Электроимпульсттік терапия


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЭЛЕКТРОИмПУЛЬСТТІК ТЕРАПИЯ

Электроимпульстік терапия (ЭИТ) - бұл өте күшті электр тогі импульсы әсерімен жүрек қызметін және синустық ырғақтықты қалпына келтіруге арналған әдіс.

ЭИТ негізі болып, жүректің барлық бөлігіне бірден жіберілген электр импульсінің синхронизациялық әсерінен миокард жасушаларының деполяризацияланып рефрактерлік қалыпқа түсіп қоздырғыш толқындардың айналуын тоқтатуы болып табылады. Бүл жағдайда эктопикалық тахикардия жоғалып синустық түйін қайтадан ритм жетекшісі болып қалпына келеді.

Егерде оны жүректоқтауының фибрилляция түрінде қолданса оны де фи б рилляция, ал қай уақытта жалпы анестезия қолданылып, шүғыл немесе жоспарлы түрде жүрек соғу ритмнің бұзылуын реттеудегі дефибрилляция әрекеттін кард и о в ер сиядеп атайды.

ЭИТ анестезиологиялық және рениматологиялық практикада көбінесе төмендегі жағдайларда қолданылады:

  1. қарынша фибрилляциясында,
  2. медикаменттік емге конбейтін аса қатты өзгерісті тахикардияның пароксизмальды формасында,
  3. медикаменттік емге көнбейтін жүрекшенің мерцальды аритмиясыментрепета-ниясының жіті және созылмалы түрінде.

Қолданылатын аспап.

ЭИТ жасау үшін сыртқы транторокальды және ішкі, тура жолмен жасайтын
(кеуде қуыысы ашылатын операция кезінде) электродтармен жабдықталған
дефибрил-ляторлар қолданылады. Тиімді дефибрилятор қатарына

жабдықталғандары жатады.

Дефибриллятордың негізгі бөлігі - жоғарғы кернеулі электрлік зарядтты (380-400 Дж дейін) шоғырландыратын конденсатор. Қазіргі кезде портативтік ДКИ-Н-02, ДКИ-С-04 және стационарлық ДКИ-Н-06, ДКИ-Н-08, ДКИ-А-01 дефибрилляторлары қолда-нылады, олар биполярлы импульсты, кардиоверсия жасауға мүмкіншіліктері бар, онымен бірге қауіптілігі аз және эффективті жұмыс істеу кернеуі төмендігімен сипаталады. Клиникаларда ДИ-3 маркала дефибрилляторда қолданылады. Электр ток зарядының кернеулілігін вольтпен өлшейді. (1 Дж 17, 5 вольтқа тең. )

Дефибриллятордың алдыңғы бетінде 3 кнопка: олар «Заряд», «Дефибрилляция», «Сброс», жәнеде конденсатордағы ток кернеулілігі мөлшерін анықтайтын киловольтметр, екі электрод кіретін тесік орналасқан. Әр уақытта қолдану алдында аппараттың жұмыс істеу қабілеттілігін анықтайды, ол үшін «Заряд» кнопкасын басып конденсаторды 6-7 кВ-тық кернеулілікке дейін зарядтайды, сосын «Сброс» қнопкасын басады. Егерде аппарат дұрыс жүмыс істейтін болса онда киловольтметр көрсететін стрелка бірден «0» - ге бара-ды яғни конденсатордағы кернеулілік 0, 01 сек аралығында жоғалады. Ал дұрыс істемейтін болса онда стрелканың қайтуы өте жай жүреді.

Э И Т жургізу әдісі

ЭИТ жүргізгенде, онымен бірге миокард қызыметін жақсартуға, қозбалылығын бәсеңдетуе, гипокалиемияны жоюға, тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алуға бағытталған медикаменттік коррекциялау шаралары қатар жүруі тиіс.

Алдын ала ЭИТ жасау үшін төмендегідей заттарды дайындап алған жөн. Олар:

- электрокардиограф;

  • оттегі беретін қондырғы;
  • интубация жасайтын құралдар;
  • анестезиялық және өкпені жасанды жолмен желдендіретінаспаптар;
  • жүрек қызыметінің жеткіліксіздігінде, жүрек тоқтапқалғанда қолданылатын дәрі-дәрмектер;
  • анестезияға қолданылатын дәрілер (седуксен, сомбревин, тиопентал, дормикум, панангин, калии хлориды, хлоридкальциі, алупент, лидокаин, новокаинамид, адреналин, эфедрин, допамин, добутрекс, атропин, кокорбоксилаза, рибоксин, промедол, кортикостероидар, натриигидрокарбонаты) .

ЭИТ жасау үшін науқасты ағаш көшеткіге көлденең жатқызып қолдарын екі
жаққа алшақтата байлайды да натрий хлоридінің изотоникалық ертіндісін,
тамшылатып енгізетін жүйесін венаға қосады. Бастапқы тамыр соғыс санын (ТТС),
қан қысымын (Қ/Қ) ЭКГ көрінісін белгілейді, Электрокардиокраф ЭИТ кезінде үлкен
кернеулі электр тогынан зақымданбау үшін кабелін ажыратып қояды. ЭИТ-ті
наркотикалық дәрі жібермей шұғыл түрде тек қана науқас ес-түссіз жағдайда
Чй> болмаса, әр уақытта жалпы анестезия жасап жүргізеді.

Жоспарлы түреде ЭИТ-ны жасау үшін, аш қарынға, алдымен премедикация жас-айды (40 минут алдын ала, бұлшық етке 2% - 1мл промедол, 2%-1мл димедрол немесе супрастин, оның аналогтарын), ал егерде қалыпты систолық мерцальдық аритмия болса, онда бұлшық етке 0, 5 мл 0, 1% атропин енгізуге болады.

Жалпы анестезия көбінесе кетамин (1, 5-2мг/кг), сомбревин (0, 5-4г), барби-тураттарды (1% - 300-500 мг) венаға жіберуімен қамтамасыз етіледі. Егерде науқас әлсіреген, нашар болса онда атарактиктерді (седуксен. валиум, дормикум) 10-20 мг дозада қолдануға болады.

ЭИТ -тің эффективтілігі көбінесе электродтардың дұрыс қойылуымен бірге,
терімен контактылылығына байланысты. Сондықтанда теріні электрод салар
алдында майсыздандырады. Ол үшін эфир және этил спиртінің қосындысын
қолданады. Сыртқы электродтарды арнайы электрөткізгіш пастасымен өңдейді
немесе электродтарды изотоникалық хлоридтті натрий ертіндісімен
ылғандырылған 4 қабаты дәкімен орайды, атап кететін жай дәке электродтарды
. толық жауып тұруы керек болмаса күйік шалыуы мүмкін. Бір электродты, үлкенін,

сол жауырын астына, ал екіншісін кеуденің алдыңғы тұсына қатты жапсыра үстайды. Егерде Гурвич әдісін пайдаланса онда пассивті (үлкенін) сол жауырынның бұрышына, ал активті электродты оң бұғана аймағына төс сүйегінің жоғарғы жағын қамтый қояды. Лауна әдісі бойынша көлемі бірдей екі электродтың біреуін солқолтық орта сызығы бойымен IV - VI қабырға тұсына, ал екіншісін оң буғана аймағы, ІІ-ІУ қабырға деңгейіне қояды.

ЭИТ -тің әсерлілігін артыруда ток кернеуі мөлшерін таңдау өте маңызды, сондықтанда бастапқы заряд 4 кВ (220-230 Дж) дейін болуы керек, егерде нәтижесіз болса қайталап аралығына 1-1, 5 минут салып, зарядты 0, 5 кВ-қа (25-30 Дж) өсіре қайталайды.

Бірден анестезия өз деңгейіне жеткен кезде электродтарды кеудеге қатты баса отырып ток импульсін жібереді, бұл кезде ешкім ауруға немесе кереуетке жақындамауы керек. Ток берілген кезде ауыруда бұлшық еттерінің бір мезет қатты сіреспе тектес жиырылуы байқалады. Бұдан кейін тез арада ЭКГ -ні қосып көрнісіне жүрек ырғақтығына анализ жасайды. Нәтижелі болған жағдайда процедураны ары қарай жасамайды. Нәтижесіз жағдайда жоғарғы да аталған әдіс бойынша 5 ретке дейін қайталауға болады, бірақта ең жоғарғы ток кернеулілігі

ересек адамдарда 7кВ -тан (400 Дж), балаларда - 6 кВ - тан (~ 340 Дж) аспәуы керек.

Ашық кеудеде жүрекке ішкі, тура дефибрилляция жасау үшін, беті қасық тәріздес алмұрт формалы, залалсыздырылған электродтар қолданылынады, Оларды жүректің алдыңғы және артқы бет қабаттарына жапсыра қояды. Токтың кернеулілігі бул жағдайда 2-4 кВ (110-230 Дж) аралығында болуы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРТ - ТЕРАПИЯ - ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Оқушылардың арт - терапия арқылы денсаулық мәдениетін қалыптастыру жолдары
Тұлғаның эмоциялық қалпын реттеудің әлеуметтік мәні
Эмоциялар мен сезімдер өзара тығыз байланыста
Арт-терапия арқылы студенттердің эмоциялық қалпын реттеу
Лазерлік және магниттік терапия
Ойылудың негізгі қауіп факторлары
В12 тапшылықты анемия емі
Аутогемотерапия қолдану жағдайлары
Арт - терапиялық жаттығулардың бала психикасына әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz