Macromedia Authorware – мультимедиалық оқу құралын жасаудағы визуальды орта


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті

Физика - математика факультеті

ТҮЛЕКТІК ЖҰМЫС

Тақырыбы: Macromedia Authorware - мультимедиалық оқу құралын жасаудағы визуальды орта.

Орындаған : Информатика және компьютерлендіру

менеджері 010540 мамандығының 5 - курс,

қазақ бөлімінің студенті

Ғылыми жетекші :аға оқытушы

Қорғауға жіберілді

«__» 2008ж.

Кафедра меңгерушісі:

Алматы - 2008 ж

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: 1 тарау. Компьютерлік оқытушы құралдарын қолдану және олардың жалпы құру принциптері.
3: 5
Кіріспе . . .: 1. 1. Оқу құралдарына қойылатын талаптар
3: 14
Кіріспе . . .: 1. 2. Оқулықтың тақырыптары мен бөлiмдерi бойынша мазмұнын өңдеу
3: 16
Кіріспе . . .: 1. 5. Дистанциялық оқытуды құру жүйесінің ерекшеліктері
3: 20
Кіріспе . . .: 2 тарау. Macromedia Authorware 6. 0. ортасымен танысу
3: 22
Кіріспе . . .: 2. 1. Authorware -ның негізгі функционалдық қызметтері
3: 21
Кіріспе . . .: 2. 2. Authorwareнің жаңа мүмкіндіктері
3: 24
Кіріспе . . .:

2. 3. Пайдаланушы интерфейстің ұйымдастырылуы

Интерфейстің негізгі элементтері

3: 28
Кіріспе . . .:

3 тарау. Бірінші қосымшаның жасалуы.

Оқу курсының құрылымының алгоритмі.

3: 28
Кіріспе . . .: 3. 1. Курстың жалпы параметрлерін орнату
3: 33
Кіріспе . . .: 3. 2. Курс сызбасының форматталуы
3: 39
Кіріспе . . .: 3. 3. Курстың негізгі бөлігі
3: 48
Кіріспе . . .: 3. 4. Жаңалық жүйесіне кадрларды қосу
3: 50
Кіріспе . . .: 3. 5. Басты мәзірді даярлау.
3: 52
Кіріспе . . .: 3. 6. Тестілеуді әзірлеу.
3: 54
Кіріспе . . .: 3. 8. Шығу қосымшасын әзірлеу.
3: 56
Кіріспе . . .: 3. 8. Даярланған жобаны публикация (айқындау) жасау.
3: 57
Кіріспе . . .: Қорытынды
3: 58
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер
3:

Кіріспе

Соңғы уақытта жоғарғы оқу орындарында бiлiм беру үрдiсiне ақпаратты технологияларды енгiзуге, оқу бағдарламаларын және электронды кiтапхналарды құруға, желiлiк құрылымның дамуына, сонымен қатар дистанциялық бiлiм беруге көп көңіл бөлiнуде. Ақпараттандыру үрдiсiнде иiлгiш бiлiм беру ортасын құру, яғни базалық арнайы пәндердi оқыту және бiлiмдi бақылау процесiнiң сапалы өзгерiсi маңызды орын алады. Ғылыми және оқу ақпараттық ресурстарын құру процесiн автоматтандыру және дамыту нәтижесiнде оқыту мүмкiндiгiн кеңейтуге болады. Барлық адамның жоғары бiлiм алуын қамтамасыз ету қажет. Жоғарғы бiлiм алу бiлiмгердiң қабiлетiмен, мүмкiндiгiмен, табандылығымен, күшiмен, табандылығымен анықталуы тиiс.

Осындай жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру университеттiң ауқымды желiге шыға алатын тармақталған желiсiн құрумен байланысты. Дистанциялық оқыту жоғарәы бiлiм алуға деген мүмкiндiктi теңдей таратуға, жеке ерекшелiктерiне сәйкес белгiлi бiр бiлiм деңгейiн алуға кең жол ашады. Дистанциялық бiлiм беру технологиясын енгiзу үшiн әртүрлi пәндер бойынша аудио және видео курстарды құрудың ғылыми әдiстемелiк негiзiн өңдеу, «электронды конференция» технологиясын енгiзу, теледидарлық оқыту бағдарламасына арналған бейне материалдар дайындау, қазiргi кездегi оқыту технологиясын қолдану қажет. Басқаша айтқанда, дистанциялық бiлiм берудегi оқыту процесiн ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшiн материалды-техникалық және оқу-әдiстемелiк база қажет. Соның iшiнде ерекше атап өтуге болатын әдiстемелiк кешен - электронды оқулық болып табылады. Олар оқу процесiн даралау мен дифференциалдауға, қатенi тексерудi бақылау мен керi байланысты жзеге асыруға, оқу барысында өзiн-өзi бақылау мен өзiн-өзi түзетудi, әртүрлi жағдайларда тиiмдi шешiм қабылдай бiлу ептiлiгiн қалыптастыруға, ойлаудың белгiлi бiр типiн дамытуға (көрнектi-бейнелi, теориялық), оқуға ынтасын күшейтуге, танымдық iс-әрекетiнiң мәдениетiн қалыптастыруға мүмкiндiк бередi.

Қазіргі уақытта электронды оқулықтар мен оқу қўралдарын жасау мәселесі өзекті болып табылады. Толық өңделген электронды оқулық лекция барысында - демонстрациялау құралы, компьютерлік кластарда өзіндік жұмыстарды орындау үшін - репетитор, компьютер, емтихан алушы алдында - тәжiрибелік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ретінде қызмет атқара алады. Дегенмен, электронды оқулық осы функциялардың барлығын орындау үшін оқулықты құрастырушы оқытушының педагогикалық шеберлігі, оқытылатын пәннің ерекшеліктерін ескеретін күрделі әдістемелік құралдар болу қажет.

Кері байланысты ұйымдастыру - оқу процесінің дидактикалық циклінің ең маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Электронды оқулықтар әрбір пайдаланушыларға білім алудың немесе дағды мен біліктілікті қалыптастырудың жеке траекториясын таңдау, құру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Дегенмен, толықтай өз бетiнше білім алу - оқушылардың әртүрлі психологиялық ерекшеліктеріне байланысты әрқашан тиімді болып табылмайды.

Электронды оқулықтың оқу процесiнде алатын орны оны жасаудың әдiснамасын өңдеу қажеттiлiгi мен толық дамымағандығы арасында қарама-қайшылық тудырады, соның нәтижесiнде зерттеу мәселесi айқындала түседi.

Maсromedia Authorware - (оқу курстарында) интерактивті мультимедиялық программаларды үйретуде пайдаланылатын жұмыстардың көзге көрінетін ортасы болып табылады. Authorware пакеті материалдарды сан түрлі формада: мәтін, сурет, бейне және дыбыс түрінде бере отырып пайдалануды да қоса қамтиды. Authorwareнің құрамына кіретін құралдар қазіргі заманғы талаптар тұрғысынан алғандағы мүмкіндік береді.

Authorware пакеті материал ұсынудың түрлі формаларын: мәтін, сурет, бейне және дыбыстық сүйемелдеуді пайдалануды есепке алған компактылы мультимедиялық қосымшалар жасауға арналған. Әрине, бұл аспапты Power Point көмегімен «әдеттегідей» электрондық презентациялар, ұқсас тақырыптар даярлау үшін де пайдалана аламыз. Алайда, Authorware ең алдымен, электрондық оқыту жүйесіне бағытталған. Осыған байланысты, презентация даярлауға арналған пакеттердің мүмкіндігіне қарағанда, мұның мүмкіндіктері анағұрлым кеңірек. Бұған қоса, мұнымен жұмыс істейтін пайдаланушы осы сияқты оқыту жүйесімен жұмыс істей отырып, Authorware туралы толық білім меңгере алады. Authorware пакеті арқылы оқыту курсын Интернет желісі арқылы айқындауға да болады.

1 ТАРАУ. КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУШЫ ҚҰРАЛДАРЫН ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ.

Дистанциялық білім беру (ДББ), бұл - ол арнайы ақпараттандырылған білім беру ортасының көмегімен, еліміздегі және шет ел халқының әртүрлі әлеуметтік топтарына ұсынылатын, белгілі бір арақашықтықта оқу мәліметтерін алмасудың құралдарына (спутник теледидары, радио, компьютерлік байланыс, т. б. ) негізделетін, білім беру қызметтерінің кешені. Дистанциялық білім берудің ақпараттық - пайдаланушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағанттандыруға бейімделген, білім беру жүйесі, мәліметтерді берудің, ақпарат қорларының, арақатынастар протоколы, аппараттық-программалық жүйелік - ұйымдастыру құралдарының арақатынастарынан тұрады. ДББ - адамның білім және ақпаратты қатынас құру құқығын қамтамасыз етуге бағытталған, білім алудың үздіксіз әдісіне жатады.

Немесе, ДБ алу деп, білім беруші мен білім алушы уақыт пен немесе кеңістікте бір - бірнен алшақ болатын кездегі, білім берудің кез - келген түрін айтуға болады. Бұл анықтамамен келісетін болсақ, онда “ескі салттағы” сырттай білім беру түрі, ДББ-дің “арғы атасы” болып табылады, бірақ сырттай білім беру жүйесі жеке бастық әрекетті қарастырмаған болатын. Сонымен, қазіргі заман компьютерлері бізге осы уақытқа дейін белгілі болған, ақпаратты жеткізудің барлық түрін үлкен тиімділікпен, ұдайы қосу мүмкіндігін тудырады, сонымен қатар, біз маңызды деп табатын, тек қана солар білім алудағы бағдарлану алгоритмдерін іске асыра алады және оқытушыны оқу материалын меңгеру кезінде объективті және оперативті қері байланыспен қамтамасыз етеді, бұл әдеттегі сырттай білімнен қазіргі кездегі түсініктегі ДБ ұстанымды ерекшелігі, “қағаз бен қаламды” - компьютер және “көгершін поштасын” - Интернет алмастыратынында ғана емес болып табылады. Мультимедиялық компьютер - бұл, тек қана интеграциялық ақпарат тасуыш қана емес, сонымен қатар, ол - “fase to fase” (бетпе - бет) моделін сәйкес және айқын сипататтайтын құрал болып табылады. Сонымен қатар, тек қана компьютерлерде гипермедиялық сілтемелерге негізделген, ақпараттық анықтамалық жүйелер іске асырыла алады, ол да оқытуды жеке басқа бейімдеудің негізгі құрамы болып табылады.

Әдетте, электрондық оқулық оқытушылық, бақылаулық, модельдеуші, және ПЭЕМ-нің магнитті тасушы беттерінде (қатты немесе иілгіш дискілерде) орналастырылған, басқа бағдарламалардан тұратын кешен, онда оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұны сипатталған. ЭО жиі жай оқулық қосымшаланады, ал бұл келесі жағдайларда, әсіресе тиімді болып табылады:

- кері байланысты өте тез болуын қамтамасыз етеді;

- жай оқулықта табу қиындыққа соғатын, керекті ақпаратты тез табуға көмектеседі (сонымен қатар, контексті іздеу) ;

гипермәтіндік түсіндірмелерге бірнеше қайтара соғуда уақытты өте үнемдейді;

- қысқа мәтіндермен бірге - көрсетеді, әңгімелейді, модельдейді және т. б. (дәл осында мултьимедиялық технологиялардың мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері айқын көрінеді), белгілі бір жеке бастың жылдамдық ерекшеліктеріне байланысты, анықталған бөлім бойынша тез арада, білімін тексеруге мүкіндік береді.

Электронды оқулықтарды жасау құралдарын келесі топтарға жатқызуға болады: мысалы, тағайындалатын және іске асырылатын функциялар, техникалық жасақтауларға қойылатын талаптар, қолдану ерекшеліктер сияқты, көрсеткіштерден тұратын кешенді критерийлерді қолдану. Аталған критерийлерге сәйкес, келесі жіктеу болуы мүмкін:

- әдеттегі алгоритмдік тілдер;

- жалпы тағайындауға арналған құралдар;

- мультимедия заттары;

- гипермәтіндік және гипермедиялық құралдар.

Қазіргі таңда автоматтандырылған оқыту жүйелерін, соның ішінде электронды оқулық жасаудың көптеген түрлері қарастырылған. Оларды құру әдістері де алуан түрлі. Оқу материалдарын ұсыну түрлері бойынша оларды негізінен 3 түрге бөледі (1-сурет) .

1-сурет. Электронды оқулық жасау әдiстерi.

Суретте электронды оқулық жасаудың жай (қарапайым), мультимедиялық, гипермәтіндік әдiстерi ажыратылып көрсетiлген.

Материалды ұсынудың кәдімгі құжат түрінде көрсетілуі, яғни, қарапайым түрдегі электронды оқулық дайындау - ол сызықтық түрде жалғаса қолданылатын мәтіндік жүйе. Бұл электронды оқулық түрі бойынша аздаған материалдық тақырыпқа және бетке бөлінген, мазмұнды, суреттермен текстік материалдар көлемінде берілуі мүмкін. Бұл электронды оқулықпен жұмыс жасау принципі бойынша оқылатын тақырыппен танысу алдын ала белгіленген, өзгертуге болмайтын заңдылықпен жүзеге асады. Бұл кезде жүйе бірінен-соң бірі орындалады және оқытудың ең басынан бастап қолдануды ұсынады. Бұл оқулық түрі бойынша білімді бағалауда тестік жүйе құрылмайды. Мұнда тек өтілген тақырыпқа және оқылып біткен материалдарға ғана баға беру процесі жүреді.

Мультимедиялық электронды оқулық - ол оқу материалдарын демонстрацияланған гармоникалық түрде таратады. Онда пәндегі теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материалдарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сұлба -тәсілдер арқылы толықтырып отырса, онда теориялық білімді оқып, көзбен көріп, түйсініп, оны мида бекіту үрдістері бір уақытта өтіп отырады да материалды қорыту үрдісі ұтымды болады. Мұнда практикум компьютерлік имитаторда құрылады. Ал білімді бағалау тестік жүйе бойынша, ал толықтырушы материалдар интерактивті компьютерлік типте жүзеге асады. Мультимедиялық оқулық - оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып көрумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді және білім алу кезіндегі олардың белсенділігі арта бастайды. Оқушылардың өздері де алынған ақпаратты көшіріп алып (дискетке, бейне таспаға) онымен өз ыңғайына қарай жұмыс істей алады. Мұғалімдер үшін - мультимедиялық электронды оқулық бұл күнбе -күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Бірақ мультимедиялық оқулықтардың бір кемшілігі - олар жоғарғы дәрежелі ақпараттық қолдауды қажет етеді, компьютер жадысынан көп мөлшерде орын алады.

Оқыту жүйесінің типтері бойынша электронды оқулық жасаудың үшінші түрі - гипермәтіндік электронды оқыту жүйесі болып табылады. Гипермәтін - бұл ақпаратны басқарудың өзге тәсілдермен байланысқан түрі (мысалы, СУБД) пайдаланушы қызметі жұмыс істеуде көптеген керекті ақпараттардан іздеуден тұрады. Мұнда керекті пән не қажетті құжаттар мағынасы бойынша бір бірімен байланысады және гипермәтін мазмұнымен танысу информационды фрагмент арқылы жүзеге асады. Ақпарат пен танысуда алдын-ала көрсетілген мазмұндама бойынша жүзеге асады. Мазмұн бойынша көрсетілген тақырып арқылы өзіңізге керекті мәліметтерді «қуалау әдісі» арқылы ала аласыз. Гипермәтіндердің бір-бірімен байланысуы тақырыптық ұқсастыққа байланысты болады.

Гипермәтіндік құжаттарды құрудың көптеген тәсілдері құрылған, ал жалпы өте тиімді болып саналатын екі түрлі тәсілі қарастырылған.

Бірінші тәсіл бойынша, берілгендер негізін Windows жүйесінің көмегімен, анықтамалық түрде құру. Бұл тәсілдің жақсы жақтары яғни «плюстері» бар. Ең бастысы - ол реализацияланған, новигацияланған жүйе. Оның қызметі: өзімізге керекті мәлімет не ақпарат автоматты түрде глоссариі құрылған кілттік сөзбен іздеу және документті баспаға жіберу мүмкіндігі бар. Анықтамалық жүйе файлы форматталған мәтін профикасымен, анимациясымен құрылуы мүмкін. Бірақ мұндай файлдарды құру арнайы компиляциялау процесінің көмегімен құрылатын мүмкіндікті қалайды. Мұнда файлдар компиляторсыз жұмыс жасай алмайды. Анықтамалық файлдар - программалық элементтерді ұстамайды, анықтамалық жүйе ішкі қандай да бір тілдің көмегімен құрылуын қамтымайды. Есесіне локальды компьютердің қатты дискісінде орналасқан пайдаланылатын файлдарды жүктей аламыз. Сонымен қатар текстік материалдарды және оқыту программаларын бөлуге болады.

Негізгі кемшілігі - Windows анықтамалық жүйесін қолданудағы модификацияның мүмкін болмауынан интерфейсті өзгертуге болмайды. Оқулықты көру терезесі операциондық жүйелер объектісінде құрылған және өзгертулерді новигациялық механизм арқылы беру қамтылмаған.

Екінші тәсіл бойынша толық түрдегі гипермәтіндік құжаттарды құру - HTML тілінің негізінде. Бірақ бұл тәсіл өте қиын және гипермәтіндік құжатты құрудың ескіше тәсілі. Сондықтан, электронды оқулық құру түрлі тәсілдермен іске асырылуы керек және әлі де болса дамыта түсу мүмкіндігі бар [24] .

Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасылып, бір -бірімен тығыз байланыстағы негізгі төрт бөліктен тұрады . Олар:

  1. Мотивациялы -мақсаттық;
  2. Мазмұндық;
  3. Операциялық;
  4. Нәтижелік бақылау компоненттері;

Электронды оқулықтардың мотивациялы - мақсаттық компоненттері модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз - жергілікті, жүйелік және функциональдық білім жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.

Электронды оқулықтардың мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін - терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі консепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Мәтіндерді қазақ, орыс, ал кейбірін ағылшын тіліндегі дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтін бейне материалдарымен толтырылады. Гипермәтін нақты құрылымдардан тұрады да, бір-бірімен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады ;

Электронды оқулықтардың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асады.

Электронды оқулықтардың нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолдарымен жүргізіледі. Электронды оқулықта тестердің екі түрі беріледі: бір дұрыс жауабы немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында оқушы өзі қателескен сұрақтарды тексеріп, көре алады. Әрбір тестен соң сұрақтардың реттік орны ауыстырылып отырады.

Электронды оқулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы бар. Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:

  • Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
  • Электронды оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитыннегізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналғанқосымша; материалға байланысты анықтама, библиографиядан тұратынкөмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан тұратынтест; материалды дайындауда тізімібөлімдерін қамтуын;
  • Электронды оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ тік жақ, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электронды оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары -төмен оңға -солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді.
  • Бір қатардағы мәтін 62 - 65 таңбадан аспауы тиіс. Себебі, материалды баспаға шығару қажет болса, ол А4 көлемді параққа дұрыс түсетіндей болуы керек.
  • Оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық тұрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін MPEG, AVI типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электронды оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.

Оқыту дидактикасының заңдылықтары бойынша электронды оқулық жасауда мәтiнмен жұмыс жасауда, яғни берілетін тақырып не мәліметтерді қолдануда, оны электронды оқулық жасауға даярлауда мына заңдылықтарды қолдану керек:

  • Оқу курсындағы кілттік тақырыптардың гипермәтін түріндегі көрінуі структуралық элементпен, иллюстрациямен, аудио-видео комментаримен не видеоиллюстрациямен болуы керек;
  • таңдалған пәндегі немесе курстағы мәліметтер структураланған болуы тиіс және аяқталатын фрагмент және жаңа түсінік санымен шекутелінетін болуы тиіс (дәстүрлі оқулықтағы барлық талап-тілектер автоматты электронды оқулықтар үшін де шешуші бағыт болып саналады) ;
  • Оқулықтың негізгі фрагменті (негізгі тақырып) мәтін түрінде және шығатын (оқылатын) материал иллюстрациямен, аудио не авторлық (не лекторлық) видео жазба түрінде болуы тиіс. Бұл элементті «тірі лекциялар» деп атауға да болады. Өйткені мұнда түсіндірілетін материал кілттік түсініктемелермен берілетін видео-лекция. Мұнда маман лектор оқылатын пәннің жай (дәстүрлі) оқулықта түсінуге күрделі тиетін акценттік ойларын бөлектеп түсіндіреді. «Тірі лекцияларда» міндетті түрде жылжымалы сызықтар болуы керек. Өйткені лекцияны қайталау, қосылған жерден бастау, кез келген орыннан қайталау жылжымалы сызықтарды керек етеді.
  • Мәтіндік ақпараттармен біршама бөлігін «тірі лекциялар» түрінде жасау автоматты электронды оқулықтағы кез-келген мәтін фрагментін баспадан шығару мүмкіндігін қамтуы керек. Бұл қазіргі күннің талабы. Өйткені арнайы курстарда берілетін лекциялар баспалық түрде шығаруды қажет етеді. Адаптация механизмі бойынша пайдаланылатын шрифт өлшемі пайдаланушы сұранысы бойынша құрылуы тиіс. Қандай жағдайда да монитор экранында шрифт өлшемі 12-ден кіші болмауы керек.
  • Иллюстрациялар, күрделі модельдерді көрсететін сызбалар (карталар, сызбалар, пландар, схемалар, өндіріс өрнының чертеждері т. б. ) не құрылғы түрдегі иллюстрациялар тез арада пайда болатын көмекші құрал ретінде, жеке элемент иллюстрациясымен пайда болып жоғалып тұратын синхронды курсордың қозғалысымен пайда болатын түрде құрылуы керек. Гипермедиялық графикті қолдануда мәтінде пайда болған көмекшілер арқылы (асты сызылған текст) толық экрандық көлемдегі иллюстрацияларды қолдану керек. Мәтіндерде гипермедиялық ауысу күрделі иллюстрация элементтеріне байланысты.
  • Электронды оқулықта көпжақты интерфейсті ұсынады. Мұнда әр терезеде ақпараттық байланыс болады (мысалы, ғимарат планында таңдалған бөлме көрсетіледі, ал негізгі терезе -таңдалған бөлменің өзі не оның панорамасы, ал келесіде -керекті цифрлық ақпараттар және т. б. )
  • Мәтіндік бөлім көпсанды, тоғыспалы, түйінді гипермәтіндермен (сілтеме) байланысып тұруы керек. Себебі керекті ақпаратты іздеу көп уақыт алмауы тиіс. Сонымен қатар іздеу және индекстеу де қамтылуы керек. Перспективалы элементтермен байланысқан пайымды анықтамалық- сөздік пәндік облыстар бойынша құрылған болуы тиіс.
  • Толықтырғыш ақпараттар не анимацияланған клиптер мәтiндiк шығармада түсінуге қиын бөлімдерге қойылуы тиіс.
  • Аудио ақпарат оқытуда оқу алдында өзгертілмейтін музыкалық аспаптың даусымен, құстарды және олардың тамылжыта ән салғанын үнін айырумен, жүрек қағысымен ауруды айыруды, шет тілдерін үйрену т. б. нұсқаларын қоюға болады. Көп жағдайларда мұндай бөлімдер оқулықтың мазмұнды бөлімінде қарастырылады. Электронды оқулықтардың новигациясының дұрыс көрсетілуі үшін дыбыстық сигналдарды қосу пайдалы және т. б. Сонымен қатар ақпараттарды есте сақтауға көмектесетін қатты емес фондық музыкаларды пайдалану мүмкін.
  • Барлық автоматты электронды оқулықтарда таңдалған мәтіннің көшірмесін алу мүмкіндігі, блокнотта редакциялау және баспаға шығару осы оқулықтардың арқасында жүзеге асуы тиіс. Өйткені автоматты электронды оқулықтар көмегімен курстық жұмыстар және рефераттар дайындау мүмкіндігі бар.
  • Автоматты электронды оқулықтар баспаның толық аналогы болмауы керек, ол қарапайым (дәстүрлі) оқулықпен салыстырғанда принципті түрде өзін компьютерлік және педагогикалық технологиялар біріктірілген жоғарғы сапаға ие болуы керек. Кері жағдайда автоматты электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардан сапасы жағынан да, пайдалану жағынан да төмен болып қалады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Macromedia Authorware программасын қолдана отырып, Macromedia Authorware программасының мүмкіндіктеріне электронды оқулық
Macromedia Authorware программасын қолданып, Macromedia Authorware программасының мүмкіндіктеріне эолектронды оқулық жасау
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты
Flash фильмін құрудың жалпы схемасы
Жаңа ақпараттық технологиялар
WEB-сайттар үшін анимация құру
Электрондық оқулықты пайдалану саласы
Adobe Photoshop cs3 бағдарламасына электрондық оқулық
Microsoft Office туралы түсінік және түрлері
Электронды оқыту кешенін білім беру үрдісінде пайдалану тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz