін болсақ, ҚР АК-нің 191-бабы жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі ретінде көрінеді деп көрсеткен.

ҚР АК-нің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы[2; 72, 73б. ] .

Меншік иесі осы мүмкіндікке қол жеткізу арқылы заттың қасиеттерін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге, билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, егер заң талаптары және заңмен қорғалатын басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделері бұзылмаса меншігіндегі затты жойып жіберуіне де толық құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабының екінші тармағында меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс[1; 13б. ] . Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді деп мүлікті дұрыс пайдалану мен қорғаудың конституциялық талабы мемлекетпен бірге азаматқа да қатысты екендігін айқын көрсеткен.

Меншік қандай да бір затты иеленуге байланысты қатынас болғандықтан иеленуге байланысты құқық нормаларымен реттелген қатынас меншік құқығы болып табылады. Меншік қатынасындағы субъектінің иелену, пайдалану және билік ету құқықтары мынандай ерекшеліктермен сипатталады:

  1. бұл құқықтар заң актілері арқылы танылуы тиіс;
  2. заң актілері бұл құқықтарды қорғауы тиіс;
  3. меншік иесінің өз мүліктік құқықтарын өз қалауы бойынша жүеге асыру мүмкіндігі;
  4. меншік иесінің өз мүліктік құқықтарын сол өзіне тиесілі мүлкіне байланысты жүзеге асыруы.

Меншік құқығының мазмұнын-меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету элементтері құрайды.

Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігін заң жағынан толықтай қатамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғы шарт жасайды[38; 21, 75б. ] .

Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөледі. Егер мүлікті иелену заңды негізде жасалса, онда ол заңды иелену болып табылады. Меншік құқығы заң негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Затты заңсыз иелену егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп, оны қайтару жөніндегі талапты орындамаса, бұл да заң бұзу болып есептеледі. Егер затты иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса, онда ол арам ниетті иеленуші болады[23; 79б. ] .

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкін.

Меншік иесі өзінің пайдаланудың өкілеттік құқығын қалай жүзеге асыруды өзі шешеді. Бірақ, меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне нұқсан келтірмеуі тиіс. Демек, меншікті пайдалану қоғамдық игілікке зиян әкелмеуі керек. Жалпы қоғамдық маңызы бар объектіні пайдаланғанда меншік иесі тек өзінің ғана емес, қоғамның да мүддесін ойлауы тиіс.

ҚР АК-нің 188-бабында көрсетілгендей билік ету құқығы дегініміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Билік етудің өкілеттігі меншік құқығының объектілеріне қатысты заңды мәмілелер жасауға өкілетті. Меншік иесі өзінің меншік құқығын өзгеге беріп, кепілдік құқық жасап, жалға беруді жүзеге асырса, онда ол билік құқығын жүзеге асырғаны болып табылады. Билік ету құқығы арқылы мәмілелелр жасалған кезде меншік иесінің құқығы өзгеге толықтай не жекелеген түрде өтеді. Билік етудің өкілеттігін жүзеге асырудың маңызды түрі меншік иесінің мүлікті өз иелігінен шығарып, басқа адамдарға беруі болып табылады.

Билікті қалай жүзеге асыруды меншік тиесілі тұлға өзі шешеді. Бірақ бұл жағдайда заң бұзылмауы тиіс. Заңдық негіздерге байланысты меншік иесінің билік ету құқығы алынуы не тоқтатылуы мүмкін. Белгілі бір жағдайларда билік ету құқығы тек тиісті тұлғаның (мемлекеттік органның) келісімімен жүзеге асады[39; 17, 70б. ] .

Меншік құқығы мемлекет таныған шектерде ғана жүзеге асырылады. Бұл меншік құқығының шексіздігі заңдармен кейбір жағдайларда ғана шектелуі мүмкін деген сөз. Меншік құқығын шектеу мүліктің ерекше құқықтық режиміне байланысты болады. Мысалы азаматтық құқықтың кейбір объектілерінің азаматтық айналымы шектелуі немесе айналымнан алынып тасталуы мүмкін.

Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Демек, меншік иесінің өз өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзушылық басқа нысандармен қатар, меншік иесінің өзінің монполиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін. Бұл жағдайлар бәсекелестікті реттейтін заңдармен белгіленеді.

Меншік иесі өз құқығын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті. Бұл шаралар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарда қарастырылады[21; 102б. ] .

Меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының үшінші тармағында соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекеше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін. Мүлікке меншік құқығы азаматтық заңдарда белгіленген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Азаматтардың меншік құқықғы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының бірінші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады[1; 7, 26б. ] . Азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру олардың, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл-объективті мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы ол-азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы[29; 173б. ] .

Жалпы меншік субъектіге қарай айқындалады, егер субъекті мемлекеттік емес заңды тұлға немесе азаматтар деп танылса онда жеке меншік болып табылады. Зерттеу тақырыбымды осы субъектілердің меншік құқығына анықтама берумен жалғастырамын.

Азаматтардың меншік құқықғы-дегеніміз материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

Заңды тұлғаның меншік құқығы дегеніміз заңды тұлғаның өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иемдену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі заң құжаттарында танылған және қорғалатын құқығы.

Заттық құқық деп белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға үстемдік (қожалық) етуін айтады. Әдетте адамның затқа қатынасы әртүрлі болады, біріншіден, ол сол заттың меншік иесі, екіншіден, оны иеленуші, үшіншіден, өзгенің затын меншіктену құқығын еншілей алады [9; 72, 73б. ] .

Заттық құқық уәкілетті тұлғаның үстемдігіндегі тиісті затқа тікелей әсер ету арқылы мүддесін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін субъективтік құқық. Заттық құқық - құқық иеленушіде үш түрлі құқықтық өкілеттіктің болуымен сипатталады: иелену, пайдалану және билік ету. Бұл құқықтардың үшеуі де немесе кейбіреулері, толық немесе жартылай да болуы мүмкін. Заттық құқықтың объектісі тек қана жеке анықталған зат бола алады. Материалдық емес құндылықтар мен ұқсастық белгілеріне байланысты анықталатын заттар заттық құқықтың объектісі бола алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері
Азаматтық қоғамның мемлекетпен әрекеттесуі
Кәсіпкерлік қызметті мелекетік-құқықтық реттеу проблемалары
Азаматтық қоғам жайлы
Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар
Мемлекет, теориялық негіздері
Саяси институттар. Негізгі заңдар
Аграрлық құқық
Конституциялық құқық жүйесі
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz