Қарым –қатынас туралы ақпарат


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қарым -қатнас

Жоспар

1) Қармым - қатнас туралы ұғым.

2) Қарым -қатнастың мән жайын зерттеу тәсілдері .

3) Сабақта оқушылармен қатынас жасау ерекшелыктері, мұғалімнің қарым қатынас стильдері.

Қарым қатынас туралы ұғым

Жеке адамдар мен топтар күнделікті қмірде басқа да әр түрлі топтармен, адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым -қатнас жасайды. Бұл адаммен қызмет немесе оқу орнындағы, сондай -ақ өмір сүретін ортасындағы адамдардың топтары да болуы мүмкін . Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір мерзім ішінде мақсат мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа айналады. Бұл топтағы шәкірттер ман жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік- психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым -қатынасқа түседі. Сондықтан оның өмір тіршілігіндегі әрбір қимыл -әрекеті, ісі қоғамдық өмірдің кқрнісі болып табылады. Шартты топқа, мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы бірнеше бала іріктеліп алынып зерттеледі. Мұндай зерттеу әлеуметтік психологиялық объектіге жатады. Шартты және байланысты топтар әлеуметтік психологиялық топтың екі түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты қасиетіне орай ажыратады. Байланысты топ белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат мүдделерінің бірлңгңне сәйкес біріккен адамдар тобы.

Ұжымдық топ. Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі ұжым, ұжымның міндеті адамдардың ұйымдасқан тобы . Ұжымның түпкі мақасаты адамдардың игілікті мұрат мүдделеріне сәйкес істерді арқарып, қоғамның дамуына өз қауымдастығында ерікті болғанда ғана пайдалы істерман шұғылдана алады. Сөйтіп қоғамға өз пайдасын тигізеді. Психология пәні адамдар арасындағы жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп, оларды мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән береді;

а) диффузиялық топты аралас топ деп те атайды, мұндай топтағы адамдардың өзара қарым -қатынасы топтың негізгі іс әрекетіне байланыссыз- ақ жүзеге асады;

ә) ассоциация -күрделі топ, топтың іс -әрекеті әрбір адамның мүддесіне сай келетін болғандқтан, топтар ішіндегі қарм -қатнас жандана бермек;

в) ұжым топтың ең жоғарғы деңгейде ұйымдасқан формасы, мұнда топ ішіндегі қарым қатынас жалпы мақсатты іс әректтер арқылы жүзеге асып, әрбір адамның қоғамдқ мақсат мүддесімен ұштасып жатады.

Қарым-қатынастың мән -жайын зерттеу тәсілдері

Американдық психолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым қатынасын зерттеу үшін социометриялық әдісті ұсынған болатын. Бұл әдіс бойынша ұстаздар мен тәрбиешілер, шағын ұжымдардың жетекшілері, өндірістік, кәсіптік мекемелердегі топтардың басшылары қарамағындағы- лардың өзара қарым қатынасын анықтай біледі. Топтағы адамдардың өзара қарым қатынастарының үйлесімді болуын немесе бірін бірі ұнатуы, ұнат-пауы олардың сезімдік, эмоциялық күйлеріне байланыты. Топ ішіндегі қаты-настар социограммасы мен адамдардың таңдауын көрсететін матрицалық кесте А, Ә кестелерінде берілген.

Ұйымшылдық пен бірлік топтардың тәжірибелік іс әрекеттерінің мақсат мүддесі мен байланысты. Мұнда жоспарланған істерді қалайда жүзеге асыру көзделеді. Топ ішіндегі тағы бір жайт жеае адамның, топтың атқаратын іс әректтеріне илану. Бұл психологиядағы ерік сипаты. Илану адамның көнгіштігімен анықталады.

Топтар мен ұжымдардың психологиялық ахуалы дифференциалдық диагностика тәсілімен зерттеліп, олардың бағыт -бағдарынан, іс- әрекет түрлерінен келешекте нендей нәтижелер күтүге болады деген негізгі мәселе алға қойылады.

Дифференциалдық диагностиканың қазақша мағынасы « әр қилы іс -әрекеттер мен құбылыстардан туындайтын нәтижелерді болжап, олардың мән -жайын танып білу» деген түсінікке саяды.

Шағын топтар мен ұжымдардағы адамдардың өзара қарым қатынасы және олардың өздеріне серік іздеп, өрістерді таңдауы адам психологиясындағы өзіндік маңызы бар мәселе. Қарым - қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік тіршілік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екндігі айқын.

Топтағы адамдардың өзара қарым қатнас түрлері

Әлеуметтік ортада азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта алады. Адамдар қарым- қатынасының сыр -сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың бір біріне тәуелділігі, бағынуы, бірлесіп атқаратын істері, өзара көмектесуі -олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуын көрсететін сипаттар. Олардың арасындағы қарым -қатынастардың мазмұнды болуы түрлі әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс- әрекеттеріне байланысты. Мұндағы өзекті мәселе адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым қатынас бір бірін ұнатып, қолдану нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым қатынас олардың бағалы заттарды өзара алмасуы мен істерін бағалау нәтижесінде қалыптасады. Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.

Ұжымдық қарым -қатынас жасаудың негізгі объектісі--- адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл күйі, сргектігі, болашақ мақсат - мүддесі әлеуметтік психологияда өзекті жайт ретінде дербес қарастырылады. Бұл мәселелердің бәрі ұжымдық мүдде деп саналады.

Сабақта оқушылрмен қатынас жасау ерекшеліктері, мұғәлімнің қарым-қатынас стильдері

Сабақта сынып оқушыларын үйіріп әкету үшін мұғалім әсерлі сөзімен өзіне тартып немесе тапсырманы орындауға жұмылдыра алуы шарт. Сабақ үстінде оқушыларға түгел ие болу, негізінде, баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге және жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасауына байланысты. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі тыныш отырмаса, мұғалім онымен айналысып кетсе, онда ол өз жоспарын орындап, мақсатына жете алмайды . Сондықтан сабақты ойдағыдай жүргізуде ескертулерді дұрыс жасап, сыныптағылармен қатынас жасай алу шеберліктің белгісі.

Күнделңкті тәжрибеге қарағанда мұғалімнің сыныпқа жасайтын ескертулерінің бәрі де бірдей нәтиже бере алмайды. Сондықтан осы жағдайды еске алып, тәжірибесі мол мұғалімдер өзінің сыныпқа арнаған сөзін орнымен қолдануға тырысады. Бұл мәселені біз сабақтың әр кезеңіне байланысты қамтып көрейік. Мысалы, үлкен үзілісте оқушының көбі ойнап келіп, сыныптағылардың біраз уақыт тынышталмағанын көрген мұғалім; «Тынышталыңыздар!» -дейді . Осыны кейбір бала ескермеген жағдайда мұғалім оларға көзін тіке қадап, даусын көтеріңкіреп, тыныш отырмаған оқушының атын атап; «Серік!» -десе, соңғы сөз бір оқушыға арнап айтылса да, басқалар осының өздеріне қатысы бар екенін сезіп, тыныштала бастайды. Сабақта мұғалім өзінің ескертейін дегенін тікелей сөз мағнасында айтпай, көңілімен жеткізе алуы оқушылармен қатынас жасаудағы шеберлікті ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл, бір жағынан сыпайлықты сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан әсерлі әрі оқушының санасына қонымды келеді. Өйткені оқушы ұстазының не сепетен оныың атын атамай, көпшіліктің көзінше ұялтықысы келмей тұрғанын бірден түсініп, алаңдауын тоқтата қояды. Сабақта оқушыларммен қатынас жасаудағы шеберліктің өзге түрлері де кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдің бірі мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болуы. Мұғалім сөзінің сенімділігі айтылатын сөздердің айқын, бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады. Сонымен қатар, шебер педагог сабақты түсіндіріп тұрған кезінде сөзінің көпшілігін баяндау ретінде өткізбей, жалғыз өзі сөйлеп тұрса да, оның сөзі екі кісі арасындағы әңгіме сияқты болып келеді. Мысалы, кейбір мұғалім сабақта өзіне біреудің сұрақ қойғаны сияқты өз қзіне сұрақ қойп, кейін соған жауап береді. Оқу мазмұнын сыныптағыларға түсінікті етіп жеткізу үшін бала ұғымына сай сөйлеп, әңгіменің арасында қызықты мысалдар, өткір сөздер келтіріп отырады. Сол сияқты мұғалімнің сабақ айтуы көңылсіз, сылбыр баяндалмай, оқиғаларды өзі басынан кешіргендегідей беріле түсіндіруі де шеберлікке жатады. Сыныппен байланыс жасаудың тағы бір жолы мұғалім оқу мазмұнын оқушының көкейіне қонғанын не қонбағанын оның бет құбылысынан біліп, баяндайтын сөзін соған айта алуы. Мұның солай болып келуінің қажет екені мынадан; баяндалатын оқу мазмұнын медагогтің өзі жақсы түсінсе де, осыларды оқушылар тап сондай дәрежеде, түсіне алмауы мүмкін. Сондықтан, шеберлік дегеніміз оқу мазмұнын оқушыларға қарай ықшамдап, егер олар түсінбеген жағдайда, түсіндірудің басқа жолын іздестіру болып табылады. Мұғалім әр кез оқушылармен қарым қатынаста болады. Мұғалімнің мнадай қарым қатынас стильдері белгілі; авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпарат беру құралдары
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Қарым - қатынастың ерекшеліктері
Қарым-қатынас жасау ақпарат алмасу әрекеті
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Ұжымдық қарым - қатынастың психолингвистикалық аспектілері
Қарым – қатынас психологиясының теориялық мәселелері
Бейресми коммуникациялар
Коммуникация процесі
Сөз мағынасының дамуы және ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz